ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Мамандыққа кіріспе»


Өзін өзі тексеру сұрақтары



бет15/15
Дата12.06.2016
өлшемі1.93 Mb.
#129827
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қалай жетілдіріледі?

  2. Зақымдалған аймақ кенеттен жасалғанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін не істеу керек.

  3. Сүзгіш газтұмылдырықтар туралы айтып беріңдер.

  4. Тұмылдырықтың қажетті өлшемі қалай таңдалады?

  5. Химиялық қарудың зақымдаушы факторлары.


Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №12 Ланкестік акт кезіндегі іс – әрекет.
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Соңғы жылдары құқықты органдардың жұмыс бағытының бірі, ішкі және халықаралық лаңкестік болып анықталатын жаңа кертартпа күшпен күресу.
Күдікті зат табылған кезде:

- резервті және құкық қорғау органдарын шақыру үшін жергілікті күзеттің, әскери күзет немесе объектілік қауіпсіздігі қызметінің қызметкерлерін радио құралдарымен қамтамасыз ету (қосымша қамтамасыз ету);

- нысан әкімшілігінің қалауы бойынша бөлмелерді (аумақты) өзге мекемелерге жалға беру кезінде тапсырылатын бөлмелердің күйін және қойылатын тауарлардың тізбесін тексеру бойынша әкімшілік міндетін анықтау;

- терроризм байқалған жағдайдағы іс-әрекеттер бойьшша практикалық сабақтар жүргізу жолдарымен құқық қорғау органдарымен бірігіп ұйым қызметкерлерін дайындауды үйымдастыру;

- адамдардың жиналатын жерлерінен 100 метр қашықтықта автомобильдерді қою орындарын ұйымдастыру;

- нысанды тексеруге даярлап, ондағы өртке қауіпі бар орындарды, уақытша қойма орындарын тексерудің төртібі мен мерзімін, қоқыс салатын контейнерлер мен жәшіктерді және т.т. көрсету;

- қызмет бөлмелерін, баспалдақ торларын, техникалық қондырғылар орнатылған бөлмелерді қажеті жоқ заттардан босату;

- ғимараттан қалдықтарды уақытында шығарып тұруды қамтамасыз ету, аумақты құрылыс ағаштары мен металл қоқыстардан босату;

- қоқыс салатын контейнерлерді мүмкіндігінше нысанның ғимаратынан аулақ орнату;

- үйымның бүкіл қызметшілеріне күдікті заттар табылған немесе террористік актісін жасау қауіпінің белгілері төнген кезде белгіленген органдарға хабарлайтын телефондардың номерін мәлімдеу.



б) Жарылғыш қондырғысына ұқсас зат табылған кездегі іс-әрекеттер (ЖҚ):

Жарылғыш қонздырғысы (ЖҚ) бар болуын керсететін белгілер:

- табылған затта сым, жіп, изоленталар болуы;

- заттан сыбдыр, сағаттың тықылдауы, күдікгі дыбыстаршығуы;

- затган ерекше бадам иісі немесе әдеттен өзгеше өзге иістер шығуы.



Қауіптенуге негіз болатын себентер:

- заттың табылуынан бұрын күдікті адамдардың болуы;

- жеке қорқыту, телефон немесе почта жоладамасы арқылы.

Іс-әрекеттер:

- Табылған күдікті затты тиіспеу, жақындамау, орнынан қозғамау! Затқа жақын жерде шылым тартпау, радио, соның ішінде ұтқыр байланысты пайдаланудан тартыну.

- Күдікті заттың табылуы туралы құқық қорғау органдарына керсетілген телефондары бойынша кешіктірмей хабарлау.

- Табылған уақыты мен орнын белгілеп алу;

- Қауіпті аумақты адамдардан радиусы кем дегенде 100 метрге дейін босату.

- Күдікті затқа және қауіпті аумаққа мүмкіндігінше күзетті қамтамасыз ету.

- Қауіпті аумаққа жанасып тұрған жерлерден адамдарды көшіруді қамтамасыз ету (қамгтамасыз етуге көмектесу).

- Құқық қорғау органдарының өкілі келгенге дейін күту, Күдікті зат жатқан жерді, ол табылған уақыт пен жағдайды көрсету.

- Бұдан әрі құқық қорғау органы өкілінің нұскауы бойынша әрекет ету.

- Жарылыс кауіпі туралы дүрлігушілікке жол бермеу үшін оны білуге тиіс адамдардан басқа ешкімге хабарламау.

- Нысанға тексеру жүргізу үшін қызметшілердің кажетті санын білу және оларга өзін-өзі ұстау тәртібі туралы ақыл-кеңес беру (неге назар аудару керектігі және қауіпті зат табылған немесе қауіп төнген кезде қалайша іс-әрекет ету туралы).

- Нысан қызметшілеріне бөгде адамдардан қандайда бір зат пен бұйымды сақтауға қабылдауға тыйым салынғандығы туралы ескертіп отыру.

- Жарылыс қондырғысына ұқсас заттың сыртқы түрін суреттеуге дайын болу.Зат көп адамдар жүруі мүмкін қараусыз жерде, жарылыс жөне өрт қауіпі бар орында, әртүрлі коммуникация орналасқан жерде сөмке, орам, пакет және т.б. түрінде жатуы мүмкін. Ол сыртқы түрі бойынша жарылыс қондырғысына ұқсас болуы мүмкін (граната, мина, снаряд және т.б.). Өткізгіш, арқан, изолента, жабысқыш түрінде жатуы мүмкін; сағаттың шықылдауы, механикалық гүріл, өзге дыбыстар естілуі мүмкін; бадамның немесе өзге таныс емес иісің шығуы.

Күдікті затты қорғаған кезде мүмкіндігінше тағы да қорғауды қамтамасыз ететін заттар тасасында (ғимарат бұрышы, жалпақ ағаш, автомашина және т.б.) тұрып, бақылау жүргізу қажет.



Б) Телефон бойышна террористік акті қауіпі төнген кезде

а) Ескерту (алдын - алу) шаралары:

- террористік актінің қауіпі туралы телефон хабарын қабыддау тәртібі жөнінде қызметшілерге түсіндіру;

- жарылыс қауіпі туралы, жарылыс қондырғысының жатқаны туралы хабарды алғаннан кейін үрейге бой алдырмау;

- сабырлылық танытып, сыпайы болу, сөйлеушіні бөлмеу;

- магнитофон болса, оны телефонға жақындатып, әңгімені жазып алу;

- қауіп туралы өз әріптесіңізге бірлен хабарлауға талпыныңыз;

- мүмкіндігінше ол бір уақытта басқа аппаратпен жедел кезекші полиция мен ҰҚК бөлімі бойынша кезекшіге төнген қауіп пен межеленген террорист қоңырау шалған телефонның нөмерін хабарлау.

- Телефон бойынша қауіп төнген кезде "Террористік сипаттағы қорқытушылық телефон хабарын қабылдау тәртібіне" (2 қосымша) сәйкес әрекет етіп, ұйым телефонын тез уақытта автоматты нөмерді анықтау (АНА) қондырғысымен және телефон хабарының жазбасымен қамтамасыз ету қажет.



б) Телефон хабары алынған кездегі іс-әрекеттер:

- әрбір түскен телефон қоңырауына мұқият болу;

- түскен телефон қоңырауы туралы басқа телефонмен құқық қорғау органына хабарлау;

- қажетті жағдайда адамдарды көшіру жоспарына сәйкес әкету;

- жедел тергеу тобының, кинологтардың және т.б. кедергісіз жұмысын қамтамасыз ету;

- телефонмен алынғам ақпаратты құқық қорғау органы мен ұйым басшысына кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз ету.



В. ЖАРЫЛЫС ҚАУІПІ ТУРАЛЫ ХАБАРДЫ АЛҒАН КЕЗДЕ

Сабырлы, сыпайы болыңыз, сөйлеушіні бөлмеңіз. Магнитофонды қосыңыз (егер ол телефонға қосылып тұрса). Әңгімені толық жазып алу үшін аппараттың сапасыз жұмысы туралы айтыныз. Әңгіме аяқталғаннан кейін телефонды ілмеңіз.



Үлгілік сұрақптар:

- Жарылыс қашан болу мүмкін?

- Жарылыс қондырғысы қайда койылған?

- Ол қандай заттан жасалынған?

- Оның сыртқы түрі кандай?

- Тағы баска жерлерде жарылыс қондырғысы бар ма?

- Жарылыс кондырғысы не үшін қойылған?

- Сіздің талабыңыз қандай?

- Сіз жалғызсыз ба, жок жаныңызда тағы біреу бар ма?

 Г. ТЕРРОРИСТІК ҚАУІП ЖАЗБАША ТҮРДЕ ТҮСКЕН КЕЗДЕ

Ұйымға жазбаша түрдегі қауіп почта арнасы арқылы, сондай-ақ әртүрлі жалған материалды анықтау нәтижесінде (хат, жазба, дискетке жазған ақпарат және т. б.) түсуі мүмкін.

Бұл жағдайда ұйым қызметшілері 3-қосымшада мазмұңдалған жалған материалдарды пайдалану тәртібін нақты сақтау тиіс.



а) Ескерту (алдын алу) шаралары:

- жазбаша түскен бүкіл өнімді экспедиция мен хатшылықта (хатшылардың) мұқият тексеру, магнитті таспаларды тындау, дискеттерді қарау;

- бандерольдерге, жолдамаларға, ірі орамдарға, қаптама орамдарға, оның ішінде жарнама проспектілеріне ерекше назар аудару қажет.

- Тексеріс мақсаты-террористік акті қауіпі туралы ықтимал хабарды жібермеу.



Д. ПОЧТА ЖОЛДАМАЛАРЫНДА КҮДІКТІ ЗАТТАР ТАБЫЛҒАН КЕЗДЕ

а) Кудік тұғызуга тиіс хаттар (бандерольдер) белгілері:

- кездейсоқ, хат-хабар арқылы;

- кері мекенжайы жоқ, мекенжайы қате, мекенжайды жазудағы дәлсіздік, баратын жер қате көрсетілген;

- салмағы, көлемі, түрі бойынша стандартқа сай емес, бүйірлері тегіс емес, жабысқақ лентамен желімделген;

- "жеке және құпия" үлгісіндегі шектеулер;

- тосын иісі, түсі бар, конверттерде почта жолдамаларына тән емес заттар білінеді (ұнтақ жөне т.б.);

- тиісті маркалары немесе почта бөлімшелерінің мөр табаны жоқ.

Белгісіз заттар салынған күдікті ыдыстар табылған жағдайда (ұнтак тәріздес күйде) мыналар ұсынылады:

- ыдысты, пакетті, контейнерді және т.б. өз бетінше ашуға әрекеттенбеу;

- күдікті хатты немесе бандерольды қолмен ұстамау;

- осы дерек туралы Мемсанэпидқадағалау, ҚР ТЖА аумақтық органдарына және т.б. хабарлау;

- күдікті почтаның баска хаттармен бандерольдерден ажыратуға кез жеткізу;

- күдікті хат-хабар табылған бөлмеде орамның тұтастығы бұзылған жағдайда онда желдету жүйесі болса, ғимараттың желдеткіш жүйесіне белгісіз заттың түсуі мүмкіндігін болдырмайтын шаралар қабылдау;

- мамандар келгенше күдікті ыдыс пен затты қымталған ыдысқа қою (төңірегі тығыз жабылатын ыдыс немесе қалың қабатты пластикалық пакет. Бүл жағдайда теріні (резина қолғап, полиэтилен пакеті) және тыныс жолдарын (респиратор, мақта-дәкі таңғышы) қорғайтын қолда бар жеке қорғаныс құралдарын пайдаланған дұрыс;

- мамандар келгенге дейін жақсы қымталған ыдысты балалар мен үй жануарлары баралмайтын орында сақтау;

- күдікті хат-хабармен тікелей байланыста болған барлық адамдардың тізімін жасау (олардың мекенжайы, телефоны);

- күдікті хат-хабарды ұстаған адамда жеке гигиена шараларын (қолды сабынмен жуу, мүмкіндігінше толык, жуыну) және ауруды ескерту жөніндегі медицина қызметкерлерінің нұсқауларын мүлтіксіз орындау.



Е. ЕГЕР ТЕРРОРИСТЕР КЕПІЛГЕ АЛСА

а) Ескерту (алдын алу) шаралары:

Бүл шаралар ортақ сипатта және қырағылықты көтеруге, өткізудің қатаң тәртібіне, әртүрлі мақсаттағы бақылау және дабыл жүйесін орнатуға бағытталған.

Сонымен қатар ұйым қызметшілері осындай жағдайлардағы іс-ерекетерге үйретілуге тиіс. Осының бәрі белгілі бір дәрежеде ұйым аумағы мен орналасқан жерінде кепілге алыну мүмкіндігін темендетеді.

б) Кепілге алынған кездегі іс-әрекет:

– болган оқиға туралы телефонмен тиісті жерге немесе ұйым басшысына бірден хабарлау;

– өз ықтиярыңызбен террористермен келіссөз жасамау;

– қажетті жағдайда, егер бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына залал келтірмейтін, террористерге қайшы келмейтін болса, олардың талаптарын орындау, жеке және қасындағы адамдардың өмірін қатерге тікпеу;

– террористердің қару қолдануына апарып соқтыратын іс-әрекетерді жасамау;

– оқиға орнына күштеу құрылымдарының тиісті органдары қызметкерлерінің кедергісіз өтуін қамтамасыз ету;

– ҰҚК, ПМ арнайы бөлімшелері жауынгерлер келісімімен олардың командирлері сұрақтарына толық жауап беру және олардың жұмысын қамтамасыз ету.

Террористік актілердің болу қауіпі жағдайындағы іс-әрекеттер мен сақтандыру мәселелері бойынша ұйым қызметкерлерінің білімін кеңейту және дағдыларды сіңіруін қамтамасыз ету үшін ұйым аумағының орналасу ерекшелігін және қызметінің сипатын ескере отырып, ұйым басшылары ҰҚК мен IIМ жергілікті органдарымен бірлесе отырып, нысан қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Нұскаулықтар мен Іс-әрекет жоспарларын әзірлейді.



ЕГЕР СІЗДІ КЕПІЛГЕ АЛСА

- Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз. Қалыпты дауыспен әңгімелесіңіз.

- Ықтимал қатан сынаққа төндік және моралдық тұрғыдан даярланыңыз. Ұрлап әкетушілерге жек көру жөне қатгы сөздер айтпаңыз.

- Әуелбастан (әсіресе алғашқы сағатта) бандиттердің барлық нұсқауларын орындаңыз.

- Өз мінезіңізбен террористер назарына түспеңіз, белсенді қарсылық көрсетпеңіз. Бұл сіздің жағдайды қиындату мүмкін.

- Қашып құтылуға толық сенім жоқ болса, қашуға өрекеттенбеңіз.

- Мүмкіндігінше террористер туралы ақпаратты көбірек есіңізде ұстаңыз (саны, қаруы, сипаттары қандай, дене ерекшеліктері, сөйлеу мәнері, әңгіме тақырыбы, мінез құлқы) өзіңіздің тұрған (қамалған) жеріңізді анықтауға тырысыңыз.

- Тамақтан бас тартпаңыз. Бұл күш пен денсаулықты сақтауға көмектеседі.

- Терезеден, есіктен және террористердің өздерінен алысырақ орналасыңыз. Бұл ғимаратқа шабуыл жасалған, мергендер қылмыскерлерді атқан жағдайда өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету қажет.

- Ғимаратқа шабуыл жасалған кезде қолыңызды желкеңізге


қойып, етбетіңізбен жатыңыз.

Жарылыс қондырғысы немесе жарылыс қондырғысына ұқсас зат анықталған кезде ұсынылатын көшу және қоршау аймактары

РГД -5 гранатасы кемінде 50 м

Ф -1 гранатасы кемінде 200 м

Массасы 200 г тротилді орам 45 м

Массасы 400 г тротилді орам 55 м

0,33 сыра қалбыры 60 м

МОН- 50 минасы 85 м

Чемодан (кейс) 230 м

Жол чемоданы 350 м

"Жигули" үлгісіндегі автомобилі 460 м

"Волга" үлгісіндегі автомобилі 580 м

Микроавтобус 920 м

Жүк автомашинасы (фургон) 1240 м
Телефон бойынша террористік сипаттагы қауіп мазмұндалған хабарды қабылдау тәртібі туралы

Құқық коргау органдарына сіздің темендегі әрекеттеріңіз қылмыстың жасалуын болдырмау және қылмыскерлерді іздестіру үшін айтарлықтай көмектеседі.

Әңгімені сол қалпында есте сақтауға және оны кағазға жазуға тырысыңыз. Әңгіме барасында қоңырау шалушының жынысын, жасын және оның сөйлеу ерекшелігін жадыңызда ұстаңыз:

- дауысы: қатты (жәй), төмен (жоғары);

- сөйлеу қарқыны тез (баяу);

- дыбыс шығаруы: анық, түсініксіз, демігеді, акцентпен немесе диалектімен сөйлейді;

- сөйлесу мәнері: еркін, жаман сөздер айтады, мысқылдайды.

- Дыбыстық ахуалды міндетті түрде белгілеңіз (автомашинаның немесе темір жол көлігінің шуы, теле- немесе радиоаппаратураның дыбысы, дауыстар, басқалар).

- Қоңырау сипатын белгілеңіз (қалалық немесе қалааралық). Әнгіменің дәл басталған уақытын және оның созымдылығын міндетті түрде жазып қойыңыз.

Кез келген жағдайда әнгіме барысында мына сұрақтарға жауап алуға тырысыңыз:

- Бұл адам кайда, кімге, қай телефон бойынша хабарласып тұр?

- Ол қандай нақты талаптар қойып отыр?

- Ол талапты жеке өзі қойып отыр ма, дәнекер ретінде сейлесіп тұр ма, немесе кандай да бір топтың мүддесін білдіреме?

- Ол немесе олар қандай шарттармен ойлағандарынан бас тартады?

- Онымен қалай және қашан байланысуға болады?

- Бүл қоңырау туралы сіз кімге хабарласа аласыз немесе хабарлауға тиіссіз?

Өзіңіз және сіздің басшылық шешім қабылдау немесе қандай да бір әрекет жасау үшін мүмкіндігінше қоңырау шалушының, уақытын көбірек алуға тырысыңыз.

Егер мүмкін болса бұл туралы нысан басшылығына әңгіме барысында, егер мүмкіндік жоқ болса әңгіме аякталған бойда дереу хабарлаңыз.

Әнгіме мен оның мазмұны туралы деректерді таратпаңыз.

Алынған ақпаратты білетін адамдар санын барынша шектеңіз, автоматты нөмер анықтаған (АНА) болған жағдайда анықталған телефон нөмерін дәптерге жазыңыз, бұлай ету оны кездейсоқ жоғалудан сақтайды.

Дыбыс жазылу аппаратын пайдалану кезінде әңгіме жазылған кассетаны (мини-диск) бірден алыңыз және оны сақтау шараларын қабылдаңыз. Міндетті түрде оның орнына басқа кассета салыңыз.

Террористік сипаттағы қауіп мазмұндалған жалған материалды пайдалану тәртібі

Террористік сипаттағы кауіп мазмұндалған жалған материалды алған кезде онымен барынша сақ әрекет жасаңыз, оны таза полиэтилен пакетімен мұқият орап жеке қатты папкаға салыңыз.

Онда өз саусақтарыңыздын ізін қалдырмауға тырысыңыз.

Егер құжат конвертпен келсе, оны тек сол немесе оң жағынан ғана шет тұсын қайшымен абайлап кеседі.

Оның ішіндегі барлығын: мәтінді құжаттың өзін, кез келген затты, конвертпен орамды сақтаңыз, ештеңені лақтырмаңыз.

Құжат мазмұнымен адамдар шеңберін кеңейтпеңіз.

Жалған материалды ілеспе хатпен құқық қорғау органдарына жолдаңыз, онда жалған материалдардың белгілері (түрі, саны, қандай әдіспен орындалғандығы және кіммен орындалғандығы, мәтіннің-қандай сөзбен басталып, аяқталатындығы, колдардын бар болуы және т.б.), соңдай-ақ оның таралуына, табылуына немесе алынуына байланысты мөкен-жайлар көрсетілуі тиіс.

Жалған материалдар тігілмеуге, желімделмеуге тиіс, онда қол қоюга мәтіннің кейбір жерлерін сызуга немесе қоршауға, бұрыштма мен нұсқау жазуға, ластауға немесе бүгуге рұқсат етілмейді.

Ілеспе қүжаттарға бұрыштамалар мен өзге жазбаларда орындаған кезде жалған материалдарда қатты із қалмауға тиіс.

Тіркеу мөр табаны тек ұйымның ілеспе хаттарына және жалған материалды тиісті жерге екеп тапсырған азаматтардың өтінішттеріне қойылады.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Ланкестік акт кезіндегі халықтың іс әрекеті

  2. Төтенше жағдай кезіндегі халықтың өзіне өзі көмек көрсету ережелері



Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №13 Ядролық жарылыс кезіндегі нысанның потенциалды қауіпі
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларының әсерінен өрт, жаппай қирау, коммуналдық-энергетикалық тораптарда апаттар, жердің радиоактивті ластануы және халық арасында едәуір шығын пайда болатын аумақ. Ядролық зақым ошағының аумағы қолданылған қарудың мөлшері мен қуатына, жарылыстардың түріне, құрылыстың сипатына, жер бедеріне (акватория терендігі) және ауа райы жағдайларына байланысты.

Қирау сипатына қарай және құтқару жұмыстарының көлемін белгілеу.


Соғыс уақытында қарсылас жақ ядролық қаруды қолданған кезде мынадай зақымдағыш факторлары әсер етеді. 

Соққы толқыны - негізгі зақымдағыш әсер факторы, жарылыс кіндігінен барлық жаққа дыбыс жылдамдығымен қозғалатын, қатты сығылған ауаның жиналған жері. Осылайша Шгт ядролық оқтүмсықтың жарылысы кезінде соққы толқыны 9 секундта, 5 километрге, 22 секундта, 10 километрге жетеді. 

Соққы толқыны ғимаратты, техниканы, өндірістік қондырғыны, қиратады және адамдарды зақымдайды. Соққы толқынның зақымдағыш әсері шаршы сантиметрге (кг/см2) килограммдармен көрсетілетін оның төнірегіндегі артық қысыммен сипаталады. Мысалы, ауадағы ядролық жарылыс кезінде қабылдау бетінің алаңы 50()см2, түрған адамға артық қысымы 0,5 кг/см2 соққы толқыны 2500 кг күшпен әсер етеді. Ядролық зақымдау ошағы шартты түрде төрт шеңберлі аймаққа бөлінеді. 

Бірінші аймаққа (жарылыс кіндігіне жақын жердегі толық қираушылық) сырттқы шекараға 0,5 кг/см2 жоғарырақ артық қысым-мен соққы толқынының әсеріне үшыраған зақымдану ошағының аумағы жатады. 

Екінші аймақ (қатты қирау) 0,5 - 0,3 кг/см2 соққы толқынының артық қысымымен сипатталады. Бүл аймақта тас ғимараттар мен жертөбелер қатты қирап, ағаш ғимараттар толық қирауы мүмкін, үйінділер пайда болып, өрт шығуы да мүмкін. Панаханалардыңкөбісі сақталады, алайда кейбіреулерінің кіреберісі мен шығаберісін үйінді басып қалуы мүмкін. Панаханадағы адамдар зардап шекпейді. 

Үшінші аймақ (орташа қираулар) 0,3 - 0,2 кг/см2 соққы толқы-нының артық қысымымен, ғимараттар мен түрақжайлардың ішінара қирауымен сипатталады. Оларды жаппай өрт жайлауы мүмкін, (көптеген қорғаныс ғимараттар сақталынады, ал онда түрған адамдар зардап шекпейді. Қорғаныс ғимаратының сыртында қалған адамдардың бір бөлігі жарақат алып, жедел медициналық көмекті қажет етеді. 

Төртінші аймақ (болмашы қираулар) 0,2 - 0,1 кг/см2 толқын соққысының артық қысымымен сипатталады. Бұл аймақта ғимараттар мен тұрақ жайлардың қирауы сирек. 

Жарықтың сәуле шығаруы - ядролық жарылыс кезінде пайда болатын сәуле энергиясының ағыны. Ядролық жарылыс жарқылдаған аумақтағы ауаның температурасы жарқылдау басында миллион градусқа дейін жетіп, аяғында бірнеше мың градусқа дейін тө-мендейді. Жарықтың сәуле шығаруы қас-қағым сәтте таралып, аз уақыт ғана әсер етеді. 


Жарық сәулесі күндікінен әлде қайда күшті, ал жарылыс кезінде пайда болған ядролық шар жүздеген километрден көрінеді. 

Жарық сәулесінің зақымдағыш әсері жарық серпінімен, яғни жарық сәулесі бағытына қарсы орналасқан үстінгі беттегі Ісм2 сәулелену кезінде өткен жарық энергиясының санымен сипатталады. Жарық серпінінің өлшем бірлігіне 1 кал/см2 алынады. 2-4 кал/см жарық серпіні кезінде қорғанбаған адамдарда бірінші дәрежедегі күйік, 4-7,5 кал/см2 кезінде екінші дәрежедегі күйік (бүршіктердің пайда болуы). 5-12 кал/см2 кезінде үшінші дәрежедегі күйік (тері жамылғыларының толық жансыздануы), 12 кал/см2 өнан жоғары болса, төртінші дәрежедегі күйік алады (тері жаппай жансызданып үлбірейді).

Жарық сәулесі жаппай өрт тудыруға қабілетті. 
Жарық сәулесінің жиілігі ауа райына қатты тәуелді. Түман, жаңбыр мен қар оның әсерін қатты әлсіретеді, ал ашық қүрғақ ауа райы, керісінше, өрттердің шығуы мен күйік алуға қолайлы жағдай жасайды. 

Өткіш радиация - ядролық жарылыс кезінде шығатын гамма сәулелер мен нейтрондар ағыны. Р-нің зақымдаушы әрекеті адамдардың сәуле ауруын тудырады, зақымдаушы фактордың мәні гамма сәулелер мен нейтрондар тірі клеткалардың молекулаларын иондап, олардың қалыпты тіршілік қызметін бүзады. Мұның нәтижесінде адамдар сәуле ауруына шалдығады, көп доза алған адамдар мерт болады. үсті жабылған жыралар, блиндаждар, паналау ғимараттары және басқа қорғаныс құрылыстары сондай-ақ қорғаныс киімдер Р-ның әсерін күрт әлсіретеді.




Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №14 Зардап шеккендер мен ауруларды тасымалдау жолдары
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Зардап шеккен адамдарға алғашқы көмек көрсетіп, содан кейін оларды емдеу бекеттеріне немесе ауруханаға жеткізіледі. Жарақаттанған адамды алып шығудың бірнеше әдістері бар. Мұның барлығы жарақаттың қандай, ауыр-жеңілдігіне, қолда бар құралдарға және жарақаттанған адамдардың аз-көптігіне байланысты.
Басты мақсат жарақаттанған адамды жанын қиналтпай ауруханаға жеткізу болып табылады. Жүруге жарайтындарын өзге адамдардың, жасақшылардың көмегімен өз аяғымен жүргізіп алып шығады. Өзі жүре алмайтын адамдарды санитарлық зембілмен тасымалдайды (1 сур.).

 

1 сурет - Санитарлық зембілдер

 

Жарақатына байланысты зембілге әр түрлі жатқызады:



- жауырыны зақымдалған болса, зембілге оң жағымен, іші жарақаттанған болса, шалқасынан жатқызып, тізесін бүктіріп, тақымының астына киімді, көрпені домалақтап салады;

- кеудесінен жарақаттанғанда жауырнына жатқызып, басын биіктеу көтеріп тасымалдайды;

- омыртқа зақымданғанда зардап шегушіні тақтайға немесе сондай қатты нәрсенің үстіне жатқызып, жақсы бекітіп, зембілге салып алып жүреді;

- егер қатты нәрсе табылмаса, онда адамды зембілге екбетінен салып тасымалдайды. Зембіл шайқалмас үшін екі адам аяқтарын шатыс түрде жүруі керек (алдынғы адам оң аяқты ілгері салғанда, екіншісі адам сол аяқты ілгері салады). Асықпай сағатына 2-2,5 км шапшандықпен жүру керек. Негізінде жарақаттанған адамның аяғын ілгері салып алып жүреді, бірақ сырқаттың жағдайы төмен болса, артқы адам жағдайын қарап жүру үшін жаралының басын ілгері салады. Жол бойы сырқатты қадағалап, құсқанда басып қырына жатқызып, ауызының қуысын тазалайды, есінен айрылғанда мүсәтір спиртін иіскетеді, демі тоқтағанда, қолдан жасанды демалдыру амалын жасайды. Қажет болса, ауру адамды зембілімен алмай-ақ сонымен ауруханаға аттандырады. Жаралы адамды жақсы қымптап, жылы ұстау қажет. Іші жарақаттанған адамға су беруге болмайды, тек аузын сулы матамен сүртіп отырған дұрыс.

Биікке, тауға, жоғарғы этажге көтерілетін болса, онда артқы адам зембілді жоғарырақ көтеріп, сырқатты тегіс жататының қадағалау тиіс (2 сур.).

 

2 сурет - Таудан тасымалдау

 

Стандартты зембіл болмағанда пальтоны, шинельді, қапты, жайманы пайдаланып, зембіл жасауға болады (3, 4 сур.).



 

      3 сурет - Қолда бар нәрселерден жасалған зембілдер

 

4 сурет - Қолда бар нәрселерден жасалған зембілдер

 

Жарақаттанған адамды жалпақ тақтайға, есікке, баспалдақққа, жинамалы төсекке салып алып жүруге болады. Тар, өтуі қиын жерлерден адамды жіппен тартып шығарады. Алып жүру үшін "сегіздіктеп" салынған қайысты (5 сур.) пайдалануға болады немесе екі адамның қолын айқастырып бір-біріне  бекітіп (құлып), сырқатты қолдың үстіне отырғызып, алып жүруге болады (6 сур.).



 
5 сурет - "Сегіздіктеп" салынған қайыстың көмегімен тасымалдау

 

6 сурет - "Құлыпқа" отырғызып тасымалдау

 

Ауруханаға арнайы көлікпен апаратын болса, алдымен жоғары қабаттағы, кейін төменгі қабаттағыларды орналастырады. Егер жүк машинасымен апаратын болса, машинаның үстіне қалыңдығы 10 см топырақ төсеп, зембілдерді солардың үстіне орналастырады. Арбамен не шанамен тасымалдаса, олардың үстіне шөп салынады.



Жұқпалы ауруларды арнайы көлікпен тасымалдайды. Бұл ауруларды алып жүргенде түкіретін ыдыстар, залалсыздандыратын дәрі-дәрмек, көмек көрсетілетін дәрілер болуы тиіс. Жұқпалы ауруларды тасымалдайтын жасақшылар жұқпалы ауруға қарсы киім-кешек киіп, мұрын-ауыздарына тұмылдырықпен немесе дәкемен жайып жүру тиісті. Науқасты емханаға орналастырғаннан кейін өздері санитарлық тазалықтан өтеді.

Өзін – өзі тексеру сұрақтары

  1. Зардап шеккен адамға көмек көрсету әдістері.

  2. Жарақаттанған адамды тасымалдау ережелері.


Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №15 Төтенше жағдайдағы шаруашылық объектілердің жұмыс тұрақтылығы
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Төтенше жағдайдағы шаруашылық объектілердің жұмыс тұрақтылығын анықтау.Төтенше жағдайдағы халықтың шаруашылық объектілердің жұмыс тұрақтылығы; Техникалық жүйелердің және объектілердің жұмыс істеу тұрақтылығын жоғарлатудың жолдары.

Төтенше жағдайдағы халықтың шаруашылық жұмыс объектілердің тұрақтылығы. Төтенше жағдайдағы халықтың шаруашылық жұмыс объектілердің тұрақтылығы бүл жағдайда өзінің функцияларын орындалуының қабілеттілігімен, сонымен қатар жарақаттанған жағдайда қалпына келу қабілеттілігімен анықталады.

Төтенше жағдай шарттарында өндірістік кәсіпорындар өнімді шығаруға, қабілеттікті сақтау керек, ол көлік құралдары, электрлік берілістін жолы және басқа материалдарының құндылығы жоқ үйлестін объектілері өзінің талаптарын нормалауы түрде орындалады қамтамасыз ету керек.

Төтенше жағдай шарттарында объект тұрақтылықты сақтау үшін төтенше жағдайлардың дамуында пайда болатын зиянды және қауіпті факторлардың әсер етуінен қызметшілерді сонымен қатар объектің жақын жерінде тұратын халықты қорғауға бағытталған инженерлік-техникалық, ұйымдастық және басқа шараларды өткізеді.

Төтенше жағдай шарттарында объект жұмыстық тұрақтылығына келесі факторлар әсер етеді: объектің орналасу аймағы, ішкі жоспарлануы және объект территориясының салынуы; техникалық процестердің сипаттамасы (қолдананылатың заттар, құралдардың энергетикалық сипаттары, оның өртке және жарылуына қауіптілігі және т.б.); өндірістік жүргізу жүйесінің сенімділігі және т.б.



Объектің орналасу аймағы. Объектің орналасу аймағы, сонымен қатар зақымдалатын факторлардың әсер етудің мүмкілдігін анықтайды (жер селкінулер, су тасқындары, даулдар, көшкіндер және т.б.).Көлік желілері және энергиямен қамтамасыз ету жүйелерді қайталаудың маңызды мағынасы бар. Егер кәсіпорын немесе жүзетін өзеннің қасында орналасқан болса, темір жол және құбыр магистралының қиратылуы жағдайында шикізатты әкелу және дайын өнімін шығару су көлігімен асырылуы мүмкін.

Төтенше жағдайлардың салдарына аймақтың метеорологиялық шарттар елеулі әсер етуі мүмкін.

Салудың ішкі жоспарлануы және тығыздығы. Объектің территориясындағы салулардың ішкі жоспарлануы және тығыздығы өртің таратылып кетуінің мүмкіндігіне, жарылыс кезінде пайда болатын екпінді тасқынды қоздыра алатын қиратуларға қоршаған ортаға улы заттарды тастау кезіндегі зақымдауға ұшырайтын ошағының өлшемдеріне және т.б. елелеулі әсер етеді.Объектің айналасындағы салулардың өзгешілігін де еске алу керек. Солай берілген объекттің жаңында қауіпті кәсіпорындардың, соның ішінде химиялық объектте пайда болған төтенше жағдайлардың салдарларын елеулі дәрежеде күшейтуі мүмкін.

Техникалық процестердің спецификациясы.Техникалық процестердің спецификациясың зерттей білу, құрал жабдықтардың жарылу мүмкіндігін (мысалы, қысым астындағы жұмыс істейтін ыдыстар) өртер пайда болатын негізгі себептерін, процесте пайдаланатын қатты әсер ететін, улы және радиоактивті заттардың мөлшерін бағалау керек. Сонымен қаттар төтенше жағдайдағы өндірісті тоқтатудың жылдам және апатсыз тәсілін жетілдіру керек.

Техникалық жүйелердің және объектілердің жұмыс істеу тұрақтылығын жоғартудың жолдары. Әртүрлі төтенше жағдайларында электрлік құрылыстар және желістер әртүрлі бұзуларды және қиратуларды алып келуі мүмкін. Олардың нағыз осалдау бөлімдері жерлік құрылыстар (электрлі станциялары, қосалқы станциялары, трансформаторлық станциялар), сонымен қатар электр берілістердің ауа желістері болып табылады. Қазіргі заманғы ірі энергиялық жүйелерде жүйенің жұмыс қабілеттілігін толығымен сақтап отырып, бұзылған электр кездерін ләзде сөндіруге қабілеттілігі бар әртүрлі автоматты құралдар қолданылады.

Электр энергиямен қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылығын жоғарлату үшін ең біріншіден электр берілістердің ауа желістерін кабелді (жер астындағы) желістерге ауыстыру түтынушылардың қамтамасыз үшін резервтік желістерді қолдану, объектілердің суырмалы электр генераторлар, электр қозғаланатын автономды резервтік кездерін алдын ала ескерту керек.


Бақылау сұрақтары

  1. Тұрақтылық дегеніміз не?

  2. Төтенше жағдайдағы халықтың шаруашылық объектілер жұмысының тұрақтылығы қалай қамтамасыз етіледі?

  3. Төтенше жағдайдағы техникалық жүйелердің және халықтың шаруашылық объектілердің нағыз манызды түрлерінің жұмыс істеу тұрақтылығы жоғарту үшін не істеу керек?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет