ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 6М070100 – «Биотехнология» 6М073200 – «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» мамандықтарының магистранттарына арналған «Ғылыми зерттеу жұмыстарының Әдіснамасы»



жүктеу 1.07 Mb.
бет1/6
Дата17.06.2016
өлшемі1.07 Mb.
  1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042–18-9.1-75/03-2014




ПОӘК

«Ғылыми зерттеу жұмыстарының әдіснамасы» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар



11.09.2014 ж.

№ 2 басылым



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

6М070100 – «Биотехнология»

6М073200 – «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)»

мамандықтарының магистранттарына арналған



«ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӘДІСНАМАСЫ»

пәнінен
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей,

2014


Мазмұны

1. Дәрістер

2. Магистранттардың өздік жұмысы

ДӘРІС № 1
Тақырып: Ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен әдістемелері

Жоспар:

1. Ғылым – білімнің жүйесі ретінде.

2. Ғылыми іздестірудің әдіснамасы

3. Ғылыми зерттеу әдістері.




  1. Ғылым – білімнің жүйесі ретінде.

Ғылым – нақты категорияларда көрсетілетін және күрделі құрылымы бар, табиғаттың, ойлаудың, қоғамның объективті заңдылықтар білімінің жүйесі.

«Жүйе» түсінігінің негізіне әлемдегі барлық заттар, процесстер, құбылыстар өзара байланысты және өзара әсер етеді дегенді айтады, сондықтан ғылым жүйе ретінде берілген:



  • Қоғамдық сана түрінде, ол табиғат, қоғам және адамнан тұратын адамзаттық тұрмыстың мәнін көрсетеді;

  • Қоғамдық тәжірибе түрінде, ол әдіснаманы, теорияны, ақпаратты және ғылымдық құрылымды құрайды.

Ғылымды жүйе ретінде ғылыми білімнің сандық және сапалық жиынының бірлігі, олардың арасындағы байланыстың қалыптасу процессі құрайды. Ғылымның жүйелілігі оның жеке әлеуметтік институт ретінде қалыптасуы мен дамуы арқылы жүзеге асады, ол қоғамның интеллектуалдық потенциалын біріктіреді.

Ғылым –барлық адамзаттың іс-әрекетінің нәтижесі, ол қоғамдық тәжірибенің даму мақсаттарына бағынады. Ғылым – бұл қоршаған әлем туралы жай ғана білімнің жиынтығы емес, ол құбылыстар мен олардың өзара байланысы, табиғат пен қоғамның заңдары туралы қалыптасқан түсінік, олар нақты ғылыми түсінік және пікір көмегімен көрсетіледі. Түсінік пен пікір, егер олар ғылыми әдістер көмегімен алынған болса және олардың тәжірибелік тексерілуі процессінде бекітілген болса, ғылыми болып табылады. Осылайша, ғылым – зерттеу қызметінің аймағы, ол табиғат, қоғам және адам туралы жаңа білімдерді алуға бағытталған.

Ғылым қоғамда мынадай қызметтер атқарады:


  • Әлеуметтік жады - ол алдыңғы дәуірдің сынақтарын «жинау-сақтау-тарату»;

  • Гнесеологиялық (танымдық) - ол қоғамды алға қойылған мәселелерді дұрыс шешу үшін қажетті білімдермен қамтамасыз етеді;

  • Нормативтік - ғылыми құрылымдар арасындағы қатынасты жүйе және норма, әдеп ережесі көмегімен ұйымдастырып, реттейді;

  • Коммуникативтік - ғылыми тіл арқылы түсінікті және маңызды қатынас құрал ретінде жүзеге асады;

  • Аксиологиялық (құндылық) – қоғамда құндылық бағыттарын қалыптастырады, ол ғылыми жаңалықтар нәтижелерін адамзат игілігіне бағыттайды;

  • Креативті (шығармашылық) – адамзаттың мықты, зияткерлі потенциалын жасау көмегімен жүзеге асады;

  • Тәрбиелік – қоғамда білімділік деңгейін арттыруға әсер етеді.

Мұндай білімдердің жинақталу процессі ғылыми таным деп аталады.

Таным процессінің құрылымын былай көрсетуге болады:



  • Таным процессі

  • Ойлау түрі

  • Сергек таным элементі

Ғылымның мақсаты – логикалық және абстрактілі ойлау арқылы жүзеге асатын табиғат пен қоғамның даму заңдарын, олардың заттар мен құбылыстарға әсерін, қасиеттері мен қатынастарына әсерін зерттейді.

Ғылыми таным процессі ұғымдар, категория, критерий көмегімен жүйеленуге және жалпылауға жататын фактілердің жиынтығын қарастырады. Ұғымдар ойды тудырудың жоғары формасы болып табылады және заттар мен құбылыстарды олардың нақты және жалпы сипаттарын да көрсетеді, олардың көмегімен ғылыми білімнің жүйесі пайда болады. Ғылыми білімдер өзара байланысты түсініктер жүйесі болып табылады, олар табиғат пен қоғамның заңдылықты процессін көрсетеді.

Ғылыми білімнің жүйесін дамыту, оны жүзеге асыру, жүйелеу және апробация ғылыми зерттеу көмегімен жүзеге асады.

Оқу, зерттеу,ғылыми ізденіс жүргізу – бұл негізгі рөлде интуиция, зерттеушінің даралығы, тәжірибе болатын жаңалық. Эмпирикалық фактіге де, ғылыми фактіге де сүйенетін ізденіс ғылыми зерттеудің әртүрлі әдістерін қолануды қарастырады және типологиялық деңгейде жалпылауға әкеледі, ол ғылыми деп аталады.

Кез-келген ғылыми ізденіс айрықша ерекшелікке ие, оларға танудың мақсатты процессі, оған тән реттілік және ұсынылған ережелер, қорытындылар және жалпылауларға негізделген ғылыми ізденістің логикасы жатады. Ғылыми ізденіс әрқашанда ғылыми білім деңгейін арттыруға, жаңа шынайы идеялармен байланысты табиғаттың жаңа заңдылықтарын ашуға бағытталады.

Мақсатты тағайындалуы бойынша ғылыми зерттеулердің мынадай түрлерін көрсетеді:



  • Фундаментальды, олар белгісіздіктің жоғары дәрежесіне ие, олардың нәтижесі жаңа құбылыстарды және табиғат заңдылықтарын ашу, қоғамның ғылыми білімін кеңейту және оларды тәжірибелік қызметте қолдану;

  • Қолданбалы – олар жаңа ізденіс немесе белгілі құбылыстар мен табиғат заңдылықтарын жетілдіру болып табылады, олардың мақсаты – алынған нәтижелерді адам мен қоғамның тәжірибелік қызметінде қолдану.

Ғылыми зерттеуді шартты түрде сатыларға бөледі:

  • Эмпирикалық;

  • Теориялық.

Ғылыми зерттеудің эмпирикалық сатысы материалды біріншілік өңдеу және алумен, дәлелдердің жинақталу процессімен байланысты, ғылыми тілмен сипатталған, әртүрлі белгілері бойынша жіктелген және олардың арасындағы негізгі тәуелділікті шығару.

Дәл осындай жұмыс кезінде зерттеуші: әрбір дәлелді зерттеу шеңберіндегі ғылыми терминдермен сипаттауы тиіс; барлық дәлелдердің ішінен қарапайым және кеңінен қолданылатынын іріктеп алу керек; дәлелдерді олардың маңыздылығы бойынша жіктеп, іріктелген дәлелдер арасында байланысты түсіндіру керек.

Зерттеудің ғылыми сатысы – ғылыми дәлелді терең талдаумен, тексерілген, анықталған және белгіленген құбылыстар мағынасына енуімен, оның сапалық және сандық формада қалыптасуымен, іс-әрекет принципін таңдаумен және осы дәлелдерге тәжірибелік әсер ету ұсыныстарымен байланысты.

Зерттеудің екі сатысының арасында қойылатын мәселе бар, ол дегеніміз:



  • Белгісіз және дәлелді талап ететін нәрсені анықтау;

  • Мәселенің негізгі мазмұнын және оның дұрыстығы мен ғылымға маңыздылығын негіздеуді көрсететін сұрақты қалыптастыру;

  • Осында қолданылатын нақты тапсырмаларды, олардың шешу және әдіс реттілігін бөліп көрсету.

Ғылыми зерттеу өзінің әрбір циклінде эмпирикадан теорияға, теориядан – оны тексеретін тәжірибеге жылжиды. Бұл процесс белгілі сатылардан және формадан тұрады, оларда ғылыми білім болады және жамиды, оның ішінде фактілерді алу, сипаттау және ғылыми мәселелерді қою, гипотезаларды, жаңа идеяларды, ережелерді ұсыну, теорияларды қалыптастыру және онда дәлелдік ережелерді органикалық қосу.

Теория (грекше theoria – қарастыру, зерттеу) - шындық туралы нақты ғылыми білімнің формасы, ол ұғым, бекіту, дәлелдеу жүйесінен тұрады, қоғамдағы заңдылықтар мен байланыстар туралы толыққанды түсінік береді. Теория танымдық әрекет пен тәжірибе нәтижесінде туындайды және шындықты бейнелеудің ойлау процессін көрсетеді. Ғылыми теория жүйе ретінде сипатталады:



  • Заттылығымен;

  • Объективті қызметтің адекваттылығымен;

  • нақтылығымен;

  • шынайылық және нақтылықпен.

Ғылыми теория логикалы болуы тиіс, дәлелдер мен ғылыми құрылымдарды түсіндіре білуі тиіс. Бар білімдер эксперименттік фактілердің түсініктері қанағаттандырмағанда жаңа теориялар туындайды.

Ғылыми теорияның құрылымы:



  • фактілерден – шындығы дәлелденген объектілер немесе құбылыстар туралы білімдер;

  • категориялар – маңыздырақ, құбылыстардың жалпы сапалары шынайы жалпы және фундаментальды ұғымдарды көрсетеді;

  • аксиомалар (грек.axiota) – логикалық дәлелсіз қабылданатын шынай ережелер;

  • постулаттар (лат.postulatum) – ғылыми теориямен шынайы ретінде қабылданатын бекіту;

  • принциптер (лат.principium) – кез келген теория, оқу, білім немесе әлемге көзқарастың негізгі ережелері;

  • ұғымдар – заттарды, құбылыстарды белгілі сипаттары бойынша жалпылап, ерекшелейді, олардың маңызды сапасын (жалпы, жеке, нақты, абстарктілі, салыстырмалы, абсолютті және т.б) көрсетеді;

  • пікірлер (сөз) – айтылған ой (нақтылайтын, жалпы, нақты, шартты және т.с.с), бұнда оның мазмұны, шындығы немесе қателілігі көрсетіледі;

  • ойтұжырымдар – екі немесе одан да көп пікірлердің реттілігін қосатын ойлау процессі,нәижесінде жаңа бір пікір;

  • заңдар – құбылыстар арасындағы маңызды және қажетті қатынастар, олар жалпы байланысқа ие және объективті сипатқа ие.

Осылайша, ғылыми теория – маңызды идеялардың, көзқарастардың және логикалық принциптердің жүйесі, оның көмегімен тәжірибе жалпыланып, анық білімдер алынады, табиғаттың, қоғамның,ойлаудың түсінігі арасындағы байланыс негізінде заңдылықты даму көрсетіледі.
2. Ғылыми ізденістің әдіснамасы

Әдіснаманың бірнеше белгілі термині бар.

Әдіснама – ұйымның құрылымы, логикасы туралы, ғылымның әрбір саласындағы әдістер мен құралдар қызметі туралы, оның теориясы мен тәжірибес туралы түсінік. Оқу процессіне сәйкес жоғары мектепте әдіснама ғылыми танымның принцитерінің, құралдарының, әдісері мен фомаларының жиынтығы деп түсіндіріледі.

Әдіснама – таным негіздері туралы оқу – зерттеуші ғылыми таным процессінде сүйенетін философиялық, дүниетаным көзқарастарын сараптап, бағалайды.

Әдіснама – зерттеудің әдістері мен тәсілдері туралы оқу ретінде танымның нақты әдістерінің маңызды сипатын қарастырады, олар зерттеудің жалпы бағытын құрайды. Мұндай әдістерге зерттеудің эмпирикалық және теориялық сатыларының әдістері мен тәсілдерін жатқызуға болады.

Ғылыми таным әдіснамасының мәні – ол ғылыми білімнің барлық көлемін жүйелеуге мүмкіндік береді және зерттеудің келесі тиімді бағыттарын әзірлеуге мүмкіндік береді. Ғылыми таным әдіснамасының негізгі міндеті – ғылымның дамуы жетістіктерін тәжірибелік мақсатта пайдалануға мүмкіндік беретін жинақталған ғылыми білімнің синтезі. Әдіснама әдістерді, құралдарды және тәсілдерді зерттейді, оның көмегі арқылы білімнің әртүрлі жүйесі жинақталып, құрылады.

Әдіснамалық аппарат:


  • ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу принциптері;

  • ғылыми зерттеу әдістері мен оның стратегиясынанықтау әдістері;

  • ғылыми аппарат: ғылыми зерттеудің ұғымдық-категориялық негізі (өзектілігі, ғылыми жаңалығы, эвристикалық құндылығы, практикалық мәні, проблемтикасы, объект, зат, гипотеза, мақсат және міндет).

Таным әдіснамасының негізгі принциптері:

  • өзара келісілген болып табылатын теориялар мен тәжірибелер бірлігінің принципі;

  • осы және басқа құбылыстардың барлық факторларының есебін қажет ететін объективтілік принципі;

  • объективтік процесстер мен нақты тәсілдердің маңызды жағы мен заңдылыықтарын көрсететін нақтылық принципі;

  • ғылыми білімді таным объектісінің айырмашылықтары, сандық және сапалық өзгешеліктерін бейнелейтін ғылыми білімді қалыптастырудан тұратын даму принципі;

  • қатынастар мен олардың арасындағы байланыс есебінен құбылыстың шарттылығын қажет ететін заңдылықтар принципі.

Сонымен қатар әдіснамалық анализдің әртүрлі деңгейі бар, көбінесе:

  • динамикалық деңгей: ғылым нәтижелерінің дүниетанымдық интерпретациясы, ғылыми ойлаудың формалары мен әдістерін, оның категориялық бағытын сараптайды;

  • статистикалық деңгей: жалпы ғылыми сипатқа ие зерттеудің принциптері, бағыттары, формалары;

  • аналитикалық-синтетикалық деңгей, яғни нақты-ғылыми әдіснама – осы және басқа ғылым саласында қолданылатын зерттеудің әдістері мен принциптерінің жиынтығы;

  • Пәндік деңгей, яғни пәндік әдіснама – зерттеу әдістері мен принциптерінің жиынтығы тәріздес, ол ғылымның нақты саласында немесе ғылымдар тоғысқан ғылыми пәнде қолданылады; ғылыми пән ғылыми білімді ұйымдастырудың негізгі формасы болып табылады.

  • Пәнаралық деңгей – ғылыми ізденістің логикасына сәйкес әртүрлі ғылымдардың өзара әсерлесу шеңбері болатын пәнаралық кешенді зерттеудің әдіснамасы.

Әдіснамамен бірге ғылыми танымның негізгі элементі – ғылыми зерттеудің логикасы болып табылады, ол яғни ғылыми ізденісте белгілі бір жолды түсінеді. Ғылыми зерттеу белгілі сатылардың логикалық реттілігін қажет етеді, оның негізін рациноалды ойлау құрайды.
3. Ғылыми зерттеу әдістері

Әдістеме - нақты материалды, оны өңдеуге және қажетті нәтижелерді алу үшін қолданылатын зерттеу еңбегінің жүйесі.

Әдіс – теориялық зерттеу немесе құбылыстарды (процесстерді) тәжірибелік іске асыру бағыты (әдіс, құрал).

Ғылыми зерттеуде қолданылатын әдістер тек заттың өзіне ғана емес, сонымен қатар зеттеудің деңгейіне де: эмпирикалық және теориялық деңгейге байланысты.

Зерттеудің эмпирикалық деңгейіне тән әдістер:


  • Бақылау;

  • Эксперимент;

  • Статистика.

  • Зерттеудің теориялық деңгейі үшін сараптама-синтез, индукция-дедукция, аналогия және т.б. әдістері қоланылады. «Ғылыми әдіс» және «ғылым әдіс» деген ұғымдарды бөліп қарастыру керек.

Ғылыми әдістерге қойылатын талаптар:

  • Детерминделген әдіс, яғни объект ретінде де, танымдық қызмет ретінде де заңдылықтармен негізделу;

  • Әдістің зерттеу мақсаты ретінде берілуі, яғни әдістің барлық компоненттерінің зеттеу мақсаттарына сәйкес келуі;

  • Әдістің нәтижелілігі мен сенімділігі, яғни жоғары деңгейдегі анықтылығымен нәтиженің болуы;

  • Тиімділік – мақсатқа аз күш жұмсау арқылы және максималды нәтижеге жету арқылы қол жеткізу;

  • Экономикалылығы, яғни қосымша күш енгізбеу арқылы нақты нәтижелерге қол жеткізу;

  • Түсіну мен қолдануда қолжетімділігі.

Ғылыми таным әдістерінің әртүрлілігін шартты түрде үш деңгейге бөледі:

  • Эмпирикалық (бақылаулар, салыстырулар, өлшеулер, сауалнама, әңгімелесу, тест және т.с.с);

  • Эксперименталды-теориялық (физика-химиялық, органолептикалық, микробиологиялық), анализ-синтез, индукция-дедукция, модельдеу, гипотезалық, тарихи, логикалық, абстарктілеу, иделаизация, аксиоматика, жалпылау және т.б);

  • Мета-теориялық (диалектикалық әдіс, жүйелік анализ әдісі).

Ғылым әдісі – ғылыми және танымдық қызмет құрылымында танымдық процессті ұйымдастыру, ол нақты ғылыми ізденісті қарастырады: мәселелерді құрастыру, гипотезалар құру, эмпирикалық, гипотезаны теориялық және эксперименталды тексеру, қорытындылар және келесі әзірлемелерді болжау.

Жүйелік-құрылымдық зерттеу әдісі жалпығылымдық мәнгге ие боды және ол:



  1. Кез келген объектілерді күрделі білім деп қарастырамыз, ол белгілі бір құрылымға ие және жалпы жүйелердің бөлігі болып табылады;

  2. Объекті құрылымын тану;

  3. Құрылымдық қатынсатар мен ішкі байланыстар заңын анықтау, олардың құрылуын тек сапалы түрде ғана емес, сонымен қатар сандық түрде анықтау.

Әдіснамалық дайындықты ұйымдастыру мен ғылыми ізденісті меңгеруге қабілеттілік бағалаудың келесідей белгілеріне ие: білім сапасы (толықтығы, тереңдігі, жүйелелігі, оперативтілік, иілгіштік, жалпылық, нақтылық, анықтық); қолданыстағы себеп (тұрақты танымдық қызығушылықтар, құрылымдар); өзіндік білім алудың әртүрлі формаларында білім мен үйренуді өзіндік меңгеру дағдысы (тыңдау, бақылау, эксперимент және т.б); танымдық іс-әрекетті өздігінен ұйымдастыру (өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бақылау); зерделі қызметтің операциясын орындай білу, соның ішінде маңыздыларын сараптау, салыстыру, ерекшелеу, себепті-тергеулі байланыстарды жүйелеу, дәлелдеу, жалпылауға, дәлелдеуге қабілетін көрсету, гипотеза құру және т.б; өзіндік бағаның толықтығы мен критикалық бағалау.

Ғылыми зерттеу кезінде ғылыми зерттеудің бағдарламасы анықталуы тиіс, онда: зерттейтін құбылыс, зерттеудің көрсеткіштері мен сипаттары, қолданылатын әдістер; осы және басқа әдістерді зерттеудің жалпы әдістемесінің құрамы ретінде қолдану реттілігі.

Зерттеу әдістемесі нақты міндетті шешуде өзінің даралығына қарамастан, тұрақты құрылымға ие, оның негізгі компонентері:


  1. Теориялық-әдістемелік бөлім, оның негізінде зерттеу әдістемесі құрылады.

  2. Тарихи-теориялық, құбылыстардың, процесстердің зерттеулерін олардың арасындағы байланыс пен өзара тәуелділік есебінде қарастырады.

  3. Тәжірибелік, яғни зерттеу нәтижелерін ғылыми зерттеудің логикалық аяқталуы ретінде жалыплау, олардың аргументтілігі.

Зерттеу тәсілдері – осы және басқа мәселелерді шешетін құрал, оқылатын құбылыстың заңдылықты байланысы ашылады. Құбылысты зерттеудің сәттілігі әдісті дұрыс таңдауға байланысты. Әдістеме оқылатын зерттеудің нақты тапсырмаларына жауап беру керек және құбылыстың ерекшелігін нақты көрсету керек, ол басқа ғылымдардан механикалық әдістемесін алмау керек. Қойылған мәселені нәтжелі шешу үшін зерттеудің таңдалған тақырыбына жауап беретін нақты әдістемені қолданудың мәні бар.

Осылайша, әдістердің жіктелуі танымдық қызметтің сипаты бойынша келесідей бейнеленуі керек:



  • Танымдық қызмет сипаты бойынша әдістердің жіктелуі;

  • Зерттеуді ұйымдастыру әдісі бойынша әдістердің жіктелуі;

Кешенді зерттеу тәсілдері күрделі бүтіндік объектінің құрылымдық-функционалды байланыстарын ашады.

Сарапшылық бағалар әдісі – сарапшылар тобының ойларын анықтау және өңдеу негізінде болжамдық ақпаратты алу.

Комиссияның әдісі сарапшылардың жеке ойларының жиынтығы негізінде объективті және негізделгендері таңдалатындығынан тұрады.

«Ми шабуылы» әдісі – жаңа идеялардың шығармашылық генерациясы (эксперттер тобы), олардың сараптамасы, бағасы (аналитик топтары) және ең тиімдісін таңдау.

Эвристикалық болжау әдісі нақты теориялық негіздемемен, сарапшылардың құзіреттілігін анықтаумен және алынған ақпаратты өңдеу алгоритмімен ерекшеленеді.

Тәуелсіз сипаттамаларды, олардың анализі мен синтезін жалпылау әдісі барысында барлық қажетсіздері алынып тасталады.

Эмпирикалық мәліметтерді сапалы өңдеу әдісі – берілген критерийлер негізінде жіктеудің, дифференциацияның, категориялаудың іртүрлі тәсілдері.

Сандық әдіс құбылыстар мен олардың арасындағы байланыстың сандық сипатын көрсетеді.

Зерттеудің эмпирикалық әдістері – бақылау, диагностикалау, тәжірибе кезіндегі ғылыми дәлелді алу әдістері.

Теориялық зерттеу әдістері оқылатын құбылыстар арасындағы тәуелділікті анықтайды.

Болжау әдісі – зерттеушінің танымдық әрекетін объективті шындықты орнатуға бағытталған ережелердің, талаптардың жүйесі.

Ақпараттық әдіс - таңдалған мәселеге қатысты монографиялық баспалардан, мақалалардан, әртүрлі ғылыми көздерден тез және тиімді ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Морфологиялық талдау әдісі – мәселені құрамдарға бөлу, оның әрқайсысында шешудің бірнеше әдісі бар, ал нәтижесі барлық шешімдердің мүмкін нұсқаларының жиынтығы.
Сұрақтар:


  1. Ғылымға түсінік беріңдер.

  2. Таным процессінің құрылымы қандай?

  3. Ғылыми зерттеу қандай сатыларға бөлінеді?

  4. Ғылым теориясының құрылымын сипаттап бер.

  5. Әдіснамаға анықтама бер.

  6. Әдіснаманың қандай деңгейлері бар.

  7. Әдіс пен әдістеменің анықтамасы.

2 Дәріс.


Тақырып: Ғылыми білімнің шектеу өлшемі
Маңызды мәселе білімнің ғылымилығын және оның басқа білім түрлерінен шектелуін анықтайды. Қайталап өтеміз, «шынайы» ұғымы «ғылыми» ұғымымен баламалы емес. Ғылымилық белгілерінің жиынтығы бар, оларды қолдана отырып ғылыми білімді ғылымилықтан ажыратуға болады. Осылайша, қазіргі заман физиктері мәңгілік қозғалтқышты құру мүмкіндігін талқыламайды, ал астрономдар астрология бойынша жұмыстарға шындап сенбейді. Оған қоса, теориялық журналдарда ғылыми гипотезалар – құбылыстың байланысы туралы болжамды пікірлер мақаласы көптеп шығарылады.

Ғылым әдіснамасы ғылыми білімді ғылыми еместен шектеу мақсатында бірнеше принциптер қолданады. Оның ішінде үшеуі жиі кездеседі: ұтымдылық, верфикация және бұрмалау.



Ұтымдылық принципі білімнің негізделуінің негізгі құралы болып табылады; ол зерттеушіні белгілі бір нормаларға және ғылымилық идеалдарына, сонымен қатар білім эталондарына бағыттайды.

Верификация принципіне сәйкес, кейбір ұғымдар немесе пікір мәнге ие болады, егер ол сынаққа немесе ол туралы айтылған сөзге тікелей апарылған болса ғана. Тікелей верификацияны ажыратады мына жағдайларда: тура тұжырымның тура тексерілуі, жүргізілуі, жанама және бақылаудың және тәжірибелердің формалануы жанама верификацияның тұжырымымен логикалық қатынастың қалыптасуында. Верификация принципін қолдану ғылыми және ғылыми емес білім деп бөлуге мүмкіндік береді, бірақ егер ол көріністердің кейбір жүйелері кез келген бақыланатын фактты оның пайдасына деп түсіндірсе, алдына қойылған тапсырманы нашар орындайды (религия, идеология, астрология және т.б.).

Бұрмалау принципін ХХ.ғ белгілі ғылым әдістемесіші К.Поппер ұсынды; бұл принциптің маңыздылығы – теорияның ғылыми статусының критерийі оның өтірікке айналатындығы немесе бұлтартпайтындығы болып табылады, яғни білім егер ол бұлтартпайтындығы принципінде болғанжа ғана ғылыми деңгейге жетеді. Поппердің ұсыныстары бойынша, кейбір теорияны теріске шығару әрекетіне бағытталған эксперименттер оның шынайылығы мен ғылымилығын тиімді растайды. Сонымен бізге белгілі қарғалар қара түске ие, осы принциптерге сүйене отырып сол қара қарғалардың ішінен ақ қарған іздеңіздер. Фальсификация принципінің маңыздылығы келесілерге негізделген. Егер тек растауды іздесе, онда әрбір теория үшін растау немесе терістеуді алу қиын емес. Поппердің ойынша, кейбір тыйымдары бар әрбір «жақсы» ғылыми теория – белгілі бір жағдайлардың туындауына тыйым салады. Теория тыйым салған нәрсе одан сайын жақсы. Қандай да мүмкін оқиғамен теріске шығарылатын теория ғылыми емес болып табылады; ал теріске шығарылу теорияның жетістігі емес, ол кемістік болып табылады. Кез келген теорияны нағыз тексеру оны бұрмалаудың әрекеті болып табылады.

Көбінесе ғылыми емес білімді ғылыми деп беруге тырысады және ғылым тәріздес формада көрсетеді. Қазірде қазіргі заман ғылымы кертартпа және шектеулі деген пікір көптеп таралған, себебі дәстүрлі емес, парағылыми концепцияларды – астрологияны, парапсихологияны, уфологияны және т.б. мойындамайды. Бұл концепциялар біздің заманда емес, жүздеген, мыңдаған жылдар бұрын пайда болған, бірақ та әлі күнге дейін сәйкес зерттеулер ғылыми болып саналмайды, себебі нақты, ғылыми бекітілген фактілер берілген жоқ. Ал ғылым негізделмеген зерттеулерді ғылымилық мәртебесіне жатқызбайды.



Сұрақтар:

  1. Әдіснама принциптері

  2. Принциптердің әрбірі туралы айтыңдар.

3 дәріс.
Тема: Ғылыми зерттеу әдістері.
Жоспары:

  1. Ғылыми зерттеудің теориялық әдістері

  2. Эмпирикалық зерттеу тәсілдері




  1. Дедукция термині (лат.dedutio) – кең мағынада алғанда, логика ережелерін сақтау арқылы жаңа ой логикалық жолмен шыққанда ойлау формасын көрсетеді. Дедукция теориясын алғаш рет Аристотель шығарған және осы уақытқа дейін логиканың дамуымен ғылым ретінде жетілген. Дедуктивті пікірлер, егер оның барлық құрамдары шынайы болғанда, шынайы болады. Индукциядан айырмашылығы дедуктивті пікірлерде шынайы сілтемелер болғандықтан теріс қорытынды шығару мүмкін емес.

Дедукция әдісінің көмегімен өзіндік ақыл-ой процессінің мүмкіндіктері кеңейеді, онда екі негізгі деңгейді бөліп қарастыруға болады:

  • Бірінші деңгейде дәлелдеме пікір ретінде қарастырылады, оның көмегімен біреуінің шындығы екінші шындықтың негізінде орнатылады;

  • Екінші деңгейде - дәлелдеме сипаттауға жататын формаға ие, соның арқасында дәлелдеме анализі, қорытынды ережелерін қолдануда оның құрылымдарын шығарылуы, логикалық формада жазылуы, яғни оның формалануы түсінікті болады.

Индукция (лат. inductio) – логикасы нақтыдан жалпыға ауысатын ғылыми таным формасы. Яғни, жалпы ереже жекелеген ережелерден логикалық жолдармен шығарылады. Индуктивті зерттеу тәсілінде заттардың осы және басқа классы туралы жалпы білімдер алу үшін бұл класстың жеке құрамдарын оқу керек және осы класс заттарына тән маңызды белгілерді табу керек.

Абстракциялау – нақты сипаттар мен объектілер қасиетін оймен анықтаудан тұратын ғылыми таным әдісі. Абстракциялаудың арқасында зерттейтін құбылыстың жалпы және маңызды сипаты мен қасиеттерін бөліп көрсету мүмкін болады.

Модельдеу – көрнекілік, объективтілік принциптері бойынша жауапты-логикалық ойлау негізінде таным объектісінің моделін зерттеуде мәні бар ғылыми таным әдісі.

Модель деп зерттеу процессінде түп нұсқасының орнын басатын, нәтижесі түпнұсқаға таралған объект.

Модельдеу ғылыми оқудың маңызды әдісі болып табылады, ол зерттеу процессін жылдамдатуға және осы арқылы жаңа нәтижелерді енгізу мерзімінің уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Ғылыми зерттеу әдістерінң арасында аргументтеу бөлініп алынады – аса логикалы процесс, оның мәні дәлелдеуге ұмтылған пікірдің шындығы негізделген. Аргументация тек зерттеуші дәлелдеу ережелерін ұстанғанда мақсатқа жетеді және жеке алғанда тезистің құрылымы:



  • Тезис нақты және дұрыс құрастырылады, бұл ретте ойдың екі жақтылығы рұқсат етілмейді;

  • Тезис өзгермейтін болып қалу керек, яғни бір ғана ереже дәлелденеді; егер бұл ереже орындалмаған жағдайда, онда ой дәлелденбейді.

Осылайша, барлық процесс барысында тезистің бастапқы қалыптасуынан қайтпау керек. Кейде қателер де болады, олар:

  • Біріншімен байланысты екінші тезисті ұсыну, бірақ мәні бойынша жаңа ереженің ұсынылуы болып табылады;

  • Негізгі тезисті сол тәріздес, бірақ мәні бойынша басқадай тезиске алмастыру;

  • Негізгі тезистің жартылай түрін өзгертуі немесе оның белгілі құрамдастарын жою арқылы оны дәлелденбейтіндей етіп жасайды.

Аргументацияның сенімділігі мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:

  • Аргументтер – барлық дәлелдеулер құрылған тек шындығы дәлелденген және фундамент рөлін атқаратын ережелер;

  • Аргументтер автономды ұсынылатын, тезисқа тәуелсіз дәлелденуі тиіс, басқа жағдайда аргументтің өзі соңына дейін жеткізуді талап етеді;

  • Аргументтер өз өзіне қарама-қайшылықта бола алмайды, сондықтан өзіндік жеткілікті болуы тиіс.

Аргументацияға дәлелділік пен сенушілік тән. Дәлелділік – бұл кез келген шынайылығы дәлелденген тезистің анықтылығына негізделген. Кез келген дәлелдеу аргументтелген (дәлелді), бірақ кез келген аргументация (дәлелдеме) дәлелдеу болып табылмайды. Осылайша, аргументация – бұл мақсаты мәселеге өзіндік көзқарасын айтуға болып табылатын дәлелденбеген дәлелдеу. Құрылымы бойынша аргументация мен дәлелдеу сәйкес, себебі олардың құрылымдық сұлбасы бірдей. Айырмашылық тек дәлелдеушілік деңгейінде, себебі дәлелдеу – пікірдің шындығына жету. Жаңа нәтиже тек оны дәлелдеу деңгейінде ғана мойындалуы мүмкін. Кең түсінікте «дәлелдеу» түсінігінде пікірдің шындығын дәлелдеуге болатын кез келген әдісті айтады.

Тезисс (гр. tesis) – шынайлылығы немесе қателігі дәлелденетін мәселе. Тезис ретінде жалпы мәселе немесе тұжырымдамалар қатыса алады.

Аргументтер (негіз) - шынайлығы бекітілген және даусыз болып табылатын бастапқы теориялық мәселелер немесе дәлелденген мәліметтер. Аргументтер құрамына мыналар кіруі мүмкін: фактілер, анықтамала, аксиомалар, және т.б.

Демонстрация – тезисті қолдау және қолдамау аргумент реттілігін көрсететін дәлелдеудің әдісі (реттілік, ой қорытындысы).



  1. Эмпирикалық зерттеу әдістері ғылыми-зерттеу еңбегінің анықтаушысы болып табылады, олар тәжірибемен, оның ішінде педагогикалық еңбекпен байланысты және бастапқы зерттеу материалдарын қорландыруды, бекітуді және жалпылауды қамтамасыз етеді. Эмпирикалық зерттеу әдістері:

  • Сұхбат;

  • Сауалнама;

  • Эксперимент;

  • Рейтинг;

  • Сарапшы бағасы;

  • Өзін-өзі бағалау;

  • Нәтижелерді талдау.

Бақылау – белгілі мақсаты мен міндеті бар объектіні мақсатты түрде және жүйелі түрде қабылдау. Ұзақтығына байланысты бақылауды ажыратады: ұзақ уақыттылық, қысқа уақыттылық, үздіксіз, дискретті (аз уақыт ішінді бірнеше рет қайталау).

Эксперимент – объектіні оның бұрын белгісіз қасиеттерін анықтау немесе теориялық ережелердің дұрыстығын тексеруге бағытталған оқу, ол белгілі бір зерттеу идеясымен анықталады және нақты анықталған мақсат. ЖОО ғылыми – зертеулерді жүргізу гипотезаларды алдыға қою мақсатында жүргізілуі мүмкін:

тәжірибе нысанының әсері мен осы әсердің тиімділігі арасында анықталған қатынасты айғақтайтын процесс;

тәжірибе нысанының әсерімен осы әсердің нәтижелері арасында анықталған қатынасты бақылайтын процесс;

Ғылыми-зерттеу тәжірибесінде эксперименттік зерттеу ерекшелігі келесі сатылардан тұрады:


  • Айғақтайтын;

  • Қалыптастыратын;

  • Түзететін;

  • Бақылау.

Экспериментке жататын жеке сұрақтарды арнайы қарастыру үшін тәжірибе ғылыми әдіс ретінде қажет болып табылады. Оның жүзеге асуы арнайы жағдайларды және гипотеза талап ететін белгіленген параметрлері бойынша топтарды құруды қарастырады. Тәжірибе арқасында әр түрлі психология – педагогикалық пәндер бойынша оқу бағдарламалары қабылданады, тиімділігі анықталады. Ажыратады:

гипотеза дұрыстығын немесе теорияның эмпирикалылығын тексеретін тәжірибелер;

ұсынылған ақпартты анықтау үшін қажетті эмирикалық ақпараттың іріктелуі жүргізілетін іздеу жоспарының тәжірибелері.

Кез келген экспериментті жүргізу үшін:



  • тексеруге жататын гипотезаны әзірлеу;

  • гипотезаны эксперименттік тексеру үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

  • тәжірибе нәтижелерін бекіту әдісін әзірлеу.

Тәжірибені жүргізудің әдіснамасына байланысты оның маңыздылығын ескеру қажет. Тәжірибені жүргізу кезеңдерінің реттілігі оның интелектуалды және материалдық шығындары ескерілмегенде алға қойылған мақсаттқа жете алмайды. Сол себепті зерттеуші тәжірибені дайндау кезінде міндетті:

1.нысанды мақсатты бағытталған бақылау үшін жоспар құру;

2.тәжірибе жүргізілетін шекараны анықтау;

3.зерттеу нысанына шарттардың, мінездемелердің, әсердің өзгеруін, жағдайлардың қайталануын есептеп қажетті жағдайларды құру.

4.зерттеліп жатқан нысанды оқу және сипаттау мақсатында жүйелі бақылауды жүргізу.
5.тәжірибе нәтижелерін талдау.


  1   2   3   4   5   6


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет