Пәнінен Оқу әдістемелік кешен


№ 30 ОБСӨЖ ОБСӨЖ тақырыбы



бет35/41
Дата11.06.2016
өлшемі2.66 Mb.
#127531
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41
30 ОБСӨЖ
ОБСӨЖ тақырыбы:

Вирустық аурулардан сақтандыру және емдеу. Инфекциялық процесс. Патоген сапрофиттер. Жұқпалы аурулардың таралуы. Ауру тасушылар.
ОБСӨЖ жоспары:

1. Адам мен жануарлардың вирустық аурулары және оларға

қарсы күрес.

2. Бактерияларды құртатын вирустар

3. Вирустармен күресудің химиялық тәсілі.

4. Инфекциялық процесс

ОБСӨЖ мақсаты:

Вирустық аурулардан сақтандыру және емдеу жолдары мен таныстыру және ифекциялық процестерді түсіндіру, вирустармен күресуді оларды құрту жолдарымен таныстыру.

Пайдаланатын әдебиеттер :

а) негізгі :

1. Гусев М.В., Минеев Л.А. Микробиология.- М.: Изд-во Москва ун-та, 1985.

2. Колешко О.И. Микробиология.-Минск:Бышэйшая школа, 1977.

3. Кратки определитель бактерий Берги.-М.: Мир, 1980.

4. Мищустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. –М.: Колос, 1878.

5. Дарқанбаев Т.Б.,Шоқанов Н.Қ. Микробио-гия және вирус-я негіздері. А, Қайнар, 1982.

6.Шоқанов Қ.Н. Микробиология. Алматы, “Санат”,1997.


  1. Құлдыбаев М. Ауыл щаруашылық микробиологиясы. Алматы, “Білім”,1994.

  2. Генкель П.А. Микробиология с оснсвами вирусологии. Учеб. Пособие для студентов биол. фак. пед. Ин-тов. М., “Просвищение”,1974.271с.

б )қосымша әдебиеттер

  1. Аристовская Т.В. Микробиология процессов почвообразования. –Л.: Наука,1980.

  2. Биотехнология.-М.: Наука,1984.

  3. Блохина И.Н., Леванова Г.Ф. Генсистематика бактерии.-М.: Наука, 1976.

  4. Громов Б.В. Строение бактерий.-Л.: Изд-во Ленингр. Ун-та,1985.
ОБСӨЖ мазмұны:

Көрнекті орыс ғалымы Д.И. Ивоновский негізін қалаған вирусалогия ғылымы соңғы жылдары шетелдерде де, біздің елімізде де өте зор қарқынмен дамиды. Осының арқасында адам, жануарлар, өсімдіктер және микробтардың көптеген вирустық аурулары табылып зерттеледі.

Солардың ішіпде біз аусыл, құтыру, шешек, тұмау және палломимет ауруларын қоздыратын вирустарға қысқаша тоқталып, баяндап өтпекпіз.

Вирустар эволюциясы өсімдіктермен, жануарлармен тығыз байланысты. Ұзақ жылдар бойы вирустар шамасы көзбен бағдарланады. Ғалымдар келе – келе вирустардың мөлшері бұрыннан белгілі саңылаулары бар сүзгіден өткізіп, бақылап жүреді. Әрине бұл өте қиын да ауыр жұмыс еді.

Вирустар адамның серігі десекте қателеспейміз. Өйткені олар (адамның) адам туғаннан бастап оны қоршаған және онымен бірге тіршілік етеді. Олардың кебіреулерін біз елең етпесек, қалған біреулермен жанассақ болғаны ауырып қаламыз. Адам организміне вирустар бірнеше жолмен енеді. Көбінесе олар ауамен немесе тағаммен, кейде носекомдар – маса немесе кенелермен енеді.



Тұмау. Тұмаумен ауырмаған адам жер шарында некен – саяқ болар. Бұл сырқат өте ертеден белгілі. Бұл жөнінде кейбір мәліметтерді ерте дүние дәрігері – Гиппократтың тәжірибелерінен де кездестіруге болады. Тұмау эпидомиясы адам баласына шешек пен обадан кем тимеген. 1918-1920 жылдары тұмаумен 500 миллиондай адам ауырып, оның 20 миллиондайы қаза тапқан. Ал мұның өзі бірнеше дүниежүзілік соғыста қаза тапқандардан әлдеқайда көп. Тұмаудың нағыз қоздырушысы 1933 жылы табылды. Қазір тұмау вирусының толып жатқан топтары бар. Сондықтан оның бір тобына жақсы әсер ететін құрал, екіншілерін мүлде зақымдамайды да. Бұдардың ішінде ішекті зақымдайтын энтеровирустар, біздерді қабындыратын аденовирустар бар.

Шешек. Совет елінде балаларға шешекке қарсы вакцина егетіні баршыға аян. Бұлай егу адамдарды осы қауіпті шешек ауруынан аман сақтап қалудың басты шарты, шешек вакцинасын егу елімізде міндетті түрде жүргізіледі. Бұл жөнінен 1919 жылы 10 апрельде В.И.Ленин қол қойған документ бар. Осының арқасында бірте – бірте шешек азайып. Ақыр аяғында мүлде жойылады. Көптеген адамдар бұның не екенін қазір білмейді де. Шешек ауруы ертеден белгілі.

Біздің дәуірімізде бірнеше ғасыр бұрын шешек Африка, Үнді және Қытай елдерінде болған. Европада соңғы үш ғасыр ішінде шешектен 150 миллиондай адам өлген. Шешекті қоздыратын төмен денешіктері, олар бактерялық сүзгілерден өтіп кетеді. Сондықтан шешекті қоздырушы микробтар сүзгіленуші вирустарға жат қауіп жүр. Бұл вирус әсіресе ауру адамдардың кеңсірігінде жиналады. Ауру адам жөтелгенде ол вирустар шашырап, сау адамдарға жұғады. Сонымен бірге ауру терісі ісініп іріңдейді де, ол жер ойылып немесе соқыр болып қалады. Жалпы бұл аурумен ауырғандадың 15 –30% - тей мөлшері опат болады.



Құтыру. Жылы қанды жануарлардың жұқпалы ауруы. Бұнда көбінесе орталық нерв жүйесі зақымдалады да ақыр аяғында жануар өледі. Ауру жануардың сілекейі арқылы басқаларына тарқалады. Бұл аурумен ит және барлық үй жануарлары. Құстар, жабайы жануарлар (қасқыр, түлкі, т.б) және адамдар ауырады, Гиестер бұл ауруға қарсы қорғаныш вакциналарды жасады.

Аурудың қоздырғышы – сүзгіленуші вирус. Құтыру вирусы организмге енгеннен кейін іле – шала аурудың белілері (байқалады) байқалмайды. Ол үшін біраз уақыт керек. Оны инкубациялық кезең деп атайды. Құтырумен күресу үшін биокомбинаттар да арнаулы антиробиттік вокциналар жасалып таратылады. Вирустың көбеюі мен тұқым қуалаушылық қасиеті, оның нукелин қышқылына тікелей байланысты екенін тәжірибе дәлелдеді.

Алдымен вирус бөлшектері клетка қабырғасына бекиді, яғни адсорбцияланады. Әр вирус клетканың белгілі бір жерінде ғана бекиді, ал клетка қабырғасында осындай вурустармен байланыса алатын жеке учаскелер болатыны анықталды. Электрондык микроскоппен қарап, бактеряның бір шетіне 50-дей фаг бөлшектері бекінгенін көруге болады.

Өсімдіктер вирусы басқадай сыртқы көмек болмаса, клеткаға өздігінен адсорбциялана да, ене де алмайды. Олар ауру өсімдіктен сау өсімдікке зиянды насекомдар арқылы таралады. Клетка қабырғасына бекінгеннен кейін вирустар оның ішіне ене бастайды. Кейбір құрылысы күшті вирустар клеткаға ферменттер арқылы ене алады. Вирустар клеткаға енуі үшін оны екі бөгеттен арнаулы ферменттердің жәрдемімен өтеді.

Кейде вирустың нуклейн қышқылы цитоплазмада қалады, кейде ядроға және ядрошықтарға өтеді. Міне осы кезден бастап вирустың көбейюі басталады. Клеткаға еніп кеткен вирустармен күрес жасау оңай емес. Вирустарды клеткада өте жақсы қорғайды да, олардың көбейуіне жағдай туғызады. Бұл үшін клетка сыртындағы вирустарды өлтіретін шаралар (дизинфекциялаушы заттар, қыздыру сәулемен өңдеу, т.б) мүлде дәрменсіз болып табылады. Вакциноларды енгізгенде организм осы аурудың түрімен жеңіл ауырып тұрады және организмде иммнитет пайда болады. Вакцина енгізгеннен кейін адам үшін де вирустардың белокты қабақшаларын байланыстарып, артынан нитролдайтын антителолар көбейді. Мәселен, ішінде кез келген вирусқа қарсы (антителолар көбійеді) антителасы бар сарысуды бұрын вокцина енгізілмеген адамға енгізсе пассив имунитет пайда болады. Ол актив имунитетке қарағанда тұрақсыздау болғанымен, организмде вирусқа қарсы бірден түзіледі. Жоғарғы клеткаға вирустың тек нуклейін қышқылына қарсы бағытталуы тиіс. ССР Ғылым академиясының Новосибир филиалының қызмеркерлері осы мақсат үшін ферменттерді ұсынады. Бұл ферменттер – нуклеағзалар вирустың нуклейн қышқылдарын ыдыратушылар. Алғашқы тәжірибелер сәтті аяқталды. Осы ферменттер көмегімен организмдегі тұмау, полиомиомет және аденовирустардың көбейюін тежеуге болатыны анықталды. Мәелен, аденовирустар балаларда болатын қауіпті ауру - конъоктивті (көз ауруын) қоздырады. Ол әдеттегінше емделгенде біржарым айда жазылады, ал фермент оны 2 – 3 күнде ақ жазады.

Интерферон кез келген вирустардың көбейуіне қарсылық көрсететін клеткалардан белоктардан бөлек зат. Егер осы затпен клетканы алдын ала өңдесе, клетка кез келген вирустың зақымдануына қарсы тұра алады. Бұл үшін интерферонның бағалы қасиеті , ол клетканы улайды.

Қазіргі кезде адам мен жануарларда вирустар қоздыратын отызға жуық ісік аурулары бар. Бұларға – тауық микозы мен саркомесы , тышқан емшегі бездерінің рагы, үй қояны лейкозы, панниоломасы және рагы т.б жатады.Вирустар бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін активті тіршілік етеді. Вирустардың жасырын түрде болуы полимилит және құтыру ауруларында жиі кездеседі.

Вирусты өлтіру үшін қолданылатын әр түрлі химиялық құралдар бар.

1. Формалин – вирус өлтіру үшін өте кеңінен қолданылады. Ол вирустың нуклеин қышқылының пуриндік және примидиндік негіздерінің амин топтарымен байланысып, сутегі байланыстарын үзеді.

2. В – пропилактон – вирустың белок қабатынан өтіп нуклеин қышқылына әсер етеді де, ауру туғызатын қасиетін жоғалтады, ал антигендік қасиетін сақтайды. Дегенмен, белгілі бір мезгілде формамен де, В – пропилактон да вирус белоктарын зақымдайды. Сондықтан да гидроксиламин мен этиленаминнің маңызы зор. Бұлар, тіпті бірнеше күн бойы әсер етсе де белок қабатын өзгертпейді.

Демек, вирус өлтіруді немесе зақымдаудың барлық түрлерінде де вирус белокталының немесе нуклейн қышқылының зақымдалуына сәйкес вирустардың көбею және ауру қоздыратын қасиеттері жойылып, олардың антигендік қасиеті сақталады.

Өлтірілген вакциналар кемшілігі: оларды бірнеше рет егу керек және препарат өте көп мөлшерде енгізіледі. Пайда болатын иммунитет көпке созылмайды. Малды қайталап еккен кезде аллергия болуы мүмкін. Кейде тірі қалған вирус бөлшектерінің әсерінен ауру қоздыруы да мүмкін. Сондықтан “өлтірілген” деген сөз шартты мағынада айтылады. Ол сөз микробиологиядан алынған. Тірі және өлтірілген вакциналар бүтін, толық вирияндалардан тұрады. Өздеріңізге белгілі күрделі вирустардың құрамында әр түрлі белоктар, көмірсулар, липидтер болады, вирустың тек аураға қарсы тұру қабілетін туғызатын құрамынан алынған вакцина – тазартырған вакцина. Вирустық ауралардың химиятерапиясының проблемалары вирустың клетка ішінде көбейюіне байланысты. Клетка ішіндегі вирусқа әсер ету өте қиын, себебі клеткалар вирусты жақсы қорғайды. Амантадин – тұмаудан сақтандыру үшін қолданылады. Препарат тұмау вирусының А тобының бәрінің өсіп көбею қасиетін жояды. Препаратты аурудың бастапқы кезінде қолданған жөн. Себебі амонтадин клеткаға енген вирустың депротелинизациясын болдырмайды және РНК транскрипциясына әсер етеді.

Идекгуридин – көз ауруларына қарсы зақымдалған тұсына жағылады. Трифлюридин – де көз ауруларына қарсы қолданылады. Интерферон(ИФН) – вирустарға қарсы қолданылатын әмбебап препарат. Интерфрон клеткада вирустың көбейуіне қрсы пайда болатынын айтамыз. ИНФ вирустардың транскрипция, трансляция сатыларын тежейді. Интерферон қанға құйылады, тері астына немесе бұлшық етке енгізіледі, не тыныс жолдары арқылы жіберіледі. Бұл препарат рино , гернесвирустар туғызатын індеттерге қарсы қолданылады.



Видарабин – адамның, малдың гетпес-, покс-, ретро-, және робдовирустарына қарсы қолданылатын препарат. Бұл препарат вирустың нуклейн қышқылын зақымдайды. Видрабин қанға құйылады, теріге жағылады.

Вирустық және микроплазмалық ауруларды құртудың жолына олардың табиғаттағы көзін, тарылу жолдарын жою жатады. Мәселен, қуыршақталудың қоздырғыштығы табиғи жағдайда өсетін астық тұқымдастарды, ал помидордың қышқыл ауруын қоздырушылар – дала шаруашылығының тамырларыда қыстап шығады. Насекомдар арқылы таралатын вирустық аурулармен күресуді инсектицидтер жақсы нәтиже береді. Сонымен қатар ауыспалы егісті дұрыс жүргізу, ауру өсімдіктерді дер кезінде құрту да бұл саладағы пайдалы шаралардың біріне жатады. Күрделі вирустарда қосымша сыртқы мепоротмидті қабықшасы болады, оны “суперкопсид” немесе пепла деп атайды. Белоктар мен вирустардың антигендік, иммуногендік имаглютининдік, қорғаныс қасиеттеріне байланысты және вирустардың клеткаға жабысуы да белоктармен бйланысты. Вирустардың жіктелуі олардың морфологиясына нуклейнге күймеген ДНК-лы бар вирустар 7 тұқымдастыққа бөлінген. Пакс-, герпес-, гепадна-, одено-, перво-, геридо және папрвивирустарға жатады. Вирустар тек тірі клетка ішінде ғана көбейеді. Вирустық ауруларды арнамалы дауалау үшін вакциналр қолданылады. Тірі әлсіретіген (аттенуациаланған) вакциналарды алу үшін әртүрлі физикалық, биологиялық әсерлермен вирусты әлсіретеді. Биологиялық жолдармен әлсірету үшін вирусты тірі оъектілерде: клетка өсінділерінде, тауық лебриандарында, зертханалық жануарларда пассождан өткізеді. Осыған байланысты лапинделген (lapinus – қоян) авиеделген (avis – қуе) културалды (культура- өсінді) вакциналар бар. Инактивтелген немесе өлтірілген вакциналарды алу үшін вирусты физикалық (жоғары температура, yk- сәулесі, j - сәулесі), химиялық (формалин, В – пропилоктон және т.б.) әсерлермен өлтіреді. Бұл вирустық вакциндық гитаммдер қауіпсіз, ал антигендік, иммуногендік қасиеттерін сақтаған. Инантивтелген вакциналдардың иммуногендік қасиетін күшейту ушін адъюванттар қосады (мок.фрейнд адъюванты, альюминидің гидрототығы саполин хлорлы кальций, минералды майлар т.б) сонамен қатар, қазіргі кезде тазартылған вакциналарда бар – гендік инженериялық, суббөлікті, жасайды иммундеу үшін гипериммунды қан сарысу, реконвамециенттердің қан сарысуы қолданылады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Клеткаға вирустың енуі?

  2. Вирустар репродукциясының циклы?

  3. Иесінің клеткасы бетінде вирустың хемосорбциялануы?

  4. Вирустың клеткадан шығуы?

  5. Вирустарды қолдан өсіру?

  6. Вирустың морфогезі?

  7. Вирус компоненттерінің циклы?

  8. Вирустық аурулардан сақтандыру және емдеу?

  9. Бактарияларды құртатын вирустар?

  10. Вирустармен күресудің химиялық тәсілі?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет