ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені



бет4/6
Дата13.06.2016
өлшемі0.53 Mb.
#134123
1   2   3   4   5   6

Негізгі ұғымдар: мінез, мінез бітістері, жағымды, жағымсыз, кішіпейілділік, қарапайымдылық, өзін-өзі сынай алу, талап қоя білушілік, өр-көкіректік, мақтаншақтық, жасқаншақтық.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Мінез дегеніміз не?

2.Мінез бітістері дегеніміз не?

3.Мінездің құрылымын ашыңыз.

4.мінез және темпераменттің байланысын ашыңыз.

5.Мінездің қалыптасу механизмін анықтаңыз

Әдебиеттер:



      1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993.-236-254 беттер.

      2. Тәжібаева Т. Жалпы психология.-А., 1995.-229-232 беттер.

      3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.-А., 1995.

      4. Немов Р.С. Психология. Т-1.М., 1998.-405-427 беттер.

      5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., -620-634 беттер.

      6. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997.-174-222 беттер.


Тақырып. Қабілет.

Дәріс жоспары:



  1. Қабілет туралы түсінік.

  2. Жалпы және арнайы қабілет.

  3. Нышан және қабілет.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Қабілет  қоғамдық және жеке адамдық зор мәнге ие. Экономика мен ғылымның, өнердің дамуында әлеуметтік объективтік жағдайлармен қатар адамдардың  қабілеттері  де маңызды орын алады Қабілетті адамның жетістігі — оның нервтік психикалық қасиеттері комплексінің іс-әрекет талаптарымен сәйкес келуінің нәтижесі болып табылады. Кез келген іс-әрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол адамның психикалық және физикалық қуатына әр түрлі талап қояды. Егер жеке адамда бар қасиеттер жүйесі осы талаптарға сай болса, онда іс-әрекетті табысты, әрі жоғары дәрежеде орындай алады. Егер осындай сәйкестік болмаса, онда индивидте  қабілет  болмағаны.

Қабілет  әр кезде де жеке адам қасиеттерінің синтезі. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды. Қабілеттіліктің өлшемі- белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады. Қабілеттің дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады.

Қабілеттердің  құрылымы жеке адамның дамуына тәуелді.  Қабілеттердің  дамуын репродуктивтік және творчестволық деп аталатын екі деңгейге бөледі.  Қабілет  дамуының бірінші деңгейіндегі адам білім игеруде, іс-әрекетті меңгеруде, оны белгілі үлгіде жүзеге асыруда жоғары іскерлік көрсетеді. Қабілеттің дамуының екінші деңгейінде адам жаңа, соны туынды жасай алады.

Қабілеттің дамуы мен көрінісінің ең жоғары деңгейі «талант», «дана» деген терминдермен аталады. Талантты және дана адамдар практикада, өнерде, ғылымда зор қоғамдық мәні бар нәтижелерге жетеді. Қабілетті осындай деңгейлермен қоса оның бағыт-бағдарына, мамандық ерекшеліктеріне қарай түрлерге бөлу қажет. Әдетте, психологияда осы бағытта жалпы және арнаулы  қабілеттерді  зерттейді.

Жүйке жүйесінің кейбір анализаторларының ерекшеліктері де туысынан пайда болады. Мұны физиологиялық нышан деп аталады.

Физиологиялық нышан қабілеттің дамуында белгілі орын алады. Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам өмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық деп атаймыз.

Қабілет адамнан әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілет көп жағдайларда бірге болады. Себебі адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділігіне орай қалыптасады. Бейімділік- адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңіл аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Нағыз бейімділік адамның әрекетке тек құшарлығы ғана емес, оны нәтижелі етіп орындауында.



Негізгі ұғымдар: қабілет, икемділік, нышан, талант, дарындылық. данышпандық, арнайы қабылет, жалпы қабілет.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Қабілет дегеніміз не?

  2. Нышан дегеніміз не?

  3. Қабілеттің түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз.

  4. Дарындылық түсінігін ашыңыз.

  5. Талант, данышпандылыққа анықтама беріңіз

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993.-254-266 беттер.

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995.-232-235 беттер.

  3. Алдамұратов Ә. Жалпы психологи. –А., 1995.

  4. Немов Р.С. Психология.Т-1. М., 1998.-373-394 беттер.

  5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., -535-551 беттер.

  6. Столяренко Л.Д. Основы психологии. –М., -154-156 беттер.


Модуль 4. Даму психологиясы және психикалық жас дамуының кезеңдері.

Тақырып. Даму психологиясы пәні.

Дәріс жоспары:

1. Даму психологиясының пәні туралы түсінік.

2. Даму психологиясы пәнінің міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы.

3. Даму психологиясының зерттеу әдістері.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Даму психологиясы – психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні – адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылары психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жасөспірімдер психологиясы, геронтопсихология даму психологиясының тармақтары болып табылады. Даму психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын, т.б. зерттейді.

Даму психологиясының салалары. Жасына, жас шамасына қарай даму барысы деген не? Бұл сұраққа жауап адамның психикалық даму табиғатын түсінудегі жалпы қарым-қатынасқа байланысты болады. Айтылып жүрген көзқарастардың біреуі даму сатыларының өзгермейтіндігін, абсолютті болатындығын дәлелдеуге келіп саяды. Жас жөніндегі мұндай ұғым психологиялық дамуды табиғи биологиялық процесс деп түсінумен байланысты. Қарама-қарсы көзқарас жас даму білім мен дағдылардың жәй жинақталуы ретінде ғана қарастырылады.

Кеңес психологиясы жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп, П. П. Блонский мен Л. С. Выготский бұл тұжырымдамаларды одан әрі қарай дамытты. Тарихи даму процесінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады және бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер етпей қоймайды.

Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л. С. Выготский жас шағы дамудың белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызы дамудың жалпы циклінде алатын орнымен және дамудың жалпы заңдарының одан әр кез өзіндік көрініс табуымен анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде бұрынғы кезеңдерде болмаған жаңа құрылымдар пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.

Даму ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаға тікелей әсер етпейді. Ортаның қайсы бір элементтерінің қандай да бір бұрын дамыған қандай да бір психологиялық қасиеттер арқылы өтетініне байланысты әр балаға объективті түрліше әсер етеді. Осы сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы жастың өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды да, ал олардың арасындағы қарым-қатынас өзгерісі келесі жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігі мен ерекшеліктеріне сабақтас келеді.

Сонымен, жас шағы оның дамуының сол кезде қойылатын талаптар мен тіршілік жағдайларының ерекшеліктерімен, оның айна- ласындағылармен қарым-қатынас ерекшелігімен, балаланың жеке басының психологиялық құрылымы дамуының деңгейімен, білім мен ойлануының даму дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады.

Адамның дамуын айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің, тәсілдердің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды.

Адамның өмір сүру ерекшелігіне байланысты, психикалық даму ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдерін былай топтастыруға болады:

1) нәрестелік кезең (туғаннан 1 жасқа дейін);

2) бөбек кезең (1 жастан 3 жасқа дейін);

3) мектепке дейінгі кезең (3 жастан 7 жасқа дейін);

4) бастауыш мектеп кезеңі (7 жастан 11 жасқа дейін);

5) жеткіншек кезеңі (11 жастан 15 жасқа дейін);

6) жоғары сырып кезеңі (16 жастан 17 жасқа дейін);

7) жасөспірімдік кезең (17 жастан 20 – 23 жасқа дейін);

8) жастық шақ (20 жастан 30 жасқа дейін);

9) кемелдік кезең (30 жастан 55 – 60 жасқа дейін);

10) қартаю кезеңі (60 – 70 жас аралығы);

11) кәрілік кезең (70 – тен жоғары).

Даму психологиясы педагогикалық психологиямен тығыз байланысты. Педагогикалық психологияның пәні оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу. Мектепке дейінгі балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылар психологиясы, жеткіншектер, жасөспірімдер психологиясы даму психологиясының бөлімдері, ал оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, мұғалімдер психологиясы – педагогикалық психологиясының бөлімдері болып табылады. Даму психологиясы психологияның басқа да салаларымен жас ерекшелік физиологиясымен, гигиенасымен, анатомиямен және т. б. байланысты.

Даму психологиясының зерттеу әдістері. Бақылау - бала психикасының дамуын дәлелдейтін фактілерді тіркеуі сипатына күнделік жазу болады. Лабораториялық эксперимент – табиғи экспериментке ғана жол береді. Оқу-тәрбие процесі жағдайында жүргізілген табиғи эксперимент – оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін жеке адамның қалыптасыу ерекшеліктері мен жеке адамдар арасындағы қатынастарды тәжірибешінің табиғи жағдайға жақын әлеуметтік ұйымдастырған зерттеуге мүмкіндік береді. Егіздер әдісі – оның мәні – бір жұмыртқадан өрбіген егіздердің психикалық дамуын бақылаулар мен эксперимент жағдайларында салыстырып көру. Зерттеуші психиканың қалыптасуының нақ сол сәттегі психологиялық ерекшеліктерін білуге тырысқан кезде бала психикасының дамуын көлденең кесу әдісі арқылы зерттей алады. Бірнеше қайталанатын мұндай кесулер бірқатар сыналушылар жөнінде мағлұмат алуға көмектеседі. Кейде психологтар бір сыналушының өзін, оның психологиясындағы, елеулі өзгерістерді жүйелі тіркей отырып, ұзақ уақыт (кейде бірнеше жылдар бойы) зерттейді. Мұндай зерттеу бойлай зерттеу деп аталынады. Әңгімелесу, іс-әрекет нәтижелерін талдау, тест және т.б. түрлерін қамтитын сан алуан нақтылы зерттеу методикаларын кең қолданады. Нақтылы психологиялық методикалардың молдығы мен сан алуандылығы қазіргі жас ерекшелігі психологиясының күрделі теориялық әрі практикалық мәнді проблемаларын шешуді қамттамасыз етеді.



Негізгі ұғымдар: жас ұғымы, жас кезеңдері нәрестелік кезең, бөбек кезең, мектепке дейінгі кезең, бастауыш мектеп кезеңі, жеткіншек кезеңі, жоғары сырып кезеңі, жасөспірімдік кезең, жастық шақ, кемелдік кезең, қартаю кезеңі, кәрілік кезең, әдіс, әңгімелесу, бақылау, лабораториялық эксперимент, егіздер әдісі, лонгитюд әдісі, тест.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Даму психологиясы нені қарастырады.

2. Даму психологиясының әдістеріне анықтама беріңіз.

3. Даму психологиясының басқа ғылымдармен байланысын ашып көрсетіңіз

Әдебиеттер:



    1. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А.В.Петровский редакциясымен. А,1997.

    2. Солодилова О.П. Возрастная психология – в вопросах и ответах. М, 2005.-3-9 беттер

    3. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. М, 2001.-32-43 беттер.

    4. Хрестоматия по возрастной и педагогической психологии. Под.ред. И.И.Ильясова, В.Ляудис. М, 1995.



Тақырып. Психиканың дамуының жас заңдылықтары мен мәселелері.

Дәріс жоспары:



  1. Баланың психикалық дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлардың ролі.

  2. Психикалық дамыту және үйрету.

  3. Жас шағы кезеңдері және психикалық дамуды кезеңге бөлу.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Балалардың дамуы көптеген жағдайларға байланысты. Бала психологиясы психикалық дамуға әсер ететін барлық жағдайларды тауып, санап шығаруға ұмтылып қана қоймай, сонымен бірге олардың әсері неде екенін, осы жағдайлардың әрекетімен бала дамудың бір кезеңінен екіншісіне қалай өтетінін анықтайды. Демек, баланың табиғи қасиеті, психикалық қасиеттер тудырмай-ақ оның жасалуына қажетті шарттар құрайды. Бұл қасиеттер өздері әлеуметтік мұраның арқасында пайда болады

Бала өзіне жаңа бағыттаушы іс-әрекетті игере бастағанда, ол ішкі емес, сыртқы формамен орындалады – байқау қимылдары, затты бір-бірімен салыстыру, олардың орнын ауыстыру т.б. арқылы нәтижеге қол жеткізеді. Сөйтіп сыртқы іс-әрекет іштей іс-әрекетпен ауысады. Мұндай іс-әрекеттердің қайнар көзі сыртқы бағыттаушы іс-әрекеттер болып табылады. Сыртқы іс-әрекеттің осылайша ішке ауысу процесін психологияда интериоризация деп атайды. Үйрету дамудың жеткен дәрежесін есепке алады. Мұндағы мақсат – сол жерде тоқтап қалу емес, онан ары дамуды қалай жүргізу керектігін, келесі қадам жасалуы қажеттігін білу. Үйрету психикалық дамудан озық жүреді, оны өзінің соңынан ерітеді.

Баланың үлкендермен бірлесе орындайтыны мен оның өзінің жеке атқаратын қызметінің арасында айырмашылық баланың таяудағы даму аймағы деп аталады. Таяудағы даму аймағының көлемі – баланың үйренгіштігінің, оның бойында осы қазір бар даму қорының маңызды көрсеткіші. Үйретудегі әрбір жаңа қадам баланың таяудағы даму аймағын пайдаланады және сонымен бір мезгілде онан әрі үйретудің алғы шарты болып табылатын жаңа аймақ жасайды. Әрбір шақ оқытудың әр түріне зеректігімен ерекшелінеді. Белгілі бір оқыту әсері психикалық даму барысына неғұрлым зор ықпал ететін жас шағы кезеңдері болады. Осындай кезеңдерді дамудың сензитивтік кезеңдері деп атайды.

Психикалық даму барысында пайда болған және жаңа қажеттер мен қызығушылыққа итермелейтін, сондай-ақ іс-әрекеттің жаңа түрін игеруге бастайтын қайшылықтар психикалық дамудың қозғаушы күштері болып табылады. Психикалық даму кезеңдеріне бөлу осы дамудың өзінің ішкі заңдылықтарына негізделеді және психологиялық жас шағы кезеңдерін бөлуді құрайды.

Кеңестік психологияда жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп П.П.Блонский мен Л.С.Выготский тұжырымдаған қағидаларды әрі қарай дамытады. Тарихи даму процесінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады және бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер етпей қоймайды.

Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Жас шағы ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаға тікелей әсер етпейді. Ортаның қайсыбір элементтерінің қандай да бірі бұрын дамыған қандай да бір психологиялық қасиеттер арқылы өтетініне байланысты әр балаға объективті түрліше әсер етеді. Осы сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы жастың өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды да, ал олардың арасындағы қарым-қатынас өзгеріс келесі жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігі мен ерекшеліктеріне сабақтас келеді.

Сонымен, жас шағы балаға оның дамуының сол кезеңде қойылатын талаптар мен тіршілік жағдайларының ерекшеліктерімен, оның айналасындағылармен қарым-қатынас ерекшеліктерімен, баланың жеке басының психологиялық құрылымы дамуының деңгейімен, білім мен ойлауының даму дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық ереккшеліктерінің жиынтығымен сипатталады.

Жас кезеңін айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің, тәсілдердің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды.

Негізгі ұғымдар: психикалық даму, биологиялық факторлар, әлеуметтік фактор, үйрету, оқыту, психикалық дамудың қозғаушы күштері, интериоризация, ішкі әрекет, сыртқы әрекет.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Баланың психикалық дамуның негізгі шарттары неде?

  2. Баланың психикалық дамуының қайнар көзі не?

  3. Психикалық дамудың жас шағы кезеңдері неге байланысты?

Әдебиеттер:

  1. Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. А, 1986.-23-41 беттер.

  2. педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А.В.Петровский редакциясымен. А, 1987.

  3. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. М, 1995.-25-31 беттер.

  4. Солодилова О.П. Возрастная психология. М, 2005.-65-70 беттер.

  5. Немов Р.С. Психология. В 3-х кн. Кн.2. М, 1998


Тақырып. Психикалық дамудың түрлі теориялық көзқарастар негізіндегі жас кезеңдері.

Дәріс жоспары:



  1. Психикалық дамудың жас кезеңдері мәселесі.

  2. Сыртқы критериі бойынша бала дамуының кезеңдері.

  3. Ішкі критериі бойынша бала дамуының кезеңдері.

  4. Ішкі критериі бойынша бала дамуының кезеңдерінің ықпалы.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Баланың толықтай даму процесінде әр түрлі көзқарастар кездеседі. Кейбір ғалымдардың ойлауынша, бұл процесс үзіліссіз, басқалардың ойлауынша оны дискретті деп есептейді.

Үзіліссіз дамудың жақтаушылары есептейді, процесс үзіліссіз жүреді, ол ақырындамайды, жылдамдатылмайды және тоқтамайды; басқалардың ойыша дискретті даму ретсіз жүреді. Дамудың негізгі факторы біресе ақырындатылады, біресе жылдам жүреді. Сондықтан дамудың кезеңдері мен этаптарын ерекшелеп көрсетеді, сонда ғана олар бір-бірінен сапалы ажыратылады. Зерттеушілер айтқандай, бірқалыпты даму кезеңдерінен өтеді.

Қазіргі таңда бала дамуының дискретті позициясына көп көңіл бөлінеді.Сондықтан оны толығымен қарастырамыз.

Даму кезеңдерінің екі тәсілі белгілі: нормативті және стихиялық.

Стихиялық тәсілді жақтаушылардың айтуынша, процесс стихиялы түрде өтеді, көптеген жағдай мен ықпалдың әсерінен, бала өміріндегі жайттар кездеседі.

Нормативті процесс барлық әсер ету факторларын алып қарасақ, дұрыс ұйымдасатырылған оқыту мен тәрбиелеу ерекше процесс болып табылады.

Л.С.Выготскийдің айтуынша, барлық кезеңдерді үш топқа бөлуге болады.

Бірінші топ даму процесімен байланысты сыртқы критерии негізіне құрылған кезеңдер кіреді. Мұнда биогенетикалық принципке негізделген кезеңді алуға болады, К.Бюлер кезеңі – үш деңгейлі даму теориясының авторы (инстинкт, дрессура, интеллект) оның айтуынша бала мектеп жасынан кейін ғана бәрін ұғына бастайды деп айтқан.

Француз психологы Р.Заззо тәрбиелеу және оқыту жүйесі балалық шағының кезеңдеріне сәйкестендіріп құрылған: 0-3 жас – ерте сәбилік шақ, 3-5 жас- мектеп жасына дейінгі шақ; 6-12 жас- бастауыш мектеп жасы, 12-16 жас – орта буын білім беру, 17 жас және оданда жоғары – жоғары және университеттік білім беру.

Көптеген ғалымдар кезеңдер құру барысында қандай да бір ерекшелікті алып көрсетеді, П.П.Блонский жас кезеңдерін тістерді ауыстыру бойынша құруды ұсынды: тіссіз балалық шақ, сүттістілер, күнделікті тістер кезеңі деп бөлген.

Екінші топқа ішкі критерийлерге негізделген кезеңдер.

З.Фрейд кезеңдерді жыныстық мүшелердің дамуына байланысты ұсынған: оралдық, аналдық, фалистикалық, латенттік, гениталды сәйкесінше жыныссыз, бейжынысты, қосжынысты жынысты деп бөлді.

Американдық психолог Л. Колберг (1927-1987) адамгершілік дамуын қарап 3 деңгейге бөлді.



  1. Жазалау қорқынышы (7 жасқа дейін): күштің алдындағы қорқыныш, алданылып қалу және алалмай қалу қорқынышы.

  2. Қоршаған ортадағы адамдардан ұялу (13 жас): құрбыларының алдында, жанындағы қоршаған ортамен, әлеуметтік топ алдында жаман баға алу.

  3. Ар-ұждан (16 жастан кейін): өзінің адамгершілік принципіне сәйкестендіру.

Э. Эриксонның 8 деңгейлі кезеңдері:

  1. Сенім – сенбеу (1 жас);

  2. Теңділік – жетістік: өзбеттілік және өз-өзіне сенбеушілік (2-4 жас);

  3. Өз-өзін кінәлау (4-6 жас);

  4. Білгішсіну және толыққанды сезінбеу (6-11 жас);

  5. Тұлға идентификациясы және рөлдердің ауысуы (12-15 жас – қыздар және 13-16 жас ұлдар);

  6. Жақындық және жалғыздық (ересектік кездің бас кезі және отбасылық өмір);

  7. Жалпы адамгершілік және өзін- өзі қажыту (ересек жас);

  8. Толыққандылық және бейшарасыздық.

Әрбір кезеңде әлеуметтік өмірдің сапалары және өмірлі кезеңге дайындық қалыптасады.

Ж. Пиаже ақыл-ой дамуының 4 кезеңін алды:



  1. Сенсомоторлық кезең (туғаннан 18-24 ай);

  2. Операциялық кезең (1,5 – 2ден 7 жасқа дейін);

  3. Нақты операцияларлық кезең (7 жастан- 12 жасқа дейін);

  4. Формальды операциялық кезең (12 жастан-17 жасқа дейін).

Үшінші топ критерийлер кезеңдерін қарастырады. Л.С.Слободчикова кезеңдері:

1-деңгей- тірілу (туғаннан 1 жасқа дейінгі);

2-деңгей – жандану (1 жастан 5-6 жасқа дейін);

3-деңгей – персоналдылық (6 жастан 18 жасқа дейін);

4- деңгей – жекешелендіру (17 жастан – 42 жасқа дейін);

А. Дистерверг жасерекшелік деңгейінің 3 кезеңін көрсетеді:

1 деңгей – сезімге бағыну;

2 деңгей – ойлауға бағыну;

3 деңгей - ақыл-ойына бағыну.

Л.С.Выготскийдің және А.Н.Леонтьеваның негізгі идеялары Д.Б. Эльконинмен баланың жасерекшелік кезеңдерін бөлу.

Жас ерекшелік даму – тұлғаның жалпы өзгеруі, жаңа жоспар бейнесінің қалыптасуы, іс-әрекетінің өзгеруі, қоршаған ортамен қарым-қатынастарын орнату. Даму – бұл диалектикалық процесс, бағытталған, біркелкі емес, критикалық кезеңдері бар процесс. Адамның барлық психикалық процестері іс-әрекеттің үзіліссіз процесі болып табылады.

Негізгі ұғымдар: даму, жас кезендері, үздіксіз даму, операция, ойлау, идентификация.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Кезеңдер мәселесінің жалпы тәсілдері?

  2. Сыртқы критерийлері бойынша баланың даму кезеңдері?

  3. Ішкі критерийлері бойынша баланың даму кезеңдері?

  4. Бала дамуының ішкі критерийлерінің ықпалы?

Әдебиеттер:

      1. Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. А, 1986.-23-41 беттер.

      2. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А.В.Петровский редакциясымен. А, 1987.

      3. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. М, 1995.-25-31 беттер.

      4. Солодилова О.П. Возрастная психология. М, 2005.-65-70 беттер.

      5. Немов Р.С. Психология. В 3-х кн. Кн.2. М, 1998


Тақырып. Әртүрлі жас кезеңдеріндегі психологиялық дамудың ерешеліктері.

Дәріс жоспары:

1. Эриксон бойынша тұлға дамуының кезеңдері

2. Н.И.Козлов бойынша тұлға дамуының кезеңдері

3. Ересектің тұлғалық даму кезеңдері және тұлға дамуының деңгейі

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Эрик Эриксон бойынша тұлға дамуының кезеңдері теориясына сәйкес, тұлғаның дамуы өмір бойына дейін жүретін процесс, кейде ішкі қайшылықтар бір бірін алмастырады.



Балалық шақ

1. Сенім және сенімсіздік

Тұлға дамуының бірінші даму сатысы классикалық психоанализ кезеңімен сәйкес келеді және өмірінің алғашқы кезеңін қамтиды. Эриксон бұл кезеңді әлеуметтік өзара қатынастың өлшеміне сәйкес келеді деп санайды, сенімділікке әрқашан қалыпты жағдайлар әсер етеді, ал сенімсіздікке қалыпсыз жағдайлар өз әсерін тигізеді.

Тепе-теңдік жетістігі

2. Дербестік және жігерсіздік (автономия және күмәнділік)

Екінші кезең екі және үш жас шамасын қамтиды, фрейдизмнің анальдік сатысымен сәйкес келеді. Эриксон бұл кезеңді былай сипаттайды, яғни балада психскалық қабілеттерінде және моторлық даму ерекшеліктерніде дербестік қалыптаса бастайды. Сәби тым жас кезінде-ақ жүре алады, бірақ ол әлі нәзік қозғалып, кеңісікте өз бойын билей алмайды. Сәбидың бойындары мұндай қасиет оның алғашқы дағдарысының мәнін анық байқатады.Бала жасының дамуын теориялық жағынан пайымдау сәбидің жеке басының тұтас өзгеруі деп саналуға тиіс, яғни ондай өзгерістердің бір себеп болса, басқалары белгілі жағдайлардың әсерінен даму ерекшеліктері деп қарауға тиіс. Бұл кезеңнің ерекшелігі - еркіндіктің пайда болуы.

3. Жігерлілік және кінәлілк сезімі (басқаша аудармада- жігерлілік және барабар емес).

Үшінші кезең 4-5 жас аралағын қамтиды. Мектеп жасына дейінгі бала бұл кезеңде физикалық дағдыларды меңгереді, яғни үш дөңгелекті велосипедте жүре алады, жүгіреді және пышақпен кесе алады, тастарды лақтыра алады. Бұл жаста ол сәбилікте болмаған сеп түрткілерді өз басшылығына алады.Бұл сеп-түрткілердің арасында ересектер дүниесіне қызығу,соларға ұқсап – бағу- балалар үшін өте маңызды келеді.Ата-аналары мен тәрбиешілердің мадағын алуға ұмтылу,өз қатарларының сый құрметіне бөлену сияқты ұмтылыстар да бала үшін мәнді.Көп балалардың әрекеттерінің негізінде жеке табыстар,ар-намыс,өзін таныту ниеттері билік етеді.Бұлардың көбі ойындарда басшы рөлге таласу,сайыстарда жеңіске жету ұмтылыстарынан айқын көрінеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың тән-дене дамуының негізгі міндеті әрі бұл жас кезеңінің барша мәні – ойын, ойын ұймдастыру. 5-6 жасар бала сотқар да қызбалы келеді. Баланың төбелескіштігін қолдамаңыз, бірақ оны шектемеңіз де. Бұл жастағы баланың көңі-күйі басқарымды келеді – қаласа жылайды не асыр салып секіреді, көңілі келген кезде ыңырсып отырып алады, не рахатқа балқып, жатып алады, ал осының бәрін ол шын көңілмен істейді. Мектеп жасына дейінгі аралық бала дамуының қарқынды кезеңіне тұспа-тұс келеді. Бұл жастағы бала сезімтал, адамгершілік және әлеуметтік қылық ережелерін, жаңа іс-әрекет түрлерін қабылдауға жоғары қабілетті. Бұл жастағы балалардың көпшілігі жүйелі оқу мақсаттары мен тәсілдерін игеруге дайын. Әрекеттің басты түрі – ойын, ол арқылы бала өзінің танымдық және әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз етіп отырады.

4. Іскерлік және олқылық

Төртінші кезең – алты жастан он бірінші жас арлықты қамтиды, бастапқы мектеп жылы. Классикалық психоанализ бойынша латенттік кезең деп айтылады. Бұл кезеңде ұл балалардың анасына, қыз баланың әкесіне деген қызғаныш сезімдерін білдірмеуі мүмкін, және осы кезден бастап балаларда ұйымдасқан ойын мен білімге құштарлық сезімдері оянады.

Бұндай кикілжіндерді шешу барысында сенімділік орын алады.

Жеткіншек жас кезеңінің дағдарысы

5. Өзіндік мені мен рөлдік шатасу

Бесінші кезеңге өту барысында (12-18 жас) балада классикалық психоанализ қалыптасады, мұнда ата- аналарына деген «махаббат мен қызғаныш» басым болып келеді.

Эриксонның пікірі бойынша бұндай мәселелер әрине болатыны айтылады және оданда басқа көптеген қиын мәселелер орын алуы мүмкін. Жеткіншек жастағы балалар физиологиялық тұрғыдан ғана емес психикалық тұрғыдан да қалыптасады, сол қалыптасу барысында өзіндік ой көзқарастары мен дүниенің басқаша ой қырларын тануы мүмкін. Жеткіншек жас балалардың басты назарында басқа адамдардың оған деген ой көзқарастарына көп мән береді. Нақты түрде айтқанда жеткіншек ол шыдамсыз идеалист, олар көбінесе идеалды практикалық тұрғыда қалыптастыру қиын емес деп тұжырымдайды.

Бұндай кикілжіндерді шешу барысында адалдық орын алады.

Орта жас кикілжіні

6. Жақындық және жалғыздық

Алтыншы жас кезең бұл бастапқы кәмелеттік, бұл кезеңде отау құру және де бастапқы орта жас кезеңі.

Эриксон бойынша бұл кезеңде өзіндік «менің» қалыптастыратын, және де бұл кезеңде еңбекке деген көзқарасы мен спецификалық параметрлердің арқасында қосынды жағы жақындық пен жағымысздық жағы жалғыздық болып табылады.

Бұндай кикілжіндерді шешу барысында махаббат орын алады.

7. Жалпыадамдық пен өзіндік жегу.

Жетінші кезең толық жас, бұл кезеңде балалар жасөспірім болып, ал ата аналар болса өзіндік жұмыс иелері.

Эриксонның ойынща жалпыадамдық деп, адамдардың яғни өзінің отбасынан басқа тұлғалардың өмірлерін сұрап, алдағы өміріне болжау мен мақсат жасап, болашақ ұрпаққа басқаша көз қараспен қарауы. Бұндай қызығушылық өзінің баласының болуы міндетті емес, яғни бұл қызығушылық әрбір адамда болады, осының арқасында болашақта адамдар қиыншылықсыз өмір сүріп қана қоймай жеңіл еңбек етуі.

Бұндай кикілжіндерді шешу барысында қамқорлық орын алады.

Тұтастық және үмітсіздік

Эриксонның классификациясының соңғы сегізінші сатысына адам баласының негізі өмірлік жұмыстары бітіп желгелері туралы ойлап солар үшін өмір сүруі басталады.Әлбетте немерелері бар болса егерде. Психоәлеуметтік бұл сатылар өзара тұтастық және үмітсіздік деп аталады.Тұтастық сезімі өмірдегі өткендерге өкінбей, қанағаттанған адамдарда туындайды.Ал кейбіреулері өткен өмірлері жіберіп алған мүмкіндіктер тізбегінен құралып оны енді қайта бастау келе уақытты қайтаруға болмайтынын түсінеді. Ондай адамдарда мүмкіндіктері болып бірақ сол мүмкіндіктерді дер кезінде қолдана алмағандаы үшін өмірден үміттері үзіледі. Бұл жағдайда қолайлы шешімге келу даналық. Адам бірден және толыққандыжеке тұлға бола алмайды, егерде тұлға ұғымын жауапты субьект ретінде көңіл аударса. Барлығында және бірден өзіндік мені пайда болмайды бәрі бірден еркін өмірі қалап, сүре алмайды, бірден бір және барлығында да бірдей жауапкершілік сезімі қалыптаспайды. Нәрестеден біз тұлға ретінде көп үміт күтпейміз, ол ересек адамнан көп нәртеге үміттенеміз.

Әр жас сатысында және әртүрлі өмірлік жағдайларға біздің өзіндің өкелеріміз бар.

Нәресте және сәбилік кезең

1. Биологиялық индивид ретінде дүниеге келуі. Өзіндік біреуге ұқсас және басқаларға ұқсамайтын әлпеті,денесі, өзіндік генетикалық программасы.

2. Мені қалыптасқан

Нәресте- жеке тұлға егерде онда өзіндік мені қалыптасса бірақ өкінішке орай барлығында да бола бермиді.

3. Өзіндік мені бар

вербальсіз, жете танылмаса да нәресте өзінің анасының жатырында жатып және өзінің бірінші өмірінің алдарында өзне әртүрлі көзқараста қарауы мүмкін. Ол өзіне деген қатынасына байланысты яғни ол мен бармын және болғым келеді немесе болғым келмейді немесе мен өзімнің барымды әлі білмеймін.

4. Сәби өзін жеке дара екенін анасынан жеке қоршаған ортадан бөлек жеке өзінің қайталанбас мені барын сезінеді.

5. Қоршаған ортаға сенім келесі дамуға деген жақсы көзқарас Мен –жақсы , сен-жақсы , әлем-ұнайды. Сенімділік сатысы Эрик Эриксон бойынша.

6. Сәби өзінің қалауынша айтып солардан орындауға талап ете бастаса ол жеке тұлға.

Жеке тұлғалық қасиеттер сәбидің өзіндік қалауларын пайда болғанда туындай бастайды. Ол өз қалауларын айтып, соларды талап ете алады. Үш жас дағдарысы қалаймын және керек. Дербестік сатысы эрик Эриксон бойынша.

7. сәбидің қоршаған ортада әлеуметтенуі сәби өзінің табаға әуестігіне тәуелді емес, табиғи әуестіктерін әлеуметтік нормаларға сәйкес өзгерте алады.

8. Бостандық және тапқырлық.

Сәби өз өзіне жұмыстар табады. Эрик Эриксон бойынша тапқырлық сатысы.

Бұл сатының соңы-Адам-сәби.

Жасөспірім және жас адам.

Жасөспірімдік және жас адамның жеке тұлғасының дамуы талаптардың өсуіне байланысты:

1. Шеберлік, ұйымшылдық.

Ұйымдастырылған ойындар, кезектілік пен жүйелілікпен танысу. Эрик Эриксон бойынша Шығармашылық сатысы.

2. Өзін-өзі сезіну, өзін-өзі тану, өзін түсіну, өзінің ойлары мен іс-әрекетіне жауап бере алу.

Өзінің ішкі дүниесіне қызығушылық туындау, өзіне және өзі туралы сұрақтар қою.

3. Өзіндік көзқарасының, өзіндік стилінің болуы.

Өз басынмен ойлап, өзі шешім қабылдай алу.

4. Шешімді өз бетінше қабылдай алу, кедергілерді жеңе білу және өз қалауына қол жеткізе алу.

Жеке тұлғалық қасиеттердің дамуы-өз еркінің болуы.

5. Шыншылдық, батылдық, тартымдылық.

Бұл өмірде: Жақсы мен жамандықтың барын айыра білу, ара жігін ажырата алу, шыншылдық жағында болып, ешқашан өтірік айтпауға тырысу.

6. Өз көзқарасы, ойын, адамгершілік қасиеттерін қорғай алу.

Өзінің айтқанын басқаларға сыйлата білу. Мен-адаммын, ал адамды сыйлау қажет!

7. Өмір бейнесі.

Достық, махаббат, отбасы, қоғам туралы ойлар. Эрик Эриксон бойынша теңестіру сатысы.

Ересек адам. Ересек жас талаптарына сәйкес даму кезеңдері.

Кемелденген қарым-қатынас. Махаббат және жақын танысу сияқты әрекеттер көрініс береді. Кемелденген қамқорлық, өзіне және өзгеге деген қызығушылықтар. Өмірлік тәжірибесінің кемелденуі. Өзінің өмір жолын түсіну. Ақылдылық. Кемелденген белсенділік. Белсенділікке, лидерлікке, дамуға деген ұмтылыс.Кемелденген әлеуметтік белсенділік.Таңдау. Жеке тұлғалық мәселені шешу және өзбеттілік. Өсудің биіктігі: тұтынушы,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет