3. БАОӨЖ (п.2.3):
Жоғары мектептің жеке кестесі бойынша жүргізіледі;
пән бойынша білім алушылардың қарыздарын жою үшін оқу сұрақтары бойынша кеңес беру, шығармашылық байланыстар, жеке тапсырмаларды орындау және т.б. түрінде өткізіледі.
4. БАӨЖ (аудиториядан тыс сабақтар) (п.2.4):
пәннің өз бетінше оқуға бөлінген тақырыптарының белгілі бір тізбесі бойынша тапсырмалар кіреді, яғни пәннің әрбір тақырыбы бойынша тапсырмаларды қамту міндетті емес;
пән бойынша өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалардың саны мен көлемін және бақылау іс-шараларының санын оқытушы/оқу бағдарламасының жетекшісі анықтайды;
пән бойынша жоспарланған оқу нәтижелеріне қол жеткізу және құзыреттілікті меңгеруді тексеруге бағытталған тақырыптарды қосу және өзіндік жұмыстың нысаны мен ұйымдастырылуын таңдау ұсынылады;
шешілетін міндеттер: проблемалық жағдайлар, проблемалық (өндірістік/ кәсіби) міндеттер, мәселені шешу тәсілін және оның тиімділігін тексеру, вариативті тапсырмалар мен жаттығуларды шешу, сызындылар мен сызбаларды орындау, есептеу-графикалық жұмыстарды орындау, пәннің/бағдарламаның белгілі бір бөлімін меңгеру үшін есептер (міндеттер) жүйесін әзірлеу;
бейіндік және базалық пәндердің жекелеген тақырыптары бойынша кәсіптік қызметтің әртүрлі түрлері мен компоненттерін жобалау және модельдеу біліктерін қалыптастыру үшін, эксперименттік-конструкторлық жұмыстар (шығармашылық), тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар (зерттеу), тренажерларда жаттығулар (жаттығу), спорттық-сауықтыру сипатындағы жаттығулар, IT-технологиялар (бекітетін) бағдарламаларын пайдалана отырып кәсіби біліктерді рефлексивті талдау және т.б. практикаға бағытталған сабақтар (3-5 сағат көлемінде) түрінде жүргізіледі;
нақты тақырыбтың мақсатына, көлеміне, күрделілік деңгейіне, білім алушылардың шеберлік (қабілеттілік) деңгейіне байланысты жеке, жұптық немесе білім алушылар тобымен (ұжымдық) жүзеге асырылуы мүмкін;
БАӨЖ – білім алушыдан күнделікті өзіндік жұмысты талап ететін тапсырма, сондықтан тапсырманы жоспарлау (жасау) кезінде тапсырманың күрделілігін және аудиториядан тыс өзіндік жұмысты орындауға арналған Уақыт нормасына сәйкес білім алушының тапсырманың әрбір түрін орындауға жұмсаған уақытын негіздеу (ескеру) қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |