Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»


) Педагогикалық технологияның рефлексиялық қызметiне



бет73/74
Дата24.05.2023
өлшемі215.38 Kb.
#474217
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

4) Педагогикалық технологияның рефлексиялық қызметiне:
- педагог пен баланың өзiндік тұлғалық өсулерiн жете түсiнулерi;
- педагогикалық әрекеттестiк нәтижесiн объективтi бағалау мүмкіндігі;
- педагогикалық үрдіске қатысушылардың өзара әрекеттестiк тәжiрибесiн саналы түсiнулерi мен меңгерулерi;
- педагог пен оқушылардың iс-әрекеттерiн өзiндiк талдау, өзiндiк бағалау;
- тұлғалық даму себептерi мен жағдайын белгiлеу жатады.
5) Педагогикалық технологияның дамытушылық қызметiне:
- бала мен педагогтың дамуына қажеттi жағдай жасауы;
- оқушы мен мұғалiмнiң өзiн-өзi дамыту құралдарын қамтамасыз етуі;
- әрбiр баланың потенциалды мүмкіндігінің дамуын қамтамасыз ету;
- педагогтың кәсіби шеберлігінің дамытуы жатады.
Білім беру тәжірибесінде педагогикалық технологиялардың атқаратын қызметтерінің аясына байланысты Г.К.Селевко олардың қолданылуының өзара тәуелді үш деңгейін атап көрсетеді:

  1. Жалпы педагогикалық(жалпыдидактикалық) деңгей: бұл деңгейдегі технология бір өңірдегі, оқу орнындағы, нақты бір оқыту сатысындағы тұтас білім беру үрдісімен сипатталады. Бұл жерде педагогикалық технология педагогикалық жүйе ретінде қарастырылады.

  2. Жеке әдістемелік (пәндік) деңгей: бұл деңгейдегі технология «жеке пәндер әдістемесі» немесе бір пән, сынып көлеміндегі оқыту мазмұнын жүзеге асырудың әдіс-тәсілдер жиынтығы ретінде қолданылады.

  3. Локальды (модульдік) деңгейдегі технология оқу-тәрбие үрдісінің жеке бөліктерінің дидактикалық немесе тәрбиелік міндеттерін (өздік жұмысты ұйымдастыру технологиясы, жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру технологиясы, білімнің меңгерілуін тексеру технологиясы, т.с.с.) шешуімен сипатталады.

Г.К.Селевко педагогикалық технологиялардың өзiндiк жiктеуiн ұсынады:

  1. Педагогикалық қарым-қатынасты iзгiлендiру мен демократияландыруға негiзделген технологиялар (ынтымақтастық технологиясы, Ш.А.Амоношвилидiң iзгiлiктi-тұлғалық технологиясы, Е.Н. Ильинаның әдебиеттi адам қалыптастыру пәнi ретiнде оқыту жүйесi, т.б.);



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет