Пәннің оқу әдістемелік кешені «Әскери психология және педагогика негіздері»



бет4/6
Дата13.06.2016
өлшемі483 Kb.
#133752
1   2   3   4   5   6

Сабақ мақсаты: Әскери ұжымның ішкі ерекшелігі, әскери ұжымның бірлік жолы туралы түсіндіру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Әскери ұжымның ішкі ерекшелігі.

  2. Әскери ұжымның бірлік жолы.

Дәріс.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде ұжымдардың көптеген түрлері бар. Әскери ұжымның осындай саралану белгілерінің бірі әскери қызметкерлерді офицер, прапорщик, сержант, сарбаздар деп қызметтік категорияларына (санатына) қарай бөлу.

Әскери ұжымдарды ұжым ішіндегі қарым-қатынас түрі бойынша айырады: біреулерінде іскерлік қатынас, өзара байланыс ұжымдық іс негізінде құрылады (әскери мамандар тобы қызмет көрсететін ұжымдық әскери техника мен қару бар жерлер), ал басқаларында қарым-қатынас ұжым мүшелері жеке іспен айналысатындықтан демалыс кезінде. Сонымен қатар саналы, өнегелі жағынан жетілу деңгейі, ұжымдық әскери шеберліктің, тәртіптің, қол жеткен нәтижелердің бірлігі т.б.сияқты сапалы сипаттамалар ескеріледі.

Штаттық-ұйымдастыру құрылымына (бөлімше) сәйкес құрылған ұжымдар әдетте негізгі әскери ұжымдар деп аталады. Сонымен қатар партиялық, жастар, спорттық, өнер ұжымдары, үйірмелер, секциялар және басқа да мүдде бойынша бірлестіктер бар.

Жеке тұлғамен ең жақын ұжым байланыс деп аталады. Мұндай ұжымды экипаж, топ, жұптық топ, жұптық барлау және т.б. құрайды.

Әскери ұжымның бірлік жолы

Әскери ұжым – бұл оның бірлігіне бағытталған тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыра отырып, оның шынайы, тірі әлеуметтік ағза екенін ескеру. Психологиялық заңдылықтар ескеріліп, ұжымды бірлікке тарту жұмысы төмендегі бағыттарда жүргізіледі:

1. Басшының тәрбиелік ықпалы мазмұнға сәйкес, идеологиялық бастауы бар, қызметтік хабардарлықпен, жарғы талабына сай болуы керек.

2. Басшы қарамағындағыларға үнемі көңіл бөіп отыруы керек, бұл әрқайсысын жеке алып, соған сәйкес адамдарды дұрыс орналастыруды талап етеді.

3. Ұжымды бірлікке шақыру жөніндегі жұмыстың құрамына теріс бағыттағы топтардың туындауының, жалған басшылықтың, көңіл күйдің нашарлауы, қате пікірлерді бағаларды бекітудің алдын алу жөніндегі шаралар жатады.

4. Басшы ұжымда орын алатын әлеуметтік психологиялық құбылыстарды ескеруі қажет, олардың дұрыс дамуы оның өмір сүруге қабілеттілігін, нығаюын алдын ала анықтайды.

5. Дұрыс, бірлікке шақыратын өнегелі жағдай (орта) құру мақсатымен қоғамдық санаға, ұжым психологиясына дұрыс ықпал ету.



Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Ұжымды бірлікке тарту жұмысы бағыттары қандай?

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986

  2. Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.

  3. Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.

  4. Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.

14 Тақырып: Әскери ұжымның әлеуметтік-психологиялық климатының құрамдас бөлігі.

Сабақ мақсаты: Әскери ұжымның әлеуметтік-психологиялық климатының құрамдас бөлігі туралы түсіндіру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Әскери ұжымның әлеуметтік-психологиялық климатының құрамдас бөлігі.

Дәріс.

Ұжымның идеологиялық мақсаттары қоғамдық пікірдің қалыптасуына нақты әсер етеді, ондағы көңіл күй мен өзара қарым-қатынастың жиынтығы ұжымның әлеуметтік-психологиялық жағдайын құрайды. Оның әрекет етуге бейімділігі соларға байланысты. Әскери ұжымдардағы дұрыс пікір, көңіл күй өзара қарым-қатынастың бастауын мектепте жүргізілген тәрбие жұмысының деңгейінде іздеу керек.

БӘД мұғалімінің ұжым психологиясының құрылымдық бөліктерінің табиғаты туралы нақты ақпаратты білуі тиіс.

Қоғамдық пікір ұжым мүшелері бөлісетін тиімді бағалау стереотиптер жүйесі бола тұрып, нормативті ықпалы мен маңызды қозғаушы күші бар. Адамның пікірінде қайта-қайта айтылып күшейген сенімділік, жариялылық, эмоционалдық, үздіксіздік, талап қойғыштық сияқты қоғамдық пікір ұжымның әрбір мүшесіне жетеді, оның тәртібінің реттеушісіне айналады.

Көңіл күй адамдардың тәртібіне, оқиғаға, құбылыстарға, фактілерге ұжымның топтық эмоционалды-бағалау реакциялары болып табылады.Ұжымның жалпы жағымды көңіл күйі сарбаздарда немесе оқушыларда жұмыс қуатын оятады, олардың белсенділігін арттырады, сонымен қатар олардың көңіл күйіне әсер етеді. Сондықтан да командир немесе БӘД мұғалімі өзінің жеке басын үлгі тұта отырып, қарамағындағылардың, оқушылардың биік эмоционалдық рухын жоғары ұстауға қолдау көрсетеді, көңіл күйлерінің нашарлауына жол бермеуге тырысады.

Ұжымдағы психологиялық жағдай мен оның ұйымшылдық ісіндегі құрылымында дәстүрлердің маңызы зор. Әрбір сарбаз әскери ұжымға мүше бола отырып, оның дәстүрлерін жалғастырушы мұрагері болады. Өзінің мазмұнына, көріну саласына қарай әртүрлі болады, бірақ олардың мобилдеуші және тәрбиелік ықпалы ылғи да зор. Әскери ұжымда дұрыс әлеуметтік-психологиялық жағдай туғызу үшін армия мен флоттың әскери дәстүрлері мен аталмыш бөлімшенің ішкі дәстүрлерін үйлестіре білген жөн. Тәрбие процесінде дәстүрлерді белсенді түрде пайдалану жеке құрамның идеялық жағынан өсуіне, оның шеберлігінің шыңдалуына, әскери тәртіптің нығаюына, ұжымның ұйымшылдығына, теріс құбылыстардың туындауының алдын алуға ықпал етеді.

Адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас олардың бірлігінің көрсеткіші болып табылады, біріншіден, өйткені оларда жеке тұлғалар арасындағы объективті, әлеуметтік шартты байланыстардың сипаты белгіленген. Күнделікті өзара қарым-қатынаста бір жағынан адамдардың бір-біріне ықпалы жүзеге асырылады, екінші жағынан осы негізде сол және басқа қасиеттерді қабылдау және қалыптастыру. Бұл тәрбие ықпалын саналы түрде меңгеру түріндегі сияқты еліктеу түрінде де болады. Екіншіден, өзара қарым-қатынас жеке тұлғаның ұжыммен және оның мүшелерімен байланыстың күрделі жүйесін құрайды. Яғни, өзара қарым-қатынас барысында көп адамның ықпалы бір адамға басым болады. Үшіншіден, өзара қарым-қатынас сипаты адамдар мен бүкіл ұжымның көңіл күйіне, пікіріне тікелей әсер етеді. Сондықтан да қарамағындағылардың, оқушылардың өзара қарым-қатынас саласы кез-келген басшы ол мейлі бөлімше командирі болсын, не мектептегі БӘД пәні оқытушысы болсын тыңғылықты назарында болады.

Әдетте, өзара қарым-қатынас құрылымында бірнеше саланы бөліп қарайды: қызметтік және қоғамдық – саяси, жеке тұлғалар арасындағы психологиялық қарым-қатынас. Қызметтік және қоғамдық – саяси қарым-қатынас – қызметтік міндеттерін орындау барысындағы жеке құрамның өзара қарым-қатынас негізі. Бұл қарым-қатынастар кез-келген әскери ұжымның ұйымдастыру құрылымында, ресми құжаттарында, жалпы әскери жарғысында, ереже-нұсқауларында бекітілген. Олар алдын ала белгілі сарбазды ерікті түрде жұмылдырылуына: іс-әрекеттегі өзіндік бақылау, өзіне-өзі бұйыру, өз-өзіне талап қою ережелері мен тәртіп нормаларынан шығады.

Жеке тұлғалар арасындағы психологиялық қарым-қатынас (достық пен жек көру, ұнату мен ұнатпау және т. б.) негізінен стихиялы түрде қалыптасады, олар ұйымшылдықпен толтырылмайды, қызметтікке қарағанда көзге онша көріне бермейді. Осы жағдайлар олардың мәнін бағалай білмеу себебіне әкеледі. Шын мәнінде жеке тұлғалық психологиялық қарым-қатынас ұжым өмірінде елеулі рөл атқарады және мұқият көңіл бөлуді, зерттеп білуді талап етеді. Тәжірибеде қарым-қатынастың басқа да топтамалары кездеседі: нормативті – ерікті, танымдық, эмоционалдық.

Нормативті – ерікті қарым-қатынастар заңдар мен жарғылардың талаптары негізінде құрылады.

Танымдық – қызметтік міндетке қатысты процестерге байланысты. Техниканы ұнататындар, кітап оқығанды жақсы көретіндер, бөлімнің әскери жолын, оның дәстүрлерін оқығанды ұнататындар үйірмелері сөйтіп құрылады.

Бұл жерде адамдарды танымға, саяси, қызметтік, тұрмыстық ақпараттармен өзара алмасуға деген ұмтылыс біріктіреді.

Эмоционалдық қатынастар нақты сезімдер негізінде туындайды: оптимистік, танымдық, қанағаттану немесе керісінше сары уайымға салынушылық, өкпе-наз, жабырқаулық.

Алғашқылары өзара қарым-қатынастың қабылданған нормалары құруға ықпал етеді, кейінгілері олардың бұзылуына әкеп соғады. Командирдің, БӘД пәні оқытушысының міндеті – осы нормаларды жеке құрамның, оқушылардың өзара қарым-қатынасына оң эмоция шеңберінде енгізу. Бөлімшелерде әдетте, әскери жолдастық, достық рухында енген әскерилер арасындағы өзара жарғылық қарым-қатынас болады.

Болашақ сарбаздарды мұндай қарым-қатынасқа әскерге дейін, оның ішінде мектептегі бастапқы әскери дайындық сабақтарын оқыту үрдісінде дайындайды. Жарғылық өзара қарым-қатынасты қалыптастырудың жағдайлары көп. Олардың негізгілеріне мыналар жатады:


  • жұртшылыққа сүйенетін, командир мен басшылардың келісілген күшімен шебер ұйымдастырылған, сарбаздардың адамгершілік идеялық тәрбиесіне бағытталған белсенді жұмыс;

  • сарбаздарды жарғылық өзара қарым-қатынас принциптерін дұрыс түсінуге, нақты жағдайда оларды іске асыруға бағытталған түсініктеме жұмыстары;

  • жарғы талаптарына сәйкес қатаң тәртіпте жеке құрамның өмірі мен қызметін практикалық жолмен ұйымдастыру;

  • сарбаздарға деген жеке және сараланған ыңғай таныту, әскери қызметшілердің әрбір тобының ерекшелігін есепке алу.

Басшы бүкіл ұжымға, жекелеген топтарына және әскери қызметшілер тобына, жастар активіне, нақты бір сарбазға ықпал етеді. Өзара байланыс ықпалының сипаты ұжымға сәйкес қатынас жүйесін қалыптастырады. Әскери ұжымдағы өзара қарым-қатынастың мұндай түрі бедел сияқты екенін айрықша атап кету керек, яғни бір адамның психологиялық (немесе бір топ адамдардың) басқа адамдарға ықпалы, мысалы, офицердің солдатқа, мұғалімнің оқушыға, ұжымның жеке тұлғаға және т.б. Беделдің әлеуметтік-психологиялық құбылыс сияқты бірнеше құрамы бар: әскери жарғының беделділігі, лауазымның және әскери атақтың, әскери қызметшінің жеке беделі. Әсіресе әскери қызметшінің жеке басының беделі маңызды.

Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Әскери ұжымның әлеуметтік-психологиялық климатының құрамдас бөлігі дегеніміз не?

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986

  2. Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.

  3. Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.

  4. Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.

15 Тақырып: Сарбаздардың бірлескен қызметі. Әскери ұжымдағы теріс психологиялық құбылыстарды жеңіп шығу. Жеке тұлғалар арасындағы қайшылықтардың алдын алу және жеңіп шығу.



Сабақ мақсаты: Сарбаздардың бірлескен қызметі, әскери ұжымдағы теріс психологиялық құбылыстарды жеңіп шығу, жеке тұлғалар арасындағы қайшылықтардың алдын алу және жеңіп шығу туралы түсіндіру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Сарбаздардың бірлескен қызметі.

  2. Әскери ұжымдағы теріс психологиялық құбылыстарды жеңіп шығу.

  3. Жеке тұлғалар арасындағы қайшылықтардың алдын алу және жеңіп шығу.

Дәріс.

Әлеуметтік – психологиялық құбылыстар қатарында оларды басқару ұжымның бірлігін туғызатын, адамдарды бөліп орналастыру, олардың алмасуы, ақпарат қозғалысы, бірлескен қызмет, мамандарға басшылық ету сияқтыларды атауға болады. Мамандарды бөліп орналастыру ең алдымен принциптік негізде жүзеге асырылады. Адамдарды топқа іріктеу барысында кейбір әлеуметтік-психологиялық факторларды ескеру қажет: жас ерекшеліктерінің сәйкес келуі, білімдік деңгейі, өмірлік тәжірибесі және басқалары.

Сарбазға тәрбиелік әсері бар тағы бір маңызды құрал – ұжымның рухани жағдайының қайнар көзі ақпарат қозғалысы болып табылады. Қатынас нұсқасына, әдетте оны белсенді түрде жүргізетін және оны белсенді түрде қабылдайтын адамдардың ақпарат көзі жатады. Міндеттердің күрделілігіне байланысты қатынас нұсқасы да әртүрлі конфигурацияда болады: тізбек, жұлдыз, жүйе. Осы нұсқаның жұмысын басқаруға мыналар жатады: активтің оқуы, оның нұсқау жүргізуі, оның жұмысының реттелуін қамтамасыз ету, тәжірибе алмасу және т.б.

Бөлімшенің жеке құрамының ауысуы (демалыс, іссапар, қызмет бабымен алға жылжу, жұмыстан шығу және т.б) да ұжымның бірлігіне, психологиялық жағдайына әсер етеді.

Ұжымдағы адамдардың қозғалысының, ауысуының мүлдем болмауы оқшаулану мен тоқырау белгілеріне, өте жиі ауысу тұрақтылықтың бұзылуына, психологиялық сенімсіздікке, тұтасу күшінің төмендеуіне және өзара ықпалдың азаюына әкеледі. Адамдардың сандық және сапалық сәйкестікпен қозғалысы мен ауысуын оңтайландыру, тәрбиелеу мақсатындағы аса қажетті ұжым өмірінің динамизмін сақтап қалады. Ұжымның бірлігі мен мықты психологиялық жағдайын қолдауды қамтамасыз ететін күшті фактор тәжірибелік бірлескен қызмет, әскери міндет, сарбаздардың әскери оқулары, олар дәлелді, мақсатты, ұйымдасқан, нәтижелі болған кезде.

Әскери ұжымдағы теріс психологиялық құбылыстарды жеңіп шығу

Теріс психологиялық құбылыстарға адамдардың белсенділігін тежейтін, көңілін алаңдатып, арандататын негізсіз ақпараттардың жабық немесе ашық түрдегі қозғалысы, әртүрлі апатты немесе қасақана айтылған сыбыс, желбуаз бос сөздер, өсек-аяң және т.б жатады. Мұндай қатынас нұсқасын тыю қажет. Офицер немесе БӘД пәнінің оқытушысы мұндай нұсқадағы теріс ықпалды байқап, оған оперативті, ресми ақпаратты қарсы қояды, бөлімшенің жеке құрамына, ұжымға, сыныпқа саяси оқу жүргізеді.

Теріс психикалық құбылыстардың басқа бір тобы үрей және оның топталып көрінуі байбалам. Физиология тұрғысынан үрей – бұл тым күшті сыртқы тітіркендіргіштерден болатын ми қабының тежелу күйі. Қорқудың мазасыздану, қобалжу, үрейлену, жабырқаңқылық, қорқу, шошыну, аффектілі үрей сияқты түрлері бар. Осының бәрі сарбаздың психикалық табандылығын бұзады, оның тәртібі мен әскери қабілетіне теріс әсерін тигізеді.Үрей, байбалам – бұл алдамшы немесе асырып айтып жіберген қауіп жағдайында адамның немесе жұртшылықтың бойын билеген абыржу, сасқалақтау.

Ұрыста қорқыныш пен үрейді жеңіп шығуға не көмектеседі?

Ең жақсы құрал – бұл сарбаздардың мықты, адамгершілік – саяи сезімі, ерік-жігері, соғыстың әділеттілігін айқын ұғыну, жеңіске деген сенім, жоғары әскери шеберлік, психологиялық дайындық.

Ұжымдағы теріс психологиялық құбылыстар туралы айтқанда топқа бөлінушілік пен жалған достықтың алдын алу туралы жұмыстың маңыздылығын ерекше атап кету қажет.

Жеке тұлғалар арасындағы қайшылықтардың алдын алу және жеңіп шығу.

Ұжым достық ынтымақтастық қатынасы мен адамдардың өзара көмегіне негізделеді. Сонымен бірге жекелеген топтарда да дау-жанжал, келіспеушілктер болуы мүмкін. Әскери ұжымның ерекшелігінің бірі әртүрлі өндірістік, спорттық ұжымдардан келетін адамдардан құрылатындығы. Бұл адамдардың барлығы идеологиялық жағынан бірдей дәрежеде шынықпаған, жалпы және кәсіби дайындықтары бірдей емес, ұжымдық даму деңгейі де әртүрлі мұның бәрі олардың әскери ұжымдағы бейімделуіне әсер етеді.

Ұжымдағы өзара түсініспеушілік келіспеушілік жағдайларына әкеліп соғады. Ұжымдағы келіспеушіліктер мынадай себептерден туындауы мүмкін:

- жеткіліксіз дайындық, басшылардың тәжірибесінің аздығы, адамдарды немесе олардың нақты қызметін басқара алмау, ұжымның өсу деңгейіне басшылық ету стилінің сәйкес келмеуі:

- олардың арасында әлеуметтік жағынан өспеген адамдардың болуы: бас бұзарлардың, ашкөздердің, өзімшілдердің, мансапқорлардың, талан-таражға салушылар, ішкіштер және т.б.;



  • жекелеген мүшелерінің саналы тәртібінің болмауы;

  • жұмыс стилінде қалыптасқан салғырттық, бұл кейде қызметтік міндетте немесе басқа шығармашылықта жаңашылдыққа қарсы келеді;

  • аурумен шектесіп жатқан (қазымырлық, қызғаншақтық, өсек-аяңға, дау-жанжалға бейімділік) ұжымның жекелеген мүшелерінің мінез-құлық сипаты;

  • жекелеген адамдардың қарым-қатынасынан көрінетін арамдығынан, мейірімсіздігінен, мансапқорлығынан, дөрекілігінен, сыпайылықтың жоқтығынан байқалатын адамгершілік тәрбиенің жетіспеуі.

  • Жекелеген адамдардың өзара бір-бірін түсінбеуі немесе түсінгісі келмеуі (өз атына айтылған сынды беделін әдейі түсіру деп қабылдайтын, теріс ниетдеп ұғу және т.б.);

  • қоғамдық және топтық мүдделер арасындағы қарама-қайшылық (ведомстволық, рушылдық және т.б.);

  • жекелеген тұлғалар сияқты топ және ұжымның үмітінің ақталмауы. Дау – жанжалдың мынадай түрлерін айтуға болады: тұлға ішілік дау қандай да бір ішкі қайшылықтардан шығады, мысалы, жеке тілегі мен объективті мүмкіндіктерден, күмән себебімен күресу, теріс ұғым және т.б.

Сыртқы проблемалық жағдай да субъектіге не тапсырылды және ол сонымен неге қол жеткізу керектігі арасында ішкі қайшылық туындауы мүмкін.

Кереғар жағдайларды жеңіп шығу үшін педагогикалық және әкімшілік шаралар бар. Педагогикалық шаралар ұжымды, оның адамгершілік-психологиялық дамуын сақтап қалуды қамтамасыз етеді. Педагогикалық тұрғыдан ықпал етудің басты құралы - тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің негізгі әдістерінің бірі ретінде сенім әдісі болып табылады. Әкімшілік шараларға мәжбүр ету (мысалы, басқа ұжымға ауыстыру) және тәртіптік жаза жатады. Кез-келген даудың негізінде әдетте, кейбір адамдардың тәртібі басқалар күткендей болмай жататынын ескеру қажет. Бұл әрбір адамның мүмкіндігі мен қалауы, көзқарасы әртүрлі екендігімен түсіндіріледі.



Әскери ұжымға неғұрлым тән нәрсе ұйымдағы әскери қызметшілердің әскери оқулардағы, қызметтегі және тұрмыстағы кемшіліктерінен көрінетін жағдайлар.

Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Ұрыста қорқыныш пен үрейді жеңіп шығуға не көмектеседі?

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986

  2. Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.

  3. Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.

  4. Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.


Тәжірибелік сабақ.
1 Тақырып: Әскери психология пәні.

Тәжірибе мақсаты: Әскери психология пәні туралы түсіндіру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Әскери психология.

  2. Ұжым психологиясы.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986

  2. Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.

  3. Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.

  4. Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.

2 Тақырып: Әскери психология міндеттері

Тәжірибе мақсаты: Әскери психология міндеттерін түсіндіру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Әскери психология міндеттері.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986

  2. Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.

  3. Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.

  4. Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.

3 Тақырып: Әскери психология әдістері

Тәжірибе мақсаты: Әскери психология әдістері туралы түсіндіру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Әскери психология әдістері.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986

  2. Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.

  3. Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.

  4. Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.

4 Тақырып: Әскери психологияның методологиялық негіздері.

Тәжірибе мақсаты: Әскери психологияның методологиялық негіздері туралы түсіндіру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Ғылым методологиясы.

  2. Әскери психиканың методологиялық негізі философиялық, экономикалық, әлеуметтік саяси білімнің бірлігі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986

  2. Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.

  3. Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.

  4. Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.

5 Тақырып: Әскери психологияның әскери-теориялық негіздері.

Тәжірибе мақсаты: Әскери психологияның әскери-теориялық негіздері туралы түсіндіру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Әскери психологияның әскери-теориялық негіздері.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986

  2. Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.

  3. Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.

  4. Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.

6 Тақырып: Әскери психологияның табиғи-ғылымдық негіздері.

Тәжірибе мақсаты: Әскери психологияның табиғи-ғылымдық негіздері туралы түсіндіру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Әскери психологияның табиғи-ғылымдық негіздері.

  2. Адамның жүйке жүйесінің құрылымы.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986

  2. Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.

  3. Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.

  4. Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.

7 Тақырып: Сарбаздың психикалық танымдық процестерінің ерекшелігі.

Тәжірибе мақсаты: Сарбаздың психикалық танымдық процестерінің ерекшелігі туралы түснідіру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Сарбаздың психикалық танымдық процестерінің ерекшелігі.

  2. Әскери қызмет жағдайындағы адамның сезімдері.

  3. Жауынгердің ерік –жігері мен жігерлі қасиеттері.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986

  2. Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.

  3. Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.

  4. Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.

8 Тақырып: Жауынгердің жеке басының бағыты.

Тәжірибе мақсаты: Жауынгердің жеке басының бағыты туралы түсіндіру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Адам өмірі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986

  2. Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.

  3. Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.

  4. Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.

9 Тақырып: Жауынгердің темпераменті

Тәжірибе мақсаты: Жауынгердің темпераменттері туралы түсіндіру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Сангвиникалық темперамент

  2. Холерикалық темперамент

  3. Флегматикалық темперамент

  4. Меланхоликтік темперамент

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986

  2. Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.

  3. Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.

  4. Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.

10 Тақырып: Сарбаздың мінезі.

Тәжірибе мақсаты: Сарбаздың мінезі туралы түсіндіру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Мінез.

  2. Саналы мінез.

  3. Адамдармен қарым-қатынас.

  4. Өз-өзіне деген көзқарас.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986

  2. Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.

  3. Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.

  4. Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.

11 Тақырып: Сарбаздың қабілеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет