ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Әсер ету психологиясы» мамандық үшін 5В010300 «Педагогика және психология»


Мұғалімдер аса күрделі процесті - оқушы тұлғасының қалыптасуын басқарады



бет2/5
Дата17.07.2016
өлшемі375.5 Kb.
#205007
1   2   3   4   5

Мұғалімдер аса күрделі процесті - оқушы тұлғасының қалыптасуын басқарады.Мұғалім - оқушы өмірінің іргетасын қалаушы және ғылым негіздерімен таныстырушы маман. Мұғалім мамандығы баршамызға ортақ игілікті іс болып табылатын жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуге негізделеді,себебі адам бойындағытәрбие мен жүйелі білім баланың өмірінің оншақты жылы өтетін орта мектептен қалыптасады.Орыс халкының белгілі сыншысы,публицисті В.Г. Белинский ұстаздардың шәкірт өміріндегі рөлін жоғары бағалай отырып былай дейді: «Тәрбиеші мэртебесі қаншалықты маңызды, ұлы, әрі қастерлі десеңізші: оның қолында адам өмірінің тұтас тағдыры тұр».

Мұғалімдер әр баланың тұлғасын қалыптастыруда оларды интеллектуалдық жағынан дамытуды, эмоционалдық, рухани, дене тәрбиелерін жетілдіруді көздейді. Ал шәкірттің тұлға ретінде қалыптасуын басқару өте күрделі процесс екені балалардың әрдайым психологиялык, физиологиялық, педагогикалық өзгеріс үстінде болатындығына байланысты. Мысалы 5 сынып оқушысы мен 9 сынып окушыларына мұғалім бір өлшеммен қарап, бірдей талап қоя алмайды. Бір білім беру мекемесінің ішінде әр жастағы балалар оқу-танымдық іс-әрекетпен шұғылданып тәрбиеленеді. Сондықтан мұғалім шәкірттердің жас ерекшеліктері мен қатар дара ерекшеліктерін ескере отырып барлығына ортақ бір тиімді қарым-қатынастық жүйені калыптастыруға тырысады.

Басқа мамандықтарға қарағанда мұғалімдік еңбектің нәтижесін өлшеп отыратын дайын арнайы құралдар болмайды, оларды өлшеу үшін балалардың бойындағы тұлғалық қасиеттердің өзгеруін күтуге тура келеді. Себебі мұғалім қаншалықты жетекші роль атқарып тұрса да, оған оқыту, тәрбиелеу процесінде пайда болатын қарым-қатынастарды басқара алуы, сол қарым-қатынастар арқылы шәкірттің өзіндік даралығын сақтап, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруы қажег.

Мұғалімдерге аса жауапты іс жүктелген. Қазіргі қоғам дамуында мұғалімдер өздеріне аса жауапты іс жүктелгенін саналы түрде сезініп, ол еңбекті атқаруда барлық ерік-жігерлерін, күш-қайратын, білім, іскерліктерін жұмсап табысты нәтижеге жетуді көздеулері керек. Мұғалімдерге баланың мінез-құлқының, дүниетанымының, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, жалпы олардың өсіп дамуының ең маңызды кезеңі тапсырылған. Осындай аса жауапты істі қолға алып отырған мұғалімдер өздерінің бала өміріндегі рөлін әрқашан да жоғары деңгейде атқаруға міндетгі. Ал егерде мұғалім педагогикалық іс-әрекетке немқұрайлы қкарайтын болса оның жұмысында сәтсіздікке ұшырататын көптеген қателіктер мен кемшіліктер кездесуі мүмкін. Осы ойға байланысты А.В.Луначарскийдің: «Егер алтын ісінің шебері алтынды бүлдіріп алса, оны қайта балқытып қрюына болады. Егер багалы тас бүлінсе, онда ол жарамсыз болып қалуы мүмкін, алайда ең бағалы деген жаунар тастың өзі, жаңа туган адамнан қымбат емес. Адамның бұзылуы не үпкен қылмыс, немесе орны толмас өкініш. Бұл материалмен мүлтіксіз, одан не жасай алатыныңды күні бұрын біле отырып жұмыс істеу қажет»- деген сөздері тәжірибелі педагогтардың жадында.

Кейбір мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерінің төмендігінен баланың балғын балалық шағына дақ түсірулері олардың ата-аналар алдында, әріптестері алдынла беделін төмендетеді, абыройын түсіреді және олардың жіберген қателігі баланың өмір бойы жүрегінде қалады. Өкінішке орай ондай мұғалімдер өздерінің кемшіліктерін байқамай сәтсіздік жағдайларда оқушыларды кінәлап, олардың болашағына үулкен күмәнмсн қарайды. Ал оқушы қателігі кешірілуі керек, себебі олар әлі өз күштері мен мүмкіндіктерін шамалай алмайтын, даму үстіндегі жандар.

Мұғалім шәкіртіне сенім арта білуі арқылы оның ішкі әлеуетін ашуға мүмкіншілік туғызады. Сол сияқты егер мұғалім баланың бойында адамгсршілік сезімдсрді оята алса, ізгілік дэнін сеуіп, оларды тереңінен сусындата білсе, ондай педагогикалық ықпал баланың өмір бойғы рухани азығына айналуы мүмкін. Француз жазушысы

Антуан де Сент-Экзюпери: «Өмір сүру - демек баяу өсіп-өну. Мұғалім біздің үмітімізді және біздің қогамымыздың болашагын — үйлесімді жеке тұлғаны тәрбиелейді. Мұғалім балаларға әлем мәдениетін таныстыра отырып, шын мәнінде, бақыт негізін қалайды» - деген екен.

Осындай мәртебеге ие болу үшін мұғалім өз бойында ілтипаттылық, балаға сенім арта білу, байқағыштық, әділдік, сабырлық, шыдамдылық сияқты қабілеттерді дамытып жетілдіруі қажет, солардың негізінде ғана оның ерен еңбегі кәсіби табысқа жеткізуі мүмкін.
4 Мінез-құлыққа әсер ету. Мінез-құлықтың өзгеруі

Сұрақтары. Тәрбиешінің психологиялық,этикалық сапалары. Тәрбиеші-педагог тұлғасына қойылатын талаптар жүйесі. Тәрбиеші іскерлігі және шеберлігі

Мақсаты: Тәрбиешінің жеке тұлғасын қалыптастыру және оған қойылатын психологиялық-педагогикалық талаптармен таныстыру

Адамзат тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайларына байланысты өзгеріп отырған.

Ұстаз тұлғасына, тәрбиешілерге, тәлімгерлерге қойылатын талаптар тіпті Ежелгі Греция, Ежелті Мысыр, Ежелгі Рим философтары Демокрит, Аристотель, Сократ, Марк Фабий Квинтилиан т.б. еңбектері мен идеяларында көрініс табады.

Мұғалімдердің моральдық-психологиялық, этикалық сапалары туралы ойлар шығыс философы Әбу Насыр әл-Фараби еңбектеріндегі айырықша көңіл аударылған мәселелердің бірі болған. Ол мұғалім бойында шыншылдык, шәкірттеріне де, өзіне де талап қоя алушылык, ықыластылық, қаталдық, күш-жігер және педагогикалық такт сияқты қаситеттердің сақталуын қажет деп санаған. Әл-Фараби ұстаздың мінез-кұлық нормасы қаңдай болуы жайлы былай деп жазады: «...ол тым қатал да болмауга тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру - ұстаздық қадірін кетіреді. Оның берген сабағы мен ғылымға шәкірті селқос қарайтын болады».

Педагогика ғылымының негізін қалаушы Я.А.Коменский (XVII ғ.) мұғалімдерге «ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары тұрған еш нәрсе жоқ» - дей отырып балаларды оқыту-тәрбиелеу барысында мұғалімдерден табиғатқа сәйкестілік және дидактикалық принциптердің орындалуын талап еткен.

Педагогика тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар А.Дистерверг, К.А.Гельвеций, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, А.С.Макаренко, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, В.А.Сухомлинский сынды белгілі педагогтар еңбектерінде ерекше қарастырылады П.Ф.Каптерев мұғалімдердің адамгершілік қадір-қасиеттерінің маңыздылығына көңіл бөле отырып, оқыту мен тәрбиелеу процестерінің тұтас жүргізілуі барысында «оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту» кағидасының сақталуын талап етеді.

Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптардың өсіп, күрделеніп отыруы нәтижесінде педагогикалық теорияда профессиографиялық тұрғыдан зерттеулер орын ала бастады. Осы бағытта арнайы зерттеулермен айналысқан ғалымдар Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина, А.И.Щербаков, В.А.Сластенин, Ю.С.Алферов, Е.И.Антипова т.б. болды.

В.А. Сластенин мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар жүйесін оның педагогикалық еңбекке кәсіби даярлғы ретінде қарастырады. Ол даярлықтың құрамына мұғалімнің психологиялық,физиологиялык, даярлықтары мен қатар ғылыми-теориялық және практикалық құзіреттілігін жатқызады. В.А.Сластениннің пікірінше: «Мұғалім профессиограммасы мамандықтың паспорты ретінде оның квалификациялық сипагтамаларын, яғии қоғамдық-саяси, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық білімдерінің көлемдерін және ғылыми негізделген өзара қатынастарын, сонымен қатар болашақ мұғалімге қажетті педагогикалық, әдістемелік іскерліктер мен дағдыларды қамтуы қажет». Профессиограмма - мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі.

В.А. Сластенин ұсынған мұғалім профессиограммасында ол педагогикалық кәсіптің жалпы сипатын және жеке мамандығына байланысты сипаттарын қарастыра отырып 4 тараудан тұратын мұғалімнің профессиограммасын береді:

1. Мұғалімнің қасиеті мен сипаттамасы. Бүған ол мұғалімдердің идеялық, кэсіптік-педогогикалық, танымдық бағытгылығын жатқызады.

2. Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық дайындығына қойылатын талаптар. Мұнда ол мұғалімдердің білім, білік және дағдыларын біріктіреді.

3. Арнайы даярлықтың көлемі мен құрамы. Бұл тарау болашақ мұғалімдердің шеберлік деңгейінде еңбектенуі үшін қажет болатын жалпы ғылыми негізде дайындық көлемі мен арнайы даярлықың қалыптасатын нақты білім, білік және дағдыны біріктіреді.

4. Мамандық бойынша әдістемелік жағынан даярлық мазмұны. Бұған мұғалімге қойылатын жалпы әдістемелік талаптар жэне жеке пән мұғалімдеріне қойылатын арнайы әдістемелік талаптар енгізілген.

Жалпылап қарастырғанда қазіргі кезде мұғалім профессиограммасын құруда үлкен тәжірибе жинақталған. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды үш үлкен кешенге бөліп қарастыруға болады:

- жалпы адамзаттық қасиеттері;

- кәсіби-педагогикалық касиетгері;

- арнайы пән бойынша білім, білік, дағдылары.

Белгілі педагог И.Е.Синица қоғам мен педагогикалық кәсіптің мұғалім тұлғасына қоятын жалпы талаптарын былайша сипатгайды:

1.Мұғалім деген биік те, абзал атқа лайық болыңыздар. Оқушының жеке адам ретінде калыптасу жолында жеке ұстаздардан тәлім алатынын ұмытпаңыздар. Сіздердің Отанға адал қызмет етулеріңіз, сіздердің еңбекке деген көзқарастарыңыз, сіздердің азаматтық батылдықтарыңыз және сіздердің адамдар арасындағы тәртіптеріңіз өздеріңізден тәлім алатындарға мұра боп қалатындай болсын!

2.Өз оқушыларыңызды сыйлаңыздар. Олардың ар-намысын қорғап, дамытып отырыңыздар. Оқушылардың бойында ар-намыстың дамуымен қоса жаксы касиеттер өріс алады. Ар-намысты сақтаңыздар. Ар-намысын сақтай білмеген ұустаз, оқушыларына да тәлім-тәрбие бере алмайды.

3. Қажеті болмаса, оқушыларға өз артықшылықтарыңызды баса көрсетпеңіздер. Олар сіздердің мұғалім, тәлімгер, үлкен, тәжірибелі және өздеріне қарағанда көп құқыкқа ие екендеріңізді ұмытпайды, бірақ ол туралы жиі ескерте бергенді ұнатпайды. Сіздердің оқушылармен өзара қарым-қатынастарыңызда аралық шек болуы қажет екенін жоққа шығармаймын, біракқ ол аралық шек өте алмас кедергіге айналып кетпесін.

4. Оқушылармен қарым-қатынаста тактикаларыңызды олардың жасы, рухани өсуіне байланысты өзгертіп отырыңыздар. Оны жаңа тактикалық тәсіл және әдістеріңізбен байыта түсіңіздер. Тактикаларыңыз икемді болсын, көзге ұрып тұратындай кернекі болмасын. Тәрбиелеу әдістерінде де оқыту әдістеріндсгі сияқты талап қою жоғары дәрежеде болсын. Тым тіке бетке айтудан, ақылгөйліктен аулақ болыңыздар, одан кінәратсыз кесңес, ескерту әлде қайда өтімді. Ең жаксысы— айтқанды оқушылардың өз көзқарасындай қабылдағаны.

5. Педагогикалық көтермелеуді барынша кең пайдаланыңыздар, бірақ мақтауға жомарттау, жазалауға сараңырақ болыңыздар. Жазаның әсер етерліктей болуын бақылаңыздар. Қас-қабақтарыңызбен, көзқарастарыңызбен, үнсіз қимыл-қозғалыстарыңызбен басқаруды үйреніңіздер.

6. Үн қатысу, сөйлесу мәдениетін игеріңіздер, айқайдан алыс жүріңіздер. Айқай сіздің ұстаздығыңызды кемсітеді, оқушыларға тигізер ықпалыңыздың мүмкіншіліктерін төмендетеді. Айқай күштілікті емес, әлсіздікті білдіреді.

7. Пайдасы шамалы-ау деген шешімнен аулак болыңыздар, ашу үстінде шешім кабылдамаңыздар, өз құкықтарыңызды ақылменқолдануға, ал оқушылардың ақылға келіп илігуіне мүмкіндік беретін кейінге қалдыра тұру» әдісіне жүгініңіз.

8. Педагогикалық іскерліктің бәрі сияқты, оқушылармен араласа білу де біртіндеп келеді. Оқушылармен қарым-қатынас жарасымдылығы — тиісті білім, іскерлік және тәжірибе бірлігі. Пән айырмашылығына қарамай өздеріңіздің тәжірибелі әріптестеріңіздің сабақтарына барыңыздар, олардың оқушылар алдында өздерін қалай ұстайтынын, қай уақытта және қандай ескертпелер жасайтынын, тәртіп бұзғанға қалай қарайтынын, тіпті оқушыларды қалай тыңдайтыны, қалай отырып, қалай тұратынын, класта қалай жүретінін де байқаңыздар.

9. Әрбір оқушының өзіндік келбетін, класта жақсы көрінуге, өрлеп-өсуге тырысуын қадір тұтыңдар. Табыс адамға қанат бітіреді, сәтсіздік, оның үстіне бірыңғай сәтсіздік қажытады. Педагогикалық тұрғыдан алғанда ол қаншалықты бетімен кеткен болса да, оқушыны мақтауға сылтау іздеңіздер. Егер окушының өзі мұндай сылтауға мүмкіндік бермесе, оны өзіңіз табыңыз. Орынды мактау - ондаған ескертуден пайдалы.

10. Тұтас класпен тіл табысу белгілі бір дәрежеде сіздің әр оқушымен жеке тіл табуыңызға байланысты. Оқушымен оңаша болуға, мектептен бірге қайтуға, көшеде, паркте, стадионда бейне ойламаған жерден жолыққандай кездесуге уақыт табыңыздар. Егер сіз әдеп сақтасаңыз, не боса соған ілініспесеңіз, ақылгөй болмасаңыз, онда сіз белгілі бір оқушымен, яғни бүкіл класпен жақындаса түсесіз.

11. Оқушылардың ата-аналарын қуанышқа бөлеңіздер. Өз оқушыларыңызды көп жамандамаңыздар. Балалары туралы ата-аналарына көп шағынсаңыздар, олар балаларын қорғаштайды немесс окушылармен қарым-қатынастарына көмегі тимейтін, қайшы шаралар қолданады. Оның үстіне басқа біреудің әрекетімен орнаған тәртіп тиімсіз болады. Оқушылармен өзара қарым-қатынас - өздеріңіздің төл істерІңіз.

12. Реті келгенде оқушыларға өздеріңіз де бар жақсылықты қабілеттгілігіңізді, іскерлігіңізді көп білетіндігіңізді, әдеттеріңізді және т.б. асырмай, жасырмай көрсете біліңіздер.

13. Өз оқушыларыңыздың сенімін ақтаңыздар. Бұл сенім оқушылармен қарым-қатынастарыңыздың ұшар шыңы, олардың жан-дүниесіне енер жол. Бір оқушының сенімін ақтамасаңыз бүкіл класс сенімінен айырылуыңыз мүмкін.

14. Жылдан-жылға, күннен-күнге, оқушылардың бойына азаматқа тән жоғары сезімдерді, еңбек адамын қадірлеуді, өз Отанына деген сүйіспеншілікті, оның мүддесіне өзінің барлық күші мен барлық өмірін жұмсауға дайындықты сіңіре беріңіздер.

Қазіргі таңда заман талабына қарай мұғалімдік қызметтегі адамдарға талаптар да күшейе түсті. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007 ж.) педагогтардың негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған. Аталған занның 7 тарауының 50-51 баптарында педагог қызметкердің мәртебесі анықталып, олардың кәсіптік шеберлігіне, оқушыларға сапалы білім мен тәрбие бере алуларына байланысты жауапкершіліктері мен міндеттері қарастырылған.

50-бап. Педагог қызметкердің мәртебесі.

1. Білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытуға және тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады.

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері азаматтық қызметшілер болып табылады.

2.Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердің ерекше мәртебесін таниды және кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасайды.



51-бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауашершілігі.

1. ТиістІ бейіні (профиль) бойьшша арнайы педагопык немесе кэсіптік білімі бар адамдар педагогтық қызметаен айналысуға жіберіледі.

2. Педагог қызметкердің:

1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға;

2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;

3) жеке педаготтік қызметке;

4) тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары сақталған кезде педагогтік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;

5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;

6) ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бір рет біліктілігін арттыруға;

7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;

8) педагоггік кызметгегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түріндегі моральдық жэне материалдық көтермеленуге;

9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;

10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;

11) ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік стаж сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;

12) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға құқыгы бар.

3. Педагог қызметкер:

1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық жэне пракгакалық білімді жэне оқыту дағдыларын меңгеруге;

2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;

3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;

4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық кабілеттерін дамытуға;

5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық жэне жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;

6) бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге;

7) педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;

8) оқушылардың, тәрбиеленушілердің жзне олардың ата-аналарының абыройы мен кадір-қасиетін қүрметтеуге міндетті.



Міндеттері мен педагогтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін педагог қызметкер Қазақстан Республикасының зандарында және еңбек шартында көзделтен жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Сонымен,қазіргі заман мұғалімдеріне қойылатын жалпы талаптарға кәсіби кұзіреттілік, бәсекеге қабілеттілік, әлеуметтік белсенділік,шығармашылық қабілеттерінің жоғары деңгейде дамытуды жатқызуга болады.
5 Ішкі ықпалдың ерекшеліктері. Құрылымға мінез-құлық арқылы әсер ету

Сұрақтары. Тәрбиеші-педагог тұлғасының моделі. Педагогқа тән қасиеттер:

  • сөйлеу мәдениеті, сөз қоры;

  • шығармашылық, жаңашылдық;

  • педагогикалық мәдениеттің жоғары деңгейі.

Мақсаты: Студенттерді тәрбиеші- педагогтың сөйлеу мәдениеті әдениетімен, және тәрбиешіге тән қасиеттермен таныстыру.

Мұғалімнің қоғамнан алатын орны зор. Олай болатын себебі мұғалімнің еңбегі өте жауапты, әрі күрделі. Өйткені ол жас ұрпақтың болашак тағдыры үшін өзің жауапты сезінеді, оның тәртібі, білімі, қоғамнан алатын орны, адамгершілігі, белсенділігі, іскерлігі үшін күресеті, оның жүрегіне жол тауып, оның жан дүниесінің таза, қоғам үшін жан тәнімен еңбек етуге күш-тарлығын оятатын, білімге деген ішкі қажеттігін оята отырып, баланы білімге ұмтылдырып талаптандыратын мұғалім.

Мұғалім қызметінің табысты болуы оның өз қызметінің мәнін жете түсінсе де, оқушыларға саналы тәрбие, жан-жақты білім береді, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүние танымын дамытады, өмірге, еңбекке, қоғамға деген қатынасын тәрбиелейді.

Мұғалімнің кәсіби мамандығына қойылатын негізгі талаптар:



  • қоғамның алдыңғы қатарлы идеяларын игеру;

  • жан-жақты білімдаралық, өмірдің әр түрлі саласынан хабардар болуы;

  • педагогикамен байланысты пәндерден – психологияны, физиология, анатомия, мектеп гигиенасын, мектеп тану пәнін жақсы білуі керек;

  • оқытатын пәнін, соған байланысты ғылымдарды, олардың жетістіктерін, ағымын жақсы білу;

  • оқыту, тәрбиелеу методикасын білу;

  • жұмысына шығармашылық көзқарас;

  • баланы жете білу, олардың жан-дүниесін түсіну педагогикалық сенім;

  • педагогтік техниканы меңгеру, қисынды, мәнерлі сөйлеу білу;

  • педагогтік әдептілікті меңгеру;

  • балаға деген сүйіспеншілдік пен әділдік.

Мұғалім мамандығын өзіндік ерекшелігі үнемі оқуда, творчестволық ізденіс жасауда, баланың ынтасын, тілегін қабілетін зерттеуге ат салысуда болып табылады.

Мұғалімнің тағы бір ерекше қасиеті мұғалім балаларға өзінің сезімін ашық білдіруінде, екі жүзділіктен аулақ болуына өзін-өзі тәрбиелейді.

Мұғалімнің бойында тағы бір ерекшелік ол – творчество, шығармашылық еңбек ететін маман болуы керек. Творчествосыз адамның өзінің күшін, қабілетін, бейімділігін білу көкейге қонбайтын нәрсе: онсыз өзін-өзі құрметтеушілікті бекіту ұжымның моральдық ықпалына жеке адамның сергек көзқараспен қарауы мүмкін емес.

Мұғалім мамандығы – ең ардақты, әрі қадірлі мамандық. Өткені мұғалім әр адамның бойына білімнің жарық сәулесін құяды, өмірді, өзін қоршаған ортаны білуге, табиғаттың сырларын ұғып, жұмбақтарын шешуге зердесін оятып, білуге деген кұштарлығын ұштайды.

Мұғалім қызметінің табысты болуы, оның оқу және тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттерін жете түсінуіне байланысты. Мұғалім оқушыларға саналы тәрбие, жан-жақты білім береді, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүние танымын дамытады, еңбек пен қоғамға деген сүйіспеншілігі мен ынтасын тәрбиелейді.

Педагогика-психологиялық зерттеу мәліметтеріне қарағанда (Ф.Н. Гоноболин,

Н.В. Кузьмина, В.А. Сластенин, А.И. Щербаков т.б.) педагогикалық қабілеттің бірнеше түрі кездеседі.

1. Дидактикалық қабілет – мұғалімнің оқушыға оқу материалын жеткізу қабілеті, оқушының білім дәрежесін, іскерлігін, дағдысын дұрыс анықтай білу, өз пәніне қызығушылығын арттыру, таным белсенділігі мен ойын дамыту.

2. Академиялық қабілет – мұғалім қабілетінің пән саласына сәйкестігі. Ондай мұғалім өз пәнін ғылым дамуына сай біледі, өз бетімен қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

3. Перцептивті қабілет – оқушының ішкі дүниесін тани білу. Қабілетті мұғалім оқушылардың сабақ үстіндегі психикалық жағдайын бірден байқайды.

4. Сөйлеу немесе экспрессивті қабілеті – тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі. Бұл мұғалім үшін өте маңызды қабілет ерекшелігі.

5. Ұйымдастырушылық қабілеті – сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірлей білуі, ұжымды дұрыс басқарып, ұйымдастыра білуі, оқу мен тәрбиені дұрыс ұштастыру міндеттерін де оқушыларға бағыт беріп, рухтандыру ісіне басшылық беру, ата-аналармен жұмыс істей білу, сынып ұжымын оқушыларға педагогикалық ықпалды құралға айналдыру, мұғалім өз жұмысын ұйывмдастыра білу.

6. Коммуникативтік қабілет – оқушылармен қалыпты, дұрыс қарым-қатынас жасай білу, педагогикалық әдептілік жетілдіру.

7. Конструктивті қабілет – оқу және тәрбие міндеттерін шешудің тиімді жолдарын іздестіру, оқу және тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерінің мазмұнын анықтау, өз ісіне саналық, жауапкершілікпен ойлылықпен қарап педагогикалық тапқырлық таныту.

8. Қолданбалы қабілет – мұғалім өз мамандығына қатынасы жоқ спорт, оймен келетін – шахмат, көркем өнер, бейнелеу өнер туындыларын білетіндігімен оқушыларды қызықтырып, оларға қатынасуы арқылы өз дегеніне жетуге баланы жан-жақты дамыту ісіне үлесін қосуы тиіс.
3 модуль. Іс-әрекеттің әртүрлі сферасында тұлғаға әсер етуі

6 Сендіру арқылы құрылымды өзгерту



Сұрақтары. Педагогтың кәсіби қызметінің ерекшеліктері. Тәрбиешінің педагогикалық қарым-қатынас шеберлігі.

Мақсаты: Студенттерде тәрбиеші педагогтың қарым-қатынас стилін қалыптастыру.

Өмірдің әр салалары секілді, педагогикалық істе де таланттар сирек кездеседі. Әрине әр мұғалімге талантты болмауына да болады. Алайда ол өз ісінің шебері болады және болуға да тиіс.

Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың бірнеше жолдары бар. Ең алдымен мұғалім жан-жақты білімдар, өмірдің әр саласынан хабары бар, әр түрлі жағдайда жол тауып шыға алатын, мектеп өміріне байланысты барлық мәселені түсініп шеше алатын, әр түрлі сұраққа жауап бере алатын адам болуға тиіс.

Адам бойында мұғалім мамандығына деген бейімділіктің болуы педагогтік шеберлікті меңгеруге көбіне көп нәрсе әсер етеді. Бейімділік балалармен жұмыс істеуге айқын бейнеленген ыңғайы мен қабілеттен көрінеді.

Мұғалім мамандығын таңдап алудағы тегі айқындаушы нәрсе – балаларға деген сүйіспеншілікті, балалармен бірге және балалар үшін еңбектенуге ұмтылу.

Мұғалім сөзі – тәрбие беру ісіндегіең басты құралдардың бірі. Егер мұғалім қандайда болмасын тәрбие мәселесін ұстамдылық пен шындыққа сүйеніп дәлелдей білсе, оқушы оның мәдениеттілігін, қамқорлығын, сөзінің әсерлілігін бірден сезе бастайды.

Тәрбие беру ісіндегі аса маңызды жайттардың бірі – педагогикалық такты. Педагогикалық такты деп мұғалім бойындағы мақсатқа сай жоғары адамгершілік сезімді айтады. Мұғалім оқушыларға педагогикалық ықпал жасайды.

Сонымен, мұғалім – шынайы адамгершіліктің үлгісі. Ол өзінің ана тілінің әдеби және ғылыми сөз байлығын жете меңгерген, өз ұлтының, әрі дүние жүзінің рухани игіліктерін бойна молынан сіңірген зиялы адам болуы керек.

Тәрбиенің субъективті факторының маңызды қатарында – тәрбиенің жеке басы болып табылады. Қазіргі білім технологиясында жеке тұлға ретінде мұғалімнің орны ерекше. “Жеке тұлға – бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:


  • адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;

  • өзіне, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;

  • іс-жүзінде асырылып жүрген әлеуметтік ролдер қызметінің жүйесі, мінез-құлық әрекетінің жиынтығы;

  • айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсінуі;

  • қажеттілік жүйесі;

  • шығармашылық мүмкіндігі мен қабілеттерінің жиынтығы;

  • сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы (Г.К. Селевко).

Грузин педагогы Ш.А. Амонашвили ұстазға тән мінез-құлық сапасының үш деңгейін көрсетеді:

1. Ұстаз балаларды аяламай, бәрін бірдей жақсы көру керек.

2. Өз ісіне сенімді болу, қиындықты жеңудің әдістемелік тиімді жолдарын іздестіре білуі керек.

3. Оқушыға оның көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, жарқын болашаққа жол сілтеу, қалыптастыру.

Ағартушы педагог Ы. Алтынсарин мұғалім мен қушының арасындағы дұрыс қарым-қатынастың болуына ерекше көңіл бөледі. “мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, олардың санасына қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы тиіс. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, сабырлықпен сөйлесе білуі керек”.

Жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Сондықтан, ұстаз ізденіс үстінде, оқытудың жаңа жолдарын еңгізуді көздегені дұрыс болады. Педагогикалық қызметтіңқалыптасуында қарым-қатынас түрлері ерекше орын алады, олар коммуникативтік, либералдық, демократиялық, шабыттандырушы және шығармашылық.

Коммуникативтік стиль дегеніміз – тіл табысу, баланың ой-өрісіне ену, еркін сөйлесе білуге жол табу.

Либералдық стилінде мұғаліммен оқушылар істері мен қылықтары ойластырылмаған, санасыз іс-әрекеттерге душар болады, пікір бостандықтарының мөлшерсіздігі сондай, оқушылар дөрекі мінез көрсетуге дейін барады.

Демократиялық стилінде оқушылар өз пікірлерін ашық айтуға, ынта-жігерін жасырмауға үйренеді, міндетті жұмыстарға және қоғамдық жұмыстарға белсене қатынасын тиянақты орындайды. Мұғаліммен де, басқа да үлкен адамдармен де, бір-бірімен де теңдік, сыйластық қарым-қатынаста болады.

Шабыттандырушы стиль көбіне интуитивтік мұғалімдерге тән. Бұл стильдегі сабақ беретін мұғалімдер оқушылардың әлеуметтік күш-қуатын пайдалануға ұмтылады және олардың перспективтік қабілетін ашуға тырысады. Мұғалім балалардың пәнге деген тұрақты қызығуына назар аударады.

Шығармашылық стиль бойынша мұғалім өз бетімен әдіс-тәсілдерді іздеумен ерекшеленеді.
7 Әсер етуге бағыну және қарсы шығу



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет