Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «органикалық химия іі» мамандық үшін 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет18/25
Дата09.12.2023
өлшемі2.41 Mb.
#486029
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
П?нні? О?У-?дістемелік кешені «органикалы? химия іі» маманды? ?ш

3 ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР


Зертханалық сабақ № 1 – Кіріспе.
Сабақтың мақсаты:
Сабақ жоспары:

  1. Көмірсутекті қанқасының түрлері, ациклді, циклді және гетероциклді қосылыстар.

  2. Моноциклдер.

  3. Изомерия. Гомология.

  4. Есеп шығару

Бақылау сұрақтары:
1. Ароматты қосылыстарға қандай изомерия түрлері тән?
2. Моноциклді қосылыстардың өкілдері?
3. Ароматты көмірсутектердің классификациясын келтіріңіз


Зертханалық сабақ № 2 – Терпендер. α-пиненнің (скипидардың) қасиеттері
Сабақтың мақсаты: α-пиненнің (скипидардың) қасиеттерін зерттеу
Жұмыс барысы:
а) α-пиненнің бром суымен әрекеттесуі. Пробиркаға 0,5 мл скипидар құып тамшылатып және шайқап отырып бром суын қосады. Не байқалады? Теңдеу реакциясын жазыңыздар.
б) α-пиненнің калий перманганатының сулы ерітіндісімен тотығуы. Пробиркаға 1 мл 1-пайызды KMnO4 ерітіндісін құяды, 1 мл 5% Na2CO3 ерітіндісін құып, шайқап отырып 0,5 мл скипидар қосады. Реакциялық қоспада қандай өзгерістер жүреді? Реакция теңдеуін келтіріңіз.
в) α-пиненнің ауа оттегімен тотығу. Пробиркаға 1,5 мл 1-пайызды KI ерітіндісін, 1-2 тамшы крахмал және 0,5 мл скипидар қосады. Пробирканы шайқап, штативке орналастырады. Біртіндеп көк түс пайда болады. Реакция теңдеуін келтіріңіз.
Бақылау сұрақтары:
1. α-пиненнің формуласын келтіріңіз
2. Қандай қосылыстар α-пинен тотыққанда түзіледі
3. α-пинен бром суыммен әрекеттескенде қандай қосылыс түзіледі?


Зертханалық сабақ № 3 – Бензол синтезі
Сабақтың мақсаты: бензолды алу
Жұмыс барысы:
Ступкада 2-3 г натрий бензоатын 4-5 г натронды әкпен ұсақтады. Қоспаны құрғақ пробиркаға енгізеді де, пробирканы газөткізгіш түтігі бар тығынмен жабады. Пробирканы штативке ұзынынан бекітеді; түтіктің астыңғы бөлігін мұзды сумен суытылған қабылдағыш-пробиркаға орналастырады.
Құрғақ қоспасы бар пробирканы отмойынның отымен алдымен түгелідей абайлап, кейін қаттырақ қыздырады. Қоспа аздап қараяды.
Қабылдағышта түзілген сүзбе екі қабатқа бөлінеді; үстіңгі қабат (бензол) әдетте кристаллданады. Бұл кристаллдар өткізгіш түтіктің аузын бітемеуін қадағалау керек. Сүзбенің үстіңгі қабатын бөліп алып, кальций хлоридінің бөлігімен кептіреді және айдайды; ол 70-80ºС толық айдалады. Шығым 2-2,5 г.
Реакция теңдеуін жазыңыздар.
Бақылау сұрақтары:
1. Ароматты қосылыстарға қандай химиялық реакциялар тән?
2. Қандай қосылыстар ароматтылыққа ие?
3. SE2 реакцияның механизмін түсіндіріңіз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет