ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» мамандығы бойынша «Мамандыққа кіріспе» пәнінен ОҚУ-Әдістемелік материалдар



бет5/6
Дата17.07.2016
өлшемі0.92 Mb.
#205372
1   2   3   4   5   6

Аккредиттеу аттестаты

Аккредиттеу жөніндегі орган берген аккредиттеу аттестаттары Қазақстан Республика­сының бүкіл аумағында жарамды және олардың қолданылу мерзімі бес жыл.

Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі аккредиттеу туралы шешімді қабылдаған кезден бастап есептеледі және оған аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған уақыт кезеңі енгізіледі.

Аккредиттеу жөніндегі орган бекіткен және аккредиттеу саласын белгілейтін құжат аккредит­теу аттестатына міндетті қосымша болып табы­лады.

Аккредиттеу аттестаты аккредиттеу субъек­тілерінің тізілімінде тіркелуге тиіс.

Аккредиттеу аттестатында:

1) аккредиттеу субъектісінің атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері;

2) аккредиттеу субъектісінің оған сәйкестігі аккредиттелген нормативтік құжат;

3) аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі;

4) аккредиттеу аттестатының аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде тіркелген күні;

5) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі;

6) аккредиттеу аттестаты қосымшасының парақ саны көрсетіледі.

Аккредиттеу аттестатының бланкілері қатаң есептілік құжат болып табылады, олардың қорғанышы мен нөмірі болады.

Аккредиттеу аттестаты жалғыз дана етіп беріледі, аккредиттеу аттестатын басқа заңды тұлғаларға беруге тыйым салынады.

Жоғалған, бүлінген аккредиттеу аттестат­тары, аккредиттеу аттестаттарына қосымшалар аккредиттеу субъектісі аккредиттеу жөніндегі органға жазбаша өтініш (аккредиттеу аттеста­тының, аккредиттеу аттестатына қосымшалардың жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжат­тар­мен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп саналады.

Аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатының телнұсқасын, аккредиттеу аттестатының қосымшаларын беруді жүргізеді.
2 Сауда-экономикалық қатынастардың тез дамуы жағдайларына байланысты түрлі елдер арасында техникалық кедергілерді жою сауда серіктестері арасындағы тиімді қорғаныс, қауіпті және сапасыз өнімдерден тұтынушыларды сақтауды қамтамасыз етеді.

Шығарушылар мен жеткізушілер тұтынушының сенімін, сапаны және тауардың, қызмет көрсетудің қауіпсіздігін растайтын сертификаттары болуы міндетті.

Сонымен қатар, сапа жүйелері мен тауарларын сертификаттаушы сынақ зертханалары мен тексеру зертханалары өздерінің біліктілігін дәлелдеп отыруы тиіс. Осы ұйымның аккредиттеуден өтуі оның беретін құжаттарына деген сенімділікті жалпыға бірдей қабылданған ережелеріне негізделіп бағаланып оның сарапшылық біліктілігін көрсетеді.

Сынақтың хаттамалары және "болжамды органдармен"рәсімделген сертификаттары ЕС барлық елдерінде ЕС мүшелерімен заңдық реттелген болып табылады

Алайда үлкен көлемді бұйымдар үшін директивтар жоқ, сондықтан олар зандық реттелмеген аймаққа түседі, осыған орай оның қасиеттеріне, бақылау тәртібіне бірыңғай талаптар орнатылмаған.

Европалық қауымдастықтарда аккредиттеуді растау автоматты түрде бір уақытта жүрмейді. Бұндай растаулар ерекше келісімдер болып табылады (мысалы, сертификаттау бойынша органдардың бірауыздан көп жақтық келісіммен расталуы - MLA). Бір ауыздан растау осы келісімге қол қойылғанда бірақ өз күшіне енеді.

Осыған орай аккредиттеу бойынша ұйымдарға ерекше қызығушылығы шетелдерде, әсіресе Франция мен Ұлыбританияда артып отыр.

(COFRAC) Францияның аккредиттеу бойынша комитеті француздық аккредиттеу жүйесін басқарады. Оның ұлттық аккредиттеу органы ретінде заңды дәрежесі-коммерциялық емес ассоциация. COFRAC Францияның коммерциялық емес ұйымдарды жасау туралы заңы негізінде өндіріс министрлігімен құрылған. Ұйымның мәртебесінің бекітуді ұлттық аккредиттеу органы үкіметтік актілермен сұралмапты себебі хаттаманы барлық мүдделі жақтар қол қойды.

Бірқатар COFRAC министрліктермен аккредиттеуді мойындау туралы келісімге қол койылған, аккредиттеу COFRAC мамандарымен ғана жүргізілуі керек. Сонымен қатар аккредиттеу заңнамалық реттелетін және реттелмейтін облыстарда жүргізіледі.

COFRAC штаты - кішігірім, сондықтан аккредиттеу жұмыстарын жүргізуге басқа ұйымдардың сарапшылары жұмылдырылады(оларды тарту процедуралары мен сарапшылар тізімі бар), оларды COFRAC төлейді.

Өтінім беруші тіркеу жарнасын енгізеді және COFRAC келісімшарты бойынша аккредиттеу жұмыстарын төлейді .

Аккредиттелген ұйым жыл сайын белгілі бір мөлшерде салым төлейді,және егер инспекциялық бақылауға кеткен шығындар салымнан асып кетсе қалған соманыда төлеуі тиіс.

Аккредиттеудің Европалық ұйымының ұсынысы бойынша COFRAC аттестаты төрт жылға беріледі. Инспекциялық бақылау : 12айдан кеш емес –бірінші тексеру және 18айдан соң -қайта тексерістен өткізіледі.

Ережеге сәйкес,инспекциялық бақылауды аккредиттеуді жүргізген тұлғалар жүргізеді, бірақ қайта бағалау кезінде басқа мамандарды қатыстырған дұрыс.

COFRACта мемлекеттік аудит бар. Мемлекеттік аудиторлар жылына төрт рет COFRACтың Басқарма жиынына дауыс беру құқығынсыз қатысады, өз ойларын олар Франция Үкіметіне жолдай алады.

Аккредиттеуді төрт айдан алты айға дейін және одан көп уақыт аралығында жүргізеді. Қайта аккредиттеуге алты ай ішінде өтініш беріледі, оның жүргізу процедурасы алғашқы аккредиттеуге ұқсас болып келеді.

Зертханалар арасындағы айырмашылықтарды анықтайтын сынақтар белгілі бір қиындықтарды туындатады. Оған зертхананы аккредиттеу туралы шешімді қабылдау үшін тек қана қатысқан жеткіліксіз болып табылады.

Халықаралық құжаттарда бекітілген ережелерден басқа қосымша аккредиттеу ережелерін бекітуге рұқсат етілмейді(мысалы,ИСО/МЭК 17025стандарты). ЕА ұлттық аккредиттеуші органды инспекциялық бақылау кезінде ИСО құжаттарымен сәйкестігін тексереді.

Аккредиттеу объектілері болып: өнім мен көрсетілетін қызметті сертификаттаушы орган,персоналдың сапа жүйесі,сынақ зертханасы, салғастырушы зертханасы және калибрлеу зертханасы,сонымен қатар инспекциялық ұйымдар табылады.

COFRACтың ұйымдастырушылық құрылымына ассоциация мүшелері кіреді.

Ұлыбританияның аккредиттеу қызметі (UKAS) өлшеу саласындағы аккредиттеу бойынша Ұлттық қызмет пен сертификаттау органдарын аккредиттеу бойынша Ұлттық кеңестің жұмыстарын біріктіреді. Бұл өнімге,жүйеге,персоналға сертификаттау жүргізетін органдарды аккредиттеуді,сонымен қатар тексеріс жүргізетін зертханалар мен сынақ зертханаларын бірыңғай ұлттық қызметке бірігуін қамтамасыз етеді.

UKAS жауапкершілігі шектеулі компания сияқты кепіл бойынша, аккредиттеу саласындағы ұлттық мүдделердің толық спектрімен жұмыс жасайды. Компанияның негізін салушы мүшелері:

• Сауда мен өнеркәсіп жұмыстары бойынша мемлекеттік хатшы;

• Ұлыбританияның сертификаттау бойынша органдар ассоциациясы;

• Ұлыбританияның өлшеу мен сынау ассоциациясы;

• Британдық өнеркәсіп конфедерациясы;

• Қоршаған орта мәселелері бойынша мемлекеттік хатшы;

• Шағын кәсіпкерлік федерациясы;

• сауда мен азық түлікке стандарттарды координирлеуші жергілікті басқарушы органдары;

• өнеркәсіп салаларының ұлттық кеңесінің сапа тобы;

• сатып алу мен қоюдың қоғамдық институты;

• сапаны қамтамасыз ету институты;

• қауіпсіздікті бағалау федерациясы.

UKASты Ұлыбританияда сертификаттау органдарын,сонымен қатар сынақ және калибрлеу зертханаларын аккредиттеу саласындағы құзырлығын Ұлыбританияның Бірлескен патшалығы сеніммен мойындап, оған аккредиттеудің мемлекеттік белгілерімен – сағат тілдерімен, тәжбен және НАМАС логограммасын (Национальная аккредитационная измерительная служба)қолдануға рұқсат берді. Бұл шешім логограмманы қолдану туралы Келісіммен бекітілді, және UKASқа Патшалық тәж бейнеленген аккредиттеудің ұлттық белгілерін қолдануға сублицензия береді.

Аккредиттеу туралы шешімді үшінші жақтың тәуелсіз сертификаттау органдарына және сынау мен тексеру зертханаларына халықаралық ережелерге сай,техникалық уәкілеттілігін және әдістердің дұрыс орындалғанын мойындауға береді.

UKAS аккредиттеуді: калибрлеу, тексеру және сынақ жүргізетін зертханаларға; өнімдерді және қызметтерді сертификаттау органдарына; сапа жүйелеріне; персоналға; инспекциялық ұйымдарға жүргізеді.


2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
Тәжірибелік сабақ №1

Тақырыбы: Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Сабақтың жоспары:

1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеттің құрылымы

2 ИТФ құрылымы

3 Стандарттау және биотехнология кафедрасы

№1 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

Сабақ мақсаты: ҚР жоғары білім беру жүйесі туралы білімдерін тереңдету. Тапсырманы орындау үшін студент Болон декларациясы мен ҚР білім туралы заңын зерттеуі керек.

№1 сабақты өзін бақылауға арналған тапсырмалар мен тест сұрақтары:



Тест 1

Шәкәрім атындағы университет қашан негізі қаланды?

А 1960

В 1985


С 2013

D 2000


E 1986

Тест 2

Шәкәрім атындағы университет қандай ЖОО негізінде құрылды?

А «Семей» университеті негізінде

В технологиялық институт негізінде

С педагогикалық института негізінде

D зооветеринарлық институт негізінде

E «Кайнар» университеті негізінде

Тест 3

ИТФ қандай ЖОО Құқықтық мұрагері болып табылады

А педагогикалық институттың

В зооветеринарлық институттың

С «Кайнар» университетінің

D «Семей» университеттінің

Е технологиялық институттің
Тест 4

«Стандарттау және биотехнология» кафедрасында қанша мамандық бойынша маман даярлау жүргізіледі

А 8

В 6


С 4

D 2


Е1
Тәжірибелік сабақ №2

Тақырыбы: ҚР жоғары білім беру жүйесі

Сабақ жоспары:

1 ҚР білім мәселелері

2 ҚР білім деңгейлері

№2 тәжірибелік сабаққа әдістемелік көрсеткіштер

Сабақ мақсаты: ҚР жоғары білім беру жүйесі туралы білімдерін тереңдету. Тапсырманы орындау үшін студент Болон декларациясы мен ҚР білім туралы заңын зерттеуі керек.

№2 сабаққа өзін өзі бақылауға тапсырмалар мен тест жұмыстары

Тест 1

ҚР білім берудің кредиттік технологиясы қандай құжаттың негізінде жасалды

А ҚР Конституциясы

В Болон декларациясы

С Білім туралы заң

D Мамандық Стандарты

E техникалық реттеу туралы заң

Тест 2

ҚР білім берудегі маңызды мәселесі емес

А қоғам мен экономиканың толыққанды қызметіне жауап беретін білім берудің сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің қызметі

В білім беру ұйымының автономдылығын және тәуелсіздігін кеңейту, білім беруді басқарудағы демократизация

С оқушылардың тұлға ретінде кәсіби, шығармашылық, және физикалық мүмкіндіктерінің шыңдалуы

D Ұлттық стандарттарды жасау

E білім беру, ғылым мен өндірістің интеграциясы

Тест 3

Бакалавриат білімнің қай деңгейіне жатады

А мектепалды даярлық

В жоғары білім

С негізгі орта білім

D жоғарыдан кейінгі білім

E орта білімнен кейінгі білім
Ұсынылатын әдебиет:

1 ҚР Білім туралы заңы


3 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: ЖОО оқу процессі

Сабақ жоспары:

1 Аудиториялық сабақтар

2 Студенттің өздік жұмысы

№3 тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқаулықтар

Сабақ мақсаты: тақырып бойынша теориялық білімдерін тереңдету. Қарастырылып отырған сұрақтарды толықтай зерделеу үшін ЖОО сабақтар түрлерін және жүргізілу түрлерін жақсылап қарастыру керек.

№3 тәжірибелік сабаққа тапсырмалар мен тест жұмыстары

Тест 1

Аудиториялық сабақтарға қатысы жоқты тап

А Дәрістер

В Курстық жұмыстар

С Тәжірибелік сабақтар

D Лабораториялық сабақтар

E Ашық сабақтар

Тест 2

Аудиториялық сабақтар қандай құжат негізінде құрылады

А ҚР Конституциясы

В Болон декларациясы

С Білім туралы заң

D Мамандық Стандарты

E оқу жоспары

Тест 3

Студенттің өздік жұмысы құрамына кіреді

А курстық жұмыстардың орындалуы

В Рефераттар жазу

С РГЗ орындау

D лабораториялық-тәжірибелік сабақтарға даярлану

E барлық жауп дұрыс

Ұсынылатын әдебиет:

1 Абдыгаппаров С.Б. Основы кредитной системы обучения в Казахстане. Алматы: Казак университеті 2004г
4 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысы

Сабақ жоспары:

1 МЕМСТ 7.32 стандартын оқу

2 ҒЗЖ бойынша есеп беру

№4 тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқаулықтар

Сабақ мақсаты: теориялық білімдерін бекіту. Тақырып бойынша білімдерін тереңдету және бекіту үшін ҒЗЖ бойынша стандартты білу керек.

№4 тәжірибелік сабақ бойынша тапсырмалар мен тест жұмыстары

Тест 1

ҒЗЖ қатысы жоқ операцияларды тап

А экспериментальдық мәліметтерді өңдеу

В патенттік ізденіс

С эксперимент қарастыратын мәселені анықтау

D әдеби шолу мәліметтерін рәсімдеу

E дұрыс жауабы жоқ

Тест 2

ҒЗЖ бойынша есеп беру деген не

А мақала

В кестелік мағлұматтар

С графиктер мен диаграммалар

D жұмысқа қосымшалар

E толық жауап жоқ

Тест 3

ҒЗЖ бойынша есеп қандай мәлііметтер негізінде жасалады

А әдеби шолу және эксперимент нәтижелерінің негізінде

В реферат негізінде

С патенттік ізденіс негізінде

D білім туралы заң негізінде

E болон декларациясы негізінде

Ұсынылатын әдебиет:

МЕМСТ 7. 32


5 Тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Өнертапқыштық қызметі

Сабақ жоспары:

1 Өнертабыстар

2 Патенттік зерттеулер

№5 тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқаулықтар

Сабақтың мақсаты: өнертапқыштық және патенттік зерттеулер саласындағы білімдерін тереңдету. Ол үшін ҚР Птанеттік заңын жаттау

№5 сабақ бойынша тапсырмалар мен тест жұмыстары

Тест 1

Өнертабыс деген не

А кез келген ұлттық шаруа саласындағы, мемлекет қорғанысындағы жаңа және салмақты ерекшелігі бар, қажетті нәтиже беретін техникалық шешім В құрылғылар

С жаңа қолданыс көзі

D әдіс

E зат
Тест 2



Өнертабыс лбъектілері немен сипатталады

Акөлемімен

В түсімен

С белгілі белгілерімен

D массасымен

Е параметрлермен



Тест 3 Е

В өнертабысқа арыз мақсатымен

А аталған өнертабыстарды дұрыс таңдау

В МКИ көрсету ( класс международной классификации)

С өнертабыс аналогтарын анықтау

D прототипін анықтау

E техникалық шешім мәнін анық мазмұндау

Ұсынылатын әдебиет:

ҚР № 90 Патенттік заңы


6 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету заңы

Сабақ жоспары

1 Метрологияның негізгі терминдері

2 Заң құрылымы

№6 тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқаулықтар

Сабақтың мақсаты: теориялық білімдерін тереңдету және бекіту

Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету заңының 1 тарауын жақсылап қарастыруы қажет (2012 жылдың нұсқасы)

№6 тәжірибелік сабаққа тапсырмалар мен тест жұмыстары



Тест 1

Өлшеу туралы, әдістері мен олардың бірлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету құралдары туралы ғылым

А Стандарттау

В Квалиметрия

С Метрология

D Сертификатау

Е Квалитология

Тест 2

Қазіргі метрология құрамына кіреді:

А Заңнамалық, теориялық, қолданбалы

В заңнамалық және қолданбалы

С қолданбалы және ғылыми

D ерікті және міндетті

Е міндетті және қолданбалы

Тест 3

Қай орган өлшеудің бірлігін қамтамасыз ету бойынша Мемлекеттік қадағалауды іске асырады? 

А) Стандарттау және сертификаттау институты

В) нормативтік құжаттаманың бірыңғай қоры

С) өкілетті орган
D)Техникалық комитет

E) Эксперт - аудиторлар



Ұсынылатын әдебиет:

ҚР өлшеудің бірлігін қамтамасыз ету туралы заңы


7 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Физикалық шама эталонады

Сабақ жоспары:

1 физикалық шамалар жүйесі

2 СИ жүйесінің физикалық шамаларының бірліктері

№7 тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқаулықтар

Сабақтың мақсаты: теориялық білімдерін треңдету мен бекітуол үшін СИ жүйесінің негізгі шама бірліктерін және олардың эталондарын оқу

№7 тәжірибелік сабақ бойынша өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар мен тест жұмыстары

Тест 1

Физикалық шамалардың қандай жүйелерін білесіздер

А) ГСС

В) СИ


С) МКГСС

D) А, В, С

Е) дұрыс жауап жоқ

Тест 2

Тексеру сұлбасы бойынша төменде тұрған оның өлшемін беру және бірлікті ұдайы өсіру және сақтау үшін тағайындалған, өлшеулер құралы бұл-

А) Жұмысшы эталон

B) Бірінші эталон

C) Екінші эталон

D) Шама бірлігінің эталоны

Е) Эталон-куәгер

Тест 3

Халықаралық бірліктер жүйесінде (SI) ұзындық өлшемі қалай анықталады:

А) кг;

В) м;


С) А;

D) К;


Е) моль

Тест 4

Эталондар жіктеледі:

А) тікелей, жанама, жинақтық және біріккен;

В) Бірінші және екінші;

С) Статистикалық, динамикалық және статикалық;

D) жинақтық және біріккен;

Е) тік және жинақтық

Ұсынылатын әдебиет:

Широков К.П. Богуславский М.Г. Международная система единиц 1984 г


8 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Өндірісті метрологиялық қамсыздандыру

Сабақ жоспары:

1 Өндірісті метрологиялық қамсыздандыру

№8 тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқаулықтар

Сабақтың мақсаты: есептер мысалдары мен тапсырмалар

№8 тәжіриберік сабақ бойынша өзін өзі бақылауға арналған тапсырмалар мен тест жұмыстары



Тест 1

Метрологиялық қамсыздандыруды қалай түсінесіз

А) бірнеше аттас шамаларға бір уақытта өлеушер ;

В) ғылыми және ұйым негізін орнату, техникалық құрылғы, норма мен заң, өлшеу дәлдік талабына сәйкес бірлікке қол жеткізу

С) үлгілік өлшеу құралдары

D) тікелей өлшеулер

Е) дұрыс жауап жоқ

Тест 2

Технологиялық процесстердің метрологиялық қамтылуына кім жауапты

А) Өкілетті орган

В) ұйымның метрологиялық қызметі

С) Үкімет

D) кадр бөлімі

Е) дұрыс жауап жоқ

Тест 3

Саладағы өлшеу жағдайының объектілері болып табылады:

А) дайын өнім мен шикізаттың сапасына талаптарды, оларды сынау әдістері мен технологиялық процесстерді жүргізуді регламенттеуші нормативті – техникалық құжаттама

В) дұрыс жауап жоқ

С) ведомстволық метрологиялық қызметтердің жағдайы мен ұйымдастырылуы, олардың шығарылатын өнімнің сапасын қамтамасыз етудегі рөлі

D) технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің саладағы енгізілетін метрологиялық қамтамасыз етудің жағдайы

Е) А, С, D

Ұсынылатын әдебиет:

1 Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. – М.: Юрайт, 2000. – 285 с.

9 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Техникалық реттеу туралы заңы

(стандарттау саласында)

Сабақ жоспары:

1 стандарттау саласы бойынша негізгі терминдер

2 ТРМЖ құрылымы

№9 тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқаулықтар

Сабақтың мақсаты: теориялық білімдерін тереңдету және бекіту. Ол үшін техникалық ретту туралы заңның 1 тарауын қарастыру

№9 тәжірибелік сабақ бойынша тапсырмалар мен тест жұмыстары

Тест 1

«Стандарт» сөзі ағылшыннан аударғанда қандай мағынаы білдіреді

А) норма, үлгі

В) дәреже, деңгей

С) өлшем,көлем

D) масса, салмақ

Е) дәреже, кезең

Тест 2

ҚР стандарттаудың құқықтық негіздері қай жылы орнатыдлды:

А) 1990

В) 1991


С) 1992

D) 1993


Е) 1994

Тест 3

Экономика саласындағы жұмыстарды жүргізуге стандарттау бойынша техникалық комитеттер қандай деңгейде жасалады?

А) халықаралық

В) мемлекеттік

С)саяси

D) экономикалық



Е) саларалық

Ұсынылатын әдебиет:

Техникалық реттеу туралы заң (2013 ж нұсқасы)


10 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Мемлекетаралық стандарттау

Сабақ жоспары:

1 Мемлекетаралық стандарттаудың пайда болу тарихы

2 Мемлекетаралық стандарттар

№1 тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқаулықтар

Сабақтың мақсаты: теориялық білімдерін тереңдету және бекіту. Ол үшін тәуелсіздік алу үшін еліміздегі стандарттау туралы білімдер

№10 тәжірибелік саьақ бойынша тапсырмалар мен тес жұмыстары

Тест 1

МАС деген не?

А) Стандарттау бойынша халыаралық кеңес

В) стандарттау метрология және сертификаттау бойынша мемлекетаралық кеңес

С) сертификаттау бойынша мемлекетаралық кеңес

D) метрология бойынша мемлекетаралық кеңес

Е) аккредиттеу бойынша мемлекет аралық кеңес

Тест 2

Ресейдегі индустриялық стандарттау кімнің атымен байланысты

А) Иван Грозныйдың

В) Бірінші Петрдің

С) Д. И. Менделеевтің

D) М. С. Горбачевтың

Е) Е. Пугачевтың

Тест 3

КСРО-ның бұрынғы мемлекеттерінің қайсысы МАС–ға мүше емес

А) Ресей

В) прибалтикалық мемлекеттердің барлығы

С) Өзбекстан

D) Барлық ортаазиялық мемлкетттер

Е) Молдова

Ұсынылатын әдебиет:

Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. – М.: Юрайт, 2000. – 285 с.


11 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Халықаралық сатандарттау

Сабақ жоспары:

1 Халықаралық стандарттаудың пайда болу тарихы

2 ИСО құрылымы

№11 тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқаулықтар

Сабақтың мақсаты: теориялық білімдерін тереңдету және бекіту

№11 тәжірибелік сабақ бойынша тапсырмалар мен тест жұмысы

Тест 2

Халықаралық стандарт бұл :

А) барлық мемлкеттерде міндетті болып табылатын, стандарттау бойынша орган қабылдаған стандарт;

В) қызығушы жақтармен консенус негізінде жасалған және стандарттау метролгия және сертификаттау бойынша барлық мемлкеттердің органы қабылдаған нормативтік құжат ;

С) стандартау бойынша халықаралық ұйыммен қабылданған және міндетті сипаттағы стандарт;

D) стандартау бойынша халықаралық ұйыммен қабылданған және тұтынушылардың кең ңөлеміне арналған стандарт

Е) аймақтық ұйым қабылдаған стандарт

Тест 2

Халықаралық стандарт:

А) стандарттау бойынша халықаралық органмен және барлық елдер үшін міндетті болып табылатын стандарт;

В) барлық елдерде стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша органмен бекітілген нормативті құжат;

С) халықаралық ұйым бойынша бекітілген стандарт;

D) халықаралық ұйыммен бекітілген стандарт, тұтынушыларға қолжетімді стандарт

Е) аймақтықпен бекітілген стандарт.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет