ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығы үшін ОҚу- әдістемелік материалдар



бет2/8
Дата16.06.2016
өлшемі1.13 Mb.
#138553
1   2   3   4   5   6   7   8

4-5 дәріс. Жобаны есептеу бөлімі
Дәріс сұрақтары:

    1. Қажетті шикізат есебінің әдістемесі

    2. Дайын өнім ассортиментінің шикізат мөлшерін анықтау


Дәріс мақсаты: Өндіріске қажетті шикізат мөлшерінің коэффициентін есептеу және дайын өнім мен шикізат мөлшерін анықтау;
Былғары және үлбір құрылыс өндірісін жобалауда қажетті шикізат мөлшерін есептеу. Ірі қара малдың терісінен аяқ киімнің үстіңгі былғарысын жасайтын өндірістің есептеу әдістемесі.

Берілгендері және шартты түсіндірмелері

Мг – зауыттың жылдық қуаттылығы, кв.дм.

Д – жыл ішіндегі жұмыс күндерінің саны

аi – жобалауға арналған дайын өнім шикізаттарының ассортиментті, % Σ аi=100%

Ni –100 кв.м шикізаттың i-ге шығын нормасы, кг

mi – шикізаттың бір реттік салмағы, кг

Рс – бір шикізат партиясының салмағы, кг

Партия салмағы төмендегі формуламен есептеледі


Vоб – аппараттың жалпы ішкі көлемі, м 3

α – толықтыру коэффициенті

VП – полезный объем аппарата, м3

жк – сұйықтық коэффициенті, м3/т немесе л/кг.


Есептеу

1. Дайын өнімге кететін шикізат түрлерінің коэффициентін анықтау:


2. 100 кв.м2 шикізатқа кететін терінің орташа есептік мөлшерін

анықтау, кг



    1. Шикізаттың тәуліктік қажеттілігін анықтау, кг

4. Тәулігіне жіберілетін шикізат партиясының санын есептеп анықтау:



5. Тәулігіне қабылданатын шикізат партиясының саны:

nсут. (бүтін сан).

6. Шикізат ассортимент партиясы санын анықтау:



Есептеу кезінде n1, n2, … ni бөлшек сандар болуы мүмкін, бірақ nсут бүтін сан болу керек.

Сондықтан бөлшек сандарды ni бүтін сандарға дейін дөңгелектейміз 0,33; 0,67; 0,25; 0,5; 0,75.

Мысалы,


ni' дөнгеленген мәні есептелген ni мәнінен неғұрлым үлкейген сайын, жобаланаған аi дайын өнім ассортиментінің шикізат түрлерінің мәнінің қатынасында алшақтық немесе қателік көбірек болады.

7. Дайын өнім ассортиментінің шикізат түрлерінің мәнін түзету.

ni' түрлі шикізат партиясының саны өзгергенде, дайын өнім ассортиментінің сандық мәні де өзгеруге тиіс.



n1, n2 … ni - тәулігіне есептелген шикізат партиясының саны, %

n1, n2 … ni - дайын өнім ассортименттерінің есептелген шикізат саны, %

а'i - дайын өнім ассортиментінің шикізат түрлерінің түзетілгені, %

аi - дайын өнімнің жоспарланған ассортименті, %



  1. Шикізат түрлерінің түзетілгеннен кейін дайын өнім ассортиментінде таралу санын есептеу




  1. Түзетілгеннен кейін дайын өнімге кететін шикізаттың орташа есептік мөлшерін анықтау, 100 кв.м2


10. Түзеуден кейінгі тәуліктік шикізат қажеттілігі, партия саны, кг




  1. Бір шикізат партиясының түзетілген қосындысы:


12. Бір партиядағы шикізат саны



Әдебиеттер:

1. Туменова Г.Т. Методическое указание к выполнению лабораторных работ по дисциплине "Технология кожи и меха". - Семипалатинск, 2005.-50 с.

2. Павлов С.А. Химия и физика высокомолекулярных соединений в производстве искусственной кожи, кожи и меха: учебник для студентов вузов легкой промышленности / Шестакова И.С, Касьянова А.А. - М., "Легкая индустрия", 2009. - 528 с.

3. Ғайдар Л.П. Технология кожи: учебник для студентов вузов легкой промышленности. - М., "Легкая иидустрия", 2010. - 168 с.

4. Нормативные документы


6-дәріс. Былғары зауытының жалпы сипаттамасы
Дәріс сұрақтары:


  1. Былғарыға жалпы сипаттама


Дәріс мақсаты: Былғарыға жалпы сипаттама беріп, оың түрлерімен таныстыру
Былғары - мал терілерін химиялық және механикалық әдістермен өңдеу арқылы - алынатын материал. Одан аяқ киімсырт киімайыл-тұрмангалантерея, техникалық бұйымдар т.б. жасалады. Мал терісі 3 қабаттан шелден, өзеңнен, қыртыстан тұрады. Былғары жасау үшін терінің жүні жидітіледі, шелі сылынып, қыртысы жазылады. Терінің өзеңін (ортаңғы қабатын) өңдей отырып былғары алынады. Өзең айқыш-ұйқыштанып тығыз байланысқан коллогенді талшықтардан құралады. Теріні жүннен арылту үшін сілті (күл мен әк ерітіндісі) және фермент жағылады, күкіртті натрийәк ерітіндісі бүркіледі. Бірнеше сағаттан кейін қылшық пен босаң қыртыс арнаулы машина арқылы оңай ажыратылады. Мұнан соң шелдеу машинасымен терінің шелі сылынады. Осыдан шыққан шикізат көн деп аталады. Көндегі сілті және басқа қосылыстар кетіріліп, әк сумен жуылып шайылады.

Шикізат талқымен жұмсартылады. Арнаулы машинамен ылғалдан арылтылған соң, қалыңдығы бір тегіс болу үшін былғары сүріледі де, қандай мақсатқа пайдаланатындығына және жағылатын бояу түсіне қарай сұрыпталады. Тікелей бояуқышқылды бояу, т.б. тәсілдермен боялған былғарының қатпарлары жазылып, керу машинасына жіберіледі. Керіліп кептірілген былғарының пұшпақтары кесіледі, сығылады және оған жылтыр өң беріледі.

Пайдалану мақсатына қарай былғары 4 топқа бөлінеді: аяқ киімдік былғары, қайыс немесе айыл-тұрмандық былғары, сырт киімдік және галантереялық былғары, техникалық былғары Аяқ киімдік былғары қасаң және жұмсақ былғары түрінде болады. Аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне жұмсақ былғары, ал табан бөлігіне (ұлтан, өкше, сірі өкше, т.б.) қасаң былғары жұмсалады. Қасаң былғары ірі мал терісінен жасалады, өңделмеген терінің орташа салм. 23 — 26 кг-нан кем болмайды. Жұмсақ былғары қой, ешкі және бұзау, тана, құнажын, шошқа, жылқы терілерінен жасалады.

Қайыс немесе айыл-тұрмандық былғарыдан белдік т.б. бұйымдар (қалыңд. 2,5 — 3,0 мм), сондай-ақ, айыл-тұрмандар (қалыңд. 2,2 — 4,0 мм) жасалады. Сырт киімдік және галантереялық былғары ұсақ мал терісінен жасалады, қалыңд. 0,5 — 1,2 мм-ден аспайды. Галантереялық бұйымдар жасау үшін ірі балықтың, жылан мен кесірткенің терілері де пайдаланылады. Техникалық былғары ірі малдың жон терісінен жасалады, ол әрі қалың, әрі төзімді болады. Оны өндірістік машиналардың кейбір бөлшектерін жасауға пайдаланады.

Бақылау сұрақтары:



  1. Былғарыға жалпы сипаттама?

  2. Былғарыдан жасалатын материалдарға сипаттама беру?

Әдебиеттер:

1. Туменова Г.Т. Методическое указание к выполнению лабораторных работ по дисциплине "Технология кожи и меха". - Семипалатинск, 2005.-50 с.

2. Павлов С.А. Химия и физика высокомолекулярных соединений в производстве искусственной кожи, кожи и меха: учебник для студентов вузов легкой промышленности / Шестакова И.С, Касьянова А.А. - М., "Легкая индустрия", 2009. - 528 с.

3. Ғайдар Л.П. Технология кожи: учебник для студентов вузов легкой промышленности. - М., "Легкая иидустрия", 2010. - 168 с.

4. Нормативные документы


7-дәріс. Шикізат түрлері, қасиеттері мен сапасы
Дәріс сұрақтары:

  1. Былғары бұйымдарының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

  2. Қауіпсіздік көрсеткіштері


Дәріс мақсаты: Былғарыдан жасалатын шикізат түрлеріне қойылатын

талаптар мен қауіпсіздік көрсеткішімен таныстыру;
Аяқ киiм мына механикалық, биологиялық және химиялық қауiпсiздiк көрсеткiштерiмен:
      1) механикалық - аяқ киiмнiң төменгi бөлiктерiнiң, өкшесiнiң дайындама жiп тiгiстерiнiң бекiтiлу берiктiгi, пiшiн өзгерiсi көрсеткiштерiмен; спорттық аяқ-киiм - ұлтанның көп мәрте иiлуге шыдамдылығы ұлтанның соққыға берiктiгi, бекiтiлу тұстарының берiктiгi көрсеткiштерiмен;
      2) биологиялық - бұйымның физикалық қасиеттерiнiң көрсеткiштерiмен (иiлгiштiгi, су өткiзбеушiлiгi);

3) химиялық - модельдi ауа соғатын ортасына және сулы ортаға


денсаулыққа қауiптi химиялық заттардың шектi бөлiнуiмен, материалдар
бояуларының құрғақ және ылғалды үйкелуге, терлеу әсерiне берiктiгiмен
сипатталады.
      Аяқ киiмнiң мынадай қауiпсiздiк көрсеткiштерi айқындалады:
      1) күнделiктi киетiн, модельдi, спорттық және үйде киетiн аяқ киiм-ұлтанның және төменгi бөлiктерiнiң бекiтiлу берiктiгi;
      2) күнделiктi киетiн, модельдi және үйде киетiн — өкшенiң бекiтiлу берiктiгi;
      3) күнделiктi киетiн, модельдi, үйде және жолда киетiн — иiлгiштiгi;
      4) спорттық - ұлтанның көп мәрте иiлуге төзiмдiлiгi;

5) спорттық - ұлтанның соққыға берiктiгi және бекiтiлу тұстарының берiктiгi;


      6) резеңке, полимер, резеңке-тоқыма және полимер-тоқыма - су
өткiзбеушiлiгi.
  Аяқ киiм аяққа ыңғайлы болуы тиiс. Аяқ киiм дайындауға арналған қалыптар, өкшенi, аяқ киiм бөлiктерiн бекiту әдiстерi мен берiктiгi, аяқ киiмнiң иiлгiштiгi, табан ұшы мен өкшесiнiң майысу шамасы аяқ киiмнiң нақты түрлерiне арналған қолданыстағы нормативтiк құжаттарға сәйкес болуға тиiс. Қолданылатын материалдардың сапасы аяқ киiмнiң иiлгiштiгiн қамтамасыз етедi. Өкшесi төмен аяқ киiмнен басқа, табан жиынтығын ұстау үшiн мiндеттi түрде супинатор (өкшелiк) болуы тиiс.

Аяқ киiм астары бөлiктерiнiң бояуы құрғақ, ылғалды үйкелу және терлеу әсерiне төзiмдi болуы тиiс.

Аяқ киiмнiң механикалық және биологиялық қауiпсiздiк көрсеткiштерi осы Техникалық регламентке белгiленген талаптарға сәйкес болуы тиiс.

Аяқ киiм шығаруда қолданылатын материалдардан бөлiнетiн зиянды заттардың шектi рұқсат етiлген нормалары осы Техникалық регламентке белгiленген талаптарға сәйкес болуы тиiс.

Үйде және жағажайда киетiн аяқ киiм материалынан бөлiнетiн зиянды заттардың бөлiнуiн бақылау сулы ортада, аяқ киiмнiң қалған түрлерiн ауа соғатын ортада жүргiзiледi.

Сулы орта мен ауа соғатын ортадағы дәлдiк индексi 120%-дан артық болмауы қажет.

Былғары-галантерея бұйымдардың қауiпсiздiгi мына:
      1) тұтқалары мен иықтық белдiктердiң ажырату жүктемесi - механикалық көрсеткiштермен.
      2) денсаулыққа зиянды химиялық заттардың модельдi ауа соғатын ортаға және сулы ортада шектi бөлiнуi химиялық көрсеткiштермен сипатталады.
      Былғары-галантерея бұйымдары бөлiктерiнiң бояуы құрғақ, ылғалды үйкелу және терлеу әсерiне орнықты болуға тиiс.

Былғары-галантерея бұйымдарының механикалық және химиялық қауiпсiздiк көрсеткiштерi осы Техникалық регламентке белгiленген талаптарға сәйкес болуы тиiс.

Былғары-галантерея бұйымдарын жасау кезiнде қолданылатын материалдардан бөлiнетiн зиянды заттардың шектi рұқсат етiлген нормалары осы Техникалық регламентке белгiленген талаптарға сәйкес болуға тиiс.

Былғары-галантерея бұйымдарының материалдарынан зиянды заттардың бөлiнуiн бақылау ауа ортада жүргiзiледi.

Ауа соғатын ортадағы дәлдiк индексi 120 %-дан аспауға тиiс.
Бақылау сұрақтары:


  1. Қауіпсіздік көрсеткіштерінің түрлері?

  2. Былғары-галантерея бұйымдарының қауіпсіздігі?

Әдебиеттер:

1. Әсенова Б.Қ. Былғары және мех технологиясы: оқу құралы / А.Н.Нұрымхан, А.Н.Нұрғазезова.- Семей, 2008.- 123б.

2. Мәдиев Ө.Қ. Былғары және тері технологиясы: оқулық / Айтөленова Қ.Т. 2010.

3. Линь В.В. Обработка кожи и меха. - Москва: Аделант, 2006. - 388 с.

4. Ғайдар Л.П. Технология кожи: учебник для студентов вузов легкой промышленности. - М., "Легкая иидустрия", 2010. - 168 с.



8-дәріс. Былғары зауытын жобалау

Дәріс сұрақтары:

  1. Шикізат санын есептеу


Дәріс мақсаты: Былғары зауыттарын жобалау кезіндегі шикізаттың санын есептеудің әдістемесін үйрету;
Зауытта көлемі бойынша қабылданады, сондықтан бұл есептеуде көлем бойынша өнім 100 шаршы метр дайын өніммен есептелінеді
Бастапқы деректер:

Мг – зауыттың жылдық өнімділігі

Д – жұмыс күндері жылына

аi –өнім түріне байлансыты дайын өнім ассортименті, %

Σаi=а1 + а2 + …+ аi = 100%

Рс – булы шикізаттың бір партиясының массасы, кг

Vоб – барабанның толық ішкі көлемі, м3

α – барабанды толтыру коэфицентті

VП – пайдалы барабан көлемі , м3

жк – сулы коэффициент

mi –шикізат түріне байланысты бір тері массасы, кг

Fi –бір терінің орташа көлемі,кв.дм.

NiF –100 кв.м дайын өнімге шошқа шикізатының нормасы

Vоб – барабанның толық ішкі көлемі, м3

α – барабанды толтыру коэфицентті

VП – пайдалы барабан көлемі , м3

жк – сулы коэффициент

mi –шикізат түріне байлансыты бір тері массасы, кг

Fi –бір терінің орташа көлемі,кв.дм.

NiF –100 кв.м дайын өнімге шошқа шикізатының нормасы


Есептеу

1. Дайын өнімде шикізаттың түріне байланысты коэфиценттерді табу :

Орташа шикізаттың шығыны 100 кв.м

3. Орташа бір шошқа терісінің массасын табу , кг



4. Бір шошқа терісінің орташа көлемін есептеу , кв.дм.



5. Шикізаттың тәулік қажеттілігі көлемі бойынша, м2.



6. Масса бойынша тәуліктік қажеттілігі:



7. Тәуліктік шикізатты табу :



8.Тәулігіне партия санын қабылдаймыз : nсут.

9. Шикізат түріне байланысты партияны табу:

10. Шикізат түріне байланысты парияны түзеу.



11. Дайын өнім түріне байланысты түзеу:



12.Дайын өнім бойынша коэфиценттерді табу

13. Орташаесептеулік шикізат шығының 100 кв.м дайын өніміне,

м2/100 м2



14.Көлем бойынша тәуліктік қажеттілік , кв.м.



15. Масса бойынша тәуліктік қажеттілік, кг



16. Партияны түзеу, кг:



17. Бір партиядағы шикізат көлемі :




Әдебиеттер:

1. Әсенова Б.Қ. Былғары және мех технологиясы: оқу құралы / А.Н.Нұрымхан, А.Н.Нұрғазезова.- Семей, 2008.- 123б.

2. Туменова Г.Т. Методическое указание к выполнению лабораторных работ по дисциплине "Технология кожи и меха". - Семипалатинск, 2005.-50 с.

3. Ғайдар Л.П. Технология кожи: учебник для студентов вузов легкой промышленности. - М., "Легкая иидустрия", 2010. - 168 с.

4. Нормативные документы


9-дәріс. Дайындық процестері
Дәріс сұрақтары:


  1. Теріні қабылдау

  2. Теріні өңдеу


Дәріс мақсаты: Теріні қабылдап, оны өңдеп дайындау тәсілдерімен таныстыру;
Жаңа сыпырылған тері буы бурқыраған деп аталады. Былғары үшін жаңадан сыпырылып алынған, қан мен кір жұқпаған  теріден артық зат жоқ. Алайда көбінесе теріні бірден зауытқа жеткізуге немесе өздігінен өңдеуге мүмкіндік болмай жатады. Ал жатып қалған тері тез арада бүлінеді. Ол алдымен кеуіп, содан кейін мыжырайып, мүйізденіп кетеді. Одан кейін көгеріп, жүні түсе бастайды. Содан соң мүлдем шіриді. Сондықтан да тері бүлініп кетпеуі үшін одан түрлі нәрселер жасауға тура келеді. 

Теріні өңдеу. Теріні тазалап алғаннан кейін, оны тұзбен өңдейді. Өңдеутерінің шіріп кетпеуі үшін ғана емес, жүнінің мықтап тұруына да септігін тигізеді.

Тазаланған теріні келесі әдіспен тұздаған жөн: майда тұз алынады. Қыс айларында әр 1 кг  теріге 200 г, ал жаз мезгілінде 300 гтұз пайдаланылады. Үлкен өгіздің терісіне қыста 5,7-6,6 кг, ал жазда 8,2-10,2 кг тұз, ал сиыр терісіне қыста 3,3-5 кг, ал жазда 5-6,2 кг. тұз жұмсалады.



Өңдеу тәсілі. Теріні жүн жағымен таза жерге немесе еденге жаяды. Терінің астына шыққан ылғалын сіңіріп алатын бір нәрсе қоюға болады. Терінің ішкі жағына біркелкі етіп тұз себеді, тұз теріге дұрыс жағылуы үшін тұзды қолмен жаққан дұрыс. Егер тұз дұрыс жағылса, онда 3 күннен кейін оның бетінде қатты тұз көрінетін болады. Ал егер барлық тұз сіңіп кетсе, онда тұзды жаңадан қайта жағу керек. Тері тұздалғаннан кейін, бас пен құйрық жағын ішке қарай иеді. Одан кейін бас пен басқа да бөліктерді тұзбен өңдейді.

Содан кейін теріні буып қояды. Оның әдісі мынадай: бастан басталған терінің төрттен бір бөлігі ішке қарай иіледі, одан кейін оң және сол жақтары ортаға қарай, тері арқа бойымен, одан кейін басынан бастап оралады, құйрықпен немесе жіңішке арқанмен байланады.

Бес күннен кейін оралған тері шешіледі. Ылғалын ағызып, тағы да аздап тұздап, қайтадан орап қояды. Егер бәрі дұрыс жасалса, онда тері ұзақ уақыт бойы бүлінбей сақталады.

Терілер көп мөлшерде жиналып қалғанда, қатарларда тұздауға болады.

Бірінші теріні еденге жайып тұздайды. Одан кейін бас, аяқ жақтарын дөңгелетіп ішке қарай орайды. Барлық бөліктерді, әсіресе басын жақсылап тұздайды. Одан кейін екінші терінің басын бірінші терінің үстіне емес, жанына түсетіндей етіп қояды. Бәрін бірінші терідегідей жасайды. Екіншісіне үшіншісін, сосын төртіншісін, бесіншісін, осылай кете береді. Бастар бір-бірінен кейін жатады. Осындай ретпен 200 шақты теріні қоюға болады. Қатардағы тұздық терілердің дұрыс орналаспағандығынан бір жақа ағып кетпеуі керек.

Егер тері дұрыс тұздалмаса, ол бүліне бастайды. Тері шіри бастағанда оның жүні түседі. Жүнін анда-санда қолмен тартып көру керек. Жақсы теріден жүн түспейді, ал бүлінген теріден жылдам сыдырылып кетеді. Ондай теріні қолдануға болмайды. Одан кейін терінің сыртқы жағын ішке қарай орналастырып, сосын көлеңкеде кептіру керек. Теріні кептіру үшін іліп қояды. Оны күннің астында не ыстық пештің қасында кептіруге болмайды. Кәдімгі бөлме температурасы болған дұрыс.

Тері кепкеннен кейін (қатты кептірудің қажеті жоқ), оның жүнін ішке  қаратып, соңғы рет кептіреді.

Мұндай жағдайда тері көпке дейін сақталып тұрады.



Сату. Терілер отандық жеңіл өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Онда қосымша өңдеу жасалып, белгілі мемлекеттік сапа стандарттарына сәйкес қайта өңдеу жүргізіледі. Мекеме сатып алатын шикізат мемлекеттік стандарт бойынша қатаң бақылаудан өтеді. Стандартқа сай емес шикізат былғары жартылай фабрикат өндірісіне жіберілмейді. Баға шикізаттың көлемі мен сапасына қарай белгіленеді.
Бақылау сұрақтары:

  1. Дайындық процестеріне сипаттама бер?

  2. Теріні қабылдау кезіндегі қандай жұмыстар атқарылады?

  3. Теріні өңдеу кезінде ше?

Әдебиеттер:

1. Әсенова Б.Қ. Былғары және мех технологиясы: оқу құралы / А.Н.Нұрымхан, А.Н.Нұрғазезова.- Семей, 2008.- 123б.

2. Мәдиев Ө.Қ. Былғары және тері технологиясы: оқулық / Айтөленова Қ.Т. 2010.

3. Линь В.В. Обработка кожи и меха. - Москва: Аделант, 2006. - 388 с.

4. Ғайдар Л.П. Технология кожи: учебник для студентов вузов легкой промышленности. - М., "Легкая иидустрия", 2010. - 168 с.


10-дәріс. Қолданылатын құрал-жабдықтар
Дәріс сұрақтары:

  1. Өндірістегі машиналар

Дәріс мақсаты: Өндірісіте қолданылатын машиналармен және олардың қандай қызмет атқаратынын анықтап, ақпараттар беру;


«Евротекстиль» компаниясының үнемі арнайы тігін машиналарымен жаңартылып тұратын өзінің тігін өндірісі бар. Бұл немістің «PFAFF» фирмасының, сондай-ақ жапондық «JUKI» және «BROTHER» фирмаларының өндіргіштігі жоғары, жылдам, көз ілеспейтін машиналары.

Бұл машиналар, автоматты бекіткішін, табан көтергішін және жіптерді кесуін қоса, бағдарламалық басқарумен жабдықталған.

Бұйымның тігілу сапасы тек жаңа жабдықтарға ғана емес, біліктілігі жоғары мамандарға да байланысты. Тігіншінің шебер қолдары дизайнердің идеяларын өнер туындысына айналдырады. Пішушілердің, үтіктеушілердің және сапасын тексеру бөлімдері мамандарының шеберлігі мен ептілігі жоғары сапалы өнімді дәл уақытында өндіріп шығаруға мүмкіндік береді. 

Цехта американдық «Gammill quilting machine Co» фирмасының көлемді жамылғыларды, көрпелерді, тыстарды сырып тігетін, зигзаг тәрізді сәнді тігіс салатын жылдамдығы жоғары арнайы машиналары бар. Бұл машинаның көмегімен ұзындығы кез-келген және ені төрт метрге дейінгі стандартты емес бұйымдарды дайындауға болады. «Gammill» компаниясында оқып-үйренген сырып тігу машинасының операторы сапалы өнімді кез-келген көлемде және қысқа мерзім ішінде дайындай алады.

Түріктің «Malkan» фирмасының компрессоры бар өнеркәсіптік үтіктеу үстелдері кез-келген, тіпті өте жұқа маталар үшін сапалы, қауіпсіз үтіктеуді қамтамасыз етеді. Ұқыпты және озат шебер бір кезекте 400 метрге дейінгі матаны үтіктеп шығады.

Ылғал-жылумен өңдеу жоғары қысым мен температурада арнайы престе жүргізіледі, маталардың берік және ұзақ мерзімге біріктірілуін қамтамасыз етеді.

Немістің «ZSK» компаниясының кәсіби тігін машинасы матаға немесе дайын бұйымға күрделілігі кез-келген тігіс жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл машинаның берілген бағдарламамен басқарылатын сегіз түрлі өндіру режимдері кестелерді қысқа мерзім ішінде көптеп салуға мүмкіндік береді. Жоғары технологиялық «Gutermann», «Gunold», «Empiriler» жіптері суреттің сапасын, түсінің тереңдігін қамтамасыз етеді, кестелеу кезінде үзілу ықтималдығын азайтады.

Өндірістік цехта «JQ Laser» компаниясының мат1аны пішуге арналған лазерлік үстел пайдаланылады. Оның көмегімен пішушілер бұйымның күрделі элементтерін миллиметріне дейін дәл піше алады. Бұдан өзге, лазерлік үстел бағдарламасында былғары мен басқа тығыз материалдарға бедер салу функциясы да бар. Лазерлік үстел өлшемі 1300х2500 мм матаны өңдеуге мүмкіндік береді. Компанияда лазерлік жабдықтармен жұмыс жасауды үйренген мамандар жұмыс жасайды.


Бақылау сұрақтары:

  1. Өндірісте қолданылатын қандай машиналарды білесің?

  2. Сенің ойынша өндірісте қай елдің машиналарын қолданған тиімді?

Әдебиеттер:

1. Әсенова Б.Қ. Былғары және мех технологиясы: оқу құралы / А.Н.Нұрымхан, А.Н.Нұрғазезова.- Семей, 2008.- 123б.

2. Мәдиев Ө.Қ. Былғары және тері технологиясы: оқулық / Айтөленова Қ.Т. 2010.

3. Н. В. Булгаков. Меховое производство. - Екатеринбург: Каменный пояс, 2007. - 280 с.

4. Линь В.В. Обработка кожи и меха. - Москва: Аделант, 2006. - 388 с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет