ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет5/7
Дата09.06.2016
өлшемі3.32 Mb.
#125084
1   2   3   4   5   6   7

Әдебиеттер:

  1. Муравьев И.А. Технология лекарств. М., 1980.- Т.1.- С. 44-63

  2. Технология лекарственных форм /Под ред. Т.С. Кондратьевой.- М.: Медицина, 1991. С. 44-70


Практикалық сабақ № 4 – Қатты материалдарды ұсақтау, елеу, араластыру

Сабақ мақсаты: Фармацевтикалық өндірістің аппараттары мен машиналар түрімен, олардың құралдарымен және жұмыс істеу принциптерімен танысу.

Өндіріс ішіндегі материалдардың ауысулары туралы оқу.



Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқаулық: «Қатты материалдарды ұсақтау, елеу, араластыру» тарауын оқулықтар, дәріс жазбалары және оқу-әдістемелік материалдар бойынша алдын ала мұқият оқу. Практикалық сабақтарға арналған журналға машиналар мен аппараттардың әртүрлі ауыстыру механизмдерімен жұмыс істейтін принциптер, материалдардың ауысуын жүзеге асыратын машиналардың сызбаларын суреттеу.

Бастапқы білім деңгейін келесі сұрақтарды талдау жолымен бақылау:

1. Ұсақтаудың теориялық негіздері

2. Ұсақтаудың негізгі принциптері

3. Ұсақтаудың гипотезалары

4. Ұсақтағыштардың құрылғысы мен жұмыс істеу принципі

5. Елеу. Процестің сипаттамасы

6. Елеуіш механизмдері

7. Араластыру. Процестің сипаттамасы. Дәрілік және көмекші процестерді араластыру аппаратурасы.

Практикалық сабақта жұмыс істеу жоспары:

1. Сусымалы материалдарды ұсақтауға арналған машиналардың құрылғысымен жұмыс істеу принципін талдау.

2. Сусымалы материалдарды елеуге арналған машиналардың құрылғысымен жұмыс істеу принципін талдау.

3. Сусымалы материалдарды араластыруға арналған машиналардың құрылғысымен жұмыс істеу принципін талдау.

4. Келесі сұрақтарға жазбаша жауап беру:

А) Соққы-ортадан тепкіш диірмендердің құрылғысы мен жұмыс істеу принциптері: дезинтеграторлар және дисмембраторлар



Б) Шарлы диірмендердің құрылғысы және жұмыс істеу принциптері

В) Вибрациялы, ағынды ұсақтағыштардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері

Г) Шөп кескіштер мен білікті-ұнтақтағыштардың құрылғысы мен жұмыс істеу принциптері



Д) Түп кескіштер мен білікті-ұнтақтағыштардың құрылғысы мен жұмыс істеу принциптері



Е) Гүрілдегіштер мен көп ярусты елеуіштердің құрылғысы мен жұмыс істеу принциптері



Ё) Ортадан тепкіш әрекетті араластырғыштың құрылғысы мен жұмыс істеу принциптері



З) Бұрамдықты- лопастных, таспалы араластырғыштардың құрылғысы мен жұмыс істеу принциптері



И) Айналыс-вибрационды елеуіш, электромагниттік көп ярусты елеуіштердің құрылғысы мен жұмыс істеу принциптері



Бақылау сұрақтары:

1.Риттингер, Кирпичев-Кик, Ребиндердің ұсақтау теориясының гипотезаларының мәні неде?

2.Ұсақтау дәрежесі деген не?

3. Ұсақтау тәсілдерін атаңыз

4. дәрілік өсімдік шикізатты ұсақтауға арналған машиналардың құрылғысы мен жұмыс принцпі қандай?

5. Соққылы ортадан тепкіш диірмендердің: деинтеграторлар мен дисме мбраторлардың құрылғысы қандай ж»не әсер ету принцпі неде?

6. Ұсақ және өте ұсақтау үшін қандай диірмендер қолданылады?

7. Шарлы және дисклі диірмендердің құрылғысы мен жұмыс принцпі қандай?

8. Вибрациялық және ағынды ұсақтағыштардың құрылғысы мен жұмыс принцпі.

9. Бөлшектерді механикалық бөлу үшін қандай торлар қолданылады?

10. Вибрациялық және көпярусты, ірі торлардың құрылғысы мен жұмыс принцпі қандай?

11. Араластырғыштардың құрылғысы мен жұмыс істеу принцпі.



Әдебиеттер:

  1. Муравьев И.А. Технология лекарств. М., 1980.- Т.1.- С. 63-77

  2. Технология лекарственных форм /Под ред. Т.С. Кондратьевой.- М.: Медицина, 1991. Т.2. С. 92-123


Практикалық сабақ № 5 - Фармацевтикалық технологиядағы жылулық процестер

Сабақ мақсаты: Фармацевтикалық өндіріс кезінде орын алатын жылулық процестерді зерттеу, жылуалмастырғыштардың түрлерімен, олардың қондырғыларымен, міндетімен және жұмыс принцптерімен танысу

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқаулық: «Фармацевтикалық технологиядағы жылулық процестер» тарауын оқулықтар, дәріс жазбалары және оқу-әдістемелік материалдар бойынша алдын ала мұқият оқу. Практикалық сабақтарға арналған журналға жылулық процестердің түрі, қондырғысы және жылуалмастырғыш аппараттардың жұмыс принцпі туралы жазып қою.

Бастапқы білім деңгейін келесі сұрақтарды талдау жолымен бақылау:



  1. Жылулық процестердің түрі

  2. Жылуөткізгіштік

  3. Конвекция

  4. Сәулелену

  5. Су буымен қыздыру

  6. Жылуалмастырғыш аппараттар

Практикалық сабақта жұмыс істеу жоспары:

1.Жылудың таралу тәсілдерін талдау

2. Сұйықтарды қыздыруға және буландыруға арналған жылуалмастырғыш аппараттардың жұмыс принцпін және құрылғысын талдау

3. Булардың конденсациясына арналған жылуалмастырғыш аппараттардың жұмыс принцпін және құрылғысын талдау

4. Келесі сұрақтарға жазбаша жауап беру

А) Қаптамақұбырлы жылуалмастырғыштың құрылғысын және жұмыс істеу принцпі



Б) Булы қабықшасы бар ашық ыдыстың құрылғысын және жұмыс істеу принцпі



В) «Құбырдағы құбыр» жылуалмастырғышының құрылғысын мен жұмыс істеу принцпі



Г) Змеевикке бекітілген жылуалмастырғыштың құрылғысын мен жұмыс істеу принцпі



Д) Пластиналық жылуалмастырғыштың құрылғысын мен жұмыс істеу принцпі



Е) Араластырудың тура бағытталған конденсаторының құрылғысын мен жұмыс принцпі



Бақылау сұрақтары:



  1. Жылулық процесс дегеніміз не?

  2. Жылу қандай тәсілдермен таралады?

  3. Не себептен жылудың көзі ретінде су буы кеңінен қолданылады?

  4. «Өткір» және «тұйық» бу қандай жағдайларда қолданылады?

  5. Сұйықтарды қыздыру және буландыру үшін жылуалмастырғыштың қандай түрі қолданылады?

  6. Бужапқыш (парозапорное) қондырғы дегеніміз не және ол қандай мақсаттарға қолданылады?

  7. Булардың конденсациясы үшін жылуалмастырғыштардың қандай түрі қолданылады?

Әдебиеттер:

  1. Муравьев И.А. Технология лекарств. М., 1980.- Т.1.- С. 94-106

  2. Технология лекарственных форм /Под ред. Т.С. Кондратьевой.- М.: Медицина, 1991. Т.2. С. 45-61


Практикалық сабақ № 6 - Ерітінділерді тазарту әдістері. Сүзгіден өткізу (Фильтрлеу)

Сабақ мақсаты: Біркелкі емес жұйелерді бөлу процестерін зерттеу, фильтрлердің түрлерімен, олардың қондырғысымен, міндетімен және жұмыс істеу принцпімен танысу

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқаулық: «Ерітінділерді тазарту әдістері. Сүзгіден өткізу (Фильтрлеу)» тарауын оқулықтар, дәріс жазбалары және оқу-әдістемелік материалдар бойынша алдын ала мұқият оқу. Практикалық сабақтарға арналған журналға фильтрлеудің теориялық негіздері, фильтрлердің құрылғысын және жұмыс істеу принцпі туралы жазып қою.

Бастапқы білім деңгейін келесі сұрақтарды талдау жолымен бақылау:



  1. Фильтрлеудің теориялық негіздері

  2. Фильтрлеуші материалдар

  3. Сұйық бағанының қысымы астында жұмыс істейтін фильтрлер

  4. Ваккумда жұмыс істейтін фильтрлер

  5. Қысымда жұмыс ісейтін фильтрлер

Практикалық сабақта жұмыс істеу жоспары:

  1. Фильтрлеу процесінің негізін теориялық түрде бақылау

  2. Сұйық бағанының қысымы астында жұмыс істейтін фильтрлердің құрылғысын және жұмыс істеу принцпін талдау

  3. Ваккумда жұмыс істейтін фильтрлердің құрылғысын және жұмыс істеу принцпін талдау

  4. Қысымда жұмыс істейтін фильтрлердің құрылғысын және жұмыс істеу принцпін талдау

  5. Келесі сұрақтарға жазбаша жауап беру

А) Нутч-фильтр көмегімен фильтрлеуге арналған қондырғылардың құрылғысы мен жұмыс істеу принцпі

Б) Друк-фильтр және монтежю көмегімен фильтрлеуге арналған қондырғылардың құрылғысы мен жұмыс істеу принцпі



В) Друк-фильтрдің құрылғысы мен жұмыс істеу принцпі





Бақылау сұрақтары: э

  1. Фильтрлеу процесінің мәні неде?

  2. Фильтрлеу қандай мақсатпен қолданылады?

  3. Аэорозольдерді бөлу үшін фильтрлердің қандай түрі қолданылады?

  4. Фильтрлердің жұмыс істеу принцпін түсіндіріңіз

  5. Фильтрлеуші материалдарға қандай талаптар қойылады?

  6. Фильтрлеудің теңдеуін келтіріңіз. Фильтрлеу жылдамдығы неге пропорционалды?

Әдебиеттер:

  1. Муравьев И.А. Технология лекарств. М., 1980.- Т.1.- С. 84-94


Практикалық сабақ № 7 - Фармацевтикалық технологиядағы экстракция процестері

Сабақ мақсаты: Экстрагирлеудің теориялық негіздерін оқу, экстракттардың түрлерімен, олардың құрылғысымен, жұмыс істеу принцпімен және міндетімен танысу

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқаулық: «Фармацевтикалық технологиядағы экстракция процестері» тарауын оқулықтар, дәріс жазбалары және оқу-әдістемелік материалдар бойынша алдын ала мұқият оқу. Практикалық сабақтарға арналған журналға экстрагирлеудің теориялық негіздері, экстракттардың құрылғысы және жұмыс істеу принцпі туралы жазып қою.

Бастапқы білім деңгейін келесі сұрақтарды талдау жолымен бақылау:



  1. Экстрагирлеу процесінің мәні

  2. Бөліп алу процесінің толықтығына және жылдамдығына әсер етуші факторлар

  3. Экстрагирлеу тәсілдерінің жіктелуі

  4. Экстракттардың түрлері

  5. Экстрагирлеуге қолданылатын аппараттар

Практикалық сабақта жұмыс істеу жоспары:

  1. Экстрагирлеу процесінің негізін теориялық түрде талдау

  2. Бөліп алу процесінің толықтығына және жылдамдығына әсер етуші факторларды теориялық талдау

  3. Экстрактардың құрылғысын және жұмыс істеу принцпін талдау

  4. Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беру

А) Магнитті-импульстық аппараттың құрылғысы және жұмыс істеу принцпі

Б) Импульстық электроплазмолизатордың құрылғысы және жұмыс істеу принцпі





Бақылау сұрақтары:

1.Экстрагирлеу процесінің мәні неде?

2. Экстрагирлеудің статикалық және динамикалық әдістерін салыстырыңыз. Айырмашылығы неде?

3. Статикалық әдістерге қандай тәсілдер жатады?

4. Динамикалық әдістерге қандай тәсілдер жатады?

5. Экстрагирлеу үшін қандай аппараттар қолданылады?

6. Электр разрядының көмегімен экстрагирлеудің мәні неде?

7. Роторлық-пульсациялық аппараттың (РПА) көмегімен экстрагирлеу қалай өтеді?



Әдебиеттер:

  1. Муравьев И.А. Технология лекарств. М., 1980.- Т.1.- С. 126-143


Практикалық сабақ № 8 - Фармацевтикадағы қосымша заттар

Сабақ мақсаты: Экстрагирлеудің теориялық негіздерін оқу, экстракттардың түрлерімен, олардың құрылғысымен, жұмыс істеу принцпімен және міндетімен танысу

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқаулық: «Фармацевтикадағы қосымша заттар» тарауын оқулықтар, дәріс жазбалары және оқу-әдістемелік материалдар бойынша алдын ала мұқият оқу.

Бастапқы білім деңгейін келесі сұрақтарды талдау жолымен бақылау:



  1. Фармацевтикалық технологиядағы көмекшізаттардың міндеті

  2. Көмекші заттардың жіктелуі

  3. Көмекші заттарға қойлатын талаптар

  4. Табиғи көмекші заттар

  5. Синетикалық және жартылай синтетикалық көмекші заттар

  6. Қалыптүзуші заттар

  7. Тұрақтандырғыш заттар

  8. Тұзтүзуші (Солюбилизирующие)заттар

  9. Пролонгирлеуші заттар

  10. Корригирлеуші заттар

Практикалық сабақта жұмыс істеу жоспары:

  1. Көмекші заттардың функцияларын, жіктелуін, оларға қойылатын талаптарды теориялық талдау.

  2. Тест сұрақтарына жауап беріңіз

  1. Дәрілік формадағы көмекші зат әсер етпейді

А. Фармокинетикалық параметр

В. Сыртқы түр, сақтау кезіндегі тұрақтылыққа

С. Технологиялық операцияларды жүргізу шартына

D. қаптама бірлігімен біркелкілігіне

E. терапевтикалық эквивалентіне

2. Дәрілік препаратты дайындау үшін қажетті қосымша заттар:

A. Бастапқы заттар

B. дайын дәрілік құралдар

C. көмекші заттар

D. субстанциялар

E. дәрілік форма

3. Дәрілік заттардың табиғаты ойынша жіктелуі

A. табиғи емес

B. табиғи

C. дәрілік

D. жоғарымолекулалық

E. бетткік-активті

4. Дәрілік заттардың табиғаты ойынша жіктелуі

A. синтетикалық

B. табиғи емес

C. дәрілік

D. жоғарымолекулалық

E. бетткік-активті

5. Дәрілік заттардың табиғаты ойынша жіктелуі

A. жоғарымолекулалық

B. табиғи емес

C. дәрілік

D. жартылай синтетикалық

E. бетткік-активті

6. Табиғи көмекші заттарға жатады:

A. полиэтилен

B. полипропилен

C. стирол

D. крахмал

E. метилцеллюлоза

7. Синтетикалық көмекші заттарға жатады:

A. бентонит

B. фэросил

C. желтоза

D. крахмал

E. метилцеллюлоза

8. Дәрілік формалар технологиясында дисперсиялық құралдар ретінде қолданылатын көмекші заттардың тобы:

А. Тұрақтандырғыш заттар

В. Солюбизирлеуші заттар

С. Қалып түзгіш заттар

D. пролонгирлеуші заттар

E. корригирлеуші заттар

9. Дәрілік заттардың түсін, дәмін, иісін түзеуге мүмкіндік беретін көмекші заттардың тобы

A. тұрақтандырғыш заттар

В. Солюбилизирлеуші заттар

C. қалып түзгіш заттар

D. пролонгирлеуші заттар

E. корригирлеуші заттар

10. Дәрілік заттардың ағзада болуын ұзартатын көмекші заттар

A. тұрақтандырғыш заттар

В. Солюбилизирлеуші заттар

C. қалып түзгіш заттар

D. пролонгирлеуші заттар

E. корригирлеуші заттар

Бақылау сұрақтары:

1. Көмекші заттар дегеніміз не? Дәрілік заттар технологиясында олардың ролі қандай?

2. Көмекші заттарға қандай талаптар қойылады? Көмекші заттар табиғаты мен химиялық құрылымы бойынша қалай жіктеледі?

3. Технологиялық қасиеттері мен дәрілік заттардың фармакинетикасына байланысты көмекші заттар қалай жіктеледі

4. Қандай жартылай синтетикалық және синтетикалық ЖМҚ-ды көмекші заттар ретінде кеңінен пайдаланады?

5. Көмекші заттар ретінде қолдануға рұқсат ететін ЖМҚ-дың негізгі қасиеттерін атаңыз ?

6. Қандай дәрілік түрлер үшін көмекші заттар ретінде полиэтиленоксидтерді қолданады?

7. ЖМҚ мен БАЗ тұрақтандырғыш әсері механизмі немен байланысты?



Әдебиеттер:

  1. Краснюк И.И. Фармацевтическая технология: Технология лекарственных форм / Под ред. И.И. Краснюка. – М.: Академия, 2004. С. 45-61


Практикалық сабақ № 9 - Жинақтар технологиясы

Сабақ мақсаты: Жинақтар дайындау технологиясының негізін оқу, жинақтардың сапа бақылауы, сақтау және жіберуімен танысу

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқаулық: «Жинақтар технологиясы» тарауын оқулықтар, дәріс жазбалары және оқу-әдістемелік материалдар бойынша алдын ала мұқият оқу. Практикалық сабақтарға арналған журналға экстрагирлеудің теориялық негіздері, экстракттардың құрылғысы және жұмыс істеу принцпі туралы жазып қою.

Бастапқы білім деңгейін келесі сұрақтарды талдау жолымен бақылау:

1. Жинақтар. Дәрілік заттар технологиясындағы жинақтардың ролі.

2. Жинақтар дайындаудың ортақ әдістері

3. Жинақтардың жеке технологиясы мен номенклатурасы Практикалық сабақта жұмыс істеу жоспары:

1. Жинақтар технологиясын теориялық талдау, жинақтар дайындаудың технологиялық сатылары

2. Тест сұрақтарына жауап беріңіз

Дәрілік өсімдіктердің ірі ұнтаққа дейін кесілген және ұнтақталған қоспасы -

A. ұнтақтар

B. жинақ


C. дәрілік қоспалар

D. тұндырмалар

E. экстракттар

2. Дисперсологиялық жіктелу бойынша жинақтар ... жүйесіне жатады

A. ұсақдисперсті

B. ортадисперсті

C. жоғары дисперсті

D. тұтқыр

E. қою

3. Мөлшерлеу бойынша жинақтар:



A. мөлшерленген және мөлшерленбеген

B. жай және күрделі

C. ішкі және сыртқы

D. жұмсартқыш

Е. шылым (курительные)

4. Жинақ технологиясының бір сатысы

A. престеу

B. гранулирлеу

C. еріту

D. өсімдік материалының ұсақталуы және елеу

E. өлшеу

5. Жинақ технологиясының бір сатысы

A. тікелей престеу

B. гранулирлеу

C. буландыру

D. өлшеу


E. араластыру

6. Жинақтардың кемшіліктері:

A. ағза нашар сіңіреді

B. ащты дәмі бар

C. ауыр мөлшерленетін дәрі

D. сыртқы қолдануға жарамсыз

E. тек сыртқы қолдануға арналған

7. Өсімдік материалының ұсақталуы ... көмегімен жүргізіледі:

A. араластырғыш

B. шайғыш

C. елеуіш

D. диірмен

E. таразы

8. Жинақтардың дайындалуы

A. елеу, ұсақтау, араластыру, қаптау және рәсімдеу

B. араластыру, елеу, ұсақтау. қаптау және рәсімдеу

C. қаптау және рәсімдеу араластыру, ұсақтау, елеу

D. еріту, араластыру, сүзу рәсімдеужәне қаптау

E. ұсақтау, елеу, араластыру, қаптау және рәсімдеу

9. Өсімдік материалының араластыруы ... көмегімен жүргізіледі:

A. араластырғыш

B. шайғыш

C. елеуіш

D. диірмен

E. таразы

10. Өсімдік материалының елеуі ... көмегімен жүргізіледі:

A. араластырғыш

B. шайғыш

C. елеуіш

D. диірмен

E. таразы

Бақылау сұрақтары:


  1. Жинақтар дәрілік түр ретінде

  2. Қолдану әдістеріне байланысты жинақтар қалай жәктеледі?

  3. Тек өсімдік шикізатынан тұратын жинақтардың дайындалуының технологиясы қандай?

  4. Құрамына әртүрлі тұздар кіретін жинақтардың дайындалуының технологиясы қандай?

  5. Мөлшерленген жинақтар деген не? Олардың дайындалуының ерекшелігі қандай?

  6. Құрамында эфир майлары, спиртте еритін заттары бар жинақтар қалай дайындалады?

Әдебиеттер:

  1. Муравьев И.А. Технология лекарств. М., 1980.- Т.1.- С. 19-40

  2. Технология лекарственных форм / Под ред. Т.С. Кондратьевой.- М.: Медицина, 1991. Т.1. С. 123-134


Практикалық сабақ 10 - Ұнтақтар технологиясы

Сабақ мақсаты: Ұнтақтар дайындау технологиясының негізін оқу, ұнтақтардың сапа бақылауы, сақтау және жіберуімен танысу

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқаулық: «Ұнтақтар технологиясы» тарауын оқулықтар, дәріс жазбалары және оқу-әдістемелік материалдар бойынша алдын ала мұқият оқу. Практикалық сабақтарға арналған журналға экстрагирлеудің теориялық негіздері, экстракттардың құрылғысы және жұмыс істеу принцпі туралы жазып қою.

Бастапқы білім деңгейін келесі сұрақтарды талдау жолымен бақылау:

1. Ұнтақтардың сипаттамасы

2. Ұнтақтардың жіктелуі

3. Ұнтақтарды дайындаудың технологиялық сатылары

4. Ұнтақтарды дайындауда қолданылатын аппаратура

5. Жай және күрделі ұнтақтар дайындаудың ортақ ережелері

6. Ұнтақтардың сапасының бағалауы мен кепелділік технологиясы



Практикалық сабақта жұмыс істеу жоспары:

1. Ұнтақтар технологиясын теориялық талдау, ұнтақтар дайындаудың технологиялық сатылары

2. Ұнтақтар дайындаудың құрылым-логистикалық сызбасын салып, технологиялық сатылардың кезектесуін түсіндіріңіз

3. Тест сұрақтарына жауап беріңіз

1. Қолдану әдісінің жіктеуіне байланысты ұнтақтарды ... жатқызады:

A. ішкі;


В. Сеппе (присыпки)

C. күрделі;

D. инъекциялық ерітінділер алу үшін қолданылатын ұнтақтар

E. мөлшерленбеген.

2. Ұнтақтарды дайындауда ұнтақ тәрізді заттарды ұсақтау процесі кезінде артық ұсақтау және Гиббс энергиясының жоғарлауы бірнеше қажетсіз салдарларға ұшыратуы мүмкін:

A. сору жылдамдығын жоғарлату;

B. собция түрлерінің барлығын жоғарлату;

C. қатты фазалық әсерлесуінің мүмкіндігі

D. тері мен жаралардың бөлунулерінің жұтуын жоғарлату

E.әсер ететін заттардың мөлшерін азайту мүмкіндігі

3. Ұнтақ массасын дайындау кезінде бірінші болып ұсақталатын дәрілік заттар:

A. бояғыш;

B. кіші массада берілген

C. кіші төккіш массаның мәні бар

имеющие малое значение насыпной массы;

D. ауыр ұнтақталатын;

E. кристаллдық суы жоғалтатын

4. Мына заттарды қосып, ұнтақтарды ұсақтау және араластыруды аяқтайды

A. кіші төккіш массасы бар

B. ауыр ұнтақталатын;

C.диспергирлеу кезінде қатыстық шығыны аз;

D. екідайлы;

E. үлкен төккіш массасы бар.

5. Ұнтақтарды пергаментті капсулаларға орайды, егер олардың құрамында ... заттар болса

A. қатты әсер ететін және улы

B. улы және есірткелік

C. ұшқыш және иісі бар

D. гигроскопиялық

E. жеңіл тотығатын

Ё. ұшып кететін ( кристаллдық суы жоғалтатын)

6. Ұнтақтардың технологиялқ қасиетіне жатпайды:


  1. A. төккіш масса

  2. аққыштық

  3. престелу

  4. кеуектілік

  5. фракциялық құрамы

7. Ұнтақтың дымқылдылығы ... әсер етеді

A. сусымалылық

B. фракциялық құрамына

C. бөлшек формасына

D. тұрақтылыққа

E. бөлшек өлшеміне

8. Ұнтақтарды мөлшерлеудің нақтылығы олардың технологиялық қасиеттеріне байланысты

A. сусымалылық

B. төккіш масса

C. престелу

D. тығыздық

E. сыртқы түрі

9. Ұнтақтардың төккіш тығыздығы ... тәуелді емес

A. бөлшектің формасына

B. бөлшектің өлшеміне

C. ылғал ұстағыштығына

D. шынайы тығыздығына

E. дымқылдандыруына

10. Сыртқы қолдануға арналған ұнтақтарға жатады:

A. төккіштер

B. дусттар

C. иіскеуіштер

D. жинақтар

E. грануляттар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет