Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
-
Адамда қандай ұлы сезімдер болады?
-
Ерік –жігер актісінің негізгі кезеңдері қандай?
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986
-
Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.
-
Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.
-
Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.
№8 Тақырып: Жауынгердің жеке басының бағыты.
Сабақ мақсаты: Жауынгердің жеке басының бағыты туралы түсіндіру.
Қарастырылатын сұрақтар:
-
Адам өмірі.
Дәріс.
Адам өмірі – бұл қызмет, еңбек. Қызмет әртүрлі болуы мүмкін және әртүрлі жағдайда іске асады. Бірақ барлық жерде ол адамның саналы түрде мақсат қойып, оған қол жеткізуге күш салатынымен сипатталады. Ол мақсаттар сол адам үшін маңызды болуы және маңызы болмауы да мүмкін. Олардың жеке немесе қоғамдық маңызы болуы мүмкін.
Адамның алдында тұрған мақсаттар жүйесі, өзінің іс– әрекетімен ұмтылатын мақсаттары оның беталысын бейнелейді. Адамның беталаысын біліп, оның жеке әрекеттерін және бүтіндей өмір жолын болжауға болады.
Мектепте БӘД сабағын оқытуда болашақ жауынгердің алдағы уақытта борышын өтеуде жігерлі мінез–құлық қалыптастыратындай бағытта тәрбиелеу маңызды.
Тәрбиеленушінің бағытын түсіну үшін, оның алдына қойған мақсаттар жүйесін ұғыну керек. Адам алдына мақсатты бекерден–бекер қоймайды. Мақсатты таңдау және көздеу – заңды себептен үрдіс және бұл заңдылықты ескеру керек. Адам алдына мақсат қоярда оған белгілі ішкі күштер әсер етеді. Ол ішкі күштер қажеттілік болып табылады. Қажеттілік –белсенділікке шақыратын, адамның бір нәрсені қажетсінуі. Адамның қажеттіліктері тамақ, баспана, киім және т.б. қажетсінуден көрінеді.
Егер бұл қажеттіліктерді қанағаттандырмаса, адам өмір сүре алмайды.
Осы қажеттіліктерді жартылай қанағаттандырса немесе уақытында қанағаттандырып отырмаса, ол адамның көңіл күйіне және жұмысқа деген ынтасына әсер етеді.
Сондықтан, мысал үшін командир өзінің қол астындағыларының қарны тоқ болуын, уақытында дем алуын, әскери киімнің уақытында ауыстырылуын қадағалау керек. Сонымен қатар, жауынгерлерді соғыс уақытында барлық қажеттіліктерді қанағаттандыратын жағдайдың болмайтындығына да үйрету керек. Осыларға психологиялық тұрғыдан дайындалған жауынгер шаршау, ұйқының бұзылуы, тоңу, уақытында тамақтанбау сияқты қиындықтарды анағұрлым табандылықпен жеңе алады.
Адамның саналы қызметкер, оқушы–жауынгер ретіндегі әрекеті оның рухани қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына байланысты. Рухани қажеттіліктер – ол адамның қоршаған әлемді тану, қоғамдық маңызы бар еңбекті, адамдармен тілдесу, олардың мәдени қажеттіліктерді қолдау, мойындау және мейірімділікті қажетсінуі. Егер олар жүйелі қанағаттандырылмаса, адам тек сырттай тәнімен ғана өмір сүріп, ішкі адамдық болмысын жоғаклтады.
Әдетте адам әрекетінде әртүрлі рухани және материалдық қажеттіліктердің нақты біреуінің үйлесуі өте қиын. Туындаған қажеттілік мотивті бейнелейді. Мотивтер әртүрлі формада көрінуі мүмкін.
Адамның өз қажеттіліктерін сезінбей, бірақ олар туғызған импульстарға сәйкес әрекет етуі құштарлықты білдіреді. Құштарлықтың себебінен әрекет етуі көп жағдайда өкіндіретін жағдайға әкеліп соғады. Ол адамның өз қажеттілігінің негізін сезінбей, оны дәлсіздік формасында қанағаттандыратынымен түсіндіріледі. Мысалы, бір жас жігіттің өз жолдастарының құрметіне ие болу рухани қажеттілігі туды делік. Бірақ ол өз қажеттілігін сезінбесе, онда оны теріс жолмен қанағаттандыруы да мүмкін: жолдастары оны өз бетімен әрекет ету деп ойлайды деген оймен ол үлкен кісілерге сөз қатады. Сондықтан, мотивацияның мұндай түрін мақсатты түрде шектеу керек.
Адамның өз қажеттілігін сезініп, бірақ олар орындаушылық әрекет туғызбаса, ол –тілек. Бұл жеткіліксіз мотив. Ол адамның қол жеткізуі күмәнді, мақсаттарға бағытталған.
Қалау сияқты форманы да ерекшелейді. Тілекке қарағанда, қалау – әрекетке итермелейтін белсенді мотив. Құштарлық, тілек және қалау –бұлар материалды қажеттіліктермен байланысты, жай мотивтер.
Адамның рухани қажеттіліктеріне көбінесе одан гөрі күрделі мотивтер сәйкес.
Оның танымдық қасиеттері қызығушылығынан байқалады. Қызығушылық–бұл адамның оңтайлы эмоционалды әрекетімен байланысты белгілі бір заттарға, әрекетіне бағытталған артықшылығы. Жауынгердің белгіленген қызығушылықтарының болуы оның қызметінің, қабілеттерінің өсуінің, жақсы оқуының оңтайлы алғышарты. Әскер қатарына шақырыларда бозбалалардың борышын өтеуге, әскери техникаға деген қызығушылығын арттыру керек.
Бейімділік белгілі бір әрекетке итермелейтін күшті мотив болып табылады. Ерекше бейімділігі бар адам әрқашан үлкен жетістіктерге қол жеткізеді. Болашақ жауынгерлердің әскери техникаға, қаруға бейімділігін дамыту–олардың оқудағы және борышын өтеуінің маңызды алғышарты.
Арман адамның жеке талпыныстарының негізгі бағытын бейнелейді және оның басты қажеттіліктеріне әрқашан сәйкес келеді. Арман –әрекет етуге итермелеушіліктің ең күштісі. Әдетте, батыл әрекетке баратындар биік арманға ұмтылатын жауынгерлер.
Дүниетаным адамның қоршаған ортаға деген көзқарастар жүйесін құрайды. Бұл көзқарастар адамның жеке қажеттіліктеріне сәйкес келеді және қоғамның мүдделерімен сәйкес келмесе, онда олар осал, әрекетке әсер етуші күш бола алмайды, керісінше, адамның жеке қажеттіліктері мен қоғамның мүдделерін, сенімге деген көзқарасты шектеп, олардың жүйесін жеке дүниетанымға, әрекетке итермелейтін ең күшті және тұрақты мотивке айналдырады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
-
Жауынгердің жеке басының бағыты дегеніміз не?
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986
-
Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.
-
Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.
-
Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.
№9 Тақырып: Жауынгердің темпераменті
Сабақ мақсаты: Жауынгердің темпераменттері туралы түсіндіру.
Қарастырылатын сұрақтар:
-
Сангвиникалық темперамент
-
Холерикалық темперамент
-
Флегматикалық темперамент
-
Меланхоликтік темперамент
Дәріс.
Темперамент деп адамның психикалық үрдісі мен әрекетінің динамикасын айқындайтын қасиет. Сырттай адамның күш, жылдамдық, қимылының ырғағы мен шапшаңдығынан, оның сөйлеуінен, жүрісінен, ым–ишарасынан, қылықтарынан т.б. көрінеді. Осы белгілерден адамның белгілі бір психикалық қасиеттерін, психикалық үрдістерінің ерекшелігін байқауға болады. Психикалық үрдіс динамикасының ерекшелігі адамның жүйке жүйесінен, оның жұмысының дербестігіне байланысты.
Адамның жүйке жұмысы басты екі жүйке үрдісінің қатынасымен сипатталады: қозу және тежелу. Бұл үрдістер күшті, не әлсіз, байсалды не қызба, тез не баяу болуы мүмкін.
Әртүрлі адамдардың психикалық үрдістерінің жүйке жұмыстарының түрлерінен тәуелділігі олардың, әрекетімен темпераментін ескертеді. Темперамент –бұл белгілі бір адамның өмір жағдайы мен ісінің ерекшеліктеріне байланысты психикалық қасиет.
Сангвиникалық темперамент. Сангвиникте жүйкелік –психикалық үрдістер жетерліктей күшті, олар бірін–бірі жылдам алмастыра алады. Сырттай қозғалмалы сонымен қатар ым–ишарасы айқын білінетін ұстамды адам.
Холерикалық темперамент. Темпераменттің бұл типінің иелері бірін – бірі тез алмастыратын бүкіл жүйке – психикалық үрдістерінің зор интенсивтілігімен ерекшеленеді. Холерик қызба болып келеді. Онда қызбалық үрдістері байқалады, сондықтан оларға өзін–өзі ұстау қиынға соғады.
Флегматикалық темперамент. Флегматик өзінің жүйке – пситхикалық үрдістерінің күштілігімен ерекшеленеді, бірақ аз қозғалады. Бұл әрекетінің баяулығынан білінеді. Әдетте олар салмақты және бұл күйден шыға қоймайды.
Меланхоликтік темперамент. Меланхоликтің жүйке –психикалық үрдістері аса білінбейді, тежеулі реакциялар байқалады. Меланхолик ішіне терең бойлайды, тұйық, көп қозғалмайды, іс–әрекеттері сенімсіз. Көбінесе, күмәншіл, қарым – қатынасқа көп түспейді. Шешім қабылдауда көп толғанады, қабылдағаннан кейін оның дұрыстығына күмәнданады.
Сонымен, темперамент жеке тұлғаның маңызды қасиетін құрайды, бірақ ол айқындауыш қасиет болып табылмайды. Темперамент –жеке тұлғаның маңызды қасиеті – мінездің динамикалық алғышарты.
Ұжымның психологиялық жағдайы құрылымында және оны ұйымшылдыққа тәрбиелеу ісінде дәстүрлер маңызды орын алады. Әрбір сарбаз әскери ұжымға кіре отырып, оның игі дәстүрін жалғастырушы мұрагері болады. Дәстүрлер мазмұнына, көріну саласына қарай әртүрлі болады, бірақ олардың мобильдеуші және тәрбиелеуші ықпалы ылғи да зор. Әскери ұжымда дұрыс әлеуметтік-психологиялық жағдайды қалыптастыру үшін армия мен флоттың әскери дәстүрлерін және аталмыш бөлімшенің ішкі дәстүрлерін дұрыс үйлестіре білу қажет. Дәстүрлерді тәрбие процесінде белсенді қолдана білу жеке құрамның саналы өсуіне, оның әскери шеберлігіне, әскери тәртіптің нығаюына, ұжымның ұйымшылдығына, теріс құбылыстардың алдын алуға ықпал етеді.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас олардың бірлігінің көрсеткіші болып табылады, сондықтан да онда жеке адамдар арасындағы байланыстардың объективті, әлеуметтік жағынан негізделген сипаты бар. Күнделікті қарым-қатынаста бір жағынан адамдардың бір-біріне ықпал етуі, екіншіден осы негізде сол немесе басқа да қасиеттерді қабылдау, қалыптастыру жүзеге асырылады. Бұл тәрбие әсерін саналы түрде меңгеру сияқты еліктеу түрінде де болады. Екіншіден, өзара қарым-қатынас жеке тұлғаның ұжыммен және оның мүшелерімен байланысының күрделі жүйесін құрайды. Яғни қарым-қатынас барысында көп адамның бір кісіге ықпалы мол екені көрінеді. Үшіншіден, қарым-қатынас сипаты адамдардың, бүкіл ұжымның пікірінен, көңіл күйінен тікелей сыр беріп тұрады. Сондықтан да қарамағындағылардың, оқушылардың өзара қарым-қатынас саласы кез-келген басшының мейлі ол бөлімше командирі болсын немесе мектептегі БӘД мұғалімі болсын қырағы назарында болатын нәрсе.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
-
Темперамент дегеніміз не?
-
Ұжымның психологиясы?
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986
-
Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.
-
Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.
-
Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.
№10 Тақырып: Сарбаздың мінезі.
Сабақ мақсаты: Сарбаздың мінезі туралы түсіндіру.
Қарастырылатын сұрақтар:
-
Мінез.
-
Саналы мінез.
-
Адамдармен қарым-қатынас.
-
Өз-өзіне деген көзқарас.
Дәріс.
Мінез жеке тұлғаның мазмұнды жағы болып табылады. Онда адамның кейпі, оның барлық қылықтары мен әрекетіне таңбасын түсіретін табанды ерекшеліктері көрінеді. Адамның мінезін білу – бұл ол туралы оның тәртібін анықтайтын ең маңызды нәрселерді білу деген сөз. Сондықтан да қол астындағыларды табысты үйрету, тәрбиелеу және оларға басшылық жасау үшін командир өз адамдарының ағымдағы істерін, өмірбаяндық деректерін ғана емес, ең алдымен олардың мінезін де білуі керек.
Кез-келген адамның мінез-құлқын зерттеп – білу оны ұзақ уақыт бойына мақсатты және жүйелі қадағалауды талап етеді. Мінез-құлық ядросы оның барлық психикалық процестеріне таңба қалдыратын адамның қоршаған дүниеге қатынасын құрайды.
Қоршаған дүниеге қатынасы оның әрекетінен, мінез-қылықтарынан көрінетін және адамның дүниетанымдық көзқарасымен, қажеттілігімен анықталатын, жеке тұлғаның бағыттылығымен көрінеді.
Адамдардың қоршаған дүниеге қатынасы жөнінде саналы және санасыз мінез туралы айтуға болады.
Саналы мінез қандай да бір тұрақты көзқарасы бар және соған сәйкес әрекет ететін адамға тән. Керісінше санасыз (идеясыз) мінезді адамның тұрақты көзқарасы мен пайымдаулары мүлде болмайды немесе олар сезімге, жағдайға немесе бөтен ықпалға бағынып әрекет етеді.
Саналы мінездің маңайындағыларға қатынасынан байқалатын маңызды белгісі алдына мақсат қоя білу. Ол адамда болатын оның дүниеге деген көзқарасына шартталған, алыс-жақын мақсат жүйелерінен байқалады.
Адамның еңбек қызметіне деген қатынасы оның еңбекке деген көзқарасымен, оған қатысуымен көрінеді.
Саналы мінезі бар адамға еңбекті жинақы түрде жасайтын, оған қоғамдық мән мен моральдық құндылық ретінде қарайтын алдына қойған мақсатқа жету тән. Іскерлігі, жігері бар, бірақ жинақылық мінезі жоқ адамдарға еңбекті жинақы түрде жасайтын, оған қоғамдық мән мен моральдық құндылық ретінде қарайтын алдына қойған мақсатқа жету тән. Олар сырттай әбігер, мазасыз, өздерінде алға қойылған мақсатқа жетудің жоқтығымен немесе өзінің әрекетін ойына бағындыра алмайтындығымен ерекшеленеді.
Іскерлігі, жігері жоқ адамдар енжар келеді.
Жігерсіздік адамның ішкі терең қарсылығынан туындауы мүмкін. Әскери қызмет процесінде адалдық, бастамашылдық, жауапкершілік, табандылық, еңбексүйгіштік, ұқыптылық, байыптылық сияқты мінездің мақсатты, іскерлікті, жігерлі жақтары дамиды.
Адамның еңбекке деген іскерлік қатынасы көрінетін мінездің жалпы сипаты–белсенділік. Оның мәні – адамдағы мақсаттың оғана жетудегі жұмсалған күш-жігердің тұрақтылығында.
Жастарды белсенділікке тәрбиелеу өз жұмысының мәні мен маңызын сезіну дағдыларына және оның мақсатына үнемі көңіл бөлуге төселдіреді.
Адамдарға деген қатынас - олардың достарымен, ұжымдағы бірлескен қызметтегі қарым-қатынас барысында байқалады. Осы қағида бойынша адамдарды ашық-жарқын және тұйық мінезді деп бөледі. Өмірде ашық, жеңіл мінезді адамдар кездеседі. Олар негізінде қандай ортақтық бар екенін сезінбестен тез тіл табысады. Мұндай адамдарды әдетте, жеңілтек адам деп айтады. Олар түрлі күтпеген жағдайларға бейім, сондықтан да оларға үнемі бақылау қажет. Адамның тіл табысқыштығы адамдар мүддесіне, солармен бірдей ойлауға негізделген таңдаулы болуы мүмкін. Мұндай көпшілдік дұрыс, ол адамды принципшіл, бір ізді адам ретінде сипаттайды. Тұйық мінез адамдарға деген теріс немесе немқұрайлық қатынастарының салдары болуы мүмкін немесе іштей терең шоғырлану, не оларға деген сенімсіздік, сақтық.
Оқушыларда содан кейін сарбаздардың бойында жолдастарына деген дұрыс қарым-қатынастың қалыптасуы барысында кішіпейілділік, әділдік, мейірім, қамқорлық, адалдық, шыншылдық, ұжымшылдық және т.б. қасиеттер дамиды.
Ағымсыз жағдайларда қатыгездік, немқұрайлық, өзімшілдік, дөрекілік, сараңдық және т.б. теріс қасиеттер дамиды.
Өз-өзіне деген көзқарас.
Әрбір адам нақты түрде өз-өзіне көңіл бөледі. Бұл қатынасқа ұжымдағы, қоғамдағы жағдайды және олардың алдындағы жауапкершілікті сезіну. Өзінің мүмкіндігін, маңыздылығы мен қажеттілігін асыра бағалау өзімшіл мінезі басым адамдарға тән. Өзімшіл адам өз басының жеке мүддесін ұжым мүддесінен жоғары қояды, сондықтан да мұндай адам сенімсіз. Оған сенім артуға болмайды. Осындай мінезді адамдар әскери қызмет кезінде қасындағы адамдардармен қарым-қатынас барысында үлкен қиыншылықтарды бастан кешеді.
Әрбір мінез өзінше дербес, бірақ соған қарамастан мінез бойынша бірқатар жалпы баға беруге болады: мазмұны бойынша, күші бойынша, сол және басқа белгілердің болуы не болмауы бойынша.
Болашақ сарбаздың мінезін мазмұны бойынша бағалау адамның өзіне, басқа адамдарға, еңбекке, маңайындағыларға қарым-қатынас ерекшеліктерін көрсете отырып, жүзеге асырылады. Бұл оқушының мінезі туралы нақты, әрі дұрыс білмей тұрып, оны әскери қызметке дайындау жөніндегі тәрбиелік міндеттерді шешуге болмайтын негізгі бағалау.
Күші бойынша мінезді бағалау. Мықты деп іс-әрекеті, қылықтары білімі мен пайымдауларна сәйкес келетін мінезді адамдарды айтады.
Өзіне тән ерекшеліктері бойынша мінезді бағалау. Мінез ерекшелігіне, әдетте адамның қандай да бір нақты оқиғада оның әрекет ету мүмкіндігі туралы айтуға болатын психологиялық ерекшеліктері жатады. Ең алдымен бұл мінездің жігерлі ерекшелігі. Олар: дербестік, сабырлық, қайсарлық, мықтылық, табандылық.
Мінездің эмоционалдық ерекшеліктері – байсалдылық, қызбалық, құмарлық, әуеқойлық, әсерленгіштік, ұстамдылық.
Мінездің интелектуалдық ерекшеліктері – терең ойлау, зеректік, тапқырлық және т.б.
Мінездің аталған ерекшеліктері жеке тұлғаның қандай да бір бөлек жақтарын көрсетеді. Сонымен бірге жеке тұлғаның бүтінге жинақталған кейбір ортақ ерекшеліктері туралы да айтқан дұрыс. Сарбаздың адамгершілік бейнесі ашылатын мінездің мұндай ортақ ерекшеліктері мыналар:
- мақсаттылық, сенімділік, принципшілдік;
- патриотизм, отаншылдық;
- ел алдындағы өзінің әскери міндеті мен жауапкершілігін сезіну;
- ұжымшылдық;
- тәртіптілік;
- сақтық.
Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:
-
Саналы мінез дегеніміз не?
-
Мінездің эмоционалдық ерекшеліктері?
-
Сарбаздың адамгершілік бейнесі ашылатын мінездің ортақ ерекшеліктері?
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986
-
Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.
-
Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.
-
Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.
№11 Тақырып: Сарбаздың қабілеті.
Сабақ мақсаты: Сарбаздың қабілеті туралы түсіндіру.
Қарастырылатын сұрақтар:
-
Қабілет.
-
Қабілеттің табиғаты.
Дәріс.
Қабілет – бұл нақты қызметті жоғары өнімділікпен орындауға қажетті қасиеттердің жылдам дамуына мүмкіндік туғызуға негізделген адамның нақты, тұрақты психологиялық қасиеттері. Сәтті әрекет етуге әр адамның жеке мүмкіндігі бар. Адамның жекелеген органы қасиетінің даму мүмкіндігі туралы оның іскерлігіне қатынасынсыз айтқанда, бұл жерде сөз жеке басының қабілеті жайында. Сонымен, адамның қатты дамыған көру, есту, сезу, түйсіну қабілеттері болады. Қандай да бір нақты іс үшін жекелеген органның «мүшенің) даму қасиеттерінің аса жоғары сатыда болуының қажеттілігі жөнінде айтқанда, арнайы қабілеттерді айтамыз. Мысалы, қырағы көз снайперге қажет, өте жақсы есту – гидроакустикке, аса сақтықты сезіну – минерге қажет. Сонда да іс-әрекеттің сәттілігі үшін психиканың жағымды ерекшеліктері де маңызды, снайперге де, минерға да, гидроакустикке де бірдей қажет нәрсе ойлау реакциясының жылдамдығы, тапқырлық, ұтқырлық және т.б. ортақ қабілеттер.
Нақты бір адамға тән ортақ, арнаулы және жеке бас қабілеттерінің жиынтығы оның қандай да бір қызметке жарамдылығының басым екенін көрсететін оның дарындылығын құрайды. Қабілеттің даму сатысы әртүрлі. Қызметтің қандай да бір саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік туғызған өте жоғары дарындылық - талант деп аталады.
Қабілеттің табиғаты қандай?
Адам дүниеге келгенде ата-анасынан бірқатар болашаққа деген талап алады. Талап биологиялық жағынан негізделген анатомды-физиологиялық қабілеттер, жүйке жүйесі мен ағзаның құрылысы.
Осы талап негізінде қабілет қалыптасады. Талаптың өзі бір мағыналы емес, яғни олардан әртүрлі қабілет дамуы мүмкін. Барлығы адамның тап болған жағдайына, өмірінің әртүрлі кезеңіндегі жасаған іс-әрекетне байланысты. Іс-әрекеттің сәттілігіне алғы шарт бола отырып, қабілеттер өз кезегінде соның ықпалымен дамиды. Қандай да бір іске қызығушылығы бар адам соған сәйкес қызығушылық сияқты қабілеттерді де дамытады, қызығушылық әдетте қолынан оңай іс келетін адамдарда байқалады.
Қабілет сонымен қатар ерік-жігерге де байланысты. Ерік-жігердің болуы адамның тыңғылықты еңбек ететініне, жан-жақты жетілуіне алғы шарт болады, сөйтіп, өзінің қабілетін дамытады. Адамдардағы қабілеттің дамуының басты жолы оларды қызығушылығы мен бейімі бар белсенді шығармашылық іске қосу. Жеке тұлғаның қасиетін, ең алыдмен оның қабілетін анықтауға кәсіби-психологиялық іріктеу бағытталған. Оның мәні болашақ мамандығына сәйкес және кәсіби жарамдылығын оңтайлы анықтайтын сондай қабілеттері мен жеке психологиялық қасиеттері бар адамдарды іріктеуде.
Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:
-
Қабілеттің табиғаты қандай?
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986
-
Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.
-
Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.
-
Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.
№12 Тақырып: Ұжым – ұжымдық және жеке мүдделердің үйлесімі. Әскери ұжым және оның ерекшеліктері.
Сабақ мақсаты: Ұжым – ұжымдық және жеке мүдделердің үйлесімі, әскери ұжым және оның ерекшеліктері туралы түсіндіру.
Қарастырылатын сұрақтар:
-
Ұжым – ұжымдық және жеке мүдделердің үйлесімі.
-
Әскери ұжым және оның ерекшеліктері.
Дәріс.
Жеке адам ұжымда ғана өзінің талабын жан-жақты дамытуға мүмкіндік алады, осыдан барып, тек қана ұжымда жеке басының еріктілігі болады. Ұжым әрбір адамның күшін еселейді және еңбек процесіндегі қоғамдық байланыс жарыс туындатады және жекелеген адамдардың жеке өнімділігін ұлғайтатын өзіндік өмірлік қуаттың туындауына әкеледі. Өз кезегінде ұжымның әрбір мүшесі өзінің жолдастарына, бүтіндей алғанда ұжымға ықпал етеді. Бұл өзара ықпал ұжымдық психологиядан көрінеді.
Әскери ұжым және оның ерекшеліктері
Әскери ұжым жеке құрам өмір сүретін, сарбаздардың рухани келбеті мен шеберлігі қалыптасатын қоғамдық-идеялы, психологиялық орта. Ол басқа ұжым түрлерінен алдына қойған мақсатымен, Отанды қорғау міндеттерімен ерекшеленеді. Бөлім ұжымы егер оның барлық мүшесі өз міндеттері мен бағытын терең сезінсе ғана шын мәнінде әскери болады. Әскери қызметтің мақсаты мен міндетін түсіну болашақ сарбаздар бойында мектепте, ең алдымен бастапқы әскери дайындық сабақтарында қаланады.
Әскери ұжымның ерекшелігі алдыда тұрған міндеттерді орындау жауға қарсы қару, әскери техниканы қолдану мен әскери күш көрсетуді пайдаланумен қол жеткізуінде.
Осыған орай, шынайы әскери ұжым деп, оның барлық мүшелерінің бойында ержүректілік, табандылық, төзімділік қасиеттерін қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар техника мен қаруды шебер қолдана білудің терең дағдысын қалыптастырған ұжымды айтамыз.
Әскери ұжым оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастағы тәртіп ережелері мен спецификалық нормалар негізінде ұйымдастырылады және дамиды. Бұл нормалар мен ережелер ағымдағы қызмет талабынан ғана шығып қоймайды, сонымен қатар әскери қызмет қажеттілігінен де туындайды. Олар жалпы әскери жарғыда берілген.
Әскери ұжымжа оның барлық мүшелерінде бөлімшеге, оның туына, қарулас жолдастарына, достас армиялардың әскердің басқа түріндегі сарбаздарына, жауға деген нақты қарым-қатынас қалыптасады. Бұл қатынас әскери этика нормасын құрайды, сарбаздар оларды меңгермейінше ұжымның әскери келбеті болмайды. Егер бөлімшедегі сарбаздардың әскери антқа және дәстүрлерге адалдығы, міндеттілігі, жауға деген өшпенділігі қалыптаспаса, онда ұжым әскери тапсырмаларды орындауға дайын болмайды.
Қарулы Күштер жағдайында жеке тұлғаның ұжымға бағыну принципі әртүрлі бейімделеді: Бөлімшенің барлық мүшелері мемлекет өкілі ретінде командирге сөзсіз бағынуы керек.
Әскери психологияда әскери ұжым дегеніміз Қазақстан Республикасы Конституциясына және әскери жарғыға сәйкес әскери қызметкерлерді тәртіппен, әскери дайындықпен және әскери қабілетпен, мықты бірлікпен сипатталатын, жеке командирдің басшылығымен қару мен әскери техниканы пайдалануда орындалатын бірлескен қызмет пен әскери іс-әрекет тұрғысынан ортақ, саналы моральдық позиция негізіндегі бірлестік.
Өзін – өзі тексеруге арналған:
-
Әскери ұжымның ерекшеліктері қандай?
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986
-
Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.
-
Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.
-
Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.
№13 Тақырып: Әскери ұжымның ішкі ерекшелігі. Әскери ұжымның бірлік жолы.
Достарыңызбен бөлісу: |