Өрт сөндіру кемесі. Кемелерде және порт аймағындағы өртті сөндіруге арналған кеме. Ол арнаулы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады. ӨСК-нде суды лафеттік оқпанға айдайтын сорғы бар. Сорғы кемеқозғалтқышы немесе арнайы жетекпен жұмыс істейді. Сорғы сағатына 1000 м3-ге дейін су айдай алады. Су атқыш лафеттік оқпан кеменің тұмсық жағына не кормасына орнатылады. Лафеттік оқпандар алыстан басқарылады. ӨСК-нде көбікті от сөндіргіш заттар толтырылған ыдыстар болуы себепті танкерлер мен жағалаулардағы мұнай қоймаларында шыққан өртті сөндіруге де болады.
Өрт сөндіру сатысы. Өрт сөндіру сатысы (ӨСС) – өрт болып жатқан үйдің үстіңгі қабатына өрт сөндірушілерді және құралдарды шығаруға әрі ол жердегі адамдарды өрттен құтқаруға арналған ұзын саты. ӨСС-ның қол саты, автомобильдік және орнықты саты деп аталатын түрлері бар. Қол сатысы жиналмалы және аспалы болады. Жиналмалы қол сатысы созылған кезде 10 метірге дейін ұзарады. Автомобильдік ӨСС (ұз. 16, 30 және 45 метірге дейін жетеді) және иінді автокөтергіш (18 не 30 м биіктікке дейін көтереді) деп екіге бөлінеді. ӨСС-ның жоғары иініне су атқыш лафеттік оқпан орнатылады. Орнықты ӨСС әр үйдің сыртына орнатылады.
№7 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
-
Өрт сөндіру автомобилі
-
Өрт сөндіру техникалары
Практикалық сабақ №8 Хабарландыру және байланыс құралдарын басқару жүйесі
Сабақтың мақсаты: Хабарландыру және байланыс құралдарын басқару жүйесімен танысу.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №8
Байланыс – бұл нақты ұйым мен іздестіру – құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жедел өткізудің маңызды элементі. Байланыстың ең негізгі бір түрі радиобайланыс болып табылады. ТЖ аймағына жылжу кезінде ол KB және УКВ радиостанциясы командалық – штабтық машинасымен немесе басқа көлік құралдарымен жөнделеді.
Радиохабарды өткізу тәртібі алдын ала белгіленіп, экипаж, станция, байланыс операторлары мен басқа да тартылған мамандарға жеткізіледі. ІҚЖ өткізу кезінде тораптар мен байланыс станциялары, ереже бойынша, бір дегеннен, сонымен қоса барлық элементтер бір уақытта құрастырылады. Тораптар мен байланыс станцияларының орналасуы мен инженерлік жабдықталуы:
-
байланыс құралдары мен жеке құрамды ТЖ – ның зақымдаушы әсерінен қорғауды;
-
талап етілген байланысты уақытында орнатуды және басқару пунктінің лауазымды тұлғаларына жеткізуді;
-
байланыс құралдарының пайдалануға қолайлы болуын;
-
ТЖ зақым келтіру факторларының қауіпі төнген кезде жылдам көшіру мүмкіндігін;
-
байланысты жедел басқару мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.
ТЖ аймағында тораптар мен байланыс станцияларының жылдам әрі ширақ орналасуын қамтамасыз ету үшін, бұйрық жеке құрамға аймаққа көшер алдында беріледі, олар келгенде болған жағдайға сәйкес анықтай алады.
Байланыс тораптары мен олардың элементтерін орналастыратын орынды тандау кезінде ұйымдар мен радио – радиожелілік және сым байланыстарының шарттарын, байланыс құралдарын орналастыру мен оларды күзету мүмкіндіктерін ескеру керек.
Радиобайланыс радиобағыт және радиожелісі арқылы тәулік бойы немесе сеанс бойынша жүзеге асырылады. Пайдаланылатын қысқа толқынды радио байланыстың негізгі түрі – бір полюсті модуляция тәртібіндегі телефон (БПМТ). Ультрақысқа толқынды радио байланыстың негізгі түрі – модуляциялық жиілік тәртібіндегі телефон. (ЖМТ).
Сым құралдарымен байланыс бағыт бойынша және ось бойынша өрістеп отырады. Алғашқы ұйымдастыру, ереже бойынша, бөліктерді, жеке бөлімшелерді қосу және далалық кабель желілерін жүргізуді басқару пункттері арасында болады. Екіншісі – бірнеше басқару пункттері арасында бір кабелді желілер бойынша ұйымдастырылады. Негізінен сымдық телефон байланысы қолданылады.
ІҚЖ кезінде құтқарушылар мен басшылар арасындағы байланыстардың үзілмеуі үшін мобильді және тасымалданушы радиостанциалар қолданылады. Ауруханалармен және басқа ұйымдармен, сонымен қатар, едәуір қашықтықта орналасқан күштермен байланыс үшін, ұялы телефон байланысы, сондай – ақ СВ және УКВ диапозонды радиостанциялар пайдаланылады.
Жұмыс түрлерінің көптігі, олардың орындалу шарттары, ТЖ – ның әртүрлі қысылтаяң – ерекше факторларының әсері, уақыт тапшылығы құтқарушылардың жабдықталуына, соның ішінде ІҚЖ жүргізу кезінде қолданатын қорғану құралдарына, құрал – саймандарға, көлік құралдарына жоғары талап қояды.
№8 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
-
Хабарландыру және байланыс құралдарын басқару жүйесі
-
Сым құралдарымен байланыс
-
Радиохабарды өткізу тәртібі
Емтихан сұрақтары
-
Құтқару техникасы және байланыс құралдарының мәні.
-
Қазақстан Республикасының транспорттық жүйесінің бірлігі.
-
Автомобиль транспорты, олардың эксплуатациялық көрсеткіштері
-
Іздеу-құтқару және апаттық құтқару құралдары
-
Жол – жерқазу құралдары
-
Жүк көтергіш құралдар
-
Сумен және электрмен қамтамасыз ету құралдары
-
Кіші механизация құралдары
-
ТЖ байланысты ұйымдастыру мен басқарудың сенімділігін қамтамасыз ету жолдары
-
Қысқа толқынды, ультра қысқа толқынды тасымалданатын радиостанциялар эксплуатациясы
-
Қысқа толқынды, ультра қысқа толқынды мобильді радиостанциялар эксплуатациясы
-
Хабарландыру және байланыс құралдарын басқару жүйесі
-
ТЖ аймағын материальды техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру
-
Радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық зардап кезінде транспортпен қамтамасыздандыруды ұйымдастыру
-
Қауіпті жүктерді тасымалдау
-
Желілік хабарласу, байланыс құралдарының негізгі техникалық көрсеткіштері.
-
Жабдықтар мен саймандар
-
Түйіндер.
-
Таудағы қозғалысқа байланысты қолданылатын түйіндер
-
Құтқарушылардың жабдықталуына қойылатын талаптар
-
ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын саймандар
-
ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын механизмдер, машиналар
-
ТЖ кезіндегі такелажды жұмыстар
-
Такелажды жұмысты орындау үшін негізгі жүк көтеретін құралдар
-
Такелажды жұмыстар кезіндегі қауіпсіздік ережелері
-
Жүктерді орау
-
Такелажды жұмыс кезіндегі белгі дабылы
-
Шұғыл радиостанциялар
-
Радиотолқындар түрінің топтастырылуы
-
Радиобайланысты ұйымдастырудың принциптері
-
Шұғыл радиостанциялардың техникалық сипаттамасы, жинақтық құрылымы және жұмыс принциптері
-
Автокөліктік радиостанциялардың негізгі техникалық сипаттамасы
-
Тасымалдаушы радиостанциялар
-
«Виола-Н» РАДИОСТАНЦИЯСЫ
-
«Сигнал-402А» радиостанциясының қабылдағышпередатчигі мен манипуляциясы индикациясының сәулелік мағынасы
-
«Гранит Р-33П-1» РАДИОСТАНЦИЯСЫ
-
Транспорт туралы негізгі түсініктер
-
Құрлыс жүктерін тасымалдау ерекшеліктері.
-
Транспорттың жіктелуі.
-
Қауіпті жүктерді тасымалдау ерекшеліктері.
-
Жолаушы тасымал транспортының жіктелуі
-
Ультра қысқа толқындағы радиостанцияларды пайдалану шеңберлері
-
Транспорт жұмысына әсер ететін жағдайлар.
-
Р-105м, Р-107м радиостанцияларының құрлысы, жұмыс принципі, пайдалану көрсеткіштері
-
Жүкті тиеп-түсіру жұмыстарының элементтері.
-
Байланыс құралдарын басқару жүйелері. Оларды күту, пайдалану жолдары.
-
Жүкті тасымалдау технологиялары.
-
ТЖ кезінде материалдық қамтамасыз етуді жоспарлау.
-
Автомобиль трансрортымен жүкті тасымалдау технологиясы.
-
Транспорттық жұмыстарды атқаруға қажетті техниканы жоспарлау.
-
Темір жол транспортымен жүкті тасымалдау технологиясы.
-
Техниканы күту, жөндеудің маңызы, олардың түрлері.
-
Радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық зардап кезінде транспортпен қамтамасыздандыруды ұйымдастыру.
-
Әуе транспортымен жүкті тасымалдау технологиясы.
-
Өзен, теңізтранспортымен жүктерді тасымалдау технологиясы.
-
Жер сілкінісі жағдайын үнемі бақылаудың жолдары.
-
Т-57 байланыс құралының құрылысы, негізгі техникалық көрсеткіштері.
-
Құтқару, шұғыл жұмыстарды атқаруға, қалпына келтіру жұмыстарын атқаруға техниканы бөлу, оны басқару жолдары.
-
Көлік туралы ұғым.
-
Жүкті тиеп-түсіру жұмыстарының элементтері.
Достарыңызбен бөлісу: |