ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы пәні


Практикалық сабаққа қалай дайындалуға болады?



бет7/8
Дата24.02.2016
өлшемі0.57 Mb.
#16695
1   2   3   4   5   6   7   8

Практикалық сабаққа қалай дайындалуға болады?
Магистранттар дәріс материалдарына, ұсынылған еңбектер мен әдебиеттерге сүйену қажет. Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіріңіз. Әрбір автордың негіздемелерін зерттеп, танысыңыз. Өзіңізді осы авторлардың позициясына қойып көріңіз.

Сабақ барысы.

Магистранттар белгілі бір психологиялық мектептердің позициясын көрсетуге байланысты топтарға бөлінеді. Әрбір топ 15-20 минутта дискуссия барысында өздерінін көзқарастарын дәлелдеп шығатын сұрақтар тізімін белгілейді. Қарсылас жақты мұқият тыңдап, олардың келтірген дәлелдемелердін дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз. Осындай көптеген көзқарастардың балаларға білім беру мен оларды тәрбиелеуде алатын орны қандай? Бір проблемаға байланысты бірнеше көзқарастардың болуы неліктен? т.б. сұрақтар төңірегінде ойланып көріңіз.


Практикалық сабақтарды өткізуге арналған жалпы әдістемелік нұсқау

Сабақ бірнеше кезеңнен тұрады.

1-кезең. 10- минут. Зерттелетін проблемаға кіріспе.

Осы кезеңде тақырыптың өзектілігі айқындалып, оның күрделілігі, практикамен теорияда шешілу деңгейі ашылуы қажет және ағымдағы өмірдің түрлі аспектілерімен болашақ әрекетімен байланысы проблемалары көрсетілуі тиіс.


2-кезең. 3- минут. Мақсат қою.

Топ бірнеше шағын топқа бөлінеді. Әр топтың тапсырма шеңбері анықталады (жағдаятты зерттеу. өз жауабымен шешімін нақтылау, өз көзқарасын публикалық қорғауға даярлану), шешім іздеу және талдау шекарасы, өздік жұмыс уақыты белгіленеді.


3-кезең. 10-15 минут. Жағдаятпен топтық жұмыс.

Оқытушы топтың жұмысын бақылайды, туындаған сұрақтарға жауап береді, нұсқаулар береді.



4-кезең. 15-20 минут. Топтық пікірталас.

Шағын топтардың өкілдері кезек-кезек жұмыс нәтижесі туралы хабарламаларымен таныстырады, жағдай туралы жалпы көзқараспен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап береді, ұсынылған альтернативті шешімдерге талдау жасайды.

Топ өкілдері сөздерінен кейін, жалпы пікірталас басталады. Көзқараспен шешімді талдау, нәтижені талдауды бағалау, мәселені шешу жолын қарастыру,, тиімді шешімге келу.

5-кезең. 10 минут. Қорытынды әңгіме.

Оқытушы жағдаятпен жұмыс барысындағы ұжым жұмысының жақсы нәтижесін ерекше көрсетеді. Дұрыс және қате шешімдерді бөліп көрсетеді.


4 МАГИСТРАНТТЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
4.1. МӨЖ және МӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.

Магистранттардың өздік жұмысы (МӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).

Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, магистранттардың міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.

МӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Магистрант өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.



І. Берілген тақырыпты конспектілеу.

Негізгі талаптар:

  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.


Реферат жазуда не ескеріледі?

  1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Магистрант осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.

  2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.

  3. Реферат жазуда магистрант негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.

  4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.

  5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.

  6. Магистранттардың жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.

Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.

Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.

Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.
Магистранттардың өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.


Магистранттардың өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

    • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • Магистранттардың өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

    • Магистранттардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

    • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

    • Магистранттардың табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

    • Магистранттардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

    • Магистранттардың оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

    • Магистранттардың өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.

4.2. МӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары



МӨЖ тақырыптарының тізімі

Психология тарихы пәні және логикасы

Европа және АҚШ та 70-80 жылдардағы психологиялық мектептердің дамуы.

Психологиялық ойлардың дамуының себептеріне психологиялық талдау.

Психологиялық ойлардың негізгі кезеңдері.

И.М. Сеченова, Т.Т. Тажибаев еңбектеріндегі психологияның методологиялық негіздері.

ҚР психологиялық ғылымдар дамуының қазіргі тенденциялары

Психологиядағы Л.С. Выготский идеяларының дамуы.

Психология тарихындағы эмоция және мотивация мәселелері.

Психология ғылымының дамуына Б.М. Теплов, В.Д. Небылицин, А.В. Запорожец қосқан үлесі.

Мәскеу мен Ленинградтың психологиялық мектептерін салыстырмалы түрде талдау.

Ж. Аймауытов, Т. Тәжібаев, М. Мұқановтың Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуындағы қосқан үлестері.

Гештальпсихология тарихы

Ежелгі Қытай ойшылдарының психологиялық идеялары

Психологиядағы функционализм

Әлеуметтік бихевиоризм.


Бақылау сұрақтары


  1. Санадағы табиғилық тәсілді сынау және ақиқат мәселесі.

  2. Пәнді зерттеу және обьектіні моделдеу мәселесі.

  3. Зертханалық эксперименттегі өзі-өзі бақылау және психотехникалық жұмыстар.

  4. Өзін-өзі бақылау және «ішкі қабылдау» (Вундт).

  5. Эксперимент ретінде психологияда өзін-өзі бақылауды қолдану жағдайы.

  6. Өзін-өзі бақылау және интроспекция (Титченер).

  7. Г.Фехнердің психофизика негізін қалауы.

  8. Вундтың психология пәні мен ондағы эксперименттің ролі жайлы түсінігі жан дүниесі заңдары.

  9. Вундттың «халық психологиясы» гуманитарлық психология бағдарламасы.

  10. Сеченовтың психологияны дамыту бағдарламасы.

  11. Алғашқы психологиялық лабораториялар.

  12. Психологияның діни философия шеңберіндегі дамуы.

  13. Түркі мұсылмандық психологиясының дамуы.

  14. Б.Спинозаның психологиялық көзқарастары.

  15. Неміс эмпирикалық психологияның қалыптасуы.

  16. Санасыз психика туралы түсініктер

  17. Психоанализдің басталуының тарихи алғы шарттары.

  18. З.Фрейдтің концепциясындағы психикалық құрылым туралы көзқарастардың дамуы. Психоанализдің дамуы және еркін ассоциациялық әдіс және оның қалыптасуы үшін маңыздылығы.

  19. Неофрейдизм және психоанализ шеңберіндегі психотерапевтік процедуралардың даму тенденциясы.

  20. Танымдық іс-әрекеттің әр түрлерінің қызметінің нәтижесі ретіндегі субъективизм.

  21. В.Джемс. Психиканы бейімделу механизмі, сананы психикалық автоматизмдер туралы теориялық көзқарастар.

  22. Т.Рибоның психологиялық теориясы.

  23. В.М.Бехтеровтың объективті психологияны рефлексологияны жасау әрекеті. Н.Н.Лангенің эксперименттік психологиялық зерттеулері мен теориялық тұжырымдамалары.

  24. Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдарының рөлі.

  25. Психологиядағы заттық принцип және даму принципі іс-әрекет тәсілінің маңызды құрылымы ретінде.

  26. Іс-әрекет тәсілінің түсініктілік аппараты.

  27. Тұлға іс-әрекет субъектісінің жүйелі «жоғарысезімтал» қасиеті ретінде (А.Н. Леонтьев).

  28. Ерте ғасыр философиясындағы ойлау мәселесі.

  29. Когнитивті психологиядағы ойлау.

  30. В.Франклдың тұлға теориясы.

  31. Келлидің тұлғааралық құрылым концепциясы.

  32. Бірлескен – жеке іс-әрекет дамуы - таланттың психологиялық негізі қалыптасуы.

  33. Талант және дарындылықтың психологиялық мәселелері.

  34. Жүйе ретінде іс-әрекетті психологиялық талдау.

  35. Оқыту процесіндегі жүйе құрушы фактор ретінде бірлескен – диалогтық танымдық іс-әрекет.

  36. 19-20 ғ. Қазақ ағартушыларының психология ғылымына қосқан үлесі.

  37. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуынан бастап психологиядағы жетістері.


«Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы» пәнінен

магистранттардың білімін бағалауға арналған сұрақтар


  1. XVIII ғ. қандай ғалымның жұмысында «Психология» сөзі пайда болды?

  1. Ф.Гальтон

  2. В.Вундт

  3. Х.Вольф

  4. О.Хрисман

  5. З.Фрейд




    1. Психологияның ғылым ретінде даму кезеңдері:

  1. Жан туралы ғылым, сана туралы ғылым, мінез-құлық туралы ғылым, психика туралы ғылым

  2. Жан туралы ғылым, психика туралы ғылым, мінез-құлық туралы ғылым, сана туралы ғылым

  3. Мінез-құлық туралы ғылым, сана туралы ғылым, іс-әрекет туралы ғылым

  4. Іс-әрекет туралы ғылым, сана туралы ғылым, мінез-құлық туралы ғылым

  5. Сана туралы ғылым, мінез-құлық туралы ғылым, жан туралы ғылым



    1. «Психологияның даму жолы ұзақ, бірақ даму тарихы қысқа», - деген сөздің авторы кім?

        1. Эббингауз

        2. Дж.Ланге

        3. Ф.Аквинский

        4. В.Вундт

        5. Р.Уотсон




          1. Алғашқыда психология ғылым ретінде қандай ғылымның шеңберінде дамыды?

  1. Жаратылыстану

  2. Экономика

  3. Биология

  4. Философия

  5. Медицина




    1. «Жан туралы» алғашқы түсініктер қай кезеңде пайда болды?

        1. Антика

        2. Орта ғасыр

        3. Көне ғасыр

        4. Қайта өрлеу кезеңі

        5. Жаңа заман




    1. Платонның негізгі түсінігі, бұл:

      1. Атом

      2. Идея

      3. Диалектика

      4. Материя

      5. Тәжірибе




    1. Гиллозаизм дегеніміз не?

  1. әр заттың жаны бар

  2. психика тек барлық материаларға тән

  3. жан мен тән бір-бірінен бөлек өмір сүреді

  4. жан тек қана нақты материаларға бағынады.

  5. психикалық мәселелерді шешу әдісі




    1. «Жанды тәннен бөлуге болмайды», - деген жағдайды кім айтты?

        1. Платон

        2. Сократ

        3. Аристотель

        4. Плотин

        5. Гегель




    1. Аристотель қандай үш түрлі жанды көрсетті:

        1. өсімдік, жәндік, адам

        2. адам, от, жануар

        3. өсімдік, жануар, адам

        4. жер, су. От

        5. адам, өсімдік, жәндік




    1. Грек философтарының ішінде ең бірінші рет болып төрт темперамент туралы ойларын дамытқан ойшы:

        1. Эпидокл

        2. Гиппократ

        3. Платон

        4. Аристотель

        5. Гераклит




    1. Аристотельдің қай еңбегінде алғашқы рет психологиялық түсініктердің жүйесі беріледі?

        1. «Ес туралы»

        2. «Түс көру туралы»

        3. «Жануарлар бөліктері туралы»

        4. «Жан туралы»

        5. «Мемлекет туралы»




    1. «Жан атомдардан тұрады» деген кім?

        1. Сократ

        2. Демокрит

        3. Эпикур

        4. Платон

        5. Аристотель




    1. «Өзінді-өзін тани біл» сөзін кім айтқан?

        1. Платон

        2. Аристотель

        3. Пифагор

        4. Сократ

        5. Эпикур




    1. «Мемфистік теология ескерткіштері» шығарманың елі:

        1. Қытай

        2. Греция

        3. Египет

        4. Үндістан

        5. Арап




    1. Қытайдың қай мектебінің пікірінше, білім және психикалық процесстер адамның тума сапалары:

        1. Лао-цзы

        2. Мао-цзы

        3. Конфуций

        4. Йога

        5. Ньяя




    1. Үндістанның алғашқы мәтіндері қалай аталды?

        1. «Мемфистік теология ескерткіштері»

        2. Веда

        3. Упанишида

        4. «Ішкі туарлы кітап»

        5. «Дао дэ цзин»

    2. Ежелгі Үндістан дәрігерлерінің пікірінше, психикалық әрекеттің басты мүшесі болып не саналады?

        1. ми

        2. жүрек

        3. бауыр

        4. қан

        5. ауа




    1. Қай ғасырда джайнизм және буддизм кең тарады?

        1. б.з.д. VIII ғ.

        2. б.з.д. IV ғ.

        3. б.з.д. Vғ.

        4. б.з.д. Vғ.

        5. б.з.д. Xғ.




    1. Мектептегі этика діни идеалының негізін қалаушы кім?

        1. Мо-цзы

        2. Лао-цзы

        3. Ван Чун

        4. Конфуций

        5. Фань Чжэне




    1. Қай елдердің өкілдері темпераменттің негізіне үш затты жатқызды:

        1. Египет және Қытай

        2. Үндістан және Греция

        3. Қытай мен Үндістан

        4. Үндістан мен Египет

        5. Қытай және Греция




    1. Орта ғасырда психология қандай сипатта болды?

        1. этикалық

        2. діни

        3. этико-теологиялық

        4. теологиялық

        5. мистикалық




    1. Араб елдерінің қай ғалымы Аристотельдің іліміне қарсы шықты, жанның мәңгілігін жоққа шығарып жан мен тәнді бөлген?

          1. Авицена

          2. Аверроэс

          3. Альгазен

          4. Аль-Фараби

          5. Ибн-Сина



    1. Ф.Аквинскийдің католизм бағытының қазіргі заман ізбасарлары болып кім саналады?

        1. реалистер

        2. материалистер

        3. неотомистер

        4. идеалистер

        5. логистер

    2. Аристотельдің жан туралы ілімін сынға ала отырып, діни көзқарас тұрғысынан түсіндірген бағыт –

  1. Номенализм

  2. Рационализм

  3. Гуманизм

  4. Геллозаизм

  5. Томизм




    1. Р.Бэкон жан құбылыстарын қандай түсініктер арқылы түсіндіреді?

        1. биологиялық

        2. механикалық

        3. сенсорлық

        4. физиологиялық

        5. физико-математикалық




    1. Қайта өрлеу кезеңі қай ғасырды қамтиты және қай елде пайда болды?

        1. Англия XVIғ.

        2. Франция XIVғ.

        3. Италия XIVғ.

        4. Партугалия XVIIғ.

        5. Германия XIVғ. соңы




    1. Қайта өрлеу кезеңінің ерекшеліктері:

        1. гуманизм, өнер, білімнің дамуы, «адамның ашылуы»

        2. діни бағыттылық

        3. отбасы құндылықтары, жеке меншік бағыттылығы

        4. әкімшілік билікке бағыттылығы

        5. қоғамдағы мәселелерге бағыттылығы




    1. «Божественная комедия» еңбегінің авторы кім?

        1. Г.Коперник

        2. Леонардо да Винче

        3. Р.Бэкон

        4. А.Данте

        5. Дж.Бруно




    1. Қайта өрлеу кезеңінде пайда болған ғылымдарының бірі:

        1. математика

        2. геометрия

        3. натурофилософия

        4. логика

        5. тарих




    1. Қайта өрлеу кезеңінде білім және ғылым қай салада дамып отырды;

        1. шіркеуде

        2. қоғамдық мекемелерде

        3. университеттерде, сурет шеберханаларында және т.б.

        4. көшелерде

        5. қалалар мен ауылдарда



    1. Қайта өрлеу кезеңінің «титаны»:

        1. Гален

        2. Б.Телезео

        3. Леонардо да Винче

        4. П.Помпонаций

        5. Л.Валл




    1. «Ойлаймын, яғни мен тіршілік етемін», - деген мәнді сөзінің авторы кім?

        1. Декарт

        2. Спиноза

        3. Лейбниц

        4. Локк

        5. Бекон




    1. Спиноза эмоция теориясының дамуына елеулі үлес қосты. Ол мінез-құлықтың қозғаушы күштерінің 3 түрін ажыратты:

        1. аффект, түрткі, қажеттіліктер

        2. құмарлық, қуаныш, қайғы

        3. интеллект, аффект, жеке бастың өсуі

        4. инстинкт, қажеттілік, мақсат




    1. Декартқа қарсы, адам – тұтас рухани тәндік тіршілік иесі деп тұжырымдады:

        1. Лейбниц, Локк

        2. Гоббс, Спиноза

        3. Спиноза, Лейбниц

        4. Бекон, Оккам

        5. Юм, Беркли




    1. Алғаш рет психология іліміне рефлекс түсінігін енгізген кім?

  1. Р.Декарт

  2. У.Гарвей

  3. И.П.Павлов

  4. О.Конт

  5. Г.Гельвице




    1. Рационалистік психологияның мәні неде?

  1. дүниенің қос негізі бар

  2. қоршаған ортаны тану «ішкі көру» арқылы жүзеге асырайды.

  3. адам қоршаған ортаға таза тақтай ретінде келеді, ал ол оқыту мен тәрбиелеу, даму барысында өз қалпына әкеледі

  4. дүниетану мен ақиқат танудың жалғыз ғана дұрыс жолы – ақыл-ой

  5. сезімдік танымның үстемдігі




    1. Психофизикалық өзара әрекеттесу түсінігі арқылы Р.Декарт қандай байланысты түсіндірді?

  1. қан айналымын

  2. сыртқы ортаның тітіркендіргіштеріне жауап беру реакциясын

  3. дене жанға әсер ете отырып онда қабылдауды, эмоцияларды тудырады, ал жан ақыл мен ерік арқылы денені қозғалыс жасауға және өзгеруге итермелейді

  4. жан денеге кірер алдындағы көрген көріністерімен денеге еніп, оны өзіне тәуелді етеді

  5. психика вибрация түсінігімен түсіндіріледі, яғни сыртқы вибрациялар жауап ретінде ішкі вибрацяны тудырады




    1. Адамға қоршаған орта және оның даму заңдылықтарын ашып көрсететін идеялар:

  1. тума идеялар

  2. жүре пайда болған идеялар

  3. адам тудырған идеялар

  4. жеке дара идеялар

  5. ешқандай идеялар жоқ




    1. Дуализмнің мәні неде?

  1. дүниенің екі қос негізі бар, бірақ олар бірге, қатарласып жүрмейді

  2. сезімдік танымның үстемдігі

  3. таза сана алдындағы тәжірибе

  4. жан барлық құбылыстар мен адамдарға тән

  5. қоршаған ортадан келген тітіркендіргіштер рефлекс доғасына жетіп тізбекті ассоциацияны құрайды



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет