ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В072800– «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығы үшін ОҚу- әдістемелік материалдар



бет7/16
Дата13.06.2016
өлшемі4.28 Mb.
#132788
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

Бидай жаздық және күздік болып бөлінеді.Тұқым – дән, ұрық қабыршағынан және ұрық бүршігінен тұрады, сақал мен бороздасы болады. Дәннің бетінің ерекшелігі оның жылтырлығында. Дән түсі – ақ, сары(янтарлы), қызыл және басқа да түрлі түстерге ие. Түсі қабыршағында пигменттің болуына, оның жуандығына, сонымен қатар эндоспермінің консистенциясына байланысты болады (ұнтақты, шынылы). Егер дәннің ұрық қабыршағында қызыл-қоңырқай пигмент байқалса, ол қызыл, ал дәннің ешқандай пигменті болмаса ақ деп аталады. Ақ деп аталатын дәндердің түсі тек эндоспермнің конситенциясына және қабыршағының ерекшелігіне байланысты, олай болса да ұнтақты дәндер ақ, көбінесе сарғыштау, ал шынылылар – ашық янтарлы болады.

Дәннің ұзындығы 4-13 мм (көбінесе 4,5-8); ені 1,0-4,5 мм (әдетте 1,9-3,4); жуандығы 2-4,1 мм аралығында. Егер дән 5,5 мм аз болса – қысқа, ал 6,5 мм көп болса – ұзын деп аталады. Ені 2,7 мм аз болса – жіңішке, 3,1 мм көп болса – жуан болып есептеледі. Әр дәннің салмағы өзгеше және ұрық сабағындағы орнына байланысты. Көбінесе ауыр дәндерге жұмсақ және қатты күздік бидайды жатқызуға болады. Оларға қарағанда жаздық бидай аз салмақты болады:



  • қатты бидай – 31,5 г;

  • күздік жұмсақ – 29,2 г;

  • жаздық жұмсақ – 25,8 г.

Қара бидай – сопақша және ұзыншалы формалы, бастамасы үшкірлеу, ал жоғарғы жағы үшкір емес (тупое). Ұзындықтың еніне қатысты 3,3 тең болса, сопақша деп есептелінеді, ал ұзыншалары 3,3 көп болса. Дәннің төменгі шығыңқы жағында ұрық жақсы көрінеді, қарама-қарсы жағында боразда өтеді, дәннің ішіне қарай тереңдетіліп. Жұмсақ бидайға қарағанда, дәннің жоғарғы бөлігі қысқа шашақтармен жабылған. Формасына қарай дәнді: ұзын жалпақ, ұзын жіңішке, қысқа жалпақ, қысқа жіңішке. Дәннің беті аздап тегіс емес. Қара бидай дәнінің түсі әр түрлі, жасыл, сары, қоңыр, әдетте сұрлау. Ұштары қоңырқай түсті болып келетін дәндер де кездеседі. Тұқымы бір болғанымен түсі әр түрлі болуы мүмкін. Дән түсі алейрон қабатына, ұрық қабыршағына және оның жуандығына байланысты. Алейрон қабатының клеткалары хлорофилл, сонымен қатар сары, көк, қызғылт пигменттерге ие. Шынылы эндосперм түске суықтау түстерді береді.

Ұзындығына қарай:



  • ұзын – 8 мм жоғары;

  • орташа – 7-8 мм аралығында;

  • қысқа – 7 мм төмен.

Күздік қара бидайдың жалпы салмағы 13-тен 50 г аралығында.Күздікке қарағанда, жаздық қара бидайдың дәндері ұсақ келеді. Дән құрылысы бидайға жақын. Ерекшелігі – ұрықтың дамуында. Қара бидайдың эндоспермі 76% жалпы салмағын алып жатыр.

3.Қарақұмық мәдениетінің сипаттамасы.

Қарақұмық тұқымдасының дәнді дақыл шаруашылығында жалғыз мәдениетімен, яғни қарақұмықпен көрсетілген (Fagorpyrum Mill). Бұл сабақты тамырдан, жапырақты шыбықтан (травинистый ветвистый стебель), найзалы жапырақтардан тұратын біржылдық жаздық өсімдік. Гүлденген тілшелерге жиналған. Қарақұмық тыңайтылған өсімдік, жақсы бал тасушы болып табылады. Алайда тек бір күнде ғана емес, бірнеше күнде тілшелері ашылады, сондықтан ауа райының жағдайына, құрт құмырсқалардың зиянына қатты әсер етеді. Сонымен қатар тұқым өнуі де бір уақытта болмайды. Қарақұмық – жемісі үш қырлы жаңғақ, үш бөліктен – ұрықтан, эндоспермнен және қабықшадан тұрады. Ұрық ленте сияқты өте ұзын, латын S әрпіне ұқсас, эндоспермнен толық өтіп, ядро бетінен жартылай өтеді. Эндоспермі ұнтақты, өндіргенде оңай ұсақталатын болып келеді. Ядросы (эндосперм ұрығымен) ашық қызғылт жұқа қабықшамен қапталған, ал дұрыс өнбеген ядрода ол жасылдау болуы мүмкін. Жаңғағы сыртынан қатты тұқым қабыршағымен қапталған, тек ядромен байланысатын жерде өсімдікке бекітілген. Тұқым қабыршағының түсі сұрлау күмістен қоңырқай түске дейін, ол сорттан да сол сияқты ұрықтың өсу мерзіміне сай болады.

Қарақұмық тұқымдас бөліктерінің % есебімен шаққанда: эндосперм 55-65; алейрон қабаты 4-5; ұрық 10-15; ұрық қабықшасы (пленчатость) 17-25.

4. Бобтық мәдениетінің сипаттамасы.

Бобтық мәдениет мотыльдік тұқымдасына (Leguminosae), двудольный өсімдік класына жатады. Біздің елімізде бәржылдық шөптік өсімдіктер тағамға пайдаланылады – горох, фасоль, соя, чечевица, чина, нут, бобтар,вигна.

Бобтық мәдениеттің тамырлары сабақты, жақсы дамыған, өзіне тән ерекшелігі – оларға екі түрлі бактериялар қонады: азотобактлар және клубеньдік, олар азот пен ауаны бақылап тұрады, сонымен қатар тың жерді азоттық заттармен байытады. Гүлдері – симметриялы емес, ұшқан мотылек сияқты, түсі ашықтан қою күлгінге дейін. Гүлденген тілшелерге жиналған. Өсіп өнуі мен гүлдену ұзақтығы мөлшермен әр түрлі, яғни дән көлемінің біркелкілігі және өсіп өну мерзімі бұзылады, астықтың төмендеуіне әкеледі.

Тұқым – боб әр түрлі формалы, екі створоктан тұрады, тұқым қабығы жақсы дамыған, олардың ішінде 10-ға жуық дөңгелек ұрықтар болады. Бобтық мәдениеттің дәндерінің түсі оның түрі мен сортына байланысты, ақ, жасыл, сары болуы мүмкін. Сыртындағы семя қалың қабыршақпен қапталған. Семяның сабаққа жалғанатын бөлігі қабыршағында толық рубчик бар. Бобтардың қабыршағы мөлдір болуы мүмкін, мөлдір еместер ақ, біркелкі не біркелкі емес боялады. Негізі қою түсті дәндерді (фасольды ескермесек) жем ретінде пайдалануға болады.

Семень бөліктерін % есебімен шаққанда: семядоли – 87-93; сабақ- 1-2,5; семень қабығы- 6-11.


Бақылау сұрақтары:

1. Ауылшаруашылық дақылдарының түрлерін ата?

2. Дәнді-дақылдар тұқымдасының сипаттамасы?

3. Қарақұмық мәдениетінің сипаттамасы қандай?

4. Бобтық мәдениетке сипаттама бер?


14-дәріс. Қоймаларды жіктеу және оған қойылатын талаптар
Дәріс сұрақтары:

1. Өсімдік өнімдері қоймаларының құрылымы және оның жүйесін салу

2. Қоймаларды жіктеу және қойылатын талаптар

3. Астық қоймасының сыйымдылығы және оны пайдалану

4. Өндірістің бас жоспары және технико-экономикалық көрсеткіштері
1. Өсімдік өнімдері қоймаларының құрылымы және оның жүйесін салу

Өсімдік өнімдері өндіру орындарынан бастап тұтынушыға жеткенге дейінгі аралықта әр мақсатта жұмыс атқаратын кәсіпорындармен байланысып ондағы қоймаларда өңделіп, сақталып, сұрыпталып, сандық және сапалық жағынан қалыптастырылып, тиеу жұмыстарын транспорттық жүйемен атқарып, өзінің сұраныс орындарына жетеді. Осы өнімнің жүру аралығы қоймалардың құрылымын және оның жүйесін салуды анықтайды. Осыған байланысты, мысал ретінде элеватор өндірісінің жүйесі қалай құрастырылғанын қарастырайық.


5 - сызбанұсқа

2. Қоймаларды жіктеу және қойылатын талаптар

Қоймаларды жіктеу мына көрсеткіш белгілерге байланысты: 1) сақтау әдісі; 2) механикаландыру дәрежесі; 3) сақтау мерзімі.

Өнімдер жайылып және ыдыста сақталады. Ыдыстың конструкциясына байланысты жұмсақ және қатты кйде болады. Жұмсақ ыдыста немесе қапшықта тұқым өнімдерін сақтайды. Көптеген елдерде өнімдерді қатты контейнерлерде тасымалдайды. Жайылған өнім екі әдіспен сақталады: еденді алаңда және силос ішінде. Еденде сақтау үшін жай қоймалар салады, алаңда-асфальтталған жерге бурттап, үстін брезенттермен жауып және бастырма орнатады. Силостық сақтау үшін-элеваторларды салады.

Екінші әдіс-механикаландыру дәрежесі бойынша төрт топқа бөлуге болады:

1- механикаландырылмаған;

2- жартылай механикаландырылған;

3- механикаландырылған;

4- толық немесе комплексті механикаландырылған.

Үшінші әдіс бойынша қоймалар уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Қоймаларға өнімді сақтап, өңдеу үшін мынандай талаптар қойылады:

1. технолгиялық;

2. конструкциялық;

3. экономикалық.

1.Технологиялық талап бойынша өнімнің сандық және сапалық шығынын болдырмау қажет. Ол үшін қойма өнімді сақтауға төзімді, сыртқы ылғалдан, қардан, жаңбырдан қорғай алуы қажет, оның қабырғалары,тедендері өнімнен түсетін қысымға қабілеті жетуі тиіс. Жалпы алғанда өсімдік өнімін биологиялық объект ретінде сақтай алуы тиіс. Оның қабырғаларының материалдарды пайда болған ылғалды сіңіруі тиіс, және сыртқы ауа-райы өзгерісін қойма ішіне жібермеуі тиіс. Жер асты сулары қойманың еденіне жиналмауы қажет, ол құрғақ түрінде болуы тиіс.

2.Конструкциялық талап - ол өнімді сақтау кезінде зиянкестердің пайда болуына жол бермеуі тиіс, және барлық өңдеу жұмыстарын тиімді жүргізуге қолайлы болуы қажет. Оның қабырғалары газды сыртқа шығармауы тиіс.

3.Қойманың конструкциясы, схемасы және қондырғылары өнім сақтауға арналған жұмсалатын қаражатты аз мөлшерде жұмсуға әкелі орынды. Ондағы қойылатын жабдықтар және қойманың сыйымдылығы өңдеу және сақтау жұмыстарын толық атқаруға сәйкес болғаны дұрыс.

3. Астық қоймасының сыйымдылығы және оны пайдалану

Астық қоймасының сыйымдылығы экономикалық есеппен бағаланады. Оның аз шамасында, астық далада қалып ысырапқа ұшырайды, ал көп кезінде толық пайдаланылмай шығын көбейеді. Сондықтан астықты сақтау үшін сыймдылықтың шамасы ұтымды болуға тиіс.

Астық шаруасында жылда болатын табиғат жағдайларына және оның тек бір кезде пісіп орылуына байланысты жиналатын дәннің өнімділігі, жалпы жиымы өзгеріп отырады. Осыған байланысты астықты дайындау және пайдалану өзгерісі, оның өнімін шығару мен пайдалану шамалары белгілі бір жинақты сызықты бейнесімен көрсетуге болады.


6 - сызбанұсқа

а - астықтыдайындаужәне оны пайдалану;

б - астықөніміншығаружәне оны пайдалану;

1 - дайындау (шығару); 2 - пайдалану; 3 - қалдық.
Астықтың қоймасының жалпы сыйымдылығы оның толтыру ретіне байланысты. Дайындау кезінде, бірінші астық қабылдайтын орынды жинау басталады. Оның біршама бөлігін ортаңғы және өндірістік қоймаларға артады. Дайындау кезеңі аяқталар кезінде, астық қабылдау кәсіпорындарында ол түгел толып бітеді, ал арту жұмыстарын дәннің кеш пісетін жерлерінде жүргізіліп жатады.Дайындау кезі аяқталған елде астықтың ең үлкен қалдығы пайда болады. Қойманың сыйымдылығы осы қалдықтың шамасына байланысты есептелуі керек.

Барлық астық қоймасының сыйымдылығы мына өрнекпен есептелінуі


керек:≤+
мұнда:<1- қойманың толу коэффициенті - Т
Барлық қойманың сыйымдылығы жеке қоймалардың сыйымдылығының қосындысына тең.



Жүк айналу таблицасын толтырып, ол бойынша үлкен қалдықты тауып есептейді.




8) Қоймалардың сыйымдылығын пайдалану.

1) Айналу коэффициенті -

;

Мұнда:Г – жүк айналымы,т

Е – сыйымдылық,т

Дайындау элеваторы үшін 5

Орта аралықтағы ()

Өндірістік 


2)Пайдалану коэффициенті:






Мұнда, орта айлақ шама, Е- сыйымдылық


Қойма салуға арналған жер және оған қойылатын талаптар

Өсімдік өнімдерін өңдеу және сақтау жұмысының атқатратын кәсіпорындарды салуға кететін капиталдық және эксплуатациялық шығын шамасы оны салуға арналған жерді дұрыс тауып пайдалануға тиімді талаптарын дұрыс орындалуына өте тығыз байланысты болады. Салатын жер алаңын мамандалған зерттеулерді жүргізіп оның техникалық және экономикалық жағынан орынды болатынын дәлелдеу қажет. Қойманың бергі (5...15жыл) және алдыңғы ұзақ кезеңде (15...25жыл) аралығындағы өсуіне болжам жасауды талап етеді. Кәсіпорын салатын орын оған жақын кәсіпорындармен (ұн,жарма,нан заводтары,макарон фабрикаларымен) кооперативті байланыс болуын ондағы өндірістің жүруіне

қажетті құрылыс, қондырғыларды бірлесе пайдалану жолдарын барлығына көп көңіл бөлінуге тиіс. Жер алаңына мынандай талаптар қойылады:

- жер алаңы тегіс, оның бетіндегі жиналған сулар ағу үшін, белгілі, көлбеулі болуға тиіс;

- алаңның көлбеулігі 0,003 тен 0,03 шамасында және транспорт жолдарына

жақын болғаны дұрыс; жер асты метрден төмен болғаны жақсы;

- жердің жүк көтеру шамасы (3...4)Па (3...4кг/), яғни тығыздығы үлкен салмақты элеватор құрылыс үйлерін шөкпей көтеріп тұруы қажет;

- кәсіпорын салатын жер алаңы ауылға немесе қала маңына жақын болғаны дұрыс;

- басты желдің бағыты қыс кезінде қоймалардың ұзындық бойымен бағытталғаны, қарды және пайда болған шаңды, иісті өзімен алып экологиялық жағдайды жақсартады;

- кәсіпорын жер алаңы сумен, электр энергиясымен қажетті көлемде қамтамасыз етуге ыңғайлы болуы тиіс;

Таңдап алынған жер алаңына геодезиялық зерттеулер жүргізіп, жаңа салынған кәсіпорынның орналасу жоспарын жасайды.

4. Өндіріс кәсіпорынының бас жоспары және технико-экономикалық көрсеткіштері

Бас жоспар кәсіпорының негізгі, үйлер мен құрылыс объектілерімен, транспорт жолдары тораптарынан, электроэнергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелердің бір-бірімен тығыз байланысқан түрдегі орналасуын сипаттап көрсетеді.

Негізгі өндірістік объектілерге жататындар: элеватордың қабылдау және тиеу қондырғылары, жай қоймалары, жұмысшы мұнаралары, астық кептіргіш қондырғылары, ұн, жарма, құрама жем, нан заводтары, макарон заводтары, дайындалған өнім қоймалары, лабораториялар, автомобиль, вагон таразылары.

Өндірістік қосымша объектілеріне жататындар: май, отын қоймалары, трансформатор, насос станциялары, жер асты қоймалары, механикалық слесарь, қаңылтыр жөндеу бөлмелері, электромонтаж жасау, ағаш бұйымдары шеберханасы, тепловоз,автомобиль қоятын орындар, өрт депосы, химикат, ит сақтайтын бөлмелер.

Әр бөлімдегі қызмет жасау бағытындағы қоймалардың өзіндік бас жоспарларының схемалық өзгешіліктері бар.

I - бөлім, дайындау элеваторлары үшін көп таралған вариант:

Схема


II - бөлім, аударғыш, базистік және қор жинау элеваторлары үшін:

Схема


III - бөлім, өндірістік, порттық элеваторлар:

Схема


Кесте -15. Бас жоспарлардың технико-экономикалық көрсеткіштері



Өндіріс кәсіпорындары



Жер алаңы,

Га


Құрылыс-

тың


орналасу

тығыздығы



Жеке

орналасқан

құрылыс

объектілері-



нің саны

1

Дайындау элеваторы,Е100мың тонна

6,5

20

16

2

Порттық элеватор

5,0

23

15

3

Ұн комбинаты,Q=200T/T

4,5

20

14

4

Құрама жем заводы,Q=345T/T

4,2

19

12

5

Ұн комбинаты,Q=500Т/Т

7,3

22

14

Бақылау сұрақтары:

1. Қоймаларды жіктеу көрсеткіштері қандай?

2. Өндіріс кәсіпорынының бас жоспары және технико-экономикалық көрсеткіштері?

3. Қойма салуға арналған жер және оған қойылатын талаптар


16-дәріс. Дәнді дақылдардың құрылысы

Ұн, жармада астық түйір шикізаттарын өңдеу үрдістері дәннің басты анотомиялық бөлігін ажыратуға бағытталған. Соңғысы дайын өнімде қажетсіз, басқасы ұн мен жарманың негізін құрайды. Осыған орай бұл ажыратуды қандай заттармен және қандай шығындармен іске асыру туралы мәселе туындайды. Сонымен қатар, өнімді қанша және қандай сапада алу керек. Астық түйірдің құрылымы өңдеу, кептіру, тасымалдау, сақтау нысаны ретіндегі қарастырылған кезде қолданылатын көптеген физикалық көрсеткіштерге әсерін тигізеді.

Нан бидайлары және жарма дақылдары өздеріне тән пішінде болады:

. бидай, қара бидай, күріш, ячмень, және арпа – ұзынша (веретень) тәрізділер;

. қарақұмықты көлденең қарағанда тең ұшбұрышты пішінде болады.

. тары мен горох көлденең қарағанда дөңгелекке жақын пішінде болады.

. жүгері дәні белгісіз формада болады.

Астық түйірдің анотомиялық құрылымы ұн және жарма технологиясында 3 топқа бөлуге болады: эндосперм, ұрық және оны қоршап тұрған қабықшалары. Астық түйір құрылымының ерекшелігіне байланысты, сонымен қатар бөлінетін анотомиялық бөлігінің дәрежесі есебіне байланысты дәнді дақылдарды ұқсас белгілеріне байланысты топтарға бөледі:

1-топ – торлы дақылдар, онда сыртқы қабықшалары мен ядролары бірікпейтін, қозғалту және қысу деформациясы кезінде жеңіл бөлініп қалады.Бұндай дақылдарға күріш, қарақұмық, тары жатады.

2-топ – мұртшалары бар дақылдар, олар дән денесіне терең кіріп тұрады. Бұларға бидай, қара бидай, ячмень, арпа жатады.

Ұн және жарма технологиясында қабықтарын ажырату үшін бастапқы ұнтақталып немесе қатынасты түрде дәннің ірі бөлшектерін ұсақтау қажет, сосын мұртшаны жұқа ұсақтау- шлифовкалау арқылы ажыратады. Мұртшаның болуы оның формасы мен дән денесіне кіру тереңдігі бидай мен қара бидайдың технологиялық қасиетіне байланысты. Дәннің денесіне мұртшаның енуі терең болған сайын бидайдың ұндық қасиеті нашарлайтындығы тәжірибе жүзінде анықталған. Мұртшаның тереңірек кірген кезінде ұнның негізгі массасын беретін крахмалдық эндосперманың жалпы мөлшері азаяды. Барлық дәнді дақылдардың ішкі қабаттары мен алейрондық қабаттары төменде орналастырылған анотомиялық белгілермен берік байланыста болады.

Ұн және жарма өндірісі кезінде үрдістерді құрастыру және енгізуге өлшемдері, пішіндері және дән ұрығының басқа бөліктерінің орналасуы әсер етеді. Ұрық негізінен жойылуы керек, себебі дайын өнімдегі ұрықтың майлы бөліктері сақтау кезінде тұрақсыздық көрсетеді.


Бақылау сұрақтары:

1. Астық түйірдің анотомиялық құрылымы?

2. Ұн және жарма өндірісінде әсер ететін фаторлар?

17-дәріс. Бидайды ұнға ұнтақтаудың интенсификация процесі
Дәріс сұрақтары:

1.Бидай өңдеу өндірісіндегі қазіргі анализ жағдайы және әлемдік және отандық ғылымдағы беталыс.

2.Байыту процесімен дамытылған күрделі нан өнімдері ұнтақтары.
Әлемдік астық нарығында белгілі жаңалық болып бірінші ондық экспортқа Бүкіл әлемдік бидай орындаушы кеңесіне Қазақстанның енуі табылды. Қазақстанның әлемдік астық өндірісіне қатысуы экспортты инфрақұрылымды дамытуда ғана емес, қаржылық ресурстарды, ғылыми зерттеулерде де дамытуға бағытталды.

Бидай адамдардың ең негізгі азықтарын өндіруде және жануарларды азықтандыруда қолданылатын басты шикізат болып табылады. Дегенмен бидайды тұрақты түрде сақтау басқа ауыл шаруашылық өнімдеріне қарағанда өте үлкен әрі күрделі іс.

Негізгі ғылыми сақтау мен бидайды өңдеу атақты биохимик- академик ғалымдармен ҒА СССР А.Н.Бах. А.И. Опаринмен кепілдендірілген, В.Л.Кретович,Н.П.Козьмин, Л.А.Трисвятский, Е.Д.Казаковпен және де ғылыми мектептер әсерінен дамыған. Бидай өміршеңдігіндегі маңызды құбылыстар ретінде бидайдың тыныс алу механизмдерін бекітетін, бидайдың өзін өзі қыздыру табиғаты және бұл процестегі микроорганизм рөлі,бидайдың жинаудан кейінгі биохимиялық және физико- химиялық өзгерістері жайлы кешенді зерттеулер келтірілген.Ғылыми негіздерді қамтамасыз етуде бидай сапасын арттыру мен сақтауда,жағдайын бақылау және бидайдағы ылғалдылық, оның биологиялық және физико- химиялық қасиеттерін зерттеуде профессорлар Е.Д. Казаков, А.С. Гинзбург және т.б.(Москва,МГАПП) еңбегі өте үлкен рөл атқарады.

Қазақстанның белгілі мектептеріндегі жетістік анализі мен даму тенденциялары. Қазақстанда тың игеруден бұрын бар жоғы 70-80 млн. пұт бидай (1 млн. 200 мың тонна.) өндірілді.Тың және тыңайған жерлерді игеру бағдарламасы алғашқы жылдары Қазақстанның солтүстік аймақтарында себу жұмыстарын көбейтуді қарастырды. Тек бір жылда 8 млн. 531 мың га. жерді тыңайту көтерілді.1956 жылы мемлекет бірінші қазақстандық нанның миллиард пұтын (16 млн. көп) өткізілген бидайдың жартысынан көбі күшті және қатты сұрыпты нан пісіру қасиетін есептемегенде және жоғары технологиялық қасиетке, бидайды алды. Қазақстан Республикасында бидай өндірісінде 53-60% құрайтын жоғары бидай тауарлануы мен қажеттілігі жоғарылады, бұл білікті жинаумен салыстырғанда: ( Ресейде-35%, ал Украинада-30%, Беларусияда-20%). Республиканың мықты және қатты бидай сұрыптарын өндіруші ретіндегі рөлі артты.

Сондықтан Қазақстан уақытымен тыңайған жерлерді игеруде әлемдік дәрежедегі держава дәрежесін иеленді. Астық өндірісіндегі жоғары өсу , ірі астық сақтау құрылыстарында,элеваторлар мен астық өңдеу мекемелерінде радикалды, тек сандық емес , дайындау жүйелерін сапалы етуді қамтамасыз етеді. Өз кезегінде Ақмолада Қазақстандық ВНИИЗ бөлімі, Госбидай өндірісін жобалау дың ВНИИ құрама жем бөлімі құрылды. Ғылыми-зерттеу және жобалау институттары оқымыстылары жерді өңдеудің жаңа әдістерін,перспективті өндіріс технологиялары, жинаудан кейінгі өңдеу, бидайды сақтау мен өңдеу, элеваторлар, ұнтақтау,жарма және құрама жем зауыттары жобасы мен құрылысының зерттемелері кіреді.

Бұрынғы қазақстандық ғылыми мектептер ғылыми мекемелерден жоғары негізде Қазақстан егеменділігі жағдайында, МӨМ тағамдық өндірісте (Алматы қ.) А.И.Бараев атындағы (Шортанды қ.) Қазақстандық астық шаруашылығы,Қазақтық бидай және оның өнімдерін өңдеу (Астана қ.) сондай-ақ жоғары оқу орындары(Алматы тахнологиялық университеті, Тараз мемлекеттіе университеті, Қазақ инженерлі- технологиялық университеті) құрылған.

МӨО өңдеу және тағамдық өндіріс эксперименталды- аналитикалық және энергетикалық, ресурстарды сақтау,жинаудан кейінгі өңдеу әдістерін, сақтау мен бидайды өңдеу (академик АСХН ҚР т.ғтд., профессор О.Н Налеев қызметкерлерімен бірігіп) жасауда, құрама жем және жемдік қоспалар технологиясын(т.ғ.к Әлімқұлов, а-ш.ғ.к. Қаржаубаев К.Е.) жасауда жүргізіледі.

Бақылау сұрақтары:

1.Бидай өңдеу өндірісіндегі қазіргі анализ жағдайы және әлемдік және отандық ғылымдағы беталысы қандай?

2.Байыту процесімен дамытылған күрделі нан өнімдері ұнтақтарын атаңыз?.

3.Қазақстанның белгілі мектептеріндегі жетістік анализі мен даму тенденциялары қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет