Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Құтқару техникасы және базалық машиналар» пәнінен 050731 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған


Дәріс №11. Қысқа толқынды, ультра қысқа толқынды мобильді радиостанциялар эксплуатациясы Жалпы сұрақтар



бет15/17
Дата12.06.2016
өлшемі9.75 Mb.
#129855
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Дәріс №11. Қысқа толқынды, ультра қысқа толқынды мобильді радиостанциялар эксплуатациясы
Жалпы сұрақтар

  1. Қысқа толқынды, ультра қысқа толқынды мобильді радиостанциялар эксплуатациясы

Қысқа толқынды, ультра қысқа толқынды мобильді радиостанциялар эксплуатациясы. «Гранит Р-23» РАДИОСТАНЦИЯСЫ


МЖ УҚТ алып жүретін «Гранит Р-23» радиостанциясы (6.18-суретке қара) біртипті радиостанциялармен және осы класты радиостанциялармен симплексті байланыс ұйымдастыру үшін арналған.


6.18-сурет. «Гранит Р-23» радиостанциясының сыртқы келбеті

Радиостанция «Пальма», «Сапфир» және т.б. осы типті МЖ УҚТ радиостанциялармен радиотораптарда жұмыс істей алады, алайда «Гранит Р-23» радиостанциясының кейбір функциялары қолданылмайды, өйткені юұлар аталған ардиостанцияларда кездеспейді.

100-каналдық радиостанция 136-174 Мгц диапазонында жұмыс істей алады, сигнализациялық мүмкіндіктері кеңейтілген және сканерлей режимі бар. Радиостанцияның электрмен қоректенуі корпуста минус 12 В қуатты тоқтың үнемі келіп тұруы арқылы жүзеге асырылады.

«Гранит Р-23» радиостанциясының негізгі техникалық сипаттамасы 6.3-кестеде келтірілген.

Радиостанция келесі бөліктерден тұрады: қабылдағышпередатчик, гарнитура және антенна.

Радиостанцияның басқару мүшесі мен индикациясы 6.19-суретте көрсетілген.



6.19-сурет. «Гранит Р-23» радиостанциясының басқару мүшесі мен индикациясы


1, 2, 3, 5, 6, 7, 8-индикаторлар; 4, 9, 12, 13, 14, 15, 16 – кнопкалар; 10 – тіркеуіш; 11 – қосу қаламы және дауыс реттегіш.
Радиостанцияның іске қосылуы мен ажыратылуы және қабылдау дауысының реттелуі 11 ВЫКЛ қаламымен жүзеге асырылады (6.19-суретке қара). 1 және 6 Р сәулелідиодты индикаторлар передатчиктің бекітілген соңғы МАКС/МИН қуаттылық деңгейін көрсетеді (5 Вт/20Вт). 2 ПРД сәулелідиод хабар беру режимі қосылған кезде жанады. Сканерлеу режимі 3 СКАН сәулелідиодпен көрсетіледі. 4, 9-кнопкалар арқылы байланыс каналдары ауыстырылады. 5-индикатор радиостанция икемделген канал нөмірін көрсетеді. Қабылдау режимі 7 ПРМ сәулелідиодпен көрсетіледі. 8 БЛОК индикаторы арқылы радиостанция клавиатурасының кнопкалары блокадалауға енеді.

12-кнопка арқылы передатчиктің сыртқы қуаттылығы (5 не 20 Вт) орнатылады. ШП 13-кнопкасын басу арқыл (азуақыт басқанда) шуыдыратушы іске қосылады не сөндіріледі. ПШ кнопкасын 2-3с ішінде басып тұратын болса, клавиатура кнопкаларының блокадалануы іске қосылады не керісінше алынып тасталынады. 14ТОН кнопкасы арқылы тондық шақыру жіберу қосылады. Көпфункционалды 15 Ф кнопкасы тондық шақырушы сигналдарды таңдауға, сканерлей режимін қосуға қызмет етеді. 16 СК кнопкасы арқылы қызметтік каналға ауысу жүзеге асырылады. Радиостанцияның беткі панелінде гарнитураны манипулятормен қосуға арналған 10 МКФ тіркеуіші бар.

Радиостанцияны іске қосуға даярлау үшін радиостанцияның электрліқоректенуін 11 ВЫКЛ тұтқасын сағат тілінің бағытымен бұрау арқылы қосу керек. Бұл жағдайда радиостанция кезекші қабылдау режимінде тұрады және 5 КАНАЛ индикаторында радиостанция икемделген канал нөмірі шығады. Сигнал қабылдау кезінде 7 ПРМ сәулелідиод жанып, радиостанция қабылдау режиміне ауысады (қабылдау аяқталғаннан кейін 7 ПРМ сәулелідиод сөнеді). Хабар беру режиміне ауысу тангента гарнитурасын басу жолы арқылы жүзеге асады, сол кезде 2 ПРД сәулелідиод жанады. Радиостанцияны өшіру 11 ВЫКЛ тұтқасы арқылы жүргізіледі.

GМ-300 Радиостанциясы (Motorola)

GМ-300 тасымалдаушы МЖ УҚТ радиостанциясы біртипті радиостанциялармен және біртекті класты радиостанциялармен радиобайланыс ұйымдастыру үшін арналған; сонымен қоса «Пальма», «Сапфир» типті МЖ УҚТ радиостанциялармен радиотораптарда жұмыс істеуі мүмкін, алайда бұл жағдайда GМ-300 радиостанциясының көптеген функциялары қолданылмайды, өйткені аталған радиостанцияларда бұндайлар жоқ.

16-каналдық GМ-300 радиостанциясы біржиілік не екіжиілік симплекстегі 136-174 МГц диапазонында жұмыс істейді, алфавитті-сандық диплейі, сигналдаудың ауқымды мүмкіндіктері, сканерлеу режимі және т.б. функционалды мүмкіндіктері бар.

GМ-300 радиостанциясының негізгі техникалық сипаттамасы 6.3-кестеде келтірілген.

Радиостанция келесі негізгі бөліктерден тұрады: қабылдағыш-передатчиктен, антеннадан және микрофоннан.

6.20-сурет. GМ-300 радиостанциясының сыртқы келбеті

GМ-300 радиостанциясының басқару амалдары және индикациясы 6.21-суретте көрсетілген.

Радиостанцияның іске қосылуы мен ажыратылуы және қабылдау

дауысының реттелуі 1 тұтқасы арқылы жүзеге асырылады (6.21-суретке қара). 1, 8-кнопкалар арқылы байланыс каналдары ауыстырылады. 3 -индикатор каналдарды бақылау кезінде қосылады. 4-индикатор белсенді каналды30 іздеу кезінде қосылады. Радиостанцияның хабар беру режимімен жұмыс барысында 5-индикатор жанады және передатчик басқа радиостанциямен байланыс барысында канал бос болмай қалға жағдайда жымыңдап тұрады. Радиостанцияда дыбыстық сигналдар ішкі дауысзорайтқыш 6 арқылы шығарылады. 9, 10, 11 кнопкалар арқылы каналдарды бақылау режимі, белсенді каналды анықтау, бағдарламаланған менюдің көрсетілуі іске қосылады. Радиостанцияның беткі панелінде микрофон қосуға арналған 7-тіркеуіш бар.


6.21-сурет. GМ-300 радиостанциясының басқару амалдары мен индикациясы

1 – іске қосу тұтқасы мен дауыс реттегіш; 2, 8, 9, 10, 11 – кнопкалар; 3, 4, 5 – индикаторлар; 6 – дауысзорайтқыш; 7- тіркеуіш.

__________________

30 Белсенді канал – дәл сол уақытта радиостанциялардың бірі хабар беру режимінде тұрған радиобайланыс каналы


Радиостанцияны іске қосуға даярлау үшін радиостанцияның электрліқоректенуін 1 -тұтқасын сағат тілінің бағытымен бұрау арқылы қосу керек. Іске қосылғаннан кейін радиостанция жоғары тондық дыбыстық сигналдың берілуі арқылы өзін-өзі басқару жүргізеді. Дисплейда радиостанция икемделген канал нөмірі жанады. Каналды тексеру үшін (тыңдау) 9-кнопканы басу керек немесе ұстауыштан микрофонды алу керек: бақылау режимінде әрдайым 3-индикаторы жанып тұруы тиіс. Радиостанция жұмысқа даяр және қабылдау режимінде тұр.

Радиостанцияны хабар беру режиміне қосу үшін микрофон тангентасын басу керек. Осы арқылы 5-индикатор уақытша тангентаны жібергенге дейін қосылып тұрады, Қабылдау режимінен хабар беру режиміне ауысу немесе керісінше күйге ауысу микрофон тангентасын басу арқылы жүзеге асырылады. Радиостанцияны істен ажырату 1-тұтқаны басу арқылы жүзеге асырылады.

GМ-300 радиостанциясының қабылдау және хабар беру режимдері осындай режимдері жоқ «Сканерлеу», «Шақыру», «Жылдам шақыру», «Сайлапшақыру» және т.б. радиотораптарының түрлері үшін қарастырылған.
GМ-340 Радиостанциясы (Motorola)
GМ-340 алып жүретін МЖ УҚТ радиостанциясы біртипті радиостанциялармен және осы класты радиостанциялармен симплекстік байланыс ұйымдастыру үшін арналған; сонымен қоса «Пальма», «Сапфир» және т.б. типті МЖ УҚТ радиостанциялармен радиотораптарда жұмыс істеуі мүмкін, алайда бұл жағдайда GМ-340 радиостанциясының көптеген функциялары қолданылмайды, өйткені аталған радиостанцияларда бұндайлар жоқ.
6.22-сурет. GМ-340 радиостанциясының сыртқы келбеті
6-каналдық радиостанциясы 136-174 МГц диапазонында жұмыс істейді, сигналдаудың ауқымды мүмкіндіктері, сканерлеу режимі және шудытөмендетуші режимі және т.б. функционалды мүмкіндіктері бар, олар радиостанцияға радиобайланыстың жаңа жүйелерінде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

GМ-340 радиостанциясының негізгі техникалық сипаттамасы 6.3-кестеде келтірілген.

Радиостанция келесі негізгі бөліктерден тұрады: қабылдағыш-передатчиктен, антеннадан және микрофоннан.

Ррадиостанцияның басқару амалдары және индикациясы 6.23-суретте көрсетілген.

Радиостанцияның іске қосылуы мен ажыратылуы және қабылдау дауысының реттелуі 1 тұтқасы арқылы жүзеге асырылады (6.23-суретке қара). Сәулелідиодты индикатор 2 (солдан оңға қарай: жасыл, сары және қызыл) радиостанцияның электроқоректенуін, каналдар күйін, сканерлеу режимін, селективті шақыруды қабылдауды индикациялауға қолданылады. Индикаторлар мынаны көрсетеді: жасыл – радиостанцияның ойдағыдай қосылуын, жасыл жымыңдап тұратыны – радиостанцияның сканерлеу жүргізіп жатқандығын, қызыл – радиостанцияның хабар беру режимінде екендігін, жымыңдап тұратын қызыл – каналдың бос еместігін, сары – радиостанцияға шақырту келіп түскендігін, жымыңдап тұратын сары – шақырту жайында еске түсіру.


6.23-сурет. GМ-340 радиостанциясының басқару амалдары мен индикациясы

1 – іске қосу тұтқасы мен дауыс реттегіш; 2 -индикаторлар; 3, 5 – бағдарламалайтын кнопкалар; 4 – тіркеуіш; 6 – тангента.


3-кнопка (Р1, Р2) және 5-кнопка (1-4) байланыс каналдарын таңдауды, сканерлеу режимін қосуды және т.б. бағдарламалайды . Радиостанцияның сыртқы панеліндегі 4-тіркеуіш микрофонды қосуға қызмет етеді.

Радиостанция пайдаланушыны дыбыстық сигналдар арқылы келіп түскен шақыртулар туралы, функциялардың іске асырылуы мен керісінше істен ажыруы туралы, радиостанцияның электрліқоректенуі жайында мағлұмат береді. Ереже сай, жоғары дыбыстық сигналдар оң белгі болып табылады және олар мысалы, пайдаланушыны келіп түскен шақыртулар туралы, функциялардың іске асырылуы мен туралы, радиостанцияның электрліқоректенуінің нормалық күйде тұрғандығы жайында ақпаратпен қамтамасыз ету үшін қолданылады. Төмен дыбыстық сигналдар кері әсерін сипаттайды, мысалы, пайдаланушыны сөйлесу уақытының аяқталғаны туралы, функцияның істен шығуы туралы, электрліқоректенудің қалыпты деңгейде тұрмағандығы жайында ақпаратпен қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Радиостанцияны іске қосуға даярлау үшін радиостанцияның электрліқоректенуін 1 -тұтқасын бастырмаға дейін басу жолы арқылы іске қосу керек (6.23-суретке қара). Іске қосылғаннан кейін радиостанция өзін-өзі тестілеу жүргізеді. Өзін-өзі тестілеу ойдағыдай аяқталғаннан кейін радиостанция жоғарытонды сигнал береді және 2-жасыл сәулелідиод және қосылған каналдың кнопкалары астындағы индикатор (Р1, Р2, 1-4) жанады. Дауысты 1-тұтқаны бұрау жолымен реттеу керек. Радиостанция жұмысқа даяр және қабылдау режимінде тұр. Хабар беру режиміне ауысу үшін 6-тангентаны басып, микрофонға сөйлеу керек. Хабар беру кезінде тоқтаусыз қызыл индикатор жанады. Қабылдау режимінен хабар беру режиміне ауысу немесе керісінше күйге ауысу 6-тангентасын басу арқылы жүзеге асырылады.

Егер де радиостанция өзін-өзі тестілеуден өтпей қалған жағдайда, жоғары/төмен тондық сигнал естіледі, және де радиостанция сөндірілгенге дейін қызыл сәулелідиод жымыңдап тұратын болады.

Канал таңдау сәйкестендірілген бағдарламаланған кнопкалар (Р1, Р2, 1-4) арқылы жүзеге асырылады, оның салдарынан сол кнопкалар үстінде орналасқан сәулелідиод жануы керек.
.Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. «Гранит Р-23» радиостанциясының басқару мүшесі мен индикациясы

  2. GМ-300 радиостанциясының басқару амалдары мен индикациясы

  3. GМ-340 радиостанциясының басқару амалдары мен индикациясы


Дәріс №12. Хабарландыру және байланыс құралдарын басқару жүйесі
Жалпы сұрақтар

  1. Хабарландыру және байланыс құралдарын басқару жүйесі


Радиобаланыс жүргізудің ережелері мен тәртіптері. Радиостанциялардың техникалық қызмет көрсетуі

Байланыс тәртібі – радиотораптарда МӨҚҚ жеке құрамының хабар алмасуды жүргізудің бекітілген тәртіптерін орынды және нақты орындауы болып таболады. Ол хабарласуды жүргізу және оны тіркеу, байланыс құрылғыларын көшіруді белгілейтін талаптарды дұрыс орындауды және белгіленген орны бойынша орындалған бақылауды орнатуды, байланыс орнатудың ережелерін орындауды нақты көрсетеді. Хабар алмасу қысқа болуы шарт.

Байланыс тәптібін бұзуға мыналар жатады: жариялауға жатпайтын мәліметтермен алмасу, жеке сипаттағы хабар алмасу, өз шақырушысын атамаған радиотілшілермен хабар алмасу, шақырушы және жұмыс жиілігін жариялау.

Техникалық құрылғылардың үнемі әрекетке даярлығын тексеру мақсатында радиобайланысты тексеру жүргізіледі. Радиобайланысты тексеру шақыру және шақыруға жауап қайтару жолдары арқылы жүзеге асырылады. Байланыс сапасы бес балдың жүйе арқылы бағаланады. 5 – өте жақсы байланыс (кедергілер естілмейді, сөз анық), 4 – жақсы байланыс (кедергілер естіледі, сөз анық), 3 – қанағаттанарлық байланыс (кедергілер қатты естіледі, сөз анықтылығы жеткіліксіз), 2 – қанағаттанарлықсыз байланыс (кедергілердің жоғарылығы соншама, соның арасында сөздің нақтылау алу қиын), 1 – қабылдау мүмкін емес.

Жаман естілу және естілу анық болмаған жағдайда ауырайтылатын сөздер әріп бойынша жіберіледі, ал әрбір әріп келесі кестеге сәйкес жеке сөздер арқылы жіберіледі:


А

Анна

Л

Леонид

Ц

Цапля

Б

Борис

М

Михаил

Ч

Человек

В

Василий

Н

Николай

Ш

Шура

Г

Григорий

О

Ольга

Щ

Щука

Д

Дмитрий

П

Павел

Э

Эхо

Е

Елена

Р

Роман

Ю

Юрий

Ж

Женя

С

Семен

Я

Яков

З

Зинаида

Т

Татьяна

Ы

Еры

И

Иван

У

Ульяна

Ь

Мягкий знак

Й

Иван краткий

Ф

Федор

Ъ

Твердый знак

К

Константин

Х

Харитон







Радиобайланыс орнату мына форма арқылы жүзеге асырылады: «Ангара! Мен Сокол!Жауап беріңіз», «Сокол! Мен Ангара! Қабылдаңыз!»

Хабар алмасу қажет болған жағдайда шақырушы абонент байланыс орнатылғаннан кейін мына форма арқылы жібереді: «Ангара! Мен Сокол!Хабар қабылдаңыз!»(ары қарай мәтін айтылады), «Мен Сокол! Қабылдаңыз!». Хабарды қабылдау туралы жауап мына форма арқылы жіберіледі: «Сокол! Мен Ангара! (хабар мәтіні қайталанады), Мен Ангара, қабылдаңыз!»

Оператор байланыс аяқталғанын мына сөздермен жеткізеді: «Байланыс аяқталды». Хабар жіберу асықпай, нақты, ұғынықты жүргізілуі тиіс. Ьолық дауыспен сөйлеу қажет, бірақ айғаймен емес, өйткені айғайдан хабар жіберу нақтылығы мен анықтылығы бұзылады.

Барлық радиостанциялар өздеріне қаралатын жиілік каналдарда ғана жұмыс істеулері тиіс. Радиоторап қызметінің тіршілік әрекетін ұзарту мақсатында каналға енуден басқа жағдайларда басқа жиілік каналдарға енуге, олармен жұмыс жасауға тыйым салынады.

Шақыратын радиостанциялар тағайындалады. Зорлықпен шақыруды қолдану үзілді-кесілді тыйым салынады. Радиотілші хабар жіберуді бастамас бұрын өз передатчигінің жиілігінде сол жиілік басқа абонент жүйесімен бос еместігіне тыңдау жолы арқылы көзін жеткізіп алуы тиіс.

Екі радиостанция арасындағы радиоалмасуға тек басты радиостанцияларға және өрт немесе апат орнында қосымша күш шақыру үшін ғана және өрт нөмірінің жоғарылауын жеткізу үшін жұмыс істейтін радиостанцияларға ғана кедергі жасауға болады.

Радиостанцияларға техникалық қызмет көрсету (ТҚ) олардың техникалық және пайдаланымдық сипаттамасын сақтап қалу мақсатында жүргізіледі.

Техникалық қызмет көрсетудің ауқымы мен жиілігін орындау іс-шаралары техникалық қызмет көрсетуге арналған арнайы нұсқаулықтармен анықталады.

Өрт қызметінде техникалық қызмет көрсетудің келесі аралық жиілігі орнатылған: №1 ТҚ – күн сайынғы, №2 ТҚ – әр апта сайынғы, №3 ТҚ – тоқсан сайынғы, №4 ТҚ – мезгілдік.

№1 ТҚ үзіліссіз қызмет ететін немесе бір тәуліктен аспайтын үзіліспен жұмыс істейтін радиостанцияларда кезекшілікті қабылдап алу және өткізу кезінде жеке құрамы арқылы жүргізіледі және келесі негізгі жұмыстардың атқарылуын қарастырады: корпустың жай-күйін тексеруден тұратын ішкі бақылау, яғни онда сызық, тесік, мыжықтың жоқтығы, сырты мен бояуының зақымдалмағандығы тексеріледі; ауыстырғыштардың жай-күйі, жазулар мен белгілердің анықтылығы; тіркеуіштердің, байланыс клемінің, индикаторлардың, гарнитурасының күйі; корпустағы шаң мен ласты корпусты ашпай-ақ тазалау жолы арқылы радиостанцияның тазалануы; барлық бекітілулер мен біріктірулердің беріктілігін тексеру; пайдалану режиміндегі радиостанцияның жұмысқа қабілеттілігін тексеру.

№2 ТҚ үзіліссіз немесе бір тәуліктен артық үзіліспен жұмыс істейтін радиостанцияларда сол радиостанция бекітілген жеке құраммен жүргізіледі.

№2 ТҚ радиостанцияларда келесі негізгі жұмыстардың атқарылуын қарастырады: №1 ТҚ ауқымындағы жұмыстарды; блок пен монтажды ашпай-ақ біріктіруші тіркеуіштердің байланыстарын қажет болған кезде тазалық жүргізілуін тексеру; блоктың ашылуынсыз айналмалы элементтердің майлануын, аппаратураның барлық режимдерде жұмыс істеу қабілеттілігін тексеру.

№3, №4 ТҚ радиостанцияларда кәсіби техникалық дайындықтарды талап ететін іс-шаралардың орындалуын қарастырады. №3, №4 ТҚ ауқымындағы жұмыстар өрт күзеті байланысы қызметкерлерінің мамандарымен жүргізіледі.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Радиобаланыс жүргізудің ережелері мен тәртіптері.

  2. Радиостанциялардың техникалық қызмет көрсетуі


Практикалық сабақ №1 Жабдықтар мен саймандар.

Сабақтың жоспары: Құтқарушылар қажет болған жағдайда құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті құрал жабдықтардың маңызын, түрлерін білулері қажет.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1

Жабдықтар мен саймандар нақты жағдайға байланысты тандалады. ІҚЖ сәтті болуы құтқарушылардың материалдық – техникалармен жабдықталуына тікелей байланысты. Байланыс құралдары өзінің ұйғарылған қызметіне барынша сәйкес келетіндей болып тандалуы тиіс. Алыс қашықтықта байланысты қамтамасыз ету үшін стационарлы радиостанцияларды, ал тікелей жұмыс орнындағы байланысты жүргізу үшін тасымалданатын ра­диостанцияларды қолданады. Радиотәртіпті эфирде ұстау үшін барлық келіссөздер қысқа, айқын және анық болу керек.

Құтқарушылардың жабдықтануына жарық және дабылдың дыбыстық құралдары: ракеталар, фонарлар, дабылдар, ысқырықтар кіру қажет. Қажетті ақпаратты алуға, (жол туралы анықтама, метеорологиялық мәліметтер мен болжам алу және т.б.) өкіметтің жергілікті органдарының әкімшілік көмегі, басқа ұйымдармен өзара әрекеттесу мәселелеріне ІҚЖ көлікпен (өздерінің көліктері болмаған кезде) қамтамасыз ету жатады. Таудағы ІҚЖ – на туристер, тау шаңғышылары, спелеологтар, әскери қызметкерлер және жергілікті тұрғындар араласуы мүмкін. Әдетте оларға арнайы керек – жарақпен қамтамасыз ету мен физикалық дайындықты та­лап етпейтін болмашы міндеттер жүктеледі.



Құтқарушылардың жабдықталуына қойылатын талаптар

Жұмыстың әр алуан түрлері, олардың орындалу шарттары, ТЖ әртүрлі айрықша әсерінің ықпал етуі, уақыттың тапшылығы құтқарушы­лардың жабдықталуына, соның ішінде ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын қорғау құралдарына, саймандарға, механизмдерге, тетіктерге және көліктерге де жоғары талап қояды. Олар келесі:



  • қауіпсіздік, сенімділік, көп профилділік;

  • жабдықталуға қолайлылық жасау;

  • барлық жағдайда жұмысқа қабілеттілік;

  • құтқарушылардың психофизиологиялық мүмкіндігіне сәйкес келу сиякты талаптарды қанағаттандыру керек.

ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын құрал – саймандардың, көліктердің, механизмдер мен қорғау құралдарының шамамен мыңға жуық атаулары бар толық тізбелерінің болуы қажет. Олардың ішіндегі төменде көрсетілгендері жиі қолданылады.
№1 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

  1. Жабдықтар мен саймандар

  2. Құтқарушылардың жабдықталуына қойылатын талаптар

  3. ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын қорғау құралдарына қойылатын талапта

Практикалық сабақ №2 Түйіндер
Сабақтың жоспары: Құтқарушылар қажет болған жағдайда арқанға қажетті түйінді бай­лау үшін, мүмкіндігінше түйіндердің көп түрін білулері қажет.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2

Ұстайтыннан басқа кез келген түйіннің, өзі байланған жердегі арқанның беріктігін төмендентеді. Соның есесінен үзеңгі түйінде орташа төзімділік 40%-, ілгектеп байлауда шамамен 25%. Арқанның қанаттағы, яғни бүктей отырып шиелеп байлаудағы (мысалы, карабиндағы) төзімділігі, шамамен 30%, статикалық беріктіктен төмен. Туризмдегі, альпенизмдегі, спелеологиядағы, шыңға өрлеу жұмыстарындағы және биіктегі жұмыстардың негізінде теңіз түйіндері жатыр. Теңіз түйіндерінің көбін, олар шамамен төрт мыңға жуық, әдетте босату үшін пайдаланады. Бұл түйіндер тауда жүргізілетін ІКЖ – ның әр кезеңінде қолданылады.



Таудағы қозғалысқа байланысты қолданылатын түйіндер 3 топқа бөлінеді:

  • өзін – өзі сақтандыруға арналған түйіндер (түйіндеп байлау, айқастыра байлау, жол көрсетуге т.с.с);

  • негізгі түйіндер (байланыстыруға арналған арқан);

  • арнайы түйіндер (көмекші);

Тәжірибе жүзінде түйіндерді білу дұрыс байланбаған немесе тез байлай салған түйіндер қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін. Кұтқарушы түйіндерді жылдам және қолайсыз жерде де (ілініп тұрып немесе сақтандыруға, тар жердегі жартаста немесе мұзда) бірден ойланбастан – ақ, «моторлы» түрде байлауды есіне сақтап алуы керек; сондықтан байланатын түйінге мән берген және уақыт бөлген жөн; мұндай тәжірибеге тұрақты дайындық жасау арқылы жете алады.

Жылжымайтын түбін (соны, айнала байланатын) түйіннің түпкі ұшы деп атайды, ал байлану процесінде қозғалатын жағы (сол, байлайтын жағы) түйіннің жұмысшы ұшы деп аталады. Ауыртпалық түсетін ұшын жүк тасушы деп атайды.

1-сурет. Қарсы түйіндеу. Тегіс лентаны байлауға арналған. Бір лентамен қарапайым тексеруші түйінді байлайды, содан кейін келесі лентаның ұшын оған қарсы қойып өткізіп, түйінді түзулеп байлайды. Қарсы түйіннің үйкелісі күшті болғандықтан қарсы лентадан тексеру түйінін қажет етпейді. Жұмыр жіптерде мұндай түйінде үйкелу айтарлықтай аз, сондықтан оларға қарсы түйін қолдану ұсынылмайды.


2 – сурет. Тегіс түйін (теңіздегі). Байланатын арқанды біркелкі диаметрмен байлау ұсынылады. Түйіннің тұрақты соңы ілмектеп байланса, түйіннің жұмысшы соңында ілмектің арты мен төменгі жағы ілмектен суырылып келесі жаққа шығады. Түйін міндетті түрде жазылады және ақырын тартылады. Қысқа және ұзын соңы түйіннен шығып, бір – біріне қарсы бақыланған түйінге байланады.

3 – сурет. Шкотты түйін. Әр түрлі диаметрдегі арқан байланады. Алдымен жіптің үлкен диаметрінде кіші диаметрлі жіп өткізілетін ілмек жасалады; түйіннің жұмысшы соңы дөңгелек ілмекті айналдыра іліп түйінді аяқтайды. Осы түйіннен кейін өте ұқыпты түрде жөнделіп және мықтап тартылады, міндетті түрде тексеру түйіні байланады.



4 – сурет. Брамшкотты түйін. Байланатын арқандардың диаметрлері әр түрлі, Алдымен ол шкотты түйінді байлау тәрізді бай­ланады; бірақ жұмысшы ұшымен ілгекті тағы да бір рет айналдырып, одан кейін жұмысшы ұшымен ілгектер арасынан жібереді; түйінді ұқыпты түзетіп және тартады, міндетті түрде бақылау түйіні байланады.



5 – сурет. Грейпвайн түйіні. Байлауға диаметрі бірдей арқан қолданылады. Барлық басқа түйін сияқты, грейпвайн түйінді тек 5% босатады. Лентаға байланғандар, керісінше, оларды осы орында екі рет нығайтып бекітеді. Түйін айтарлықтай күрделі, оны байлаған кезде қате жібермеуді талап етеді.



Түйіннен және сол жақ арқанмен жүйелі түрде байланатын екі орта (жарты) түйіндерден (түйіннің жұмысшы соңы 10-20 см) тұрады. Жарты түйінді байлау кезінде тек бір арқанның ұшы жұмыс істейді. Түйінді бай­лау тәсілі тоқыма байлауына ұқсас. Түйіннің байлау жүйелілігі:



  • екі арқан бір – біріне қарама – қарсы жатқызылып, оң жақтағы арқанды сол жақтағы арқаннан жоғары қойып байлайды;

  • оң жақтағы арқанның ұшы сол жақтағы арқанның басынан өзіне қарай 90° бүгіліп жатады,

  • ұшы төмен қарай тартылып, екі арқанды да қамтиды және осы орамның ұшы оң жақтағы арқан орамына қосылып. соңы қайтадан өзіне қарай бүгіледі;

  • ұш жақтарын тағы да оң жақтағы арқанға қоса отырып, ұшы тағы да төмен қарай жіберіледі, екі арқанды бірдей қамти отырып, түйін екеуінде аяқталады;

  • сол және оң жақ арқандармен жасалған қатар жыраларға сол жақтағы арқанға қарай екі арқанның ұшы да түсіріледі, сөйтіп жарты түйін түйіледі;

Екінші орта түйін де осыған ұксас байланады;

  • сол жақтағы арқанның ұшы оң жақтағы арқанның басынан өзіне қарай 90° бүгіледі;

  • екі арқанның ұшын орай отырып, дайын орта түйінге қарай өткізіп байланады;

  • екі арқанның да ұштары тағы да төмен жіберіледі және ұштарын дайын жартылай түйінге қоса отырып, екі арқанды да қамтиды, қамту сол және оң жақ арқанның ұштарын біріктіре орамға кіргізіп, байлаумен аяқталады;

  • сол және оң жақ арқандармен жасалған параллелді жыраларға екі арқанның ұшы да түсіріледі, сөйтіп жарты түйін түйіледі;

  • арқаннан тартып, жарты түйіндерді бір – біріне жылжытамыз. Грейпвайн түйіні тексеру түйінін қажет етпейді. Күшпен мықты байланса оңай шешіледі. Шешілу кезінде бір – бірінен тез тартылады. Бір жарты түйін шешілгенде келесі түйін әлсіреп, келесі екінші жарты түйіннің арқанына күш түсіп. түйін тарқатыла бастайды.

6 – сурет. Сегіз типтес түйін. Диаметрлері бірдей арқандарды байлау үшін қолданылады. Байламның бірінші кезеңінде қарама – қарсы айқас бір «бос» байламнан тұрып, бұл қарама – қарсы айқас түйіннің жұмысшы ұшымен тексеріледі. Көп үйкелудің арқасында түйін сенімді және тексеруші түйінді қажет етпейді, тегіс бауларға қолданса да болады.

7 – сурет. Жол бастаушының түйіні. Сақтандыру және өзін – өзі сақтандыру үшін қолданылады. Арқанның соңы байланып, релефке немесе адамдарды сақтандыру жүйесіне бекітіледі, баулар және темір арқандардың ұштарында, сақтану үшін қолданылады. Байлану әдісі:



  • арқанның ұшы ілмектеніп, бұл ілмек өзіне - өзі таңылып, «ілмектегі ілмек» болып байланады.

  • жұмысшы ілмек түбірді айналып, екінші ілмектен 180° бұрылып, арқан суырылып байланады. Басқа түйіндерден жол бастаушы түйінінің айырмашылығы арқан ұшы бір байламмен бекітіледі. Жол бастаушы түйіні оның үйкелісі онша үлкен болмағандықтан, міндетті түрде тексеру түйінін қажет етеді

8 – сурет. Сегіз типтес түйіні. Айқас түйіні жол бастаушының түйіні

сияқты қолданылады және бақылаушы түйінді қажет етпейді. Байламның алғашқы кезеңі жол бастаушының түйіні сияқты бай­ланады, бірақ, жұмысшы ұшы толық айналым жасайды, яғни 360°, сол тесіктен алынады. Жол бастаушының түйініндей бір байламмен аяқталуы мүмкін.


9 – сурет. Қосарланған өткізгіш түйін («қоян құлақтар»). Қолданыста, түйіннен екі ілмек алынып репшнурдың карабинде күрке бауларын қысуға арналған, зақымданғандарды тасуға арналған құтқару жұмыстарында түйіннен ілмек шығарылып қолданыла­ды. Бірінші байлану кезеңі жол бастау­шының түйініннің басқы байламына ұқсайды, бірақ, ілмектен қосарлы арқан алынады, содан кейін ілмектен үлгідегідей «ққлақтар» таңылып, түйін тар­тылады. Бұл байламды арқаннан қайта айналдырудан аулақ болыңыз.

Қосарланған жол көрсетушінің түйіні өте ыңғайлы және де түйінде көп үйкеліс орын алады, сондықтан тексеру түйінін қажет етпейді. Ауырлық басым болған жағдайда қатты тартылады.



10 – сурет. Ұстап тұратын түйін («прусс»). Тік немесе еңкеймелі өткелдердегі қозғалыстарда, сақтану үшін қолданыла­ды. Міндетті түрде үлкен диаметрлі арқанға кіші диаметрлі арқанды байлауға арналған.

Бірінші кезеңде түбір ұшына (үлкен диаметрлі) жұмысшы ұшына ілмекпен бір айналым жасайды; екінші кезеңінде - екінші рет айналым жасайды; үшінші кезеңде – түйін түзетіліп тартылады. Салбыраңқы бостау кезінде арқанмен еркін қозғалуға болатын болса, ал қатты салмақ түссе тартылып, қозғалыс тоқтатылады. Түйіннің байламы бір ұшымен аяқта­луы мүмкін.

11 – сурет. Ұстап тұратын австри-лық түйін (симметриалық емес, қиғаш). Жекеленген және дымқыл ар­қанмен, негізінен ұстайтын арқандар онша сенімді емес жұмыстарда қолда­нылады және тек қана бір жағына салмақ түсіру кезінде жұмыс істейді. Орамдардың көп жерінде қолданылады. Бір ұшымен байланған, қарапайым ұстап тұрушы түйіннен айырмашылығы, бір жағына көп орам жасалады.



12 – сурет. Булинь түйіні (орап байла­натын). Арқанды рельефке бекіту үшін не­месе адамды байлау (Абалакова белбеуі немесе сақтандыру жүйесі болмаса) үшін қолданылады. Арқанның еркін ұшы кеудені ораған екі ілмектен алынады және 60 см шамасында арқан көтеріліп жай ілмек байланылады.



13 – сурет. Үзеңгі тектес байлау түрі (шалма). Егер рельефке арқанды бекіту үшін оны бір ұшымен байласа, аяқтарға тіреу ретінде пайдаланылады. Түйін тез тартылатын бір – біріне қарама қарсы бағытталған екі түйіннен тұрады, сондықтан ілмектер өзін өзі сақтандыру және аралық сақтандыру үшін қолданылады. Түйінді тар­ту кезінде түйін қатты тартылады, ал түйінді карабиннен ағыту кезінде өзінен – өзі босайды, бұл уақыт үнемдейді. Жүгі ауыр болса немесе су болса, арқан қатты ширайды, оны жазу мүмкін емес. Түйінді бір ұшынан байлау кезінде үзеңгіге бақылаушы түйін міндетті түрде қажет.



14 – сурет. Бахмана түйіні («өмірдің барлық қажетіне керек түйін»). Үзеңгіге көтерілгенде, полиспасты тарту үшін қолданылады. Теңіз жұмыстары мен мұз басқан арқанда жұмыс істеуде таптырмайды, су таскыны кезінде өткелге қолайлы, жүк тасуда және байланған арқанмен көтерілуде, құтқару жұмыстарында қолайлы. Карабинде диаметрі аз жіптерден ілгектерді ағытып оларды диаметрі үлкен арқанның ұзын жағына қадайды, содан кейін ілгекпен карабиннін айналасына 3-4 айналым жасайды; оған ілгекті әр жолы қадаған сайын, пайда болған түйінді түзетеді. Карабиндегі ілгекті жоғары жылжытуға болады, ал жұлқи тартқан кезде түйін созылады. Жүктен кейін түйін жеңіл босайды.




15 – сурет. Буып - қысу түйіні. Рельефке жіпті бекіту үшін қолданылады. Жұмысшы ұшымен ағаш немесе тас және түпкі ұшын орайды, жіптің неге бекітілгенін, орнын түпкі ұшы қайда оралғанын анықтағаннан кейін, бірнеше «ширатпа» жасалады, яғни жұмысшы ұшы жіпті айнала бірнеше қайта оралады.


16 – сурет. Таңбалау түйіні. Жіпті бумалап алғаннан кейін жіпті таңбалау үшін пайдаланылады. Жіптің бір ұшынан ілмек жасайды, екінші ұшымен бумаланған жіпті 4-5 рет айналдырады да содан кейін ілмекке кіргізіп оны тартады.


17 – сурет. Сенімділігі жоғары өткізгіш түйін. Айқастырып түюге қандай да бір себептермен сенімсіздік танытқан жағдайда пайдаланылады. Түйін екі жартылай түйіннен тұрады. Алдымен басы бұғалыққа ұқсайтын, бірақ жұмысшы ұшы тар­тылатын ілгекті байлайды содан кейін осы ұшымен бір жартылай түйін байланады. Жартылай түйіндер бірімен бірі өзара тар­тылады, ал ілгек қажетті мөлшерге кеңейеді.


18 – сурет. Тесікті (тік) түйін. Жүк байланған жіпті авариялық тоқтатуға, оны тез және сенімді нығайтуға арналған. Жіптің бір ұшын карабиинін жанынан екінші ұшымен айналдырады, пайда болған ілгектен орайтын жіптің ұшы өткізіледі де түйін тартылады. Тіпті оған сондай ауыр жүк ілінген күннің өзінде, жеңіл байланады және тез шешіледі. Түйіндер аса сенімді болу үшін, бақылаушы түйіндердің орнына қысқыштармен бекітілуі мүмкін.


№2 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

  1. Таудағы қозғалысқа байланысты қолданылатын түйіндер.

  2. Түйіндердің түрлері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет