ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Мамандыққа кіріспе»


Химиялық қауіпті нысандағы авария кезінде



бет11/15
Дата12.06.2016
өлшемі1.93 Mb.
#129827
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Химиялық қауіпті нысандағы авария кезінде


“Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған қаланың ТЖ бөлімі! Азаматтар! Мақта-мата комбинатында авария болып, соның салдарынан әсері күшті улы зат – хлор төгілді. Зақымдалған ауа бұлтты ... (мынадай) бағыттарға таралуда. Химиялық зақымдану аймағында бар (көшелердің қиылысы, кварталдар тізбеленеді) ... (мына) көшелерінің тұрғындары үйжәйдан шақпаңыздар. Есік-терезені жауып, пәтерді (үйді) қымтаңыздар. Жертөледе, төменгі қабатта жаысырынбаңыз, өйткені хлор ауадан ауыр болғандықтан, ол төмендегі жерлермен үйдің астына ағады.       .... (мына) көшелердің тұрғындары пәтерден, мекемеден, кәсіпорыннан көшіру жоспарынан тез шығыңыздар және ... (мына) ауданға барыңыздар.

Бұл туралы көршілеріңізге хабарлап, біздің хабарды тыңдаңыздар. Бұдан әрі ТЖ бөлімінің нұсқауына сәйкес қимылдаңыздар!”

  Атом электростанциядағы авария кезінде

(радиациялық қауіпті нысанда)

“Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған қаланың ТЖ бөлімі! Азаматтар! Атом электростанциясында авария болды. Электростанция ауданымен ... (тізбелеу) елді мекендеріне радиоактивтік шаңының түсуі күтілуде. Осыған байланысты көрсетілген елді мекенде тұратын халық үйжәйында қалуға тиіс. Тұрғын үйі мен мал қораларын мұқият қымтау қажет. Иодты препоратты ішу керек. Бұдан әрі ТЖ бөлімінің нұсқауына сәйкес қимылдаңыз!”

 Ықтимал жер сілкінісі кезінде

“Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған қаланың ТЖ бөлімі! Азаматтар! Ықтимал жер сілкінісіне байланысты қажетті сақтық шараларын жасаңыздар. Газды, суды, электрді ажыратып пештегі отты сөндіріңіз. Бұл туралы көршілеріңізге хабарлаңыз.

Қажетті киімді, құжатты, азық-түлік пен суды алып көшеге шығыңыз. Қарттар мен сырқаттарға көмек көрсетіңіз. Ғимарат пен электр желісінен алысырақ тұрыңыз. Егер сіз алғашқы дүмпу кезінде ғимаратта болсаңыз салыстырмалы қауіпсіз орынға жасырыңыз. Сабырлық пен тәртіп сақтаңыз. Біздің хабарларымызды қадағалап отырыңыз!”

 Су тасқыны кезінде

“Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған қаланың ТЖ бөлімі! Азаматтар! ... (мына) .... өзендегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты ... көшелері мен поселкалардың (тізбеленеді) аудандарындағы үйлерді су басу қауіпі күтіліп отыр. Осы көшелер мен поселкаларда тұратын халық қажетті заттарын шатырға шығарсын, аса қажет киім-кешегін дайындап, азық-түлікті жинасын. Кетердің алдында электр мен газды ажыратып, қауіпсіз ауданға барыңыз. Осы жердегі жиналатын көшіру тірегіне тіркеліңіз. Алынған ақпаратты көршілеріңізге хабарлап,  қарттар мен сырқаттарға көмектесіңіз.

Кез келген жағдайда да үйреленбей, сабырлық сақтаңыз.  Біздің хабарларды мұқият тыңдаңыз!”  


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мақсаты

  2. ҚР негізгі заңдары, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдар

  3. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы қорғану шаралары

2 Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы: АҚ ұйымдастырудың жалпы принциптері. АҚ күштері


Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Азаматтық қорғаныс (АҚ) - басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен бейбіт және соғыс уақытында халықты, шаруашылық нысандары мен аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш (қиратқыш) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы.

АҚ-тың ең басты міндеті халықты (адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау), аумақтарды және шаруашылық жүргізетін нысандарды қорғау болып табылады.


Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың жалпы принциптері. АҚ күштері

АҚ бүкіл республика аумағында аумақтық-өндірістік принцип бойынша ұйымдастырылады.

АҚ-қа жалпы басшылықты ҚР-ның Премьер-министрі жасайды, ол  ҚР АҚ-ның Бастығы болып табылады. Оның орынбасары  ҚР-ның ТЖ жөніндегі министрілігінің төрағасы болып табылады және республика АҚ-сына тікелей басшылық жасайды.

Орталық және жергілікті атқарушы органдардағы, ұйымдардағы АҚ-қа олардың бірінші басшылары жетекшілік етеді. Олар лауызымы бойынша АҚ-тың басшылары болып табылады.

АҚ шараларын орындауды қамтамасыз ету үшін мынадай органдар құрылады:

1) ҚР ТЖ жөніндегі министрілігі және олардың құрылымдық аумақтық  органдары;

2) Орталық және жергілікті атқарушы органдарда АҚ-тың басқармалары, бөлімдері;

3) Ұйымдарда АҚ штабы немесе ұйымдағы АҚ бастығына  тікелей бағынатын АҚ және ТЖ жөніндегі босалқы мамандар.

АҚ күштері бейбіт және соғыс уақыттарында халықты, аумақты және ұйымдарды қорғау, химиялық, радиациялық, бактериологиялық (биологиялық) зақымдану ошақтарында, ТЖ аумағында ҚжБШЖ жүргізу жөніндегі АҚ-тың міндеттерін орындау үшін құрылады. АҚ күштері әскери және әскери емес құрамаларынан құрылады.

АҚ күштерінің негізін әскери емес құрамалары құрайды. Олар бейбіт және соғыс уақытында ТЖ қауіпі туындаған кезде ҚжБШЖ-ды жүргізеді. АҚ құрамаларының құрамына жұмылдыру қағазы бар әскери міндеттілерден, І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектерден, жүкті әйелдерден, 8 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерден басқа еңбекке қабілетті жастағы ерлер мен әйелдер алынады. АҚ құрамалары аумақтық-өндірістік принциптері бойынша облыстарда, қалаларда, аудандарда және меншік түріне қарамастан ұйымдарда, тұрған жері бойынша құрылады.

АҚ құрамаларының жіктелуі:

Бағыну принципіне қарай:   1. Аумақтық құрамалар 2. Нысандық құрамалар.

Белгіленген міндеттер бойынша: 1. Негізгі құрамалар 2. Қамсыздандырушы құрамалар   

Аумақтық құрамалары облыс, қала, аудан әкімдерінің шешімдерімен, ал нысандық құрамалар ұйымдардың АҚ басшыларының бұйықтарымен құрылады. Аумақтық құрамалары маңызды нысандарда, аймақтың аумақтарында өз бетінше немесе нысандық құрамалармен өзара әрекеттесе отырып ерекше міндеттер мен жұмыстар жүргізу үшін тағайындалған. Нысандық құрамалары тікелеі нысандардың өзінде жұмыс жүргізу үшін арналған, бірақ нысаннан тыс жерлерде де ҚжБШЖ жүргізу үшін пайдаланылуы мүмкін.

Негізгі құрамаларға, ҚжБШЖ жүргізуге тікелей қатысушы (барлау, құтқару, медициналық, инженерлік, өрттен қорғау,  авариялық-техникалық, радиациялық және химиялық қорғану) құрамалар, ал қамсыздандырушыларға ҚжБШЖ-ды жүргізуді қамтамасыз етуші қалған барлық (байланыс, қоғамдық тәртіпті сақтау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, көлік, хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау және басқалары) құрамалар жатады.  

АҚ құрамаларының құрамы мен саны соғыс және бейбіт уақытындағы ТЖ-да халықты, аумақ пен ұйымды сенімді қорғауды қамтамасыз ететін жеткілікті қажеттілікті ескере отыра алдағы авариялық-құтқару жұмыстарының көлемі мен болжамдар негізінде анықталады.



Жер сілкінісіне ұшыраған ҚР аймақтары үшін АҚ құрамалары кемінде 10 адамға бір құтқарушыны, ал су тасқынына, өртке және басқа апатқа ұшыраған өнеркәсіп аймағы үшін 15-20 адам үшін бір құтқарушыны есептей отырып даярланады. АҚ құрамалары құралатын ұйымдардың басшылары кәсіби даярлық, қәзіргі техникамен, қондырғымен, жарақпен, өзге материалдық құралдармен жабдықтау және оларды іс-әрекетке даярлықта ұстау үшін жеке жауап береді.

Азаматтық қорғаныс күштері мыналардан:

- АҚ-тың әскери бөлімдерінен;

- АҚ-тың аумақтық және нысандық құрамаларынан;

- АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамаларынан;

- Республикалық (РЖҚО), аумақтық жедел-құтқару (ЖҚО)  және аэромобильді отрядтарынан тұрады.

АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары - халықтың тіршілігін қамсыздандыру, авариялық-құтқару және шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, құтқару құрамаларын күшейту мен олардың іс-әрекеттерін жан-жақты қамсыздандыру үшін құрылады және медициналық, байланыс, өрттен қорғау,  авариялық-техникалық, материалдық қамсыздандыру, көлік, хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау болып табылады.

РЖҚО баруы қиын аудандарда өте күрделі нысандарда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшін құрылады. Отряд ҚР Үкіметінің шешімімен құрылады. Облыстық және қалалық ЖҚО іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге алғашқы дәрігірлік көмек көрсету үшін құрылады. Жергілікті бюджет есебінен ұсталады.

Бейбіт уақытта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін бар АҚ құрамаларының санынан және штаттық мамандырылған құрылымдадардан қашанда дайын болатын шұғыл қимылдайтын отрядтар құрылады, олардың жалпы саны:

 облыстық - 150 адамнан кем емес;  қалалық - 100 адамнан кем емес; аудандық - 50 адамнан кем емес. 

Шұғыл қимылдайтын отрядтар  АҚ-тың аумақтық құрамалары санатына жатады.

АҚ құрамаларының дайындалуына берілетін уақыт:

2 сағаттан аспау керек - шұғыл қимылдайтын отрядтар үшін; 

4 сағаттан аспау керек - негізгі құтқару құрамалар үшін;

6 сағаттан аспау керек - қалған барлық құрамалары үшін.

Азаматтық қорғаныс күштері мынадай құрамаларға бөлінеді:

- "Дайындығы жоғары" АҚ-тың толық құрылымындағы әскери бөлімдер, республикалық және аумақтық жедел-құтқару отрядтары;

- "Тұрақты дайын тұратын" резервтегі әскери бөлімдер және АҚ бөлімшелері, АҚ аумақтық және нысандық құрамалары, АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары.

Халықаралық нормаларға сәйкес АҚ-тың дайындығы жоғары күштері, көлемі ірі төтенше жағдайларды жою жөніндегі күш пен құралдар құрамына кіретін АҚ құрамалары төтенше жағдай аударында және зақымдану ошақтарында 14 тәулік бойы құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар жүргізуге  дайын болуы керек.

Халықаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес Азаматтық қорғаныс  күштеріне енетін, жекелеген құрамалар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде құтқару жұмыстарын жүргізу үшін тартылады, халықаралық Азаматтық қорғаныс  күштерінінің құрамына кіреді. Азаматтық қорғаныс  күштерінін елімізден тыс пайдаланудың  тәртібін халықаралық шарттар мен келісімдердің негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.

АҚ құрылымы. Шаруашылық нысандарында АҚ ұйымдастыру

Нысанның бірінші басшысы АҚ-қа жетекшілік етеді. Оған көмекке АҚ штабы құрылады.

АҚ шараларын ұйымдастыру және жүргізу үшін АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары құрылады:

1) хабарландыру және байланыс (байланыс негізінде құрылады, хабарлау, байланысты жүзеге асыру, авариялар мен зақымдарды жою),

2) қоғамдық тәртіпті сақтау  (ведомстволық күзет бөлімдерінің негізінде құрылады, тәртіпті, қозғалысты реттеу),

3) өрттен қорғау (өртті сөндіру, алдын алу),

4) авариялық-техникалық (ұйымдардың тұрақты жұмыс істеуін арттыру үшін шаралар жүргізу, аварияларды жою),

5) паналау ғимараттар мен жасырыну орындарының (дұрыс пайдалануды, кіргізуді және толтыруды  қамтамасыз ету),

6) медициналық (медициналық көмек көрсету, алдын алу),

7) радиациялық және химиялық қорғану (ахуалды қадағалау, бақылау),

8) көлік (көшіру шараларын жүзеге асыру, құрал-жабдықтарды тасып жеткізуді қамтамасыз ету),

9) материалдық-техникалық қамтамасыз ету (азық-түлікпен, күнделікті қажет заттармен, жанар майлармен толық қамтамасыз ету). 

Базалардын болуына және жергілікті жағдайларға қарай осындай құрамалар құрылуы мүмкін.

 Оқу орындарының АҚ ұйымдастыру

Оқу орындарының АҚ бастығы - ректор (директор). Оның бұйрығымен АҚ штабы және АҚ мен ТЖ қажетті қызметтері құрылады.

АҚ мен ТЖ міндеттерін оқу орнының орай шешу үшін келесі құрамалары құрылуы мімкін: 

 - құтқару тобы;  

- қоғамдақ тәртіпті сақтау тобы; 

- байланыс тобы;

- санитарлық жасақтар; 

- радиациялық-химиялық бақылау нүктелер;

- өрттен қорғау тобы; 

- көлік тобы және т.б.

 АҚ-ты ұйымдастырудың жалпы принциптері. АҚ күштері

 АҚ бүкіл республика аумағында аумақтық-өндірістік принцип бойынша ұйымдастырылады.

АҚ-қа жалпы басшылықты ҚР-ның Премьер-министрі жасайды, ол  ҚР АҚ-ның Бастығы болып табылады. Оның орынбасары  ҚР-ның ТЖ жөніндегі министрілігінің төрағасы болып табылады және республика АҚ-сына тікелей басшылық жасайды.



Орталық және жергілікті атқарушы органдардағы, ұйымдардағы АҚ-қа олардың бірінші басшылары жетекшілік етеді. Олар лауызымы бойынша АҚ-тың басшылары болып табылады.

АҚ шараларын орындауды қамтамасыз ету үшін мынадай органдар құрылады:

1) ҚР ТЖ жөніндегі министрілігі және олардың құрылымдық аумақтық  органдары;

2) Орталық және жергілікті атқарушы органдарда АҚ-тың басқармалары, бөлімдері;

3) Ұйымдарда ? АҚ штабы немесе ұйымдағы АҚ бастығына  тікелей бағынатын АҚ және ТЖ жөніндегі босалқы мамандар.

АҚ күштері бейбіт және соғыс уақыттарында халықты, аумақты және ұйымдарды қорғау, химиялық, радиациялық, бактериологиялық (биологиялық) зақымдану ошақтарында, ТЖ аумағында ҚжБШЖ жүргізу жөніндегі АҚ-тың міндеттерін орындау үшін құрылады. АҚ күштері әскери және әскери емес құрамаларынан құрылады.

АҚ күштерінің негізін әскери емес құрамалары құрайды. Олар бейбіт және соғыс уақытында ТЖ қауіпі туындаған кезде ҚжБШЖ-ды жүргізеді. АҚ құрамаларының құрамына жұмылдыру қағазы бар әскери міндеттілерден, І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектерден, жүкті әйелдерден, 8 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерден басқа еңбекке қабілетті жастағы ерлер мен әйелдер алынады. АҚ құрамалары аумақтық-өндірістік принциптері бойынша облыстарда, қалаларда, аудандарда және меншік түріне қарамастан ұйымдарда, тұрған жері бойынша құрылады.

АҚ құрамаларының жіктелуі:

Бағыну принципіне қарай:   1. Аумақтық құрамалар 2. Нысандық құрамалар.

Белгіленген міндеттер бойынша: 1. Негізгі құрамалар 2. Қамсыздандырушы құрамалар   

Аумақтық құрамалары облыс, қала, аудан әкімдерінің шешімдерімен, ал нысандық құрамалар ұйымдардың АҚ басшыларының бұйықтарымен құрылады. Аумақтық құрамалары маңызды нысандарда, аймақтың аумақтарында өз бетінше немесе нысандық құрамалармен өзара әрекеттесе отырып ерекше міндеттер мен жұмыстар жүргізу үшін тағайындалған. Нысандық құрамалары тікелеі нысандардың өзінде жұмыс жүргізу үшін арналған, бірақ нысаннан тыс жерлерде де ҚжБШЖ жүргізу үшін пайдаланылуы мүмкін.

Негізгі құрамаларға, ҚжБШЖ жүргізуге тікелей қатысушы (барлау, құтқару, медициналық, инженерлік, өрттен қорғау,  авариялық-техникалық, радиациялық және химиялық қорғану) құрамалар, ал қамсыздандырушыларға ҚжБШЖ-ды жүргізуді қамтамасыз етуші қалған барлық (байланыс, қоғамдық тәртіпті сақтау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, көлік, хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау және басқалары) құрамалар жатады.  

АҚ құрамаларының құрамы мен саны соғыс және бейбіт уақытындағы ТЖ-да халықты, аумақ пен ұйымды сенімді қорғауды қамтамасыз ететін жеткілікті қажеттілікті ескере отыра алдағы авариялық-құтқару жұмыстарының көлемі мен болжамдар негізінде анықталады.



Жер сілкінісіне ұшыраған ҚР аймақтары үшін АҚ құрамалары кемінде 10 адамға бір құтқарушыны, ал су тасқынына, өртке және басқа апатқа ұшыраған өнеркәсіп аймағы үшін 15-20 адам үшін бір құтқарушыны есептей отырып даярланады. АҚ құрамалары құралатын ұйымдардың басшылары кәсіби даярлық, қәзіргі техникамен, қондырғымен, жарақпен, өзге материалдық құралдармен жабдықтау және оларды іс-әрекетке даярлықта ұстау үшін жеке жауап береді.

Азаматтық қорғаныс күштері мыналардан:

- АҚ-тың әскери бөлімдерінен;

- АҚ-тың аумақтық және нысандық құрамаларынан;

- АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамаларынан;

- Республикалық (РЖҚО), аумақтық жедел-құтқару (ЖҚО)  және аэромобильді отрядтарынан тұрады.

АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары - халықтың тіршілігін қамсыздандыру, авариялық-құтқару және шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, құтқару құрамаларын күшейту мен олардың іс-әрекеттерін жан-жақты қамсыздандыру үшін құрылады және медициналық, байланыс, өрттен қорғау,  авариялық-техникалық, материалдық қамсыздандыру, көлік, хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау болып табылады.

РЖҚО баруы қиын аудандарда өте күрделі нысандарда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшін құрылады. Отряд ҚР Үкіметінің шешімімен құрылады. Облыстық және қалалық ЖҚО іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге алғашқы дәрігірлік көмек көрсету үшін құрылады. Жергілікті бюджет есебінен ұсталады.

Бейбіт уақытта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін бар АҚ құрамаларының санынан және штаттық мамандырылған құрылымдадардан қашанда дайын болатын шұғыл қимылдайтын отрядтар құрылады, олардың жалпы саны:

 облыстық - 150 адамнан кем емес;  қалалық - 100 адамнан кем емес; аудандық - 50 адамнан кем емес. 

Шұғыл қимылдайтын отрядтар  АҚ-тың аумақтық құрамалары санатына жатады.

АҚ құрамаларының дайындалуына берілетін уақыт:

2 сағаттан аспау керек - шұғыл қимылдайтын отрядтар үшін; 

4 сағаттан аспау керек - негізгі құтқару құрамалар үшін;

6 сағаттан аспау керек - қалған барлық құрамалары үшін.

Азаматтық қорғаныс күштері мынадай құрамаларға бөлінеді:

- "Дайындығы жоғары" АҚ-тың толық құрылымындағы әскери бөлімдер, республикалық және аумақтық жедел-құтқару отрядтары;

- "Тұрақты дайын тұратын" резервтегі әскери бөлімдер және АҚ бөлімшелері, АҚ аумақтық және нысандық құрамалары, АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары.

Халықаралық нормаларға сәйкес АҚ-тың дайындығы жоғары күштері, көлемі ірі төтенше жағдайларды жою жөніндегі күш пен құралдар құрамына кіретін АҚ құрамалары төтенше жағдай аударында және зақымдану ошақтарында 14 тәулік бойы құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар жүргізуге  дайын болуы керек.

Халықаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес Азаматтық қорғаныс  күштеріне енетін, жекелеген құрамалар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде құтқару жұмыстарын жүргізу үшін тартылады, халықаралық Азаматтық қорғаныс  күштерінінің құрамына кіреді. Азаматтық қорғаныс  күштерінін елімізден тыс пайдаланудың  тәртібін халықаралық шарттар мен келісімдердің негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.

АҚ құрылымы. Шаруашылық нысандарында АҚ ұйымдастыру

Нысанның бірінші басшысы АҚ-қа жетекшілік етеді. Оған көмекке АҚ штабы құрылады.

АҚ шараларын ұйымдастыру және жүргізу үшін АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары құрылады:

1) хабарландыру және байланыс (байланыс негізінде құрылады, хабарлау, байланысты жүзеге асыру, авариялар мен зақымдарды жою),

2) қоғамдық тәртіпті сақтау  (ведомстволық күзет бөлімдерінің негізінде құрылады, тәртіпті, қозғалысты реттеу),

3) өрттен қорғау (өртті сөндіру, алдын алу),

4) авариялық-техникалық (ұйымдардың тұрақты жұмыс істеуін арттыру үшін шаралар жүргізу, аварияларды жою),

5) паналау ғимараттар мен жасырыну орындарының (дұрыс пайдалануды, кіргізуді және толтыруды  қамтамасыз ету),

6) медициналық (медициналық көмек көрсету, алдын алу),

7) радиациялық және химиялық қорғану (ахуалды қадағалау, бақылау),

8) көлік (көшіру шараларын жүзеге асыру, құрал-жабдықтарды тасып жеткізуді қамтамасыз ету),

9) материалдық-техникалық қамтамасыз ету (азық-түлікпен, күнделікті қажет заттармен, жанар майлармен толық қамтамасыз ету). 

Базалардын болуына және жергілікті жағдайларға қарай осындай құрамалар құрылуы мүмкін.

 Оқу орындарының АҚ ұйымдастыру

Оқу орындарының АҚ бастығы - ректор (директор). Оның бұйрығымен АҚ штабы және АҚ мен ТЖ қажетті қызметтері құрылады.

АҚ мен ТЖ міндеттерін оқу орнының орай шешу үшін келесі құрамалары құрылуы мімкін: 

 - құтқару тобы;  

- қоғамдақ тәртіпті сақтау тобы; 

- байланыс тобы;

- санитарлық жасақтар; 

- радиациялық-химиялық бақылау нүктелер;

- өрттен қорғау тобы; 

- көлік тобы және т.б.


Өзін – өзі тексеру сұрақтары


  1. Азаматтық қорғаныс мәселелерінің шешілу деңгейлері

  2. Халықтың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттері мен міндеттері

  3. ТЖМЖ негізгі міндеттері

  4. ТЖМЖ құрамы, құралдары мен күштері

3 Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы: Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы


Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар: табиги сипаттағы төтенше жағдайларды жер сілкінісі, сел, қар көшкіндері, су тасқыны және басқа да зілзалалар табиғи өрттер, індеттер және эпизоотиялар, ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестермен зақымдалуы секілді дүлей зілзалалар туғызуы мүмкін.

Басқаша айтқанда, мұндай жағдай табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың ошақтарының белгілі бір аймақта пайда болуына әкеліп соғатын үрдістер немесе қауіпті табиғи кұбылыстар нәтижесінде болады.


Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға мыналар жатады:

  • геологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер ( эндогенді: жер сілкінісі, жанартаулардың атқылауы; экзогенді: үгінділер, сырғымалар, сел);

  • гидрологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер;

  • метрологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер;

  • табиғи өрттер;

  • эпидемиялар және эпизоотиялар;

  • ауыл шаруашылық өсімдіктерінің, ормандардың ауруы мен зиянкестермен зақымдануы.

Геологиялық қауіпті құбылыстар және үрдістер. Геологиялық қауіпті құбылыстарға адамдарға, ауылшаруашылық малдары мен жануарларына, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақымдаушы әсерін тигізетін немесе тигізуі мүмкін геологиялық құбылыстар немесе әр түрлі табиғи, гидродинамикалық факторларды немесе олардың үйлесімдері әсерінен жер астында пайда болған геологиялық үрдістердің нәтижесінде немесе геологиялық жағдайлар жатады.

Жер сілкінісі – жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашыктыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл геологиялық құбылыстарды геофизикалық бөлім сейсмология зерттейді.

Жер сілкінісі кенеттен пайда болатын және жылдам таралатын дүлей зілзалаға жатады. Оған дейін алдын ала дайындық және көшіру шараларын жүргізу мүмкін емес, сондықтан жер сілкінісінің зардаптары көптеген экономикалық шығындармен және көптеген адамдардың қаза болумен байланысты. Зардап шеккендердің саны жер сілкінісінің орны мен күшіне, халықтың тығыздығына, құрылыстардың сейсмотұрақтылығы мен биіктіктеріне, тәулік уақытына, зақымдаушы фактордың екінші рет пайда болу мүмкіндігіне, халықтың және арнайы іздеу-құтқару құрамаларының (ІҚҚ) дайындықтарының дәрежесіне тәуелді.

Жер сілкінісі өзінің зардаптарымен қауіпті («екінші рет қайталанған фактор»): табиги зардаптар: жердің бұзылуы (жарықшалар және ығысулар); сырғымалар, көшкіндер, селдер, топырақтың басылуы, цунами; адамдардың іс әрекетіне байланысты зардаптар: қирандылар, ғимараттардың құлауы, бөгендер зақымдалған кездегі су басу, энергия көздерінің, мұнай қоймаларының, газ өткізгіштердің зақымдалуынан болған өрттер, қуатпен жабдықтау желілеріндегі, комуникация, көлік құралдарының зақымдалуы, радиоактивті таралу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет