Сұрақтар:
1. Ғылыми зерттеудің қандай әдістері бар?
2. Теориялық әдістерге не жатады? Эмпиркалық әдістерге не жатады?
3.Дедукция, индукция, абстракциялау, модельдеу, бақылау және экспериментке анықтама бер.
№ 4 дәріс.
Тақырып: ҒЫЛЫМИ ӘДІС.
Ғылымға деген жалпы сенімділік соншалықты жоғары болғандықтан, біз кейде оны «ғылыми білім», «ғылым» түсінігімен теңестіріп, синоним сияқты қабылдаймыз. Бірақ бұл діл солай емес. Білімніңбірнеше түрлері бар олардың қайнар көзі ғылым емес, біздің мысалға алғанда тұрмыстық тәжірибеміз, эстетикалық әсері, діни ашылу және т.б. жатады. Бірақ ғылыммен алынатын білім, басқа түрлерден өзінің толыққандылығымен, сенімділігімен және таза тәжірибелік күші мен маңызымен асып, жалпы тізімнен ерекшеленеді. Ненің әсерінен бұл мүмкін болады? Негізінен оның алынатын әдісінің есебінен, сонымен қатар оны ұйымдастыру және жасаудың ерекше тәсілінің көмегімен.
Ғылыми әдістің ерекшелігін қарапайым ғана елестетуге болады: бұл ғылыми білім алудың процедурасы, оның жаңғыртуға, тексеруге және басқаларға беруге болады.
Негізінен адамды екі сұрақ қызықтырады: қандай да бір шындық деген не және оған қалай бет бұру керек.
Әдіс – екінші типтегі сұрақтарға жауап және көптеген жағдайларда дәл осы жауаптар шешуші мәнге ие.
Қытайдың ескі мысалында жомарт балықшы өзінің тапқанымен аш шаруамен бөліседі. Бірақ, сол балыққа екінші және үшінші рет келгіп жүргенше, әркез филонтропия жасағанша, бұл мәселені шаруаның өзіне балық аулауды үйретіп шешуге болады.
Балық аулауды үйрету – бұл ережелер жүйесіне, тәжірибелік қызмет тәсілдері әдістеріне бағыттау. Танымдық қызметке де осы жатқызылады. Білімнің қалай алынатынын білу барлық қалайтындарға мүмкіндік беру, біріншіден, қолда бар білімді көрсету және шынайылығын тексеру, ал екіншіден, бұрыннан белгісіз болған жаңа дүниені алу.
Ғылым басқа қоғамдық түсінінк формасынан жаңа білімді алу әдісінің өзіндікталдау және ашық талқылау заты болуымен ерекшеленеді. Нәтижесінде, біз тереңірек тоқталатын кейбір заманауи мәселелер негізінде «Ғылыми таным әдіснамасы» өзіндік ғылыми пән пайда болды.
Ғылыми танымның құрылымы
Өзінің пайда болғанынан бері 2,5 мың жыл ішінде ғылым нақты қаралған құрылымы бар, күрделі, жүйелі ұйымдастырылған білімге айналды. Ғылыми білімнің негізгі элементтері:
-
Нақты бекітілген фактілер;
-
Фактілердің топтарын жалпылайтын заңдылықтар;
-
Теориялар;
-
Әлемнің ғылыми көрінісі, ол барлық шындықтың жалпыланған бейнелерін суреттейді.
Ғылым мен дүниетін тану әдістерінің өзара байланысы
-
Құрылымдық сұлба
INCLUDEPICTURE "http://www.milogiya2007.ru/23/kse2-3.gif" \* MERGEFORMATINET
1 сурет
Ғылым мен дүниені танудың келтірілген әдістері сонымен қатар екі жақты болып
Осы формалардың арасындағы өзара қатынас ғылымда құрылым мен қызметтің бірлігі деген атаумен белгілі. Оған қоса физикада бұл өзара байланыстың бұл формалары корпускулалық-толқындық екі жақтылықпен сипатталады.
Бұндай сәйкестік кездейсоқтық емес. Ол ғылым мен дүниені танудың әдістерінің ғаламдық ең іргелі заңдары мен заңдылықтарының терең бірлікте екенін дәлелдейді.
Сұрақтар:
-
Ғылыми әдіс түсінігіне не кіреді?
№ 5 дәріс
Тақырып: Ғылыми зерттеудің категориялық аппараты
ҒЗ-дің категориялық аппараты ғылыми ізденістің маңызды негізін құрайды.
Зерттеу тұжырымдамасы өзара байланысты ғылыми ережелердің жүйесі деп түсіндіріледі, оны зерттеуші нәтижеге жету үшін қолданады.
Ғылыми зерттеудің объектісі – зерттелетін құбылыстың қатынасы мен қасиеттерінің немесе іздеудің жалпы шеңберінің байанысының жиынтығы, ол зерттеушінің көз алдында болады.
Ғылыми зерттеудің объектісі мен заты арасында бүтін мен оның құрамы арасындағы тәріездес өзара тәуелділік болады, бұнда бүтін ретінде объект танылады, ал оның бөлігі – зат.
Зерттеудің мақсаты зерттеудің тапсырмаларында нақтыланып, қысқа және дәл қалыптасады. Ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттері бір біріне өзара тәуелділікте болады және олар жұмыс істейтін құбылыстар мен заңдылықтардың табылуынан тұрады.
Ғылыми мәселе тәжірибені және ғылыми әдебиетті терең оқу нәтижесі болып табылаады, ол ғылымның белгілі бір даму кезеңінде танымдық процестің нақты қозғалысы мен оның келіспеушіліктерін белгілеумен сипатталады.Ғылыми зерттеуде мәселені зерттеу «аймағы», базалық білім мен тәжірибелік қолдану құралы ретінде мәселені бөлу қажет. Мәселенің актуалдылығына сүйене отырып, мынандай сұраққа жауап қарастырылады – заманауи кезеңде мәселе маңызды ма? Ол үшін бірнеше позицияларды жандандыру қажет, негізінен білім жүйесінде және оның тәжірибелік қажеттілігіне әлеуметтік тапсырыстармен анықталатын, құжаттарға сілтемелер.
Гипотеза – белгілі бір мәселенің шешудің мүмкін құралдары туралы негізделген болжам. Тек зерттелетін құбылыстардың тән ерекшеліктерін зерттеген жағдайда ғана гипотезалық ережелер айтуға болады, ол келесілік тексерулерді қажет етеді. Гипотеза зерттеу процессін ұйымдастырады, оның логикасын және нәтижесін ұйымдастырады. Гипотезаның даму процессі бірнеше сатыдан тұрады:
-
Зерттеу объектісін эмпирикалық және теориялық білімдер жиынтығымен оқу, олардың негізінде ол туралы гипотезалық жаңа білімдер шығады;
-
Қалыптастырылған гипотезаны дәлелдеу үшін зерттеу әдістерін іріктеу;
-
Гипотезаны дәлелдеу немесе жоққа шығару, оны нақтылау және оның шындығына көз жеткізу.
Гипотеза мынадай талаптарға жауап беруі тиіс: дәлелдік; ғылыми білімдерге сәйкестік; нақтылық пен айқындылық.
Гипотезаның екі түрі бар:
Негізіне ғылыми заңдылықтар, әдіснамалық мазмұндар, аргументтелген болжамдар, фундаменталды білім жататын теориялық гипотеза;
Алдыңғы тәжірибелік сынақ нәтижелеріне негізделген эмпирикалық гипотезалар.
Теориялық және эмпирикалық гипотезалар басқаша түсіндірілетін жіне сипаталатын деп аталады. Түсіндірілетін гипотезалар зерттелетін құбылыстың һзара байланысын ашады және оның болатын себептерін анықтайды. Сипаттайтын гипотеза қызметтің себебебін және мүмкін нәтижелерді айқындайды, бірақ олар туындаған заңдылықта ашпайды. Дипломдық (магимтрлік) жұмыстарда гипотезаның негізгі функциялары:
-
Міндет шеңберін сызу;
-
Зерттеудің ғылыми аппаратының құрамдастарын және оны жүргізу сатыларын жүйелеу ;
-
Ғылыми ізденістің нәтижелерін болжау;
-
Белгілі және жаңа фактілер арасындағы байланысты орнату.
Әрбір гипотеза дәлелмен расталады, ол білімнің шынайылығына деген болжамдарға айналдырады. Ол үшін зерттеу әдісі жасалады. Ол таңдалған пәнге, мақсатына және ғылыми ізденіс мақсатына адекватты болуы керек.
Гипотеза идеядан туады – теориялық жүйе негізінде, оның логикалық құрылысы және жоспарлау функционирлеудің негізгі ойы жатады. Идея мақсаттарды қалыптастыру және оған жету әдістерін қосады. Құрылымы бойынша идея кезеңдерді қосады: қалыптастыру; оған жетудің әдістері.
Ғылыми жаңалық – зерттеушінің нәтижеге қатынасын көрсететін субъективті және объективті жағдайларды байланыстыратын түсінік. Ғылыми жаңалықты қалыптастыру ғылыми фактілердің салмақтылғын, деңгейін анықтауды және ғылым мен тәжірибеде бұрын ешқандай сәйкестігі болмаған жаңа білім, тұжырым, әдіснама, ұсынымдардың мәнін қарастырады.
Ғылыми зерттеуде жаңалық әртүрлі қызмет атқарады:
-
Талдап тексеру деңгейінде нақтылау;
-
Анықтау деңгейінде толықтырушы;
-
Түрлендіру деңгейінде ашу, ол зерттеушінің креативтік ойлау типіне, мәселені шешу әдісінің эвристикалы әдістеріне сүйенеді.
Ғылыми зерттеу жұмыстарында таңдалған мәселенің жеткіліксіз зерттелуі ретінде оның оқу тәжірибесінде жинақталмауы жаңалықтың ғылыми және тәжірибелік негізіне жатқызылады.
Сұрақтар:
1. Объект, мақсат, мәселе, гипотеза түсініктеріне анықтама бер.
2. Гипотезаның даму процессі қалай жүреді?
3. Гипотезаның қандай типтері бар?
4. Ғылыми жаңалыққа түсінік бер.
№ 6 дәріс.
Тақырып: Әдіснама
Жоспар:
-
Әдіснаманың анықтамасы, міндеті, деңгейлері және қызметі.
-
Ғылыми зерттеудің әдіснамалық принциптері.
1. Әдіснама термині грек тілінен шыққан, аударғанда «әдіс туралы оқу» немесе «әдіс теориясы» дегенді білдіреді. Заманауи ғылымда әдіснама тар және кеі мағынада түсіндірілуі мүмкін.
Әдіснама сөзінің тар мағынасы – бұл қиын теориялық және тәжірибелік мәселелер шешімінде қолданылатын жалпы дүниетанымдық жиынтық, зерттеушінің дүниетанымдық көзқарасы. Сонымен қатар танымдық және тәжірибелік қызметте принциптер мен олардың нақты әдістеріне негізделетін танымдық әдістерін оқу.
Әдіснама сөзі тар мағынада – бұл ғылыми зерттеу әдістерін оқу.
Сонымен заманауи ғылыми әдебиетте әдіснама астарында жиі құрылым принциптері, формалары, ғылыми танымдық қызмет әдістерін оқу деп түсіндіріледі.
Ғылым әдіснамасы ғылыми зертееу компоненттерінің сипаттамасын береді – обьектісін, затын, зерттеу мәселелерін, зерттеу әдістерінің жиынтығын, оларды шешуге қажетті жағдайлар мен тәсілдерді,сонымен қатар зерттеушінің ғылыми тапсырманы шешу процесінде қозғалыс реттілігін көрсетеді.
В.В. Краевский «Педагогикалық зерттеу әдіснамасы»қырық аяқ туралы қалжың мысалды келтіреді. Ол жүрген кезде аяқтарын қалай қозғалтатыны туралы ойланады. Содан соң ол мұны ойлаған соң бір орында айланып қалады, себебі жүріс автоматизмі бұзалды.
Бірінше әдіснамашы «әдіснама адамы» болған адам өзінің қызметінің қызған шағында өзінен «мен мұны қалай жасап жатырмын» деп сұраған. Өкінішке орай өзіндік жеке қызметті ойлау, дара рефлексия мұндай жағдайда жеткіліксіз болады.
Әдіснама келесідей қызметтерді атқарады:
-
Үнемі өзгеретін педагогикалық шындықты көрсететін ғылыми білімдерді алудың әдістерін анықтайды (М.А.Данилов);
-
оның көмегімен нақты ғылыми-зерттеу мақсатына жететін жолға бағыттайды және анықтайды (П.В.Коппин);
-
оқылатын процесс немесе құбылыс туралы ақпарат алудың жан-жақтылығын қамтамасыз етеді (М.Н.Скаткин);
-
педагогика теориясының қорына жаңа ақпараттың енуіне көмектеседі (Ф.Ф.Королев);
-
педагогикалық ғылымда терминдер мен түсініктердің нақытылығын, байытылуын, жүйелілігін қамтамасыз етеді (В.Е.Гурман);
-
ғылыми танымның объективті фактілері мен логико-аналитикалық құралдарына сүйенетін ақпараттар жүйесін құрайды (М.Н.Скаткин).
Кез-келген зерттеуде әдіснаманың келесі мәселелері ретінде мыналарды ажыратады:
-
зерттеу мақсаты ғылымның даму деңгейінің есебінен, тәжірибе қажеттілігінен, әлеуметтік актуалдылығынан және ғылыми ұжымның және ғалымның шынайы мүмкіндіктерін анықтау;
-
зерттеуде ішкі және сыртқы шартталған позициясы, даму және өзіндік дамудың барлық процестерін оқу;
-
зерттеуде жүйеліктәсілінің ориентациясы (құрылым, элементтер мен құбылыстардың өзара байланысы, олардың бағынуы, даму динамикасы, тенденция, ерекшеліктері мен негізі, факторлар жіне шарттар);
-
теория мен тәжірибе байланысы, идея жасау және орындау, педагогтардың жаңа ғылыми концепцияға ориентациясы, жаңа педагогикалық ойлаумен қатар ескірген ойларды алып тастау.
Əдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді (Э.Г. Юдин): философиялық, жалпы білімдік, нақты ғылымдық жəне технологиялық.
Əдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді. Осыдан философиялық білімдердің барша жүйесі əдіснамалық қызмет атқарады.
Екінші – жалпы ғылымдық –əдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді.
Үшінші деңгей – нақты ғылым əдіснамасы қандай да нақты ғылыми пəн аймағында қолданылатын зерттеу əдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды. Нақты ғылым əдіснамасы белгілі саладағы ғылыми тануға тəн болған проблемаларды, сондай-ақ жоғарылау келген əдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын мəселелерді де қамтиды, мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау (моделдеу) проблемалары.
Төртінші деңгей – технологиялық əдіснама –зерттеу əдістері мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді. Бұл деңгейдегі əдіснамалық білім нақты көрсетпе-нұсқау сипатына ие. Əдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп, өзара сабақтастықпен байланысты келеді. Ал əрқандай əдіснамалық деп танылған білімнің мазмұндық негізі философиялық деңгейден іздестіріледі, себебі таным процесі мен болмысты қайта жасау əрекеттерінің дүниетаным, көзқарас бағдары осы философиямен айқындалады.
-
Зерттеулерді жүргізу кезінде үлкен рөлді теория мен тәжірибенің бірлігі алады. Тәжірибе теориялық ережелердің нақтылығы. Теория тәжірибенің жолын айқындауға көмектеседі. Ғылыми теориясы жоқ тәжірибе мақсаттары жоқтығымен және төмен эффективтілігімен қиналады.
Басқа методологиялық принципке зерттеушілік мәселеге нақты тарихи жол жатады. Олар осы немесе басқа мәселені тек жүрілген жолмен зерттеуге ғана шешуге болмайтындығын айтады.
Зерттеулер нәтижесінде жаңа дәлелдерге аргументтелген түсініктер іздеу керек.
Зерттелетін мәселеге творчествалық жол құбылыстарды қарастыру обьективтілігінің принциптерімен байланысты. Мысалы, ғылым тарихында обьективті нақтылық сонымен қатар адамның ішкі жан дүниесі танып білу мүмкін емес, оны тек өзіндік бақылау арқылы ғана таныуға болады. Бұл әдіс зерттелетін құбылыстардың обьективтілігін қарастыру принципіне сәйкес келген жоқ.
Жан жақтылықтың методологиялық принципі процестер мен құбылыстарды зерттеудің кешенді жолын ұсынады. Кешенді жолдың негізгі талаптарының бірі зерттелетін құбылыстың барлық байланыстарын, кезедейсоқ факторлардың барлығын жою, оған әсер ететін барлық сыртқы факторлардың әсерін жою жатады. Оның басқа заттық талабы – зерттеу нәтижесін жүргізу кезінде әр түрлі әдістерді қолдану. Тәжірибе бойынша осы және басқа да мәселені бір түрлі универсалды әдіспен шешуге келмейді.
Зерттеудің әдістемелік принциптеріне жүйелілік жатады, яғни зерттелетін обьектілерге жүйелік жол қажет. Ол зерттелетін обьектіні жүйе ретінде: жүйедегі түрлі элементтердің байланыстарын қамтамасыз ететін оның көптеген элементтерін табу, классификацияны орнату, осы элементтер арасындағы байланыстарды реттеу қызметін қарастырады.
Жүйелілік жол құрылым мен ұйымдастыру жүйелерін анықтайды. Жүйелілік жолды жүзеге асыру процесі кезінде психолого – педагогикалық зерттеулер мен жүйе бір болып саналады. Күрделі процестер кезінде жүйе элементі мен орта элементі жеке жүйе болып табылады және оның сапасы басқа элементтердің сапасымен ғана емес, сонымен қатар орта элементімен де анықталады.
Нақты жолдар мен жинақтау әдістері,өңдеулер, материалды толықтыру мен талдау ғылыми логиканың заңдылықтарымен анықталады, ол диалектикалық және формальді логиканы көрсетеді. Ғылыми ойлауды үйрену – зерттеушінің ең негізгі заты. Ғылыми ойлау ең алдымен зерттеушінің ғылыми түсініктерді меңгеруінен басталады. Онсыз ғылыми зерттеуді жақсы аяқтауға болмаайды.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптерді басшылыққа алу қажет:
-
педагогикалық құбылыстардың шынайылылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бəрі өзінің ішкі объектив заңдары, қарама-қарсылықтары жəне себепті-салдарлы байланыстарына орай жасайды əрі дамиды;
-
құбылыстарды даму барысында зерттеу;
-
бір құбылысты екіншілерімен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;
-
зерттеу процесінде қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін-бірі толықтырып отырушы көптеген əдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;
-
зерттеу əдістері зерттелетін құбылыстың мəн-мағынасына сай келуі;
-
даму процесін сол дамудың қозғаушы күші жəне даму көзі саналатын оның қарама-қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс жəне өзіндік даму ретінде қарастыру;
-
сынақталушыға, білім-тəрбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік- инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.
Сұрақтар:
-
Әдіснаманың қызметтерін атаңыз.
-
Әдіснаманың міндеттерін атаңыз.
-
Әдіснаманың деңгейлерін атаңыз.
-
Әдіснаманың принциптері
№ 7 дәріс
Тақырып: Ғылыми білімнің құрылымы
Ғылыми білімнің деңгейлері және олардың қатынастары.
Ғылыми білім екі негізгі өзара байланысқан, бірақ сапасы жағынан әртүрлі деңгейден тұрады – эмпирикалық және теориялық. Олардың әрқайсысы белгілі қызмет атқарады және зерттеудің арнайы әдістерін қарастырады.
Ғылымның іргетасы эмпирикалық, яғни тәжірибелік жолмен алынған мықты бекітілген дәлелдемелер болып табылады. Мысалға аспан денелерінің ауысуын астрономиялық бақылауы нәтижесінде алынған эмпирикалыққ мәліметтердің жиынтығы. Зерттеудің эмпирикалық сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағамы алынады, шынайы оқу-білім тəжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс мəнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықтар көрінеді, ғылыми қиындық өрнектеледі. Эмпирикалық талдаудың басты нəтижесі – зерттеудің алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ əлі тұтастығы тексеріліп, бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзелетін зерттеу гипотезасынан көрінеді.
Эмпирикалық әдістің негізгі бірнеше түрлер бар: бақылау, эксперимент, өлшеу, сипаттау, салыстыру.
Осындай әдістер нәтижесінде алынған ақпарат статистикалық өңдеуге ұшырайды. Осыған сәйкес ғылыми ақпараттың көздері және талдаудың әдістері мен жалпылау жете бейнеленеді, ол осы нәтижелерді тексеруга мүмкіндік береді.
Эмпирикалық деңгейде алынған заңдылықтар әдетте көп нәрсені түсіндірмейді. Сондықтан ғылымның эмпирикалық деңгейінен теориялық деңгей биіктейді. Теориялық деңгей болмысты толық қабылдауды қамтамасыз етеді. Теориялық танымның мазмұны болып, заңдылық пен фактыларды түсіндіру және бейнелеумен шектелмейді; сонымен қатар ол ғалымдардың әлем үйлесімділігін ашуға талпынысын көрсетеді.
Теориялық деңгей формализация, аксиоматизация, гипотезалық-дедуктивті сияқты әдістерді тұспалдайды.
Теориялық деңгейдің негізгі құрамына қиындық, гипотеза және теория кіреді. Қиындық – білім формасы, бұл тануға қажеттіні әлі танылмағандығы, яғни білмегендіктің білімі, таным барысында жауапты талап еткенде пайда болған сұрақ; қиындыққа таным қозғалысының екі негізгі кезең кіреді – құрастыру және шешу. Гипотеза – дәлелдемелердің негізінде құрастырылған болжам формасындағы білім. Гипотезалық білім нақтылық емес, ықтималдық білімді көрсетеді, яғни тексеруді, негіздеуді талап етеді. Дәлелдемелер нәтижесінде алдыға шыққан гипотезалардың бірі теорияға айналады, басқалары түрленеді, нақтыланады және айқындалады, үшіншілері егер де тексеру нәтижелері теріс болса, адасушылық деп шектеледі. Гипотеза шынайлығынын шешуші тексеруі барлық формадағы тәжірибе болып табылады, ал көмекші рөлді шындықтың логикалық (теориялық) критериі ойнайды.
Ғылыми білімнің дамыған формасына теорияны жатқызады. Теория – ақиқаттың белгілі аймағында маңызды байланыстарды және заңдылықтарды толық көрсетуге мүмкіндік беретін білім. Теорияның негізгі тапсырмасына берілген эмпирикалық деңгейдің барлық көпшілігін түсіндіру, жүйелеу, бейнелеу жатады.
Теорияда идеалды нысандардан басқа, заңдармен бейнеленетін қарым-қатынастар болады. Сонымен қатар алғашқы идеалды нысандардан екіншілік нысандарды құрастыруға болады.
Теориялық деңгей әдетте екі құрастырушыларға бөлінеді: ірге тасты теория және шындықтың нақты аймағын бейнелейтін теория.
Ғылымдағы теорияның рөлі, жекелей алғанда жаратылыстануда нысан ойша қадағаланады, сондықтан жалпылай айтқанда, теориялық нысанды қалауынша жете бейнелеуге болады және теориялық көріністерден қандай да бір нәтиже алуға болады. егер бастапқы абстракциялар дұрыс болса, онда нәтижесі де дұрыстығын сеніммен қарауға болады.
Ғылыми теория – бұл қиын құрылымы бар, білімнің (қосатын және адасушылықтың элементтері) дамып келе жатқан жүйесі:
-
бастапқы негіздер (алғашқы ірге тасты түсініктер, қағидалар, заңдар, постулаттар, аксиомалар және т.б);
-
берілген теорияның идеалданған нысаны – маңызды қасиеттердің абстрактты модельдері және зерттелетін заттардың байланыстары (мысалға, идеалды газ);
-
теория логикасы;
-
теорияның негізгі жағдайларынан шығарылған заңдар мен үкімдердің салыстырмалылығы;
-
философиялық-әдіснамалық нұсқаулар және құнды факторлар.
Кез-келген теория бірнеше функцияларды атқарады. Ең негізгілерін атайық. Синтетикалық функция бөлек ғылыми білімдерді бірыңғай жүйеге біріктіреді. Түсіндірмелі функция нақты құбылыстың себепті және басқа да байланыстарын көрсетеді. Әдіснамалық функция теория қорындағы әр түрлі әдістерді құрастыруға жауап береді. Жорамалдау функциясы немесе болжау функциясы бұрын соңды анықталмаған деректер, нысандар туралы түсініктерді нақтылайды. Тәжірибелік функция – теорияның тәжірибеге айналуға талпынысын көрсетуге бейімделеді.
Теориялар әртүрлі әдістермен баяндалады:
-
теорияның аксиомалық құрылымы;
-
генетикалық құрылымы.
Теориялық деңгей әдістері:
-
Әдебиет көздерін оқып білу зерттеудің құрамдас және бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Бұл кез-келген ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі. Зерттеуші ғылымның осы саласында оған дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесінің бұрыңғы мен қазіргі жай-күйін және оған қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы қажет.
-
Талдау мен жинақтау. Талдау келесі түрлерге бөлінеді; эмпирикалық материалды механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасы формаларын аныктау; білім құрылымын ашып көрсету, зерттеу объектісінің сипаты мен динамикасын айқындау және т.б.
-
Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту – көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін немесе сапасын бөліп алу процесі.
-
Дәріптеушілік – (идеализациялау) дерексіздендірудің бір түрі, оны ғылыми танымның жеке тәсілі ретінде қарастыруға болады. Дәріптеушілік процесі барысында зерттеуші ой жүзінде заттың барлық шынайы қасиеттерінен бас тартып, оның мазмұнына іс жүзінде мүмкін емес жаңа түсінік пен белгі береді.
-
Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері; бұл әдістің көмегімен эмпирикальщ деректер қортыңдыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады.
-
Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.
-
Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделін жасау әдісі. Модельдеу – зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Бірінші объект тұпнұсқа болады да екінші объект оның моделі болады. Зерттеуші модельді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заңы бойынша тұпнұсқаға көшіреді.
-
Болжау әдісі зерттеушінің қатысуынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады. Зерттеу нәтижесінде алынған нақты ғылыми деректерді сандық көрсеткіштерге, кестелерге, графиктерге, сызбаларға, диаграммаларға, формулаларға, ұғымдарға мен заңдарға айналдыру зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңгейі мен дәрежесі қажет.
-
Математикалық және статистикалық әдістер педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті айқындау үшін қолданылады. Бұл әдіс зерттеу жиынтығын өңдеу үшін, байланыс пен ықпал ету көрсеткіштерін есепке алу үшін, өз ара тәуелділікті айқындау үшін, әр түрлілік көрсеткіштерін бөлу деңгейін анықтау үшін, орташа арифметикалық қате мен оның мөлшерін айқындап, осы мөлшерді бөлу дәрежесін (дисперсия), орташа квадраттық ауытқуларды, әр түрлілік коэффициенттерін есептеу үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |