Есту органдарын қорғайтын жеке қорғаныс құралдары. Кейбір авариялық құтқару жұмыстардың түрлері ( пневмо –құралдармен, монтажды пистолет және т.б.) айтарлықтай шумен қоса жүреді. Есту органдарын қорғайтын жеке қорғаныс құралдарына шуға қарсы каскалар мен тығындар жатады.
Теріні қорғайтын жеке қорғаныс құралдары. Теріні қорғайтын жеке қорғаныс құралдары (ТҚЖҚҚ) қорғау қызметі бойынша оқшаулағыш және сүзгіш болып екі топқа бөлінеді. Оқшаулағыш құралдардың матералдары газ бен сұйықтықтардың өтуіне жол бермейтін арнайы қабатпен (пленкамен) қапталған. Жаз уақытында мұндай оқшаулағыш киімде жұмыс істеу кезіндегі шамадан тыс қызып кетуді болдырмау үшін төмендегі кестеде көрсетілген жұмыс істеу уақытын қатаң сақтау керек.
Теріні қорғауға арналған қолда бар құралдар. Теріні қорғауға арналған қолда бар құралдар ретінде қарапайым, су өтпейтін плащтар мен жабулар, сондай – ақ калың әрі мықты материалдан жасалған пальтолар, мақталы күртешелер және т.б. Аяқты қорғау үшін резина етіктер, ботылар мен галоштарды пайдалануға болады. Егер олар жоқ болса, аяк киімді қалың қағазбен орап, сыртынан матамен қаптап тастау керек. Қолды қорғау үшін қолда бар барлық резеңке немесе теріден жасалған қолғаптарды пайдалануға болады.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
-
Қорғаныс ғимараттары.
-
Қорғаныс ғимараттарында болу тәртібі
-
Жеке қорғаныс құралдары және олардың түрлері.
-
Жеке қорғаныс құралдарын қолдану тәртібі
Дәріс №14. Зақымдану ошақтарындағы құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар
Жалпы сұрақтар
-
Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздері.
-
Төтенше жағдайлардың салдарын жою.
Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздері. Халықты құтқарудың негізгі әдістері. Халықты қазіргі заманғы қырып жою құралдарынан және төтенше жағдайлар кезіндегі апаттардан құтқаруы ұйымдастыру мен іске асыру, оның зардабының әсерін азайту немесе кісі өлімін азайтуға бағытталған қорғаныс шараларын іске асыру әдістерінің ролі ерекше.
Халықты құтқарудыңдың негізгі әдістері мыналар:
-
қорғаныс ғимараттарына жасыру;
-
халықты таратып қоныстандыру және көшіру;
-
жеке және дәрігерлік қорғаныс құралдарын пайдалану;
-
дер кезінде хабарландыруды ұйымдастыру;
-
азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық зақымданудан қорғау;
-
радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлау мен дозиметрлік және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;
-
өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу;
-
зақымдау аймақтарындағы ұйымдарға жұмыспен халықтың өзін-өзі ұстау режимдерін сақтау;
Қорғаныс ғимараттарына жасыру - халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе әуе шабуылынан, сол сияқты қауіпті жағдайдан қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі.
Әуеден шабуыл, химиялық, радиациялық, биологиялық зақымдану қауіпі туғандағы құтқару жұмыстары.Әуеден шабуыл болғанда радиоактивтік немесе химиялық зақымданғанда – біріншіден АҚ штабынан қауіптер туралы хабар түседі. Төтенше жағдай кезінде адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізу үшін әскери емес жасақшылар тобы құрылады.
- барлау топтары – 15-16 адамнан тұрады .
- қоғамдық тәртіп қорғау топтары
- санитарлық дружина -25 адам
- санитарлық бекеттер -2-3 адам
- құтқарушы топтар 30-35 адам
- бірнеше өрт сөндірушілер топтары, әрқайсысында 4-5 адам .
Ядролық зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары. Ядролық зақымдану ошақтарының жағдайларына, қираған мекемелердің, коммуналды энергетикалық және технологиялық қондырғылардың радиоактивтік зақымдану деңгейлерінің және басқа әсерлер мен жағдайлардың жұмыстар жүргізгендігі тигізетін келеңсіз жақтарын реттеу жұмыстары АҚ басшысы мен жасақтаушы командирінің ұйымдастыруымен басқарылады
Қозғалыс жүргізу жұмыстарын жүргізгенде бір жақты қозғалыс үшін биіктігі -1мм, ені -3-3.5м, жол ашса, ал екі жақты қозғалыс үшін ені -6-6.5м эксковаторлар жол ашып, өрт сөндіргіш машиналармен біруақытта жұмыс атқара отырып өрт сөндіріледі. осындай жұмыстардың артынша дереу іздестіру құтқару жұмыстарын қолмен немесе кіші механизация құралдарын қолданумен іске асырады. Құтқарылғандарға алғашқы көмек көрсетіледі.
Табиғи төтнеше жағдайлардағы апаттық-құтқару жұмыстары. Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері- орасан зор. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі бар: жер слкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты табиғи апаттар жиі болып жатады Жер сілкінісі кезінде зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Жеңіл үйіндінің астында қалғандарды тез арада босатып, балалардың, ауруларды, қарттардың қауіпсіздігіне назар аударылады. Ғимаратқа кірер алдында баспалдақтың, қабырғаның қауіпінің бар-жоқтығына назар аударылады. Адамдарды құтқарудың ең қиыны жанып жатқан мекемелерден қауіпсіздік шараларын сақтай отырып алып шығу.
Халықты, аумақты және шаруашылық объектілерінің ықтимал жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар мыналарды қамтиды:
Сейсмологиялық бақылау менжер сілкінісінің болжамының республикалық жүйесін дамыту; сейсмикалықаудандастыру сапасын жақсарту; сейсмикалық төзімді ғимараттарды жобалау және салу; халықтың сейсмикалық білімін жақсарту; басқару; хабарлау және байланы042-14-6-02.1.20.18-2007с жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру; дамыту және қолдау; жер сілкінісі кезіде Азаматтық қорғаныс күштерін тарту және тұрақты дайындықта ұстау.
Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының өзге де шараларға жер сілкінісі салдарын жою жоспарына сәйкес өзге де шараларға басшылық жасау.
Сел қаупіне тап болған адамға қолда бар барлық құралдармен көмек көрсету керек.Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ, арқан, сырық, шынжыр болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне біртіндеп жақындата отыра, тасқынның бағыты бойынша шығару керек.
Сел қауіпі кезінде көшіруге қатысушы адамдар қауіпті жерлерден қарттар мен балаларды, өз бетінше жүре алмайтын адамдарды шығарады. Еңбекке қабілетті бүкіл халық тоғандарды нығайтуға, кедергілер құруға, ағызғыш каналдар қазуға міндетті. Егер сел апатына елді мекен ұшыраса, онда іздеу-құтқару жұмыстарына әзірлеген жоспары бойынша жұмыс жүргізетін әртүрлі құтқару бқлімшелерінің айтарлықтай күштері мен құралдары таратылады.
Қар көшкіні қауіпі кезінде тауға шығу қажетті жағдайда кезек күттірмейтін жұмыс үшін, атап айтқанда құтқару жұмысы үшін тік жартастан, оның ең биік бөлігіне немесе жартасқа жақын тар жерден өту қажет. Бұл беткейді шамалы сілкінтеді . Зардап шегушіні қазып алғаннан кейін оның бетін ің алдын боскеңістіктің бар жоғын немесе бетіне қардың қатып қалмағандығын анықтау қажет. Бірден жүректің соғысы мен құрсақтың қысылу дәрежесін тексеру керек.
-
ауызбен мұрындағы қарды кетіріп «ауызға ауыз» немесе «мұрынға ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыруды жасау қажет.
-
бір уақытта зардап шегушіні қйықтау қапшығына салып жылыту керек.
Дауылдан кейінгі негізгі жұмыстар
-
зардап шеккендерді іздеу, жаралыларды ғимарат үйінділерден шығару;
-
жанып жатқан және жартылай жанған ғимараттардан адамдарды құтқару ;
-
зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемесіне жеткізу;
-
шыққан өртті сөніру;
-
өндіріс объектілеріндегі, коммуналдық энергетикалық желелердегі аварияларды жою.
Найзағай соққан кездегі көмек көрсету әдістері:
Көмекті кешіктірмеуге қажет. Жасанды тыныс алу мен жүректі сылау ды бір минуттан артық тоқтатпай, зардап шегушіге өлім белгілері ашық байқалғанша жалғастыру қажет.
Су тасқынынан сақтандыру және оны азайту жөніндегі шаралар.
Елді мекендердегі тасқын кезіндегі қауіпсіздік көп жағдайда оның алдында жүргізілген сақтандыру жұмыстарымен қамтамасыз етіледі. Ескерту жұмыстарының тұтас жүйесі бар: судың басылуы күтілетін аумақтағы тасқын судың арнасын бұру; су қоймасы, бөгет, тосқауыл тұрғызу, жағаны биіктету, су түбін тереңдету, ғимараттар мен үй жайларды судан оқшауландыру қондырғысын қою, құтқару құралдарын жасау және даярлау. Құтқару жұмыстары кезінде халық ұстамдылық сақтап құтқарушылар талаптарын қатаң орындауға тиіс.
Төтенше жағдайлардың салдарын жою.
Төтенше жағдай салдарын жою төтенше жағдай аумағында және оған жататын аудандарда барлаудың барлық түрлерін және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу қамтиды. Сондай-ақ төтенше жағдай салдарын жою күштерінің құрамын және зардап шегуші халықтың тіршілігін қамтамасыз етеді. Төтенше жағдайды жоюды ұйымдастыру оның сипатымен көлеміне байланысты.
Төтенше жағдайды жоюдың негізгі ұйымдастырушысы - төтенше жағдай бойынша комиссия атқарушы орган немесе экономика нысанын басқару органының функцианалдық құрылымы.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай бөлімшелері атқарушы биліктің органы болып табылады. Азаматтық қорғаныстың күнделікті жүргізу және бақылауға арналған және іс-шараларды орындау. Белгілі ведмоствалық ауданда мүмкін болатын төтенше жағдай туралы жорамал мәліметтерді пайдалана отырып Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай бөлімі төтенше жағдайды жою жоспарын құрады. Ол мынаны қарастырады:
-
апаттық аймақтың қысқаша сипаты( зақымдану ошағы) ;
-
төтенше жағдайды жоюдағы қолданылатын күштер мен құралдар;
-
жұмыс реттілігі;
-
төтенше жағдай аумағында қоғамдық тәртіп сақтау ережелері;
-
медициналық шараларды ұйымдастыру;
-
қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
-
басқаруды ұйымдастыру;
-
материалдық техникалық сұрақтарды қамтамасыз ету:
Көптеген жағдайларда төтенше жағдайларды жою төтенше жағдайлардың жедел қимылдауына байланысты Бұл жетекшілік және күнделікті басқару органдарының ТЖ пайда болуының ақпаратыалына салысымен бірлесіп қызмет етуіне тәуелді.
Төтенше жағдай комиссия төрағасы ТЖ көлемі және сипаты бойынша мәліметтерді пайдаланып негізгі міндеттерді, құралдар мен күштерқұрамын, жеке құрам қорғанысын, адамдарды құтқару тәртібін көрсететін шешім шығарады.
Апат аймағынан сенімді ақпараттар алу үшін маман химиктер, инженерлер, дәрігерлер, өрт сөндірушілерден құралған кешенді барлау ұйымдастырылады. Радиациялық және химиялық барлау бөлімшелері радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану мөлшерін анықтайды. Инженерлік барлау бөлімшелері жолдардың, ғимараттардың коммуналды энергетикалық желілердің, үйінді түрлерін және сипатын бағалайды. Жұмыс көлемін және қажетті инженерлік техниканы анықтайды. Өрт сөндіру тобының барлау бөлімшелері өрт жағдайын- тұтас және жеке өрттер бөлігін,өрт сөндіру әдістерін, су көздері орындарынанықтайды. Медициналық барлау бөлімшелері санитарлық – гигиеналық жағдайларды, зардап шегушілер жатқан жерлерді табады. Оларға көрсетілетін медициналық көмек көлемін анықтайды. Қажеттілік туындағанда инфекция таратушы қоздырғыштарды зертханада анықтауға арналған үлгілер алатын маман- эпидемиологтарды бөлімшеге қосады. Ауылшаруашылығы өндірісінің нысандарында барлау жүргізгенде фитосанитарлық бақылау мамандары және ветеринарлар шақырылады
Төтенше салдарын жоюда апаттық құтқару және басқа да қалпына келтіру жұмыстары кезінде сараптамасын жүргізу сатылап жүргізіледі және қысқа уақытта ретпен жүргізіледі.
Бірінші сатысында нысандар және халықты жедел қорғау мәселесі жүргізіледі және дайындық жасау қарастырылады. Ең алдымен халыққа және жұмысшыларға ТЖ туралы ескерту жүзеге асырылады.
Екінші сатысында негізгі міндет құтқару жұмыстарын тікелей жүргізу жүзеге асырылады. Сонымен қатар бірінші саты міндеттері қоса жүргізіледі. Алғашқы тәртіпті қорғаныс мекендеріне жолдар салу жүргізіледі. Жергілікті шамалы үйінділерде жол сынықтар мен қалдықтарды тазалау арқылы салынады. Жлдар ,өткелдер салу үшін қолда бар механика, автокрандар, бульдозерлер қолданылады. Жол салу жұмыстары аяқталғаннан кейін өрт болып жатқан жердегі өртті сөндіру және адамдарды іздестіру құтқару жұмыстары, қорғаныс мекендерін тауып, оларға таза ауа жіберу жұмыстары жүргізіледі.
Газдан құтқару отрядтары газға толған нысандармен мекендергде жұмыс жүргізеді. Ең алдымен газ жолы табылып, шығу себептерін анықтайды, құтқару жұмыстарын жүргізеді.
Химиялық ластануда ҚХЗ таралуын шектеу мақсатында, топырақ, және топырақ асты суларының ластанбауы үшін келесі әдіс-тәсілдер пайдаланылады:
-
төгілген затты тасымалдау;
-
ҚХЗ таралуына бөгет жасау;
-
ҚХЗ табиғи үңгірлерге жинау.
Әртүрлі органдардан және арнайы кешендік барлаудан алынған мәліметтер негізінде төтенше жағдай бойынша комиссия төрағасы жағдайды бағалап шешім қабылдайды.
АҚҚ мен құрамалары қызметінің негізгі принциптері мыналар:
Төтенше жағдай туындаған кезде адамдардың өмірін құтқару мен олардың денсаулығын сақтау қ.о. қорғау міндеттерінің бақылауын көздейтін ізгілік пен қайырымдылық.
Төтенше жағдай жою жөніндегі құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізудің міндеттілігі.
АҚҚ мен құрамаларында дара басшылық құтқару жұмыстары мен шұңыл жұмыстарды жүргізу кезінде өзін-өзі ақтайтын тәуелділік жөніндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету. АҚҚ мен құрамаларының төтенше жағдай жедел назар аударуға және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге ұдайы әзірлігі.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
-
Халықты құтқарудыңдың негізгі әдістері
-
Табиғи төтнеше жағдайлардағы апаттық-құтқару жұмыстары
-
Әуеден шабуыл, химиялық, радиациялық, биологиялық зақымдану қауіпі туғандағы құтқару жұмыстары
-
Төтенше жағдайлардың салдарын жою
Жарақаттанған_және_зақымданған_кездегі_алғашқы_медициналық_көмек_көрсету_Жалпы_сұрақтар'>Дәріс №15. Жарақаттанған және зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету
Жалпы сұрақтар
-
Жарақат, сыну, қан кету, буын шыққан кезіндегі алғашқы көмек көрсету түрлері
Жарақат, сыну, қан кету, буын шыққан кезіндегі алғашқы көмек көрсету түрлері
Жарақат – сыртқы факторлардың әсерінен ұлпа тұтастығының бұзылуы. Жарақат механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, психикалық болады.
Соғып алу – тері жарақатынсыз жұмсақ ұлпалардың механикалық бұзылуы. Соғып алған жер ауырады, іседі, қан жиналып қалады. Кеуде торын соғып алған кезде тыныс алу бұзылады. Ішті соғып алу бауырдың, көкбауырдың, асқазанның жарылуына, іштей қансырауға алып келуі мүмкін. Басты соғып алу бас сүйек – ми жарақатын тудырады.
Жаралар – механикалық әсер ету салдарынан тері мен шырышты қабақ тұтастығының бұзылуы, ағза жасушаларының зақымдануы. Жаралар шаншылған, соғылған, кесілген, оқтан болған, шағып алынған болып бөлінеді. Жаралармен ауру, қан кету, жарақаттанған ағза қызметінің бұзылуымен қатар жүреді және инфекциямен асқынып кетуі мүмкін.
Алгашқы көмек. Артериалды қан кету кезінде оны уақытша тоқтату бойынша іс – шаралар жүргізіледі. Жарадан киім қалдықтары мен бөгде заттарды алып тастау керек. Жара айналасындағы шашты қайшымен қию. Жара айналасындағы теріні спиртпен немесе зеленкамен (1% жасыл бриллиант ерітіндісі) залалсыздандыру керек. Жеке қапшықтан алынған мақта дәке таңғышымен орау (жараға бірнеше залалсыздандырылған сулық қойып, оларды залалсыздандырылған матамен жауып, сыртынан бинтпен орап тастауға болады). Бастағы таңғыштың берік болуы үшін торлы дәкені пайдаланған ыңғайлы. Егер жарақат терең болса жарақатталған дене мүшесін қозғау керек: қолды шаршы орамалмен денеге таңып тастау керек, ал аяқты танғыш қалақпен таңып тастау керек. Денемен қарындағы жараны таңғыш – жапсырғыш сипаттағы таңғышпен тану керек (сулықты бинтпен немесе лейкопластрьмен бекіту). Егер жара қатты ауырса, промедолдың 2% ерітіндісінен 1-2 мл бұлшық етке немесе есірткілі емес тыныштандыратын дәрі егу керек.
Қан кету – алғашқы көмек. Қан кету – қан тамырлары жарылу кезіндегі қан тамырларынан қанның ағуы. Қан кету соққы алу және қандай да бір аурудың себебінен орын алады. Осыған орай жарақаттық және жарақаттық емес қан кету деп бөлінеді. Қан тамырларының зақымдану түріне қарай қан кету: артериалды, веналық, тамшылық және аралас болуы мүмкін. Артериалды қан кету кезінде аққан қан ақшыл қызыл түсті болады, қатты шашырап ағады. Веналық қан айтарлықтай қара және жарақаттан көп мөлшерде тоқтаусыз ағады. Тамшылық қан кету кезінде қан жараның барлық бөлігін қамтиды. Аралас қан кету артериалдық және веналық қан кетудің белгілерімен сипатталады. Көп қан жоғалтқан адамның денесін суық тер басып, әлсіреп, басының айналғандығына шағымданады, басын көтергенде көзі қарауытады, аузы кебірсиді. Тамыр соғысы жиілейді, бірақ қанның жүруі азаяды. Алгашқы көмек. Зардап шеккен адам өмірін сақтап қалудың басты тәсілі – қан кетуді дер кезінде тоқтату. Ең қарапайым тәсіл – артерияны жанамалап саусақпен қысу, яғни жара аймағында емес, жарадан жоғары қарай сүйек жанынан немесе артынан қысу.
Бас жарасынан қан кету кезінде самай артериясын бас бармақпен құлақ қалқанының алдынан басу. Беттегі жарадан қан кету кезінде астыңғы жақ артериясын астыңғы жақтың бұрышына қарай басу. Жалпы ұйқы артериясын алдыңғы жағынан көмей сыртынан басу. Саусақпен басуды омыртқаға қарай жүргізу керек, оған қоса ұйқы артериясы мойын омыртқасының көлденең өсінділеріне қарай басылады. Бұғана асты артериясын бұғана үстіндегі щұңқыр астынан бірінше қабырғаға қарай басу керек. Тізе асты артериясын сирақ пен аяқ ұшы жараларынан қан кеткен кезде тізе асты шұңкыры аймағында қысу.
Аяқ ұшының сыртындағы артерияны аяқ ұшынан қан кеткен кезде ол жататын сүйекке қарай қысу керек. Саусақпен қысу қан кетуді сол мезетте тоқтатуға мүмкіндік береді. Бірақ қандай да бір күшті адам болмасын тек 10 - 15 минуттан артық қысып тұра алмайды, өйткені оның қолы шаршап, қысу күші әлсірейді. Осыған байланысты төмендегі тәсіл өте қажет, өйткені бұл тәсіл қан тоқтатудың басқа да тәсілдерін қолданғанға дейінгі уақытты ұтуға көмектеседі.
Аяқ пен қолдың тамырларынан артериалды қан кету кезінде артерияны қысуды басқа да жолдармен жүргізуге болады: білек артериясынан қан кеткен кезде шынтақтың бүгілген жеріне екі байлам бинт қойып, қолын шынтақ буынын барынша бүгу; шынтақ пен аяқ ұшы үшін де соны істеу – тізе асты аймағына екі бума бинт қойып, аяқты барынша бүгу.
Артерияны қысқаннан кейін қан тоқтататын бұрау қоюға кірісу керек. Ол қалың резеңке түтіктен немесе ұзындығы 1,0-1,5 м лентадан тұрады. Лентаның бір ұшына күршек, ал екінші ұшына металл бау болады. Теріні зақымдап алмау үшін бұрауды киімнің сыртынан таңады немесе бұрау қоятын жерді бинтпен, орамалмен және т.б. орау керек. Резеңке бұрауды созылған бетінде аяқ – қолға орайды. Бұрауды бір – екі рет айналдырып, арасында тері қалмайтындай етіп орау керек. Бұраудың ұшын бау мен күршектің көмегімен байлау керек. Бұрау жоқ болған жағдайда, қолда бар құралдарды, мәселен, резеңке түтікті, белдікті, галстукты, бинтті, бет орамалды пайдалануға болады. Аяқ – қолды жгутпен орағандай етіп немесе ағаштың көмегімен бұрау жасауға болады. Жіңішке немесе қатты заттарды пайдалануға болмайды, өйткені ұлпалар мен нервтер зақымдалуы мүмкін.
Егер жгутты дұрыс қойған жағдайда қан кету сол мезетте тоқтайды, ал аяқ – қолдың терісі бозарады. Аяқ – қолдың қаншалықты қысылғанын жгуттан төмен орналасқан қандай да бір артерияның соғысынан байқауға болады: тамыр соғысының жоғалуы артерияның жаншылып қалғандығын білдіреді. Аяқ – қолда жгутты 2 сағатқа (қыста далада болса 1 сағатқа) қояды, тоқтату өйткені ұзақ уақыт қысып тұрған жағдайда жгуттан төменгі бөлік жансызданып қалуы мүмкін. Жгутқа уақыты көрсетілген қағаз қыстырып қою керек.
Білек пен иықтан қан кеткен кезде Аяқты барынша бүгу арқылы қан
артерияны саусақпен қысу кетуді тоқтату
Егер жгут қойылғанына 2 сағаттан асып кетіп (қыста 1 caғ.), зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілмеген жағдайда, жгутты қысқа мерзімге шешу керек. Мұны екі адам бірігіп отырып істеу керек: бірі – жгуттан жоғары артерияны саусақпен қысып тұрып, екіншісі – аққан қанның артерияда пайда болған тромбты жарып жібермейтіндей етіп, жгутты ақырын босатуы керек. Жгутты 3 – 4 минутқа босатып, содан кейін алғашқы тұрған орнынан жоғары қарай таңу керек. Жгут тағылған адамды үнемі бақылауда ұстау керек. Егер жгут бос тағылса, артерия толық қысылмайды да қан кету жалғаса береді. Жгут тағылған аяқ пен қолдың бөлігі қанға толып, қан кету одан қатты күшке ие болуы мүмкін. Қан толып кеткендіктен аяқ пен қолдың терісі көгеріп кетеді. Егер аяқ пен қолды қатты қысып жіберсе, ұлпа мен нерв зардап шегіп, жгут тағылған дене мүшесі сал болып қалуы мүмкін. Жгутты қан тоқтағанға дейін ғана тағу керек, одан артық тағуға болмайды.
Сынықтар – алғашкы көмек. Сынық – сүйек тұтастығының кенеттен бұзылуы. Сынықтар ашық және жабық болады.
Ашық сынықтар – кезінде сынған жерде жара болады және сынған жер сыртқы ортамен қатынаста болады. Жиі естен тану, қан жоғалту, инфекцияның түсуі салдарынан өз кезегінде адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Алгашқы көмек. Сынған жердегі жараға залалсыздандырылған таңғыш таңу керек. Тыныштандыратын дәрі егу. Сүйек сынықтарын саусақпен жараға қарай түзетуге үзілді – кесілді тыйым салынады. Егер көп қан кететін болса, бұрау қою керек. Зардап шеккен адамды емдеу мекемесіне шалқасынан жатқан күйінде тасымалдау керек.
Жабық сынықтар – кезінде сынған жерде жара болмайды. Жабық сынықтардың өзіне тән сыртқы пішіні сүйек тұттастығының бұзылуы мен сынған жерде «сатының» пайда болуы болып табылады. Қалыптан тыс қозғалу, ауырсыну, сынықтың сықырлауы, icy байқалады.
Алгашқы көмек. Сынған жерді қимылсыз қалдыру, таңғыш қалақ таңу, тыныштандыратын дәрі егу, зардап шеккен адамды емдеу мекемесіне жеткізу. (Таңуды киімнің сыртынан жүргізу керек.)
Бас сүйектің зақымдануы. Басынан (немесе омыртқасынан) зақым алған адамдарда сал болу, сөздің бұзылуы, есте сақтаудың қиындығы, сондай – ақ психикалық ауытқулар сияқты физиологиялық немесе неврологиялық сипаттағы өзгерістер болуы мүмкін. Ал кейбір зардап шеккен адамдар өмір бойы мүгедек болып қалулары мүмкін.
Өлімге немесе мүгедектікке алып келетін бастың немесе омыртқа жарақаттың кейбір салдарын дер кезінде және дұрыс жасалған алғашқы көмек – тоқтатуы мүмкін.
Бас сүйек негізінің сынуы. Басты кезеңде құлақтан, мұрыннан қан ағады, басы айналады, есінен танады. Ал өте кеш жағдайда көз ұясына қан құйылып, мұрны мен құлағынан жұлын сұйықтығы ағады.
Алгашқы көмек. Зардап шеккен адамды арқасымен жатқызып, тыныс алу жолын сілекей мен құсықтан тазартып, дем алуы бұзылған жағдайда қолдан дем алдыру; егер құлағы мен мұрынынан қан немесе жұлын сұйықтығы ағатын болса, аз уақытқа тығындап, дереу ауруханаға жеткізу керек.
Бас миының шайқалуы ең алдымен жабық бас сүйек – ми жарақатында орын алады. Ол әр түрлі ұзақтықтағы естен танумен көрінеді, адам бірнеше қас қағым сәтке немесе бірнеше минутқа дейін есінен тануы мүмкін. Есін жиғаннан кейін адамның басы ауырып, жүрегі айниды, кейде құсады. Зардап шеккен адам жарақатқа алып келген жағдайды есінен шығарады. Беті бозарып немесе қызарып кетеді, тамыр соғысы жиілеп, жалпы әлсіздік пайда болады. Алгашқы көмек Зардап шеккен адам аз уақытқа есінен танса да зембілге жатқызу керек. Ми шайқалған немесе соғылған кездегі ашық бассүйек – ми жарақаты кезінде таңғыш тану керек.
Достарыңызбен бөлісу: |