Пәнінен syllabus



Pdf көрінісі
бет24/91
Дата20.05.2022
өлшемі2.12 Mb.
#458428
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   91
SYLLABUS ФОТ

Көрнекілік әдіспен оқу материалын түсіндіргенде мұғалім көрнекі және 
техникалық құрадарды қолдану арқылы физикалық құбылыстарды, процестерді, 
денелерді, заттарды көрсетеді, демонстарциялайды, иллюстрациялайды, қолдарына 
ұстатып, сездіреді. Бұл жағдайда мұғалімнің сөзі қосымша роль атқарады, ал 
оқушылардың алатын білім көзі көрнекті құралдар болып табылады. Мұнда мұғалімнің 
оқыту қызметі – көрсету мен демонстарциялау, сабақтағы оқуышлардың оқу қызметі – 
бақылау, эксперименттік фактілерді көріп ойлану, қортынды жасау, білім қорын байыту. 
Көрнекілік әдістердің түрлеріне демонстарциялық эксперимент, кесте-плакат, сызу-сурет, 
кино-диафильмдерді және т.б. жатқызуға болады. Педагог Я.А.Коменский көрнекілік 
әдісті мұғалім үшін «алтын ереже» санаған. Себебі, оның нәтижесінде оқу материалын 
оқушылардың нәтижелі қабылдауларына мол мүмкіндік туады. Мысалы, көруге 
болатынды көреді, және т.с.с. 
Практикалық әдістерге физиканы оқыту процесінде жүргізілетін лабораторялық 
жұмыстар, физикалық практикумдар, сыныптан тыс бақылаулар жүргізіп, есеп шығару 
жұмыстары жатады. Олар оқушылардың эксперименттік, өлшеу, зерттеу, жалпыеңбектік 
іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады. Оқушылардың өзбеттерінше әртүрлі 
практикалық жұмыстарды орындауы, ізденіп ойлануы, есеп шығаруы олардың алатын 
білім мен іскерліктерінің көзі болып саналады. Мұнда мұғалімнің қызметі – жұмысқа 
түсінік-нұсқау беру, тексеру, қортынды жасауға көмектесуі жатады. 
Бұл көрсетілген әдістердің ешқайсысын әмбебеп әдістер деп қарасыруға болмайды. 
Оларды қолдану оқыту мақсаттарының түрлеріне сай келуі тиіс. Сабақта олар көбіне 
«аралас» түрінде қолданылады. Мысалы, мұғалімнің сабақты ауызша баяндап түсіндіруі 
көбіне көрнекі құралдарды пайдаланып, физикалық эксперментті демонстарциялаумен, 
яғни көрнекілік әдіспен қос қабат жүреді. Сондай-ақ материалоды сөзбен түсіндіру көбіне 
практикалық әдіспен (зертханалық жұмыста) бірігіп пайдаланылып отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет