ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Геоморфология» 5В011600 – «География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет8/8
Дата11.06.2016
өлшемі0.97 Mb.
#128152
1   2   3   4   5   6   7   8

Қажетті деректер:

Соть өзенінің орташа ағысы бассейінінің топографиялық картасы,

масштабы: 1:50 000.
Жұмыстың орындалу тәртібі


  1. Жер бедерінің жалпы сипаттамасын беру (таулы немесе жазықтық, гидрографиялық тармақтың бөліну ерекшеліктері).

  2. Максималды және минималды абсолюттік биіктіктерді анықтау, олардың географиялық орналасу жағдайын көрсету.

  3. Биіктік тербелісінің ауытқуын анықтау.

  4. Соть, Вороновка, Андога өзендерінің оң және сол жағаларының бірнеше жерлерінде беткейлер құламалылығын анықтау.

  5. Тихая және Нера өзендерінің арасындағы су айрығының морфометриялық көрсеткішінің абсолютті және салыстырмалы биіктерін, биіктік тербелісінің ауытқуын, жер бетінің жалпы иілу бағытын, су айрығының енін, беткейлер құламалылығын анықтау.

  6. Аймақты негізгі морфометриялық көрсеткіштерге: көп кездесетін абсолюттік және салыстырмалы биіктіктердің беткейлер құламалылығының сипатына байланысты аудандастыру (бөлу).

Алынған морфографиялық және морфометриялық көрсеткіштерге талдау жасау негізінде бөлінген ауданның қысқаша сипаттамасын беру және аймақты шаруашылықта игеру ерекшеліетеріне жер бедерінің әсерін көрсету қажет.

2 зертханалық жұмыс



ТАҚЫРЫБЫ Жер бедерінің құрылымдық негізі

МАҚСАТЫ : Жер бедерінің әр түрлі түрлері мен пішіндерінің тектоникалық құрылыспен байланысын анықтау.

Қажетті деректер:

Қазақ ССР-інің атласы, І-ші том, Қазақстанның гипсометриялық, тектоникалық және геоморфологиялық карталары, Масштабы: 1:5 000 000.



Жұмыстың орындалу тәртібі

1. Гипсометриялық картадан Қазақстанның жер бедерінің негізгі түрлерін анықтау: еңістік, жазықтық, биік жазықтық, төбелер, таулар, тау арасындағы ойпаттар; калькаға осы жер бедері пішіндерінің схемасын, метеориттік кратерлерді түсіру.

2. Тектоникалық картадан Қазақстан жеріндегі негізгі тектоникалық құрылымды анықтау: плиталар, щиттар, ойпаттар, ойпаң антиклинорилер, синклинорилер, тау арасындағы ойпаттар,; жасалған схеманы тектоникалық картамен салыстыру.

3. Жер бедерінің негізгі түрлерін жеке тектоникалық құрылыммен салыстыра анықтау; қай құрылымға жер бедерінің қандай түрі сай келеді? Неліктен?

4. Анықталған арақатынастың негізінде Қазақстан жеріндегі тура және айнымалы морфоқұрылымды анықтап шығару.
Алыған мәліметтерді кестеге түсіріп, қорытынды жасау.


Жер бедерінің пішіні

Тектоникалық құрылымы

Морфоқұрылым; тура немесе айнымалы

Каспий маңы ойпаты

Каспий маңы синеклизасы

Тура

3 зертханалық жұмыс



ТАҚЫРЫБЫ ЖЕР БЕДЕРІНІҢ ФЛЮВИАЛДЫ ПІШІНДЕРІ

МАҚСАТЫ : 1:50 000 және 1: 25 000 масштабындағы су торабына жер бедерінің флювиалды пішіні және беткейлік процестерге сипаттама беру.

Қажетті деректер:

Соть өзені және Черное көлі орташа ағысы бассейінінің топографияық картасы.



Жұмыстың орындалу тәртібі

  1. Өзенге морфографиялық және морфометриялық сипатама беру: өзеді атау, оның салалары, арнаның бағыты, ені тереңдігі, арнаның сипаты; Соть, Андога, Тихая және Сахмара өзен арналарына салыстырмалы сипаттама беру.

  2. Соть, Андога және Сахмара өзен аңғарларының морфологиясы: түбі бойынша ені, байырғы беткейлердің жиек аралық ені, тереңдігі, оң және сол беткейлердің салыстырмалы сипаттама беру(құламасы, биіктігі).

  3. Көлдердің морфологиясы және морфометриясы, олардың түрлері: көлднрдің орналасуы, пландағы формасы, ауданы, тереңдігі; Черное, Щучье, Холодное көлдері шұңқырлаының генетикалық түрлері.

  4. Беткейлік процестердің сипаттамасы: беткейлі процестер түрлерін анықтау, пайда болу жағдайлары, әр түрлі жер бедері пішіндері бойындағы интенсивтілігі, қолайсыз беткейлі процестермен күрес жүргізуге қажетті шаралар (жыра эрозиясы, жылжымалар).

  5. Геоморфологиялық құрылымын ескерудегі территорияны шаруашылықта қолдану ерекшеліетері.

4 зертханалық жұмыс



ТАҚЫРЫБЫ Геоморфологиялық қима

МАҚСАТЫ : Геоморфологиялық қима тұрғызу.

Жұмыстың орындалу тәртібі

  1. Қима сызығын тандау. Қима Андога, Соть, Вороновка өзенднрінің аңғарларын басып өтуі керек. (69-шы сызық бойынша)

  2. Масштабтарды анықтау: Көлденен масштаб картаның масштабына сәйкес келеді, ал тік масштаб одан ірірек болады. Оның Көлденен масштабқа қатынасы сызықтар үшін 1:5,1:10 және одан да үлкен болуы мүмкін. Жер бедері элементтерінің өзен аңғарларында айқын көрсетілуі үшін тік масштаб берілген жағдайда 1:2000 етіп алынады.

  3. Қима миллиметрлік қағазға тұрғызылады. Ол үшін қағазға перпендикулярлық тік және көлденең сызықтар жүргізіледі. Көлденең сызық картадағы қима сызығының ұзындығына келіп, оған горизонталдар арасындағы арақашықтар түсірілуі керек. Тік сызықтың биіктігі масштабтағы қима сызығы бойынша жүргізілген биіктіктердің амплитудалық тербелісіне сәйкес келу керек.Оған биіктіктер белгіленеді. Белгілеу- 0-ден емес, қима сызығы бойынша ең аз биіктіктен басталады, берілген жағдайда 100 м-ден басталып, сосын 120,140,160, 240 м. Масштабпен байланыса отырып түсірілген нүктелер, толқынды сызықтармен, жер бедерінің шын мәніндегі көрінісіне сүйене отырып қосылады.

  4. Қима сызығынан төмен шартты белгілермен қима сызығы бойындағы жер бедерін құрайтын литологиялық шөгінділердің ерекшеліетері түсіріледі. Олардың шартты белгілері қима астында немесе жанына тік бұрыштар түрінде , әр түрлі жынысқа сәйкес бөлінеді. Ең жас жыныстар үстіңгі қабатқа, ал көне жыныстар астыңғы қабатқа орналасады.

  5. Қима сызығының үстіне қима сызығымен қиысқан жер бедерінің барлық элементтері арна, жайылма террасалары, түпкі беткейлер т.б. мен пішіндерінің аты жазылады. Жазулар қима сызығына перпендикуляр орналасады.

  6. Жұмысты көркемдеу; жоғары жағына «А-Б сызығы бойынша жүргізілген геоморфологиялық қима» деп жазып, оның астына көлденең және тік масштабы көрсетіледі. Оң жақ төменгі бұрышқа қиманы тұрғызған студенттің аты-жөні, курсы, мамандығы жазылады.

  7. Қима сызығы бойынша территорияның геологиялық-геоморфологиялық құрылысына сипаттама беріледі.

5 зертханалық жұмыс



ТАҚЫРЫБЫ Геоморфологиялық картаға түсіру

МАҚСАТЫ : Геоморфологиялық картаның шартты белгілерін құру.

Қажетті деректер: Жер бедерінің жіктелу схемалары, жазықтық және таулы аймақтардың геоморфологиялық карталарының шартты белгілірінің үлгілері.

Жұмыстың орындалу тәртібі

  1. Жер бедерінің жіктелу схемасын таңдау. Жер бедері морфологиясына, жаратылысына, тегіне, жасына байланысты әр түрлі болып келеді.

Геоморфологиялық легендасын құрғанда И.С.Щукиннің, К.К.М.арковтың, З.А.Своричевскаяның, Спиридоновтың, И.П.Г.ерасимовтың топтастыруын қолданады.

  1. Соть өзенінің орташа ағысының масштабы 1:50 000 картасын құру үшін геоморфологиялық легендасын дайындау. Осы аймақтың негізгі жер бедерінің жаратылыс тегін , түрлерін, пішіндерін және элементтерін белгілеу.

6 зертханалық жұмыс



ТАҚЫРЫБЫ Геоморфологиялық легенда

МАҚСАТЫ : Геоморфологиялық картаның легендасын құру.
Жер бедерінің әр генетикалық түріне легендада өзіне тұрақты түсі сәйкес келу керек; аллювиалды- жасыл, көлкөк, денудация- қоңыр бояулар, ал жеке жер бедерінің пішіндері мен элементтері (сайлар, қазындылар, жылжымалар, террасалар, шөгінділер) белгіленген шартты белгілермен бейнеленеді. Жасалған легенданы сапалы фонымен, сызық белгілерімен және әріп индекстерімен көркемдеу керек.

Жер бедерін жіктеуде А.И.Спиридованың схемасы мысал бола алады.


Жер бедерінің негізгі генетикалық категориялары және оларды жалпы геоморфологиялық карталарда белгілеу.

Жер бедерінің генетикалық категориялары

Индекс

Картада белгілеу сапалы фон мен белгілер түсі

Эндогенді

Тектоникалық:


жер қыртысының баяу қозғалысының нәтижесінде құрылған
жарылысты қозғалыстардың нәтижесінде құрылған
Жанартаулы

Жалғанжанартаулы


Псевдо (Жалған)
Құрылымды-денудациялы Көлденең және көлденең жер беті
Иілген жер беті
Экзогенді

Гравитациялық

байланыспаған түйіртпекті материалдардың тез қозғалысының нәтижесіне құрылған (сусыма, көшкін обвальный) Ірі түйіртпекті материалдардың жалпылама жәй қозғалысының нәтижесінде құрылған
Балшықты материалдар ағысының нәтижесінде құрылған
Арналы емес (беткейлі) ағыстардың нәтижесінде құрылған, делювиалды
Кешенді- денудациялық Флювиалды лайлы тасты ағындар (селдер) нәтижесінде құрылған

уақытша су ағыстарының нәтижесінде құрылған


біркелкі су ағыстарының нәтижесінде құрылған
Карстілі және суффозивті
Тоңды
Мұзды және қарлы
Сулымұзды

мұзды-өзенді

(флювииогляциальды)

мұзды-көлді (лимногляциальды)


Эолды

Биогенді
Шығу тегі көлдің

Теңіздің шығу тегі толқынды емес процестер нәтижесінде құрылған

Толқынды емес процестер нәтижесінде құрылған

Антропогенді




Қызыл түс


Изобазалар, стратоморфоизогипсы, көтеріңкі және түсіңкі пішіндер ареалы

Сызықты белгілер


Карминді (шымқай қызыл бояу)
Сұр карминді
Көлденең штрих
Иілген штрих

Қоңыр


Қызыл-қоңыр

Қызыл - сары - қоңыр

Сұр қоңыр

Қызыл сары

Жасыл
Сарғыш (Оливковый)

Шөпті-жасыл

Ашық жасыл (малахит)
Қоңыр
Күлгін сұр
Күлгін
Сұр жасыл
Сұрлы ашық жасыл

Сұр көгілдір

Сары

Изумруд түсті


Көгілдір

Көгілдір көк

Көк

Қара түс (сызықты және масштабтан тыс белгілері)


7 зертханалық жұмыс



ТАҚЫРЫБЫ Геоморфологиялық карта

МАҚСАТЫ : Ірі масштабты геоморфологиялық картаны құру.

Қажетті деректер: масштабы 1: 50 000 топографиялық карта, алдағы өткен сабақта жасалған геоморфологиялық легендасы, ірі масштабты және ұсақ масштабты геоморфологиялық карталардың үлгілері, бұрын топокартада орындалған жер бедерін талдау мәліметтері.

Жұмыстың орындалу тәртібі.

  • География негізін дайындау. Топокартаның өлшеміне тең калькаға гидрография жүйесін, негізгі тұрғын пункттерін, жолдарды, градус жүйелерін көшіріп түсіру. Олардың барлығы біріге отырып, картаның географиялық негізін құрайды.

  • Даярланған калькаға бұрыннан жасалған геоморфологиялық легенда бойынша жер бедерінің негізгі түрлерін, пішіндерін және элементтерін белгілеу керек. Олар бір-бірінен геоморфологиялық шекаралармен - қара түсті сызықтармен бөлінеді. Бұдан басқа жер бедерінің жеке пішіндері мен элементтері шартты белгілермен белгіленеді.

  • Легендаға сәйкес бөлінген жер бедерінің жаратылыс түрлерін сапалы (түрлі-түсті) фонымен бояу қажет.

  • Геологиялық белгілермен жер бедерінің түрлері мен пішінднрінің жасын көрсету керек.

  • Картадағы рамка сыртын бейнелеу.

а) рамканың жоғары жағына картаның атын, Соть өзенінің орталық ағыс бассейінің геоморфологиялық картасы деп жазу

б) рамканың төмен немесе оң жағында геоморфологиялық легендаларын жазу

в) легенданың төмен жағында картаның масштабын жазу

г) төмен оң жағында- карта құрушының аты- жөні жазылады.



  • Зерттеген территорияның қысқаша геоморфологиялық сипаттамасын беру. Ол жүйелі түрде, төмендегі көрсеткен жоспар бойынша, қойылған сұрақтарға жауап ретінде беріледі.

а) су айрықтарының жер бедері, түрлері жер бедерінің мифологиясы, морфометриясы, геологиялық құрылымының және жасының ерекшеліктері

б) жер бедерінің жеке пішіндері: өзен аңғарлары сипаттамасын геоморфологиялық қима бойынша беру керек

в) қазіргі жер бедерін құрушы процестер (желге үгілу, жыралық эрозия, гравитация ауырлық күш беткейлік процестер, өзен эрозиясы мен үйінділік процестер, антропогендік процестері)

г) қолайсыз жер бедерін құрушы процестерді тоқтату үшін территорияларды қорғау шараларын ұсыну. Геоморфологиялық картаны ватманға сызып өткізу қажет.




  1. Студенттің өздік жұмыс сабағының жоспары (СӨЖ)

СӨЖ – ның юақылау жұмысын тапсыруға мыналар кіреді.

1. «Мәңгі тоң таралған аймақтарда рельефтің құрылу процестері» тақырыбы бойынша тезистік конспект жазу және ауызша жауап дайындау.

2. «Шөлді аймақтардың рельеф пішіндері.» тақырыбы бойынша тезистік конспект жазу және жазбаша жауап беру.

3. «Теңіз жағалаулық процестері мен рельеф пішіндері» тақырыбы бойынша реферат жазу және оны қорғау.



4. «Мұхит түбіндегі экзогендік процестер және рельеф пішіндері.» тақырыбы бойынша тезистік конспект жазу және жазбаша жауап беру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет