ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» мамандығы бойынша «Мамандыққа кіріспе» пәнінен ОҚУ-Әдістемелік материалдар



бет3/6
Дата17.07.2016
өлшемі0.92 Mb.
#205372
1   2   3   4   5   6
Стандарттау негізі
Дәріс жоспары:

1Стандарттау жайлы түсінік

2Стандарттау принципі
1 Стандарттау адам қоғамының дамуы мен тығыз байланысты. Ежелгі кезде бірыңғай өлшемдер жүйесін, стандартты өлшемді құрылыс материалдарын, стандартты диаметрі бар су құбырларын қолдану – бұның бәрі сол заманда стандарттау қызметінің жұмыс істегеніне дәлел.

Сол сияқты Ежелгі Мысырда құрылыста тұрақты, «стандартты» өлшемі бар кірпіштерді қолданды, олардың өлшемдерін арнайы шенеуніктер қатаң бақылады.

Грек архитектурасының тамаша ескерткіштері – дүниежүзіне танымал болған шіркеулер, олардың бағандары шағын ғана элементтерден жасалған.

Ежелгі римляндар су құбырларын салғанда стандарттау принциптері мен әдістерін сол кезден бастап қолданған.

Орта ғасырда салалардың дамуына байланысты стандарттау әдістері жиі қолдана бастады. Сол кезде маталардың енінің өлшемдері, оның құрамындағы жіптердің бірыңғай саны орнатылды, маталар өндірісінде қолданылатын шикізатқа бірыңғай талаптар анықталды.

1785 жылы француз инженері Леблан қарулық құлыптардың партиясын – 50 данада дайындап шығарды, олардың әрбіреуі тек өздеріне тән маңызды қасиеттерге ие болды. Бұл өзара-алмастырушылық және бірегейлік қасиеттері. Осы құлыптардың әрқайсысын алдын-ала дайындамай қарудың кез-келгеніне сала берді.

Жаппай өндіріске көшу мақсатымен Германияда қарулық зауытта қаруларға стандарт орнатылды, бұл стандарт бойынша қарудың калибрі 13,9 мм тең болды.

19 ғасырдың екінші жартысында стандарттау жөніндегі жұмыстар барлық өнеркәсіптік кәсіпорындарда жүргізілді.

Стандарттау бұл жылдары тек бөлек фирмалардың және кәсіпорындардың ішінде ғана жүргізілді. Бірақ қоғамдық еңбектің бөлінуі салдарынан стандарттау ұлттық және халықаралық маңызына ие болды.

1846 жылы Германияда теміржол колеясының ені мен вагондардың тізбекті құралдары бірыңғайланды.

1869 жылы мұнда алғашқы анықтамалар кітабы жарық көрді, бұл анықтамаларда темірдің стандартты профилдерінің өлшемдері берілді.

1870 жылы Еуропаның бірқатар елдерінде кірпіштердің стандартты өлшемдері орнатылды.

1891 жылы Англияда, біраз соңыра басқа мемлекеттерде Витворт атты бұрандыларды стандарттау енгізілді (ол дюйммен өлшенді), біраздан кейін елдердің көбінде ол метриялық бұрандыға ауысты.

Халықаралық стандарттаудың басталуы 1875 жылы Парижда 17 ел қатысқан Халықаралық метриялық конвенцияны кабылдауын және Халықаралық өлшемдер және таразылар бюросының орнатылуын айтуға болады. Ұлттық және халықаралық стандарттаудың бұл алғашқы жетістіктері өндірістік күштің дамуына үлкен тәжірибелік әсерін тигізді.

19 ғасырдың соңында және 20 ғасырдың басында техника, өнеркәсіп және өндірістің дамуы күшейді. Осыған байланысты экономикалық қатынастар жағынан жақсы дамыған елдерде ұлттық стандарттаудың ұйымдастырылуымен айнала бастады, солардың салдарынан бұл мемлекеттерде стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдар құрылды.

Англияда 1901 жылы стандарттар Комитеті құрылды, оның басты мақсаты – Британ империясының экономикалық күшін шикізатқа, өнеркәсіптік бұйымдарға және әскери техникаға стандарттарды дайындап, енгізу арқылы күшейту болды.

1931 жылы Алматыда стандарттау жөніндегі Қазақ өңірлік бюросы құрылып, 1938 жылы ол өлшемдер мен өлшеу аспаптары жөніндегі жұмыстармен шұғылданатын уәкілетті комитет Басқармасына өзгертілді.

Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғаларына 1993 жылы «Стандарттау және сертификаттау туралы» ҚР заңын, ал 1999 жылы «Стандарттау туралы» ҚР заңын қабылдау болып саналады.

2004 жылы Қазақстанда «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы қабылданып, 2005 жылдың мамыр айында ол күшіне енеді.

Стандарт – уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат;

«Техникалық реттеу туралы» заңында келесі анықтамалар берілген:

Стандарттау – нақты қойылып отырған және ыктимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу аркылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге койылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет;

Стандарт – уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану максатында техникалык реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін қүжат;

Стандарттау халықаралық, аймақтық және ұлттық деңгейде өтеді. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжат – стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін қүжат.

Стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым – географиялық немесе экономикалық бір ғана өңірдің стандарттау жөніндегі тиісті органдары қызметіне қатысу үшін ашық болатын стандарттау жөніндегі ұйым;

Стандарттау жөніндегі техникалық комитет – бекітілген стандарттау объектілері немесе қызмет бағыттары бойынша стандарттарды әзірлеу және мемлекеттік техникалык реттеу жүйесін құруға катысу үшін ерікті негізде экономика салаларында құрылатын консультациялық-кеңесші орган.


2 Техникалық реттеуде стандарттаудың принципі:

1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң бiрлiгi мен тұтастығы;

2) бiрыңғай терминологияны, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгiлеу ережелерiн қолдану;

3) техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетiмдi болуы, техникалық реттеу процестерiне қатысу үшiн тең мүмкiндiктердi, мемлекет пен мүдделi тараптар мүдделерінің теңгерімiн қамтамасыз ету;

4) отандық және импортталатын өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және олардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмдерiне қойылатын талаптардың бiрдей болуы;

5) техникалық регламенттер мен стандарттарды әзiрлеу кезiнде ғылым мен техника жетiстiктерiн, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану;

6) техникалық регламенттер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы, оның материалдық-техникалық базасы деңгейiне және ғылыми-техникалық даму деңгейiне сәйкестігі;

7) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық регламенттердің, стандарттардың және олар туралы, оларды әзiрлеу, бекіту, жариялау тәртібі туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;

8) стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерiктi түрде таңдау;

9) сәйкестiктi растаудың бiрыңғай жүйесi мен ережелерi;

10) бiр органның аккредиттеу және сәйкестiктi растау жөніндегі өкiлеттiктердi қоса атқаруын болдырмау;

11) бiр мемлекеттік органда мемлекеттік бақылау және сәйкестiктi растау функцияларының үйлеспеушiлiгi;

12) сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсiздiгi;

13) сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарда бәсекелестiктiң шектелуiн болдырмау принциптерiне негiзделедi.

Бақылау сұрақтары:

1 Сертификаттау саласында қандай заң бар?

2 Қандай заң өз күшінде?

3 Заң қандай бөлімдерден тұрады

4 Сертификаттауға сәйкес бөліміне қысқаша анықтама

5 Техникалық реттеудің мақсаты

6 Техникалық реттеудің негізгі принципі
№ 19 дәріс

Тақырыбы: Стандарттау негізі


Дәріс жоспары:

1 Стандарттау әдістері

2 Стандарттау түрі және категориясы
1 Стандарттау қызмет түрі ретінде жалпы ғылыми және арнаулы әдістердің жиынтығына сүйенеді. Бұл әдістер жиынтығы қайталанып кездесетін міндеттерді оптималды шешу үшін қажет болып табылады.

Стандарттау жұмыстарында жиі қолданылатын әдістер:



  1. стандарттау нысандарын ретке келтіру;

  2. параметрлік стандарттау;

  3. унификациялау;

  4. агрегаттау;

  5. кешенді стандарттау;

  6. озық стандарттау.

Стандарттау нысандарын ретке келтіру стандарттау нысандарының алуан түрлігін басқару болып табылады. Мысалы, жіктеуіштер, типтік конструкциялар, комплекттеуші бұйымдар, процестер, ережелер, құжаттардың формалары (нұсқалары) ретке келтіру жұмыстарының нәтижесі болып табылады.

Параметрлер қатарларын стандарттау процесі параметрлік стандарттау деп аталады. Мысалы, киім және аяқ-киімнің өлшемдік қатарларын құру үшін көптеген еркек және әйел адамдарын (әртүрлі жастағы, әртүрлі өңірде тұратын) антропометриялық өлшеулерден өткізу керек. Алынған нәтижелер математикалық статистика әдістерімен өңделеді.



Унификациялау(бірыңғайландыру) (лат. unus – бір) - өнім, процестер және қызмет көрсетулер түрлерінің, олардың параметрлерінің және өлшемдерінің мәндерінің оңтайлы санын таңдау (тағайындау).

Агрегаттау - бұйымдардың, машина, аспап және жабдықтарды бөлек стандартты бірыңғайланған бөлшектер мен тораптардан құрау және қолдану әдісі. Бұндай бөлшектер мен тораптар әртүрлі қосылыста конструкциясы және сыртқы бейнесімен ажырасатын өлшемдердің кең номенклатурасын өзірлеуге мүмкіндік береді.

Кешенді стандарттау - стандарттаудың негізгі әдістерінің бірі. Кешенді стандарттау кезінде тұтас нысанның өзіне ғана емес, оның негізгі элементтеріне де өзара байланыстырылған талаптар қойылады және қолданылады. Мақсаты – нақты мәселенің оңтайлы шешімін табу
2 Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттарға:

1) халықаралық стандарттар;

2) өңiрлiк стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi;

4) ұйымдар стандарттары;

5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары;

6) шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөніндегі ережелерi, нормалары мен ұсынымдары жатады.

Мемлекеттік стандарттар, егер Қазақстан Республикасының заңдары немесе техникалық регламенттері олар туралы нұсқауларды қамтитын болса, міндетті болып табылады.

2. Мемлекеттік стандарттар:

1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң жалпы ұйымдастыру-әдiстемелiк ережелерiн белгiлейтiн, негiзге алынатын стандарттар;

2) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң бiртектi топтарына, қажет жағдайда нақты өнiмге, көрсетiлетiн қызметке қойылатын талаптарды белгiлейтiн өнiмге, көрсетiлетiн қызметке арналған стандарттар;

3) процестерге арналған стандарттар;

4) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi, процестердi бақылау әдiстерiне арналған стандарттар болып бөлiнедi.

3. Негізге алынатын мемлекеттік стандарттарды уәкiлетті органның кәсiпорындары әзiрлейдi.

4. Шет мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың нормалары мен стандарттары, осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жету үшiн тиiмсiз немесе қолайсыз болып табылатын жағдайларды қоспағанда, олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе ішінара қолданылуы мүмкiн.

5. Мемлекеттік стандарттарда:

1) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгі жөніндегі қажеттi талаптар;

2) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi жiктеуге қойылатын талаптар;

3) өнiмнiң бiрiздiлiк, үйлесiмдiлiк және өзара алмастырушылық көрсеткiштерi;

4) терминдер мен анықтамалар;

5) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң тұтыну қасиеттерi мен сипаттамаларын қоса алғанда, функционалдық мақсатының көрсеткiштерi;

6) қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату және жою ережелерi;

7) сапасы мен қауiпсiздiгiн сынау әдiстерi;

8) ресурстардың барлық түрлерiн сақтауға және ұтымды пайдалануға қойылатын талаптар;

9) менеджмент жүйесін енгізудi қамтамасыз ететiн, өндiрiстi ұйымдастыруға қойылатын талаптар;

10) белгiлi бiр қызмет саласына арналған ұйымдастырушылық-әдiстемелiк сипаттағы ережелер, сондай-ақ жалпы техникалық нормалар мен ережелер белгiленуi мүмкiн.

6. Мемлекеттік стандарттар өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң шығарылған жерiне қарамастан, тең дәрежеде қолданылады.
Бақылау сұрақтары:

1 Қандай стандарттау әдісін білесіз?

2 Жөнге салу деген не? Мысал келтір.

3 Унификаттау әдісін қалай түсінесіңдер, мысал келтір

4 Агрегатттау әдісін қалай түсінесіңдер, мысал келтір

5 Кешенді стандарттау әдісін қайда қолданады?

6 Озық стандарттауды қалай түсінесіңдер?

7 ҚР аймағында қандай нормативті құжат жарамды?

8 ҚР аймағында қандай стандарт жарамды?
№ 20 дәріс

Тақырыбы: Стандарттау негізі


Дәріс жоспары:

1 Мемлекеттік стандарттау жүйесі

2 Стандарттаудың түрлі салада
1 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы келесідей:

1) Қазақстан Республикасының үкіметі;

2) уәкілетті орган;

3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар;

4) мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестері;

5) саудадағы техникалық кедергілер санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы;

6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;

7) сәйкестікті растау жөніндегі органдар, зертханалар;

8) сәйкестікті растау, стандарттау және аккредиттеу жөніндегі сарапты – аудиторлау;

9) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қоры құрайды;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің техникалық реттеу саласындағы құзыретіне мыналар жатады:

1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу

2) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін құру;

3) техникалық реттеу саласында құқықтық реформаны қамтамасыз ету;

4) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамыту бағдарламасын бекіту;

5) қорғау технологияларын қолдану ережелерін және міндетті қорғануға жататын құжаттар мен объектілер тізбегін бекіту;

6) техникалық – экономикалық ақпарат жіктеуіштерінің депозитариесін құру және жүргізу ережелерін бекіту;

7) өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүдделі үшін консультациялық – кеңесші органдары құру;

8) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде қабылдау оларға өзгерістер немесе толықтырулар еңгізу;

9) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу тәртібін белгілеу;

10) Қазақстан Республикасы конституциясында заңдарында және Қазақстан

Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды атқару;

Уәкiлеттi орган мынадай функцияларды орындайды:

Техникалық реттеу саласында:

1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн құруға қатысады;

2) техникалық реттеу саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

3) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

4) мемлекеттік органдармен бiрлесе отырып, мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн дамыту бағдарламасын әзiрлейдi және олардың орындалуын үйлестiредi;

4-1) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды әзірлейді;

5) техникалық реттеу саласындағы жобалардың және нормативтiк құқықтық актiлердiң техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатқа және осы Заңның 4-бабы 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестiгiне талдауды және сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;

6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттермен, жеке және заңды тұлғалармен техникалық реттеу мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасайды;

7) стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етедi, халықаралық және өңiрлiк стандарттау, сәйкестiктi растау нәтижелерiн өзара тану жөніндегі жұмыстарға қатысады;

8) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады;

9) техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қорының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;

10) Ақпарат орталығының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;

11) сәйкестікті растау, тауар шығарылатын елді анықтау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау тәртібін айқындайды және оны ұйымдастырады, сондай-ақ оларды кәсіби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастырады;

12) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестiредi;
2 Дүниежүзілік тәжірибеде стандартизация толықтай қонақ үй шаруашылығын, туризмді, байланысты, білімді, банктік істі қамтиды.

Стандарттаудың нысаны ретінде қызмет қиындық туындатады, неғұрлым барлық оның мінездемелері сандай болуы мүмкін. Осыдан және қызмет атқарудың сертификаттаудың өзгешелігі құралады.

Дүниежүзілік тәжірибе стандартизацияның айтылмыш облысында қызмет ету үшін халықаралық стандартизацияның базасымен қамтылуы жетерлік. ИСО халықаралық стандарт үшін банктің және химчисток қызмет атқаруларды әзірлейді; сырттың халықаралық және аймақтық ұйымдары (Автотуризмның еуро ұйымы, Халықаралық темір жол бірлестік, дүниежүзілік туристік ұйым, халықаралық электрбайланыс бірлестігі- МСЭ және др.) өзінің облыстарында қызмет атқарудың стандартизациянда жұмыс істейді. ИСО, МЭК және МСЭ өзінің қызметі стандартизация бойынша саудаға қызмет атқарулармен ВТО жаңа зерттемелерімен байланыстырады.

Қызмет ету таралуы бойынша 4 түрге жіктеледі.



  • бағыт,

  • тұтынушы сипаттамасы

Стандарттау бойынша халықаралық ұйым стандарттаудың қызмет атқаруына 1998 ж бастап халықаралық семинарларды өткізуде, мақсаты- мүдделі жақтардан халықаралық стандарт қызметі жайлы ақпарат сұрау. Қазірде - қонақ үй ісінің және көрменің стандартизация қажеттілігі жоғары болып отыр.

Қонақ үйде ең көкейкесті іс халықаралық стандартизацияның шартты белгісі төтенше жағдайлармен басқару және қауіпсіздікпен қамту әдістері жатады.

Стандартизация және экология. Стандартизацияның экология облысында ерекше рөл атқарады, ол тек ұлттық және халықаралық ұйымның қызметіннің стандартизация бойынша ғана емес. Ресурстарды қолдану және қоршаған ортаны қорғау саласында стандарттарды көбінесе қарастырады. Стандарт - бұл қоршаған ортаны сапамен басқару тәсілі.

Әлемдік қоғамдастық қоршаған ортаны қорғау жұмыстарын жасайды. Айталық, тек ЕС бойынша 90 экология облысында директив қабылдаған. Олар басты ЕС қоршаған орта, сапалы су, сапалы ауа, индустриялық тәуекелдердің және тастандылар, айғай-шу бойынша саясатты жүргізеді.



Директивы по генеральной политике ЕС направлены на мето­ды оценки стоимости контроля за загрязнением в промышлен­ности; оценку степени влияния некоторых государственных и частных проектов на окружающую среду; создание Европей­ского агентства по охране окружающей среды, сети контроля и обеспечения информацией и др.

Директивалар ЕС бойынша бас саясатына өндіріс ластануын қадағалауды бағалау әдісі бағытталған; мемлекеттік, жеке қоршаған орта жобасының ықпал ету деңгейі; ақпаратпен қамту және сетти бақылау, қоршаған ортаны қорғау бойынша Европалық агенства құру. Суға қатысты директив қорғалатын өзен, көл және басқа мәселелерді қамтиды; ауыз су сапасын; суды кейбір қауіпті заттардан қорғау; татымсыз судың сапалары және т.б. Ауа мен өндіріс қауіпінен қорғау директерін кейбір қауіпті заттар мен препараттарды шектеу; «Қауіпті заттарды маркілеу және қаптау классификациясы; қауіпті химикаттарға экспорттау мен импорттаудағы талаптары; (асбест, двуокиси азот, қорғасын, двуокиси күкірт және т.б) нақты заттардың ауаға таратылу нормасы.

Шығынға қатысты мәселе директивтері қала шартына сәйкес суды тазарту талабын анықтайды; ауа қауіпсіздігі мен ластану бойынша; артық қауіпті заттарды бақылау; нақты объектіге қатысты нормалары.

Айқау-шудан сақтау директиві мотоцикл, автомабиль, сонымен қатар тұрмыстық техника құралдарының айқай-шуын нормалайды.

ЕС-да арнайы экомаркі белгісінің мақсаты тұтынушыға қоршаған ортаға қауіпсіз, экологиялы таза, талап нормаға сәйкес жасалған өнім деген ақпарат береді. Экобелгі тағам өнімдері, сусын және дәрілік препараттарға негізделмеген. Оларға қауіпті директивті тауар препараттарды маркілейді. Белгі түсі жасыл, көк, қаранын ақ фонда, ақтын қара фонда болуы мүмкін. Дайындаушы экобелгіні алу үшін алдымен өнім экология бағасын біліп, онымен сатндарттау бойынша орган әрбір өнім тауар бойынша келісімге келіп айналысады. Экобелгі белсенді түрде рекламаларда жүреді, себебі өндірілген өнімнің бәсекеге қабілеттілігін білдіру мақсатында.

Экологиялық стандарттаудың басты аспектісі болып- тұтынушы мен өндіріс тастандысын утилизациялау.

Ресейде 70 млрд.т гектар жер тастанды жерге айналған.

Экологиялық норма бойынша ұлттық стандарттау мынадай заңдарды жасауда:


  • Табиғи және қоршаған ортасын қорғау;

  • Аймақтың санитарлы-эпидемиологиясы;

  • Жер қойнаулары;

  • Жер төлемі;

  • кәсіпорын және кәсіпкерлік туралы қызмет;

  • Тұтынушы құқығын қорғау;

  • Стандарттау;

  • Өнімді чстандарттау және қызмет көрсету

  • Инвестициялық қызмет;

  • қорғаныстың өнеркәсібі туралы конверсия;

  • Қорғаныс.

Бақылау сұрақтары

1 Техникалық реттеудің мемлекеттік құрылымын атаңыз?

2 Мемлекеттік органдарға мысал келтіру.

3 Техникалық реттеу саласында үкімет өкілі

4 Қандай менеджмент жүйесі белгілі?

5 Стандарттау жүйесі қалай жүруде?

6 Экология саласындағы стандарттаудың орны қандай?


№ 21 дәріс

Тақырыбы: Халықаралық стандарттау


Дәріс жоспары:

1 Халықаралық стандарттаудың мақсаты

2 Стандарттау бойынша халықаралық ұйым
1 ИСО мақсатына техникалық және экономика қызметі, әлемдік деңгейде тауар айналымы және ықтымастықты кеңейтіп, стандарттауды дамыту болып табылады.

Мақсатқа жету үшін:

-әлемдік деңгейде стандарттау бойынша барлық жағдайды қабылдау

-халықаралық стандарттарды өңдеп және хабарлау.

-техникалық комитет және оның мүше комитеті бойынша ақпарат алмасу.

-халықаралық басқада ұйымдармен бірлесу.


2 Стандарттау бойынша алғаш халықаралық бірлестік 1921жылы бірінші 7 ұлттық комитет бойынша стандарттау конференциясы болды. Бұл конференция ұйым принципін жасады, осының негізінде 1926 жылы Стандарттау бойынша халықаралық ұлттық ассоциация құрылды. Оның құрамына стандарттау бойынша 20 ұлттық ұйым кірді.

БҰҰ шешімімен 1947 жылы Лонданда стандарттау бойынша Халықаралық ұйым ИСО құрылды. Электротехника мен электроникасынан басқасын бұл ұйым стандарттарды қамтыды.

ИСО-ның негізгі мақсаты бүкіл әлемде стандарттауды дамыту болып табылады. ИСО 146 әлем елін сонын ішіде 94- мүше ИСО, 37- мүше - корреспондентері және 35- енгізілген мүше елі кіреді.

ИСО – ға ие ел техникалық комитеттің кез-келген жұмысына қатысуына болады. Корреспондентке мүше- стандарттауды әзірлеу жайлы барлық ақпарат алуға құқылы. Жазылға мүше ИСО-ға қаражат төлеп және халықаралық стандарт жайлы ақпаратқа қол жеткізе алады. Қазақстан Республикасы 1994 жылдан бастап ИСО-ның толық мүшесі.

Халықаралық электротехника комиссиясы (ХЭК)

1906 жылы 13 мемлекет елі электрлік машина мен терминология бойынша стандарт параметрімен қызығушы ұйым негізінде Халықаралық электротехника комиссиясы құрылды. ИСО құрылғаннан кейін ХЭК оның автономды ұйымы ретінде құрамына енді. ХЭК ИСО қызметіне кірмейтін электротехника, электроника облысындағы стандартқа негізделген.

ХЭК-тің негізгі мақсаты - халықаралық стандарттарды әзірлеу және нормативті құжаттар шешімін халықаралық бірлестікте шешу.

Европалық экономикалық комиссия БҰҰ (ЕЭК ООН) - орган ЭКОСОС ООН (Экономикалық және әлеуметтік кеңес БҰҰ). Ол 1947жылы құрылып соғыс зардабына көмек көрсетті. Бірақ 1951 ж ЭКОСОС ХЭК туралы мерзімін ұзарту туралы шешімге келіп оның БҰҰ бірлестігінде экономикалық қызмет бағытына негіздеді.

Азық-түлік және ООН (ФАО) ауыл шаруашылық ұйымы. Бұл 1945 ж үкіметаралық сияқты арнайы БҰҰ ұйымы. Ұйым мақсаты - жалпыға бірдей әл-ауқат жолымен өндірістің тиімділігінің аумақтауының және азықтық және ауыл шаруашылық азық-түліктің таратушылығына қолғабыс өрлету. Нормативтік құжаттың зерттемесінде Фаоның осы облыстарында шамалы ИСО 25 техникалық комитеті жұмыс жасйды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау (ДДСҰ) ұйымы. 1948 ж ЭКОСОС БҰҰ бойынша құрылды. ДДСҰ мақсаты – бүкіл әлем халқының денсаулығын қорғау.
Бақылау сұрақтары:

1 Халықаралық стандарттаудың мақсаты

2 Мақсатқа қол жеткізу

3 Халықаралық стандарттау ұйымы қана құрылды?

4 ИСО-да қандай мүше елдер бар?
№ 22 дәріс

Тақырыбы: Өңірлік стандарттау

Дәріс жоспары:

1 Стандарттау бойынша аймақтық ұйым

2 Мемлекетаралық стандарттау
Стандарттау бойынша аймақтық ұйым:

- стандарттау бойынша жалпы европалық ұйым

- стандарттау бойынша өзараскандинавиялық ұйым

- Стандартизация тәуелсіз мемлекеттің одағында.

Стандарттау бойынша жалпы европалық ұйым (СЕН; СЕНЭЛЕК; ЕТСИ), Стандарттау бойынша өзаракандинавиялық ұйым (ИНСТА), Халықаралық ассоциация Оңтүстік-Батыс Азия елі (АСЕАН), Стандарт (КОПАНТ) панамерикандық комитеті. Стандартизация тәуелсіз мемлекеттің одағында. Стандарттау бойынша Европалық комитет (СЕН) 1961ж бастап құрылған. СЕН мүшелігіне 18 европалық ел жатады. СЕН негізгі мақсаты - қолғабыс сауданың дамуының тауармен және қызмет атқарулармен жолымен бы айдал- арада ЕС өзінің директиваларының, ЕАСТ және сырттың үкіметаралық ұйымдары білген еуро қалыптың( евронорм, Е ) зерттемесі. Сен еуро қалыптарды ара мынадай облыстарда әзірлейді, сияқты жабдықты үшін авиация үшін, газды газсауыт, газды плиты, және др. насос бекеттері из Сен жұмысының негізгі ұстанымдарынан деген - ИСО қалыбының тындырымды игерушілігі үшін евронорм зерттеме үшін негіз әлде, нешінші ИСО кемел нәтиже толықтауыш. Стандарттау электротехника бойынша Европейский комитет (СЕНЭЛЕК) СЕНЭЛЕК 1971 ж құрылған. 17 Европа елі мүше. СЕНЭЛЕК негізгі мақсаты - электротехникалық өнім стандартын әзірлеу. Стандарт СЕНЭЛЕК европалық нарықтың біріңғай әдісі ретінде қарастырылады. Аймақтық стандарт СЕНЭЛЕК бойынша, 3формаға ие: европеалық стандарт (Е ), гармонизация бойынша құжат (НД) және алдын-ала стандарт (Е У).

Электр байланыс стандарттай бойынша Европалық институт (ЕТСИ)

ЕТСИ 1988ж құрылды.

Оның негізгі тапсырмасы поиск - электросвязи кешенді инфрақұрылымын ортақ қалыптарды жасау болады. Стандарттау бойынша Өзаракандинавты ұйым (ИНСТА) -1952 ж құрылды. Оның негізгі ерекшелігі жалпы аймақтық кандинавты стандарт әзірлемейді. Негізгі жұмысы ИНСТА ұлттық стандартты құру, скандинавты мемлекет, ұлттық нормативтік құжаттың техникалық талабының бірегейлендірулері, айырбастың ұйымының ақпаратпен туралы жұмыстарда ша стандартизацияға косарландырудың аулақта- үшін, тәжірибенің таратуының ша қалыптың жаралғанының және -членов елінің келісімді айқындамасының ұйғарымінде ИСО, МЭК және сырт ұйымдары.

Оңтүстік-батыс Азия(АСЕАН) елінің халықаралық ассоциациясы.

Оңтүстік-батыс Азия мемлекетінің халықаралық ассоциациясы 1994 жыл консультациялық комитетті бойынша стандартизацияға және сапаға жасады. Барлық елдер АСЕАН топтаманың ИСО қалыптарын 9000 "мұқабаның әдісінің" қабылдады. Комитеттің қызметі ортақ сұрақтарды бойынша стандартизацияға және сапаға неізделген.

Қалыптың(КОПАНТ) панамерикандық комитеті. Ол 1961 жылдан өмір сүреді. Ұйымның басты мақсаты - аймақтық саудада техникалық кедергінің жоюы. КОПАНТ қызметі елдердің-мүшенің ұлттық ұйымының жұмысының жетілдіру, тәлім-тәрбиені және маманның біліктілігінің көтермелеуін оқтаулы.

Стандарттау бойынша Еуразияшылық кеңес, метрологияға және сертификаттауға(ЕАСС) 1992 жылдың наурызында қол қойып "келісім туралы жасасады, келісімді стандартизация облысының, метрология және сертификаттау" – болып табылды.


Мемлекетаралық стандарттау - бұл Мемлекетаралық мүддені білдіретін обьектілерді стандарттау.

Стандарттаудың халықаралық сипатын атап өте отырып, өнімдердің сыйысушылығын, өзара алмасушылығын, адам денсаулығы мен өмірі, қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, оның қажеттігін тани отырып, 1992 жылғы наурызда ТМД елдерінің үкімет басшылары "Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісімді саясат жургізу туралы" Келісімге қол қойды.

Келісімге қатысушылар алдында тұрған негізгі міндеттер:


  • мемлекетаралық   мүдделерді   білдіретін   стандарттау,метрология және сертификаттау бойынша жұмыстар жүргізудің ортақ (жалпы) ережесін қабылдау;

  • адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау үшін олардың қауіпсіздігін, сыйысушылығы мен өзара алмасушылығын, сондай-ақ сынаудың, біртұтас әдістерін қамтамасыз ететін өнімдер мен қызметтерге бірыңғай міндетті талаптар белгілеу;

  • мемлекетаралық     мүдделерді      білдіретін     жалпы 
    техникалық талаптарды стандарттау;

  • техникалық-экономикалық   ақпараттар    мен   шартты белгілеу (код беру) жүйесінің сыныптауыштарын енгізу мен дамытуды ұйымдастыру;

  • келісімге қатысушы-мемлекеттердің қолдануына рұқсат ететін физикалық шамалар бірлігін белгілеу;

  • мемлекетаралық қызмет уақыты мен жиілігін, өлшеу құралдарының    ақпараттық    қорларын,    стандарттық үлгілері мен стандартты анықтамалық деректерін енгізу;

    • мемлекетаралық   стандарттар   қорын,   өзге   елдердің 
      халықаралық, аймақтық стандарттарын қалыптастыру, 
      сақтау  және  енгізу,   келісімге   қатысушыларды   осы 
      стандарттармен қамтамасыз ету;

    • мемлекетгік сынаулардың, метрологиялық аттестациялаудың,   өлшеу   құралдарын   тексеру   мен калибрлеудің, аккредитациядан      өткен      сынау лабораториялары     мен     сертификаттау     жөніндегі органдардың нәтижелерін өзара тану;

    • мемлекетаралық    мүддені білдіретін мемлекетаралық стандарттарды және нормативтік құжаттарды басып шығару және қайта басып шығару, көбейту және тарату

    • аккредитациядан      өткен      сынау лабораториялары     мен     сертификаттау     жөніндегі органдардың нәтижелерін өзара тану;

    • мемлекетаралық    мүддені білдіретін мемлекетаралық стандарттарды және нормативтік құжаттарды басып шығару және қайта басып шығару, көбейту және тарату;

    • кадрлар      даярлау      және      біліктілікті      арттыру бағдармаларын үйлестіру;

    • стандарттау,      метрология      және      сертификаттау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

Қазіргі уақытта балтық жағалауы елдерінен өзге бұрынғы КСРО-ның барлық республикалары Келісімге қатысушылар болып саналады. Құрамына стандарттау жөніндегі тиісті ұлттық органдардың жетекшілері кірген стандарттау, метрология, сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық кеңес құрылған болатын .

Мемлекетаралық кеңес жұмысының тиімділігін арттыру үшін, Минскі қаласында ұйымдық міндеттерді орындайтын техникалық секретариат құрылды.

ТМД елдерінің стандарттау  жөніндегі ұлттық органдары

Мемлекеттердің аттары

Ұлттық стандарттау  органдарының аттары

1

2

Азербайжан  республикасы

Армения республикасы

Беларусь  республикасы

 Грузия республикасы

Қазақстан республикасы

 

Қырғызстан  республикасы



Молдова республикасы

Ресей федерациясы

Тәжік республикасы

Түркменстан республикасы

Өзбекстан республикасы

Украина




Азмемстандарт

Арммемстандарт

Белстандарт

Грузстандарт

Қазақстан Республикасының

мемстандарты

Қырғызстандарт

Мемдепартамент - Молдова.

Ресей мемстандарты

Тәжікмемстандарт

Түркменбасмем инспекциясы

Өзмемстандарт

Украина мемстандарты

Мемлекетаралық  стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізудің негізгі принциптері: МЕМСТ 1.0-99 Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу Ережесі. Жалпы ережеде баяндалған.

Оған мыналар жатады:


  • өзара жеткізілетін өнімдердің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі келісімге қол жеткізуге Келісімге қатысушы бүкіл мүдделі мемлекеттердің өзара ұмтылуы;

  • мемлекетаралық стандартты әзірлеудің дұрыс екендігі;

  • мемлекетаралық   стандарттардың   халықаралық және аймақтық стандарттармен үйлесімін қамтамасыз ету;

  • өзара    байланысты        объектілерді    стандарттаудың кешенділігі;

  • мемлекетаралық стандарттардың ғылым мен техниканың және озық тәжірибенің қазіргі заманғы жетістіктеріне сәйкестігін қамтамасыз ету.

Мемлекетаралық стандарттау жұмыстарын жүргізу үшін бұрынғы КСРО техникалық комитетіне стандарттау жөніндегі мемлекетаралық комитет мәртебесі берілген. Шағын комитеттер, тұрақты және уақытша жұмыс топтары стандарттау жөніндегі мемлекетаралық комитеттің ұйымдық құрылымын құрайды. Қазіргі уақытта оған нақты өнім топтары немесе қызмет бағыттарын бекітіп беру арқылы стандарттау жөніндегі мемлекетаралық комитеттің номенклатурасын оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекетаралық стандарт мемлекетаралық стандарттау саласындағы негізгі нормативтік құжат болып саналады.

Мемлекетаралық стандарт (МЕМСТ) - бұл стандарттау жөніндегі мемлекетаралық Кеңес қабылдаған стандарт.

Мемлекетаралық  стандарттардың (МЕМСТ) келесі түрлері ажыратылады:



  1. Негізгі стандарттар;

  2. Өнімдердің (қызметтердің) стандарттары;

  3. Процестердің (жұмыстардың) стандарттары;

  4. Бақылау әдістерінің (сынау, өлшеу, талдау) стандарттары.

Мемлекетаралық стандарттарды құруға қойылатын талаптарды әзірлеу тәртібі МЕМСТ 1.5-99 "Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі жұмыстар жүргізу Ережесі.

Бақылау сұрақтары

1 Өңірлік стандарттау деген не?

2 Халықаралық стандарттаудың өңірлік стандарттаудан айырмашылығы қандай?

3 Мемлекетаралық стандарттау?

4 МГС-ге мұше елдер?


№ 23 дәріс

Тақырыбы: Сертификаттау негіздері

Дәріс жоспары:

1 Сертификаттау түсінігі



2 Сертификаттау түрі


  1. сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің,

көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім;

  1. сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметт

техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат;

  1. беруші - өнім беретін, қызмет көрсететін жеке немесе заңды тұлға;

  2. дайындаушы (орындаушы) - өнімді кейіннен иеліктен шығару

немесе өндірістік мақсаттарда өзі тұтыну үшін өндіретін, сондай-ақ өтеулі және (немесе) өтеусіз шарт бойынша жұмыстарды орындайтын немесе қызметтер көрсететін жеке немесе заңды тұлғалар;

  1. инспекциялық бақылау - сертификатталған өнімнің, процестің

техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген органның уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асыратын тексеруі;

  1. сәйкестік белгісі - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық

регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі;

  1. сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің

техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат;

  1. сәйкестік туралы декларация - дайындаушы (орындаушы)

айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;

  1. сәйкестікті ерікті растау - дайындаушының (орындаушының)

немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім;

  1. сәйкестікті міндетті растау - өнімнің техникалық регламенттерд

белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім;

  1. сәйкестікті растау - нәтижесі объектінің техникалық

регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын рәсім;

  1. сәйкестікті растау жөніндегі орган - сәйкестікті растау жөніндегі

жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;

  1. сәйкестікті растау нысаны - нәтижелері өнімнің, көрсетілетін

қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігінің дәлелі ретінде қаралатын іс-қимылдардың жиынтығы;

  1. сәйкестікті растау саласындағы құжат – Қазақстан

Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация;

  1. сәйкестікті растау схемасы - объектінің техникалық

регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін (сынау, өндірісті бағалау, сапа менеджменті жүйесін бағалау, нормативтік және техникалық құжаттаманы талдау және басқалар) сипаттай отырып айқындау тәсілдері;

  1. сәйкестікті растау, тауар шығарылатын мемлекетті анықтау,

аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған маман;
2 Сәйкестікті растаудың 2 түрін ажыратады: міндетті және ерікті.

Міндетті сертификатту-сәйкестікті растау жөніндегі органдардың қатысуымен өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау нысаны. Негізінде міндетті сертификаттау адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі мен қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттың немесе өзге нормативтік құжаттың міндетті талаптарына сәйкестігі тұрғысында, міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің жұмыстардың, қызмет көрсетулердің тізбесіне енгізілген өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификатау.

Ерікті сертификаттау өтініш берушінің (дайындаушылардың, сатушылардың, атқарушылардың) бастамашылығы бойынша өнімнің,үрдістің,жұмыстардың,қызмет көрсетулердің өтініш беруші айқындайтын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі. Ерікті сертификаттау міндетті сертификатты алмастыра алмайды. Ерікті сертаудың негізгі мақсаты болып кәсіпорын өнімін бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету. Өнімнің қауіпсіздік талаптарына ғана сәйкес емес,сонымен қатар шығарылатын өнімнің сапасын қамтамасыз ету талаптарына сәйкес өнімнің жарнамалау негізгі мақсатының бірі болып табылады.
Бақылау сұрақтары:

1 Сертификаттау мақсаты

2 Сертификаттау қашан туындады?

3 Сертификаттау туындауына мысал келтіріңіз?

4 Негізгі терминдерге анықтама бер: сертификаттау, сертификат, декларация, сәйкестікті растау, тұтынушы өтініші
Ұсынылған әдебиеттер:

1 Лифиц Е.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000г. 465 с.

2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии М.: ЮНИТИ 1998, 464
№ 24 дәріс

Тақырыбы: Сертификаттау негіздері


Дәріс жоспары:

1 Өнім сертификаты

2 Сертификаттау қызметі
1 Сертификаттауды жүргізу

Өнімді сертификаттау:

1) сертификаттау бойынша өтінімді беру және қарау;

2) өтінім бойынша шешім қабылдау және де схемасын таңдау;

3) сертификаттау бойынша жұмыс жүргізуге келісім жасасу;

4) сұрып, зерттеу мен үлгіні біріңғайлау;

5) өндіріс сарапшылығы (егер сертификаттау схемасын қоса алғанда);

6) алынған анализ нәтижесі және сертификат берілгені жайлы шешім (бас тарту мен беру);

7) Техникалық реттеу мемлекеттік жүйесінде сертификатты тіркеу;

8) Сертификаттауды беру;


2 Қызмет атқаруды сертификаттау қауіпсіздіктің талаптары үшін азаматтардың өмірі және денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау заңды акті және нормативті құжаттарға сәйкес жүзеге асады.
Қызмет атқаруды бірыңғай топтарға жіктейді.

1 Қызмет атқаруды жіктеу

Көрсетілетін қызмет атқарушы функционалды мақсатын қарай 2 топқа бөлінеді:

- материалды қызмет көрсету, өтініш беруші берген тапсырыс жаңа өнімді әзірлеу немесе бұйымның қасиетін қайта жаңғырту (өзгерту, сақтау) сонымен қатар адамдар мен жүктерді тасымалдау, банктік қызмет көрсетумен қамтамасыз етеді. Материалдық қызмет көрсетіге көбінесе тұрмыстық қызмет көрсеті, жөндеу жұмыстары және бұйымдарды өңдеу, тұрғын үй коммуналдық қызметі, қоғамдық тамақтану, көлік қызмет көрсеті және т.б жатады.

- материалды емес қызмет көрсету (әлеуметтік-мәдени) қызмет, тұлғаны рухани және физикалық тұрғыдан дамуын кәсіби тұрғыдан көтерілуін, денсаулығын түзеу бойынша қамтамасыз етеді. Әлеуметтік-мәдени қызмет түріне медициналық қызмет, мәдени қызмет, туризм және білім және т.б жатады.

Көрсетілетін қызметті сертификаттау тәртібі өнімді сертификаттау тәртібінен айырмашылығы сынама алып және зерттеу жүргізу болып табылады.


Бақылау сұрақтары

1 Өнімді сертификаттау тәртібін атаңыз?

2 Сертификаттаудан өткеннен кейін өтінім берушіге қандай құжат беріледі

3 Міндетті сертификаттау ерікті сертификаттаудан айырмашылығы

Ұсынылған әдебиеттер:

1 Лифиц Е.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000г. 465 с.

2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии М.: ЮНИТИ 1998, 466

№ 25 дәріс

Тақырыбы: Сертификаттау негіздері
Дәріс жоспары:

1 Сертификаттау жүйесінің құрылымы

2 Сәйкестікті растау жөніндегі орган

3 Сарапшы аудиторлар


1 Техникалық реттеу(сертификаттау) мемлекеттік жүйесінің құрылымы:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2) Уәкілетті орган;

3-1)Аккредиттеу бойынша орган;

4) мемлекеттік орган жанындағы техникалық реттеу облысындағы сарапшы кеңес;

5) Саудада техникалық кедергілерді жою, санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша ақпараттық орталық (бұдан әрі - ақпараттық орталық);

7) зертхананың сәйкестігін растайтау бойынша орган;

8)Тауардың және аккредитацияның тегін елін анықтау, сәйкестікті растау бойынша сарапшы-аудиторлар;


9) техникалық шарт және стандарттың мемлекеттік қоры.
2 Сертификаттау бойынша орган өнімді, үрдіст, көрсетілетін қызмет заңды тұрғалар барлық түрінде, өнім өндіруші тасымалдаушы және жеткізушіге (физикалық және заңды тұлғалар, көрсетілетін қызмет және тұтынушығы қызмет көрсетушіге) тәуелсіз өзінің құрылымында сынама зетханасы бар (орталық), нақты стандарт талабына жауап береді.

Сәйкестікті растаушы орган өзінің қызметтерін басқа өтінім берушілерге қол жетімділігін қамтамасыз етуі тиіс. Қаржылық немесе басқа да жағдайлар болдмауы тиіс. Қызметтің қолжетімділігі ұйымның көлеміне немесе оның бір қандайда бір ұйымға мүшелігі байланысты шектелмеуі тиіс

3 Сәйкестікті растау (аккредиттеу) бойынша сарапшы-аудиторлар болып Мемстандарттың арнайы комиссиямен аттестатталған мамандар бола алады.

Квалификациялық талаптар

Сарапшы-аудитор жоғары білімі бар, мамандығы бойынша 4 жылдан кем емес кәсіби тәжірибесі бар, сертификаттау (аккредиттеу,сапаны басқару,өнімді сынау) саласында 2 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар,сертификаттау немесе аккредиттеу бойынша арнайы теориялық дайындығы бар болуы тиіс.

Негізгі білім, жұмыс тәжірибесі, арнайы дайындық пен тағылымдамасы өтінім беріліп отырған саламен сәйкес болуы тиіс.

Сәйкестікті растау (аккредиттеу) бойынша сарапшы-аудиторларды теориялық дайындауды Мемстандартпен келісілген оқу орталықтары жүргізеді. Сәйкестікті растау бойынша оқу курсы сәтті аяқталған соң маманға куәлік беріледі. Куәлікте дайындық жүргізілген қызмет аймағы мен бағыттары,сонымен қатар маманның білімін бағалау көрсетіледі.
Бақылау сұрақтары:

1 Мемлекеттік сәйкестікті растау жүйесіне қандай органдар кіреді.

2 Сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуге қандай органдар құқылы

3 Сарапшы-аудиторларға қандай талаптар қойылады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет