ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы пәні


Өз білімін тексеруге арналған сұрақтар



бет2/8
Дата24.02.2016
өлшемі0.57 Mb.
#16695
1   2   3   4   5   6   7   8

Өз білімін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Психология пәні туралы эволюциялық түсініктер психологиялық тарих ретінде

  2. Психология тарихының дамуындағы қарама-қайшы бейнелеу ретiндегi бүгiнгi психологиялық мектептердiң әртүрлiлiгiн атап беріңіздер

  3. Адамзат мәдениетiнің жалпы үрдiсiндегi психологияның қызметтiк қисыны қандай

  4. Психологиялық түсініктердің туындау негіздерінің себептері

2 Психология тарихындағы ғылыми таным әдістеріне талаптар және оның таралуы



Жоспары:

  1. Психологиядағы жаратылыстану – ғылымының әдіснамасындағы алғашқы дағдарыс ретіндегі интроспективті психологиялық дағдарыс туралы түсінік

  2. Санадағы табиғилық тәсілді сынау және ақиқат мәселесі

  3. Пәнді зерттеу және обьектіні моделдеу мәселесі

Ғылым алдымен зертеу болып табылады, сондықтан ғылымның пәнін анықтау, оның сипаттамасын жоққа шығармайды, оған оның әдістерін анықтау да енеді. Әдістер – ғылым пәнін таныстыратын тәсілдер. Психология – жеке әдістері немесе әдістемелері бар бітұтас жүйе. Ғылым әдістері заңдылықтарды вшвды, бірақ олардың өздері ғылым пәнінің негізгі заңдылықтарына сүйенеді.

Психология жеке ғылым ретінде қалыптасқаннан бері психологияның эмпирикалық әдістерінің тобы негізгі болып саналады. Эмпирикалық әдіс өзіне бақылау және өзін-өзі бақылау, эксперименталдық әдістерін енгізеді.

Бақылаудың психологияда екі негізгі түрі болады: өзін-өзі бақылау немесе инторспекциялық және сыртқы, немесе объективтік бақылау. Дәстүрлі инторспекциялық психология өзін-өзі бақылауды психологиядағы жалғыз немесе негізгі әдіс деп есептейді. Бұл психиканы өзіне тұйықталған ішкі әлемге айналдыратын жалпы принципінің зерттеу әдістерінде қолданумен байланысты болады.

Өзін-өзі бақылау арқылы өз психикасын тану, қалау да болмасын сыртқы әрекеттің бақылауы арқылы, жүзеге асырылады. Сонымен, өзін-өзі бақылауды психологиялық танымның негізі немесе жалғыз әдісіне айналдыру орынсыз болып табылады.

Эксперимент - себеп-салдар байланыстарын қалыптастыру мақсатындағы зерттеу әрекеті. Оның мәні мынады: зерттелетін құбылысты өзі тудырады және оған белсенді ықпал етеді; эксперимент жасаушы құбылыс жағдайларын өзгерте алады; эксперимент нәтижелерді бірнеше рет шығара алады; эксперимент математикалық формулалар арқылы белгіленетін санды заңдылықтарды орнатады.

Эксперимент психология әдісі ретінде психофизика мен психология саласында пайда болып, психологияда кең таралды. Эксперименттің қолданылуы қарапайым түйсік үрдістерінен бастап жоғарғы психикалық үрдістерге дейін таралады.

Әңгімелесу әдісі зерттелінетін мәселені толықтыру үшін қолданылатын қосымша амал. Әңгімелесу зерттеу міндеттеріне байланысты жобалы түрде ұйымдастырылуы қажет. Әңгімелесуде қойылатын сауалдар, зерттелетін үрдістің сапалық ерекшеліктерін анықтауға бағытталған тапсырмалар түрінде болуы мүмкін. Алайда мұндай тапсырмалар неғұрлым табиғи, әрі стандартты емес болуы қажет. Әңгімелесу жобалы бола тұрып, стандартты сипатта болмай, ол әрқашанда неғұрлым идеялы болып, басқа объективті әдістермен үйлесуі керек.

Сауалнаманың мақсаты сыналушылардың объективтік және субъективтік айғақтар туралы ақпарат алу. Психологиялық зерттеулерге қойылатын сауалнама әдістері екі негізгі түрге бөлінеді: бетпе-бет сауалнама алу – белгілі бір жоба бойынша зерттелуші жүргізетін сұхбат; сырттай сауалнама - өз бетінше арналған анкеталар. Ауызша сауалнама алу психологиялық зерттеулерде дәстүрлі қолданылатын әдіс болып саналады.

Тест деген ағылшын сөзі сынақ деген мағынаны білдіреді. Бұл ұғымды америкендық ғалым Дж. Кэттел өткен ғасырдың аяғында енгізді. А. Бине мен Т.Симонмен бірге балалардың ақыл-ойының дамуын анықтау үшін өз жүйесін жасаған кезден бастап тестілер тәжірибелік мағынаға ие болып кең тарала бастады. Тест әдісі бастапқыда бірқатар теріс көзқарастар туғызды. Олардың біреуінің мәні мынада: егер екі адам бірдей тестіні шешссе немесе шешпесе, онда бұл айғақтың психологиялық мәні әртүрлі болуы мүмкін – бірдей жетістік әртүрлі психологиялық жетістік- түрлі психологиялық үрдістер салаларынан болуы мүмкін.

Тесттің диагностикалық құндылығы ғылыми эксперимент деңгейіне және құндылығы ғылыми эксперимент деңгейіне және психологиялық айғақтың растығына байланысты болады. Жеткілікті негізделмеген және тексерілмеген психологиялық тестілер педагогикалық тәжірибені шығынға ұшырататын маңыздық қателіктердің себебі болуы мүмкін.



Өз білімін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Психологиядағы жаратылыстану – ғылымының әдіснамасындағы алғашқы дағдарыс ретінде

  2. Санадағы табиғилық тәсілді сынау және ақиқат мәселесілелері

  3. Пәнді зерттеу және обьектіні моделдеу мәселесі қандай

3 Эксперимент және ғылыми психологияның қалыптасуы



Жоспары:

  1. Жаратылыстанудағы эксперимент және заңдылық

  2. Зертханалық эксперименттегі өзі-өзі бақылау және психотехникалық жұмыстар. Өзін-өзі бақылау және «ішкі қабылдау» (Вундт)

  3. Эксперимент ретінде психологияда өзін-өзі бақылауды қолдану жағдайы

  4. Өзін-өзі бақылау және интроспекция (Титченер)

1. Корреляциялық зерттеу біріне бірі бағынбайтын өлшемдер зерттеушілер тобына бөлінеді. Корреляциялық зерттеу жоспары квазиэксперименталды жоспардың түрі болып есептеледі. Тест өтетін топтар эквивалентті шартта болуы қажет. Зерттеу жұмыстарының практикасында параметрдің уақытша корреляциясын анықтайды.

Бұндай зерттеудің үлгісі болып лонгитюд зерттелуі есептеледі.

Лонгитюдті зерттеу – ол уақы таралық вариант. Квазиэксперимент пен корреляциялық зерттеулер бағынышты жеке анықтау қажет.

Корреляциялық жоспар зерттелуі параллелепипед ретінде, әр шеті зерттелуші, операция, уақытша этапы болып есептеледі.

Негізгі коррелляциялық зерттеулердің түрлерін анықтауға болады.



  1. Екі топты салыстыру.

Бұл жоспарды шартты түрде корреляциялық зерттеуге жатқызады. Бұл зерттеу екі табиғи топтың психологиялық қасиетін анықтау үшін қолданады. Мысалы, ер адам мен әйел адам арасында экстроверсиялық айырмашылығын анықтау. Ол үшін екі репризентті таңдау жасап, ЕРА тест арқылы өлшеу өткізуіміз керек. 2 топтың орта нәтижесі Стюдент t- критеримен салыстыру керек. Керек жағдайда дисперсия көрсеткіші мен экстраверсия критерииін салыстырады. 2 топты салыстыру артефакт қатарын корреляциялық зерттеулеріне қатысты. Біріншіден, топтың таңдап алған критериіне бөлінеді.

  1. Тізбектелген эфектті нәтижесі екі факторлық анализбен 2х2 өтеді.

  2. Бір топты әр түрлі кезде зерттеу. Бұл жоспар алдыңғыға ұқсас. Бірақ мағынасына қарай экспериментке жақын. Мысал ретінде бала бақшадан 1-ші сыныпқа баратын баланың көңіл күйі, топ біреу болса да өтетін жағдайы әр түрлі. Бұл жоспардың схемасы өте жай. А ОI В О2- А мен В әр түрлі жағдай.

  3. Эквиэлементті топтардың жұптап корреляциялық зерттелуі. Бұл жоспар егіздерді зерттеуді қолданады. Егіздер екі топқа бөлінеді де егіздердің психикалық параметрлары өлшенеді. Параметр 10 корреляция және егіздер арасындағы Р корреляция есептеледі.

  4. Көп өлшемді корреляциялық зерттеу. Топ алынып тестер беріледі.

Осы уақытта негізгі артефакт пайда болады тізбектелген, үйрену эффектілері.

  1. Структуралық корреляциялық зерттеу.

Зерттеуші маңызды корреляцияның айырмашылығын көрсете білу қажет.

  1. Лонгитюдты корреляция зерттеулері. Бұл зерттеу уақытша тест топтары мен әртүрлі мезгілде құрылады. Зерттелушілердің барлығын бірдей тексерудің мүмкіндігінің жоқтығы, біраз уақыттан кейін тексеруге болады. Корреляциялық зерттеудің негізі зерттелушілер х тестілер. Бұл зерттеу статистикалық мағынасының бір бірінен бағыныштылығын көрсетеді.

  1. Кроссмәдени зерттеулер топтардың салыстыру болып табылады. Психогенетика сақталған жерде кроссмәдени психология басталады. Психологиялық зерттеудің нәтижесі болып белгілі генотиптің косылуы болады.

Әрбір зерттеудің гипотезасы психиканың қасиетіне жақындауға қажет. Кроссмәдени зерттеулердің гипотезалары мәдени факторлар мен психикалық ерекшеліктерінің арасындағы себеп салдар қатынастарды көрсетеді.

Психикалық ерекшеліктер халықтың мәдиниетінің мінезіне әсер етеді. Осындай гипотезалар интелектуаллды, темпераментті психикалық ерекшеліктерге қатыстыруға болады. Биофизикалық факторлар да жеке психикалық айырмашылыққа әсерін тигізеді. Бұл зерттеулер парадигма шеңберінде. «Мәдениет- себеп» психикалық ерекшеліктер оның соны.Эксперимент жүргізушісі мәдениет факторларымен басқара алмайды. Сондықтан «Мәдениет-психика» ерекшеліктері арасында әдістік негізде байланыс жоқ деп есептеуге болады.

Жалпылау зерттеу нәтижесінің ауысуына байланысты бұл зерттеулер теорияға сүйенеді, олар универсалды гипотезаларды толықтыруға қолданылады. Мәдени және психикалық өзгерістерде гипотезалар тексереді.

Бірақ психологиялық айырмашылық зерттеулерде кездеседі. Мәдени факторлар жоспарлау кезенде еске алынбайды, тек алынған интерпретацияға қосылады. Кез келген психологиялық өлшеуіш әдістеме мәдениеттің іс әрекетті бола алады.

Зерттеушінің ең алғашқы мақсаты әдістеменің маңызды жоғарғымен жеткізе білу.

Корреляциялық зерттеу теориясы Пирсон ойлап топқан корреляциялық деп аталу себебі бұл зерттеуде екі немесе бірнеше статистикалық байланыстың бекітумен теріске шығару гипотезасы зерттеледі.

Екі ауыспалы корреляцияның болуы гипотезаны шығаруды ұйғарады. Ал корреляцияның жоқ болғандығы себеп салдар ауыспалы байланыс гипотезасын жоққа әкеледі.

Екі өлшем арасындағы корреляциялық байланысын ажырататын бірнеше интерпретация болады.

3. Психология ғылымының әдісін жоспарлауда зерттеудің 4 облысы бар деп есептеледі. Бірінші облысы көп өлшемді эксперимент.

Бұл зерттеу дәстүрлі схемалардың қортындысы ретінде көрсетеді. Жай эксперимент кезінде бір ауыспалы тәуелсіз емес эксперимент екінші тәуелдіге әсерін тигізеді. Көп өлшемді эксперимент m x n схемасына сәйкес мұнда m – тәуелсіз ауыспалы саны, n – тәуелді ауыспалы саны

2 тәуелді, х тәуелсіз ауыпалы қолдануы байланысын көрсетеді. Психикалық көп өлшемді эксперимент өте қиын және автоматты жоспарлауды қажет етеді және компьютерде бағдарлама нәтижесін көрсету керек.

Екінші зерттеу облысы болып жеке психологиялық эксперимент дифференциалды психологиядағы эксперимент болады.

Бұл эксперименттің мақсаты бір қалыптағы ситуациядағы жекелеме айырмашылығын көрсету. Көп өлшемді зерттеу негізі гипотезасы болып шартты ой ретінде шығады.

Дифференциалды психологиялық эксперимент деген ол қосымша ауыспалы негізі болады, іс әрекеттің детерминанты жеке адамды зерттеу. Статистикалық көрсеткіш болып бұл зерттеуде орталық тенденция, ол көрсеткіштерінің мағынасы тәуілсіз ауыспалы.

Дифференциалды психологиялық зерттеу тағы бір эксперименталды психологияның тармағы.

Үшінші облысы болып кроссмәдени зерттеулер жатады. Бұл зерттеу индивитің іс -әрекетін салыстыруға пайдалану үшін өткізіледі. Табиғи дамудың факторлары мен фоны (тарихи) бұл зерттеуде тәуелсіз ауыспалы болады. Мағынасына қарай эксперимент сауалнамалары болады. Әр түрлі мәдениеттің маңызды өте зор психикалық дамудың ерекшеліктері болып экспериментталды психология табылады. Төртінші бөлігі болып психогенетика болады. Психологияда осы термин мынадай ұғымдарды түсіндіреді: Социоэкономикалық, мәдени және әлеуметтік психологиялық шарт коррелляциялық зерттеулерде барлық өлшемдер ауыспалы тәуелсіз. Корреляциялық зерттеулер өлшеулер ретінде бірінен бірі тәуелсіз зерттеулер тобына жатады.

Эксперименттің нәтижесіне білім деңгейі, кіріс, нәсілділігі әсер етеді. Проблеманың шешілуі зерттеудің жоспарынан, талаптың репрезентантығына байланысты.

2. Зерттеу жағдайы. Психологиялық зерттеуде зерттеушінің іс әрекет жағдайы, тапсырманың ерекшеліктері маңызды орын алады. Эксперимент нәтижесі болып зерттелушінің психофизикалық зерттелуі әсер етеді.

3. Зерттеуші. Психология басқа ғылымдарға қарағанда зерттеушінің мінезін, білімділігін шығарып тастай алмайды. «Екінші жасырын тәжірибе» зерттеушінің зерттеуінің нәтижесін бақылауға рұқсат етеді. Ал толық бақылау зерттеушінің жеке ерекшеліктерне мына факторлы жоспарға қосымша ретінде зерттеушінің жынысы, ұлтына, жасына, жеке-психологиялық ерекшелігіне байланысты.

Қорытындылай келе, зерттеуші гипотезаға байланысты 2 қате жіберуі мүмкін:



  1. жасалған эксперименталды гипотезаны қабылдау

  2. дұрыс гипотезаны теріске шығару.

Зерттеушіні зерттеу нәтижесін қорытындылаған кезде қауіп тосып тұрады.

  1. Таңдау ерекшіліктері

  2. Эксперименттің маңызы

  3. Зерттеушінің жеке тұлғасы

Зерттеудің екі стратегиясы болуы мүмкін:

  1. генерализацияның шеңберін азайту

  2. индуктивті жол таңдау

Эксперимент-сын мен идеяларды жинақтауда жақсы әдіс.

2. Әр зерттеу жұмысы болып ғылым қоғам қабылданған нәтиже есептеледі. Өңдеу формаларының нәтижесін негізі екі формаға бөлуге болады: квалификациялық және ғылыми-зерттеу.

Квалификациялық жұмыс- курстық, дипломдық жұмыс, диссертация т.б. -өз жұмысын көрсеткен зерттеушінің алған құжатты еңбегінің жемісі.

Ғылыми- нәтиже беретін жұмыстарды 3 түрге бөлуге болады.



  1. Ауызша мазмұндама

  2. Публикация

  3. Компьютерлік нұсқаулар.

Бұлардың барлығы мәтіндік, символикалық және графикалық ақпаратқа жатады. Сондықтан ғылыми жұмыстардың нәтижесін көрсету үшін, берілген жазудың әдістемелік мінездемесін бастау керек.

Ақпараттың мына түрлерін белгілеуге болады: вербалды түрі (мәтін, сөйлеу); символикалық (белгілер, формалар); графикалық (схемалар, графиктер); зат-бейнелік (макеттер, модельдер, фильмдер т.б.).

Адамдар қоғамында ақпарат берудің негізгі құрамы сөз болып табылады. Сондықтан кез-келген ғылыми хабарлама-бұл белгілі бір ереже бойынша ұйымдастырылған мәтін.

Мәтін түрлерін екіге бөледі: табиғи, және ғылыми тіл. Бірақ, бұл тілдерді бір-бірінен айыруға болмайды, ғылыми тіл күнделікті тілмен, ал табиғи тіл ғылыми тілмен араласып тұрады. Табиғи тілге қарағанда ғылыми тіл біржақты маңызы болады.

Психологияда ғылыми терминдер мен күнделікті терминология арасында жіңішке бөлек болады. Ғылыми мәтінге қойылатын талап;ол мазмұндалудың логикалық ойы және мағыналығы. Ғылыми мәтін әдебиет мәтінінен тұрақты құрылым және сөзтәркестерінен қолданылады. Айтылудың негізігі логикалық формалары болады:


  1. Индуктивті- эмпирикалық материалды жинақтайды;

  2. дедуктивті-жалпыдан жекеге логикалық қорытынды немесе алгоритмді жазу.

  3. аналогия-«трансдукция»

  4. түсіндірме немесе комментарий- «аударма», бір мәтіннің мазмұнын басқа мәтін құру арқылы ашу.

Келесі қорытындыны суреттеу формасы-геометриялық. Геометриялық жазу-көрнекі, ол мәтінді толықтырып, түсіндіреді.

Психологияда ғылыми ақпараттың бірнеше негізгі графикалық формалары қолданылады: топологиялық және метрикалық мінездемелерге сүйенеді. Ақпаратты таратудағы негізгі әдісте топологиялық мінездеме қолданылады-бұл графалар. Графа көптеген нүктелерден тұрады, бұл нүктелер бір-бірімен сызықты қосылады. Графалар психологиялық зерттеулерде нәтижені жазғанда кездеседі.

Ориенталды графалар жүйелерді жазған уақытта кездеседі. Ориенталды емес графалар коррекциялық байланыста қолданылады. Графалармен қоса графикалық жазулар да кездеседі, диаграмма, гистограмма, әртүрлі графикалар.

Гистограмма-«бағанды» диаграмма, координата жүйесі. Бұл психологияда зерттеуші әр түрлі сапалы ерекшеліктерімен бар зерттеушілерді алуға болады. Шартты түрде графиктер мазмұнына қарай екі түрге бөлінеді.



  1. параметрдің өзгеруі

  2. тәуелді және тәуелсіз байланысы

График салудағы бірнеше кеңестер бар.

Л.В. Куликов жаңадан зерттеу бастағандарға мынадай кеңестер береді:

1. График және мәтін бір-бірімен толықтырылуы керек.

2. График түсінікті болуы қажет

3. Бір графикте төрт қисықтан көбірек салу рұқсат етілмейді.

4. Параметрдің мағыналығын графиканың сызығында көрсете білу, маңыздысын санмен белгілеу керек.

5. Осьтағы жазуды жоғарыда және сол жақта жазу керек.

6. Сызықтағы нүктелерді дөңгелектермен, квадрат, үшбұрыштармен белгілеу керек. Ғылыми жұмыстың нәтижесі болып сан мағынасы келеді:



  1. орталық тенденцияның көрсеткіші

  2. абсолюттік жиілік

  3. жан-жаққа шашу көрсеткіші

  4. критерий мағынасы

  5. линейлік байланыстың коэффициенті.

Алғашқы нәтижелер кестенің суреті жазу жолы-зерттелетін бағана- параметрлердің өлшеуіш мағынасы. Математикалық статистикалық нәтижесі кестеде көрінеді.

Қазіргі кезде зерттеушілер жаңа математикалық аппараттардың барлық түрімен жұмыс жасайды.

3. Зерттеу жүргізу шешімі әрбір психологтың психологиялық ғылым мен адамның туғызуда өз үлесін қосуына бағытталуы тиіс. Психолог жауапкершілікпен адамның мүмкіндіктеріне қажетті энергияны қайдан алуға болатынын әртүрлі бағыттарды қарастырады.

Зерттеу жүргізу туралы шешімді қабылдай отырып, психолог өзінің ойларын жүзеге асыру үшін, адамдармен дұрыс қарым-қатынаста, оларға қамқоршы бола білуі керек.

1. Тәжірибені жоспарлар алдында зерттеуші зерттеу принциптеріне сүйене отырып, оның этикалық жарамдылығына, дәл құрастырылуына жауап береді. Егер осы бағалауға сүйенсе, ғылыми және адамдық қасиеттерді, таразыласа, зерттеуші принциптерден бас тартуды ұсынады, ал қосымша этикалық ұсыныстарды талдау бойынша өзіне жауапты міндеттеме алады және зерттеуге қатысушылардың құқығын қорғауда басқа шара қабылдайды.

2. Әр зерттеуге әрқашанда жарамды этикалық зерттеулердің орнауы мен көтермелеу жауапкершілігі жатады. Зерттеуші сондай-ақ қатысатын әріптестерімен, ассистенттері студенттер және т.б. қызметкерлерінің де этикалық қарым-қатынас жасауына жауап береді,

3. Этика зерттеушінің зерттеушіні эксперименттің барлық жағынан хабарлар етуін, зерттеудің сұрақтарына толықтай жауап беруін талап етеді

4. Зерттеуші мен зерттелушінің қарым-қатынасындағы әділдік пен шындық өте маңызды.

Егер де зерттеу әдісінде өтірік айту қажет болса, онда зерттеуші зерттеулушіге олардың қарым-қатынасын орнатуда мұндай іс-әрекеттің себептерін түсіндіру қажет.

5. Этика, егер клиент зерттеу үрдісін кез-келген уақытта тоқтатқысы келсе, онда зерттеуші оның құқығына құрметпен қарауын талап етеді.

Осы құқықты қорғау міндеттілігі ерекше қырағылықты талап етеді.

6. Этикалық зерттеулер зерттеуші мен экспериментке қатысушылар арасындағы екі жақтағы жаупкершілікті түсіндіретін әділ келісімнен басталады.

Зерттеуші осы келісімге кірген барлық серттерді есепке алуға міндетті.

7. Этикалық зерттеу өзінің клиенттерін әртүрлі қауіптер мен қолайсыздықтардан қорғайды. Егер қауіп төніп тұрса, онда зерттеуші зерттелушіге хабар беріп, қауіпсіздік шарасын қолдануы қажет.

8. Этикалық жұмыста зерттеушіден экспериментке барлық қажет мәліметтердің не үшін қажет екендігін сыналушыға түсіндіруді талап етеді. Егер ақпарат ұрланса, онда зерттеуші өзінің клиентінің қолайсыздықта болмауы үшін жауап береді.

9. Егер зерттеу үрдісі қатысушы үшін зардап әкелсе, онда зерттеуші мұндай қорытындылардағы кедергілерді жоюға жауап береді.

10. Зерттеу барысында алынған ақпарат құпия болып табылады.

Зерттеудің эмпирикалық бөлігінде алынған мәліметтерді өңдеу нәтижелері өз бетінше ешқандай құндылықты көрсетпейді. Осы мәліметтерді қорытынды теориялық концепциялар шеңберінде интерпретациялау істелінген жұмыстың мәнін үстемелейді.

Интерпретация зерттелетін обьектіні суреттеу негізінде жасалады. Өңдеу кезінде алдын-ала сипаттама беріледі. Ары қарай интерпретация зерттелетін құбылысты кәдімгі тілде, қажет болған жағдайда арнаулы терминологияны қолданып суреттеуден басталады.

Мәліметтерді өңдеу зерттелетін обьектіге байланысты кейбір фактілерді белгілеуге ғана мүмкіндік береді. Сипаттама обьект туралы жалпы тұрақталған түсінік береді.

Интерпретация деп екі процедураны түсінеді: түсіндіру және жалпылау .

Түсіндірудің мағынасы-обьект мәнін анықтау.

Түсіндірудің мынадай түрлері бар: субстанционалды, атрибутивті, генетикалық және құрылымдық.

Субстанционалды түсіндіру обьектімен заңды түрде байланысқан субстратты ашудан тұрады. Психологияда бұл психиканың физиологиялық негізіне, оның материалды субстраты- жүйке жүйесіне нұсқау арқылы іске асырылады.

Атрибутивті түсіндіру обьектінің оның атрибуттарымен заңды байланыстарын ашады, яғни обьект мәнін оның қасиеттері (атрибуттары) арқылы түсіндіру болады.

Генетикалық (себепті) түсіндіру обьектінің алдыңғы күйіне көңіл аудару арқылы жүзеге асады: себеп-өткен уақытта, салдар- қазіргі уақытта.

Контргенетикалық (салдарлы) түсіндіру обьектінің алдыңғы күйлеріне шағымданады. Қазіргі уақыттағы салдарды біле отырып, өткен уақытттағы себепті түсіндіру мүмкін болады.

Құрылымдық түсіндіру обьектінің құрылымын (оның элементтерінің құрамы мен олардың байланыстарын) құру арқылы немесе обьектінің неғұрлым жалпы сыртқы құрылымға енуін анықтау арқылы жүзеге асырылады.

Түсіндірудің келтірілген түрлері кешенді түрде (аралас түсіндірулер) жиі қолданылады.

Түсіндірудің түрлеріне сәйкес генетикалық, құрылымдық және интерпретациялық әдістерді анықтауға болады.

Ж. Пиаже түсіндіруді психологияға екі негізгі тип бойынша енгізді:


  1. Редукционизм- жеңілдететін түсіндірулер. Психологиялық редукционизм психология көлемінде күрделіні қарапайымға келтіруден, психологиялық құбылыстардың кейбір жиынын тіпті осы құбылыстарды түрлендіру немесе дамыту барысында өзгермейтін бір себептік принциппен түсіндіруден тұрады.

  2. Конструктивизм- редукционистік түсіндірулерді толықтыратын түсіндіру модельдерін құру. Тірісіндегі модельдердің, туғаннан пайда болатын тәжірибелердің модельдері, абстрактілі модельдер дараланады.

Жалпылау деп обьектілер (құбылыстар) тобы үшін олардың маңызды сапалық сипаттамаларын анықтайтын неғұрлым маңызды ерекшеліктерін айқындауды айтады. Жеке обьектілер үшін ерекше қасиеттер алынып тасталынады. Процесс индуктивті- жекеден жалпыға. Статистика тілінде – бұл нәтижені іріктеуден тұтас жалпы жиынтыққа тасымалдау.

Жағдайды жалпылау- нәтижелерді хал-ахуалдардың неғұрлым кең шеңберіне тасымалдау.

Жауаптарды жалпылау- әр түрлі реакцияларды оларды біріктіретін бір категорияға жинақтау.

Жеке адам деңгейінде жалпылау- іріктеменің репрезентативтілігін мойындау.

Қарым-қатынасты жалпылау- айнымалылар арасындағы байланыстарды іргелік құбылыстар мойындағанға дейін бейнелеудің әртүрлі деңгейлері арқылы байланыстың бар болу фактін құрғаннан байланыс деңгейінің жоғарылауы.

Нәтижелерді интерпретациялау қандай да бір аралық шешімдер жасауға мүмкіндік береді . Олардың негізінде соңғы шешім тұжырымдалады. Бұл кезең зерттеуді аяқтайды. Бұл жерде заңды емес қорытындылардың қауіптілігі туады.Осыдан артефактілі қорытындылар сияқты дұрыс емес жалпылаулар проблемасын тудырады.

Артефактілі қорытындылар мынадай болуы мүмкін:


  1. Дұрыс емес статистикалық шешімдерге байланысты дұрыс емес қорытынды.

  2. Эксперимент валидтілігін қатаң бағалауға назар аудармау себебінен тәуелсіз айнымалының әсері туралы дұрыс емес қорытынды, ал оның ар жағында эксперименталды гипотезаның «дұрыс» расталуы ретінде артефактілі ңәтижені қабылдау қатесі немесе экспериментте ақиқат тәуелділікті «байқамау» мүмкіндігі жатыр.

  3. Маңызды қосымша айнымалыларды ескермеуден немесе эксперименттік гипотезадағы теориялық пайымдау мен эмпирикалық базистік пікірдің арақатынасын түсінудегі қате салдарынан болған дұрыс емес жалпылаулар.

  4. Эксперименттік қорытындының қарастырылған нормативтерін бағалық пайымдаулармен, беделге шағым жасаумен және мазмұнды негізделмеген критерийлерге пайымдау логикасының басқа түсініксіз «көнушілігімен» алмастыру немесе бұрмалау. Бұл қателер мәселенің мазмұнына немесе қорытындыға құнды көңіл бөлумен және зерттеуде жіберілген қателерге жеткіліксіз сындармен байланысты.

Неғұрлым жиі кездесетін қателердің мысалдары.

Себепті түсіндірулердегі «жетіспейтін звенолар».

Қандай да бір феноменнің пайда болуына болжаулы түрде жауапты немесе айнымалылар байланысын шарттандыратын каузалды факторлар, жеткілікті жете қарастырусыз-ақ суреттеле алады, бұл түсіндіру мен жалпылау арасындағы «жетіспейтін звеноның» пайда болуына әкеледі.

Мысалы, себеп күрделі тәуелсіз айнымалы ретінде қарастырылады, оның әрбір құрамдас бөлігінің өзі тәуелді айнымалының салдарын бақылаушыға негізгі себеп бола алады.

Негізгі себептің заңсыз бөлініп шығуы.

Эмпирикалық тәуелділіктерін түсіндірулерін қамтитын жалпылауды тұжырымдаған кезде қандай да бір дербес себеп негізгі және таусылатын себеп ретінде қабылдануы мүмкін. Мысалы, IQ мәнін әлеуметтік кластың құрамында болушылығымен немесе ұлтымен түсіндіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет