ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет2/6
Дата09.06.2016
өлшемі466 Kb.
#123869
1   2   3   4   5   6

Қолданылатын әдебиеттер:

Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.

Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.

Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.

Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.



Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.

Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
Лекция №7.

Тақырыбы: Буылтық құрттар типі. Көпқылтанды құрттар класы.

Мақсаты: Буылтық құрттар типі, негізгі өкілдері туралы сипаттама беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

  1. Буылтық құрттардың жалпақ және жұмыр құрттармен салыстырғанда құрылысының неғұрлым жоғары деңгейге көтерілуі.

  2. Көпқылтанды буылтық құрттар класының жалпы сипаттамасы.

  3. Сырғанайтын, жүзетін, қазатын және түтіктерде өмір сүретін полихеттердің құрылыс ерекшеліктері. Көбеюге байланысты биологиялық құбылыстар.


Аннелида типінің негізгі белгілері:

  1. Буылтық құрттардың денесі бас жақтауынан, бунақталған кеудеден және артқы аналь жақтауынан – пигидийден тұрады.

  2. Жақсы жетілген тері-бұлшықет қапшығы болады.

  3. Екінші кезектегі дене қуысы – целом бар.

  4. Ауыз тесігі кеуденің бірінші буынының құрсақ жағында орналасады. Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан, жұтқыншақтан, ортаңғы және артқы ішектен, аналь жақтауынан және ұшында ашылатын аналь тесігінен тұрады.

  5. Көпшілік буылтық құрттарда жақсы дамыған тұйық қан айналу жүйесі пайда болады.

  6. Зәр шығару қызметін нефридий атқарады, әр бунақта бір жұптан болады.

  7. Жүйке жүйесі жұп бас миынан, жұп жұтқыншақ маңындағы жүйке сақинасынан және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады.

  8. Қарапайым құрылысты буылтық құрттар дара жынысты; кейбір аннелидтерде екінші рет гермафродитизм пайда болған.

  9. Типтің төменгі сатыдағы өкілдерінің дамуы метаморфозды жүреді, дернәсілі – трохофора.

Көп қытландылар класы. Бұл класс 5300 түрден тұратын өкілдерге бай буылтық құрттар, негізінде теңізде тіршілік етеді. Көпшілігі белсенді қоғалып судың түбінде жорғалайды, шөгіндіні қазады және жүзеді; басқалары – қорғаныш түкшелерінде қозғалмай отырады. Біраз ғана өкілдері паразиттер.

Полихеттер класына тән белгілер: бас жақтауының сезім өсінділері жақсы дамыған, әрқашан да бір жұп пальпасы болады, қозғалмайтын полихеттерде қармалауыштар тәрізді өсінділер шашағына, яғни желбезектерге айналады. Дененің әр буынында бір жұп қарапайым аяқшалар – қылтанды параподийлер орналасқан.



Қолданылатын әдебиеттер:

Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.

Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.

Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.

Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.



Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.

Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
Лекция №8.

Тақырыбы: Буылтық құрттар типі. Азқылтанды құрттар класы. Сүліктер класы.

Мақсаты: Азқылтанды құрттар және сүліктер туралы сипаттама беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

  1. Азқылтанды құрттар класының жалпы сипаттамасы.

  2. Сүліктер класының жалпы сипаттамасы.

  3. Жартылай паразиттікке көшуге байланысты азқылтанды құрттардың және сүліктердің құрылыс ерекшеліктері. Практикалық маңызы.


Азқылтанды құрттар класы. Олигохеттердің 3400 түрі белгілі. Алдыңғы бөлімінде кішкене қозғалмалы басжақтауы орналасқан, оның көздері, антенналары және пальпалары болмайды. Қылтан саны аса көп болмағандықтан аз қылтандылар деп атайды.

Ас қорыту жүйесі жақсы жіктелген бөлімдерден тұрады – жұтқыншақ, өңеш, етті қарын, ортаңғы және артқы ішек. Жауын құртының өңешіне үш жұп ерекше ізбес бездері ашылады. Қан айналу жүйесі көп қылтанды құрттардағы сияқты. Арқа қан тамыры және сақиналы тамырлары бар. Зәр шығару мүшелері бунақталып орналасқан көптеген метанефридийлерден құралған. Зәр шығаруға қатысатын хлорагогенді клеткалар ортаңғы ішек пен қан тамырларының үстінде жатады.

Жүйке жүйесі жұп бас миынан, жұп жұтқыншақ маңындағы жүйке сақинасынан және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады. Сезім мүшелері аз қылтандыларда нашар дамыған. Көздері болмайды.

Жыныс жүйесі. Олигохеттер гермафродитті, гонадалары аз мөлшерде жыныс бунақтарында шоғырланған. Аналық жыныс жүйесі 13-бунақта орналасқан бір жұп өте ұсақ жұмыртқа бездерінен және 14-бунақта ашылатын бір жұп оймыш жұмыртқа жолдарынан, тұқымқабылдағыштардан тұрады.

Жауын құрттары айқас ұрықтанады. Олигохеттердің дамуы трохофора дернәсілінсіз жүреді. Жұмыртқалар пілләнің ішінде дамып, одан жетілген құрт шығады.

Сүліктер класы. Сүліктер еркін өмір сүруші жыртқыштар немесе басқа жануарларға шабуыл жасап, олардың қанымен қоректенетін эктопаразиттер. Теңіз, тұщы су және сирек жағдайда құрлық жануарлары. Сүліктердің 400-ге жуық түрлері белгілі. Сүліктердің полимерлі жануарлар, бунақ сандары тұрақты, қылтандары жоқ. Денесінің алдыңғы және артқы ұштарында бір-бірден сорғыштары бар, айқын бас және аналь жақтаулары болмайды. Целомы жойылып, қаны бар лакунды жүйеге айналған. Ішкі мүшелерінің арасы паренхимаға толып тұрады. Гермафродиттер, тура дамиды.

Қолданылатын әдебиеттер:

Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.

Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.

Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.

Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.



Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.

Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
Лекция №9.

Тақырыбы: Былқылдақденелілер типі. Бауыраяқтылар класы. Тақтажелбезектілер класы.

Мақсаты: Былқылдақденелілер типі, негізгі кластары туралы сипаттама беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

  1. Былқылдақденелілердің құрылыс ерекшеліктері.

  2. Бауыраяқтылар класының жалпы сипаттамасы.

  3. Тақтажелбезектілер класының жалпы сипаттамасы.


Былқылдақденелілер немесе моллюскалар типіне тән белгілер:

  1. Былқылдақденелілер билатеральды-симметриялы жануарлар, кейбір өкілдерінің денесі асимметриялы.

  2. Былқылдақденелілердің дене бітімі бунақталмаған.

  3. Былқылдақденелілер – екінші кезектегі дене қуысы бар жануарлар. Целомның метамерсіз қалдығы жүрек қабы мен гонадалар қуысы түрінде берілген.

  4. Былқылдақденелілердің денесі үш бөлімнен тұрады – бас, көкірек және аяқ. Көкірегі ішкі қапшық түрінде арқа жағына қарай үлкейіп өседі. Аяқ - дененің құрсақ қабырғасының бұлшықетті сыңар өсіндісі және қозғалу қызметін атқарады.

  5. Көкіректің негізі үлкен терілі қатпар – мантиямен қоршалған. Мантия мен дененің арасында мантия қуысы орналасады да ішінде желбезектер, кейбір сезім мүшелері жатады.

  6. Дененің арқа жағында мантия бөліп шығаратын қорғаныш бақалшағы болады, ол көбінесе тұтас, кейде қос жақтаулы немесе бірнеше тақталардан тұрады.

  7. Көпшілік былқылдақденелілердің жұтқыншағында асты ұсататын ерекше аппарат үккісі немесе радуласы болады.

  8. Қан айналу жүйесі қарынша мен жүрекшелерден тұратын жүректің болуымен сипатталады.

  9. Тыныс алу мүшелері – алғашқы желбезектер – ктенидиялар.

  10. Зәр шығару қызметін түрі өзгерген целомодуктылар – бүйректер атқарады.

  11. Жүйке жүйесі шашыранды-түйінді жүйке жүйесі деп аталады.

  12. Былқылдақденелілердің дамуы көп қылтанды құрттарға ұқсас. Төменгі сатыдағы өкілдерінде дернәсілі трохофора, қалғандарында – желкенше пайда болады.

Былқылдақденелілердің 130000 түрі белгілі.

Қолданылатын әдебиеттер:

Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.

Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.

Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.

Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.



Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.

Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
Лекция №10.

Тақырыбы: Буынаяқтылар типі. Желбезектыныстылар тип тармағы. Шаянтәрізділер класы.

Мақсаты: Буынаяқтылар типі, негізгі кластары туралы сипаттама беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

  1. Буынаяқтылдар типіне біріктірілетін жануарлардың негізгі кластары.

  2. Алғашқы су буынаяқтылары ретінде шаянтәрізділердің құрылыс ерекшеліктері. Даму типтері, дернәсілдік кезеңдері. Маңызды өкілдері, олардың таралуы.

  3. Жоғары сатыдағы шаяндардың құрылысының және дамуының ерекшеліктері. Теңіз, тұщы су және жерүсті теңаяқтылары. Кәсіптік шаянтәрізділер.


Шаянтәрізділер су фаунасының маңызды бөлімін құрайды. Белгілі түрлерінің саны шамамен 20000. Шаянтәрізделер негізінде теңіздер мен әртүрлі тұщы суларды, сол сияқты жер асты суларында да мекендейді. Планктонды және бентосты түрлері де кезеседі. Кейбір шаяндар бекініп тіршілік етеді; көптеген паразиттері де белгілі. Шаяндардың әртүрлі топтарының құрлықта тіршілік етуге көшкендері де бар.

Басқа буынақятылардан шаян тәрізділер кейбір ерекшеліктерімен ажыратылды. Біріншіден, екі жұп мұртшаларының қатар болуы акронның өсіндісі – антеннулалар және дененің 1-ші бунағының түрі өзгерген аяқтары -– антенналар. Екіншіден, шаянтәрізділерде ғана аяқшалары қарапайым қос тармақты құрылымын сақтап қалады. Бірақ эволюция процесінде аяқтардың осы алғашқы түрі күшті өзгерістерге ұшыраған: аяқтары екінші рет бір тармақтан тұрады.

Шаянтәрізділерде аяқшалардың ерекше өсінділері – эпиподиттерде орналасқан желбезектердің көмегімен тыныс алады.

Қолданылатын әдебиеттер:

Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.

Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.

Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.

Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.



Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.

Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
Лекция №11.

Тақырыбы: Хелицералылар тип тармағы. Өрмекшітәрізділер класы.

Мақсаты: Өрмекшітәрізділер класы, оның негізгі отрядтары туралы сипаттама беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

  1. Семсерқұйрықтылар ерте заман су хелицералылары ретінде; олардың құрылысының және дамуының ерекшеліктері. Өрмекшітәрізділердің шығу тегін түсінуде семсерқұйрықтылардың маңызы.

  2. Өрмекшітәрізділердің құрылыс ерекшеліктері. Өрмекшітәрізділердің денесінің бөлімдерге бөлінуі.

  3. Таралуы және тіршілік әрекеттері. Улы және адаммен жануарларға қауіпті өрмекшілер.



Өрмекшітәріздер класына 10 отрядқа жататын құрлық хелицералыларының 36000 түрі біріктеріледі. Олар өкпелерімен немесе кеңірдектерімен тыныс алады және коксаль бездерінен басқа құрсақта жатқан мальпиги түтіктері түріндегі зәр шығару аппараты бар.

Өрмекшітәрізділердің денесі баскөкірек пен құрсақтан тұрады. Кеуде бунақтарының бірігуі көпшілік өрмекшілер мен кейбір кенелерде байқалады. Баскөкіректе 6 жұп аяқтары болады. Алдыңғы екі жұбы - хелицералар мен педипальпалар тамақты ұсату және ұсату қызметтерін атқарады. Қалған 4 жұп баскөкірек аяқтары жүргіш аяқтардың қызметін атқарады және тырнақпен аяқталады. Құрсақтарында аяқтары болмайды.

Хелицералылардың жабындары кутикуладан, гиподермадан және базаль жарғағынан тұрады. Ас қорыту жүйесі әр өкілдерінде әртүрлі. Алдыңғы ішегі кеңейіп күшті еттермен қаруланған жұтқыншақ құрады. Алдыңғы ішекке сілекей бездері ашылады. Көпшілік өрмекші тәрізділерде ортаңғы ішегі ұзын. Бұларда ішектен тыс ас қорыту, ішекте және клетка ішілік ас қорыту байқалады. Көпшілік Арахнида – жыртқыштар, бірақ омыртқалылардың қанымен қоректенетін паразит түрлері және өсімдіктердің шырынын соратын, сол сияқты өсімдік қалдықтарымен қоректенетін көптеген өсімдік қоректі түрлері де болады.

Жүйке жүйесі әртүрлі. Бас миының құрылысы күрделі. Оның құрамына екі бөлім кіреді: алдыңғы – протоцеребрум және артқы - тритоцеребрум. Сезім мүшелері де әртүрлі. Өрмекші тәрізділерге өте маңызды механикалық, сипап сезу тітіркендіргіштер сезгіш түтіктері арқылы қабылданады. Көру мүшелері көпшілік түрлерінде болады.

Қан айналу жүйесіне остиялары бар жүректен және жүректің алдыңғы және артқы ұштарынан немесе тек қана алдыңғысынан бір ғана тамыр қолқа тарайды.

Жыныс жүйесі. Жыныс бездері құрсақта жатады және қарапайым түрлерінде қосарлы. Аталықтарында әртүрлі қосымша бездері, аналықтарында тұқым қабылдағыштар дамиды. Көп өрмекші жұмыртқа салады. Бірақ құршаяндарда, жалған құршаяндарда және кейбір кенелерде тірі туу байқалады.



Қолданылатын әдебиеттер:

Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.

Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.

Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.

Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.



Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.

Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.

Лекция №12.

Тақырыбы: Кеңірдектыныстылар тип тармағы. Насекомдар класы.

Мақсаты: Бунақденелілердің құрылысының ерекшеліктері туралы сипаттама беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны:

  1. Насекомдардың құрлыққа, ауалы ортаға бейімделген буынаяқтылар ретінде құрылысының ерекшеліктері.

  2. Насекомдардың жалпы морфо-физиологиялық сипаттамасы.


Бунақденелілер – Жер бетінде саны бойынша көп шамамен 1 млн түрді біріктіретін жоғары топ болып саналады.

Бунақденелілер - буынаяқтылардың ішіндегі прогрессивті дамыған топ болып саналады.

Жер бетінде олардың кең таралуына құрылыс және даму ерекшеліктері әсер еткен. Олардың жабындары денені кеуіп кетуден сақтайтын эпикутикуламен жабылған. Оларда барлық мүшелерге дейін оттегіні жеткізетін кеңірдекті жүйе күшті жетілген. Олар буынаяқтылардың ішінде жақсы қозғалатын жануарлар. Сол сияқты олар ұшуға да бейімделган. Ұшу – бұл бунақденелілер эволюциясындағы маңызды прогресситві жетістік болып табылады.

Бунақденелілердің денесі анық үш бөлімнен тұрады: басы, кеудесі және құрсағы. Олар тек құрамына кіретін сегменттерде орналасқан өсінділер мен аяқтардың құрылысы және олардың атқаратын қызметтері бойынша ерекшеленеді.



Басы кеудеден анық бөлінген. Басы өте күшті хитинделген және бас капсуласына айналған. Вентральды жағында ауыз тесігі бар. Бас капсуласы ауыз аппараты мүшелерінің, антенналардың және көздің орналасу жері болса, ал ішкі жағынан бас миын жауып тұрады. Маңдай бет жабынымен, жоғары ерінмен, көзді қоса алғанда акронға сәйкес келеді.

Басының алдыңғы жағында жұп антеннасы, немесе мұртшалары болады. Мұртшаның кейбір буындарының мөлшері бекитін жерінде іріректеу, ал қалғандары – кішілеу, саны көп болып бірікенде бұрау құрайды. Мұртшалар жануар денесімен қозғалмалы байланысқан. Олар дәм және иіс сезу функцияларын атқарады.

Ауыз аппараты жоғары еріннен, жұтқыншақастынан, екі жұп жақтан және төменгі еріннен тұрады.

Кеуде үш бөлімнен тұрады: алдыңғы бөлім – алдыңғы кеуде, ортаңғы бөлім – ортаңғы кеуде және артқы бөлім – артқы кеуде. Вентральды жағындағы сегменттер стерниттер, ал дорзальды жағынан тергиттер деп аталады.

Кеудеде екі жұп қанаттары орналасқан, олар арқа жағынан дененің көп бөлігін жауып жатады.

Морфологиялық жағынан қанаттар аталықтарында жақсы жетілген, бірақ олардың қызметі нашар дамыған, ал аналықтарында олар тіпті редукциялануға дейін барған.

Кеудесінде үш жұп жүргіш аяқтары бар; сондықтан бунақденелілерді алты аяқтылар – Hexapoda (гексапода) деп атайды. Аяқтарының құрылысы біртекті; бірінші жұп алдыңғы кеудеге, екінші жұп ортаңғы кеудеге, үшінші жұп артқы кеудеге бекініп тұрады. Аяқ бес элементтен құралады. Негізгі буын – жамбас, ол жақсы жетілген, пішіні жалпақ ұзынша тақта тәрізді. Одан кейін кішкене буыны ұршығы бар, ол қозғалмай санмен байланысқан. Санға жалғасып жатқан сирақ жақсы жетілген; бұлар аяқтың ұзын бөліктері болып табылады. Соңында табан, ол өз алдына бес бунақтан тұрады. Табанның дистальды буынында тырнақтары бар, олардың арасында астыңғы жағында жастықша – пульвилла болады.



Кеуде мен құрсақ арасындағы шекара өте жақсы білінеді. Құрсақ мөлшері әртүрлі он сегменттен тұрады. Тергиттердің барлығы жақсы көрінеді. Кейбір бунақденелілерде церкийлері бар, бұлар иіс сезу мүшелері. Церкийлер түрі өзгерген құрсақ аяқтары.

Бунақденелілердің ауыз аппаратының негізгі қызметі қоректі тасымалдау. Бірақ бұл жалпы қызмет әртүрлі формада болады, яғни оның құрылысымен және ауыз аппараттарының әртүрлі типтерінің функцияларымен байланысты. Олардың шығу тегі бір болғандықтан әртүрлі құрылысты болса да олардың өзара байланысын және сәйкес мүшелердің ұқсастығын көруге болады. Ауыз аппарттарының төмендегідей типтері бар:

Ауыз аппаратының кеміргіш типі. Осы типтегі ауыз аппараты бар бунақденелі оның көмегімен ұнтақтауды, үзіп алуды, бөлшектеуді қажет ететін қатты қорекпен қоректенеді. Бұл ауыз аппараты түзуқанаттыларға, қоңыздарға және инеліктерге тән.



Жалағыш, немесе кеміргіш-жалағыш ауыз аппараты. Бұл ауыз типі үш құрылымдық бөлімнен тұрады: жоғары ерін, жоғары жақ және тұмсық. Араның ауыз аппараты өсімдіктің шырынымен қоректенуге бейімделген. Ауыз тесігіне сұйықтықтың көтерілуі жұтқыншақ пен ауыз бөлімдерінің белсенді сору қызметі арқылы жүзеге асады.

Сорғыш ауыз аппараты. Барлық көбелектерге, немесе қабыршаққанаттыларға бір типті ауыз аппараты тән. Сыртқы түрі бойынша бұл ауыз аппараты да тұмсық болып табылады.

Тескіш–сорғыш ауыз аппараты. Бұл ауыз аппараты сырт жағынан қарағанда тұмсық сияқты, бірақ алдыңғы қарастырылған ауыз аппараттарынан өзгешелігі бар. Қандалалардың ауыз аппараты жануар немесе өсімдік жабынының астындағы сұйық қоректі қабылдауға бейімделген.

Тескіш-сорғыш аппараты. Атқаратын функциясы бойынша ол қандаланың ауыз аппаратына ұқсас. Морфологиялық жағынан оны құрайтын бөліктердің ұзындығы бойынша ерекшеленеді.

Бунақденелілердің ішкі құрылысы. Бунақденелілердің ішкі құрылысы бұл буынаяқтылардың жер үстінде құрылықта тіршілік етуге көшу ерекшеліктеріне байланысты. Құрсақтың барлық сегменттерінде түтік екі шетінде жұп остиялары бар камералар түзеді, остиялардың клапандары бар. Тамырдың бұл бөлігі жүрек деп аталады, оны үлпершек қуысы қоршап тұрады. Жүректің артқы бөлігі тұйық, алдыңғы бөлігі қолқаны түзеді және ол дене қуысына ашылады.

Дене бойымен үш жұп негізгі кеңірдек бағаналары өтеді. Кеңірдекті бағаналар сыртқы ортамен стигмалар арқылы байланысады. Әр бүйірлі кеңірдек барлық тыныс тесіктерін дененің бір жағынан байланыстырып тұрады. Стигмалар арқылы ауа бүкіл кеңірдекті жүйеге еркін өтіп, кез келген мүшеге және ұлпаға барады.



Ас қорыту жүйесі және зәр шығару мүшелері. Асқорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады; оның артқы бөлігінде сілекей бездерінің жолдары ашылады. Сілекей бездері жұп, шоқ тәрізді, күшті жетілген және жұп резервуарларымен байланысқан. Одан әрі ол жұтқыншаққа барады, ол қысқа түтік тәрізді өңешке жалғасады. Өңеш біртіндеп қап тәрізді жемсауға айналады, оның артында бұлшықетті қарын бар. Жұтқыншақ, өңеш, жемсау және бұлшықетті қарын – құрамды бөліктер, немесе алдыңғы ішектің мүшелері.

Жемсауда қорек біраз бөгеледі және оған түскен сілекей әсерімен қорытылады. Шайнағыш қарынның күшті бұлшықетті қабырғалары бар.

Ортаңғы ішектің пішіні цилиндрлі түтік тәрізді. Алдыңғы бөліммен байланысқан шекарасында ол сегіз тұйық саусақ тәрізді өсінділер түзеді, олардың құрылысының және қызметінің ортаңғы ішектен айырмашылығы жоқ.

Эктодермальды артқы ішек бөлімдерге бөлінеді: ащы ішек – өте қысқа, тоқ ішек – салыстырмалы ұзын, ол кеңейген ректальды бөлімге ауысады және ол аналь тесігімен аяқталады. Артқы ішекте қорытылған қоректен судың сіңірілуі жүреді, қорытылмаған қалдықтар сыртқа шығарылады.

Зәр шығару жүйесіне ортаңғы ішек пен артқы ішектің шекарасында радиальды орналасқан жіңішке түтіктер – мальпиги тамырлары жатады. Мальпиги түтіктері негізгі зәр шығару мүшелері болып табылады. Бөлінетін заттар несеп қышқылы, натрий және кальций тұздары және тағы басқалар. Зәр шығару жүйесінің қосымша мүшесіне майлы дене жатады, ол көптеген бунақденелілерде күшті жетіледі. Сонымен қатар, майлы дене насекомның ашығу кезеңіне қажетті қоректік заттар қорын жинауға қатысады.

Жыныс және жүйке жұйесі. Аналық жыныс жүйесіне жұмыртқа бездері, жолдары және қосымша бездері жатады. Аталық жыныс мүшелері жұп тұқым безінен, жұп тұқым жолдарынан, сыңар тұқым шығарғыш каналынан және қосымша бездерден тұрады.

Орталық жүйке жүйесі жұтқыншақ үсті және жұтқыншақ асты ганглийлерінен және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады.

Бунақденелілердің постэмбриональды дамуы. Бунақденелілердің ұрықтан кейінгі дамуы әртүрлілігімен сипатталады, ол өкілдерінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Бунақденелілердің дамуы метаморфоз арқылы жүреді. Метаморфоздың әр типі бунақденелілердің белгілі бір тобына тән болып келеді, бұл класс төңірегінде топтарды танып-білуге және бір-бірінен бөлуге көмегін тигізеді. Бунақденелілердің дамуының кең таралған типі толық емес метаморфозда дернәсілден ересек стадияның, немесе имагоның қалыптасуы болып табылады. Постэмбриональдық дамуда толық емес метаморфозда дернәсілдік кезеңдердің сипаты бойынша дамудың екі типін бөліп қарастыруға болады. Бірінші жағдайда дернәсілде дамудың алғашқы кезеңдерінде ересек формаға тән белгілері бар. Мұндай дернәсілдер ересек формаға тіршілік әрекеттері және қоректену тәсілдері бойынша да ұқсас болады. Олардың негізгі айырмашылықтарына қанаттарының болмауы, жыныс жүйелерінің жетілмеуі және дене бөлімдерінің өзіндік мөлшерінің қарым-қатынасы жатады.

Қолданылатын әдебиеттер:

Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.

Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.

Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.

Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.



Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.

Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет