туралы
әдебиеттерді оқуға әуестенеді; ол жайындағы кәсіби мамандықтардың
ерекшеліктерімен танысады.
Оқушылардың физика-техникалық сыныптан тыс тәжірибелері мен бақылауларын
ұйымдастыруға бірқатар жеткілікті мүмкіндіктердің бар екендігін аңғару қиын емес.
Сыныптан тыс эксепримент үйде, өндіріс обьектілерінде экскурсия кезінде,
физикалық кештерде, физика-техникалық үйірмелерде, қолдан приборлар жасау кезінде
өткізіледі.
Сыныптан тыс уақытта
физикалық тәжірибелерді, бақылауларды, өлшеулерді
нәтижелі өткізу мұғалімнің мынадай әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстарды күні бұрын
жасай білу шеберлігіне байланысты: 1) оқу материалына сәйкес қосымша әдебиеттерді
таңдап алып,
онымен оқушыларды таныстыру, олар орындайтын тәжірибелер мен
бақылауларды жоспарлау; 2) ондай жұмыстарды орындауға тапсырмалар дайындау; 3)
оларды орындайтын орынды және қажетті приборларды анықтау.
Мысалы, оқушылардың үйде жүргізетін бақылаулары мен өлшеулері мынадай
тапсырма бойынша орындалуы керек:
а) үйдегі шелекьің, кастрюляның, бидонның, кесенің сыйымдылығын мензурканың
жәрдемімен өлшеп анықтау (7-сынып).
ә) үйден мектепке дейінгі жүрген жүрісінің
орташа жылдамдығын қадымдап
анықтау, оның графигін сызу (7,9-сынып).
б) тұрмыста және техникада инерция құбылысының ескерілуін бақылау (7,9-
сынып).
в) үйдегі электрпісіргіш арқылы бір күнде және бір аптада жұмсалатын энергияның
құнын есептеу (8-сынып).
г) үйде және табиғатта байқалатын жарықтың дисперсиясы, интерференциясы,
диффракциясы құбылыстарын бақылау, оларды түсіндіру (9-сынып).
д) адамның жерге түсіретін қысым күшін және қысымын өлшеп, анықтау (11-
сынып).
Сыныптан тыс эксперименттің орындалу нәтижелерін
мұғалімнің сабақта сұрап,
талдап, қорытындылап, толықтырып тұруы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: