11-дәріс. Үлбір зауытының сипаттамасы
Дәріс сұрақтары:
-
Үлбірге жалпы сипаттама
Дәріс мақсаты: Үлбір зауытының бұйымдарымен, технологиялық операциялар және жабдықтармен таныстыру, сонымен қатар, студенттерді үлбір зауытын жобалауға бейімдеу.
Үлбір - үлпілдек, мамық және биязылау жүңді жануарлардың өңделген терісі. Үлбірге түкті жабыны сапалы үй жануарларының (биязы және биязылау жүнді қойдың,қаракөл қозысының, қоянның, түбітті ешкі лағының, құлынның, бұзаудың), кейбір теңіз жануарлары (теңіз мысығы, итбалық) мен құстардың (баклаңдар, аққулар) терісі жатады. Үлбір сапасы мен пайдалану реті оларды өндеу ерекшеліктеріне байланысты өзгереді. Үлбірден жылы да әсем, әрі көп киіс беретін бас киім, сырт киім, жаға тігеді.
Үлбірлі бағалы аңдар арнайы темірден жасалған торларда қолдан өсіріледі. Қаракүзен, көгілдір, күміс түсті түлкілер, бұлғын, сазқұндыз, ондатрлар - қолда өсірілетін аңдар .
Олардан алынатын басты өнім - үлбір (мех). Аң шаруашылығы көптеген шет елдерде жақсы дамыған. Біздің елімізде енді ғана дамып келеді.
Қолға үйретілген жануарлар негізінде әр түрлі шаруашылықтар ұйымдастырылған. Жабайы бунақденелердің омарта шаруашылығының, жібек шаруашылығының ұйымдастырылуы соның айғағы. Үйқоян шаруашылығы, бұғы шаруашылығы, шошқа шаруашылығы халықты еттерімен қамтамасыз етсе, үйқояннан түбіт, бұғыдан дәрілік мүйіз алуға болады. Шошқа шаруашылығының ет пен майы, сондай-ақ терісі пайдаланылды. Аң шаруашылығының негізгі өнім- үлбір.
Үйқоян шаруашылығы. Үйқоянның арғы тегі - жабайы қоян. Біздің жыл санауымыздың алғашқы ғасырларында (ІІІ—IV ғғ.) Испания, Марокко елдерінде қолға үйретілген. Бірте-бірте басқа елдерге таралған. Үйқояны еті, терісі және түбіті үшін өсіріледі. Қазір дүние жүзінде үйқоянның 60-қа жуық қолтұқымы өсірілуде. Үйқоянның денесі жабайы қояннан ірі, 7-10 жыл өмір сүрелі және жыл он екі ай көбейе береді. Көжектері 3-4 айда жыныстық жағынан жетіліп, ұрпақ бере бастайды. Өте өсімтал, бір аналық үйқояны жылына 3-6 рет ұрпақ береді. Әрбір ұрпақ берген кезде 6-8 көжектен туады.
Етті, етті-терілі бағытта өсірілетін үйқоян қолтұқымдарын 3-4 айында сояды. Үйқоян еті - жеңіл әрі сіңімді тамақ, тез қорытылады. Жас балалар, аяғы ауыр әйелдер үшін өте пайдалы. Үйқоянын еті үшін Франция, Италия елдері өте көп өсіреді.
Үйқояндардың етті, етті-терілі, терілі және түбітті қолтұқымдары бар.
Етті-терілі қолтұқымдарға - мардер, шынша (шиншилла), шампан үйқояндары жатады. Қолтұқымдардың дене мөлшері орташа, терісі мен түгі сапалы болады.
Етті қолтұқымдарға - ақ, сүр, күміс түсті, қара-қоңыр түсті үйқояндары жатады. Олардың денесі ірі, кейбірінің салмағы 7-8 килоға дейін жетеді. Терілі қолтұқымдарға - ақкіс, аляска, рекс үйқояндары жатады. Олардың тірідей салмағы 2-3,5 кг. Түгі әдемі және біртегіс. Үйқоянының терісі әдетте боялмай, табиғи түсі, түгі қырқылмай пайдаланылады. Түбітті қолтұқымдарға - татар, ангор үйқояндары жатады. Түгінің 90-92 пайызы түбіт, қылшығы аз. Мұндай қолтұқымдар түгінің түсі ақ, қара және көк болып келеді. Әр үйқояннан 360- 500 г түбіт алынады. Үйқоянын қолға өсіру тиімді. Олар тез көбейеді, онша күтім талғамайды.
Бақылау сұрақтар:
-
Үлбірге жалпы сипаттама бер?
-
Үлбір қандай жануарларынан алынады?
Әдебиеттер:
1. Әсенова Б.Қ. Былғары және мех технологиясы: оқу құралы / А.Н.Нұрымхан, А.Н.Нұрғазезова.- Семей, 2008.- 123б.
2. Линь В.В. Обработка кожи и меха. - Москва: Аделант, 2006. - 388 с.
3. Туменова Г.Т. Методическое указание к выполнению лабораторных работ по дисциплине "Технология кожи и меха". - Семипалатинск, 2005.-50 с.
4. Интернет
12-дәріс. Шикізат түрлері мен қасиеттері
Дәріс сұрақтары:
-
Үлбірдің маркалары мен мөлшерлері
-
Техникалық талаптар
Стрейч үлбірге ГОСТ қарастырылмайды. Үлбір ұйымның (өндірушінің) стандарттарына сәйкес өндіріледі. Осы стандарт жоғары қысымды полиэтиленнен және соның негізіндегі құрамында пигменттер (бояғыштар), тұрақтандырғыштар, сырғымалы, антистатикалық және модификациялаушы қоспалар бар композициялардан экструзия әдісімен дайындалатын полиэтилен үлбірге қатысты болып келеді.
Үлбір халық шаруашылығының түрлі салаларында қаптама материал ретінде қолданылады.
Маркалары мен мөлшерлері
-
Жаппай тұтынатын бұйымдарды, тұрмыстық мақсаттағы қаптамаларды дайындау үшін: боялған және боялмаған, тұрақтандырылған және тұрақтандырылмаған үлбірлер үшін Н маркалы үлбір пайдаланылады.
-
Н маркалы үлбірлерді дайындау үшін сырғымалы, антистатикалық және 5 %-ға дейінгі модификациялаушы, оның ішінде полимерлік қоспалары бар композицияларды пайдалануға рұқсат етіледі.
Жоғары қысымды полиэтиленнің ұсынылған маркалары мен олардың негізіндегі композициялар 1ақосымшасында келтірілген.
-
Үлбір орам етіп оралған кенеп түрінде шығарылады (жиектері кесілген немесе кесілмеген ұзына бойы екі жағынан тілінген жең).
-
Жиек кесіндісімен алынған кенепке арналған орамдағы үлбірдің ені бойынша шектік ауытқуы, - ±1 %.
Жоғары сұрыпты орамдағы кесінділердің саны екеуден көп емес.
Техникалық талаптар
-
Үлбір белгіленген тәртіпте бекітілген технологиялық регламент бойынша осы стандарттың талаптарына сәйкес дайындалуы тиіс.
-
Желілік мөлшерлері бойынша үлбір 1-кестеде көрсетілген нормаларға сәйкес болуы тиіс.
-
Сыртқы түрі мен физика-механикалық сипаттамалары бойынша үлбір 2-кестеде көрсетілген талаптар мен нормаларға сәйкес болуы тиіс.
Үлгі ақауларының терминдері мен анықтамалары 2а қосымшасында келтірілген.
-
Үлбірлі нормативтік құжаттама бойынша дайындалған картон-жиналатын шпульдерге орам етіп орайды. Шпульдің мөлшері 3-кестеде көрсетілген. Шет жақтарын сақтау үшін, шпульдің ұзындығы орамның әрбір жағынан үлбірдің енінен 5-10 мм-ге асып тұруы тиіс.
-
Ені бойынша рұқсат етілген шамада орамның шет жағы бойымен үлбірдің жылжуына жол беріледі.
Көрсеткіштің атауы
|
Нормасы
|
Қолмен
|
Автоматты
|
Номиналды қалыңдығы меншектік ауытқуы, мкм.
|
15 ± 1,5
17 ± 1,5
20 ± 2,0
23 ± 2,0
|
17 ± 2,0
20 ± 2,0
23 ± 2,0
|
Кенептің ені мен шектік ауытқуы, мм.
а) машинамен қаптауға арналған үлбір;
б) қолмен қаптауға арналған үлбір;
|
(500 - 1500) ± 1,0%
(450 - 500) ± 1,0%
|
Орамдағы үлбірдің ұзындығы, м.
а) машинамен қаптауға арналған үлбір;
б) қолмен қаптауға арналған үлбір;
|
1500 - 2000
200 – 300
|
Сыртқы түрі.
|
Үлбір мөлдір болуы тиіс, сызаттары, нығыздалған бүрмелері, ажыралыстары мен саңылаулары болмауы керек. Геликтердің болуына жол беріледі. Тығыз оралған және тепе-тең кесілген орам.
|
Ажырау кезіндегі беріктігі, МПа, кем емес:
ұзына бойы бағытта
көлденең бағытта
|
30
20
|
45
25
|
Тесілуге беріктігі, МПа, кем емес
|
21
|
21
|
Ажырау кезіндегі салыстырмалы ұзаруы, %, кем емес:
ұзына бойы бағытта
көлденең бағытта
|
250
450
|
300
600
|
Кепілді алдын ала созылуы, %,
кем емес:
|
200
|
280
|
Серпінді қалпына келтіру, %,
кем емес:
|
45
|
50
|
Қабыршақтың маркасы
|
Шпульдің негізгі мөлшерлері
|
Тығынның ішкі диаметрі, мм
|
Тығынның сыртқы диаметрі, мм
|
Тығынның салмағы, кг
|
Машиналық үлбір
|
76,2
|
96,2
|
1,1 – 1,6
|
Қол үлбірі
орау ені 450 мм
орау ені 500 мм
|
50
50
|
60
60
|
0,25
0,27
|
Бақылау сұрақтары:
-
Үлбірдің маркалары туралы қосымша материалдар қарастыр?
-
Үлбірге қойылатын техникалық шарттар?
Әдебиеттер:
1. Әсенова Б.Қ. Былғары және мех технологиясы: оқу құралы / А.Н.Нұрымхан, А.Н.Нұрғазезова.- Семей, 2008.- 123б.
2. Мәдиев Ө.Қ. Былғары және тері технологиясы: оқулық / Айтөленова Қ.Т. 2010.
3. Н. В. Булгаков. Меховое производство. - Екатеринбург: Каменный пояс, 2007. - 280 с.
4. Линь В.В. Обработка кожи и меха. - Москва: Аделант, 2006. - 388 с.
13-дәріс. Үлбір зауытын жобалау
Дәріс сұрақтары:
-
Шикізат санын есептеу
Дәріс мақсаты: Үлбір зауытын жобалау кезіндегі шікізаттың санын есептеудің әдістемесі үйрету;
Бастапқы деректер және белгіленуі:
Мтәу – үлбір фабрикасының тәуліктік өнімділігі,шт/сут.
VП – пайдалы аппарат көлемі , л
жк – сұйықтық коэффициент, л/кг
тi – 1 дана шикізат массасы
аi –жобаланған шикізат түрі , %
Σ =100% i а
Есептеу
1. Үлбір шикізатының түрі бойынша бөлу коэфиценті :
2. Бір партия шикізатының массасының есептелуі,Кг
3. 1 дана шикізаттың орташа есептеулік массасын табу
4.Тері шикізатының есептеулік көлемі, тәулікке байланысты:
5. .Тәулігіне партия санын қабылдаймыз: nсут
6. Бір партия шикізатты түріне байланысты массаны табу:
7. Жеке шикізат түріне байланыста партия санын табу :
8. Шикізаттың түзелген партия саны :
9. Бір партиядағы әр шикізат түрін табу
10. Әр шикізат түріне байланысты тәуліктік өнімділік , шт:
11. Шикізат ассортиментін түзеу :
Әдебиеттер:
1. Әсенова Б.Қ. Былғары және мех технологиясы: оқу құралы / А.Н.Нұрымхан, А.Н.Нұрғазезова.- Семей, 2008.- 123б.
2. Мәдиев Ө.Қ. Былғары және тері технологиясы: оқулық / Айтөленова Қ.Т. 2010.
3. Туменова Г.Т. Методическое указание к выполнению лабораторных работ по дисциплине "Технология кожи и меха". - Семипалатинск, 2005.-50 с.
4. Ғайдар Л.П. Технология кожи: учебник для студентов вузов легкой промышленности. - М., "Легкая иидустрия", 2010. - 168 с.
14-дәріс. Тазарту әдістері
Дәріс сұрақтары:
-
Былғары және үлбір шикізаты мен материалдарды өлшеуші
-
Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды жасақтаушы
Жұмыс сипаттамасы: транспортерге төсеумен электрондық машинада дайын былғарының ауданы мен қалыңдығын өлшеу; эталондар бойынша машина көрсетулерінің дұрыстығын тексеру.
Білуге тиіс: электрондық машинада дайын былғарының ауданы мен қалыңдығын өлшеу ережелерін, электрондық машинаның құрылысы мен пайдалану ережелерін, электрондық машина көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру тәсілдерін.
Былғары және үлбір шикізаты мен материалдарды өлшеуші.
Жұмыс сипаттамасы: компьютер жадына енгізу және дисплей арқылы шығару құрылғысына өлшенетін былғары партиясы жөнінде ағымдағы ақпаратты беру үшін қажетті экранмен, басып шығару құрылғысымен, клавиатурамен жабдықталған электрондық машинада дайын былғарының ауданы мен қалыңдығын өлшеу; баспа таспасын ауыстыру, машинаны жөндеу, күйге келтіру және реттеу; былғары түріне сәйкес автосалғышты күйге келтіру және реттеу; эталондар бойынша машина көрсетулерінің дұрыстығын тексеру; кейіннен партияларға буып түю үшін тасымалдаумен пакеттерге автосалғышпен былғарыны комплектілеу, пакеттерді орап байлау, жасақталған партиялардың есебін алу.
Білуге тиіс: дайын өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, электрондық машинада дайын былғарының ауданы мен көлемін өлшеу ережелерін, арнаулы эталонмен электрондық машина көрсетулерінің дұрыстығын тексеру тәсілдерін, жасақталған партиялардың есебін алу үшін компьютерді пайдалану ережелерін. Бұйымдарды, жартылай фабрикаттар мен материалдарды жасақтаушы.
Жұмыс сипаттамасы: мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттар мен технологиялық карталарға сәйкес былғары, аяқ киім, былғары галантереялық және қайыс-ер бұйымдары сынды дайын өнімдерді, сондай-ақ үлбір шикізаты мен жартылай фабрикаттарды есептеумен және байлаумен қоса белгіленген шамадағы өткізу партияларына жасақтау;
бір мезгілде 5 үлгіден (фасоннан) астам тігу бұйымдарын дайындау кезінде бөлшектерді, пішімді және жартылай фабрикаттарды іріктеу және жіберу; Ілеспе құжаттар бойынша бөлшектердің, бұйымдардың, пішімдердің, жартылай фабрикаттардың, көмекші материалдардың санын тексеру;
жасақталған партияларға құжаттарды рәсімдеу, белгіленген деректемелермен техникалық карталарды, төлқұжаттарды, калькуляциялық және прейскуранттық талондарды дайындау және толтыру;
жасақталған партиялардың есебін жүргізу, қоймаға дайын өнімді тасымалдау.
Білуге тиіс: жартылай фабрикаттарды, үлбір шикізатын және дайын өнімді жасақтау ережелерін, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдердің ассортиментін, дайын өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды, өткізу партиясының белгіленген шамасын, тері өлшемдерін өлшеу тәсілдерін, жасақталатын шикізат пен терілердің сипаттамасын, олардың мақсатын, өндіріске және нарядтар бойынша пішу цехтарына жіберу үшін жасақтау тәртібін, терінің шығыс нормаларын, белгіленген құжаттаманы толтыру бойынша нұсқаулықты және оны толтыру барысында арнаулы аспаптарды пайдалану ережелерін, жасақтаудың шартты белгілерін, өндіріске бөлшектерді, пішімді және жартылай фабрикаттарды жіберуге қойылатын техникалық талаптарды, даярланатын бұйымдарды өңдеудің технологиялық бірізділігін, транспортер құрылысын және оның қозғалыс жылдамдығын реттеу тәсілдерін.
Жұмыс үлгілері:
-
дайын былғары мен сыздықтар – түрі, сорты, салмағы, ауданы және басқа көрсеткіштер бойынша бумаларға жасақтау;
-
былғары галантереялық бұйымдар – түрі, артикулы, өлшемі, түсі және сорты бойынша жасақтау;
-
аяқ киім - артикулы, сорты, фасоны, өлшемі, толықтығы бойынша жасақтау;
-
тері тілімшелер – өлшемі, фасоны бойынша жасақтау;
-
қайыс-ер өндірісі өнімі – түрі, артикулы және сорты бойынша жасақтау;
-
сортталған үлбір шикізаты, жартылай фабрикаттар мен терілер – терілердің алынған топтарынан бұйымдардың шығымын айқындаумен бекітілген нұсқаулыққа сәйкес жасақтау;
-
полиэтиленнен жасалған ерлер қалыптары - фасоны, өлшемі, толықтығы бойынша іріктеу.
Бақылау сұрақтары:
-
Шикізат пен материалдарды өлшеуші?
-
Бұйымдарды жасақтаушы?
-
Жартылай фабрикаттар мен материалдарды жасақтаушы?
Әдебиеттер:
1. Әсенова Б.Қ. Былғары және мех технологиясы: оқу құралы / А.Н.Нұрымхан, А.Н.Нұрғазезова.- Семей, 2008.- 123б.
2. Мәдиев Ө.Қ. Былғары және тері технологиясы: оқулық / Айтөленова Қ.Т. 2010.
3. Н. В. Булгаков. Меховое производство. - Екатеринбург: Каменный пояс, 2007. - 280 с.
4 Страхов И.П. Химия технология кожи и меха: учебник для вузов. - М., Легпромбытиздат, 2003. - 496 с.
15-дәріс. Қолданылатын құрал жабдықтар
Дәріс сұрақтары:
-
Су-химиялық өңдеу аппаратшысы
-
Тері илеу аппаратшысы
-
Күлдеу аппаратшысы
-
Күлсіздендіру, жұмсарту аппаратшысы
-
Теріні бояу және майлау аппаратшысы
-
Тері илеу экстрактілерін әзірлеу аппаратшысы
-
Лак әзірлеу аппаратшысы
Дәріс мақсаты: Құрал-жабдықтармен танысып, олардың атқаратын қызыметімен таныстыру;
-
Жұмыс сипаттамасы:
қызмет ету аппараттарында былғары шикізатын жібіту, суландыру және жуып шаю технологиялық процесін жүргізу;
шикізатты, ерітінділерді, химикаттарды, материалдарды тасымалдау;
қолданылатын жабдықтың жөнділігін және оның жұмысқа дайындығын тексеру;
барабанда тұщы-құрғақ және құрғақ-тұзды былғары шикізатын шаю және бөлшектеу бойынша дайындық жұмыстарын орындау;
қолмен немесе станокта терілерде тесіктерді ою және тесу;
қайта жинау және электроворотпен түсіру кезінде терілерді төсеу және үздіксіз таспаларға байлау, рамаларға ілу немесе кеспектер мен барабандарға салу кезінде тиейтін бункерлерге жинап қою;
өткір ерітінділерді, антисептиктерді жасау, оларды аппараттарға құю;
қыздыру және жұмысшы сұйықтықтарын нығайту;
механикаландырылған тәсілмен шикізатты аппараттарға салу және одан түсіру;
температуралық режимді және аппараттардың айналу жылдамдығын реттеу, ерітінділерді ағызып жіберу.
Білуге тиіс:
былғары шикізатын су-химиялық өңдеу өндірісінің технлогиясын, қолданылатын өткірлеушілердің қасиеттерін, жібіту процесінде терілерді суландыру дәрежесін анықтау тәсілдерін, қызмет ету аппараттарының құрылысын, олардың айналу жылдамдығын және температуралық режимін реттеу тәсілдерін, қолданылатын көтеру-көлік механизмдерін пайдалану ережелерін.
-
Жұмыс сипаттамасы:
басқару тетігінен барабан-автоматтарда шикі теріні илеу, пикельдеу және хромдау технологиялық процестерін жүргізу;
басқару тетігіне бағдарламалы перфокарталарды орнату және автоматты режимде жұмыс істеу үшін барабандарды іске қосу;
тері илеу технологиялық процесінің барысын, химиялық материалдарды мөлшерлеуді, барабандардың жұмысын басқару тетігінен бақылау;
перфокарталардың өту дұрыстығын, аппараттардың жұмысын байқау;
бақылау және өлшеу, реттеу, белгі беруші құралдарды орнату және олардың көрсетуі бойынша технологиялық процестердің барысын бақылау;
барабандардың айналу жылдамдығын, жұмыс сұйықтықтарының көлемі мен температурасын мөлшерлеуді, жартылай фабрикаттарды өңдеу уақытын (технологиялық процестер бойынша), ерітінділерді, химикаттарды беру (айдап жіберу) және пайдаланылған сұйықтықтарды ағызып жіберу уақытын реттеу;
жұмыс циклі аяқталған соң перфокарталарды босату, Бақылау картасына сәйкес сынамаларды іріктеу;
барабандардан жартылай фабрикаттарды түсіру.
Білуге тиіс:
автоматты режимде тері илеу, хромдау, пикельдеу технологиялық процестерін жүргізу ережелерін, терілердің топографиясын, былғары шикізатының түрлерін, қолданылатын химиялық материалдардың қасиеттерін, жасалған және пайдаланылған жұмыс сұйықтықтарының технологиялық көрсеткіштерін, сынамаларды іріктеу әдістерін, былғары жартылай фабрикаттарының болуы мүмкін ақауларын және оларды жою тәсілдерін, қызмет ету жабдығын, басқару тетігін, автоматика жүйелерін, бақылау және өлшеу құралдарын пайдалану және реттеу ережелерін, берілген бағдарламасы бар перфокарталарды қолдану тәсілдерін және мақсатын.
3. Жұмыс сипаттамасы:
басқару тетігінен барабан-автоматтарда терілерді немесе көнді жібіту, күлдеу технологиялық процестерін жүргізу;
басқару тетігіне бағдарламалы перфокарталарды орнату және автоматты режимде жұмыс істеу үшін барабандарды қосу;
технологиялық процестердің барысын, химиялық материалдарды мөлшерлеуді, барабандардың жұмысын басқару тетігінен бақылау;
бақылау және өлшеу, реттеу, белгі беретін құралдарды орнату және технологиялық процестердің барысы жөніндегі олардың көрсетуін байқау;
барабандар мен аппараттардың айналу жылдамдығын, күлдеу сұйықтығы ерітінділерінің және судың көлемін мөлшерлеуді, су мен күлдеу сұйықтығының температурасын, су мен күлдеу сұйықтығын құю уақытын, регенерация және күлшікті қайтадан пайдалану үшін пайдаланылған сұйықтықтарды құбырларға немесе қабылдағышқа ағызып жіберу уақытын реттеу;
өңдеу топтамасы аяқталған соң перфокарталарды босату;
бақылау картасына сәйкес сынамаларды іріктеу;
барабандардан көнді түсіру.
Білуге тиіс:
автоматты режимде жібіту және күлдеу технологиялық процестерін жүргізу ережелерін, былғары шикізатының түрлерін және оны консервілеу әдістерін, жібіту және күлдеу технологиялық процестерін бақылау әдістерін, қолданылатын химиялық материалдардың қасиеттерін және олармен жұмыс істеу ережелерін, дайындалған және пайдаланылған жұмыс сұйықтықтарының технологиялық көрсеткіштерін, сынамаларды іріктеу әдістерін, қызмет ету жабдығын, басқару тетігін, автоматика жүйелерін, бақылау және өлшеу құралдарын пайдалану және реттеу ережелерін, берілген бағдарламасы бар перфокарталарды қолдану тәсілдерін және олардың мақсатын.
4. Жұмыс сипаттамасы:
көннен әкті ішінара немесе толық жою, ал жоғарғы теріні өңдеу кезінде – коллагенді босаңсыту және талшықаралық затты жою мақсатында баркастарда, барабандарда және басқа аппараттарда күлсіздендіру, жұмсарту, күлденген көнді жуып шаю технологиялық процестерін жүргізу;
аппараттарда жұмыс ерітінділерін жасау;
есептеулер және жүргізілген талдаулардың деректері негізінде ерітінділерді түзету (концентрацияны, сұйықтық коэффициентін, температураны және басқа параметрлерді);
технологиялық процестердің барысын бақылау және олардың аяқталуын анықтау;
күлсіздендіру, жұмсарту процестерін жүргізу кезінде жұмыс ерітінділерінің, жартылай фабрикаттардың сынамаларын іріктеу.
Білуге тиіс:
күлденген көнді күлсіздендіру, жұмсарту, жуып шаю процестерін жүргізудің технологиясын, талдаулардың түрлерін, оларды жүргізу және сынамаларды іріктеу әдістерін (технологиялық процестер бойынша), көнді күлсіздендіру және жұмсарту процестерінің аяқталуын анықтау тәсілдерін және оның белгілерін, қолданылатын индикаторлардың (метилрот, фенолфталеин және басқалар) мақсатын, көнді өңдеудің болуы мүмкін ақауларын және оларды жою тәсілдерін, қолданылатын жабдықты, бақылау және өлшеу құралдарын пайдалану және реттеу ережелерін.
5. Жұмыс сипаттамасы:
басқару тетігінен барабан-автоматтарда теріні бояу, майлау, бейтараптау, илеу технологиялық процестерін жүргізу;
басқару тетігіне бағдарламалы перфокарталарды орнату және автоматты режимде жұмыс істеу үшін барабандарды қосу;
технологиялық процестердің барысын, химиялық материалдарды мөлшерлеуді, барабандардың жұмысын басқару тетігінен бақылау;
бақылау және өлшеу, реттеу, белгі беретін құралдарды орнату және технологиялық процестердің барысы жөніндегі олардың көрсетулерін байқау;
технологиялық процестерді жүргізу кезінде терілерді өңдеу уақытын реттеу, су және ерітінділерді берудің уақыты мен көлемін, пайдаланылған сұйықтықтарды ағызып жіберуді;
өңдеу циклі аяқталған соң перфокарталарды босату;
бақылау картасына сәйкес сынамаларды іріктеу;
терілерді барабандардан кассеталарға түсіру.
Білуге тиіс:
автоматты режимде терілерді бояу, майлау, бейтараптау, илеу процестерін жүргізу технологиясын, былғары жартылай фабрикаттарының ассортиментін, орындалатын технологиялық процестерді бақылау әдістерін, қолданылатын химиялық материалдардың қасиеттерін, оларды пайдалану ережелерін, материалдарды ауыстыру мүмкіндіктерін, дайындалған және пайдаланылған жұмыс сұйықтықтарының технологиялық көрсеткіштерін, сынамаларды іріктеу әдістерін, қызмет ету жабдығын, басқару тетігін, бақылау және өлшеу құралдарын, автоматика құралдарын пайдалану және реттеу ережелерін, берілген бағдарламасы бар перфокарталарды қолдану тәсілдерін және оның мақсатын.
6. Жұмыс сипаттамасы:
арнаулы аппараттарда бастапқы материалдардан тері илеу экстрактілерін әзірлеудің технологиялық процесін жүргізу;
бастапқы материалдарды мөлшерлеу, араластыру;
хром тұздарын қайта қалпына келтіру процесінде аппараттарда сұйықтықтың деңгейі мен температурасын бақылау және реттеу;
сынамаларды іріктеу нәтижесінде алынған зертханалық талдаулардың негізінде хром экстрактісінің дайындығын анықтау;
хром экстрактісінің химиялық көрсеткіштерін түзету;
әзірленген экстрактіні пайдалану орнына беру;
пайдаланылған хром сөлдерінен алынған хром тотығы гидратын тұндыру;
тұнбаны бөліп алу, вакуумдық барабандар мен басқа сүзгілерде тұнбаны құрғату және сүзгілеу;
күкірт қышқылы ерітіндісінде құрғатылған тұнбаны еріту;
шығыс материалдарының есебін жүргізу
Білуге тиіс:
хром тері илеу экстрактісін әзірлеудің технологиялық режимі мен рецептурасын, хром тұздарын қайта қалпына келтіру процесін орындаудың тәртібін, хром экстрактісін пісіру процесінде химиялық заттардың өзара әрекеттесуін, арнаулы аппараттарды, қызмет көрсету бақылау және өлшеу құралдарын, сорғыларды және коммуникацияларды реттеу ережелерін, шығыс материалдарының есебін жүргізу ережелерін.
7. Жұмыс сипаттамасы:
арнаулы аппараттарда былғары үшін лак әзірлеудің (пісірудің) технологиялық процесін жүргізу;
жабық сыйымдылықтарда қажетті химиялық материалдарды сүзу, тұндыру, араластыру және ұстау жолымен дайындау;
еріткіштердің ортасында реакцияға түсетін компоненттерді араластыру;
технологиялық процесті реттеу және жүргізілетін талдаулардың деректері негізінде пісіру процесінде лактың физикалық және химиялық көрсеткіштерін түзету;
лактың даярлығын анықтау;
лакты тұндырғыштар мен жиғыштарға айдап жіберу.
Білуге тиіс:
пісірудің технологиялық режимін және лак дайындығының белгілерін, лак әзірлеудің рецептурасын, лакты әзірлеу үшін арнаулы ақпаратқа материалдарды салу тәртібін, олардың өзара әрекеттесуін, улы, тез жанатын материалдарды қолдану ережелерін, сынамаларды іріктеу тәртібін және лакты әзірлеу процесінің технологиялық режимін түзету әдістерін, қызмет ету жабдығының, бақылау және өлшеу құралдарының, сорғылардың, коммуникациялардың құрылысы мен реттеу ережелерін.
8. Шелді, жүнді, қылшық пен қылды жуып шаю аппаратшысы
Жұмыс сипаттамасы:
технологияға сәйкес жуу аппараттарында шелді, жүнді, қылшықты, қылды жуып шаю технологиялық процесін жүргізу;
жуу ерітінділерін жасау, аппараттарға жуылған қылды, шелді, жүн мен қылшықты салу және түсіру;
жуып шаю процесін реттеу, технологиялық картаға сәйкес суды және химиялық реагенттерді қосу.
Білуге тиіс:
шелді, жүнді, қылшықты, қылды шаюдың технологиялық режимін, химиялық реагенттерді, олардың қасиеттері мен өзара әрекеттесуін, жуу аппаратына бастапқы материалдарды салу тәртібін, қолданылатын жабдық пен коммуникацияның құрылысын, қызмет ету және реттеу ережелерін.
Аппретурашы
Жұмыс сипаттамасы:
«МАП, МАФ» үлгісіндегі және оған ұқсас агрегаттарда былғарыны аппретуралау;
технология талаптарына сәйкес аппретуралаудың технологиялық режимінің сақталуын бақылау (құрамы, концентрация, тұтқырлық, аппретураның температурасы, былғарыға оны жағудың тәсілі мен тәртібін, қабықшаның қалыңдығы және басқалар);
қызмет көрсету жабдығының, бақылау және өлшеу құралдарының, автоматика құралдарының жұмысын бақылау;
аппретуралау процесін реттеу: ауа қысымын, жартылай фабрикаттардың түріне байланысты әр түрлі аппретуралардың шығысын, пигматронның жұмысын, бояу бүріккіштердің айналуын, кептіру камераларының температуралық режимін, таспалық транспортердің қозғалыс жылдамдығын және басқалар;
автоматика құралдарын күйге келтіру, жабдықты жөндеу;
сынама бояуды орындау, үлгімен салыстыру, түсті түзету;
өңделген былғарының санын есепке алу;
Бақылау сұрақтары:
-
Үлбір зауытында қолданылатын құрал-жабдықтарға сипаттама бер?
-
Қолданылатын құрал-жабдықтардың реттілігіне назар аудар?
-
Осы айтылғандардан басқа тағы қандай машиналар білесің?
Әдебиеттер:
1. Әсенова Б.Қ. Былғары және мех технологиясы: оқу құралы / А.Н.Нұрымхан, А.Н.Нұрғазезова.- Семей, 2008.- 123б.
2. Н. В. Булгаков. Меховое производство. - Екатеринбург: Каменный пояс, 2007. - 280 с.
3. Линь В.В. Обработка кожи и меха. - Москва: Аделант, 2006. - 388 с.
-
Нормативные документы
-
Патенты. Интернет
Достарыңызбен бөлісу: |