Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе» 5В011600 – «География»мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет28/37
Дата07.09.2022
өлшемі0.52 Mb.
#460356
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37
П нні О У- дістемелік кешені «Экономикалы , леуметтік ж не сая

Лекция 12


Тақырыбы: Дамушы елдерді экономикалық потенциалы, шарушылық құрылымдарына сипаттама
(1 сағат)


Мақсаты – Дамушы елдердің негізгі топшаларының географиялық ерекшеліктерімен таныстыру және олардың қазіргі дүниедегі орнын ашып көрсету.


Жоспары

        1. Дамушы елдердің негізгі топтары.

        2. Жетекші дамушы елдер.

        3. Жаңа индустриялық елдер.

        4. Мұнай экспорттаушы елдер. «Жалға пәтер беруші» елдер.

        5. Дамушы елдердің қазіргі дүниедегі орны.

Дамушы елдер саны жағынан көп, алып жатқан аумағы, халқының саны жөнінен де ауқымды. Бұл елдер тобына мынадай белгілер тән болады:


  1. Әлемдегі ірі ұлтаралық бірлестіктердің пайдасы ретінде елден қайтымсыз әкетіліп жатқан қаржының болуы;

  2. Шаруашылықтың көп укладтылығы, яғни капитализмнің бұрынғы жүйе сарқыншақтарымен ұштаса дамуы;

  3. Жергілікті капиталдың салыстырмалы түрде нашар дамуы, оның әлемдік қана емес, ұлттық экономикадағы үлесінің де төмен болуы;

  4. Экономикада мемлекеттік сектор үлесінің басым болуы;

  5. Жоғары дамыған елдерге ғылыми-техникалық жағынан тәуелді болу, оларда ескіріп қалған технологияларды өндірісте пайдалану;

  6. Әлеуметтік қарама-қайшылықтар.

Осы жалпы белгілеріне қарамастан, дамуышы елдер даму деңгейіне, экономикасының құрылымы мен ұйымдасу деңгейіне, әлемдегі орнына қарай әрқилы болады. Оларды осы ішкі айырмашылықтарына қарай мынадай негізгі топшаларға бөледі.
Жетекші дамушы елдер (Қытай, Үндістан, Бразилия, Мексика): Халық санының көптігі; арзан еңбек ресурстары; экономикалық әлеуетінің жоғарылығы; жан басына шаққандағы экономикалық көрсеткіштердің төмен болуы; шаруашылық құрылымының күрделілігі; бай мәдени қор.
Жаңа индустриялық елдер (Корея Республикасы, Малайзия, Сингапур, Тайвань, Таиланд, Аргентина): Шетел инвестициясы мен жоғары технологиялар, арзан жұмыс күші есебінен экономиканың, әсіресе өнеркәсіптің жоғары қарқынмен дамуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет