ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Саяси психология»



жүктеу 1.07 Mb.
бет4/6
Дата09.06.2016
өлшемі1.07 Mb.
1   2   3   4   5   6

Негізгі ұғымдар: диктатура, қарсылық, наразылық, агрессия, импульс, психологиялық реакция.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Саяси диктатураның психологиялық астары неде?

  2. Билікке жету мотиві және оның агрессивті сипат алуының себептері қандай.

  3. Саяси диктаторларға ортақ қандай қасиеттер бар?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Андреева Г.М. Социальная психология. Учебник для высших учебных заведений, - М.: МГУ, 1994

  2. Ольшанский Д. В. Основы политической психологии. – Екатеринбург Деловая книга, 2001

  3. Гозман Л.Я., Шестопал Е.Б. Политическая психология. Ростов-на-Дону: Феникс, 1996

  4. Дилигенский Г.Г. Социально-политическая психология. – М.: Новая школа, 1996

  5. Крамник В.В. Социально-психологический механизм политической власти.- Л.:ЛГУ, 1991

  6. Майрес Д. Социальная психология. /пер. с англ. – СПб.: Питер Ком,1999

  7. Политология: Энциклопедический словарь. – М, 1993.

  8. Handbook of political psychology. / Knutson J. (ed.) – San Francisco, 1973.


9-тақырып.Саяси мәдениет психологиясы

  1. Сяси сана динамикасы.

  2. Саяси сананың психологиялық детерминанттары.

  3. Макроәлеуметтік және саяси жүйенің мінез-құлық мәдениетіне әсері.

Саяси психология әрекет-қылықтың екі негізгі формасын қарастырады: индивидтердің санасы мен еркіне тәуелді және олардан тәуелді емес формалары. Екіншісі стихиялы әрекет-қылықтар туралы айтылған. Адамдар бұқараның стихиялы әрекет-қылықтары – ұйымдаспаған, салыстырмалы түрде айрықша әрекет-қылықтар жиынтығы. Стихиялы әрекет-қылықтарды талдау екі негізгі бағыттарды меңзейді. Біріншіден осындай әрекет-қылықты нақты субъектілерді қарастыру. Оларға: 1) толпа, 2) “жиналған көрермендер”, 3) “жинақталмаған” көрермендер. Екіншіден, стихиялы әрекет-қылықтардың неғұрлым демонстративті формаларын қарастыру. Массалық әрекет-қылықтың стихиялы формаларының дамуы мен пайда болу механизмдеріне әсер ететін саяси психологияда “циркулярлы реакция” ұғымы бар. Адамдардың бастан кешетін, одан кейін өздеріне қайтып келетін байланысты эмоциялары.

Сонымен қатар, толпаның әрекет-қылығының тағы бір кең тараған түрі – паника. Паника – белгілі ситуацияда қандайда бір ақпараттың жетіспеушілігінен немесе оның шамадан тыс көптігінен пайда болатын, импульсивті әрекеттерде көрінетін эмоционалдық күй. Паника нәтижесінде өзінің арнайы әрекет-қылығымен паникалық толпалар туындайды. Паниканың дамуының және пайда болуының ситуациялық, физиологиялық, психологиялық, идеологиялық және саяси-психологиялық алғы шарттары болады.

Г.Лебон өзінің барлық практикалық еңбектерінде ылғи да былай деген, бұқаралық саяси әрекет-қылықтың стихиялық психологиялық механизмдерінің принципиалды ерекшелігі субъектілердің түрлерінің әртүрлілігінде мұндай жоқ. Теоретика жағынан бөліп қарастырғанда ең біріншіден ішкі фиксациялағанда және осы көлемге кіретін адамдар , мұндай 3 субъект түрі бар (жұрт, сонымен қоса халық «жиналған» және «жиналмаған» болып бөлінуі), ол осы барлық 3 субъектінің түрлеріне бір ғана саяси іс-әрекетке, былайша айтқанда жұртқа жинақтады. Г. Лебонның анықтауы бойынша жұрт-бұл адамның сыртқа ортада физикалық тұрғыдан жиналуы емес, бұл кітапханадағы оқушылар да болуы мүмкін-оны «потенциалды жұрт» деп атайды. Осыған тағы электорат немес парламенттік ассамблея жатады деп Г.Лебон айтқан.

Бірақ тарихи ғылымда басқа да көз-қарастар болды. Іс-әрекеттің сақталуы ортақ психологиялық механизмдердің бар болуының түрлері, аталған 3 әртүрлі субъектінің стихиялық көрснтілуі және жеткілікті айырмашылық. Бұл айырмашылықтар өзіндік саяси іс-әрекеттері тұтастай олардың бөлек көрсетілімдерін дұрыстайды.

Жұрт не екенін анықтау үшін көптеген әрекеттер ұсынылған. Бірақ тек қана бірнешелерді анықтады. Я.Тепаньский біріншіден әлеуметтік белгілерді анықтаған. Оның ойынша жұрт, ең алдымен «адамдардың территорияда уақытша жиналуы, тұрақсыз контактыны ұстанатын, сол немесе басқа стимулдарға кенеттен реакция беретін идентификациялық бейне» деген.

Осыған ұқсас, бірақ психологиялық дұрыс анықтама берген Ю.А.Шерковин, жұрт-бұл ең алдымен «ұжымдаспаған қоғамның ішкі контактісі, конформизмнан ерекшеленетін индивидтердің құрамдары, эмоционалды және бірге іс-әрекет етеді».

Ортақ психологиялық фактордың бар болуының арасынан жұрт барлық зерттеулер бойынша тұрақты болады және тек қана қатты психологиялық байланыс, жұртқа кіретін адамдардың тұтастығы. Идентификациялық эмоциялардың және импульстердің жинақталуы, осы немесе басқа стимулдардан көрінетін, жұрт ұжымдық нормалармен тұрақты ұстанбайды және ешқандай моральды комплекстік нормаларынсыз. Жұрттың өзінің мүшелерінің ықпалы табиғаттан пайда болады. Олардың арасындағы эмоционалды-импульсивті байланыс. Жұртта жабайылық көрінеді, бірақ қатты импульстер мен эмоциялар ешқандай этикалық немесе ұжымдық нормалармен ұстанбай тұрып болады.

Б.Ф.Поршнев жазған: «Жұрт-бұл кей-кезде кенеттен адамның жиналуы. Олардың арасында ішкі байланысы болмайды және олар тек қана бірдей негативті, қандай да бір жанға бұзылған эмоционалды қарым-қатынас үшін ғана жиналады. Былайша айтқанда, көпшілікті ортақтастыратын тек қана ол «қарсы», ол оларға «қарсы».

Ғылыми айтылғандардан кейін осындай түрге көркем мысал көрсетуге болады. У.Фолкнердің бір кейіпкері жұртты былай еске түсіреді, түрмеге жиналғандардың негрді ұстағандар, олар ақтарды өлтіргендері үшін. Ол көз алдында «сансыз бұқара түрлерін, индивидуалды ұқсастығының жоқтығы, өзінің «менінің» жоқтығы, өзінің «меннің» жоқтығы, тек қана «біз» ғана болуы, шыдамсыздар деп те айтуға болады, жылдамдатуға бейімсіз, өзінің қорқыныш күшінің толығымен парадты еместігі...».

Бірақ көптеген мысалдар, енді механизммен айналысайық. Көптеген зерттеушілердің көз-қарасы бойынша осыған сай жоқ деген. Ол бейнелермен ойлайды, өз өзімен ассоциативті көрсетеді,-ол бөлек адамның өзінде болады, бос фантазияға түскен кездегі,-тексерілмеген ойдың шындыққа ұқсастығы. Бұқара сезімі әрдайым жай ғана және гипербола сияқты Бұқара тез арада шетке дейін барады, айтылған күмәншылық сенімді болып келеді, апатия бидайы-жабайы жеккөрушілікте. Бұқаралық сананың берілген механизмдері және саяси әрекет-қылық тарихта белсенді қолданылды-мысалы, Германиядағы геббельсовтық пропагандада, ол Т.Адорноның әлемге танымал жұмысында зерттелген.



Негізгі ұғымдар: саяси мәдениет, саяси көзқарастар, саяси құндылықтар жүйесі.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Саяси мәдениет дегеніміз не?

  2. Саяси мәдениеттің қалыптасу механизмдері қандай, ортақ заңдылық бар ма?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Андреева Г.М. Социальная психология. Учебник для высших учебных заведений, - М.: МГУ, 1994

  2. Ольшанский Д. В. Основы политической психологии. – Екатеринбург Деловая книга, 2001

  3. Гозман Л.Я., Шестопал Е.Б. Политическая психология. Ростов-на-Дону: Феникс, 1996

  4. Дилигенский Г.Г. Социально-политическая психология. – М.: Новая школа, 1996

  5. Крамник В.В. Социально-психологический механизм политической власти.- Л.:ЛГУ, 1991

  6. Майрес Д. Социальная психология. /пер. с англ. – СПб.: Питер Ком,1999

  7. Политология: Энциклопедический словарь. – М, 1993.


10-тақырып. Саясаттағы кіші топардың психологиясы

  1. Топ саясат субъектісі ретінде. Саясаттағы кіші топтардың ерекшеліктері.

  2. Кіші топтардың қалыптасу этаптары.

  3. Саяси топтардың қалыптасуының ішкі механизмдері.

Саясатта топтардың рөлі өрістеп, жеке лидерлердің жетекші рөлін басып келеді. Саяси- психологияда топты саналы мақсаттары мен қызығуларына жетуге бағытталған адамдардың өзара әрекеттесуінің нәтижесінде қалыптасқан ұйымдар деп қарастыруға болады. Объективті тұрғыдан алғанда бұл ұйымдар саяси әрекеттер субъектісі болып табылады. Жалпы топтар номиналды және реалды, үлкен және кіші болып бөлінеді. Ал кіші топтардың неғұрлым нақты типологиясы негізгі 12 бағыт бойынша бөлінеді:

  1. Әрекеттер бағыттылығына қарай – экстровертті және интровертті топтар;

  2. Бірігу деңгейіне қарай – гомогенді және гетерогенді топтар;

  3. Проницаемость деңгейіне қарай;

  4. Өздерінің мақсаттарына қарай – инструменталды және экспрессивті, функционалды және дисфункционалды;

  5. Топтық өзіндік санаға байланысты – «біз» топтар және «олар» топтар;

  6. Құрылымына қарай – ресми және ресми емес немесе формалды және формалды емес;

  7. Қатынасушылардың байланысына қарай – бастапқы және қосалқы;

  8. Қатынасушылар үшін топтағы мүшелілік маңызына қарай – мүшелілік, референттілік және негативті референттілік;

  9. Өмір сүру ұзақтылығына қарай – қысқа және ұзақ мерзімді;

  10. Шешім қабылдау тәсіліне қарай – авторитарлы, демократиялық және либералды;

  11. Топтық іс- әрекеттің жалпы тиімділігіне қарай – нәтижеге бағытталған, мүшелердің қанағаттануларына бағытталған, тұлғалық өзгерулер мен мүшелердің өзіндік дамуларына бағытталған;

  12. Психологиялық негізделген – топ мүшелерінің психотиптеріне қарай.

Саясаттағы топтардың қалыптасу этаптары және олардың дамуының түрлі этаптары мен кезеңдеріндегі негізгі сипаттамалары: «номиналды топтар», «ассоциативті топтар», «кооперативті топтар», «корпоративті топтар» және «ұжым».

Саяси топтардың қалыптасуының ішкі механизмдері:

  1. танысу;

  2. бірінші микротоптардың пайда болуы;

  3. топтардың консолидациясы.

Кіші топтардың қалыптасу деңгейлері (этаптары).

  1. деңгей: «номиналды топтар»- олар аяқасты жиналған (еркін, еріксіз), саясатпен, саяси әрекеттермен, саяси әрекеттермен айналысқысы келген адамдар жиыны. Олар әлі топ болып есептелінеді, себебі, бір- бірін дұрыс танымайды, оларды топқа айналдыратын қасиеттерін білмейді. Бұл деңгейдің негізгі функциясы- танысу.

  2. деңгей: «ассоциативті топтар»- бұл деңгейде бірінші микротоптардың пайда болуы, байланыстарыпайда бола бастайды, яғни топ мүшелерінің арақатынасындағы, әрекет түріндегі ассоциациялары. Ұйымдастырудың, ұжымның бірінші қасиеттері пайда болады. Сөйтіп, ортақ мақсаттары бар ұйымдасқан топ пайда болады.

  3. деңгей: «кооперативті топтар»- бұл топ мүшелерінің арақатынасындағы үлкен ортақтастықпен ерекшеленеді, яғни ортақ мақсат, ортақ қызығушылықтары мен ортақ әрекеттері және ортақ жұмыс жасау тәжірибесі бар болады. Топ мүшелерінің арақатынасында формалды емес қатынастар пайда болады.

  4. деңгей: «корпоративті топтар»- бұл деңгей топта қалыптасқан, тұрақты мақсат, қызығушылықтарының топтың толғану әрекеттері болады. Мұндай топтар өздерін басқа топтарға қарама- қарсы қоя алады. Олар жеткілікті сипатта болады.

  5. деңгей: «коллективті немесе ұжымдық топтар»- саяси топтардың қалыптасуында коллективті топтың даму деңгейі. Бұнда корпоративті деңгей сияқты тұрақты локус, міндеттері, қызығушылықтары бар. Проәлеуметтік мақсаттардың доминанттылық көрсетуі, барлық моменттерді саналы түсіну корпоративті топтан басты айырмашылығы. Коллектив жеткілікті (самодостаточный) болмайды, топ мүшелері өздерін және топты қоғамының даму құрамы деп қарастырылады.

Саяси топтардың ішкі механизмдерінің құрылуы. Басқа аталған этаптық деңгейлерінен қарағанда кіші топтың ішкі механизмдері адамдардың дара психологиялық қарым- қатынас процестерін қалыптастыру үшін қолданылады. Олар топтың қалыптасуына әкеліп соғады. Олар көбінесе (бастапқыда) партиялық топтардың бастапқы қалыптасуларында көріне бастайды.

Бірінші деңгейдк, топ мүшелері бір- біріне және лидерлерге қарайласады, алдағы іс- әрекет шарттарына бейімделе бастайды, жақындарымен (танысып) және алыстағы перспективалармен танысады, сонымен қатар өз араларында функциялап жүйелейді, міндеттері мен өзара қарым- қатынас жүйесін анықтайды. Олардың арасындағы қарым- қатынас ең алдымен формалды байланыс негізінде құрылады. Топ мүшелерінің әрекет- қылығы оның бұрыңғы дәрежесімен және басқа топта қалай ұстағанымен анықталады.

Екінші деңгейде, бір- бірін тану процесімен анықталып, олардың бір- бірін ұнату жақындасу негізінде жасалынады. Нәтижесінде қалыптасып кеткен микротоптар құрылады. Микротоптар іс- әрекет істеліп басталған кезде топтың психологиялық өзіндік регуляция механизмі де көріне бастайды. Ереже бойынша, «белсенді ядро» лидерді қолдайды, «(добросовестных) өз еркімен орындаушылар» активизациялайды, «топтың пассивтілігіне» ықпал етіп дезорганикалық- заттарға қарама – қарсы іс- әрекет етеді.

Үшінші деңгейде, топтың консалидация процесі жүреді. Бірігіп жұмыс істеу арқасында, позитивті процестер қалыптасады. Топ мүшелерінің арасындағы байланыс беріп болады, позитивті психологиялық климат жоғарылайды, лидердің авторитеті жоғарылайды. «Белсенді ядро»кеңейіп, оған «өз еркімен орындаушылар» қосылады. «Топтың пассивті» және «дезорганизаторлар» топтың ықпалы арқылы қайтадан тәрбиеленеді, немесе топтан шығарылылып тастайды. Осы барлық механизмдер негізінде адамдар топ құрып саяси іс- әрекеттің субъектісі негізінде қолданылып, қарастырылады. Олар социометрия және социодрама әдістері арқылы объективті түрде оқытылады.



Саясаттағы кіші топтардың типтері мен типологиялары. Кіші топтың неғұрлым нақты типологиясы топтың негізгі іс- әрекет бағытына қарай бөлінеді. Әрекеттер бағытталғанына қарай экстравертті және интравертті топтар. Экстравертті топтың бағыты сыртқа бағытталған, мысалы, басқыншылыққа, билікке ұмтылулары. Интравертті топтың әс- әрекеті ішке бағытталған, мысал ретінде, партиялық дисциплиналарды жетілдіру және сол сияқты тағы басқалары жатады.

Әрекеттер бағытында типлолгиялардың арасындағы ең ашық бағалы құндылық иегері- субъект болып табылады. Сонымен, топтар әлеуметтік және антиәлеуметтік, демократиялық және антидемократиялық және тағы басқалары. Осы қарастырылған типологияларды ғылыми саяси- психологиялық анализдің шекарасындағы идеологиялық және пропаганда сабақтарының мәселесіне қалдырамыз.

Бірігу деңгейіне қарай топтар- гомогенді және гетерогенді болып бөлінеді. Жалпы ұйымшылдық бірлік деңгейімен, үш базалық параметрінің бірігу деңгейімен анықталады. Ол бірігулер: қызығушылықтары, жалпы мақсаттары және іс- әрекет бірліктері. Олардың қызығушылықтары мен мақсаттарының жиынтығы жоғары болғанымен, іс- әрекет бірлігі анығырақ болады. Гомогенді мазмұнын анықтауда ұйымшылдық топтың испан елінен алынған. «Хунта» термині «бірігуді» білдіреді. «Клики» тарихы монархия шекарасында реттелген. Онда, интригалар, келіспеушіліктер, заговорлар, саяси өлтірулер билік күресінде қарапайым құралдары (инструменттері) осылар болған.

Өткір деңгейіне қарай (критерий) топтар- проницаемые («ашық»), орташа проницаемые және проницаемые емес («жабық») болып бөлінеді. Проницаемый топта- әртүрлі қоғами- саяси қозғалыстарды және саяси кружоктардың жиналысын жатқызуға болады, оның ерекшелігі, ол топтың алғысөзі, кіріспесіне байланысты, проницаемый топтың белгісі (признагі) - өз мүшелерінің индивидуалды (әрқайсысын) есепке алуы мүлдем болмайды.

Әрине осы және басқа партияға кірісу үшін қиынырақ, өйткені ол үшін өтініш, рекомендацияларды, кандитаттық стажды және тағы сол секілділерді талап етеді. Әр мемлекетте және әртүрлі партияларда оларды әртүрліше қарастырады. Бұрын Италияда мысал ретінде, автобустарында әдейі «коммунистік автоматтары» ілініп тұрған. Осыны біз орташа проницаемый топқа жатқызамыз. Оның ерекшелігі, кірісу үшін минималды (белгілі бір шартын) ұсынысын орындайсын және топтан шығар кезінде де бұданда азын (белгілі бір шарт- ұсыныстарын) орындайсын.

Непроницаемый (проницаемый емес) немесе «жабық» топтар да бар. Әрине, проницаемый емес топтар мүлдем жоқ деп айтуымызға болады, өйткені олар ерте ме кеш пе, тез әлде баям ма, бәрібір жаңартылады. Мысалы, саясатта проницаемый емес топтар- заговорщиктер, олар династияны басқарушылар немесе хунталар басшылары, тоталитарлы- саяси ұйымдардың басқару органдарын жатқызуға болады.

Өздерінің мақсаттарына қарай- инструменталды және экпрессивті, функционалды және дисфункционалды. Инструменталды топтың топ мақсаты саяси реалды мақсат жетістігіне бағытталған- басшылыққа, билікке ие болу, анықталған ақпараттары реализациялау, қоғамдық және мемлекеттік білімдерді жетілдіріп, толықтыру. Топтың экспрессивті мақсатына қарай бағытталуы- ішкі психологиялық климаттың қолайлы қалыптасуы, ол өзіндік саясатында комфортты атмосферасын құрастыру үшін бағытталған. Осы топқа мысал ретінде, оппозициялық топтарды жатқызуымызға болады, олар билікті игеруге деген реалды мақсаттарды қоймайды, бірақта саяси көзқарастарын белгілі бір формада деңгейлік білдірулерінде қанағаттанарлықтай болады.

Саясаттағы функционалды топтар әлеуметтік- саяси функцияларын пайымдайды, белгілі бір мақсат ретінде. Керісінше, дисфункционалды топтардағы бағдарлануы- белгілі жүйені бұзуы, құртуы, оның отменалары немесе редукциясын бұзуы жатады.

Топтың өзіндік санаға байланысты «біз» топтары және «олар» топтары болып бөлінеді. «Біз» топтары- олар жалпыдан біздің ғана уайымдарын, сезімдерін, эмоцияларын, сенімділіктерін немесе әсіресе саяси бағдарлама мен концепцияларын өзгелерден айырып бөлуі. Олардың өзіндік идентификациясын қарама- қарсы басқа «олар» немесе «бөтен» топтардан бөледі. «Олар» топтары- оларда басқа сенімділігі, эмоциясы, бағдарламасы мен лозунктері бар.

Саяси психологияда өзіндік идентификация сыртқы құралы ретінде тарихи ерте кезеңінде элементтік символы болады, ол- тотемдер деп аталады. Бірте келе күрделене саяси символдары- герб (таңбасы), гимн (әнұраны), конституциясы, бағдарламасы және идеологиялық манифестері бар.

Құрамына қарай- формалды және формалды емес топтар. Формалды топтарға қатаң түрде статустар берілгені бойынша және топ мүшелері сол әртүрлі статустарға үйлесуі. Осы топтың құқықтары мен міндеттері қатаң формалданады және олар айқын түрде (устав, заң) немесе айқын емес түрде (салт- дәстүрлер, әдеттер) формасында болады.

Формалды емес топтарында статус мүшелерінде және бір біріне деген жетістіктері және таза тұлғалық қасиеттерінің өзара арақарым- қатынасының мінездемесі. Қарым- қатынастарында сыртқы регламентациясы жоқ болғанымен, осы топтың жалпы негізі- достық қатынас, өзара симпатиялары, көзқарастарының бірлігі, ой- өрістері, бағалаулары және саяси құрметтерін құрайды.

Қатынасушылардың байланысына қарай- бастапқы және қосалқы болып бөлінеді. Оған мысал, қандай да бір партия құрылымы, осындай бастапқы негізінде құралады. Бастапқы топқа «бетпе бет» байлансытары тән. Ал қосалқы топтардың қарым- қатынас каналы болып күрделі коммуникациялық байланыстар- көбінесе, бұқаралық (массалық) ақпарат құралы болып келеді.

Қатынасушылар үшін топтағы мүшелік маңызына қарай – мүшелік, референттілік және негативті референттілік. Қатысушының мүшелік тобы- бұл нақты топ адамдардан тұратын, бірақ қандай да бір қатысушы тобының мүшесі бола тұра адам әрқашанда онымен толық қанағаттанбайды. Ол өзін басқа топ мүшесі ретінде армандауы мүмкін. Шынайылылыққа баса алады, бірақ оған барлығына жетпейді. Кейде адам өз арманында жоқ топты шығарып армандауы да мүмкін.

Референттік топ- бұл адам заң бойынша, әлде оған жатпаса да өмір сүргісі келетін топ. Бұл психологиялық жағымды, адамға тән топ норма мен өзіндік стандарттары болады.

Негативті референттік топ- ол реалды немесе виртуалды топ, адам оның нормаларымен, белгілерімен өмір сүргісі келмейді.

Өмір сүру ұзақтылығына қарай- қысқа жіне ұзақ мерзімді. Қысқа мерзімді топтар әдетте нақты бір нәтижеге жетуге арналған. Мысалы, ол сайлау алдындағы штаб болуы мүмкін немесе парламентке депутат кондидаттары бола алады. Соған қол жеткізгенен кейін бұл топтар тарап кетеді немесе қайта қалыптасады.

Ұзақ мерзімді топтар- ұзақ уақытты қажет ететін ұзақ мақсаттарға бағдарланған. Мұндай топтарда әртүрлі мақсат пен қызығушылықтары бар адамдардан құралады.

Шешім қабылдау тәсіліне қарай – авторитарлы, демократиялық және либералды. Авторитарлы топтар- шешім қабылдауда қатыспайды. Оның мақсаты лидердің шешімін атқару боып табылады. Демократиялық топта- оның мүшелері шешім қабылдауда, өңдеуде белсенді түрде қатысады. Бірақ оны талқылау және шешім қабылдауды іздестірудің нұсқауларын лидердің қолында. Либералды топта- шешімді барлығы қабылдайды немесе ешқайсысы қабылдамайды. Шешім қабылдауда әрқайсысы бос, еркін түрдеболады.

Топтың іс- әрекеттің жалпы тиімділігіне қарай- нәтижеге бағытталған, мүшелердің қанағаттануларына бағытталған, тұлғалық өзгерулер мен мүшелерінің өзіндік дамуларына бағытталған. Бұл аталған пунктерді екі негізге бөлуге болады: экстра топ және интравертті топ. Бірінші үшін негізгісі болып, сыртқы әдеттері және осындай топ белсенділері ішіне бағытталған. Екіншісі үшін, ішкі әрекеттер және негізгісі белсенділігі сыртқа бағытталған топтың рационалды көзқараста саясатта топ нақты мақсатқа бағдарланған. Бірақ саясат әрқашанда рационалды көзқараста болмайды, онда маңызды рөлді иррационалды компоненттері атқарылады.

Саясатта жай ғана ортақ ой- өрістері, ортақ ойлайтын топтар да бар, олар бірге кездесетін адамдар. Оларға «кружоктар» , саяси «кездесу топтар» эмоционалды эффективтілігі бар. Ондай топтар өз ойларын айтып, өздерінің қажеттіліктерін, маңыздылығын арттырады. Және де «үлкен саясатқа» қатысын білдіре алады. Бұларға әдетте саяси және саяси «клубтар» болып келеді, доревалюциялық Дворенский жиын ретінде қалыптасқан немесе формалды емес бірге жиналып отырымдар орындықтарында немесе үй жағдайында да жатады екен.

Құрамында мыңдаған, тіпті миллиондаған мүшелері бар үлкен, әлеуметтік топтар саясаттың неғұрлым реалды, әрекетті субъектісі болып табылады. Үлкен, әлеуметтік топтарға әлеуметтік класстар, қоғамдық старттар, әлеуметтік топтар мен тұрғылықты халықтардың түрлі қабаттары (слои населения).

Саяси үлкен топтар сайлауларда дауыс береді, қандайда бір лидердің, мемлекеттік қайраткердің рейтингін анықтайды. Тіпті шиеленістік жағдайларда соғысты жеңеді немесе жеңіледі, төңкерістерді жасайды және өздерінің еңбектерімен сол мемлекеттің экономикалық дамуын қамтамасыз етеді.

ХІХ ғасырда үлкен топтарды екі бағытта түсіндірілді. Неміс философы К.Маркс қоғамды кластарға бөлсе, неміс социологі М.Вебер оны старттарға бөлді.

Адамның үлкен саяси топқа мүше екендігін сезінудің, оның психикалық дамуында маңызды роль атқарады. Әсіресе, сананың, идеологияның әлеуметтік-топтық нұсқалары, қандайда бір топтардың саяси әрекет-қылықтарының психологиялық ерекшеліктері жетекші іс-әрекеттерді тудырып отыр.

Әлеуметтік-топтық сананың даму диалектикасы гегелдік формуламен түсіндіріледі: “өзімдегі топтан” “өзім үшін топқа”.



Негізгі ұғымдар: саяси топтар, саяси субъект, саяси топтардың қалыптасу механизімі немесе этаптары, саяси топ түрлері мен олардың типтері.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Саяси топты – саяси субъект ретінде түсіндіріңіз.

  2. Саяси топтардың қалыптасуында қандай заңдылықтарды байқайсыз?

  3. Саясатта саяси кіші топтардың ролі қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Андреева Г.М. Социальная психология. Учебник для высших учебных заведений, - М.: МГУ, 1994

  2. Ольшанский Д. В. Основы политической психологии. – Екатеринбург Деловая книга, 2001

  3. Гозман Л.Я., Шестопал Е.Б. Политическая психология. Ростов-на-Дону: Феникс, 1996

  4. Дилигенский Г.Г. Социально-политическая психология. – М.: Новая школа, 1996

  5. Крамник В.В. Социально-психологический механизм политической власти.- Л.:ЛГУ, 1991

  6. Майрес Д. Социальная психология. /пер. с англ. – СПб.: Питер Ком,1999

  7. Политология: Энциклопедический словарь. – М, 1993.

11-12 тақырып. Саяси психологиядағы ұлттық этникалық топтар мәселесі.

  1. Ұлттық-этникалық топтардың негізгі түрлері.

  2. Негізгі құрылымдық ерекшеліктері.

  3. Ұлттық және ұлтшылдық өзіндік сана. Эгоцентризмнің саяси-психологиялық негізі.

Ұлттық-этникалық топтар - сыртқы және ішкі, психологиялық бітістерімен өзара байланысқан мыңдаған, миллиондаған адамдардан тұратын үлкен топтар. Ұлттық-этникалық топтарды қарапайымнан күрделіге қарай қарастыратын болсақ, бұл – ру және тайпа, халық және ұлт, раса және этнос. Адамның қандайда бір осы топқа жатуы оның ұлттық-этникалық психологиясын қалыптастырады.

Тарихты қарастыратын болсақ, ру бірінші болып қалыптасты. Ру-ата-бабалары ортақ, шығу негіздері бір қандық туыстарды айтамыз. Олардың ортақ есімдері, қызығушылықтары, қажеттіліктері бір болады. Рулар Азия мен Африканың кейбір мемлекеттерінде әлі күнге дейін сақталған. Ру түсінігімен қоса, клан немесе қауым түсінігі қолданылады. Ол жалпы мағынада қолданылады.

Бір немесе бірнеше рулардың бірігуінен тайпа пайда болады. Ру жеке дара тіршілік ете алмайды, ал тайпа болса автономды болып келеді. Олардың өздеріне тән тілдері, диалектикасы, салт-дәстүрлері, өздеріне тән есімдері болады. Мысал ретінде Афганистанның пуштундық тайпасын алуға болады, олардың тіршілік ету тәсілдеріне өзгеріс енгізу сәтсіз аяқталуда. Яғни бұл тайпалардың бар екендігінің және олардың өздеріне тән көшпелі тіршілік ету сипатының дәлелі болып келеді.

Тайпалардағы адамдардың қасиеттеріне қысқаша тоқталатын болсақ, олар намысшыл, кең пейілді, ашушаң, ренжігіш, күдікшіл, кекшіл, сонымен қоса көмекке келуге дайын тұратын, өз ісіне, күшіне сенгіш және басқаша тіршілік ететіндерге негативті қарым-қатынаста болады.

Саяси-психологиялық тұрғыдан алсақ олардың негізгі армандары-еркіндік болып табылады. Мұндай адамдарда психологиялық тұрғыдан ешқандай мемлекеттік, саяси және тағы басқа шектер жоқ.

Осындай адмдар дүниені екіге бөліп қарастырады,өзімдікілер және басқалар немес бөтендер. Өзімдікілерге тек солардың салт-дәстүрлерін, заңдарын біліп, сақтайтын және достық, туыстық, наным-сенімдері бір адамдарды жатқызады. Тайпада дінен гөрі заңдылықтар мен ережелер маңыздырақ болып есептеледі. Рубасы мен тайпа басшысының сөзі молданың сөзінен де басымды және салмақты болып келеді. Сол себепті молдалар рубасылардың сөздеріне қарсы шықпай, компромисс табуға тыоысады.

Мұндай адамдардың саясатқа деген ерекше көзқарасының бар болуы таңқаларлық жайт емес. Сырттай ру немесе тайпаның ішінде ешқандай саясат жоқ секілді болып көрінеді. Тек бірлік, теңдіктің иллюзиясы ғана бар секілді.

Тайпа адамдары үшін саясат сауда саттық секілді, яғни адамдар өз жетістіктері үшін барлығына дайын тұрады. Егер тайпа адамдары белгілі бір партия немес қозғалыс мүшелерін өздеріміздікі деп қабылдаса, онда олардың көзқарастары саясидан шындық, адалдық кодексіне айналады.

Ру, тайпа негізінде халық пайда болды. Халық ол рудан жоғары тұр деп есептеледі. Халық сөзінің әлі күнге дейін күрделі жалпы рационалды анықтамасы жоқ. Бірвқ халық сөзі саясатта ежелден қазіргі кезге дейін үлкен эмоционалды-публистикалық рөлді алады. Халық атымен, халық үшін деген сөздер саясатта кеңінен қолданылады.

Обьективті түрде тайпалар мен рулардың тарихи дамуы барысында олар ұлтқа бірікті. Ұлт-үлкен тарихи қалыптасу барысында пайда болған адамдар тобы болып табылады. Олар территорияның, экономикалық байланыс, әдеби тілдің, мәдениет, мінез, психиканың ерекшеліктері негізінде қалыптасты. Кейде ұлттың пайда болуын ру-пайпалық байланыстардың жалғасы немес күрделенуі деп түсіндіреді. Ұлттың негізгі қасиеті ретінде ұлттық рухты көрсетеді. Басқаша, психологиялық тұрғыдан ұлт-ол бейсаналы психологиялық жиынтық, бірлестік болып есептелінеді.

Ұлт-белгілі мемлекеті бар, БҰҰ-на енген адамдар бірлестігін немесе жиынтығын айтамыз. Ұлт-әлеуметтік, кең көлемді, әр түрлі ұлттардан тұрады. Ұлттардың көлемі әлеуметтік-саяси қозғалыстаға байланысты үлкейіп, кішірейуі мүмкін. Ұлтшылдық –ол өз ұлтын басқа ұлтардан жоғары есептеу, басқа ұлттарды малай, құл деп менсінбеуді айтамыз.

Тағы бір қарастыратын барлестік немесе жиынтық ол нәсіл болып табылады. Бұл ежелден пайда болған үлкен ареалды адамдар тобы. Олар пайда болу негіздері бойынша байланысты. Осы байланыстары тұқым арқылы морфологиялық және физиологиялық қасиеттерден байқалады. Нәсіл ол адамдар жиыны емес, популяция жиыны болып келеді. Яғни ерекше психологиялық айырмашылықтардың жоқ екендігін белгісі. Барлық нәсілдердің арасындағы ұлтаралық және этноаралық айырмашылықтар айқын көрініс береді, бірақ нәсіл аралық айырмашылықтар әлі күнге дейін ғылымда сипатталмаған.

Бұл баяндамада сипатталатын ең соңғы түсінік-ол этнос болып келеді, яғни мемлекеті жоқ ұлт. Этнос деп ежелден пайда болған тұрақты адамдар жиынтығын айтамыз. Олар ру, тайпа, ұлт және ұлттар түрлерінен құралады. Көбінесе, этнос деп бірге тіршілік ететін және ортақ мәдени-психологиялық, әрекет-қылықтық қаситтері бар ұлттық-лингвистикалық топтарды түсінеміз. Этнос туралы толық мәліметтерді Л.Н. Гумилевтың этногеографиялық, геосаяси, этнокосмогоникалық көзқарастарын қарастырған жөн.

Өткізілген анализден біз бұл түсініктердің барлығы әр түрлі масштапты болғандарымен кең көлемде саяси қозғалыста, саясатта қолданылады және саясаттың субьектісі болып келеді. Сонымен үлкен ұлттық –этникалық топтар саяси-психологиялық бөлімнің пәні екені дәлелденді.


Ұлттық-этникалық психологияның негізінде екі фактор жатыр, олар иррационалды ұлттық мінез және рационалды ұлттық сана. Осы екі күрделі фактордың қосылуынан ұлттың психикалық негізі қалыптасады. Ұлттық-этникалық психологияда негізгі немесе маңызды рөлді ұлттық өзіндік сана алады.

Ұлттық-этникалық топтар үлкен топтарға жатады. Сол себепті үлкен топтарға біраз тоқталсам деймін. Құрамында мыңдаған, тіпті миллиондаған мүшелері бар үлкен, әлеуметтік топтар саясаттың неғұрлым реалды, әрекетті субъектісі болып табылады. Үлкен әлеуметтік топтарға әлеуметтік класстар, қоғамдық сьтарттар, әлеуметтік топтар мен тұрғылықты халықтардың түрлі қабаттары.

Саяси үлкен топтар сайлауларда дауыс береді, қандайда бір лидердің, мемлекеттік қайраткердің рейтингін анықтайды. Тіпті шиелентістік жағдайларда соғысты жеңеді немесе жеңілдетеді, төңкерістерді жасайды, өздерінің еңбектерімен сол мемлекеттің экономикалық дамуын қамтамасыз етеді.

19 ғасырда үлкен топтарды екі бағытта түсіндіретін.Неміс философы К. Маркс қоғамды классатарға бөлсе, неміс социологы М. Вебер оны старттарға бөледі.

Адамның үлкен саяси топқа мүше екендігін сезінудің, оның психикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Әсіресе, сананың, идиологияның әлеуметтік-топтық нұсқалары, қандайда бір топтардың саяси әрекет-қылықтарының психологиялық ерекшеліктері жетекші іс-әрекеттерді тудырып отырады.


1   2   3   4   5   6


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет