2. «Студент» ұғымы латын тілінен шыққан,орыс тіліне аударғанда ынталы жұмыс істейтін,оқитын,білімді меңгеруші деген мағынаны білдіреді.
Студент белгілі бір жастағы адам және тұлға ретінде үш жағынан сипатталады:
-
жеке тұлғаның қасиеттерінің және жағдайларының,сондай-ақ психологиялық процестердің бірлігін көрсететін психология жағынан. Психологиялық жағының ең бастысы-психикалық қасиеттер болып келеді (бағыттылық,темперамент,мінез,қабілеттер)
-
әлеуметтік жағынан,онда студенттің белгілі бір әлеуметтік топқа,ұлтқа және т.б. қажеттілігін тудыратын сапалар, қоғамдық қатынастар жүзеге асады.
-
биологиялық жағынан, ол жоғарғы жүике жүиесінің жұмысының түрінін, анализаторлардың құрлымының, рефлекстерден, инстинкттерден, сыртқы күштерден, дене бітісінен, бет әлпетінен, тері түсінен, көз, бой және тағыда басқалардан тұрады. Бұл жағы негізінен тұқым қуалау және тума қасиеттермен беріледі, бірақ кей жағдайларда өмірдің шарттарының әсер етуінен өзгереді.
Бұл жақтарды оқып білу студенттің мүмкіндіктерімен сапаларын,оның жастық және жеке ерекшеліктерін ашады.
Егерде студентті жеке тұлға ретінде зерттесе,онда 18-20 жас-бұл адамгершілік және эстетикалық сезімдердің белсенді дамуы, мінездің пайда болуы және тұрақтану және де маңызды болатыны ересек адамның әлеуметтік ролінің толық жиынтығына ие болу кезеңі.
Жоғарғы оқу орнында оқу уақыты жастықтың екінші кезеңімен немесе дамудың бірінші кезеңімен сәйкес келеді, ол жеке қасиеттердің пайда болуының қиындықтарымен ерекшеленеді. Осы жаста дамудың негізгі ерекшелігі болып мінез-құлықтың саналы мотивінің күшеюі болады. Жоғарғы сыныптарда толықтай жетпеген қасиеттер-мақсаткерлік, табандылық, батылдық, тәуелсіздік, ынта және т.б. қалыптасады. Моральді проблемаларға (мақсаттарға, өмір салтына, қарызға, махаббатқа және т.б.) қызығушылықтары жоғалады.
Сонымен қоса жасерекшелік психологиясы және физиология саласының мамандары адамның өзінің мінез-құлқын 17-19 жаста саналы жүиелеу толық дамыған деген В.Т.Лисовский, 19-20 жас-бұл толықтай өзіндік жұмсаудан тұратынын айтқан.
Жастық шақ-өзіндік қорытындылау және өзіндік бағалау кезеңі. Өзіндік бағалау өзіндік «мен» шынайы мен салыстыру жолымен жүзеге асады. Бірақ идеалды «мен» кездейсоқ болуы мүмкін, ал шынайы «мен» тұлғаның өзімен жанжақты бағаланбаған болуы мүмкін. Бұл жасөспірімнің тұлға ретінде дамуына қарсы келіп, оның өзіне деген ішкі сенімсіздікті тудыруы мүмкін және кейде сыртқы агрессиямен бірге жүреді.
Эриксон бойынша,жастық шақ,әлеуметтік және индивидуалды жекелік тандаулардың сериясынан,идентификациядан және өзіндік анықтаудан тұратын ұқсастық дағдарысының маңында қалыптасады. Егер жасөспірімге осы міндеттерді шешуе алмаса,онда адекватты емес ұқсастық қалыптасады,оның дамуы төрт негізгі жүиемен жүруі мүмкін:
-
психологиялық жақындықтан кету,тұлғааралық тығыз қатынастардан қашу;
-
уақыт сезімін жоғалту, өмірлік жоспарларды қалыптастыра алмау, есею және өзгеру үрейі;
-
шығармашылық, өмірлік қабілеттерді жоғалту,өзінің ресурстарын жүиелей алмау және де қандайда бір маңызды іс-әрекетке бағдарлана алмау.
-
«жағымсыз ұқсастықтардың» қалыптасуы, өзіндік анықталудан бас тарту және еліктеу үшін жағымсыз бейнелерді тандау.
Эриксон негізінен клиникалық берілгендерді қолдана отырып,берілген құбылыстарды көлемдік түрде көрсетпеді. 1966 ж. Канадалық психолог Джеймс Марш жасөспірімнің діни және саяси өзіндік анықтаулардың кәсіби өлшенетін ұқсастықтардың дамуының төрт кезеңін ерекшелеп,осы бос орынды толтырды:
-
«Анықталмаған, жоғалған ұқсастық» индивидтің нақты мамандықты тандамауымен және ұқсастық дағдыларымен әлі кездеспеуімен сипатталады.
-
«Мерзімінен бұрын,уақытына дейінгі идентификация».
-
«Моратория» кезеңі индивидтің көптеген дамудың ішіне өзіндік дегенді тандаумен сипатталады.
-
«Жеткен толықтай ұқсастық»-дағдарыстың аяқталып,индивидтің өзін іздеуден тәжірибелік өзін өзі жүзеге асыруға көшуі.
5 мың жоғарғы сынып оқушыларын зерттеп,американдық психолог Морис Розенберг (1965) өзіндік сыйлаулары төмен жасөспірімдердің «мен» бейнесінің жалпы тұрақсыздығы және өзі туралы пікірі тән екендігін тапқан.
Көбінесе адамның кәсіби тандауын кездейсоқ факторлар анықтайды. Бұл құбылыс әсіресе оқу орнын тандаған кезде қалаусыз болады,өйткені бұндай қателіктер қоғамға және тұлғаға қымбатқа түседі. Сондықтан,жоғарғы оқу орнына түсетін жасөспірімдермен кәсіптік бейімделу жұмысын жүргізу өте маңызды.
Жоғарғы оқу орнында оқитын сол немесе басқа мамандықты игеру үшін қабілеттерді анықтау үшін мамандықтардың алдын ала сипаттамалары қажет. Талаптармен сәйкес,адамның психикасына көрсетілген профессиограмма үш деңгейді ерекшелейді:
-
абсолютті қажет;
-
біршама қажет;
-
қалаулы.
Осы профессиограммаларды қолдану жағымды нәтижелер береді.
Бірінші курс студенттерінің жоғарғы оқу орнына бейімделуін тексеруде,әдетте келесідей басты қиыншылықтар көрсетіледі: жағымсыз уайымдаулар, кешегі оқушылардың мектептен кетуімен байланысты; мамандықты тандауының мотивациясының анықталмауы,оған деген психологиялық дайындықтың жетіспеуі; мұғалімдердің күнделікті бақылауларына әдеттің болмауынкан,психологиялық өзіндік мінез-құлықты және іс-әрекетті реттей алмаушылық; жаңа шарттарда еңбек және демалыстың оптималды режимін іздеу; тұрмыстық және өзіндік қамтамасыз етуді қалыптастыру, әсіресе үй шарттарынан жатаханаға көшу кезінде; ең сонында өз еркімен жұмыс істей алмаушылық, конспектілей алмау, анықтамалармен жұмыс істей алмаушылық.
Осы барлық қиыншылықтар өзінің пайда болуынан әртүрлі. Олардың біреуі обьективті болмай қалмайтын, басқалары субьективті мінезге ие және әлсіз дайындаумен,отбасында және мектепте тәрбиелеудің дефектілеріне байланысты.
Студенттердің жоғарғы оқу орнына әлеуметтік адаптациясы келесідей бөлінеді:
-
мамандыққа адаптация-оның негізінде мінезге,мазмұнға,шарттарға және оқу процесінің ұйымына бейімделу,оқу және ғылыми жұмыста өз еркімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;
-
әлеуметтік-психологиялық адаптация-индивидтің топқа бейімделуі,олармен қарым-қатынасы,өзіндік мінез-құлық стилін қалыптастыру.
Басқа сөзбен айтқанда, «адаптациялық қабілеттің негізінде адамның ішкі дискомфорты қоршаған ортамен кекілжінсіз сезімін сезінбеуімен қоршаған ортаның әртүрлі қажеттіліктеріне бейімделе алу қабілеті түсіндіреді.
Адаптация-бұл белсенді іс-әрекеттің алдын-ала болжауы және оның эффектілігінің қажетті шарттары.
Зерттеушілер бірінші курс студенттерінің жоғарғы оқу орнышарттарына адаптацияның үш формасын ерекшеледі:
-
формальді адаптация,студенттердің жаңа қоршаған ортаға, жоғарғы оқу орнының құрлымына,ондағы оқытудың мазмұнына,олардың талаптарына,өзіндік міндеттерге қатысты танымдық-ақпараттық қамтамасыз етілуі;
-
қоғамдық адаптация, бірінші курс студенттерінің топтың ішкі интеграция процесі және осы топтардың студенттік қоршағандармен тұтастай интеграциясы:
-
дидактикалық адаптация, студенттерді жоғарғы оқу орнының жаңа оқыту жұмысының формаларына және әдістеріне дайындау.
Студенттің сәтті оқуы көптеген факторларға байланысты, олардың арасында ең негізгі маңыздысы болып ақыл ой әрекеттерінің көрсеткіші ретінде интеллектуалды дамуы б.т.
Студенттердің оқу процесіне адаптациясы 2-ші оқу семестірінің аяғында-3-ші семестірдің басында аяқталады. Бірінші курс студенттерімен жұмыс істеудің негізгі міндетінің бірі болып өзіндік жұмыстың рационалды және оптималды әдістерін еңгізу және жасау б.т.
Әр студенттің адаптация процесі әртүрлі жүреді. Еңбек стажы бар ұл және қыз балалар студенттік өмірдің шарттарына тез бейімделеді, ал кешегі мектеп оқушылары-академиялық жұмысқа.
Студенттік топтың міндеті-оқушыларды іс-әрекеттің жаңа түріне ынтамен іздестіруге қосу емес, жалпы оптималды іс-әрекеттің шарттарын қалыптастыру б.т.
Студенттің әртүрлі курстарда дамуы кейбір ерекше сипатқа ие:
Біірінші курс-жақындағы түлекті студенттік форманың ұжымдық өміріне қатыстыру міндетін шешеді. Студенттің мінез-құлқы коформизмнің жоғарғы деңгейімен ерекшеленеді; бірінші курстарда өздік рөлдеріне дифференциалық жағдайы болмайды. Екінші курс- студенттердің ең қызба оқу кезеңі б.т. Екінші курстардың өміріне оқытудың және тәрбиелеудің барлық түрлері интенсивті қосылған. Студенттер жалпы дайындықты алады, олардың кең мәдени сұраныстары және қажеттіліктері қалыптасады. Берілген ортаға адаптация процесі негізінен аяқталады. Үшінші курс- маманданудың басы,ғылыми жұмысқа келесі дамуға және студенттердің кәсіби қызығушылықтарын тереңдету қызуғышылығын қатайтады. Төртінші курс- оқу практикасы өту кезіндегі мамандықпен алғашқы таныстық. Студенттердің мінез-құлқына арнайы дайындықтың интенсивті рационалды жолдарын және формаларын іздестіру тән. Бесінші курс- жоғарғы оқу орнын аяқтаудын перспективасы. Іс-әрекеттің болашақ түріне нақты тәжірибелік орнатуларды қалыптастырады. Отбасылық және материалдық, жұмыс орнымен және тағыда басқаларымен байланысты, жаңа қалыптасатын актуалды бағалықтар пайда болады. Студенттер біртіндеп жоғарғы оқу орнының ұжымдық түрінен қайтады.
Тұтасынан алғанда студенттің жеке тұлғалық жоғары білімі бар болашақ маман ретінде дамуы бірнеше бағыттарда жүреді:
-
идеялық сенімділік, кәсіби бағыттылық бекітіледі, қажет қабілеттер дамиды;
-
психикалық процесстер, жағдайлар, тәжірибелік мамандарды жетілдіреді;
-
кәсіби іс-әрекеттердің сәттілігіне жауапкершілік сезімі жоғарлайды, студенттің индивидуалдылығы бедерлі бола бастайды;
-
өзінің болашақ мамандығы аумағында студенттің тұлғалық талап етуі дамиды;
-
әлеуметтік және кәсіби тәжірибені қарқынды беру негізінде және қажет сапаларды қалыптастыру негізінде студенттің жалпы көзқарасы және тұлғалық тұрақтылығы дамиды;
-
болашақ маман ретінде қажетті сапа, тәжірибенің қалыптасуында студенттің өзіндік тәрбиелеудің салмағы жоғарлайды;
-
кәсіби дербестік және болашақ тәжірибелік жұмысқа дайындығы қатаяды.
Студенттің тұлға ретінде психологиялық дамуы- пайда болудың және қарама-қарсылықтарды шешудің, сыртқылардың ішкіге өтуі өзіндік қозғалыс, өзіне белсенді жұмыс істеудің диалектикалық процесі.
Б.Г.Ананьев жеке тұлғаның дамуын маштаб және интеграция деңгейі бойынша артатын-құрылымдардың қалыптастыратын және олардың қиындататын ситезін реттеуін көрсетеді. Басқа жағынан параллель болады.
3.Оқытушының жоғары оқу орнындағы шеберлік іс - әрекеті спецификалық болып табылады. Мамандарды дайындауда педагогтың саясаттық және өмірлік тәжірибесінің бай болуын талап етеді. Бұл ақыл – ойлық іс - әрекет педагогқа өте ауыр болып тиеді. Басқа сөзбен айтқанда, оқытушының жұмысы – бұл студенттерді оқыту мен тәрбиелеу және оларды жоғарғы оқу орнын аяқтауына қарай өте шебер маман дайындаумен байланысты тапсырманы шешу үрдісі болып табылады. Жоғарғы оқу орны оқытушыларының құқығы туралы ЮНЕСКО бағдарлама қабылдады. Мұнда жоғарғы оқу орын мұғалімінің жұмысы – ерекше мамандық деп айқын көрсетілген. Мұғалімге қойылатын талап өте күрделі: тұлға ретінде оның көзқарасы, қызығушылығы мен инновацияға дайын болуы және де жауапкершілігі, адамдармен қарым – қатынасы өте жақсы болуы қажет.
Маман ретінде арнайы жоғарғы білімі, терең педагогикалық білім болуы тиіс.
Білім берудегі аймақтың шебері ретінде әдіс – тәсілдерді, технологияларды, зерттеу әдістерін өте жақсы меңгеру қажет.
Оқытушының квалификациясы мен педагогикалық дәрежесі т.б. аудиториға ықпалы көп жағдайда әсер етпейді.Сауалнама қорытындысы бойынша оқытушы өз жұмысына құнығып кетсе және білімі жоғары деңгейде болса, онда студенттер де сол педагогтың сабағына қызығушылықпен қатысады. Өз жұмысына сылбырт, жауапкершілігі мүлдем жоқ, элементарлы ережелерді сақтамайтын, өз әрекетінің гуманистік мағынасын түсінбейтін мұғалімдер де кездеседі. Оқытушы егер аудиторияны меңгере алмайтын болса, онда ол өз сабағына қатысқысы келмейтін студенттерді күшпен ұстайды, яғни келешектегі тапсыратын емтихан арқылы қорқытуы, өзінің эрудициясы арқылы студенттерді басады және де емтиханда өте жоғары талаптар қояды.
Жоғарғы оқу орнында сабақ беру – бұл өнер және ғылым, өнер өйткені әрбір дәріс, әрбір сабақ қайталанбас, оның жүрісі, эмоционалдық бояуы әртүрлі факторларға байланысты. Жоғарғы оқу орнының оқытушысының негізгі іс - әрекетінің мазмұны ретінде мына функцияларды атқаруға келіп бітіседі:
Оқыту – студенттерге оқу материалдарын қарқынды түрде меңгерту, олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру және білімді беру.
Тәрбие – студенттердің жан – жақты тұлғалық дамуын ұйымдастыру, жоғарғы психикалық қасиеттерін, сапаларын қалыптастыру.
Берілетін тәртіптің аймағында оқыту – тек қана өзінің пәнін біліп қана қойғызбай, басқа ғылыми зерттеулерді жүргізу.
Сабақтарды және студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыру, сабақта тәртіпті сақтау.
Көрсетілген функциялар оқытушы әрекетінің бірлігін құрайды.
Оқытушының әрекеті – мазмұны, құрылымы, мақсаты, мотиві, әдіс – тәсілдері, танымдық үрдістері, білімі, дағдысы, іскерлігі, тұлғалық қасиеті т.б. бойынша әртүрлі болып келеді.
Оқытушы әрекетін анықтайтын көптеген факторларға қарамастан оның негізгі компоненттері бар.
Кеңістік - уақыттық қатынаста оның әрекеті келесі бағыттылықпен анықталынады:
Мақсатты, оқу, тәрбиелік, ғылыми т.б. тапсырмаларды анықтау.
Тапсырмаларды шешу мен мақсатқа жету жоспарын жасау.
Әрекетке дайындық.
Тапсырмаларды шешу, мақсатқа жету кезінде әрекетті тәжірибелік түрде жүзеге асыру.
Орындалғанның анализі мен бағасы.
Мақсатқа жету әрекетінде алынған нәтижелерді тәжірибеге сүйене отырып, түзетулер енгізу.
Оқытушының әрекеті кейбір жағдайда студенттердің жұмысымен байланысты. Оқытушы маманының негізгі қасиеттерін, ерекшелігін дұрыс анықтау тиіс.
Студенттерде тәрбиелік дағдыны қалыптастыру оқу үрдісінде негізгі орынға қойылады. Практикалық сабақтарды жоғары деңгейде жүргізу өте қиын. Бұл жұмыста оқытушы - шеберлер санаулы ғана. Шебер мен шебер емес педагог әрекеттернің құрылымындағы айырмашылық ол:
Біріншісі, студенттердің әрекетін ұйымдастырады оларды анық мақсатқа қатысты бағыттайды. Ал екіншісі, тасымалдаушы ретінде жұмыс істейді. Білімді оқытушылар мақсат қояды және тапсырмаларды құрайды, ақпараттарды түсінікті, қысқа және әртүрлі формада жеткізуге тырысады. Педагогикалық әрекеттің функционалдық құрылым тұжырымдамасы келесі компененттерді өзіне қосады:
Конструктивтілік (өзінің жұмысының келешегін түсіну, оқу материалының шығармашылық қайта жасалуы, оқушылардың әрекетін проектілеу)
Ұйымдастырушылық (оқушылардың әрекетін ұйымдастыру)
Коммуникативтілік (педагогикалық үрдіске қатысушылармен және студенттермен қарым - қатынасы)
Гностикалық (өз әрекетінде обьектілерге ықпал ету әдістерін зерттеу болып табылады).
Жоғарғы мектептің мұғаліміне тән педагогикалық және ғылыми әрекет. Сонымен қатар тапсырмаларды шешу (дәріске дайындалу кезіндегі материалды талдау) ғылыми зерттеушілік жұмыстарды жүргізуде жетістікке жетуге себебін тигізеді.
Студеттерді жаңа ғылыми жетістіктермен таныстыру арқылы оқытушы көп ізденіске түседі. Егер оқытушы көп уақытын ғылыми жұмысқа, мақала, кітап жазуға жұмсаса, онда бұл оның педагогикалық еңбегінің сапасына ықпалын тигізуі мүмкін.
Орыс ғалымы, хирург Н.М.Пироговтың айтуы бойынша университетте оқу және ғылымилықты бір бірінен айыруға болмайды.
Оқытушының әрекетіндегі ғылыми және педагогикалық жұмыстың үйлесімділігі шығармашылық нышанының жоғарлауына себебін тигізеді. Жоғарғы оқу орны оқытушылар әрекетінің бағасын жеке бағыттылықпен көрсеткіштер арқылы беріледі. Кейбір университеттерде оқытушылар әрекетінің қорытынды көрсеткіштерін зерттейтін арнайы әдіс шығарылған.
Әдебиеттердің қайнар көзін зерттеу барысында көрсетілгендей жоғарғы оқу орны оқытушылары еңбегінің эффективтілігі бірнеше обьектитілік және субьективтілік факторларға: бюджеттік уақытын саналы түрде қолдану; ғылыми ақпараттармен қамтамасыз ету; кадрлардың сапалық және сандық құрамы; оқытушылар мен оқушылардың әлеуметтік демографиялық мінездемесі; оқытушылардың жұмыс орнының ұйымдастырылуы; оқытушылардың өмірі мен еңбегінің жағдайы; жоғарғы оқу орны жұмысшылары мен студенттеріне мәдени – тұрмыстық қызмет керсетуі;
ІІ. Әрбір әрекеттің эффективтілік көрсеткіші - күш пен әдісті саналы түрде қолдану арқылы мақсатқа нәтижелі жетумен байланысты. Педагогикалық әрекеттің өнімділік басты критериі студенттердің өз маманының шебері болуы үшін тынымсыз ізденуі.
Осындай қозғалыстың негізгі регуляторы – нәтиженің бейнесі.
Студенттің тұлғалық дамуының әрқилылығы педагогикалық ықпалына байланысты емес, керісінше адамның өзіндік психикалық қасиеттері мен заңдылықтарына байланысты.
Мұндай нышандарға оқытушылардың профессионалдық маңызды сапалары кіреді: педагогикалық еңбекке жағымды мотивациясы, оған қызығушылығы мен махаббаты, педагогикалық және ұйымдастырушылық қабілеті, темперамент т.б.
Отандық жоғары мектеп әлемге көптеген атақты профессорларды шығарған. Бірақ ең ерекше, көрнекі, жоғарғы профессионалды мектептің педагог – практигі, теориялық базаларды өзінің педагогикалық әрекетіне жақындатпақшы болған профессор Андрей Петрович Минаков (1893-1954) болды. Проблемалық оқыту, тарихи жақындау, әрбір дәріске оқытушының рухани дайындығы т.б.бұлар жүйенің негізгі элементтері.
Андрей Петровия Минаков ұлы гуманист, ғалым, тәрбиеші, студенттердің жолдасы және бағыттаушы болған.
Минаков оқыту жүйесінің мазмұнында екі ұлы педагогтың синтезін көрсеткен. (А.С. Макаренко, К.С. Станиславский).
Макаренко сияқты Минаков адамнан тек қана жақсыны көруге тырысқан. Қазіргі кезде мұны «Пигмалион эффектісі» деп атайды.
Оның ойынша оқытушы өзінің мінезін меңгере алу қажет және өзіне қатал талап қоя білу тиіс, ол адам шындықты сүйетін, өз пәнін, өзінің жұмысы мен аудиториясын жақсы көретін болуы керек.
Жоғарғы мектеп оқытушысының компетенттілік деңгей келесідей сипатталады:
Репродуктивті деңгей – оқытушы тек білімді жариялай алады. Яғни өз білгенін жеткізу. Бұл тек қана өзіндік тәртіпті терең білетін магистрлерге, кандидаттарға, ғылыми докторларға, яғни педагогикалық квалификациясы бар адамдарға тән.
Концептуальді деңгей – оқытушы өз пәнінен басқа аралас экологиялық және әлеуметтік – экономикалық блоктары бар, яғни оған беретін білімдер жүйесін профессионалды түрде құрастыруға жәрдемін тигізеді.
Продуктивті деңгей – алдындағы айтылғандарға қосымша оқытушы психологиялық – педагогикалық білімдермен қамтамасыздандырылған.
Интегративті деңгей – педагогикалық қарым – қатынасты меңгерген, тұлғалық беделі жоғары продуктивті деңгейде жұмыс істейтін жұмысшы.
Педагогика бұл мамандық емес - өмір деп Минаков үйреткен.
Ол жоғарғы мектеп оқытушыларына ішкі мазмұндық бірліктің үйлесімділігінің, студенттер алдында дәріс оқу үрдісінде сыртқы техникалық мінез – құлқы мен дарындылықтың болуын талап еткен.
Бұдан Минаковтың («бестігі») негізгі бес талапты оқытушылар орындауы тиіс деген:
Ғалым философ артист тәрбиешіадам
Мұндай талаптарды толығымен оқытушы орындаса оның педагогикалық әрекеті жетістікке жетеді.
Оқытушы міндетті түрде педагогикалық жағдайды ескеру керек.
Жоғарғы оқу орны оқытушысына қажетті білім екі топқа бөлінеді:
Бірінші топқа: өзінің пәнін білу; психикалық білім, педагогикалық білім (мақсаты, заңдылық, принциптер тәрбиелеудің әдісі)
Екінші топқа: жоғарғы оқу орны оқытушысы аралас білімді меңгеруді тиіс. Педагогика оқытушысы үшін – психология, философия, физиология.
Философия оқытушысы үшін – психология, логика, этика т.б.
Оқытушы әрекетінде үстідегі көрсетілген білімдермен байланысты. Толық бірлік құра отырып жылдық оқу тәрбиелік үрдісте эффективтілікті қамтамасыз етеді.
№ 7 Болашақ маманды қалыптастастырудың психологиялық – педагогикалық негіздері
Мақсаты. Магистранттарға болашақ маманды қалыптастастырудың психологиялық – педагогикалық негіздері туралы психологиялық білім беру, оларды практикада қолдану ерекшеліктері жайлы түсініктер беру.
Дәріс жоспары
60-80 жылдар мектеп және жоғарғы оқу орындарда оқитын жастарды тәрбиелеу теориясы мен практикасы сияқты жұмастарында Ф.Кумбс, Г.Нинв, Дж. Вильсон, Дж. Брунер, Х. Беккер, Ч. Зильберман, Дж. Анкс, К. Кенистон, Х. Лэш, Ч. Рейс, Т. Роздан, Ф. Кармел және т.б. әйгілі мамандар бір ауыздан қоғамда және ең бастысы оқу орындарда жастарды тәрбиелеу дағдарысқа ұшырағанын мойындады.
Л. Колбергтің айтуы бойынша келешекте өзінің қызметі мен функциясын атқарып қоғамның алға басуға жағдай жасап, әділ қоғам құру үшін, жастарға мектептер мен жоғарғы оқу орындар көмектесу қажет.
П. Херст, Л. Колберг, А. Харрис басқаларға қарағанда алысырақ кетті, олар өнегелі тәрбиелеуде өсіп келе жатқан ұрпақтарда мектептер мен оқу орындарында өткізілетін «адамгершілік тілі» - жақсылықпен жамандықтың айырмашылығын, әділеттілік ұғымын, бостандық, шындықтар, адамгершілікті силау және т.б. тақырыптарға байланысты әңгіме және пікірсайыс әдістері басты рольды атқарады дейді.
Тәрбиеленушілерде қоғамдық армандарға лайықты мінез-құлықтар болу үшін, тәрбиеші мақсатқа бағытталған жігерінен тәрбиеленушіде жеке адам аралық көңіл қалыптастырып, өздігінен оның идеясы мен өнегелі мәнін табуға итермелеу керек. Тәрбиелеу үрдісі мен адамды социализациялауда бұл формула ең негізгісі деп айтуға болады. Адамның өзі жасаған іс-әрекет үрдісінен шыққан сезімдер, эмоциялар және орынды нәтижелер арқасында дәлеті жиналады.
Сондықтан студенттердің өзін-өзі басқару тәрбиелеу үрдісінің күшті фактор ретінде қабылданады.
Қазіргі замандағы педагогикада (әсіресе психологияда) тәрбиелеуде тұлғаның құрылуына таңдаған идеалға мақсатты бағытпен жетуден көрі, тұлғаның дамуына шарттарды жасауда көрінеді.
Тәрбиелеудің ең басты тәсілі – адамды қалқысыз бағаламай, ол адам қандай болса, солай жай қабылдау.
Оқытушының ең басты міндеті – баланың, жасөспірімнің, бозбаланың өмірлік тәжірибенің шектелгеннің, білімнің аздылығынан және бүкіл мәдени байлықты меңгермегеннен ашылмаған тәрбиелеушінің алдынан кең алаңын көрсету. Осындай кең алаңды көрсеткенде тәрбиелеуші қандайда бір таңдауға өзінің бағалау көңілің жасыра алмайды. Әрқашан тәрбиеленушінің өз бетімен таңдау жасауға құқығынан айырмау керек.
Келесі қажетті міндет – тәрбиеленушінің дара қызмет және қатынас стилін, өмірлік стилін таңдауға көмектесу.
Студенттік ұжымында қоршаған ортаның қолайлы жағдайы, студенттің қалыпты тұлға ретінде дамуға көмектеседі.
Оқытушы-куратор топтағы үрдістердің заңдылықтарын түсініп, олардың қалыптасуына қолайлы әсер көрсету керек.
Студенттік топтың жастары (әдетте жас айырмашылықтары 5 жылдан артық емес) бір мөлшерде болуы, назарлардың, мақсаттардың ұқсастығы, психологиялық ерекшеліктері сияқты, топты біріктіруіне жағдай жасайды. Студенттік топтың басты әрекеті – оқу болғандықтан, өндірістікке қарағанда, оқу ұйымдасқандық едәуір әлсіз болады, сондықтан кейбір кезде біріккен ұжым салынбайды, әркім өз бетімен журеді.
Студентік топта «ұжымдық көңіл-күй» (ұжымда, қоршаған әлемде болатын оқиғаларға ұжымның эмоционалды реакциясы; ұжымның көңіл-күйі ұжымның қызметін ынталандыра алады немесе керісінше бұзалады, соның салдарынан қанағаттанбаушылық, оптимистік, парықсыз көңіл-күй көрінеді), «ұжымдық пікір» (ұжым өмірінің сұрақтарына пікірдің ұқсастығы, көзқарастары, оқиғаларды, топ мүшелердің қылықтарының мақулдау немесе ұялту), «еліктеу құбылыстары, иланушылықтың немесе жарыс құбылыстары» (табысқа жетуге ұмтылуға адамдардың өзара әрекеттесу түрі, өз қызмет нәтижелеріне қызу ынталары жатады) әлеуметтік-психологиялық құбылыстар байқалады.
Қауымдастық – тұлғалық мәнді мақсаттарынан өзара қатынастар тұрғызылған топ (достардың, таныстардың тобы).
Кооперация – бұл топ нақты жұмыс істейтін құрылыммен ерекшеленеді, жеке тұлғаның көңілі іскерлік мінез-құлықты көрсетеді, бағыныштылардың нақтылы мақсаттың орындалуына қойылатын нәтижеге жетудің қызметтің айқын түрі.
Бірлестік – ішкі мақсаттармен біріккен топ, топталған мақсаттарға жету үшін әр қилы жағдайға қарамай, немесе басқа топты пайдалану арқылы.
Кейде топталған эгоизмге жеткенде, еңбек немесе оқу топтарда бірлестік рухқа ие болады.
Ұжым – ұақытқа турақты топтың ішіндегі адамдардың басқару органдарымен байланысы, әлеуметтік-пайдалы қызметпен және топтың ішіндегі адамдарды формалды (іскерлік) және формалды емес қарым-қатынастағы мақсатпен біріккен. Оқу ұжымы екі құрылымнан турады: бірінші, бұл оның көптеген ерекшелліктерін анықтайтын педагогтармен кураторлардың мақсатты әрекет етулері; екіншеден, оқу ұжымы – әлеуметтік-психологиялық заңдылықтарына бағынатын салыстырмалы түрде өз бетімен дамитын құбылыс.
2. Студенттің жеке тұлғалығын психологиялық-педагогикалық зерттеу.
Жоғарғы оқу орнының практикасында студенттердің тұлғалығын зерттеу келесі көрсеткіштер бойынша жүзеге асады: жоғарғы оқу орнына түсудін мотиві, жалпы білімді дайындық деңгейі, жоғарғы оқу орнына түспес бұрынғы іс-әрекет мінездемесі, өзіндік жұмыс істеудің дағдысының және икемделудің қалыптасуы, қызығушылықтар мінездемесі, қызығушылықтар, қабілеттердің даму деңгейі, мінездің ерекшеліктері, денсаулығының жағдайы, олардың болашақ мамандыққа сәйкес келуі. Осылардың барлығын анықтау үшін студенттердің өзіндік жұмыс істеуінің бақылаулары ой пікірлері, бақылау жұмысының нәтижелері кең қолданылады. Осындай зерттеудің негізінде студенттерге деген дифференциациялық жағдайы жүзеге асады. Студенттің іс-әрекеті өзінің мақсаты және міндеттері, мазмұны, ішкі және сыртқы шарттары, қиыншылықтарын психикалық процестердің болу ерекшеліктерімен, мотивациясының пайда болуымен, өзіндік бейнесі түрде болады. Студенттің іс-әрекеті үлкен әлеуметтік мағынаға ие. Студенттік жұмыс материалдық өнімге тұтасынан жатпайды. Студенттің негізгі әрекеті-оқу, қоғамдық және ғылыми өмірге, әр түрлі шараларға қатысу. Студенттің әрекетінің санына келесілерді жатқызуға болады: мақсаттардың және нәтижелердің өзіндік көрінуі, зерттеу обьектісінің ерекшк сипаты; студенттің әрекеті жоспарланған шарттарда жүзеге асады; әрекеттің негізгі заттары-кітаптар, зертханалық құралдар және т.б.; студенттің әрекеті үшін психиканың жүйеленуінің интенсивтілігі тән; әрекет негізінде студенттерде қайта жүктелу және күш салуды қажет ететін міндеттер пайда болады. Кез-келген әрекеттің сәттілігі, сондай-ақ оқудың сәттілігі, ең алдымен интеллектуалды дамудың деңгейлеріне байланысты. Интеллектуалды қабілеттермен және іс-әрекеттің арасындағы байланыс диалектикалық: кез-келген әрекетке эффектілі қосылу осы әрекетке қабілеттің белгілі бір деңгейінен қажет етеді, ал ол ең алдымен даму процесіне және қабілеттердің дамуына әсер етеді. Студенттердің үлгерімі тек қана жалпы интеллектуалды дамудан және арнайы қабілеттерден ғана емес, сондай-ақ қызығушылымен мотивтерден, мінезден, темпераментке, тұлғаның бағытталуына, олардың өзіндік саналарына және т.б. байланысты. Тұлғаның бағыттылық негізінде, материалды және рухани болуы мүмкін олардың қажеттіліктері жатыр. Қажеттіліктер өзінің қанағаттануын талап етеді және сондай студентте белсенділікті көрсетуге тура келетін ұмтылысты, эмоциялық жағдайларды тудырады. Қажеттіліктер анық мойындалған және мойындалмаған немесе жартылай мойындалған болуы мүмкін. Жақсы маман болуға ұмтылу, ережелерді меңгеру, эрудацияланған және мәдени адам болу-бұл студент нақты мойындалған рухани және материялдық қажеттіліктер. Тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерін оптимизациялаудың негізгі шарты болып оның белсенділігі, іс-әрекеттің белгілі бір түріне бағытталуы болып табылады. Адамға ең маңызды болатыны ең аяғында олардың мотивтері және мақсаттары негізінде болады. Оқу әрекетінің мотивтерін (М) анықтауға болады: М1-білімге ие болудың бағытталуы; М2- мамандықты алуға бағытталу; М3-дипломды алуға бағытталу. Ер адамдардың арасында мамандықтарды алуға бағытталса, әйел адамдардың арасында-диплом алуға бағытталған.
№ 8 Тәрбие және кәсіби өзіндік сананың қалыптасуы
Достарыңызбен бөлісу: |