Өзін өзі тексеру сұрақтары
-
Ионизирлік сәулеленуді қандай құралдармен өлшейді?
-
Ионизирлік сәулеленудің түрлерін және олардың негізгі функциялардың сипаттамасын атандар.
-
Сәулеленуден қорғаудың тәсілдері қандай?
-
Радиоактивтілік дегеніміз не?
-
Жеке және медициналық қорғаныс құралдары?
-
Қобдиша ұялары бойынша медициналық құралдардың орналасуы.
№7 тәжірибелік сабақ тақырыбы: Күшті әсерлі улы заттар, олардан қорғанудың жолдары
Мақсаты: Жеке тұлғаны дамыту, күшті әсерлі улы заттар туарлы түсініктерін тереңдету, олардан қорғанудың жолдарын қарастыру.
Көрнекілігі: алғашқы көмек заттар, үлестрмелі парақшалар
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Соңғы жылдары күшті әсерлі улы заттармен улану (КӘУЗ) жағдайлары жиі кездеседі, олар жаппай уланудың себепкері болуы мүмкіндігімен қауіпті. Улардың бұл тобына өндірісте (химиялық, мұнайгазөңдеу, металлургия, фармацевтика), ауыл шаруашылығында (улы хмикаттар) мен басқа салаларда пайдаланылатын түрлі токсинді заттар жатады. Адамдарды, жануарларды жаппай уландыру жағынан және топырақты, суаттарды уландыру мүмкіндігі жағынан қауіп төндіретіндер көбінде газдар, булар және аэрозольдар. Түрлі апаттар нәтижесінде қоршаған атмосфераға шығып, олар улану аймағын құрайды, оның мөлшері мен қауіптілігі заттың түріне, ауа райының жағдайына (желдің болуы, ылғалдылық пен ауа температурасы) байланысты болады. Бұл заттардың көбі ауадан ауырырақ болады да бұлт ретінде төмен жерлерде, жер асты қоймаларында шоғырлануы мүмкін. Уланған бұлт орнынан қозғалып жаңа жерлерді уландыруы мүмкін. Қатты жел бұлттың тез тарқауына ықпал етіп, улы заттың шоғырлануын азайтады, ал жаңбыр удың жерге сіңуіне ықпал етеді.
Күшті әсерлі улы зат (КӘУЗ) деп әдетте шоғырлану мүмкіндік шегі (ШМШ) асып кеткен жағдайда, белгілі мөлшерде адамдарға, ауыл шаруашылығы малдарына, өсімдіктерге зиян келтіріп, оларға түрлі деңгейде зақым келтіретін химиялық қосындыларды атайды. Өндірістің түрлі саласында бүгінгі күні КӘУЗ-дің 100-ден астам атауы пайдаланылады. Хлор, аммиак, фосген сияқты КӘУЗ-ді пайдаланатын немесе өндіретін химиялық өнеркәсіптер, апаттық жағдайға ұшырағанда жұмыскерлер мен қызметкерлерге, ал ірі апат жағдайында тұрғындарға да қауіп төндіреді.
ӘКУЗ – жабық ыдыста қысыммен сақталады. ӘКУЗ қайнауға бейім, олардың қайнау температурасы +200С, ал атмосфераға газ немесе бу ретінде бөлінеді, олар үлкен қашықтыққа тарайды. Химиялық зақымдау ошағының көлемі, оның адам терісіне тамшы сұйық түсуі және бумен дем алу нәтижесінде болуы мүмкін.
ӘКУЗ төгілген кезде көрсетілген немесе істелінетін іс-әрекеттер:
хлор – төгілген кезде (ол ауадан ауыр) ең биік орындарға көтерілу керек;
аммиак төгілген кезде (ол ауадан жеңіл) тез буланып жоғары көтеріледі, яғни төмен жерлерді таңдау қажет.
Аммиактан, метилхлоридтен, винилхлоридтен және басқа улы заттардан тыныс органдарын қорғау үшін 30-100 минут бойы қорғайтын противогаз кию керек. Аммиак суға жақсы жайылады. Осыған орай суланған мақта-дәке таңғышы көмектеседі.
Тыныс органдарын хлордан қорғау үшін өзінің немес балаңыздың дәретімен шайылған мата таңғышпен пайдаланамыз.
Бұл уланғыш заттардың бәрінен тиімді жеке және ұжымдық қорғау құралдары қорғайды.
Хлор – тыныстарылтқыш өзіндік күшті иісі бар сарғыш-жасыл газ, ауадан 2,5 есе ауыр, суда, спиртте, эфирде жақсы ериді. Хлор өндірістің түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Оны маталарды ағарту үшін пайдаланады, целлюлоза мен қағаз өндірісінде, каучук (резеңке) түрлерін жасауда, суқұбырлары стансасында залалсыздандырғыш құрал ретінде суды зарарсыздандыру үшін пайдаланады. Зақымдалған құбырлардан атмосфераға шыққан кезде түтіндейді. Буға айналу барысында және ауада су буымен қосылу барысында жер бетіне жасылтым-ақ түсті тұман ретінде төселеді, төменгі қабаттарға жер асты қоймаларына кіруі мүмкін. Хлор буы тыныс алу ағзаларына, көз бен теріге қатты әсер ететді. Хлор ағзаға негізінен тыныс алу жолдары арқылы енеді.
Хлормен улану белгілері: кеуденің қатты ауыруы, құрғақ жөтел, құсу, қозғалыс координациясының бұзылуы, демікпе, көздің ашуы, жас ағу. Жоғары концентрациямен дем алған жағдайда өлімге әкелу мүмкіндігі бар.
Хлормен уланған жағдайдағы көмек. Хлормен уланған адамға «В» немесе «М» маркалы өндірістік газтұтқышын, ГП-5 азаматтық газтұтқышын кигізу қажет, жоғары концентрация жағдайында – айырғыш газтұтқышын кигізіп, жедел умен ластанбаған жерге шығарып, қысатын киімдерден босату қажет. Дем алысы нашарласа немесе тоқтаса «ауыздан ауызға» әдісімен қолдан дем алдыру қажет. Көз, ауыз, мұрынжұтқыншақты кішкене 2-5 %-дық ас сода ерітіндісі қосылған таза сумен шаю керек. Уланған адамға көп сұйық ішкізу қажет: жылы сүт, шай, кофе. Суық мерзімде оны жылыту қажет және толық тыныштықты қамтамасыз ету керек.
Аммиак – мүсәтір иісті түссіз газ, ауадан жеңілірек. Ол тоңазытқыш қондырғыларында хладогент ретінде, тыңайтқыштар және басқа химиялық өнімдерді жасауда қолданылады. Құрғақ түрі ауамен 1:3 қатынаста араласқан кезде жарылыс әкеледі. Суда жақсы ериді. Зақымданған құбырлардан шыққан кезде түтіндейді. Демге тартқан жағдайда қауіпті. Аммиак буы дем алу ағзаларын, көз бен теріні қатты тітіркендіреді. Аммиакпен улану белгілері: жүрексоғуының жиіленуі, тамыр соғуының бұзылуы, жөтел, мұрын бітелу, көздің ашуы мен жасаурауы, дем алудың қиындауы, қатты уланған жағдайда – жүрек айнып, қозғалыс координациясының бұзылуы, сандырақтау.
Аммиакпен уланған жағдайдағы көмек. Аммиякпен уланған адамға «КД» немесе «М» маркалы өндірістік газтұтқышын, жоғары концентрация жағдайында – айырғыш газтұтқышын кигізіп, жедел умен ластанған жерден таза ауаға шығару қажет. Ластанбаған жерде уланған адамға су буымен дем алдырады. Дем алысы нашарласа немесе тоқтаса «ауыздан ауызға» әдісімен қолдан дем алдыру қажет. Аммиак асқазанға енген жағдайда бір стақан суға бір шай қасық сіркесуы қосылған бірнеше стақан су ішкізіп құстыру қажет. Аммиак көзді зақымдаған кезде, мол сумен шаю қажет.
Аммиак – мүсәтір иісті түссіз газ, ауадан жеңілірек. Ол тоңазытқыш қондырғыларында хладогент ретінде, тыңайтқыштар және басқа химиялық өнімдерді жасауда қолданылады. Құрғақ түрі ауамен 1:3 қатынаста араласқан кезде жарылыс әкеледі. Суда жақсы ериді. Зақымданған құбырлардан шыққан кезде түтіндейді. Демге тартқан жағдайда қауіпті. Аммияк буы дем алу ағзаларын, көз бен теріні қатты тітіркендіреді. Аммиякпен улану белгілері: жүрексоғуының жиіленуі, тамыр соғуының бұзылуы, жөтел, мұрын бітелу, көздің ашуы мен жасаурауы, дем алудың қиындауы, қатты уланған жағдайда – жүрек айнып, қозғалыс координациясының бұзылуы, сандырақтау.
Көз ауырып тітіркенгенде көзді таза сумен немесе 2-3 пайыздық тағамдық сода ерітіндісімен жуу қажет, науқасты қараңғы бөлмеге жатқызып, көзіне қайнаған және суытылған вазелин және зәйтүн майынан 2-3 тамшы тамызады.
Күкірт сутегі, – тыныс алудың тоқтауынан өлімге әкелетін өткір жүйкелі у. Тыныс алу жолдары мен көзді тітіркендіреді. Судағы ерітіндісі теріге тиген жағдайда қызартады немесе қышыма болады.
Күкірт сутегінің сезілетін иісі 1,4 – 2,3 мг/м3 қосылымдарда байқалады, едәуір иісі – 4 мг/м3, ауыр иісі – 711 мг/м3 байқалады. Біршама жоғары қосылымдарда иісі онша ауыр емес, адамның бойы үйреніп кетеді. Суда жақсы ериді. Су ерітіндісінде әлсіз қышқыл болып табылады. Су мен күкірт газын (SO2) түзе отырып, көгілдір жалын түрінде жанады. Күкірт сутегімен уланғанда көзді ашытады, көздің шырышты қабықшалары және жұтқыншақ тітіркенеді, ауызда металдың дәмі сезіледі, шаршағандық,бас ауруы, жүрек айну байқалады. 750 мг/ м3 қосылымда 15-20 минутта уланады. 1000 мг/м3 және одан астам қосылымда бірден өлімге әкелуі мүмкін.Күкірт сутегімен улану ауыр зардапқа әкелуі мүмкін, ол үшін шұғыл шаралар қолданылады. Уланудың негізгі белгілері –түйсіктің, тыныс алудың, жүрек және ас қорыту қызметінің бұзылуы. Күкірт қышқылымен уланудың алғашқы белгілері: сүлесоқ күйде болу, көз қарығу, көздің ашуы, көз алмасы мен қастың қызаруы, жастың ағуы, тамақтың қабынуы, ауызда металл дәмінің сезілуі, жүрек айнуы болып табылады.
Күкірт сутегімен және күкірт газымен уланған кездегі алғашқы көмек Күкірт сутегімен, күкірт газымен уланған жағдайда дереу жедел жәрдемді, ал қажет болған жағдайда – реанимациялық қызметті шақыртады.
Дәрігер келгенге дейін зардап шегушіні дереу газданған аймақтан таза ауаға немесе желдетілетін бөлмеге шығарады (алып шығу), ыңғайлы жатқызып, ішкі киімдерінен босатып, жылытады, ауыз қуысы мен жұтқыншақты тазалайды. Егер зардап шегуші есінен танбаса, онда дереу мүсәтір спиртін иіскетіп, қою шай немесе кофе беріледі, науқас ұйықтап кетпес үшін шаралар қолданылады. Зардап шегушіні газданған аймақтан шығару (алып шығу) газ қағар киіп жүзеге асырылады.
Күкірт сутегімен жеңіл уланғанда және жоғарғы тыныс алу мүшелері тітіркенгенде сода немесе минералды сілті суы қосылған жылы сүтті береді.
Бекіту сұрақтары:
І топ сұрақтары:
1. Улы заттардың тарағандығы туралы хабар келген жағдайда не істер едіңдер?
2. Зақымдалған аумақпен жүрген кезде қандай тәртіптеді сақтау қажет?
ІІ топ сұрақтары:
1. Аммияк төгілген жағдайда не істер едіңдер?
2. Химиялық зақымдану туралы дабыл естіген бойда не істер едіңдер?
№ 8 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Жұқпалы аурулардан сақтандыру.
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар: Жұқпалы ауруларға қатысты ескерту шараларының кешені жұқпалылық барысының барлық үш буынына – жұқпалы ауру көзіне, оның берілу жолына және организм қабілетіне бағытталған.
Жұқпалы көзіне қатысты өткізілетін шараларға ауруды ертерек, белсенді және толық анықтау, оларды дер кезінде оқшаулау, емханаға жатқызу мен емдеу, ошақта дезинфекциялық шараларды жүргізу жатады.
Жұқпалылық барысы екінші буынының – қоздырғыштың берілу жолының үзілуі аса маңызды, сондықтан ауруды сақтандыруда жеке гигиена тәртіптерін сақтауға, халық арасында гигиеналық дағдылар мен санитарлық мәдениетті сақтауға, сақтандыру және жұқпалылармен күрес шараларын жүргізуде денсаулық сақтау органдарына көмектесуге үлкен маңыз беріледі.
Ауру ошағында азық түлік тағамдарының сақталуына, тамақтандыру және сумен жабдықтау нысандарының санитарлық күйіне, азық – түліктің, дайын тағамдардың сақталуы мен тасымалдануына, суды пайдалануға, сондай – ақ, дезинфекциялық шаралардың толық жүргізілуіне ерекше санитарлық – гигиеналық бақылау қамтамасыз етіледі.
Жұқпалы тізбегінің үшінші буынына халықтың бейімділігіне бағытталған сақтандыру шаралары жұқпалы ауруларға қарсы жасанды имумунитет жасау болып табылады. Ауру тудырғыш микроб әсеріне организмнің бейімделмеуі иммунитет деп аталады. Олар туа біткен (табиғи) және келе біткен (жасанды) иммунитет болып бөлінеді.
Туа біткен иммунитетке адамның тумасынан белгілі бір жұқпалы ауруға бой алдырмауы жатады.
Келе біткен иммунитетке шалдыққан аурудан кейін (қызылша, табиғи шешек) болмаса егу нәтижесінде (вакциналау) жасалады.
Дезинфекция немесе зарарсыздандыру адамның қоршаған ортасында жұғымтал ауру қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы шаралар жиыны. Дезинфекцияның жекелеген түрлеріне дезинсекция, яғни жұқпалы ауруды тарататын жәндіктер мен кенелерді жою және дератизация – жұқпалылық тұрғысынан қауіпті кеміргіштерді құрту жатады.
Зарарсыздандыру мақсатына байланысты дезинфекция сақтандыру, ағымдық, қорытынды болып бөлінеді.
Сақтандыру дезинфекциясы жалпы қоғамдық орындар )асхана, монша, кір жуу орыны, шаштараз, вокзал, вагон т.б.) арқылы жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу ықтималдығын ескерту мақсатында өтеді.
Ағымдық дезинфекция жұқпалы аурудың таралуын ескерту мақсатында өтеді: оны жұқпалы ауруға шалдыққандар жатқан емдеу мекемесінде өткізеді.
Ақтық дезинфекцияны жұқпалы дертке шалдыққан әкетілгеннен кейін, сауыққаннан сон немесе қайтыс болғаннан кейін жүргізіледі.
Дезинфекцияға тән көрсеткіштерге байланысты зарарсыздандырудың механикалық, физикалық және химиялық әдістерін қолданады.
Механикалық әдіске бөлме мен орналасқан дүниені ылғалдап тазарту, киім кешек пен төсек орынды қағу, шағ сорғыш көмегімен, әктеу арқылы бөлмені шаңнан тазарту жатады. Залалсыздандырудың механикалық тәсілі әлде қайда қарапайым және қолдануға мүмкіндік бар. Ол сыпыру, тазалау, қағу, барлық мүмкін заттардың бәрін сабындап жуу, дымқылдап тазалау, ғимаратқа таза ауа кіргізу және желдету, әр түрлі жерлердегі микроорганизмдерді шаңсорғышпен сорғызу, су мен ауаны фильтрлеу. Бұл тәсілдер микробтардың санын азайтуға ғана көмектеседі.
Егер залалсыздандыру қоспаларына, қайнақ суға шылап механикалық тәсіл үйлесетін болса, залалсыздандыру тиімділігі артады.
Қайнату – қайнаған суға бұзылмайтын заттарды заласыздандырудың қарапайым, қолайлы және сенімді тәсілі. Ол ыдыстарды, түкіргішті, дәретке отыратын орынды, іш киімдерді, орамалдарды, халаттарды, тамақтардың қалдықтарын залалсыздандыруға қолданылады.
Көптеген бактериялар қайнаған суда сол сәтте – ақ немесе 2 - 5 минутта өледі. Кейбір вирустар (гепатит В,С), сібір жарасы спорлары (ұрықтары) 60 минуттан кейін өледі, сіреспе, делбе ауруларының спорлары 3 сағаттан кейін, ал ботулизм (тамақтан уланатын ауыр ауру) спорлары - 6 сағаттан кейін өледі. Қайнаған суға 2% - дық ас содасы ерітіндісін немесе сабын қосса оның залаласыздандыру әрекеті күшейеді.
Жоғары температурада қыздыру барлық микроорганизмдерді, соның ішінде олардың спорларын да өлтіреді. Бұған денеге жіберілетін металл заттарды (уколдың инесі) газ отына залалсыздандыру, спиртке матырылған ыстық тампон (тығын) жатады. Шылапшындарды, темір заттарды (қайшылар, тістеуіктер, қысқыштар және т. б.) осылай залалсыздандыруға болады.
От құнды емес зақымдалған заттарды: макулатура, қоқыс, шүберектер, дәкілер т.б. өртеу үшін пайдаланылады.
Физикалық әдіс пен құралдар дезинфекцияның қарапайым және ең оңай тәсілі болып табылады. Олардың санатына күн сәулесі мен ультра күлгін сәулесімен емделу, қоқыс пен құндылығы жоқ заттарды өртеу, ыстық су бүрку жатады. Ультракүлгін сәуле (УКС) үлкен бактерицидтік қабілетке ие. Ультракүлгін шамдарды жағу кесте бойынша қатаң жүргізілуі тиіс, оны үйде барлығы білуі керек, өйткені ультракүлгін сәулелер ауруға соқтыруы мүмкін - көздің тез қарығуы, терінің күюі. Шамның жарығы төбеге немесе қабырғаға бағытталады.
Күн сәулесі жақсы залалсыздандырады, бұл оның спектрінің ультра күлгін бөлігіне байланысты.
Залалсыздандырудың химиялық әдістері ауруды күту кезінде басты залалсыздандыру тәсілі болып табылады.
Хлор әгі – хлор өткір иісі бар, ақ кристалды ұнтақ. Хлор әгімен залалсыздандыру хлордың бөлінуіне негізделген. Хлор әгі ішек аурулары, ауа инфекциялары, зооноздар (малдардан жұғатын аурулар), сіреспе ауруларында қолданылады.
Кальций хлориді тұзының үштен екісі — препарат, хлорлы әкке ұқсас, бірақ құрамында 50% дейін активті хлор бар. Ұзақ сақталына алады (2-3 жыл). Хлорлы әк сияқты, 0,1% - 15% концентрациясы сәулелену ерітіндісі түрінде қолданылады.
Хлорамин (БХБ) – хлордың әлсіз исі бар ақ немесе сәл сарғыш ұнтақ. Құрамында 30% дейін белсенді хлор бар. Өзінің белсенділігін 30% дейін төмендетпей жылдар бойы сақтала алады. Хлорлы әктен айырмасы хлорамин маталардың бояуларын бүлдірмейді. 0,2% - 10% концентрациялы ерітіндісі қолды, щеткаларды, асхана ыдыс – аяқтарын және басқаларды залалсыздандыру үшін қолданылады.
Төтенше жағдайлардың салдарларын жою кезінде санитарлық – гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар қолдану қажет. бұл ауру ошағында да, сондай – ақ оған жақын аудандарда да кенеттен және жылдам індеттік жағдайлардың ушығуына байланысты. Мұндай жағдайда апаттың қираған және бұзылған ошағы ретінде және соған қалыптасуын жалғастырушы ретінде, гигиеналық маңызды объектілер қатал бақылауға алынады. Оларға жататындар:
-
сумен жабдықтау және құбыр жүйесі;
-
азық – түлік өндірісі, қоғамдық тамақтандыру және сауда объектілері;
-
коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары;
-
балалардың мектепке дейінгі мекемелері және мектептер;
-
зардап шеккен және зардап шекпеген тұрғын үй қорлары;
-
зардап шеккендер мен аурулар орналастырылған, емдеу – алдын алу мекемелері;
-
көшірілген халықты уақытша орналастыру орындары;
Эпидемиологиялық ошақтан орын ауыстыру кезінде анықталған жұқпалы ауруды жұқтырушыларды қалған зардап шегушілерден оқшаулайды. Қауіпті аймақтан аурулар мен саулардың бірігіп көшірілуі олардыі өміріне сыртқы қауіп төніп ұурған (өрт, су тасқыны және басқалар) кезде ғана жүзеге асады. Ауруларды сараптау уақытша ашылған немесе стационарлық емдеу мекемелерінде жүргізіледі.
Көшірудің барлық кезеңінде жұқпалы аурумен ауырғандарды екі топқа бөледі.
Бірінші топқа – байланысы жоқ (жұқпалы емес) немесе бурцеллез, туляремия, менингококты ауру сияқты шағын байланыстағы, кейбір түрлері геморрагиялық безгек, ботулизм және басқа жұқпалы аурулар.
Екінші топқа – аурулары айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар, байланысы бар (жұқпалы) және өте тез жұғатын – оба, сібір жарасы, іш ауруы, тырысқақ, вирусты гепатит, қызамық, қызылша, Ласса безгегі, Эбола безгегі, Марбург ауруы және тағы сондайлар.
Дәрігерлік көмек алып жатқан басқа зардап шегушілерден бөліп, екі топтың да ауруларын жеке орналастырады және емдейді. Дала жағдайларында оларға арнап шатырлардан лагерь жасалады, ол ТЖ жағдайларын жою үшін тартылған адамдардың және басқа зардап шегушілердің лагерлерінен арақашықтығы қауіпсіз жерге орналасады.
Апат ауданындағы алдыңғы кезектегі шаралардың бірі – тереңдетілген санитарлық – эпидемологиялық барлау болып табылады. Апат ауданындағы санитарлық – эпидемологиялық іздестіру – кұтқару қызметі улы заттармен және патогенді микробтармен, ауыз суымен, азық – түлік тағамдарымен, сыртқы орта объектілерімен және зардап шеккен халықты қорғау жөнінде шаралар қабылдау, зақымданған адамдарды дер кезінде анықтау мақсатында қадағалау және зертханалық бақылау ұйымдастырады.
Нақты шараларға байланысты апат болған ауданда зертханалық бақылау мен желілік бақылау міндеттері белгіленеді.
Жергілікті жердің радиоактивті зақымдануы кезінде:
-
жергілікті жердегі радиация деңгейін анықтау;
-
ауыз суының ластануын, азық – түлік тамақтарының, мал және өсімдік тағамдарының радиоактивтілігін анықтау;
-
радиациялық қорғау шараларын негіздеу мақсатында сыртқы орта объектілері мен жергілікті жердің радиоактивті зақымдануының адамдар үшін қауіптілігін бағалау;
-
азық – түлік тағамдарына, шикізат пен ауыз суына оларды пайдалану мен ішуте жарамды екендіктері туралы тұжырым жасауға сараптама өткізу.
Дератизация – әдістері, құралдары. Дератизация – жұқпалы аурулардың көзі болып табылатын (оба, туляремия және басқа) кеміргіштерді құрту. Дератизация жасау үшін биологиялық, химиялық және механикалық әдістер қолданылады.
Биологиялық әдіс хайуанаттар (мысық, ит және т.б.) мен бактериалды мәдениетке пайдалануға негізделген.
Механикалық әдісте әр түрлі аулар және қысқыштар қолданылады.
Жетекші әдіс химиялық әдіс болып табылады. Зооқумарин, ратиндан, мырыш фосфады және жейтін жемдеріне қосып беретін тышқан дәрісі кеңінен қолданылады. Жер асты коммуникациялық ғимараттарда дератизация кезінде газ тәрізді заттар қолданылады – нілдеткіш қышқыл, бромды метил, күкіртті газ және басқалар
Кеміргіштерді жою үшін ұсынылатын химиялық зат.
Зоокумарин – өзіне тән исі бар ақ немесе сұрғылт ұнтақ. Сақталуы тұрақты. Суға ерімейді. Ацетонда жақсы ериді, спиртте жаман, эфирде нашар ериді. Әрекеттің созылуы 7 – 15 тәулік. Қан тамырларның өткізгіш қасиеттерін бұзып, қан кетуіне апарады.
Ратиндан – көгілдір не басқа түсті (бояғыш затқа байланысты) түссіз ұнтақ. Сақталуы тұрақты, суға ерімейді. Органикалық еріткіштерде ериді. Әрекет етуінің ұзақтығы 5 – 8 тәулік. Қан тамырларның өткізгіш қасиеттерін бұзып, қан кетуіне апарады.
Мырыш фосфады – сарымсақтың иісі бар қою – сұрғылт ұнтақ. Сакқтау кезінде фосфорлы сутек бөле отырып біртіндеп ыдырайды. Суда ерімейді қышқылда тез ыдырайды. Әрекет етуінің ұзақтығы 2 – 3 тәулік.
Монофторин – күлгін түсті кристалл, сақталуы тұрақты. Спиртте, ацетонда ериді, ыстық суда нашар ериді. Әрекет етуінің ұзақтығы 1 тәулік.
Өлген кеміргіштердің сүйегін мүмкіндігінше жинап, залалсыздандырып барып көмеді. Егер кеміргіштер өте қауіпті жұқпалы ауруларды тасушылар болып табылса, онда олардың сүйектерін тездетіп өртеу керек. Эпидемологиялық ошақта жұмыс істеу және өте қауіпті жұқпалы аурулармен ауыратын аурулармен байланыста болу кезінде қорғану костюмдерін кию керек.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
-
Билогоиялық қару туралы түсінік. Эпидемия.
-
Инфекциялық аурулар. Карантин және обсервация.
-
Эпизоотия, Эпифитотия.
-
Жұқпалы аурулардан сақтандыру.
Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №9 Тұрмыстағы өрт пен жарылыстың алдын алу туралы халыққа нұсқаулар жүргізу
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар: Өрт қауіпсіздігін сақтау және өрт кезіндегі ұтымды әрекеттер өрт қаупін төмендетуге әсерін тигізеді, адамдар мен мүліктерді құтқаруға көмектеседі. Нысан ұқызметкерлері өрт және жарылысты болдырмау үшін нысанда бекітілген өрт қауіпсіздігі ереже, нормалары және Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы нұсқауларына сай әрекет жасайды.
Жұмыстағы жарылысты және өртті болдырмау үшін және олар пайда болған жағдайда өмір мен мүлікті сақтап қалу мақсатында келесі ережелерді сақтау керек:
-
үйде тез тұтанатын сұйықтар мен жарылғыш заттар сақталуына жол бермеу;
-
аз мөлшердегі тез тұтанатын сұйықтар мен жарылғыш заттарды тығыз жабылатын қақпақты ыдыста, қыздыру құралдарынан алыс жерде сақтау керек. Соққыға , шайқалуға, төгілуге мүмкіндік бермеу;
-
бояу, лактарды, аэрозольдерді ашық отта қыздырмау, бензинмен жумау;
-
баспалдақтар мен өрт жолдарын жиһаз және т.б. заттармен толтырмау;
-
электр құралдарын жарылғыш заттарға жақын қоймау;
-
бөлмелердің электр жабдықтарын бұзылмаған күйде ұстау, электр қыздырғыштарын, қосып қалдырмауға , электр желісңн өте көп жүктемеу;
-
шылым шеккенде және ашық от пайдаланғанда қауіпсіздікті сақтау;
-
өрт сөндіргіш баллонды пайдалану ережелерін білу, зақымданғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін білу.
Өрт кезінде адамдарға ауаның жоғары температурасы, түтін, көміртек оксидінің концентрациясы ең жоғары қауіптудырады. Мұндай жағдайда адамдарды құтқару және өртті сөндіру кезінде келесі ережелерді сақтау керек:
-
жанып жатқан бөлмеге кірер алдында басты су орамалмен жабу;
-
түтінге толы бөлмені ашқанда таза ауа әсерінен жалынның өрщуінен сақтану;
-
түтінге толы бөлмеде еңбектеп жүру;
-
жанып жатқан киімді сөндіру үшін оның бетін мықтап жабу;
-
жерге домалап, отты сөндіру, жүгіруге болмайды; өртті сөндіргенде өрт сөндіргіш құралдарды, өрт крандарын, су, құм, топырақ және т.б.заттарды пайдалану;
-
электр желілері жанғанда алдымен желіні ажырату керек;
-
егер қоғамдық орындарда өрт дабылы қағылса, жылдам нысаннан шығу;
-
жанып жатқан ғимараттан эвакуациялау кезінде негізгілермен қоса, қосымша жолдар мен сатыларды пайдалану керек.
Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі. Жыл сайын өрттердің басым көпшілігі тұрғын үй секторларында болады.
Жеке меншік үйлердегі техногендік себептермен (эл. жабдықтар, пештер) болатын өрттер, негізінен, 20 жыл бұрын тұрғызылған ескі құрылыстарда болатындығын есепке алу керек. Мұндай үйлердің иелерінің көп жағдайда жылу жүйелері мен эл. жабдықтарын жарамды қалыпта ұстауға материалдық жағдайлары жоқ.
ШҚО ТЖД тұрғын үйлерде болатын өрттер көбінесе отпен абайсыз болу, балалардың отпен ойнауы, мас күйінде шылым шегуде абайламау және т.б. себептерден болатынын еске салады. Отпен абай болыңыз, өрттердің алдын алыңыз.
Халық тығыз орналасқан орындарда өрт болса, адамдар жаппай қаза табады. Өрттің негізгі себептері: электр торабындағы бұзылулар, газдың шығуы, тоққа қосылып тұрған электр құралдарының жануы, сөндірілмеген шырпылар мен темекі қалдықтары, отқа бейқам, бейберекет қарау, өрт қауіпсіздігін сақтамау.
Халық баршаға белгілі өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |