Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе» 5В011600 – «География»мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет20/37
Дата07.09.2022
өлшемі0.52 Mb.
#460356
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37
П нні О У- дістемелік кешені «Экономикалы , леуметтік ж не сая

Бейбітшілік сақтау проблемасы. Адамзаттың ғаламдық проблемалары арасында Жер шарында бейбітшілікті сақтау және жаңа дүниежүзілік соғысқа жол бермеу проблемасы аса маңызды орын алады. Өйткені бүгінгі таңда Жер шарында жинақталған қару-жарақтың ең соңғы үлгілері санаулы сағаттарда-ақ миллиондаған адамдардың мерт болуына жеткілікті. Жаппай қарулану немесе милитаризация (латынша mіlіtarіs - әскери) экономиканың, жалпы қоғамның дамуына кері ықпал етеді.
Жаппай қарулану және әскери шығындар. Қазіргі кезде әскери шығындар көлемі адамзаттың ең кедей бөлігінің табысынан бірнеше рет асып түседі. ХХ ғасырдың соңына қарай дүние жүзі бойынша әскери шығындардың жылдық мөлшері 1 трлн. АҚШ долларынан асып түсті. Бұл қарулану үшін минутына 1,9 млн. доллар қаржы жұмсалады деген сөз. Дүние жүзінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бөлінетін қаржының 25-30%-ын әскери мақсаттағы жобалар құрайды. Сондай-ақ дүние жүзі елдерінің әскер қатарында бүгінгі таңда 25 млн-ға жуық адам жинақталған. Осыншама адам Германия сияқты жоғары дамыған елдің экономикалық белсенді халқының санына тең. Демек бұл көрсеткіш халықтың әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігін шектеп, басқа да көптеген ғаламдық проблемаларды шешуді тежейді.
Ғаламдық экологиялық проблемалар. Дүние жүзіндегі қазіргі заманғы экологиялық жағдайдың нашарлауын адамзаттың тұтыну ауқымы мен биосфераның ресурстық-экологиялық мүмкіндіктерінің сәйкес келмеуімен түсіндіруге болады. Ноосфера туралы ілімнің негізін қалаған академик В.И.Вернадский ХХ ғасырдың ортасында-ақ адамзаттың шаруашылық әрекеті географиялық ортаға табиғаттың өзінде жүріп жатқан геологиялық процестерден кем әсер етпейтіндігі туралы жазған. Одан бергі өткен уақытта адамның табиғатқа әсері одан сайын арта түсті; экологиялық проблемалар ауқымы жөнінен ғаламдық сипат алды. Ғаламдық экологиялық проблемалар түрліше сипатта болады; олардың аса маңыздыларына табиғи ортаның ластануы мен жай-күйінің нашарлауы жатады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет