Пәнінен syllabus



Pdf көрінісі
бет22/91
Дата20.05.2022
өлшемі2.12 Mb.
#458428
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   91
SYLLABUS ФОТ

Оқыту әдістерінің жүйесі 
Физика мұғалімі оқу процесін ұйымдастыруда, оқыту әдістерін таңдауда 
мектептердің оқу-тәрбие жұмысының ұзақ уақыттық практикасына негізделіп жасалған 
жалпы әдістемелік қағидалар болып табылатын дидактикалық принциптерді басшылыққа 
алады. Бұл принциптер өз пәнін оқытуда білім беру және тәрбие беру міндеттерін 
неғұрлым ойдағыдай шешуді қамтамасыз ету үшін мұғалімнің қалай әрекет жасауға 
тиістілігі туралы нұсқауларды қамтиды.
«Методиканың» мәні «метод-әдіс» деген сөзден шыққандықтан, «оқыту әдісі» 
деген ұғым физиканы оқытудың бірнеше жолын қарастырады. Олар – кешенді әдіс
жобалық әдіс. Дедуктивтік және индуктивтік әдіс, т.б. Сонымен, оқыту әдісі ұғымы – 
оқытудың мазмұнына, күллі оқу жұмысының барысына, оқу ісін ұйымдастыруға, әртүрлі 
шығармашылық шараларға негізделеді. Мұғалімнің білім беруі іскерлікке, дағдыға 
үйретеді және оқушылардың осыларды меңгеруі оқытудың әртүрлі әдістерімен жүзеге 
асады. 
Физика ғылымының өзіндік зерттеу әдісі болатыны секілді физиканы оқытудың да 
өз әдісі бар. Оқыту әдісі деп мұғалімдердің оқушыларды біліммен қаруландыру тәсілдерін 
және материалды қабылдату айла-шараларын айтады. Оқыту әдістері – көп тармақтан 
тұратын, көп компоентті ғылыми-практикалық ұғым. Оқыту әдістерін ғылыми негізде 
талдау жасасақ, оған әртүрлі тұрғыдан анықтама беруге болады: оқыту әдісі – оқытушы 
мен оқушының бірлесіп жұмыс істеу тәсілдері; оқыту әдісі – оқу үрдісіндегі алға 
қойылған мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушының бірігіп атқаратын қарекеті; 


оқыту әдісі – оқу үрдісіндегі педагог пен оқушының арасындағы өзара әрекет; оқыту 
әдісі – оқушыларға білім беретін жол; оқыту әдісі – оқушылардың танымдық процесін 
және олардың жеке басының дамуын ұйымдастыру формасы; оқыту әдісі – оқу үрдісін 
оптималдандырудың бір амалы. Мұндай тұжырымдамалардың барлығының түпкі 
мақсаты оқушылардың білім алуының тиімді жолы мен әдіс-амалын анықтау болып 
табылады.
Оқыту әдістерін зерттеу – негізінен дидактиканың міндеті, ал жеке пәнді оқыту, 
оның ішінде физиканы оқыту әдістемесінің мақсаты – физика мазмұнының ерекшелік 
сипатына лайықты сабақта оқыту әдістерінің тиімді тәсілдері мен әдістемелік амалдарын 
қолданудың жолдары мен формаларын анықтау. 
Мектеп өмірінде оқыту әдістерінің бірнеше түрлері қолданылатыны белгілі
сондықтан оларды классификациялау принциптері де әртүрлі. Олардың ішіндегі дұрыс 
деп қолданылып келген принцип – оқушылардың алатын білім көздеріне және мұғалім 
мен оқушылардың бірлесіп жүргізетін қызметіне байланысты классификациялау. Бұл 
принцип тұрғысынан оқыту әдістері үш түрге бөлінеді: 1)сөзбен баяндау әдістері
2)көрнекілік әдістер; 3)практикалық әдістер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет