ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені 6М072800– «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығы үшін ОҚУ – Әдістемелік материалдар



бет6/11
Дата30.06.2016
өлшемі0.86 Mb.
#167704
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Зертханалық сабақ № 3

Дән. Бидайдың дәні маңызының саны мен сапасын анықтау әдістері
Бидай дәнінің шикі дән маңызы: Осы қарастырылған әдіспен алынған глиадин мен глютениннен тұратын майысқақ – икемді зат.

Әдіс негізі жұмыстарды жүргізуден тұрады:

  • тұтас тартылған бидайдан алынған қара ұн сұрыптамасынан және ауыз судан қамыр дайындау.

  • қамырды сумен жуып, кейінен жуатын судың артығын алып тастаумен және қалдықты өлшеу арқылы шикі дән маңызын алу.

Жабдықтар және көмекші құрылғылар

Сынауларды жүргізуде келесі бақылау жабдықтары мен көмекші құрылғылар қолданылады: дән маңызын жууға арналған құрылғы МОК-1 (МО-1М, МОК-2); зертханалық диірмен; зертханалық У1-ЕТК қамыр илегіш; зертханалық таразы; құрғату шкафы; термометр: сым тордан жасалған № 067 елеуіш; елеуіш; қоңыраулы сағат; сыйымдылығы 1 дм3 шыны аяқ; сүлгі; ауыз суы; диаметрі 10мм және жуандығы 3 мм резеңке дөңгелектер; қыл қаламдар, қыл шөткелер; қамырды жаюға арналған құрылғы.



Бақылау жүргізуге дайындау

Дәнді диірменде тартуды дәнді тұтастай тартқанда № 067 сымды тордан елеуіштен қалқынды 1,0 % аспайтындай және № 38 жібек (немесе № 41/43 ПА полиамидті) елеуіштен өтуі 60-70 % шегінде болғандай жүргізеді.

Тұтастай тартылған дәнді елеуді елеуіштерді тазалау үшін 4-5 резеңке дөңгелектерді қолданумен 1 минуттан кем емес уақыт ішінде өткізу керек.

Ылғалдылығы 17% артық дәнді сынаған жағдайда және осындай дәнді тартатын диірменнің болмауы жағдайында, оны далада немесе дәннің 50+10С артық емес қызуы температурасы жағдайында құрғату шкафы, термостат түрлі арнайы құрғату құрылғысында құрғатады.

Тартылған дәнді әбден араластырады және 25,00 г өлшендіні өлшейді.

Қамырды илеу және жатқызуға арналған, сондай-ақ дән маңызы дөңгелегін жуу және жатқызуға арналған судың температурасы 18-200С деңгейінде болуы керек. Судың қажетті температурасы түрлі температурадағы суды араластыру жолымен ұсталады.



Бақылауды жүргізу тәртібі

Қамырды әзірлеу

Суды шақтауды және қамырды илеуді су мөлшерлегіші бар У1-ЕТК қамыр илегіш (ол болмаған жағдайда су мөлшерлегіш ДВЛ-3 және қамыр илегіш ТЛ-1-75) көмегімен жүргізеді.

Мөлшерлегіштегі лимбты реттеу арқылы талап етілетін су мөлшерін бекітеді (кестеге сәйкес) және оны қамыр илегіш кеспекке шығарады. Содан кейін тұтастай тартылған дән өлшендісін кеспекке салады, оны қамыр илегіш басының корпусына қосады және «Пуск» батырмасын басады.

Илеу басының автоматты түрде тоқтатылғанынан кейін кеспекті босатып алады және цилиндр түрде қалыптасқан қамырды шығарады, штифте және кеспекте қалған қамыр кесектерін алып жалпы массаға қосады.

Қамырдың біркелкі иленбегені жағдайында, оны кеспектен шығармай тұрып, қайтадан илейді.
1-кесте. Қамырды илеуге қажет су мөлшері


Өлшенді салмағы, г

Су көлемі, см3

25

14,0

30

17,0

35

20,0


Дәнді жуу маңызы

Қамыр иленгенінен кейін, суланған арнайы құрылғымен 1,5-2 мм қалыңдықты пластина қылып жаяды және 10 минутқа жатқызыла тұруға суы бар сыйымдылыққа (1 дм3кем емес) салады.

Жатқызыла тұру аяқталғаннан кейін қамыр платинасын судан алып шығады, біртекті қалыпқа түскенге дейін қолмен 2-3 рет қысып дөңгелектейді, содан кейін 5-6 бөліктерге қолмен үзіп бөледі және құрылғының (МОК-1, МОК-1М, МОК-2) төменгі декасының дөңгелек ортаңғы бөлігіне алдын ала сумен ылғалданған жұмысшы камерасына салады.

Ақаулы (өздігінен қызған, кепкен, өнген және т.б.), үгіттелмелі, дән маңызы байланыспайтын бидай дәнінің дән маңызын анықтаған жағдайда жууды I нұсқа бойынша жүргізеді. Егер құрылғының тұтып алу елеуіштерінде дән маңызы өте көп қалса және процесс соңында жұмысшы камераны ашқан кезде дән маңызы үгітілген түрде (жгутқа қалыптаспаған) болуы байқалса, вариант жуу процесі кезінде бекітіледі.

Жуылған дән маңызын құрғақ алақандар арасында бір рет қысады және өлшейді.

Талданатын өлшендінің салмағы 30-35 г артық болған жағдайда 1 кезеңнің ұзақтығын 1 минутқа көбейтеді.



Тұтып алу елеуіштеріндегі кебектерге бақылау

Бұл операцияны дән маңызының негізгі массасын жуғаннан кейін жүргізеді. Бұл үшін, тұтып алу елеуіштерінде (жоғары және төменгі) жинақталған кебек бөліктерін құрылғының төменгі декасына салады, камераны жабады және кебектерде дән маңызының қалқындыларының болуын бақылауды нұсқаулыққа сәйкес жүргізеді.

Тұтып алу елеуіштеріндегі кебектерді бақылау дән маңызының түйіршіктерінің толық сұрыпталғанына дейін жүргізеді. Егер кезекті алуда кебектерден дән маңызының түйіршіктері алынбаған жағдайда, онда бақылау процесі тоқталады.

Кебектегі бөліктерден жуылған дән маңызының түйіршіктерін кемарадан алып шығады, құрғақ алақандар арасында бір рет сығады, өлшейді және дән маңызының негізі массасына қосады.

Ақырғы рет жуылған сапасы жөнінен қанағаттандырылғысыз әлсіз дән маңызында кебек бөліктерінің болуы рұқсат етіледі.

Жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды сақтай отырып құрылғыда жууға келмейтін дән маңызын «жуылмаған» ретінде есептейді.


Шикі дән маңызының сапасын анықтау

Дән маңызының қаттылық ерекшеліктерін ИДК түрлі аспаптарда анықтайды. Бұл үшін, әбден жуылған және өлшенген дән маңызынан 4 г өлшендіні алады, 3-4 рет саусақпен қысып илейді, дөңгелек нысанға түсіреді және 2 кестеге сәйкес ішіне су құйылған шыны аяққа жатқызылуға салады.


2-кесте. Шикі дән маңызының сапасын анықтау

Дән маңызын жуу алдындағы қамырдың жатқызылу нұсқаулары

Талдау алдында дән маңызы дөңгелегінің жатқызылу уақыты, мин

1

7

2

9

Егер жуылған дән маңызының негізгі салмағы 4 г кем болса, онда оның сапасын анықтау үшін жетіспейтін санды кебектерден алынған бөліктен қосады.

Егер дән маңызы үгітіліп жатса және жуғаннан кейін губка тәріздес, шашыраңқы түрде болса, және дөңгелектенбесе, онда аспапта анықтамай-ақ сапасы жөнінен III топқа (қанағаттандырылғысыз қатты) жатқызады.

Егер жуылған дән маңызының салмағы 4 г кем болса, онда тұтастай тартылған дән өлшендісін ұлғайту қажет (кестеге сәйкес) және дән маңызын қайтадан жуу керек.

Дән маңызының қаттылығын өлшеу нәтижесін ИДК түрлі аспаптың шартты белгілерімен көрсетеді және олардың беретін мәндеріне қарай дән маңызын 3-кесте талаптарына сәйкес сапа тобына жатқызады.

3-кесте. Аспаптың шартты белгілері мен сапа топтары



Шартты біліктердерді аспап көрсеткіштері

Сапа тобы

Дән маңызының сипсттамасы

0-ден 15-ке дейін

III

Қанағаттандырылғысыз қатты

20-дан 40-қа дейін

II

Қанағаттанарлық қатты

45-тен 75-ке дейін

I

Жақсы

80-нен 120-ға дейін

II

Қанағаттанарлық әлсіз

105-тен 120-ға дейін

III

Қанағаттандырылғысыз әлсіз


Бақылау нәтижелерін өлшеу ережелері

Бастапқы өнім салмағына пайыздық қарым-қатынаста көрінетін шикі дән маңызының санының (X) дәндігі екінші ондық белгіге дейін төмендегі формула бойынша анықталады:



Мұндағы, Мк- шикі дән маңызының салмағы, г

М3- тұтастай тартылған дән өлшендісінің салмағы, г
Бақылау нәтижелерін рәсімдеу ережелері

Шикі дән маңызын анықтау нәтижелерін талдауға арналған карточкаларға екінші ондық санға дейінгі дәлдікпен, ал сапасы туралы құжаттарға - 1,0% дейінгі дәлдікпен қояды.

Талдау нәтижесін келесі үлгіде дөңгелектейді: алынып тасталатын сандардың ең біріншісі 5 кем болса, онда соңғы сақталатын санды өзгертпейді, егер алынып тасталатын сандардың ең біріншісі 5 артық немесе тең болса, онда соңғы сақталатын санға 1қосады.

ИДК түрлі аспап таблосынан көрсеткіштерді алуды берілген аспаптың 1 шартты бірлігіне дейінгі дәлдікпен жүзеге асырады.

Шикі дән маңызын анықтауда талдаулар арасындағы рұқсат етілетін айырмашылықтарды шамаларға 1% дейін, дән маңызының сапасы жөнінен ИДК 5 шартты белгісіне дейін дөңгелектелетін шамаларға жатқызу керек.

Зертханалық сабақ № 4

Дәннің ұн тартуға әсер ететін көрсеткіштері
Төменде берілген бұл көрсеткіштер дәнді ұнтақтап, ұнға айналдыру кезінде ұнның шығымы мен сапасына, электр энергиясының шығынына үлкен әсер етеді. Олар мыналар:

Дәннің шынылығы. Бидай мен қара бидайдың эндоспермінің құрамы дәннің құрылысына едәуір әсер етеді. Ал дәннің құрылысы өз кезегінде ұн тартуға дайындауда, ұнның түсіміне көп әсер етеді. Эндоспермнің құрамына байланысты бидай дәні шынылығына қарай үш топқа бөлінеді:

1.Шынылығы 60%-тен жоғары,

2.40%-тен 60%-ке дейін,

3.40%-тен төмен астык партиялары.

Бірінші топқа жататын дәндер салыстырмалы түрде қаттылау болады да оны ұсату үшін көп энергия жұмсалады, одан ұнтақтау жүйесінде көп жөне сапасы жоғары жарма алынады. Ал шынылығы үшінші топқа жататын дәндер жұмсақ болғандықтан, жеңіл ұнтақталады, электр энергиясы аз жұмсалады, ұнның шығымы өседі. Астықты ұн тартуға дайындау кезінде шынылығы әр түрлі астық партияларын араластырып, шынылығы орташа 50-60% қоспа ұн тартылатын партиялар дайындайды.

Дәннің ірілігі және біркелкілігі. Ұсақ дәнге қарағанда ірі дәнде ақуыздың мөлшері көптеу, сапасы жоғарылау болады. Ұсақ дәнмен салыстырғанда ірі дәннің күлділігі төмендеу эндоспермінің көлемі үлкен болады. Ұнтақтау кезінде ірі дәннен жоғары сапалы көп жарма алынады. Ірілігі бойынша біркелкі дәндерді тазалау және ұн тартуға дайындау, ұнтақтау едөуір жеңіл болады. Сонымен қатар олар диірменнен жақсы өтеді.

Салмағы жоғары бидай мен қара бидайдың дәндері ірі, толық, біркелкі, эндосперм мөлшері үлкен болады. Ондай дәндердсн ұнтақтау кезінде көп мөлшерде жоғары сапалы ұн алынады. Сондықтан бұл көрсеткішті шығымды есептеп анықтау үшін қолданады.



1000 дәннің салмағы. Бұл көрсеткіш дәннің ірілігін, біркелкілігін көрсетеді. Сондықтан оны дәннің ұнға айналу қасиетінің көрсеткіші деп есептейді. Егер 1000 дәннің салмағы жоғары болса, онда одан алынатын сапалы ұнның түсіміде көп болады.

Дәннің тығыздығы. Дәннің тығыздығы, ірілігі, 1000 дәннің салмағы және оның химиялық құрамымен тығыз байланысты. Сондықтан дәннің технологиялық қасиеттерінің көрсеткіші қатарында өзіндік орны бар.

Дәннің күлділігі. Бұл көрсеткіш дәннің құрамындағы минералдық заттардың мөлшерін көрсетеді. Дәнде минералдық заттар әр түрлі орналасады. Көбіне олар дәннің алейрон қабатында, қабыршақтарында, тұқым бүршігінде орналасады, ал эндоспермде олардың мөлшері аз болады. Бұл заттар дәнді ұнтақтаған кезде қабыршақтармен бірге кебекке шығып кетеді де ұнның күлділігі төмендейді. Сондықтан ұнның сапасын оның күлділігі арқылы бағалайды. Бұл тек жорамал баға болып есептеледі.

Дәннің күлділігі дақыл өскен топырақтың химиялық құрамына, ауа райына және дәннің сұрыпына байланысты өзгеріп тұрады. Жұмсақ және қатты бидайдың күлділігі 1,44-2,10% арасында болса, алейрон қабаты мен қабыршақтарының күлділігі 5,76-9,12% аралығында бодады, Дәннің эндоспермасының күлділігі (бидай) 0,36-0,60% болса, қара бидайдыкі 0,36-0,7% болады. Дәнді тартудағы негізгі міндет - эндоспермасын таза бөліп, күлділігі төмен ұн алу. Қазіргі уақытта диірменде 70%-ке дейін, күлділігі эндоспермінің күлділігіне жақын, жоғары сапалы ұн тартылады.

Қара бидайды диірменде тарту көрсеткіштері бидайға қарағанда едәуір төмен. Қара бидайдың шынылығы 15-40%, салыстырмалы тығыздығы 1000 дәннің салмағы 10-40г, яғни бидайға қарағанда аз. Сондықтан оны ұнтақтау кезінде қабыршақтарынан айырып алу өте қиыи және энергияны көп қажет етеді. Қара бидайдан алынатын ұн мөлшері мен сапасы да бидайдікінен төмен.

Дәннің наубайханалық қасиеттерін бағалайтын көрсеткіштер. Олар дәннің технологиялық қасиеттерін бағалауға керекті көрсеткіштердің ішіндегі, ерекше маңыздысы. Ол көрсеткіштер мына төменгі сапалық межелер арқылы сипатталады.

Клейковинасының мөлшері мен сапасы. Дәннің клейковинасы ақуыздың суға ерімейтін бөлшектерінен тұрады. Оның құрамында ақуызбен мықты байланысқан аздаған крахмал, май жөне басқа заттар бар. Клейковина көбіне ақуыздан тұратын болғандықтан, ұнның мөлшері мен сапасы клейковинаның мөлшері мен сапасымен тығыз байланысты.

Ұндағы клейковинаның сапасына қарай бидай төрт топқа бөлінеді:

1. Клейковинаның мөлшері жоғары - 30%-тен астам;

2. Орташа - 26 %-тен 30 %-ке дейін;

3. Клейковинаның мөлшері ортадан төмен - 20%-тен 25%-ке дейін;

4. Клейковина мөлшері өте аз - 20 %-тен төмен.

Еліміздің кейбір бағалы күшті бидайларында клейковинаның мөлшері 45%-ке дейін жетеді.

Дәннің ұндық қасиеттеріне және нанның сапасына клейковинаның сапасымен қатар оның түсі, тығыздығы, серпімділігі әсер етеді. Сондықтан дән серпімді және сапасы өте төмен деп бөлінеді.

Клейковинаның мөлшері мен сапасын бидайды диірменге жіберер кезінде ескереді. Жоғары бағалы ұн тартуға арнап диірменге жіберілетін дәнде клейковинаның мөлшері 25%-тен, ал жай ұн тартуға арналған дәнде - 20%-тен, ал сапасы екінші топтан төмен болмауы керек. Сондықтан диірменге жіберілетін астықты жинақтағанда клейковинаның мөлшері мен сапасын әрдайым ескереді.

Қамыр ашығанда газ шығару мүмкіндігі. Бұл - дәннің ұндық және одан алынған ұнның негізгі қасиеттері. Ол қамыр ашыған кезде және нан пісіргенде пайда болатын көмірқышқыл газының көлемін көрсетеді.

Қамырдың физикалық қасиеттері. Бұл көрсеткіш арқылы дәннің ұндық қасиеттеріне жөне одан алынған ұнға толық мінездеме беріледі. Бидай ұнынан иленген қамырдың физикалық қасиеттерін арнаулы аспаптарды пайдаланып тексереді. Оларға альвиограф, фаринограф, валориграф, т.б. жатады. Бұл аспап-тар арқылы қамырды илеген кездегі реологиялық (физикалық) қасиеттерін - тығыздығын, серпімділігін, су сіңіру қабілетін, газды ұстап тұру, тағы басқаларын анықтайды. Қамырдың жоғарыда келтірілген көрсеткіштеріне қарай бидай дәні алты топқа бөлінеді: қасиеті өте жоғары жақсартқыш; қасиеті жақсы жақсартқыш; қасиеті орташа жақсартқыш; жақсы қасиетті толықтырушы; орташа қасиетті толықтырушы; төмен қасиетті толыктырушы. Бұл көрсеткіштерді әр түрлі сападағы бидай партияларынан стандартқа сәйкес алғанда қолдануға болады.

Зертханалық сабақ № 5

Бидайдың технологиясын меңгеру
Жұмыс мақсаты: Тары мен бидайдың қайта өңдеу процесін үйрену, процестің баланс көрсеткішін, жарма мен қалдықтардың сипаттамасымен танысу. Екінші және үшінші бөлімнің мақсаты – тәжірибеде қолданылмайтын қабыршықтану сызбанұсқасы бойынша жаңа зерттеу жүргізу, осы сызбанұсқаны жетілдіру.

Алдын-ала ескертпелер. Бидайды қайта өңдеу процесі оның қабыршақтануын, дайындығын және жарма мен қоспаларды бақылауды қамтиды. Зертханалық жағдайда технологиялық процесті жүргізу сызбанұсқасын қолданады, онда барлық элементтер енгізілген.

Бидайды қоспалардан тазарту лабораториялық сепаратарда, себіндіде, технологиялық сызбанұсқаға сәйкескендірілген ситада жүргізіледі. Қоспаларды бөлумен қатар ұсақ бидайды ситада 1,5х20 мм размерлі бөліп алады. Бидайдың қабыршағын төртреттік аршығыш (вальцедековый станок) станокта тазартады.



Жұмысты орындау барысы. Бидай үлгілерінің массасы 200...400г технологиялық сызбанұсқаға сәйкес қоспалардан тазартады. Бидай мен қалдықтың мөлшерін әр жүйеден кейін бидайдың қайта өңдеу балансының кестесіне жазып отырады.

Қабыршақтанудан бұрын қосымша үлгілер массасы 50...100г әр жүйеге қабыршақтану режимін орнатады. Бидайдың қабыршақтану құрамы әр бірінші жүйеден соң 80...90%, екінші – 90...95%, үшіншіден – 95...99%, төртіншіден соң – 99,4%-н кем болмауы керек.

Қабыршақты бидай мөлшерін қабыршақсыз бидай қоспасынан 5...10г өлшенді алып анықтайды және оның ішінен қабыршақсыз бидайды таңдап, өлшейді, өнім құрамын мына формула бойынша табады:

мұнда, аi – қабыршақты және қабыршақсыз бидайдың қабығы аршылғаннан кейінгі мөлшері;

bi - өлшенді масса, қабыршақсыз бидайдың (5...10г) құрамын анықтау үшін алынған;

сi – b өлшендісіндегі қабыршақсыз бидай мөлшері;

ni – бірінші қабыршығынан ажырауға түскен бидай мөлшері.
Алдын-ала эксперименттердің негізі бойынша жұмыс орнатылған соң, басты тары үлгісін қайта өңдеуден өткізеді. Ол үшін бірінші жүйені станоктан өткізеді. Алынған бөгде заттар мен қоспалардан қабыршақты және қабыршақсыз қоспаларды өлшейді, бастапқы өлшендіні пайыздық мөлшерде есептеп шығарады.

Бидайдың қабыршақтану тиімділігін бағалауда қабыршақты және қабыршақсыз бидайдан өлшендіні 5...10 г алады, қабыршақты және қабыршақсыз бидайды бөліп алады, өлшейді, жалпы құрамын пайыз бойынша формула бастапқы өлшендіге сәйкес табады.

Содан соң шығынды азайту үшін барлық анализге алынған өнімдерді қабыршақты және қабыршақсыз бидаймен қосып, қабыршақтан ажыратудың екінші жүйесіне жібереді. Кейіннен бірінші жүйедегідей есептеп, баланстық таблицаға енгізеді. Төртінші жүйеден кейін қабыршақты және қабыршақсыз бидай дайын жармаға айналады, қабыршақсыз бидай құрамы 0,6%-н көп болмауы қажет, 2-ші сұрып жармасына сәйкес.

Қабыршақтану коэффициенті (%) өнімдегі қабыршақсыз бидайдың құрамы, вальцедеков станогіне дейінгі және кейінгі:



мұндағы: Н1 – машинаға түскен қабыршақсыз бидай құрамы, %;

Н2 – машинадан кейінгі өнімдегі қабыршақсыз бидай құрамы, %.


Алынған жарма мен бөгде заттарды себінді мен аспираторда бақылап, нәтижесін баланстық таблицаға енгізеді. Нәтижесі бойынша жарма сапасын анықтайды.

Орындалған жұмысты толықтыру үшін просаның қайта өңдеу тиімділігін білу керек. Қазіргі уақытта технологиялық сызбанұсқа қабыршақтанудан бұрынғы фракциялауды қарамайды.

Бұл бөлімді былай орындайды: тары үлгісін массасы 400...500г қосындылардан ажыратылған зертханалық себіндіде ситада 1,5х20, 1,7х20 және 1,8х20мм размерлі себінді жүргізеді. Ситадан өтетін жерінен 1,5х20мм қалдыққа бағыттайды, бұл сита ұсақ фракциялы бидайды көрсетеді, 1,8х20мм сита бөлімі – ірі фракция.

Ситаның саңылауы 1,7х20мм размерлі ұсақ фракцияны, не болмаса бастапқы бидайға байланысты ірі фракцияны біріктіреді. Мүмкіндігінше, ұсақ және ірі фракциялардағы бидай мөлшерінің байланысы 1:1 қатынасында болуы қажет. Әр бидай фракциясын төрт реттік қабыршақтануға төртінші реттік қабыршақтанудан соң (қабырщақты және қабыршақсыз бидайдағы) қабыршақсыз бидай 0,6% кем болмауы қажет.

Жарма шығымы ірі және ұсақ фракцияларды қайта өңдеуде анықталады, кейін орташа өлшенген суммалы жарма шығымын (%) табады. Бақылау үшін фракцияға бөлінбеген бидайдыы қабығынан ажыратады, ситада размері 1,5х20мм ұсақ бидайды бөліп алады. Төрт реттік қабыршақтанудан соң жарманы қабыршақсыз бидай 0,6% көп емес құрамда алады. Нәтижесін таблицаға жазады.

Зертханалық сабақ № 6

Сұлы хлопьясының технологиясын оқып үйрену.
Жұмыс мақсаты: Пісірілген жармадан жасалған хлопьяны жасау технологиясымен, технологиялық баланс жасау әдістемесімен, хлопья мінездемесімен танысу.

Алдын-ала ескертулер: Геркулес сұлы хлопьясын жоғарғы сұрыпты сұлы ядросынан алады. Жасау процесін хлопьяны артық орын ауыстырусыз жүргізген жөн, өйткені ол оның ұнтақталуына әкеледі. Хлопьяны жасау лабораториялық жоспарына қоректік ұнтақты таңдауға триер немесе рассеванализатор кіреді. Ядроны шлифованияға шлифовальды постав немесе ТМ-05 қондырғысын қолданады. Жарманы рассев-анализаторда және аспираторда байқалады және пропаривательде өңдейді. Ылғалдық көлем бойынша бірқалыпты жайылу үшін жарманы 25-30мин сосудқа салады. Ұнтақтауға (плющение) жіберілген жарманың ылғалдылығы 13-14%-дан көп болмауы керек.

Жарманы ұнтақтау (плющейльный) станогында ұнтақтау (плющить) қолайлы. Сонымен қатар, вольцовый станокты да қолдануға болады. Валец арасындағы саңылауды 0,30...0,45 мм-ден орналастыру керек, валецтың жылдамдығы 2,5-3м/с. Кептіргеннен кейінгі хлопьяның ылғалдылығы 12%-дан көп болмау керек.



Жұмысты орындау тәртібі: Геркулес сұлы хлопьясының жасау процесінің лобароториялық сұлбасын және техникалық баланс таблицасын сызу. Ұнтақталған сұлы жармасының өңдеу әдістемесіне сай ұнтақталмаған сұлы жармасын алу қажет және де басқа мақсатта алынған жарманы қолдануға болады.

Массасы 150 г жарма үлгісін триер және рассев-анализатордан өткізеді немесе осы машиналардың бірінен ғана өткізеді. Шлифовальшені алейрондық қабат жоғалғанға дейін жүргізеді.

Шлифование өнімін рассев–анализаторды және аспираторда сұрыптайды.

Дайындалған жарманы 0,05 МПа қысымдағы буда 2-3 мин ұстайды және ыдысқа 25-30 мин қояды. Бұл уақыт өткеннен кейін жарманы плющениеге жібереді. Алынған ылғалды және жылы хлопьяны кептіріп, суытады. Барлық өнімді өлшейді, олардың санын процент есебімен көрсетеді, қорытындысын таблицаға жазады.



Зертханалық сабақ № 7

Арпа жармасының технологиясын меңгеру
Жұмыс мақсаты: Арпа жармасының өңдеу процесін оқып үйрену, технологиялық процестің сандық балансын құруын үйрену, алынған өнімнің қасиетімен танысу.

Алдын ала ескертулер: Арпа жармасын өңдеу процессін 2,4*20 және 2,2*20 мм размері тесігімен елеуіш арқылы алынған ячмень дәнінде жүргізеді. Ячменьді приместен екі рет сепаратор арқылы және бір рет рессев-анализатордан өткізу арқылы тазартады. Жеңіл желдетуді аспираторда немесе аспирационды колонкада торт еселенген зертханалық цилиндлі обойлы машинада жүргізілуі мүмкін. Лузганы әр қабырмақтану жүйесінен кейін желдетеді. Алынған өнімді ТМ-05 лабораториялық қондырғыға шлифование мен полированияға береді.

Үшінші ретті полирование жүйесінен кейін алынған жарманы рассев-анализаторда бес нөмірге сұрыптайды. №І және ІІ жарма ұзыншақ болуы мүмкін. №ІІІ және ІV, V жарма формасы дөңгелек болуы керек. ТМ-05 қондырғысында шлифование мен полирование ұзақтығы ячмень сұрыпына, шынылығына байланысты. №І және ІІ жармада недодирді анықтайды. Недодирді бороздадан тыс гүлді қабыршықтың қалдығы бар ядро деп есептеледі. Недодирді (%) бұл формула арқылы есептейді:



Мұндағы, Ан – гүлді қабыршығының қалдығы бар ядро массасы, г;

G – анализ жүргізуге алынған навеска массасы, г.
Жұмысты жүргізу тәртібі: ячменнен арта жармасын өндіру процесінің лабораториялық технологиялық схемасын және баланс кестесін сызады. Бұл жұмысты жасау үшін 500 г тазаланған ячмень алады және обойлы машинада қабыршықтайды. Алынған өнімді өлшейді, процент есебінде алып таблицаға жазады. Өнімді (пенсак) ТМ-05 қондырғысында өндейді. Оның бүкіл массасы бұл қондырғыға кірмегендіктен, оны бірнеше рет өңдейді. Әр шлифование және полирование жүйесінен кейін рассев-анализаторда ұнды сұрыптайды. Алынған өнімді өлшейді, процент есебінде алып кестеге жазады.

Шлифовальды-полировалды қондырғы - кезеңді істейді, сондықтан өңдеу ұзақтығын арпа жармасын үш шлифовалды және үш полировалды жүйеде алу үшін ыңғайлы есеппен таңдайды. Соңғы полировалды жүйедегі өнімді апра жармасын номер бойыншы бөлуге арналған елеуіште сұрыптайды. Номері бойынша әр жарманы өлшейді, массасын процент есебімен алып таблицаға жазады, №І және ІІ жарамады (Ан) формула бойынша анықталады, бірақ оған дейін арпа жармасының сапа көрсеткіштерімен стандартқа сай болуын анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет