ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені психология барлық мамандықтағы магистранттарға арналған



бет2/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#133826
1   2   3   4   5   6   7

Кәсіптік орта білім беру колледждерде,училищелерде орта білімді мамандар дайындалады.Оқу мерзімі 3-4 жыл.Кәсіптік орта колледждерде,негізгі жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған.
Кәсіптік жоғарғы білім беру орта мектепті бітірген соң жастар университеттерде,институттарда,академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында маман болып даярланады.
Жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім.Республика азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда, ғылыми кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен прфессор атақтарын алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
2 Жоғары оқу орнындағы психологиялық білім беру

Мақсаты. Магистранттарға жоғары оқу орнындағы психологиялық білім беру, оларды практикада қолдану ерекшеліктері жайлы түсініктер беру.

Дәріс жоспары

1.Жоғары оқу орнындағы психологиялық білім берудің мазмұны. Білім беру ортасының психологиясы. Ақпараттық орта психологиясы.

2.Нарықтық экономика жағдайындағы білім беру үдерісінің гносеологиялық және онтологиялық мәселелері.

3.Болашақ кәсіби іс-әрекет аймағындағы жұмысшының профессиограммасы және психограммасы.

1.

ЖОО-ның психологиялық қызмет жүйесі білім берудің барысындағы маңызды жақтардың бірі болып табылады. Қызмет әлеуметтік жағдай ме даму үрдісі бойынша өзгеріп отырады.



Қазіргі білім беру жүйесінда оқу орындарының түрлі типтері пайда болды, яғни, түрлі авторлық мектептер ашылды, олардың өз оқыту мен дамыту бағдарламалары бар. Әр бір ЖОО-ның студентінің алдына ізденіс талабын қояды: мәселеден шығуға, дағдарыс жағдайларды шешуге, мәдени шараларда, ақпарат алуда және т.б.

ЖОО-да қалыпты психологиялық қызмет жүзеге асуы үшін білікті кадрлар қажет. Олар тек білім беріп, зерттеп қана қоймайды, қажет ақпараттарды жеткізіп, кеңес берумен айналысады. Бұл іс-әрекет психологтардын дайындықты және біліктілікті талап етеді. Сондықтан ЖОО-дағы психологиялық қызметтегі психологтар студенттерлің психологиялық білімін арттырып, білімді меңгеруде сол ақпараттарды қолдануға бейімдейді, екіншіден, білім берудегі талаптарды орындап отырады. Психодиагностика мәліметтерді дұрыс қолдана алмау пайдасына қарағанда зияның көптеп тигізеді. Студенттің интеллектуалдылық деңгейін, ерекшеліктерін анықтауда қолданылыған әдістемелердің дұрыс жасалмаған, жалған қорытындысы мұғалімдердің қолына тисе тіпті күрделі мәселеге әкеп соғады.

Студенттік кезендік мотивациялардың әлеуметтік психологиялық ерекшеліктері бұл жас ерекшелігіне жас адамның білімге деген қатынастары ғана емес сонымен қатар басқа мүмкіндіктер, рөлдер, тартылыстар қалыптасады. Жас ерекшелігі бойынша студенттік шақта өзіндік сана жәе ішкі әлем өзгереді. Тұлғаның қасиеттері және процестері қайта қалыптасады, өмірді эмоцианалды еріктік ағымы өзгереді. Жасөспірім ересек кезеңге дейінгі өмір жасы (жастық шекарлары 15-16 жастан 21-25 жасқа дейін). Бұл кезеңде адам сенімсіздігін жеңіп ересектікке аяқ басады.

Жасөспірімдік кезеңде адамның өмірлік құндылықтардың таңдау мәселесі пайдп болады. Жас өспірім өзіне деген ішкі позицияны (мен кіммін, мен қандай болуым керек), басқа адамдарға қатынасын және моральды құндылықтарды қалыптастыруға ұмтылады. Осы кезеңде жақсы және жаман категориялары да саналы түрде өз орнын аықтайды. «Ар», «Намыс», «құлық», «міндет» және т.б. тұлғаны сипаттайтын категориялар жас өспірімді алаңдатады. Жас өспірім жақсылық және жамандық ұғымдарын кеңейтіп, өзінің ақыл-ойы және жан дүниесімен ғажап- мейірім, зұлымдық ұғып сезінеді. Жас өспірім өмірде өз орынын табуға тырысып интеллектуалды жағынан бұған дайын бола тұра, әлі де болсак өз жақындарынның ортасында шынайы және рухани әлемде өмірлік тәжрибесі аздық етеді. Бұған қоса осы кезеңде басқа жынысқа деген ұмтылыс оянады

Жасөспірімдік шақ басқа сезімдерді басып тұратын басқа адамдарға деген құмарлығы ояатын өмірлік кезең. Жасөспірімдік шақтағы адам өзіе өзінің досына, құрбы қызына, бүкіл адамзатқа егізделген өзінің рефлексифті жаттығуларын бағалайды. Бұл кезеңде алғашқы махаббат сезімін бастан кешеді. Әрбір адамда бұл сезім индивидуалды болады. Біреулер терең сезімді бастан кешсе, келесілер жоғары эмоцияны сезеді.

Жасөспірімдік шақтың аяғында ғана адам қорғаушы механимдерді игереді. Бұл оны сыртқы және ішкі араласудан қорғайды. Рефлексия басқанның әрекет қылығын табуға. Қарама-қарсы әрекеттерді дайындауға ыңғайлы позицияны ұстауға көмектеседі.

Осы өмір шағында адам өзінің қабілеттеріне байланысты қай еңбек саласында шынайланатының түсінеді. Адамдар ортасында өз орныны өз іс-әрекеттерін өзіндік өмірлік бейнесін жоспарлайды. Осы шақта адамның тұлғалық қасиеттері қалыптасып, оның әлеуметтік маңызды қасиеттерін игеріп, адамдармен адамгершілік қарым-қатынасқа түседі. Өз-өзіне және табиғатқа қоғамдағы әрекет қылықтық ережелерге рөлдерге қатынасы тұрақталады. Бұл кезеңнің ең маңызды өзінтанудың дамуы, яғни өзіне қатысты ұстаным пайда болады. Оның құрамына танымдық элемент (өзінің «менің» ашу), ұғым элементі (индивидуалдылығы, қасеиттері туралы көзқарастар) және бағалау – еріктік элемент (өзін сыйлау, өзін бағалау). Өмір мәні - ерте жас өспірімдік шақтың маңызды құрлымы.И.Кон пікірі бойынша өмір мәнінің мәселесі бұл кезеңге тән болашақ перспективаныт ескере отырып өзекті болып келеді. Сонымен қатар өмірлік жоспардың қалыптасуы байқалады, оның егізінде өзінің өмірін саналы жоспалау мен оның мәнін іздеу құбылысы көрініс табады. Идентификация – өзінің спецификасына ие: жас өспірім бала «ыстықта, суық та бола алады». Ол адамдармен, жануарлармен және табиғатпен қарым-қатыас жасауда байқалады. Махаббат – жоғары деңгейлі идентификация. Жек көру – жоғары деңгейлі жаттану. Адам тек жасөспірімдік шақта ғана бұндай амбивалентті күйде болады.

Адамның мотивациялық сферасын жүйелі түсінуде зерттеушілерге мотивтерді классификациялауға мүмкіндік береді. Жалпы психологияда әрекет-қылық мотивінің түрлерін белгілеу әр түрлі негізде жүзеге асырылады: іс-әрекетке араласудағы мінездемеге байланысты (түсінікті және шынайы мотивтер, А.Н.Леонтьев бойынша); уақытқа байланысты (Б.Ф.Ломов бойынша, ұзақ немес қысқа мотивация); әлеуметтік түсінікке байлаысты (П.М.Якобсон бойынша, әлеуметтік және ауытқушы); іс-әрекетке араласу фактіне байланысты (Л.И.Божович бойынша, кең әлеуметтік мотив және ауытқушы мотив); нақты бір іс-әрекетке бағытталған мотивтерге байланысты, мысалы, оқу іс-әрекеті және т.б.



Классификациялық негіз ретінде Х.Мюррей, М.Аргайл, А.Маслоу, П.М.Якобсон сынды ғалымдардың қарым-қатынастағы мінез-құлық мотивтерінің схемаларын қарастыруға болады. Оқу-танымдық іс-әрекеті кезінде студенттерді оқу мотивациясы турасында мәселе туындайды. Бұл «білім алушы – білім беруші» жүйесінде анықталады. Яғни студент тек басқару объектісі ретінде ғана емес, оліс-әрекет субъектісі болып табылады. әлеуметтік-псиологиялық зерттеулер бойынша оқу іс-әрекетінің мотивациясы біртекті емес, ол түрлі факторларға тәуелді: студенттің индивидуалды ерекшелігі, жақын референтті топтың мінездемесі, студенттік ұғымның даму деңгейі және т.б. Оқу іс-әрекетінің мотивациясын қарастыру кезінде назар салуға тұратын жәйт мотив ұғымы көздеген мақсат пен қажеттілік ұғымдарымен байланысты екендігі. Адамның тұлғасында олар әрекеттеседі және мотивциялық сфера деген атау алды. Оқу іс-әрекетінің мотивациясы мотивацияның негізіг түрі болып саналады. Нақты жағдайда ол тек оқу іс-әрекеті мен білім алуға бағытталған. Біріншіден, білім жүйесімен, білім беру орындарымен, екіншіден білім беру процесінің ұйымдастырылуымен, үшіншіден – білім алушылардың субъективтік ерекшелігімен, төртіншіден – педагогтың субъективті ерекшелігі мен білім алушыға қатынасымен, бесіншіден – оқу пәнінің спецификасымен анықталады. Оқу мотивациясы жүйелілігімен, бағыттылығымен, динамикалылығымен ерекшеленеді. Оның құрамына оқуға деген қызығушылық, оқудың мәні, оқудың мотиві, мақсаты, эмоция, қатынас және қызығушылық кіреді. Қызығушылық ұғымы оқу мотивациясының синонимі ретінде де сәйкестендіріледі. Өйткені оқу процесінде «оның оқуға деген қызығушылығы жоқ», «танымдық қызығушылықты дамыту керек» деген сөздер жиі қолданылады. Түсініктердің мұндай сәйкестігі біріншіден, мотивация тұрғысында білімге алғаш итермелейтін қызығушылық деген ұғыммен байланысты(И.Герберт). Екіншіден, қызығушылық бұл әр текті күрделі құбылыс. А.К.Маркова бойынша, қызығушылық кең болуы мүмкін: жоспарлы, нәтижелі, құрылымды-үрдістік, оқу-танымдық. Қызығушылықты тудыру мәселесін көптеген зерттеушілер қарастырды. Нәтижесінде, басты мақсат оқу үрдісінің қызықты, тартымды болуында деген шешімге келді. Оқу іс-әрекетінде оқыту әдісі белсенді болған сайын білім алушыларды қызықтыру соншалықты оңайға түседі. Қызығушылықты оятудың негізгі әдісі - мәселе туындату, оқушыларды күрделі жайттарға кезіктіру. Осының барысында студентте жаңа білімдерді игеруге деген қызығушылық оянады. Үнемі күш пен ойлануды талап ететін тапсырма ғана қызықты бола алады. Оқу материалдары, оқыту жұмыстары әр түрлі болуы шарт. Әр түрлі оқыту жұмыстары тек түрлі объектілерді таныстыру ғана емес, оның жаңа қырларын ашуға бейімделумен ерекшеленеді. Қызығушылықты туындатудың шынайы факторы - оқу іс-әрекетіне сәйкес материалдың әсем бояулары, өрнектері, оқытушының дұрыс жеткізе білуі. Қызығушылықтың түрлері, мысалы нәтижелі, танымдық, үрдісті, оқу-танымдық және т.б. мотивациялық сферамен тікелей байланысты (Е.И.Саванько, Н.М.Симонова). Оқу іс-әрекеті ең алдымен, ішкі мотивпен сәйкес келеді. Яғни, танымдық қажеттілік іс-әрекеттің барысында «заттанады». Демек, белгілі объектіге бағытталады. Зерттеулердің көрсетуі бойынша студенттердің әлеметтік қажеттіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы жетістікке жету мотиві «адамның өз іс-әрекетінің нәтижесін жақсартуға ұмтылуы» екендігі айтылады. Оқуға қанағаттану осы қажеттіліктің қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты. бұл қажеттілік студенттерді оқу үрдісіне бейімделуге міндеттейді және әлеуметтік белсенділігін арттырады. Сонымен қатар, студенттердің оң іс-әрекетінде қарым-қатынас және басымдылық қажеттіліктері де үлкен маңызға ие. Дегенмен, нақты іс-әрекет үшін интеллектуалды-танымдық мотивтердің рөлі басым. Ю.М.Оралов бойынша: «адамның академиялық жетістіктеріне оның танымдық және жетістікке ұмтылу мотивтері әсер етеді». Оқудың мотивациялық аймағында ең басты жайт студенттің оқуға деген қатынасы. А.В.Маркова қатынастың үш типін анықтады: жағымды, қалыпты, жағымсыз. Оқу іс-әрекетіне араласуды осы типтер анықталады:

  • белсенділік және оқуға дайындық;

  • белсенділік, танымдық;

  • белсенділік, тұлғалық құрылымдық.

Алғашқыда оқу-танымдық мотив қолдайды, кейін оның рөлі басым болады. Оқу мотивациясы күрделі құрылыммен ерекшеленеді.

ЖОО-дағы психологиялық қызметтің негізгі мақсаты студенттерге оқу орнындағы түрлі мәселелерге байланысты шешім қабылдауға көмектесі. Зерттеудің көрсетуі бойынша студенттік кезеңде адамда қоғамға араласуға, мамандық таңдауға ұмтылыс болады. Оқу мотиациясы студенттерде өте күшті болуы тиіс. Кей студенттер үшін оқу процесінің нәтижесі емес, өзі маңызды болып табылады. ЖОО-да оқу үрдісінің нәтижелілігі студенттердің болашақ мамандығына деген қызығушылық мотивациясының жоғары болуымен тығыз байлнысты. Бұл кезеңде студенттер үшін қарым-қатынас процесі аса маңызды болып табылады. Оқу үрдісінің нәтижелі болуыан қарым-қатынастың тигізетін маңызы зор.

П.Я.Гальперин бойынша, мотивацияның мінездемесі оқытудың типіне тәуелді. Оқытудың типін түсіну үшін теорияға жүгіну қажет, яғни мұғалімнің білімді меңгеріп студенттерге жеткізуі мен студенттің сол білімді сіңіруі, педагогпен бірге жұмыс істеу керек. Оқытудың параметрлері өнімді болу үшін келесі талаптар қойылады: Біріншіден, білім алушыға базалық білім беріледі. Нәтижесінде студент өз бетімен ақты тапсырмаларды шеше алуы тиіс. Екіншіден, оқу барысындағы жаға құрылыммен таныстыру. Үшіншіден, білім енді практикада жүзеге асырылады. Оқуға арналған стимулдар. Оқыту процесі индивидуалдылық емес, топтық негізге ие. Оқу процесін 2 факторға жіктеуге болады: оқу іс-әрекеті және оқушының тұлғасы. Оқу іс-әрекеті – білімді ұйымдастыру, оның меңгеру болып табылады. Оқушының тұлғасы – ол студенттің қызығушылықтары, қажеттілктері, мақсаты және т.б. Мұғалім тұлғасы мен оның білім алушыға қатынасы мұғалім педагогикалық іс-әрекетке бейім, білікті, өз-өзін сыйлата алатын, өз іс-әрекетіне жауап бере алатын тұлға болуыв тиіс. Мотивациялық тренинг бағдарламасында Хекхаузен білім алушылардың құрлымдық ерекшеліктерін ескереді. Ондағы сезімдер келесі компонентерден тұрады: шынайы әрі өте күрделі емес мақсат қою; адекватты өзін-өзі бағалау, өзінің күшті және әлсіз жақтарын білу; өз іс-әрекетінің нәтижелілігіне сену; жетістікке , мақсатқа жету барысын қадағалау; өз іс-әрекеті мен оның барысы туралы жауапкершлікті сезіну.

2.ЖОО-да қатаң ғылыми талаптарға сай білім беру процесі жүзеге асады. Мұнда студенттің индивидуалды тұрғыдан мәлімет алына, бейімделуіне мүмкіндік аз. Мотивті психологиялық зерттеу және оның құрылуы – бұл бір үрдістің құрамдыс бөліктері болып табылады. Студент тұлғасының бүтіндігі, мотивациялық аймағы жеке тұлға дамуының негізі болады.

Қазіргі уақытта әр адамға міндетті түрде психологиялық көмек көрсету негізгі сұрақ болып отыр. Психологиялық мәселелердің туындауына әр түрлі факторлар себеп бола алады. Бұл адамның физикалық жағдайы, эмоционалдық уайымдары, әлеуметтік өзара қатынастар, сондай-ақ өз-өзіне көзқарасы (өзін-өзі бағалау, сана-сезім) сілтемелері болуы мүмкін. Бір адамда мәселелердің туындаумен байланысты тұлғааралық сипаттағы (шексіз қамқорлық, біреудің проблемасына бейтараптық қатынас) мәселелер түзілуі мүмкін. Психологиялық мәселелерді шешудің әртүрлі тәсілдері бар. Жаңа тәжірибелік әдістердің сенімділігі және олардың классикалық негіздермен теориялық негізділуіне көңіл аударудың маңызды. Адам индивидуалдығы мен мәселе тегіне тәуелсіз тәжірибелік тәсілдердің түрлерін кеңінен қолданған жөн. Психолог жұмысының нәтижелері позитивті-прогрессивті сипатта болу керек. Адам қанағаттану керек, ал психолог – кері байланысты. Фрейдизм (психоанализ) сияқты классикалық тәсілдердің маңыздылы жайлы айту қажет. Бұл бағыттың элементтері санасыздық деңгейінде түрлі тәсілдерді қолдануға үлкен мүмкіндік береді. Гештальт-психологиясында адам психикасына «аяқталу» элементі сияқты түзетулік әсер ету мақсатында тәжірибелік-психологиялық жұмыс қажеттілігі мен маңыздылығы жоғары. Гештальтистер қабылдаудың сапалы өзіндік, тұтастық сипатын алдыңғы орынға шығарды. Л.С. Выготскийдің идеялары мен оның мектептері мыңдаған нақты мамандардың ғылыми дүниетанымдарының негізін құрайды, оның ғылыми еңбектерінен тек Ресейдің емес бүкіл әлемнің психологтарының жаңа буыны талпыныс алады. Л.С. Выготский «шыңдық психология» (сана психологиясы) сияқты өз зерттеулерінің аймағын анықтады. Л.С. Выготский бойынша, психологиялық дамудың қозғаушы күші – оқыту. Оның айтуынша: «оқытудағы бір қадам дамуда жүз қадамды білдіреді» немесе «тиынға оқытамыз, ал дамуды рубльге аламыз».



Нейролингвистикалық бағдарлама (НЛБ) жадыда ақпарат қабылданып, сақталатын сенсорлық каналдың (визуалды, аудиальды, кинестетикалық) модальдігін қарым-қатынастың негізгі компонентімен арттырады. НЛБ-да өткенді мәселелердің емес, ресурстар көзі ретінде қарастыруды дұрыс деп санайды, ол психотүзетулік жұмысты прогрессивті жүргізуге мүмкіндік береді.

2. ЖОО-ның оқытушыларының педагогикалық іс-әрекетіндегі кәсіби біліктілігі педагогикалық ситуациялардың анализі негізінде педагогикалық міндеттерді қалыптастыру мен оларды шешудің оптималды әдістерін табу ептілігінен көрінеді. Студенттермен жұмыс барысында педагогпен шешілетін жағдайлардың барлық түрлерін алдын ала сипаттап беру мүмкін емес. Жаңа жағдай туған сайын, өзіндік ерекше және тез өзгеретін шешімдер қабылдауға тура келеді. Сондықтан педагогикалық іс-әрекеттің ең маңызды сипаттамаларының бірі оның шығармашылық сипаты болып табылады.

Педагогикалық қабілеттер құруда және сәйкес педагогикалық іс-әрекетте келесі компоненттерді бөліп көрсетеді: құрылымды (конструктивный), ұйымдастырушылық, коммуникативтік және гностикалық.

Құрылымдық қабілеттер тактикалық мақсаттардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді: курсты құрылымдау, жеке бөлімдер үшін нақты мазмұнды таңдау, сабақтарды өткізу формаларын таңдау және т.с.с. жоғарғы мектептегі оқу-тәрбие процесін құру мәселелерін шешу күн сайын әр педагог практикке жүктеледі. Педагогикалық шеберліктің бірнеше компаненттерін бөліп көрсетуге болады (Д.Аллен, К.Раин). мына микрокесте элементтері педагогикалық іс-әрекетті меңгеру деңгейінің көрсеткіштері ретінде қызмет көрсете алады:


  1. Оқушыны ынталандыруды түрлендіру (негізінен, оқу материалын монологиялы, бір сарынды мәнерде баяндаудан бас тартудан, оқытушының аудиторияда өзін еркін ұстаудан және т.с.с. көрінуі мүмкін).

  2. Қызығушылықты әсерлі бастама арқылы ояту.

  3. Сабақ нәтижелерін немесе оның жеке бөліктерін педагогикалық сауатты қорытындылау.

  4. Үзілістерді (паузаларды) немесе коммуникацияның вербалды емес құралдарын қолдану (көзқарас, мимика, жест).

  5. Жағымды және жағымсыз қосымшалар жүйесін шебер қолдану.

  6. Жетекші сұрақтар мен тексеруші сипаттағы сұрақтардың қойылуы.

  7. Оқушыны оқу материалын қорытындылауға итермелейтін сұрақтардың қойылуы.

  8. Шығармашылық белсенділікті ынталандыру мақсатында дивергентті типтегі (бағыттан тайған) тапсырмаларды қолдану.

  9. Студенттердің ақыл-ой жұмысына кірісу дәрежесін, зейінін шоғырландыруын оның әрекет-қылығының сыртқы белгілерінен анықтау.

  10. Мысалдар мен иллюстрацияларды қолдану.

  11. Қайталау амалын қолдану. Ұйымдастырушылық қабілеттер негізінен тек студенттерді оқыту процесін ұйымдастыру үшін ғана емес, сондай-ақ оқытушының жоғарғы мектепте өзін-өзі ұйымдастыру іс-әрекеті үшін де қызмет етеді. Ұзақ уақыт оларға бағынушылық роль берілген еді: Жоғарғы мектепте мамандарды дайындау жағдайлары дәстүрге сай өзгертілмеді, ал студенттердің оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда таңдау уақытпен тексерілген және меңгерілген формалар мен әдістерге жасалды. Айтпақшы, гностикалық және құрылымдыққа қарағанда ұйымдастырушылық қабілеттер жастың ұлғаюымен төмендейтіндігі анықталды.

Оқытушының студенттер мен басқа оқытушылармен байланыс орнатудың жеңіл болуы, сондай-ақ бұл қарым-қатынастың педагогикалық мәселелерді шешу тұрғысынан нәтижелілігі қарым-қатынастағы коммуникативтік қабілеттер мен жауаптылықтың даму деңгейіне байланысты болады. Қарым-қатынас тек білім берумен ғана шектелмейді, сонымен қатар бірлескен іс-әрекетке ынталандыру, қызығушылықтарды ояту, эмоционалды жұқтыру қызметін де орындайды.

Қарым-қатынастың студенттерді тәрбиелеудегі бірлескен іс-әрекетпен қатар шешуші ролі осында. Жоғарғы мектептің оқытушылары енді ғылыми ақпаратты тасымалдаушы және беруші ғана емес, сол сияқты студенттердің танымдық әрекеттерінің, олардың өздік жұмыстарының, ғылыми шығармашылығының ұйымдастырушылары да болуы керек.

Жоғарғы мектеп студенттерінің қалыптасып даму процесін басқару үшін олардың әрқайсысының тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктерін дұрыс анықтау, олардың шығармашылығы мен өмір жағдайларын мұқият талдау, жақсы қасиеттерін өңдеу мүмкіндіктері мен перспективалар қажет. Психологиялық білімдерді қолданбастан студенттердің табысты кәсіби іс-әрекетіне қажетті жан-жақты дайындығын шыңдау, оларды оқыту мен тәрбиелеудің жоғарғы деңгейін, түлектердің мамандануы мен жоғарғы мектептің оқу бағытын ескере отырып, теориялық және практикалық дайындықтардың бірлігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Бұл негізінен қазіргі өмір жағдайларында,қоғамдағы кризис жағдайларында аса маңызды болып келеді.

Гностикалық компонент – бұл оқытушының оның кәсіби іс-әрекетінің негізін құрайтын білімдер мен ептіліктер жүйесі, сондай-ақ оның нәтижесіне ықпал ететін танымдық іс-әрекеттің белгілі бір белгілері. Ақырғыларына гипотезаларды тексеру мен құру, қарсылықтарға сезімтал болу, алынған нәтижелерді сыни тұрғыдан бағалау жатады. Білімдер жүйесі дүниетанымдық, қоғамдық-мәдени деңгейлер менарнайы білімдер деңгейінен тұрады.

Негізінен танымдық іс-әрекеттің негізін, яғни жаңа білімдерді меңгеру іс-әрекетін құрайтын білімдер мен ептіліктер педагогикалық қабілеттердің гностикалық компонентінің маңызды құраушысы болып табылады.

Гностикалық қабілеттер оқытушы іс-әрекетінің негізін құраса, педагогикалық шеберліктің жоғарғы деңгейіне жетудегі анықтаушылары болып, жобалаушы немесе құрылымдық қабілеттер болып табылады. Бұл қабілеттерді жүзеге асырудың психологиялық механизмі оқу-тәрбие процесін ойша жобалау болып келеді.


3. Жоғары оқу орны мен мек­тептің бүгінгі сабақтастығы бұ­рын­ғыдан да артып отыр. Бұрын мектепті тек педагогикалық прак­тика өткізу базасы, кәсіби бағ­дар­лану бойынша жұмыс жүргізу деген бағытта қабылдасақ, енді жаңа әлемдік стандарттарға сай оқу жүйесіне мектептердің тезде­тіп өткізуге байланысты мәселе­лерді нақты шешу кезеңі келді.

Соның бір көрінісі ЖОО-ғы оқу кредиттік оқу жүйесі секілді мектеп жүйесі де осы салаға ерте араласып, ғылыми-практикалық қолданбалы зерттеулерге атса­лысуы керек, осы бағытта бағдар­ла­малар жасалуы қажет. Екінші бір негізгі мәселе, білім саласына (мек­тепке дейінгі, мектеп, ЖОО) прак­тикалық психологияны енді­ру­мен байланысты. Практикалық пси­хология білім берудің әлеу­меттік практикасы ретінде туын­дауда, әсіресе, білім жүйесін бас­қару са­ласында, мұғалімнің пси­хо­ло­гиялық мәдениетінің негізін қа­лауда көп жұмыстар атқары­луда.


Мектепке көмек ретінде ин­тер­нет-конференциялар ұйым­дастыру, Қазақстанда білім сала­сының практикалық психологтар федерациясын құру мәселесі де өте маңызды. Сондықтан төмен­дегідей ғылыми практикалық секциялар құру қажет болады: кәмелетке жетпегендердің пси­хологиялық әлеуметтік пробле­малары, психодиагностика, білім саласындағы когнитивті пси­хология, жоғары оқу орында­рындағы практикалық психоло­гиямен мектепті байланыстыру, тәуелді болу психологиясы, мек­тептегі практикалық психология қызметі, дарындылық пен шығар­машылық психологиясы, тұлғаны да­мыту психологиясы, зерттеуші-оқыту психологиясы, психо­ло­гиялық және педагогикалық тестілу, психологиялық мәдениет және білімдегі қауіпсіздік, мүм­кіндіктері шектелген балалардың психологиялық адаптациясы.

3 Оқыту үдерісінің психологиялық құрылымы



Мақсаты. Магистранттарға жоғары оқу орнындағы оқыту үдерісінің психологиялық құрылымы туралы білім беру, оларды практикада қолдану ерекшеліктері жайлы түсініктер беру.

Дәріс жоспары

1.Педагогикалық іс-әрекеттің әдіснамалық кұрылымы. Оқу - іс-әрекет ретінде. 2.Оқудың негізгі факторлары мен заңдары. Оқытудың тиімділігі мәселесінің эволюциялық тұрғылары.

3.Оқытудың кұрылымдык үдерісі - дидактикалық жүйе ретінде. Оқытудың құрылымдық үдерісі - психологиялық жүйе ретінде.

1. Оқу процесінде қолдануда басқару оқытудың берілген нәтижелеріне жету үшін оқытушының студенттер ұжымына және жекелей студентке жүйелі, мақсатты түрде ықпал етуін білдіреді.

Басқару – бұл процестің оның табиғатына кері ағымын тездету, не басып тастау емес, керісінше, процестің табиғатын барынша ескеру, процеске оның логикалық ағымымен әр ықпалды сәйкестендіру.

Оқу процесін басқаруды айрықша белгілері келесідей болады:


  • әрқашанда күрделі реттеумен өзгешеленетін саналы және жоспарлы ықпал ету;

  • басқаратын жүйе бөлігі (оқытушы) мен басқару обьектісі (студент) арасындағы себеп-салдарлы байланыстардың болуы;

  • динамикалық немесе басқаратын жүйе бөлігінің бір сапалық қалыптан екіншісіне өтуге қабілеттілігі;

  • сенімділік, яғни, басқару жүйесінің берілген қызметтерді процесс ағымының белгілі бір жағдайларында орындау қабілеттілігі;

  • тұрақтылық – жүйенің түрлі сыртқы және ішкі қарсылықтарға қарамастан белгіленген траектория (қозғалған дененің жүріп өткен жолы) бойынша қозғалысын сақтау, қызмет етудің белгіленген тәртібін ұстану қабілеттілігі.

Басқару процесі басқарудың көптеген циклдерін бір уақытта бірізділікпен орындаудан туындайтын циклдық және үздіксіз ретінде көрінеді. Басқарушылық цикл мақсаттарды бекіту мен міндеттерді анықтаудан басталады да, оларды шешумен, қойылған мақсаттарға жетумен аяқталады. Қандай да бір мақсатқа жеткен соң жаңа мақсат қойылады да, басқарушылық цикл қайталанады. Мақсат - әрекет – нәтиже – жаңа мақсат – үздіксіз басқарушылық процестің кестелік бейнесі осындай. Ол ғылыми және оқу-тәрбиелік процестерге қолданбалы.

Оқу процесін нәтижелі басқару белгілі бір талаптарды орындауда мүмкін болады:



  1. оқыту мақсаттарын қалыптастыру;

  2. басқарылатын процестің бастапқы деңгейін (қалпын) орнату;

  3. оқыту процесінің негізгі өтпелі жағдайларын қарастыратын әрекеттер бағдарламасын құру;

  4. оқыту процесінің жағдайы туралы (кері байланыс) белгілі бір өлшемдер бойынша ақпарат алу;

  5. кері байланыс каналы бойынша алынған ақпаратты қайта өңдеу, оқу процесіне түзету жұмыстарын енгізу және құру.

Басқару процесіндегі оқытушының міндеті басқарылатын процесс жағдайын өзгерту мен оны алдын ала белгіленіп қойған деңгейге жеткізуден тұрады. Қатаң түрде айтқанда, оқу процесін басқару осы процестің әр қатысушысының орнын, оның функцияларын, құқығы мен міндеттерін анықтауды, оның өз міндеттерін барынша жақсы орындауына жағымды жағдайлар туғызуды қарастырады.

Оқу процесінде қолданылатын кері байланысты жүзеге асыру екі мәселенің шешімін табады:



  1. кері байланыс мазмұнын анықтау – оқу бағдарламаларын құруда база үшін қабылданатын оқытудың психологиялық теориялары мен оқыту мақсаттарының негізінде бақыланатын сипаттамалар жиынтығын анықтау.

  2. кері байланыс жиілігін анықтау.

Н.Ф.Талызина ерекше атап көрсеткендей, оқытудың басқару жүйесі ретінде өзіндік ерекшелігі негізінен ең алдымен оқу, меңгерудің басқарылатын процесі - әрқашанда нақты бір тұлғамен жүзеге асырылатындығынан тұрады. өзіндік факторлардың көптүрлілігі мен күрделілігі сондай, негізгі оқу бағдарламасын құруда олар әрқашан да есепке алына бермейді. Жаппай оқытуда ең жақсы жағдайда негізгі бағдарлама студенттердің белгілі бір тобы үшін типтік ерекшеліктердің тек кейбір жүйесіне бейімделуі мүмкін. Ал нақты студенттер тобын оқыту процесінде оларға қойылған мақсатқа тезірек жетуге мүмкіндік беретін қандай да бір қосымша ерекшеліктер анықталуы мүмкін.

Білімдерді меңгеруді басқару процесінде оқытушыға студенттердің фактілерді салыстырып қорытындылауды, қорытынды шығаруды, алынған мәліметтерді сыни тұрғыдан талдауды үйренді ме жоқ па анықтауы; олар оқулық материалын қалай меңгергенін, олардың меңгеруге уақыттары жете ме жоқ па және т.б. білуі керек. Нәтижелі оқыту процесін жүзеге асыру үшін оқыту процесін оқушылардың танымдық іс-әрекетінің процесі ретінде қарастыратын теория қажет.

ЖОО оқыту мен тәрбиелеу жеке тұлғаның кәсіптік тәжірибемен, сапамен, өзіндік дамуымен және қалыптасумен қамтамасыз етуге міндетті. ЖОО оқыту мен тәрбиелеу студенттің жеке тұлға ретінде максималды дамуына, яғни толық жағымды өзгеріс процесіне, сапаның қалыптасуына, тәжірибесіне әсер ету.

Психология кәсіптік оқыту мен тәрбие жұмысында студенттердің жоғары білім алудың әр деңгейінде оқу- тәрбие процесінің психологиялық заңдылықтарын зерттеуді қарастырады.

Жеке тұлғаның кәсіптік дамуында екі негіз бар: іс-әрекеттің операциялық жағының қалыптасуы (кәсіптік білім, дағды, ойлау және іскерлік) және жеке бас сферасы (мотивтер мен қызығушылықтар, кәсіптік сапа және т.б.).

Оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыруға екі субъект қатысады:

Оқытушы алдына педогогикалық мақсат қойған, осы мақсатқа жету жолында әдіс – тәсілдерді, қорытындыны талдап, әрекетін нақтылап, оқытудың нәтижелі болуына жан –жақты қатысады.

Студент оқыту мен тәрбие процесіне өзіндік көзқараспен қарап активтілік немесе пассивтілік білдіреді. Оқытушы мен студенттің бірлескен жұмыстары олардың жалпы іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады.

Студенттерді тәрбиелеу – бұл олардың психикасына әсер ету және жеке тұлғаның қасиеті мен сапасын, бағыттылығын, саналығын, жауапкершілік сезімін, адамдармен жұмыс істеу қабілетін, тәртіптілігін, өзіндік дамуын, өзіндік сынының және т.б. қалыптастыру мақсатындағы іс-әрекет.

ЖОО оқу – адамның әлеуметтенуінің негізгі кезеңі. Әлеуметтену – бұл қоғамның өмірлік шарттарына сай жеке тұлғаның қалыптасу процесі.

Студенттерді тәрбиелеу жұмысының формалары:

Анкеталау, әлеуметтік сұрау арқылы олардың қызығушылығын және құндылық бағдарларын анықтау.

Көркемөнерпаздық ұжым және қызығушылық бойынша бірлестіктер жұмысымен қамтамасыз ету.

Еліміздің мәдени өмірі, киномотограф, көркем әдебиеттер жайлы мәлімет беру.

Студенттерді тәрбиелеу мен оқыту ЖОО-ң білім беру процесінің бірлігі жағынан өзара байланысты. Әрбір ЖОО студенттерді тек қана біліммен қаруландырмайды, сонымен қатар кәсіптік дайындық пен жан –жақты дамуына үлкен үлес қосады. Одан арғы оқыту (магистратура, аспирантура т.б.) жеке тұлғаның дамуында ерекше орын алады.

Оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық бірілігің мағынасы негізінде жеке тұлғаның бағыттылығын, мінез-құлқы, дүниетанымы, студенттің адамгершілік қасиеті, ақыл-ойының дамуы, эстетикалық қажеттілігін қамтамасыз ету қажет. Оқыту мен тәрбиелеу барысында студенттердің жас ерекшелігін әлеуметтік – психологиялық және индивидуалды қасиеттерін, оқуға деген көзқарастарын ескеру қажет. Студенттердің өзіндік тәрбиелеу мен өзіндік білімін жетілдіруді активтендіру ЖОО болашақ маманды дайындап шығарудың бірден бір көзі. ЖОО оқыту мен тәрбиелеудің спецификасы:

ЖОО бітіргеннен, кейінгі қажетті іс-тәжірибелік білім беру;

Студенттердің жас ерекшелік, әлеуметтік –психологиялық және индивидуалды қасиеттерін ескеру;

Оқыту мен тәрбиелеудің кәсіптік бағыттылығы;

Оқытудың ғылыми, қоғамдық және өндірістік іс-әрекетпен байланыстыру.

Оқыту мен тәрбиелеу процесінде студент белсенді болу қажет. Тәрбиеші оқу –тәрбие процесіне ғана көңіл бөлмей, сонымен қатар келешектегі жұмысына қажетті іс-әрекетін, дағды мен ікерлігін, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру керек.

Студенттің шығармашылық белсенділігі репродуктивтік іс-әрекеттен басталады. Яғни, өз алдына бір мәселе қойып, оның шешілу жолын іздестіріп, оптималды жолын тандау.

Болашақ маманның игерген қасиетін осы қасиеттерін даму заңдылқтарын, оқу –тәрбиелеу міндетін нақты анықтаған жағдайда ғана оқытушы оқыту мен тәрбиелеудің мақсатына жетіп даму бірлігін қамтамасыз етеді.
4 Танымдық іс-әрекет психологиясы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет