Апта
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
Тапсырмалар саны
|
|
|
1
|
|
|
1
|
|
|
1
|
|
|
1
|
|
|
1
|
Баллдар
|
|
|
100
|
|
|
100
|
|
|
100
|
|
|
100
|
|
|
100
|
Ескерту бағалау басқа апталарда да болуы мүмкін.
Оқу бағдарламаларында бағалау рәсімін жүйелеу үшін келесі кестені пайдалану ұсынылады:
Бағалау саясаты
Апта
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
Практикалық*
/семинарлық*
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
Зертханалық*
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
БАӨЖ*
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
Мерзімді бақылау (аралық бақылау, бақылау жұмысы, т.б.)
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
БАРЛЫҒЫ**
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
Ескертулер: * таңдамалы түрде сұрау;
** мөлшері берілген бағалау тапсырмаларына байланысты.
Ағымдық бақылау түрлері және бағалау критерийлері бойынша ұсынымдар
Коллоквиум – оқытушының білім алушымен әңгімелесуі немесе коллоквиумға шығарылған мәселелердің бірі бойынша жазбаша жұмыс түрінде оқу сабағы ретінде ұйымдастырылған тақырыптың, бөлімнің немесе пәннің бөлімдерінің оқу материалын меңгеруін ағымдағы немесе аралық бақылау құралы. Шын мәнінде, бұл миниатюрадағы емтихан, демек, коллоквиумға жауапты бағалау кезінде емтихан сияқты өлшемдерді қолдануға болады.
Бақылау жұмысы – тақырып немесе бөлім бойынша белгілі бір типтегі мәселелерді шешу үшін алынған білімді қолдану дағдыларын тексеру құралы. Бұл берілген уақыт ішінде орындалатын жазбаша тапсырма.
Баяндама – білім алушы өз бетінше дайындаған, алынған нәтижелерді ұсыну, белгілі бір оқу-практикалық, оқу-зерттеу немесе ғылыми мәселені шешу бойынша көпшілік алдында сөз сөйлеу. Баяндаманы бағалау критерийлерінің саны мен салмағы, баяндама бағалаудың жалғыз объектісі болып табылатындығына немесе оның тек бір бөлігін білдіретіндігіне байланысты болады.
Конспект – білім алушының ақпаратты өңдеу дағдыларын қалыптастыруға және бағалауға мүмкіндік береді.
Семинар – бұл оқу сабақтарын ұйымдастырудың формасы ғана емес, сонымен қатар бағалау құралы бола алады. Бұл жағдайда, семинарды өткізу білім алушыға сеніп тапсырылады және оны өткізу бағасы, мысалы, семестрдің қорытынды бағасына 10 % үлес қосады. Білім алушы семинарды ұйымдастыру бойынша барлық іс-әрекеттер үшін жауапкершілікті өзіне алады (тақырыпты таңдайды, дайындау үшін дереккөздердің тізімін немесе материалдарды, үлестірме материалды, семинарды өткізу жоспарын дайындайды) және тікелей өткізеді.
Ғылыми мақала – бағалау құралы ретінде білім алушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін, сондай-ақ оның ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін көрсете алады.
Реферат – белгілі бір ғылыми (оқу-зерттеу) тақырыпты теориялық талдаудан алынған нәтижелерді жазбаша түрде қысқаша баяндайтын, зерттелетін мәселенің мәнін ашатын, әртүрлі көзқарастарды келтіретін, білім алушының өзіндік жұмысының өнімі, 15 бетке дейінгі көлемдегі жұмыс. Силлабуста білім алушылар реферат тақырыбын таңдайтын, тақырыптар тізбесі келтіріледі.
Жоба – оқу және зерттеу тапсырмаларының кешенін жоспарлау және орындау нәтижесінде алынатын түпкілікті өнім. Білім алушылардың практикалық міндеттер мен мәселелерді шешу процесінде өз білімдерін өз бетінше құрастыра білуін бағалауға, ақпараттық кеңістікте бағдарлай білуін және талдау, зерттеу дағдыларының, практикалық және шығармашылық ойлау дағдыларының қалыптасу деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Жоба берілген уақыт аралығы ішінде жеке тәртіппен немесе білім алушылар тобымен орындалуы мүмкін.
Эссе – білім алушының қойылған мәселенің мәнін жазбаша баяндау қабілетін бағалауға, тиісті пәннің тұжырымдамалары мен талдау құралдарын пайдалана отырып, осы мәселеге өз бетінше талдау жүргізуге, қойылған мәселе бойынша авторлық ұстанымын жинақтайтын қорытынды жасауға мүмкіндік беретін құрал. Эссенің рефераттан ерекшелігі – бұл идеяларды, тұжырымдамаларды, ғылымның, өнердің, жеке тәжірибенің, қоғамдық практиканың және тағы да басқа салалардың байланысты үлгілерін қолдана отырып, білім алушының ғылыми мәселеге қатысты өзіндік шығармасы-рефлексиясы. Эссені сабақ кезінде (онда оның уақыты, мақсатына байланысты, 5 минуттан 45 минутқа дейінгі шектеледі) немесе аудиториядан тыс уақытта қолдануға болады.
Кейс-стади – мәселелік тапсырмаларды пайдалануға негізделген, онда білім алушыларға берілген мәселені шешу үшін өзіне қажетті, бірақ толық емес ақпаратты қамтитын нақты кәсіби-бағдарланған жағдайды ұғыну ұсынылады. Кейс-әдісінде қолданылатын негізгі ұғымдар – "жағдай" және "талдау" ұғымдары, сонымен қатар олардан алынған "жағдайды талдау".
Кейс-стадиді қолдану қажеттілігі, функционалдық құзыреттерді бағалау, тек тестілік сипаттағы сұрақтарға жауап беруге дейін төмендетілмейтіндігімен байланысты, өйткені функционалдық құзыреттер – бұл, адамның еңбек саласында немесе логикалық есептерді шешуде, жасай білуі керек нәрсесі.
Критериалды бағалау нәтижелері (ағымдық бақылау) (мысал)
Апта
|
Бақылау нысаны
|
Тақырыбы
|
Бағалау критерийлері
|
Баллдар
|
max балл
|
Модуль ............. (атауы)
|
...
|
Бақылау жұмысы
|
...
|
- болжамды жауапқа сәйкестік
- іс-қимылдарды орындау алгоритмін дұрыс пайдалану (әдістемелер, технологиялар және т.б.)
- ойлау логикасы
- шешімге ерекше көзқарас
|
10
40
20
30
|
100
|
...
|
Баяндама
|
...
|
- жасалған баяндаманың тақырыпқа, қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі
- тақырыпты түсінгенін, ақпаратты сыни талдау білетіндігін көрсетті
- оқыту әдістері мен оларды қолдана білу дағдыларын көрсетті
- кестелер, сызбалар, суреттер және т.б. көмегімен ақпаратты жинақтады
- презентацияны дайындау кезіндегі өзіндік ерекшілік, шығармашылық және креативтілік
|
5
20
40
15
20
|
100
|
...
|
Реферат
|
...
|
- ақпараттық жеткіліктілік
- материалдың тақырыпқа сәйкестігі
- баяндау стилі мен тілі (терминологияны, түсініктемелерді, жаңа ұғымдарды орынды пайдалану)
- дәйексөздердің ықшамдылығы, қисындылығы, дұрыс қолданылуы және ресімделуі
- өз позициясының айқын болуы
- пайдаланылған көздердің барабарлығы және саны
|
10
5
20
25
30
10
|
100
|
...
|
Эссе
|
...
|
- мәтінді құрастырудың логикалық құрылымының болуы (мәселені қоя отырып кірісу; негізгі идеялар бойынша бөлінген негізгі бөлік; пайымдау нәтижесінде алынған тұжырымдармен қорытындылау)
- эссе тақырыбы бойынша нақты айқындалған жеке ұстанымның болуы
- жеке ұстанымды негіздеу кезінде дәлелдердің барабарлығы
- баяндау стилі (кәсіби терминдерді, дәйексөздерді пайдалану, фразалардың стилистикалық құрылысы, т.б.)
|
40
20
30
10
|
100
|
...
|
Кейс-стади
|
...
|
- кейстегі көптеген мәселелердің тұжырымдалғаны және талданғаны
- ақпаратпен жұмыс істеу кезінде барабар талдамалық әдістердің көрсетілгені
- кейсті шешу үшін қосымша ақпарат көздерінің пайдаланылғаны
- барлық қажетті есептеулердің жүргізілгендігі
- кейсті шешу барысында дайындалған құжаттар мағынасы мен мазмұны бойынша оларға қойылатын талаптарға сәйкес келетіндігі
- қорытындылардың негізделгендігі, дәлелдердің салмақтылағы; кейстің осы шешімін басқа шешімдерден ажырататын өз тұжырымдарының жасалғандығы
|
10
20
20
20
10
20
|
100
|
...
|
Ғылыми мақала
|
...
|
- тақырыптың өзектілігін негіздеу және оны ашу дәрежесі
- мақала жазу логикасын сақтау
- мақаланың таңдалған журнал тақырыбына сәйкестігі
- автордың ережелерін сақтау
- ғылыми жұмысты ресімдеу нормаларын сақтау
|
15
25
5
30
25
|
100
|
...
|
Конспект
|
...
|
- мәтіннің оңтайлы көлемі (түпнұсқаның үштен бір бөлігінен артық емес)
- мәтіннің логикалық құрылысы және байланысы
- материалды баяндаудың толықтығы/тереңдігі (негізгі ережелердің, ойлардың болуы)
- ақпаратты өңдеу нәтижесі ретінде визуализациялау (кестелер, сызбалар, суреттер)
- ресімдеу (ұқыптылық, түпнұсқаның құрылымын сақтау)
|
5
10
30
40
15
|
100
|
Достарыңызбен бөлісу: |