Пәнінен Оқу әдістемелік кешен


№ 15 ОБСӨЖ ОБСӨЖ тақырыбы



бет27/41
Дата11.06.2016
өлшемі2.66 Mb.
#127531
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41
15 ОБСӨЖ
ОБСӨЖ тақырыбы:

Микроорганизмдердің азотсыз органикалық заттарды өзгеріске ұшыратуы. Плазмолиз. Плазмоптиз. Голофитті және голозойлы қоректену.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Ашу процесі.

2.Спирттік ашу процесі.

3.Пентозафосфат жолы.

4. Голофитті және голозойлы қоректену.


ОБСӨЖ мақсаты:

Микроорганизмдердің органикалық заттарды өзгеріске ұшырату жолдарына, ашу, спирттік ашу процесіне, қоректену жолдарына олардын турлері жайлы толық мәлімет беру.

Пайдаланатын әдебиеттер :

а) негізгі :

  1. Гусев М.В. , Минеев Л.А. Микробиология.- М.: Изд-во Москва ун-та, 1985.

  2. Cтейниер Р., Эдельберг Э., Ингрем Д. Микр микробов: в 3-х т . М. Мир 1979

  3. Шлегель Г. Общая микробиология М: Мир 1987 567 стр

  4. Шигаева М.Х. Экология бактерий Учебное пособие А. Наука 2002 170 с.

  5. Березин В.Э. Основы вирусологии Учебное пособие . А. Наука 2002

  6. Заварзин Г.А. Колотилова Н.Н. Введание в природоведческую микробиологию Учебное пособие Книж дом Унив 2001 г. – 256 с.

  7. Мищустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. –М.: Колос, 1878.

  8. Дарқанбаев Т.Б., Шоқанов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері. Алматы, “Қайнар”, 1982.

  9. Пименова М.Н. Гречушкина И.Н. Азова Л.Г. Руководства к практическим занятием по микробиологии – М.МГУ 1983 302 стр.

Қосымша

  1. Бродо П. Плазмиды . М. – Наука 1989 , 688 с.

  2. Букринская А.Г. Вирусология М. Наука 1986 326 с.

  3. Готтшалк Г.А. Метобализм бактерий М. Мир 1982 г. 310 с.

  4. Елинов Н.П. Химимческая микробиология М. Выш школа 1989 г. 448 с.

  5. Елинов Н.П. Основы биотехнологии – СПб Наука 1995 600с

  6. Калакуцкий Л.В. Агре Н.С. Развитие актиномицетов – М. МГУ 1983 177с

  7. Кондратьева Е.Н. Хемолитотрофы и метилотрофы М. МГУ 1983 г.

  8. Перт С.Дж Основы культивирование микроорганизмов и клеток М.Мир 1978 г.

  9. Шигаева М.Х. Цзю В.Л. Систематика бактерий – А. КазНУ 140 стр.

  10. Блохина И.Н., Леванова Г.Ф. Генсистематика бактерии.-М.: Наука, 1976.

  11. Громов Б.В. Строение бактерий.-Л.: Изд-во Ленингр. Ун-та,1985.

  12. Заварзин Г.А. Водородные бактерий и карбоксидобактерия.-М.: Наука,1978.

  13. Жизнь микробов а экстрмальных условиях.-М.: Мир, 1981.
ОБСӨЖ мазмұны:

Табиғаттағы биологиялық маңызды элементердің, соның ішінде көміртегі қосылыстарының өзгеріске ұшырауында микроорганизмдердің ролі зор. Микроорганизмдердің өз тіршілігіне қажетті энергияны азотсыз органикалық заттардан алатыны анық байқалады. Өсімдік қалдықтарының химиялық, өқрамы өте күрделі. Онда белоктар, амин қышқылы, көміртегі бар қосылыстар (клетчатка, лигнин, гемицеллюлоза), майлар және т.б. болады. Бұлардың ішінде басым көпшілігі целлюлоза, гемицеллюлоза және лигнин. Бұл заттардың мөлшері мен сапасы әр түрлі. Ол өсімдіктердің түрлеріне байланысты өзгеріп отырады. Органикалық заттар негізінен екі жолмен ыдырайды. Фитогендік ыдырау саңырауқұлақтар, бактериялар, актиномицеттер және басқа да микроорганизмдер әсерінен жүреді. Ал зоогедік ыдырау – омыртқасыз жануарлар, сүт қоректілер көмегімен болады.

Белгілі бір жағдайға байланысты органикалық заттар аэробты және анаэробты жолдармен ыдырайды. Ашу процесі барысында көміртегі қосылысындағы энергияның тек бір бөлігі ғана бөлінеді. Сондықтан соңғы өнім ретінде толық тотықпаған органикалық заттар жиналады. Міне осындай соңғы өнімінің сипатына карай ашу процесінің аты да түрліше болады. (спирттік, сүт және май қышқылдарының ашу процестері).



Ашу процесі. Тотығу – тотықсыздану процесін – ашу процесі деп атайды. Ашу процесі кезінде сутегі доноры және акцептор қызметін ашу процесі нәтижесінде түзілетін органикалық қосылыстар атқарады.

Ашу процесінің қоздырғыштары – облигатты анаэотбты микроорганизмдер. Ол тек қана анаэробты жағдайда жүреді. Ашу процесі оттегінсіз жағдайда жүретінін 1860 жылы Л.Пастер ашқан.

әрбір ашу процесі екі кезеңнен тұрады. 1 кезеңінде глюкоза пирожүзім қышқыл айналады да, 2 молекула сутегі субстраттан бөлініп шығады.

С6Н 12О 6 – 2СН 3СОСООН + 2Н 2



көмірсу пирожүзім сутегі

қышқылы

2 кезеңінде пирожүзім қышқылын сутегі тотықсыздандырады да спирт немесе қышқылдар түзіледі.

2СН 3СОСООН + 2Н 2 - 2СН 3СНОНООН

Микроорганизмдердің әсерінен қанттың пирожүзім қышқылына айналуы үш жолмен жүреді.Бірінші жолы – эмбден – Мейергаф – Парнос немесе фруктоза дифосфат жолы. Оны гликолиз деп атайды. Бұлар бактерияда анаэробты облигатты және факультативті анаэробты организмдерде табылған. Екінші жолы – пентоза фосфат жолы. Ол көптеген прокариот және эукариот организмдерде кездеседі.

Үшінші жолы – Энтнер – Дудуров. Ол көбінесе аэробты бактериялардан табылады.

(НАД) никотин - амидадениндинуклеотид.



Пентозафосфат жолы. Эмбден – Мейергоф – Парнос жолынан бұл жолдың айырмашылығы сол, бұнда углеводтар ыдырау барысында бірден пирожүзім қышқылы түзілмейді. Мұнда субстраттың бір көміртегі атомы тотығып, көмірқышқыл газы күйінде бөлініп шығады.

Сонда алты молекулолы глюкоза пентоза – фосфат жолы арқылы өзгеріске ұшырағанда глюкоза – 6фосфаттың бір молекуласы толық көмірқышқыл газына дейін тотыдағы және НАДФ  тың алты молекуласы НАДФ .Н дейін тотықсызданады.

Пентозафосфат жолының негізгі мақсаты:


  1. нуклеин қышқылдарын синтездеу үшін қажетті пентозалармен қамтамасыз ету;

  2. микроб клеткасында түрлі биосинтетикалық реакциялар үшін керекті НАД .Н көбірек түзілуін қамтамасыз ету.

Спирттік ашу процесі.

Спирттік ашу процесін ашытқылар қоздырады. Мұндай қасиет кейбір бактерияларда және мукор саңырауқұлағында аз да болса кездеседі. Бірақ практикада маңызы бары – ашытқылар.

Ашытқылар қантты анаэробты жағдайда ашытқанда одан спирт, көмір қышқыл газы және энергия бөлінеді. Ол мына реакция бойынша жүреді:

С6 Н12 О 6 + 2Н 3РО 4 + 2АЕФ  2С 2Н 5ОН + 2СО 2+ АYФ + 27 Ккал энергия



қант фосфор энергия этил

қышқылы көзі спирті

О

СН 3СОСООН декарбоксилазаСН3С + СО2 пирожүзім Н



қышқылы

СН 3

С =О ___________ СН 22ОН + НАD

Н НАD -Н2

Пирожүзім алкоголь- этил

альдегиді дегидро- спирті

геноза
Спирттік ашу процесі кезінде этил спиртінен басқа сірке альдегиді, глицерин, сірке және янтарь қышқылдары, сивуш майлары түзіледі.

Сивуш майларының түзілуі ортадағы амин қышқылдарының ыдырауына байланысты.

Спирттік ашу процесін қоздыратын сахаромицет туысына жататын ашытқылар. Егерде ортада ауа көп болса, ашытқылар көмірсуларды тотықтырып, ашу процесін тыныс алу процесіне қарай бағыттайды. Мұнда көмірсуларды пайдалану коэффициенті артады. Сондықтан ашытқылардың массасын көптеп алу үшін оларға ауа үрлейді. Осындай әдісті нан және мал азығындық ашытқыларды өндіруде кең қолданады. Ал спирт алуда процес анаэробты жағдайда жүреді.

Бақылау сұрақтары:

1. Спирттік ашу процесі?

2. Спирттік ашу процесін қоздыратын ашытқылар?

3.Пентозафосфат жолының ерекшеліктері?

4. Ашу процесінің жүру жолы?

5. Табиғаттағы биологиялық маңызды элементердің ролі?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет