ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В072800– «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығы үшін ОҚу- әдістемелік материалдар


-дәріс. Нан- тоқаш өнімдерін дайындаудың жылдамдатылған технологиясы



бет9/16
Дата13.06.2016
өлшемі4.28 Mb.
#132788
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

21-дәріс. Нан- тоқаш өнімдерін дайындаудың жылдамдатылған технологиясы
Дәріс сұрақтары:

  1. Инфрақызыл сәулелі генераторы бар пештерде пісіру

  2. Бу атмосферасында пісіру

  3. Электроконтактті қыздыруды қолдан отырып пісіру

Жылу генерациясы және механизмі тұрғысынан алғанда пісірілетін қамыр дайындамаларын (ПҚД) қыздырудың әдістерін келесідей топтастыруға болдады :



  1. ПҚД жылу сырттан берілетін әдістер:

  • Радиационды –конвективті жолмен қарапайым нан пісіру пештерінде пісіру;

  • Қысқа толқынды инфрақызыл сәулелі генераторы бар пештерде пісіру;

  • Жабық камерадағы атмосфералық бумен пісіру.

2.Жылу ПҚД массасына тікелей әсер ететін әдістер:

  • Электроконтактті (ЭК) қыздыруды қолдана отырып пісіру;

  • Электромагнитті өрісте жоғарғы және өте жоғарғы тоқ частотасында пісіру.

  1. ПҚД комбинирленген қыздырумен пісіру әдістері:

  • ПҚД бір мезгілді жоғарғы частоталы және инфрақызыл пештерде пісіру;

  • Алдымен электромагнит өрісінде, ал аяғында инфрақызыл қыздырумен пісіретін пештерде пісіру;

  • Бір мезгілді электроконтактті және иефрақызыл қыздырумен пісіру;

  • Тізбекті қыздырумен пісіру – алдымен электроконтактті, сосын инфрақызыл.

Қазіргі таңда нан – тоқаш өнімдерінің барлық массасы радиационды-конвективті әдіспен қарапайым нан пісіру пештерінде пісіріледі. Инфрақызыл сәулелі генераторы бар пештерде пісіру. Жылу беру бетінің температурасы 300-4000С қарапайым пештерде электромагнитті толқын ұзындығының максималды ауытқуы инфрақызыл сәулелі аумағында болады. Ондағы толқын ұзындығы0,77 ден 340 мкм-ға дейін. Сондықтан да қарапайым пештерде пісіруді ПҚД қыздыруда негізгі рольды инфрақызыл сәулелер атқаратын әдіске жатқызуға болады. Инфрақызыл сәулелі генераторы бар пештерде пісіру дегенде, әдетте , қысқа толқынды инфрақызыл сәулесінің толқын ұзындығы 1-3 мкм болатын бөлек генераторларды қолдануды түсінеді. Инфрақызыл сәулеленудің бұл түріне ПҚД сыртқы қабатына ену қасиеті тән. Сондықтан ИҚ-сәуленің жылуы ПҚД тек беткі қабатына ғана емес бірнеше мм – ге дейін әсер етеді. Бұл өз кезегінде ПҚД тез қызуына әсер етеді, ал ол пісу процесінің ұзақтығын кемітеді. Бұл тұрғыдан алғанда ИҚ –пісіру ұсақ –даналық және жұқа қабатты өнімдерді пісіруде тиімді болып табылады.

Бу атмосферасында пісіру. Европада нанның арнайы сорттарын пісіреді. (ірі шырот ұнынан ). Нанның бұл түрінде сыртқы қабық болмайды және пісу уақыты ұзақ болады. Мұндай нанды пісіру үшін есіктері герметикалық жабылатын арнайы камералар қолданылады. Бұл камераларға формалы қамыр дайындамалары бар вагонеткаларды енгізіп, есіктерді жапқаннан кейін, камерага қаныққан бу жібереді . Осылайша , камерадағы бу-ауа қоспасының температурасы 1000С. Бұл ПҚД ақырын қызып, ұзақ уақыт пісуіне әсер етеді. Мұндай нанның сырты жұқа қабықпен қапталған және ол түсі бойыеша нанның жұмсағына өте ұқсас болып келеді.Пісіру уақыты нан- тоқаш өнімінің массасына тәуелді. Өнім түріне және тағайындалуына байланысты 12-20 немесе одан көп болуы мүмкін.

Электроконтактті қыздыруды қолдан отырып пісіру. Бұл әдіс бойынша қамыр дайындамаларын тыну үшін және арнайы қалыптарда пісіру үшін орналастырылады. Қалыптар электрлік емес, бірақ термотұрақты материалдан жасалынады. (1000С-қа дейін)

Екі қарама-қарсы қабырғаның ішкі бетінде тот баспайтын болаттан жасалған пластиналар бар, олар электрод қызметін атқарады, пісіру кезінде ауыспалы ток көзіне қосылады. Осы кезде электр тогы қамырдан өтіп, жылу бөлінеді де , қамыр формасындағы барлық массаның тез әрі біркелкі пісуін қамтамасыз етеді. Сондықтан да ЭК – қыздыруды қолдана отырып пісірілген нанның сыртында сусыз және қанық түсті қабығы болмайды. Мұндай нанның сырты жұқа қабықшамен қапталған және түсі нан жұмсағымен бірдей болады. Қамырдың электр өткізгіштігі ондағы тұз және қышқыл иондарының болуыне байланысты. ЭК –пісіру процесі ПҚД массасындағы температура 980С-қа жеткенде аяқталады және қарапайым пісіруге қарағанда тез өтеді.

ЭК –пісірудің келесідей ерекшеліктері бар:

- ПҚД массасындағы температура тұрақты болып келеді. Электродты бетіндегі температура жоғары ал қалған бөліктерінде бірнеше градусқа төмен. Осының нәтижесінде ПҚД АЙТАРЛЫҚТАЙ ТЕМПЕРАТУРАЛЫҚ ГРАДИЕНТ БОЛМАЙДЫ, СӘЙКЕСІНШЕ наннң сыртқы қыбатында қабық болмайды және ылғалдың орын алмасу аймағындағы термо ылғал өткізгіштік градиенті айтарлықтай маңызды роль ойнамайды.

- ПҚД сыртында қабықтың болмауына байланысты булану аймағы да болмайды.Массаны 800С-қа дейін қыздырғанда ылғалдың булануы ашық бетте өтуі мүмкін, сондықтан да бұл кезеңде пісірілетін өнімнің ылғал берілуі үлкен болмайды. ПҚД көлемі қамырдың газ тіріздес фазасының термиялық үлкеюінен болады. ПҚД температурасы 800С –тан асқанда қамыр массасындағы булану процессі жылдамдайды да , қамырдың көлемі үлкейеді.

- ПҚД сыртқы қабаттың болмауына байланысты өнімнің көлемі процесс соңына дейін өседі. Осыған байланысты нан жұмсағының борпылдақтығы артып, кеуектілігі біркелкі бола түседі. Мұндай нан трлерін қара қытырлақ нан жасауда жартылай фабрикат ретінде қолдануға болады.
Бақылау сұрақтары:

1. Пісіру әдістері қандай топтарға бөлінеді?

2. Пісіру кезінде жылу ішінен берілетін әдісті атаңыз?

3. Пісіру кезінде жылу ПҚД массасында бөлінетін әдісті атаңыз??

4. Бу атмосферасында қандай нан түрлерін пісіреді?

22-дәріс. Өсімдік майын өндіру. Майды тазалау әдістері
«Арай» өсімдік майын өндіру жөніндегі зауыт аумақтың бір бөлігін және қалыптау цехының ғимаратын кейіннен сатып алу құқығымен жалға алу шарты негізінде 1998 жылдың маусым айында Қызылсай құрылыс материалдары зауытының бос жатқан аумағында ашылған.

Құрылыс орнын таңдау барысында сырттан келетін сатып алушылар мен жеткізіп берушілерге, Сайрам, Түлкібас аудандары мен Тараз, Алматы, Қызылорда және т.б. қалалардың тұрғындарына айрықша қолайлы жер таңдалды, себебі зауыт қала түбіндегі өнеркәсіптік-ауыл шаруашылық аймақта, «Шымкент-Алматы» тас жолынан 100 м, ал Шымкент қаласынан 6 км, сондай-ақ «Шымкент-Самара» тас жолына шығатын айналма жолға тікелей жақын жерде және ҚТЖ РМК «Қызылсай» стансасына 500 м қашықтықта орналасқан. Өте қысқа уақыт аралығында өндірістік ғимараттар толық қайта құрылып, жабдықтар орнатылып, сол 1998 жылдың қазан айында-ақ алғашқы өнім алынды. О бастағы компанияның мақсаты - жоғары технологиялық жабдықтары мен жаңашыл технологиялы жаңа кәсіпорынды құру. Мұқият таңдалған экономикалық саясат 1999 жылдың өзінде-ақ жоспарланған табысты алуға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта «Арай» ЖШС-нің инфрақұрылымы жақсы дамыған – жаңашыл технологиялық жабдықтармен жарақтандырылған негізгі өндірісі, жөндеу-механика цехы, қазандығы, темір жол тұйығы, көліктік қызмет секілді көмекші қызметтері, ауқымды қойма жайлары, қажетті коммуникациясы және өзінің жекеменшік су ұңғымасы бар кәсіпорын.

Компания өсімдік майын, ұн және малға арналған жемшөпті (бидай кебегі, мақта күнжарасы, мақта қауызы), макарон өнімдерін өндіруге мамандандырылған. Өсімдік майын өндіру көлемі мен қайта өңдеу барысында алынатын ілеспе өнімдердің ұн, макарон өнімдері және кебек өндіру көлеміне шаққандағы арасалмағы кәсіпорынның қолданыстағы бағасына сәйкес. Өнімдердің негізгі тұтынушысы халық болып табылады. Компанияның өніміне дегене сұраныс шексіз. Өндірілетін өнім осы секілді импорттық өнімдер мен отандық өндірушілердің өнімдерімен бәсекеге толық қабілетті. Бүгінгі таңда «Арай» ЖШС-і өндірілетін өнімнің сапасы жағынан Оңтүстік-Қазақстан облысының осы секілді кәсіпорындары арасында өндіріс көлемі бойынша көшбасшылардың бірі болып табыла отырып, Сайрам, Түлкібас аудандарын және Шымкент, Жамбыл, Қызылорда қалаларын жоғары сапалы тауарлар – маймен, ұнмен, жемшөппен қамтамасыз етіп отыр. Компания өзі өндіретін өнімнің көлемін ұлғайту, сондай-ақ ассортиментті кеңейту және жаңа жабдықтар мен жаңа алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу есебінен өндірілетін өнімнің сапасын жақсарту мәселесі бойынша тұрақты жұмыс істеп келеді.

Бастапқы кезде өндірістік қуаттылық тәулігіне шамамен 65 тонна мақта тұқымын өңдеуді құраса, бес жылға жетер-жетпес уақыттың ішінде оның көлемі тәулігіне 200 тоннаға дейін жеткізілді, өсімдік майын пластик ыдыстарға құю желісі іске қосылды, 2001 жылы өнімділігі тәулігіне 25 тонна дән тартатын ұн тарту кешені іске қосылып, 2002 жылы оның қуаты тәулігіне 120 тонна дәнге жеткізілді. 2002 жылы өнімділігі тәулігіне 15 тонна макарон өндіру жөніндегі желі іске қосылды. Қазіргі уақытта «HUM» түрік компаниясының күнжарадан қалдық майды айыратын сольвентті экстракторы енгізілген. Қолданыстағы экстрациялық емес технологиялық өндірістік тәсілде 8-10% өсімдік майы күнжарада қалып қояды, оны қолда бар технологиялық жабдықтармен айыру мүмкін емес. Күнжарадан қалдық майды айыру үшін экстрациялық жабдықты қолдану қажет. 2004 жылы өсімдік майын өндіруді 8-10% жоғарылатуға және әлемдік стандарттар талаптарына жауап беретін, оны шетелге экспорттауға, өзіндік құнын төмендету есебінен өсімдік майының бәсекеге қабілеттігін көтеруге мүмкіндік беретін майэкстрациялық өндіріс іске қосылды және сапалық қасиеттері жоғары күнжара шығару жолға қойылды. Майэкстрациялық өндірісті іске қосу өсімдік майын өндіру бойынша қолданыстағы қуатты 35-40% көтеруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар сабын қайнату өнеркәсібін ұйымдастыру, макарон өнімдерінің түрлерін ұлғайту, күнбағыс өсімдік майын және т.б. өндіру жоспарлануда.

Өндіріліп жатқан өсімдік майы мен жемшөп көлемін және сапасын жоспардағыдай арттыру аудандарда және облысымызда ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру қарқынын ұлғайтуға, жұмыспен қамту жағдайын жақсартуға септігін тигізеді. Өндірілетін өнімдердің бәсекеге қабілеттігін артыруға қол жеткізе отырып, компания өндірістік базасын тұрақты жаңартуға, жаңа технологияларды енгізуге мәжбүр. Қазіргі уақытта жаңа өндіріс: өсімдік майын ағарту, айыру және иісін жою жөніндегі цех салынды, оның құрылысы мен жабдықтарына кеткен шығын шамамен 700000-800000 АҚШ долларын құрайды. Өндірісті жаңғырту жобасын іске асыру – қалдықсыз технологиялы жаңа кәсіпорынды құрудағы кезекті саты болып табылады.



23-дәріс. Бидай дәнін жемге өндеудін арнайы технологиясы
Дәріс сұрақтары:

1.Қазіргі заманғы жем өндірісінің жағдайын анализдеу және әлемдік және отандық ғылымның даму тенденсиясы.

2.Құрама жем өнімдер өндірілу технологиясының шығарылатын өнім түріне байланыстылығы

3.Құрама жемде бидай шикізатының өңделуінің тереңдетілген технологиясы.


Отандық және шет елдәк ғалымдардың анықтауынша әлемнің барлық елдеріндегі жемге шығым жыл сайын көбеюде, ал оларды өндіретің ресурстар күрт азайған. Сондықтанда жемнің көптеген компоненттері жеткіліксіз, ал кейбіреулері басқа мақсатта қолданып жүр. Дәстүрлік және энергетикалық ресурстардың қысқаруы мен қымбаттауы расионға 80% ға артық дәндік компоненттердің болуына әкеп соқтырды. Бұндай жем толыққанды биологиялық өнім болып табылмайды.

Осыған байланысты жаңа рациональды өнімдерді іздеу және шикізат ресурстарын тиімді пайдаланудың рациональды технологиясын жасау актуалды болып отыр. Қазірде өндіріс орындарында 0,8 млн тоннаға жуық жем және 0,2млн тонна түрлі жемдік қоспалар өндірілуде. Дегенмен, жем өндірудің қол жеткен деңгейі сандық және сапалық жағынан мал шаруашылығын қанағаттандырып отыр. Есептеулер бойынша 2015 жылғы мал шаруашылығы, құс шаруашылығы және балық шаруашылығын қанағаттандыру үшін толық рационалды жем өндіруді жылына 3 млн тоннаға дейін жоғарлату керек. Мал шаруашылығының қажетіне жарататың 100ден астам түрлі рецепті жемдер бар. Әдебиеттердегі мәліметтерге сүйенетін болсақ, кейбір жем түрлерінің құрамына 150 ден астам компоненттер кіреді.

Шикізат ассортименттерін көбейту және олардың технологиялық қасиеттерін жоғарлату – жем өндірісінің маңызды және актуалды мәселесі. Көптеген 10 жылдықтар бойы шикізат мәселесі қолға алынып келеді. Сондықтанда жемдік ресурстардың барлық түрлерін қолдану ерекше мәнге ие. Мұндай жағдайда жергілікті және қол жетімді жемдік өнімдерді іздестіру актуалды болып отыр.

Қазақстандағы жем өндіретін өндіріс орындары негізінен облыс орталықтары мен қалаларда орналасқан. Осы жерлерде сондай-ақ өндеу кәсіпорындары орналасқан. Осы өндіріс орындарындағы қалдықсыз өндіріс технологиясы комбикорм өндірісіне жарамды қалдық қоспалардың шикізат қорын алуға көмектеседі. Қазіргі кездегі нарық жем сапасына жоғарғы талап қойып отыр. Бұл талаптарды жемді байыту жолымен және жемге арнайы әсер ететін әдістерді қолдана отырып жүзеге асыруға болады.

Сонымен қоса жемнің сапасымен игерілу дәрежесі көбіне ондағы компоненттердің гранулеметриялық қасиеттерніне байланысты. Жануарлардың барлық түрлерімен жасына қарай жемнің оптималды ірілігі болады. Осыған орай жемнің құрамындағы бөлшектердің орташа оптималды көлемін анықтап алу қажет, яғни өте ұсақ бөлшектер болмауы керек. Айтып өту қажет республикада емдік профилактикалық жем рецептері зерттелмеген және жасалмаған. Жемдік өнімдердің санитарлық жағы ерекше актуалды және ол қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жоғарғы сапалы санитарлық талаптарға сай болуы керек. Жем өніміне деген қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында 2015 жылға қарай қуаты 80 тонна/күн 88құрама жем цехы және қуары 10т/к модульді типтегі 172 цех құрылысы жоспарлануда, сондай-ақ жұмыс жасап жатқан 30 құрама жем өндіріс орындарына жаңа технологиялар енгізу жоспарлануда.

Өндіріс орындарындағы технологиялық схемаларды анализдеу қазіргі кезде технологиялық процестің бірнеше бағытта дамып жатқанын көрсетті. Олардың негізгілері мыналар :



  • Бір компонентті ұсақтау – бір этапты дозалау. Ұсақтау және тазалау керек болатын барлық шикізат түрлерін дайындау;

  • Көп компонентті ұсақтау – екі этапты дозалау. Бұл схема бойынша технологиялық процес алдын ала қоспалардың құрамында шикізатты өндеуге негізделген. Бірінші этапта шикізат қоспасын формалайды, ал екінші этапта дайындауды қажет етпейтін компоненттер мен олардың қоспаларын дозалайды және соңғы араластырады.

  • Көп компонентті ұсақтау – бір этапты дозалау бұл технологиялық процес шикізат топтарын бірлестіре өндеуге негізделген.

Қазақстандағы жем өндірісіне бағытталған ғылыми мектептердің жұмыстары.

Жем өндірісі саласындағы техника мен технологияларды жарату мақсатында құрама жем өнеркәсібіне бағытталған көптеген одақтық және республикалық институттар жұмыс істеді. Осы және басқа мәселелер төңірегінде Воронеж (Ресей) , Киев (Украина), Рига(Латвия), Тбилиси(Грузия) және құрама жем өнеркәсібінің бүкіл одақтық Алматыдағы ғылыми - зерттеу инститтуттары айналысады. Құрама жем өнеркәсібінің ғылыми мектептері Ресейдің ірі ЖОО – да да жұмыс жасайды.

Қазіргі таңда жем өнеркәсібіндегі жаңа технология мен техникалық мәселелері шешумен тек өндеу және тамақ өндірістерінің Ғылыми – өндірістік орталық айналысады. Жем өндірісіндегі жаңа техникалар мен технологияларды ойлап табудың негізгі бағыттары мыналар:


  • Қос этапты ұсақтау, екі есе түйіршіктеу, экструзиялау, экспандирлеу, жаншу , микронизация және т.б. дайын өнімнің қасиетің жақсартатын технологиялық процестерді ойлап табу.

  • Жем өнеркәсібінде дайын өнім алуға қолданылатын дәстүрлі емес шикізаттарды ойлап табу.

  • Дайын өнім мен шикізатты сақтаудың ғылыми негізін ойлап табу, шикізат пен жемнің сапасын бақылаудағы жаңа әдістерді жетілдіру.

  • Қалдықсыз технология құру, шикізатты үнемдеу және жылу-энергетикалық ресурстарға рұқсат беру;

  • Құрама жем өндірісінде жаңа технологияны және шикізаттың жаңа түрлерін қолданудың қарқындылығын бақылау.

2. Құрама жем өнімдер өндірілу технологиясы шығарылатын өнім түріне байланысты, өз кезегінде жануарлардың жас құрамы және белгілі түрлеріне арналған, өндіріске, құрама жем өндіретіндерге келесі технологиялық процестер қолданылады:

  1. Сусымалы құрама жемдердің өндірісіндегі технологиялық процес ересек ауыл шаруашылығындағы құстар, шошқа, ірі қара мал, қой, жылқы, қоян, балық, жабайыларға өнім өндірудің негізі болып табылады.

  2. Түйіршікті құрама жемдер өндірісіндегі технологиялық процесс ересек малдар мен құстарға арналады.

  3. Ірі жануарлық комплекстердегі құрама жемдерді өндірудегі технологиялық процесс, 9-42 күн болған шошқаларға, 10-75 күн болған бұзауларға арналады.

  4. Туғанына 1-4 күн болған балапандарға арналған құрама жемдерді өндірудің технологиялық процесі.

  5. Терілі аңдарға арналған құрама жем өндіру технологиялық процесі.

  6. Иттерге арналған құрама жем өндіру технологиялық процесі.

  7. Асыл тұқымды бағалы балықтарға арналған құрама жем өндіру технологиялық процесі.

  8. Зертханалық жануарларға арналған құрама жемдерді өндірудің технологиялық процесі.

  9. Ауыл шаруашылығының жануарларына ақуызды-дәруменді қоспаны өндірудегі технологиялық процесі.

  10. Қоспаларды өндірудегі технологиялық процесі.

Сусымалы құрама жемдерді өндірудегі негізгі ересек малдар мен құстарға арналған белгілі таралған құрама жем мекемелері жабдықтарды қолданып, негізгі технологиялық әрекеттерді орындайды: шикізатты тазарту, ұсақтау, мөлшерлеу, араластыруды қамтамасыз етеді.

Түйіршіктк құрама жемді өндірудің технологиялық процесі түйіршіктеу жасымен негізделген.

Ірі мал өсіретін кешендердегі туғанына 9-42 күн болған торайлар мен туғанына 10-75 күн болған бұзаулар құрама жем өндірудегі технологиялық процесс дәнді терең түйіршіктер өңдеу, қуыру, экструдирлеу, булап жаншу желісі бар кәсіпорындарда орындалады.

Ауыл шаруашылығындағы жас құстарға (туғанына 1-4 күн болған балапандар) арналған құрама жемдегі жасұнық мөлшері аз және жоғары түзілген сүт мөлшері, бөлек технологиялық процес ретінде ұсақ жарма түрінде шығарады.

Жүнді (норка, күрең түлкі ) аңдарға арналған құрама жем өндіру процесі сондай-ақ терең бидай шикізатын өндіруді крахмалдың желімтектелу мақсатында және экструдирлеуге қолданылады немесе басқа өңдеу әдістеріне сай 20% майды шығару қарастырылады. Иттерге арналған құрама жемді өндірудің технологиялық процесі бидайдық шикізаттың тереңдетілген өңделуін, ұндық және майдың жоғары сапасын, өнімді қалыптауды енгізеді.

Бағалы балық түрлеріне, әсіресе жас балықтарға арналған құрама жемдерді өндірудің технологиялық процесі бірқатар арнайы әрекеттерді қамтиды: жұқа ұсақтау, дәстүрлі емес шикізаттарды шығару, жармалардың 0,2мм аз мөлшерінің жасалуы, ұсақ түйіршіктеу, сондықтан олар арнайы зауыттарда таратылады.

Ақуызды-дәруменді қоспаны өндірудегі технологиялық процесс негізгі ірі қара малдар мен құстарға арналған құрама жемдерді өндіру зауыттарында орындалады, олар жоғары ақуызды және минералды шикізат, бидайдың азайтылған құрамымен ерекшеленеді.

Нақты мекемелерде құрама жемдерді өндірудің технологиялық процесінде ол әр түрде, нұсқада таратылуы мүмкін:



  1. Мөлшерлеуге (бір құрамды ұсақтау – бір сатылы өлшеу) шикізатты даярлау құрама жем өндірудегі технологиялық процесс.

  2. Бөлінген бидайларды, түйіршікті шикізаттар мен шроттар, ақуызды-минералды шикізаттарды қоспа құрамымен өңдеу, екі сатылы мөлшерлеу арқылы құрама жемді өндірудегі технологиялық процесс.

  3. Өңдеумен бидай, түйіршікті шикізат және шроттар қоспа құрамымен, ақуызды-минералды шикізат екі сатылы мөлшерлеуден өткен, өңделген құрама жем өндірудегі технологиялық процесс.

  4. Бидайды түйіршікті шикізат және шроттарды үлесті өңдеумен бірге, ақуызды-минералды шикізат қоспа құрамымен, бір сатылы мөлшерленген өңделуден өткен құрама жем өндірудің технологиялық процесі.

  5. Барлық шикізаттар бір сатысы мөлшерленген, үлесті өңделген құрама жем өндірудің технологиялық процесі.

Ақуызды-дәруменді қоспа, қосындылар барлық сатыларда қабылдау мен шикізатты рационды қолдануды құрама жем өндірудің технологиялық процесі қамтамасыз етуі тиіс, жедел өндіріске беру, технологиялық дайындықты және барлық компоненттердің рецепт бойынша, технологиялық жабдықтармен жұмыс істеу де тәртіпті сақтау, шикізаттың қарқынды өңделуі мен сапасы стандарт талабына сай өнімнің шығуына септігін тигізуі қажет.

Құрама жем мекемелердің магнитті қорғанысын магнитті оқшаулаумен «Ереже»-ге сай жолмен жүзеге асырылады.

Әр мекемеде «Ереже» негізінде «Өнім шығарудың технологиялық ережесі» жасалуы керек, ол өзіне барлық өндірістік процестегі шикізаттың түсуі мен өнімнің шығуына дейінгі аралықтағы жұмыстарды енгізеді:


  • Шығарылатын өнім сипаттамасы;

  • Шикізат және өнімді өндіруге арналған материал сипаттамасы;

  • Технологиялық сызбанұсқа;

  • Арнайы жабдықтар;

  • Машиналардың параметрлері мен жұмыс істеу тәртібі көрсетілген технологиялық процес сипаты;

  • Өнімнің (материалды баланс) шығу нормасы;

  • Технологиялық процесс, шикізат және өнімді бақылау;

  • Техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, өртке қарсы және жарылысқа қарсы шаралар және т.б.өнімді өндірудің технологиялық сызбанұсқасы графикалық түрде былай көрсетіледі:

  • Шикізатты қабылдау құралы, олардың өнімділігі және түсіру тәсілдері;

  • Барлық електердің көлемі мен мөлшері;

  • Шикізатты өндіріске берудегі транспортты-технологиялық жол,

  • Шикізатты дайындау және өңдеудің технологиялық жолы;

  • Технологиялық және көмекші жабдықтардың мөлшері, маркалары, жұмыс істеуші бөлімдердің сипаттамасы;

  • Өнімдер және қалдықтардың бөлек машиналарға, барлық шикізат топтарының бағытталуы;

  • Магнитті қорғаныс құралдары;

  • Тиеу орны, лоардың өнімділігі және тиеу тәсілдері;

  • Аспирациялы желілер.

Технологиялық тәртіп және өнімді өндірудің технологиялық процесі мекеме директоры(бас инженермен) бекітіледі.

3.Құрама жемде бидай шикізатының өңделуінің тереңдетілген технологиясы.

Бидай шикізатының екі қайтара түйіршіктелуі. Жас жануарларға арналған құрама жем өндіруде бидай шикізатының сапасын жақсарту мен тағамдық құндылығын жоғарлату мақсатында екі қайтара түйіршіктеу әдісімен өңдеу жүргізіледі. Сақтау үшін күш әсерімен бидай 55-65С-ге дейін қыздырылады. Түйіршік диаметрі 4,7 мм және одан көп болады. Қайтадан түйіршектеу диаметрі 3,5-4,7 мм , тығыздығы 0,5 МПа жүргізіледі. Бидай шикізатын экструдирлеуді бөлек цехтарда арнайы жабдықталған жүргізеді. Экструдирлеуге бидай шикізаты (бөлек бидай түрі, олардың қоспасы) жіберіледі.

Өндіру технологиясы келесі әрекеттерді қамтиды:



  • Бидайды экструдирлеуге дайындау;

  • Экструдерде өңдеу.

Ұсақтауды диаметрі 3-4 мм-лі електе бөлмеу арқылы жүргізеді.

Экструдирлеу булау қондырғысымен жабдықталған экструдирлерде КМЗ-2М, КМЗ-2У,ПЭК-125*3, КМЗ-2-де жүргізіледі.

Экструдирлеу бұрын бидайды сумен немесе ылғалдылығы 17-18 пайыз бумен ылғалдауды жүргізеді.

Экструдирлеу процесін келесі тәртіппен өткізеді:



  • Өнімнің шыққандағы температурасы 120-130

  • 1-3 кг/см будың қысымы (0,1-0,3 МПа)

  • Бу шығымы 50-75 кг/т;

  • Булаудан шыққан булы қоспаның температурасы 70-80

Экструдатты салқындатуды көлденең суытқыштарда Б6-ДПБ жүргізеді. Салқындаған түйіршіктерді ұсақтау стандартты ірілікті қамтамасыз ететін електерді қолданып, балғалы ұсақтағыштарда жүргізіледі. Экструдирленген бидай құрамы жас жануарларға құрама жем өндіруде қолданылады.

Бидай шикізатын (қауыздар өндірісінде) жаншу. Бидайды 4-5% суда ылғалдайды, 3-4 сағат Р=0,2-0,4МПа-да булайды. Бидай ылғалдылығы 20-25% , температурасы 100С. Жаншу саңылауы 0,2-0,5 мм жаншығыш машиналарда өткізіледі, қауыз қоршаған орта температурасы 10С болғанға дейін салқындатылады. Кептірілген қауыздарды бөлшектегіште ұсақтайды.

Бидайды (инфрақызыл сәулемен өңдеу) микронизациялау микронизациялау желісінде 6-15 мин аралығында бу шығыны 50-100 кг/т булау қарастырылады. Буланған бидай ылғалдылығы 10-25%, ИҚ сәулелерімен қыздыру 40-180 сек т=90-98С-де қыздыру, салқындату, ұсақтау жүргізіледі.

Бидай шикізатының қуырылуы. Қуырушы аппарат 700л сыйымдылықтағы цилиндрлі камерадан тұрады. Қуырушы камера жылу тасымалдағыш – май мен АМТ-300 250С температураға дейін қыздырылады.

Арпаны 1 мөлшерлегіште мөлшерлейді және тазалаудан кейін айырғышта 2, қабыршақтану қабыршақтануда 3 жүргізіледі, кейін қабығы алынуы 4 үшін аспирациялы құралдан өткізеді және 12т шанаққа құюға жіберіледі. Шанақтан мөлшерлегіш 1 арқылы бидай булаушы шнекке 5 және одан қуырушы аппаратқа 6 жіберіледі.

Нәтижесінде бидайды қуыруда түсі қоңырға айналады, жартылай жарылады. Жылу өңдеуден соң бидайдағы декстрин құрамы 1-1,5 дейін 10-12% дейін артады.

Қуыру процесі айналымды болып өтеді. Аппаратты арпа үлесі жүктеледі, бидайды қуыру жүгері және кейін ол аппараттан шығарылады, суытқыш 7-ге жіберіледі,суытылған арпа сыйымдылығы 12 т.жинақтаушы шанаққа түседі.

Арпаны өңдеу айналымы 60-90 минут көлемінде тиеу мен аппараттан түсіруден тұрады. Дайындалған арпа ұнтақталады, араластыру желісіндегі басты мөлшерлеуші шанаққа түседі.

Экспондат патогенді микроорганизмдерден босағаны суды жақсы ериді және өте жақсы електен ағады.Экстандирленген құрылымды жем көп құрамды бидай дақылы болуы мүмкін, жоғары концентрат ауыстырылатын энергия құрамынан, ақуызды концентрат және тұтынуға дайын құрама жемнен тұрады. Бидай және бұршақ тұқымдастарды 2т/с терең кездесу құрылымды жылулық өңдеу үшін жаңа технология құрылды.

Процестің негізгі сипаттамасы:



  • Бидайды 3-5 секунд уақытта экспандирлеу;

  • Жылу тасымалдағыштың орташа температурасы 300-450 С;

  • Дидайдың жарылу деңгейі -1,5-2,2;

  • Декстринизация деңгейі -35-50%;

  • Бұршақ тұқымластар мен қара бидаайда трипсин ингибиторлар төмендеу деңгейі -85-100%;

  • 1 т. Өңделген өнім 70-90квт/сағ. Электр энергиясын шығындайды.

4. Құрама жем өндірісіндегі дәстүрлі емес өнімдер

Карбамидті концентрат

Мочевинаны қолданудағы ұстап тұратын негізгі факторлардың бірі асқазан алдындағы жылдам өтетін гидролитз болып табылады. Осыған орай азоттың белгілі шығыны жүреді және жануарлардың улануы мүмкін. Сондықтан синтетикалық мочевинаны тиімді қолдану үшін протеинді қоспалар ретінде біркелкі жем түсуін немесе рубецтегі мочевинаның жылдамдығын ақырындатады. Бұл карбомидті көмірсулы құраммен қосылуға жеткізеді. Құрама жем өндірісінде карбомидті концентрат, бидай құрамын,карбомид және құрама жем зауыттарында натрий бентонит рецепті бойынша шығарылады.

Карбомидті концентрат мәселесі-карбамидтің гидролизі ақырындағанын қамтамасыз ету және оны күйіс қайыратын жануарларға қолдану.Мұндай жағдайда жануарлардың улануы асқазан шырында аммиак таралуы баяу жәнеи азотты байланысбіркелкі таралады. Карбомидті концентрат 40-80% шикі протеиннен (протеинді эквивалент) құрайды және құрама жемдерді қоспалармен күйіс қайыратын жануарлар үшін табиғи ақуызды құрамның рорнын толтыратынлар сипатында құрамына кіреді.

Дайын концентрат жарма және түйіршіктер түрінде болады.Нәтижесінде экструдирде өңделу карбомидтің құрамында физикалық байланысқан бидай құрамы және бентонит жағдайында болады.

Карбомид 1 фракцияға «ауыл шаруашылығына арналған» сәйкес келуі қажет

Сыртқы түрі-әлсіз түстіақ шар тәріздес түйіршіктер;

Дәмі-қышқыл;

Ылғалдығы 0,3%:

Құрғақ өнімдегі азот-46%-тен кем емес;

Биурет -1,0%-тен артық емес.

Түйіршіктелген кабомид полиэтиленді немесе қағазбы қаптарда қорапталған түрде беріледі. Әр қапта зауыт аты-алушы, өнім атауы, партия нөмірі, МЕСТ-ті массасы мен нөмірі жазылған түс қағазы болуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет