ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Гендерлік психология»



бет4/4
Дата16.06.2016
өлшемі406 Kb.
#139684
1   2   3   4

Девиантты қатынастар

Әйелдер мен ерлердің өзара қатынастағы конфликті мен құқық бұзушылық жағдайлардағы қылық-әрекеттер.

Конфликті жағдайларда қылық-әрекеттің жыныстық ерекшеліктердің көрінулері:


  1. гендерлі стериотиптерінде, оның конфликке қатысушыларға әсері;

  2. әйел мен ерлерде конфликқа апаратын жақтардың болуы;

  3. конфликтерді шешу тәсілдерінде;

  4. келіссөздер кезінде әртүрлі паттерндерді қолдану, олардың түсінбеушілікке әкелуі мүмкін.

Гендерлі стериотиптер конфликке қатысушылардың қылық-әрекетіне әсер етеді. Көбінесе ерлерге үлкен агрессивтілік, ассертивтлік, бәсекелестік, доминанттылық, тән дейді, ал әйелдерге – эмоционалдылық, төиен агрессивтілік, кооперативті қылық-әрекет.

Осы стериотиптерге сәйкес конфликтерді шешуге тырысады.

Іскерлік және интимдік келссөздерде ерлер көбінесе көп сөйлейді, жиі сөзді бөледі, ал әйелдер көп сұрақ қояды және оларды жиі қайталайды. Және де вербалсыз айырмашылықтарда байқалған әйелдер ерлерге қарағанда жиі жымияды және күледі.

Кейде бір жыныста да, екі жыныс арасында да конфликтер құқық бұзушылыққа дейін барады. Отбасында әйелдер ерлерге қарағанда көп кемсітулерге т.с.с. ұшырайды. Бірақ осыған қарамастан қоғам кінәнә әйелге тағуға бейім болып тұрады. Қазіргі күнге дейін айтылатыны « әйелді зорлау мүмкін емес, егер ол өзі қаламаса», бірақта бұл ой баяғыда кері шығарылған.

Т. Амстронг және әріптестері дене зорлық-зомбылығы бар конфликтерді зерттеді, мұндай конфликтер қатты эмоционалды реакцияны бергені анықталды. Бұл конфликтер жайлы әйелдер ерлерге қарағанда жақсы естеріне сақтаған. Конфликте әрқайсысы өзінікіі рас деп есептеді. Егер де күйеуі әйелін ұрып, ол тұралы ұмытса, әйел ұсақ түйекке шейін есіне сақтайды және егер күйеуінің ұмытып қалғанын білсе, оның жан күйзелісі үдейе түседі.

Әдебиеттер мәліметі бойынша, мұндай зерттеулердің нәтижесін келесідей бөлуге болады: а) ерлердің басқаларға зорлыққа деген үлкен биімділігі; б) әйелдердің өзіне қарсы зорлық; в) жыныстық ерекшеліктердің болмауы.

Екі жыныстағыда зорлық-зомбылық жасай алады, бірақ бұл көбінесе ерлерге тән деп қабылданған, өйткені ерлер дене бітімі жағынан әйелдерден мықты болып келеді. Ерлер көбінесе біреуді өлтіреді, ал әйелдер өз-өздерін. әйелдер суицидтік жағдайларға ерлерге қарағанда биім келеді.

Екі жыныста да өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін факторлар:



  1. әкенің алкоголизмі, балаларды ұрып-соғумен жалғасатын;

  2. ананың психикасының сау болмауы;

  3. анашаны шегуі, әсіресе жасөспірімдік кезінде;

  4. балалық шақта дистрессті және жан күйзелісін бастан кешуі;

  5. депресивті эмоционалды жағдай көбінесе екі жыныста да анаша шегушелерде байқалған.

Әйелдер ерлерге қарағанда өзінің суициттік ойлары туралы жиі айтады. Ерлерде мұндай ойлар балалық шақта қатты психологиялық жарақат алғанда пайда болады.

Ерлер мен әйелдердің дивиантты қылық-әрекетінде ұқсас белгілер бар, айырмашылықтарда бар.


Әйелдер рөлдерінің дәстүрлік шектеулері.

1. Үй ошағын сақтаушы.

2. Іскер әйел.

3. Үй ішіндегі еңбек және жұмыстағы әйел.

4. Ерлер мен әйелдердің жұмыс ақыларындығы айырмашылықтар.

5. Ұйымдарда әйелдің төмен статусы және оларда биліктің болмауы.


Бізде әйел орны –ошақ басында даген ой қалыптасқан, бірақ әйелдердің 40% ғана үйде отырады (бұл санға зейнеткерлік жастағы әйелдер кіреді). АҚШ-та көптеген жанұяларда күйеулері жұмыс істейді ал әйелдері екібала немесе одан көп балаларды тәрбиелейді, олардың барлығы 7% -ті құрайды. Бірақта бір қарағанда күнделікті жұмысқа барып келгеннен ,жақсы сияқты үйдегі әйел адам аз жұмыс істейді деген ойымыз қате .Шынында да әйел үй жұмысына аптасына 48-70 сағат кетіреді. Сонымен қатар еңбек ақылы жұмыс тек қана экономикалық және әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандырмайды, ол сонымен қатар құрметтеу, сыйлауды , статуста және стимулды қанағаттандырады..

Үйде отырған адамда ,бұл қажеттілікті қанағаттандыру қиынға түседі.1963жылы Бетти Фридан”Әйелдің ерекше қабілеті” деген кітабы шықты.Фридан <<әйелдің ерекше қабілеті >> сөзтіркесінде қолданған америкадағы әйелдер туралы жалпы жағымды ерекшеліктерін көрсеткісі келген. Фридан ,бұның қиындығы көптеген әйелдер қанағаттанбаушылықты сезінеді және одан ұялады. Фридан өз “ Үй ошағын сақтаушы”интервьюында ол көптеген әйелдерде әйел және ана ролі олардың арманы болған мен олар өздерін ққанағаттанбаушылықты сезінеді. Негізінде проблема олардың басқалардың керектерін қамтамасыз етеді , олар өздерін көп ойламайды.Басқа проблема <<Үй ошағын сақтаушы >> рөлімен байланысты.Фриданның айтуынша үйдегі әйелдер өз өміріндегі адамның маңыздысәттерде шетте қалып қояды сондықтан олар өздерін толық сезіне алмайды.<<Махаббат, балалар, және үй бұл жақсы ал бұл бүкіл әлем емес>>. Фриданның кітабы 30 жыл бұрын жарықа шыққан, бірақ осы күнге дейін “әйел қабілетінің ерекшелігі’’проблемасын қарастырып келген. Мысалы:Кросби былай деп айтқан «көптеген жас ерлермен әйелдер бірінші балаларының дүниеге келуін қуанышпен тосады, өз қиялдарында идилликалық уақытты елестеді. Көбінесе сіздерді солай ойлайсыздар ал сіздер ұйқысыз түндерді, сасық баланың жайлықтары, олардың бітпес ауруларын көз алдынызға елестете аласыз ба?».

Таврис және Оффер көп әйелдердің үй әйелі роліне арнайы термині –үй әйелі синдромын үсынған болатын. Барлық жұмыс еш уақыт аяқталмайды, және қызықсыз адамды жалықтырып жбереді.Ал баланы ойласан бұл өмірдегі ең азал болып табылады.Шындығында өмірде оларды тамақтандырып киіндіру, жуындыру, ал өскен кезде олар бір-бірімен ұрсысады,сізбен ұрысады, одан кейін сізді керекте қылмайды.Ферри ұй әйелдері көбінесі өздерін әлеуметік оқшалануын сезінеді. Зерттеушілердің ойынша жұмыстағы әйелдерге қараған үйдегі әйелдер депрессияға бейім.Өйткені олардың жұмысы жалықтырып жібереді күнделікті қайталанып отырады.Ал басқа зерттеушілердің айтуынша үйдегі әйелдер депрессияға бейім емес өйткені олар өз өмірлеріне қанағаттанады. Шихан айтқан жұмыс істемейтін әйелдер өз үй жұмысын қызықсыз және қоршаған ортадан оқшаланғанымен олар психалогиялық дискомфортты сезбейді,өйкені үй әйелдері көпбос уақыттарын бар , клуб және қоғамдық ұйымдарға барып сергуіне болады. Ферри көрсеткен үй жұмысында көптеген қуанышты сәттер бар олар өзі жақсы көретін адамдарына жақсы іс жасасан және жақсы жұмыс жүргізгенде көрінеді.<<Үй әйелдері>><<жұмыстағы әйелдер>> жанұяға әкелетін кірісі, олардың религиялық сенімі, себебі, үйде отыруының немесе жұмысқа бару жас және бала саны барлығы әр түрлі . Осы факторлардың барлығы жұмыста және үйдегі ролдері қанағаттану деңгейіне әсерін тигізеді.Кроуздың ойынша үй әйелінде кезінде әйел ролі туралы түсінік дәстүрлі емес болса, ал оның күйеуінде дәстүрлі түсінік қалыптасқан болса, онда ол әйелде өз роліне деген қанағаттанбаушылық пайда болады,және олар депрессияға бейім тұрады.Перри Денкинс әйелдердің үйде немесе жұмыста өз роліне қандай мағына беретінін көрсеткен. Мысалы:жұмыс істейтін әйелдің ойынша оның отбасына әкелетін кіріс оның күйеуіндікіндей бірдей боғанда онда қанағаттанушылық көрінеді.Ғылымдардың айтуынша үй әйелінің роліне қарағанда жұмыс істейтін әйелдің ролі жанұяда басымдырақ. Жанұядағы билік теориясы бойынша қарастырсақ ерлі-зайыптылардың қайсысы экономикалық мүмкіндігі жоғары болса соның қолында үлкен билік болады.Бірнеше зерттеушілер жұмыстағы әйел ұйдегі әйелден қарағанда өз отбасында күштірек әсер етеді.Эриксен және оның серіктестіктерінің айтуынша егер күйеуінің жұмысы абыройлы болса. Онда ол өз отбасы өмірінде басты рөл атқарады.Стейл және Туретцкидің пікірінше <<отбасындағы жыныс тенсіздігі, отбасындағы талаптарының тең болмауына әкеледі>>.Үй ошағын сақтаушы ,әйел адам-телеэкрандағыдай идиллиялды емес, бұндай ролді шынайы өмірде ойнатын адам біздің құрметімізге ие болуы тиіс

Үйдегі еңбек және іскер әйел

Қазіргі күндегі әйелдің дәстүрлі ролі, оның жұмыс істеп жүріп, үйдегі тіршіліктің жүгін өз мойныңа артуы, балалрды бағу және олар үшін жауаптылық. Үйден тыс жұмысты тындырып келіп, әйел үйдегі екінші жұмысына кіріседі, яғни екі жұмысты істеп жүріп демалуға деген уақыты қысқарады. Үйде ер адамның әйелге көмектескенмен басым көпшілік жұмысты әйелдің өзі атқарады. Бұл жағдай әйелді стресске ұшыратады деген пікірде бар, бірақ зерттеулер бойынша жұмыс істеп жүрген әйелге қарағанда, үйде отырып, үй шаруасымен айналысқан әйелдер стресске жиі ұшыраған.



Ерлер мен әйелдердің еңбек ақы алудағы айырмашылықтар

Тегі европалық американ ерлер мен әйелдердің бір жыл бойғы алған жалақылылары салыстырылды, әйелдер ерлердің жалақысының 68% ғана алған. Мұндай мысалдар өте көп. Әйелдер ерлер істейтін тура сондай жұмысты істеседе, ерлерден аз жалақы алады. Бірақ әйелдердің жалақылары өсіп келеді, сонда да ерлердікіне жетпейді.

Мұндай өзгешіліктердің себептерін қарастырайық. Оның ішіндегі көп таралған екуін айталық: біріншісі, әйелдерге аз ақша төленетіндігі, өйткені олардың өздері аз төленетін жұмыстарға орналасады, екіншісі, әйелдер құнды жұмыскер болып табылмайды, өйткені керекті тәжірибе мен квалификацияның жоқтығынан. Тағыда бір пікір әйелдер аз алады, өйткені аз алуды күтеді.

Әділдік теориясына сәйкес, егер сіз төлем ақы жағынан кемсітуді сезінсеңіз, онда сізде әділдікті орнатуға құлшынысыңыз пайда болады.

Ұйымдарда әйелдің төмен статусы және оларда биліктің болмауы

Төмен жалақыны алумен қатар олар статус жағынанда ерлерден төмен. Оған көптеген мысалдарды келтіруге болады.Соның бірі саясатта әйелдердің өте аз болуы. Мұндай жағдайларда «көрінбейтін төбе» құбылысы бар, бұл кедергіні ерлерде болмайды.

«Көрінбейтін төбе» терминін Лин Мартин ұсынған қолмен жасалған кедергілерді белгілеу үшін.

Әйелдердің неге төмен қызметтерде жұмыс істейтінін көп тараған түсіндірмелерді қарастырайық:



  1. Ұйым жұмысының адамдық қорына аз үлесін қосады. Бұл адамдық қор концепциясына негізделген.

  2. Әйел ерлер сияқты істі жақсы жүргізе алмайды. Әйелдің тиімді қызметте жоғарлау жолдары ерлермен басып алынған. Бұны былай түсіндіреді, әйелдердің басқарушылықтың кейбір қасиеттері болса да, нағыз лидер болу үшін керекеті қасиеттері жоқ. Бірақта әйелдер ерлерден кем емес басшы бола алатыны және олардың мотивацялары мықтырақ болатыны туралы дәлелдер бар. Сонымен қатар әйелдер конфликті жағдайларды жақсырырақ шешетіні жайлы мәліметтер бар.

  3. Қоғамда таралған әйелдерді қабылдау туралы стериотиптер себептер болуы мүмкін, яғни жұмысты басқарушы және лидер роліне әйелдердің келмейтіні тұралы. Кейбір зерттеулер бұл ойды дәлелдейді, лидерлерде ерлерге тән қасиеттердің болуы керек туралы. Мұндай стериотиптерге тек ерлер ғана емес, сонымен қатар әйелдер де келіседі.

  4. Ұйым ішінде ешқай жерде жазылмаған нормалар бар, ол бойынша жоғарғы қызметтерге ерлерді қойған жон деген. АҚШ –та 1991 жылы жүргізілген сұрақнама бойынша адамдар көбі бұл мәселе бойынша жауапта ойланып қалды, мұндай нормалардың бар екені туралы айтқандары да болды, олар бұл нормалармен үндемей-ақ келісіп отырды. Бұл норманы сақтамасақ, тіптім басшылардың өздері де осылай ойлайды, жұмысқа карераға кері әсер етеді.

  5. Ұйымда әйел жұмыс істеу кезінде қызметін өсіру үшін керекті тәжірибе жинамайды.көбінесе әйелдерге жұмыста ілгері жылжуға мүмкіндігі жоқ жұмыстарды береді.

  6. Әйелдерге олардың жанұяға және үйге байланысты міндеттер жұмыста жоғарлауға кедергі болады. жүргізілген зерттеулер бойынша шынында да кейбір әйелдерге бұл жағдай жұмыста жоғарлауға кедергі болады. 827 жұмыс істеп жүрген әйелдерді салыстыру кезінде, әйел-басқарушылар көбінесе басы бос әйелдер болып шықты. Әйелдер-басшы мен ерлер-басшыларды салыстырғанда, менеджерлік қызметте көбінесе үйленген ерлер және басы бос әйелдер болып шықты.

  7. Әйелдің басты міндеті – үй, жанұя, олардың қызметте ілгері жылжуда кедергі болуы мүмкін деген көпшіліктің ой-пікірі. Әйелдердің ерлерге қарағанда, статистикаға сүйенсек, жұмысты үлкен құлшыныспен істейді. Отбасының мәселесімен басы қатып, жұмысты дұрыс істей алмаған жағдайдың өзінде, үйленбеген ерлермен бірдей жұмыс істейді,

Сонымен, әйелдердің ерлерге қарағанда нашар жұмыс істейді деген пікірлерге ешқандай негіз жоқ, бұл тек стериотиптер ғана, ал олармен күрес жүргізілуде. Соның нәтижесінде салыстырмалы түрде әйелдердің статусы жоғарлауда. Оған дәлел басқару орындарда әйелдер санының өсуі.

Дәстүрлі ерлер рөлдерінің шектеулері.

Ер адам ролінің бір компоненті –сәттілік/статус нормасы. Ол ер адам құндылығы оның жалақысының мөлшерімен және жұмысындағы сәттілігімен анықталады дегенді білдіреді. Бұндай норма өзіндік актуализация процесіне, ер адамның өзіндік бағалауына және оның әкелік қасиеттерінің көрінуіне кері әсерін тигізеді. Егер ерлер сәттілік/статус нормасына сай өмір сүре алмасы, оларда компенсаторлы батылдық (мужественность) қасиеті көріне бастайды (батылдықтың шеткі және деструкциялық варианты).



Ақыл-ой қатаңдығының нормасы (норма умственной твердости) ер адам үнемі білгір, компетентті және жағдайды басқара алатын болу керек дегенді білдіреді. Осы норма жаға ақпаратты қабылдауға кедергі болуы мүмкін, үлкен қателіктердің себепшісі болып, өзара қарым-қатынас саласында мәселелер тудырады.

Физикалық қатаңдық нормасы (норма физической твердости) және оның серігі – «посылай все к черту, и вперед» нормасы ер адам физикалық күшті, батыл және қауптіліктерді айналып өтпейтін болады дегенді білдіреді. Бұндай нормалар агрессия мен тәуекелдік мінездің (стероидтарды қолдану, ішімдік пен нашақорлыққа әуес болу,дәрілік заттарға әуес болғандығына немесе дәрігерлік көмекке уақытында жүгінбегенде туындайтын физиологиялық дисфункциялар, абайсыз көлік жүргізу және жауапсыз жыныстық тәртіп) себебі болып табылады.

Эмоционалды қатаңдық нормасы (норма эмоциональной твердости) ер адамдар сезімдерін, эмоционалдық әлсіздігін көрсетпеуі керек және өз мәселелерін өздері шешуі керек дегенді көрсетеді. Ер адамдар басқа жақтан аз эмоционалдық сүйенішті алуының және жақын қатынастардың аз болуының себебі осы нормаға байланысты.

Әйелдікке қарсы нормасы (норма антиженственности) ерлерге әйелдермен байланыстырылатын әрекеттер мен жеке мінез-құлықтан қашу дегенді білдіреді. Эмоционалды қатаңдық нормасын сәйкес осы норма да эмоцияны жасыруды, армандайтын бірақ стереотипті түрде әйелдік деп саналатын (нәзіктілік, эмпатия) тәртіп моделін көрсетпеуді көздейді. Ол үйге байланысты жұмыстардың әділ бөлінуіне кедергі болады.

Ұзақ уақыт бойы ер адам батылдық туралы дәстүрлі көзқарастарға сәйкес болатын болса, психологиялық жағынан дені сау деп есептелеген. Қазіргі уақытта ерлік гендерлік рөл оның кейбір аспектілерінің дисфункционалдылығы мен қарама-қайшылығына байланысты үрей мен стресс көзі болады деген көзқарас туындайды.

Зерттеулер көрсетеді: біздің заманымызда дәстүрлі ер адам ролі әлсіз қабылданады. Алайда ерте кездегі әлеуметтену (социализация), қоршаған адамдар дәстүрлі ролді жақтайтын сияқты болып көрінгенуі және әлеуметтік мекемелердің тәртіптің жаңа тәсілдерін жақтамауы –бұлардың барлығы ер адам роліндегі фундаменталды өзгерістерді тежейді. Клиникалық психология мен психиатрия да дәстүрлі ер адам ролінің жан саулығына кері әсерін тигізетіндігін қабылдауға тырыспайды.
Гендерлік рөлдердің өзгеруі.

Когнитивті категориялар (схема деп те аталады) бізге өңдеуге қажетті ақпарат көлемін азайта алады. Біздің схемалармен сәйкес келетін ақпарат жеңіл қабылданады, жинақталады және бейнеленеді.

Гендерлік стереотиптер схемалар қызметін атқарады, соларға байланысты біз гендерге байланысты өзіміздің тұрақты сенімділігімізді растайтын мысалдарды жоғары мүмкіндікпен байқаймыз және есімізде сақтаймыз. Гендерлік схемалар үнемі «қосылған жағдайда» («во взведенном состоянии») болады және біздің қоғамда гендерлік айырмашылықтар туралы айтылатын табандылыққа байланысты ақпарат өңдеу процестерін басақруға дайын болады.

Адамдар схемаларына жат жағдайлармен кездескенде, олар жалпы стереотиптерді сақтайтын подкатегорияларды (категория асты) құрастырады немесе оларды ережеге сай келмейді деп жіктейді. Схеманы өзгерту үшін көп күш жұмсалу керек.

Біз күткен жағдайлар мен стереотиптер біздің неге сенетінімізді дәлелдейтін жағдайларды ғана байқап, қабылдауымызға әкеледі, сонда гендер мен белгілі дағдылардың, қабілеттер немесе тәртіптің арасында иллюзорлық корреляция туындайды. Адамдар көп жағдайда сирек кездесетін, бірақ жарқын мысалдарға негізделіп осынай корреляцияларды көреді.

Біздің гендерлік стереотиптер біздің басқаларға байланысты көрсететін мінез-құлығымызға әсер етеді, басқалар да біздің стереотипке сай мінез-құлық көрсете бастайды. Ол өзіндік реализацияланатын болжамдар (самореализующимися пророчествами)деп аталады.

Әлеуметтік ролдерді бөлу мен достарды таңдау сұрақтарындағы гендерлік сегрегация біздің басқа жыныстағы адамдарға бізге қарама-қайшы нәрсе сияқты қабылдауымызға ықпал етеді. Гендерлік ерекшеліктерді айқындау өз тобына жақындылық қатынаспен, ал бөгде топқа әділетсіз қатынаспен қарауға себеп болады, сөйтіп гендерлер арасында шиеленістің тууына әкеледі.

Туғаннан бастап бізге тән болып келетін ақпаратты өңдеу тенденциясы мен гендерлік ерекшеліктер айқындалатын бізідң мәдениетіміздің айырмашылықтары жартылай гендерлік категоризацияға жауап береді. Осыдан басқа, тұлғаның гендерлерді түрлі қылып көретін қызығушылығы болады, себебі оның әлеуметтік ұқсастығы (идентичность) гендерлік категориялардан бастау алады.

Топпен қатты идентификация ұқсастық сезімінің қалыптасуының қуатты көзі болып табылады, ал басқа топтардың қасиеттерін кемсіту өзіндік бағаны жоғарылатып, әлеуметтік өзгерістерге жетуге бағытталған күресті туындатады. Осы кезде топтар арасындағы шиеленістер топтық айырмашылықтарды жоғарылатумен және қуатты идентификация мен басқа топтарды кемсітумен бірге жүретін агрессияны сезінумен байланысты туындайды.

Мәдениетті универсалийлер (этика)- әлемдегі көптеген қоғамдастықтарда кездесетін салттар –гендерлік айырмашылықтардың биологиялық негізі бар деген тұжырым қалыптасқан. Алайда бұлар эволюциялық факторлармен шақырылды ма, немесе мәселелерді әлемге таралған шешу жолдарымен шақырылды ма, айту белгісіз.

Жыныстық түріне байланысты еңбекті бөлінісі гендерлік стереотиптер, ұлдар мен қыздардың дифференциалданған социализациясы, әйелдердің ерлерге қарағандағы өте төмен статусы мен төмен басқарушылық мүмкіндіктері сияқты көптеген мәдениеттерге тән.

Жыныс белгісіне байланысты еңбек бөлінісі балалық шақтан басталады. Әкелері балаларына аналары өткізетін уақытының 1/3 бөлігін ғана жұмсайды. Бар әлемде әйел адамдар үйден тыс жұмыс істесе де, үй шаруасының көп жұмысын атқарады.

Мәліметтер гендерлік стереотиптердің жалпы мәдениеттік ұқсастықтарын көрсететінін білдіреді. 25 елде өткізілген зерттеулер (әр елдің тұрғыны осы сипаттамалар бойынша жыныс арасында дифференицялауды (ажыратуды) қай дәрежеде көрсететіндігі бойынша мәдениеттік ерекшеліктер анықталса да) ерлер – іскер, ал әйелдер – үй шаруашылығын тындыратындар деп саналатынын көрсетеді. Әрбір елде әйелдерді өте әлсіз және пассивті (енжарлы) деп көрсету стереотипті болды. Діндерінде әйелдер жоғары орын алатын елдер әйелдік жағымды стереотипімен діндегі басты орынды ерлер алатын және барлық салттар ерлермен өткізілетін елдерге қарағанда ерекшеленді.

Әрбір қоғамның дәстүрлі гендерлік ролді қалай қолдайтындығына байланысты біршама мәдениетаралық ығысулар бар. Алайда әлемде гендерлі-ролдік идеология бойынша әйелдер ерлерге қарағанда эгалитарлы көзқарастарға ие болады.

Эмиктер (мәдени өзінділік -культурная специфика) гендерлік ролдердің өзгеруі кезінде өте маңызды болады. Өзгерістер топтық мәдениеттерге қарағанда жекешелік мәдениеттерде, сонымен қатар саяси және мәдени идеологиясы тепе-теңдік пен минималды әлеуметтік тапқа бөлінушілікке (расслоение) бағытталған қоғамдарда тез жылдамдықпен өтуі мүмкін. Осыдан басқа, гендерлік теңдікке бағытталған жолдың белгілі бір мәдениетке тәуелді өзінің ерекшеліктері болады, АҚШ-та өзгерістерге әкелегн факторлар басқа елдердегі өзгерістерге әкелетін фактордан ерекшеленуі мүмкін.

Біз қандай да бір мәдени салт-дәстүрдің біздікінен ерекшеленуіне байланысты оны жаман деп санауымызға болмайды. Бірақ бізге этникалық немесе гендерлік дискриминацияға байланысты мәдени әртүрлілікті бас-көзсіз құптауымызға болмайды.

Қоғамдық көзқарасқа байланысты сұраулар жағдайдың гендерлік теңдікке қарай бетбұрылғандығын көрсетеді, бірақ еңбекақысы, әйелдердің басқаруға қатысуы, үйге байланысты міндеттердің бөлінуі, БАҚ әйелдер мен ерлерді бейнелеу, т.б. бойынша осы өзгерістер бұдан да үлкен болу керектігін дәлелдейді.

Жұмыстың икемді графигі, ана-атасы үшін балаларын күту бойынша төленетін дем алыстар, өндірістегі субсидиялық сапалы балаларды күту жұмыстары, жалақыларды теңдестіру және тірек болатын әрекеттер бағдарламалары – осылардың барлығы жыныстық дискриминацияны жою және еңбек пен отбасылық өмірдің сәйкестілігін жоғарылату мақсатымен қойылатын өндірісті қайта құрылымдау әдістері ретінде ұсынылады.

Гендерлік теңдікке жету үшін сапалы және арзан түрде балаларды күту жұмыстары ұйымдастырылу керек. Көптеген зерттеулер бойынша аналары үйден тыс жұмыс істейтін балалардың интеллектуалды, әлеуметтік және эмоционалды дамуы аналары өндірісте істемейтін балаларды дамуымен бірдей болатынын көрсетеді.

Тіректік әсер көрсететін әрекеттір бағдарламасын тиімді жүзеге асыруда келесі пікірлер кедергі болады: олардың рецепиенттері қажетті түрде квалификацияланбаған, сонымен қатар әлеуметтік тіректің болмауы. Сонымен бірге ұйымдардағы әйелдер мен аз топтардың өкілдерінің саны өте төмен болады, бұл «ережеге сай емес» принципі бойынша ойлауға қарсы тұруға жетпейді. ААР тиімділігін жоғарылату әдістері: тіректік әрекеттердің мүмкін болатын салдарларын түсіндіру, тіректік әрекеттер бағдарламасы бойынша қабылданған адамдардың квалификациясына байланысты ақпаратты жұмыскерлерге ұсыну, осындай қызметкерлер мен басқалары арасындағы жеке қатынасының теңдікте болуын қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді тудыру.

Үй бойынша міндеттерді дәстүрлі түрде бөлу гендерлік теңсіздік симптомдарының бірі болып табылады, ол балаларда гендерлік-стереотипті ойлаудың және шиеленістердің қалыптасуына әкеледі. Адамдар міндеттерді әділ бөлу жүйесін жақтайды, алайда белгілі себептерге байланысты (әлеуметтік нормалар, бәсекелестік тұжырымдар, үй шаруасын атқара алмау) тұжырымдар мен іс-әрекет арасындағы сәйкессіздік сақталып келеді.

Педагогтер мен ата-аналары балалардың айналасында гендерлік бостандық бар орта жасауы тиіс, тең құқылы гендерлік-ролдік қарым-қатынас жасап, балаларының БАҚ бейнеленетін гендерлік стереотиптерді қабылдамауын қадағалау керек.

Өзгерістерге гендерлер туралы 5 жалған бөгет кедергі жасайды. Оларға келесі көзқарастар жатады: 1) гендерлік айырмашылықтар үлкен;

2) гендерлік айырмашылықтар фундаменталды биологиялық айырмашылықтар болып табылады;

3) биологиялық ролдер ерлер мен әйелдердің түрлі ролдерді жақсы орындауға бейімделуіне жағдай жасайды;

4) гендерлер бір-бірінен ажыратылған, бірақ олар тең;

5) дәстүрлі гендерлік ролдер қоғам сұраныстарын толық қанағаттандырады.



  1. Практикалық және лабораториялық сабақтар

Гендерлік психология тарихы.

Жыныстардың жекелей ерекшеліктері.

Гендерлік демография

Психомоторика

Психомоториканы зерттеу әдістері.

Психомоториканы зерттеу әдістері.

Түйсіну мен қабылдау

Түйсіну мен қабылдау. Оларды зерттеу әдістері.

Интеллектуалдық, сөздік сипаттамалар.

Эмоционалдық сипаттамалар.

Әлеуметтік нормалар мен гендерлік айырмашылықтар.

Дифференциалды әлеуметтену.

Әлеуметтік мінез-құлықтарды зерттеу әдістемелері.

Дәстүрлі әйелдер рөлдерінің шектеулері.

Конфликт жағдайындағы гендерлік шарттар.

Гендерлік рөлдердің өзгеруі.



4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.


Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.



7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

    • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

    • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

    • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

    • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

    • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

    • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

    • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.


4.2. СӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары

СӨЖО

СӨЖ

Аудиториялық

Аудиториядан тыс




2

3

4

Текстпен жұмыс. Гендер-әлеуметтік құрылым немесе биологиялық императив.

«Кілттті сөз» технологиясы пайдаланылған статья текстіне талдау. Статья текстінің кем дегенде үш сұрағына талдау жасау.

Сұрақтарды тексеру. Жұппен жұмыс: сұраққа жазбаша жауап. Жекелей сұхбаттасу.

Диагностикалық анкетаны өткізу.

Ұсынылған анкета бойынша эмпирикалық ақпарат жиынтығы.

Ванкетанаң жүргізілуін тексеру. Студенттердің зерттеу қабілетін талдау.

Текстермен жұмыс. Ребров Н.П. Жеке тұлғаның биологиялық және психологиялық мінезіндегі өзара байланысындағы гендерлік аспект. Е.В. Иоффе. Әлеуметтік интеллект мінезіндегі гендерлік айырмашылық.

Статья текстерін талдау. Ұсынылған материал бойынша семинар-тренинг бағдарламасын құру.

Бақылау сұрақтары. Семинар-тренингті өңдеуде және жоспарлауда жекелей және топтық сұхбат.

Гендерлік стереотипті жеке тұлғалық семантикалық дифференциал әдісімен зерттеу.

Зерттеу жүргізу. Нәтижені безерлендіру.

Психологиялық қорытындыны тексеру.

Гендерлік семинар-тренинг.

Семинар-тренинг конспектісінің өңдеуі. Конспектіні безерлендіру.

Семинар-тренинг конспектісін тексеру. Жекелей презентация.

«Жанұяның дәстүрлі-патриархаттық және қазіргі эголитарлы типтері» таблицасымен жұмыс.

Таблица мазмұнын талдау. Таблица сұрақтарына жазбаша жауап.

Топтық талқылау. Салыстырмалы талдау.

Жеткіншектерге арналған семинар-тренинг конспектісін өңдеу.

Жеткіншектік топта семинар-тренинг жүргізу



Семинар-тренинг жоспары мен мазмұнын, бағдарламаларын нақтылау. Жүргізілу графигін құру.
Тренингті жүргізу бойынша қосымша мәлімет жиынтығы. Тренингтің өткізілуінің тиімді технологиялық жиынтығы. Кәсіпкерлік өзіндік бағалау және өзіндік талдау.



Семинар-тренингтің бағдарламаларын бекіту.

Семинар-тренингтің жүргізілуі. Жүргізілуін талдау.



«Сексуалды тәжірибе» сауалнамасы.

Сауалнама сұрағына үй жағдайында жауап беру.

Студенттермен бірге жүргізілген талқылауға қатысуы.

Гендерлік экспертиза.

Гендерлік экспертизаның оқулықтарын, журнал, әдеби шығармаларымен, газет статьяларымен жүргізілуі.

Алынған нәтиже презентациясы. Талдау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет