электролит
ерітінділеріндегі элекгр тоғы; электролиздің техникалық қолданылуы;
газдардағы электр тоғы; вакуумдегі электр тоғы және олардың қолданулары. Мұнда
шалаөткізгіштердегі электр тоғын оқыту металдардағы электр
тоғын оқытқаннан кейін
басталу себебі, қазіргі кездегі олардың техникада қолданулары маңызды орын алуынан.
Материалдарды түсіндіруде классикалық электрондық теорияға сүйенеді, одан кейін
электр тоғын өткізу механизмін түсіндіру үшін үлгілерге сүйенген жөн (электролиттік
шалаөткізгіштің және т.б. үлгілер).
Әр түрлі ортадағы заряд тасушыларды және олардың қозғалысын көріп бақылауға
болмайтындықтан, көбінесе үлгілер, кинофильмдер, диафильмдерді
көптеп қолдануға
болады. Сондай-ақ қазіргі кезде электрондық есептегіш машиналарда үлгілеу
бағдарламалары қолданылады.
Сұйықтардағы электр тогын оқып үйренгенде Фарадей заңдарына басты назар
аударылып, бір валентті ионның зарядын анықтау формуласы қорытылып шығады. Бұл
материалдарды өткен кезде пәнаралық байланысқа көп көңіл бөлінеді. Мұнда химия
пәнімен тығыз байланыста болатын материалдар (электролитгік диссоциация,
электролиттердегі
ток тасымалдау табиғаты, электролиздің практикада қолданылуы)
пайдаланылады. Сондықтан да қазіргі кезде Фарадей завдарының біріккен түрін
теориялық жолмен шығарып алып, тек электрохимиялық эквивалент жөнінде талдау
жасалады.
Шалаөткізгіштердегі электр тоғын оқып үйренгенде қазіргі кездегі танып білудегі
ғылымның жетістіктері және шалаөткізгіш материалдардың қолданылуын көрсетеді.
Оқыту шалаөткізгіштердің қасиетін көрсететін демонстрациялық тәжірибелерден
басталады. Содан кейін химия пәнінен өтілген коваленттілік
жәие қос электрондық
байланыс арқылы шала откізгіштердің электр өткізгіші және қасиеттері түсіндіріледі.
Мұнда жаңа "кемтік", "кемтіктік өткізгіштік" ұғымдарға көп көңіл бөлінеді. Кемтік
электроны кетіп, байланыстың үзілген орны, оның заряды оң, ал кемтіктік өткізгіштік
электр өрісінде кемтіктердің орын ауыстыруы нәтижесінде
тоқтың тасымалдануын
айтады.
Қазіргі кездегі психология-педагогикалық тұжырымдамаға сәйкес, алған білімдерін
белгілі бір жүйеге түсіріп жалпылау, әртүрлі ортадағы электр тоғы бір жоспармен немесе
бірдей әдістемелік үлгімен қарастарьшуы керек. Оған: 1) заряд тасымалдаушылардың
табиғатын және олардың қозғалысындагы
ерекшеліктерді анықтау; 2) вольт-амперлік
сипаттамасын алу; 3) осы ортадағы ток қандай заңдылықпен өзгеретіндігін түсіндіру; 4)
осы ортадагы токтың өтуін суйемелдептін қубылыстарды атап өту; 5) осы ортадагы
токтың практикадагы щолданулары, ор турлі қурал-жабдықтардың
жумыс істеу
принңиптері мен қурылысы жатады.
Әр түрлі ортадағы электр тоғын өтіп болғаннан кейін, өтілген материалды жалпылап,
белгілі бір жүйеге түсіру үшін 11-кестені пайдалануға болады.
11-кесте
Достарыңызбен бөлісу: