Пәнінен syllabus



Pdf көрінісі
бет23/91
Дата20.05.2022
өлшемі2.12 Mb.
#458428
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   91
SYLLABUS ФОТ

Сөзбен баяндау әдістері мұғалімнің ауызша түсіндіруі арқылы жүзеге асырылады. 
Оқушыларға берілетін білімнің негізгі көзі – мұғалімнің сөзі, ал мұғалімнің әрекеті – 
сөзбен түсіндіру, оқушылардың қызметі, міндеті – тыңдау, ойланыу және т.б. Мұғалімнің 
оқу материалын ауызша сөзбен баяндау әдісі әңгімелеу, әңгімелесу (сөйлесу), түсіндіру, 
дәріс арқылы жүргізіледі. 
Әңгімелеу – оқу материалын сабақта диалогсыз тек мұғалімнің өзінің үздіксіз 
сөзбен ауызша баяндау тәсілі. Бұл тәсілді қолданудың мақсаты мынадай: 1)физикалық 
заңдар мен жаңалықтардың ашылу тарихымен, физик-ғалымдардың (өнер тапқыштың) 
өмірбаянымен оқушыларды таныстыру қажет болғанда; 2)ғылым мен техниканың 
жетістіктерімен, даму перспективаларымен менктеп оқушыларын таныстырғанда; 
3)физикалық заңдар мен құбылыстардың ғылымдағ техникада, өмірде қолдануын 
түсіндіргенде, табиғатта және техникалық қондырғыларда байқалатын физикалық 
құбылыстарды баяндағанда. 
Әңгімелесу мұғалім оқушыларда бар білімге, практикалық тәжірибе мен 
тәжірибелік көрсетулерге сүйеніп, сұрақтардың көмегімен оқушыларды жаңа білім 
түсінуге және меңгеруге алып келетін оқыту әдісі. 
Материалды әңгімелеу әдісімен баяндау мұғалім мен оқушы арасында диалог 
түрінде өтеді. Мұғалім тәжірибелер жасап көрсетіп немесе мектеп оқушылары 
орындайтын тәжірибелерге сүйеніп, оларға сұрақтар қояды. 
Диалог түрінде жүргізілетін әңгімелесу тәсілі арқылы: 
1)физикалық заңдар (Паскаль, Ньютон заңдары) түсіндіріледі; 
2)физикалық құбылыстардың мәні ашылып көрсетіледі; 
3)физикалық ұғымдар (үдеу, қуат, ішкі энергия) қалыптастырылады; 
4)оқу материалдары қайталанып, бекітіледі
5)оқушылардың алған білімі, іскерліктері, дағдылары тексеріледі. 
Түсіндіру – бұл мұғалімнің курстың неғұрлым күрделі мәселелерін дәйектілікпен, 
қатаң логикалық тұрғыда баяндап беруі. 
Физиканы оқытуда түсіндіру әдісін мынадай оқу міндеттерін шешу кезінде 
қолданады: 
1)физикалық құбылыстардың мәнін неғұрлым жалпы физикалық теориялар 
негізінде ашқан кезде; 
2)денелердің физикалық қасиеттерін заттардың атомдық-молекулалық құрылысы 
туралы түсініктер мен электрондық теория негізінде түсіндіргенде; 
3)физикалық заңдардың мәнін оқып үйрену мен олардың арасындағы байланысты 
ашқанда; 


4)физикалық құбылыстар мен заңдарға негізделген технологялық процестердің 
мәнін оқытп үйренген кезде. 
Түсіндіру көбінесе әңгімелесу әдісімен ұштастырылып отырады, мұғалім оқушыға 
өз пікірлерін айтып, өзінше түсінік беруді ұсынады. 
Дәріс - әңгімелеумен және түсіндірмен салыстырғанда баяндаудың үлкен ғылыми 
қатаңдығымен және едәуір ұзаққа созылатындығымен сипатталады. Дәріс әдісін негізінен 
жоғары сыныптарда қолдануға болады, өйткені ол оқушылардан ұзақ уақыт бойытұрақты 
зейін қюды, жоғары дәрежеде дамыған абстрактілі ойлауды, дәріс барысында негізгі 
идеяларды, қортындыларды, заңдардың тұжырымдамаларын, формулаларды жазып отыру 
іскерлігін талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет