ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет7/7
Дата09.06.2016
өлшемі3.32 Mb.
#125084
1   2   3   4   5   6   7

Әдебиеттер:

  1. Краснюк И.И. Фармацевтическая технология: Технология лекарственных форм / Под ред. И.И. Краснюка. – М.: Академия, 2004. С. 304-350

  2. Технология лекарственных форм /Под ред. Т.С. Кондратьевой.- М.: Медицина, 1991. С. 277-312


СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ

СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулықтар

Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ) – біліктіліктің басым түрі, студенттен өздігінен білімалуға және өздігінен дамуға, еркін сыни ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. СӨЖ дәрістерге алдын ала дайындалуға, оқу материалын кітапхана, компьютерлік сынып жағдайларында, интернет арқылы жетілдіруге, зертханалық жұмыстарға, коллоквиумдарға дайындық, зертханалық жұмыстар бойынша есеп құруға химия бойынша тапсырмаларды орындауға бағытталатын аудиториядан тыс жұмыстарды құрайды.

СӨЖ тақырыптарына, оқытушы көрсеткен уақыты мен формасына сәйкес болуы тиіс.

Әрбір студент семестр бойына 4 жазбаша СӨЖ орындауы тиіс.
1 СӨЖ - Дәрілік заттарды масса бойынша дозалау

Келесі есептерді шешіңіз:

Өлшеменің массасы бойынша дозалаудың қатысты қателігін есептеңіз:

1. ВР-1-де папаверин гидрохлоридің 0,2 г

2. ВР-20-да кальция глюконатының 5,0 г

3. ВР-5-те ацетилсалицил қышқылының 0,3 г

4. тарирлы килограммдық таразыда (Т-1000) вазелиннің 30,0 г

5. тарирлы килограммдық таразыда (ВКТ-1000) сары өрік майының 100,0 г

6. Т-1000 таразысында глицериннің 5,0 г

7. ВР-20 –да бор қышқылының 15,0 г

8. ВР-1-де димедролдың 0,04 г

9. ВР-5-те атропина сульфатының 0,08 г

10. ВР-100-де натрий сульфатының 17,0 г

Оқиғалық есептерді шығарыңыз:

Тапсырманың шарты бойынша таразылардың сезімталдығын анықтау қажет? Өлшеудің қатысты қателігін?Дәрілік заттың көрсетілген көлемін дозалау үшін белгілі бір максимальды күші (нагрузкой) бар таразыларды қолдану мүмкіндігін.

1.Егер тарирлы таразылардың сезімталдығын тексеру кезінде стрелка нөлдік жағдайынан жүкелмеген таразылар үшін сәйкесінше максимальды жүкетемесі 1\10 және 8,6 и 5 мм; 4,4 и 3 мм 12,9 и 8 мм; 6,4 и 4 мм; 7,7 и 6 мм күшке максималды жүктеу кезінде ауытқитыны белгілі болса онда таразылар сезімтал ма?

2. Өлшеу мүмкін бе?

А) ВР-1-де атропина сульфатының 0,03 г

Б) ВР-20-да натрия гидрокарбонатының 21,0 г

В) ВКТ-1000-да натрия хлоридінің 40,0 г

Г) ВР -100-де магния сульфатының 110,0 г

Д) ВР-20-да бор қышқылының 12,0 г

3. ВКТ-1000-да өрік майының 300 г өлшенді. Масса бойынша дозалаудың қатысты қателігі ±2% құрады. Бұл мүмкін бе?

4. ВКТ-1000-да өрік майының 500 г өлшенді. Масса бойынша дозалаудың қатысты қателігі ±6% құрады. Бұл мүмкін бе?

5. жырмаграмдық қол таразысында кальций карбонатының 10,0 г өлшенді. Масса бойынша дозалаудың қатысты қателігі ±1% құрады. Бұл мүмкін бе?

6. ВКТ-1000-да какао майының 200,0 г өлшенді. Масса бойынша дозалаудың қатысты қателігі ±1% құрады. Бұл мүмкін бе?

7. ВР-1-де пилокарпин гидрохлоридінің 0,02 г өлшенді. Масса бойынша дозалаудың қатысты қателігі ±7% құрады. Бұл мүмкін бе?

№1 СӨЖ-ді өткізу мерзімі– 3-апта


2 СӨЖ - Сұйық дәрілік заттарды көлем және тамшылар бойынша дозалау

Есептерді шешіңіз:

1. 1,0 ментол

2,0 натрий гидрокарбонаты

5,0 натрий хлориді

Дистилденген су 200мл алыңыз.

Араластырыңыз. Беріңіз. Белгілеңіз. Тамақты күніне 3 рет шайқаңыз.

Рецепт бойынша суспензияның 200 мл дайындау қажет болды. Тексеру кезінде көлемі 196 мл болды, көлемінде ауытқу болуы мүмкін бе?

2. Натрий бромидінің 20% 60 мл алыңыз.

Беріңіз. Белгілеңіз. Күніне 3 рет 1 ас қасықпен.

Рецепт бойынша натрий бромиді ерітіндісінің 60 мл ерітіндісі дайындалу қажет болды.Тексеру кезінде көлем 62 мл болды, көлемінде ауытқу болуы мүмкін бе?


  1. Хлорсутек қышқылының 3% 100 мл алыңыз.

Беріңіз. Белгілеңіз. Күніне 1 рет 1 асқасықпен тамақтың алдында.

Рецепт бойынша хлорсутек қышқылының 100 мл 3% ерітіндісін дайындау қажет болды. Тексеру кезінде көлем 104 мл болды, көлемінде ауытқу болуы мүмкін бе?

4. Дикаиннің 0,5% 10 мл ерітіндісін алыңыз.

Адреналин гидрохлоридінің (1:1000) 30 тамшы.

Араластырыңыз. Беріңіз. Белгілеңіз. Күніне 2 рет 5 тамшыдан танауға.

Рецепт бойынша адреналин гидрохлоридінің 30 тамшысы жазылған. Этикеткасында: 1 стандартты тамшы 0,8 стандартты емеске сәйкес келеді; 0,1 мл- 6,7 тамшы деп көрсетілген. Өлшегенде 37 тамшы болды. Дозалаудың дұрыстығын тексеру.

5. Кодеин фосфаты 0,15

Адонизид 10 мл

Араластырыңыз. Беріңіз. Белгілеңіз. Күніне 20 тамшыдан 2 рет.

Рецептіде 0,5 мл валериан тұндырмасы деп аталған. Этикеткада: 1 стандартты тамшы 0,9 стандартты емеске сәйкес келеді; 0,1 мл -4,6 тамшы деп көрсетілген. Өлшегенде 23 тамшы болды. Дозалаудың дұрыстығын тексеру.

6. Валериан тұндырмасын

Ландыш тұндырмасын тура 10 мл ден

Валидол 0,7 мл

Араластырыңыз. Беріңіз. Белгілеңіз. Жүректегі ауру кезінде 10-15 тамшыдан

Рецептіде валидол тұндырмасының 0,7 мл деп жазылған. Этикеткада: 1 стандартты тамшы 0,8 стандартты емеске сәйкес келеді; 0,1мл-3,8 тамшы деп көрсетілген.Валидолдың 29 тамшысы өлшенді. Дозалаудың дұрыстығын тексеру.

№2 СӨЖ-ді өткізу мерзімі – 5-апта


3 СӨЖ - Құрамында антибиотиктері бар дәрілік формалар – рефрерат немесе презентация

Жоспар:


  1. Антибиотиктер сипаттамасы

  2. Антибиотиктерге қойылатын талаптар, және олардың жіктелуі.

  3. Антибиотиктері бар дәрілік формалардың технологиясы.

  4. Антибиотиктері бар дәрілік формалардың сапасын бағалау.

№3 СӨЖ-ді өткізу мерзімі - 10-апта
4 СӨЖ - Асептикалық дәрілік формалар – реферат немесе презентация

Жоспар:


1. Асептикалық жағдайлар. Инъекциялық ерітінділерді ластайтын қайнар көздер. Инъекциялық ерітінділерге қойылатын талаптар

2. Инъекциялық ерітінділер өндірісін асептикалық жағдайлармен қамтамасыз ету

№4 СӨЖ-ді өткізу мерзімі - 13-апта
Реферат жазуға әдістемелік нұсқаулар

Реферат, студенттің білім алуының формасы ретінде, -- берілген тақырып бойынша барлық публикациялардың , материал мәлметтерінің жүйелі анализі элементтері және қорытындысы бар, қысқаша шолуы.

Реферат мазмұнына қойлатын талаптар:


  • рефератта қолданылатын материал берілген тақырыпқа міндетті түрде сәйкес болуы керек;

  • мәселенің негізгі аспектілерін сауатты ғана емес, белгілі бір логикаға (хронологиялық, тематикалық, оқиғалық және т.б.) сәйкес құрастыру керек;

  • жазу барысында әр түрлі авторлардың идеясын көз қарастарының біркелкіліг бойынша немесе ғылыми мектептер бойынша топтастыру қажет;

  • реферат зерттеу жұмысының келтірілген қорытындырымен аяқталуы керек: қарастырылатын сұрақ бойынша сіз келіскен көзқарастардың артықшылықтарының анализіне негізделген қысқаша мазмұны.

Рефераттың құрылымы.

  1. Реферат титулдық беттен басталады.

  2. Титулдық беттен кейін Мазмұны. Мазмұны –бұл, әрбір бөлімге өзі тұрған бет нөмірі сәйкес келетін, рефераттың жоспары.

  3. Рефераттың тексті. Ол 3 бөлімге бөлінеді. кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды.

а) Кіріспе –тақырып таңдауға негіз болған және арықарай қаралатын мәселеге негізделген, рефераттың бөлімі.

б) Негізгі бөлім – бұл таңдалған тақырып арықарай толықтырып айтылатын жұмыстың негізгі бөлігі. Негізгі бөлім толық текст ретінде де бөлімдерге бөлінген ретінде де болуы мүмкін. Қажетті жағдайда реферат тексті иллюстрациялармен, кестелермен, графиктермен толықтырылуы мүмкін, бірақ онымен тексті күрделендіру қажет емес.

в) Қорытынды –бұл, дайындалған тексттің негізіне қорытынды түрінде берілуі керек рефераттың бөлімі. Қорытындылар қысқа және анық болуы керек. Сонымен қатар, қорытынды да реферат барысында шыққан бірақ толық ашылмаған мәселелерде қарастырылуы мүмкін.

4. Әдебиттер мен мәлімет көздерінің тізімі. Бұл тізімде рефератты дайындау кезінде студент пайдаланған көздерді де және дайындық барысында қарастырылған әдебиеттерді де қарастырылады. Әдебиеттер тізімі библиографиялық стандартарға сәйкес болуы керек.

Рефераты орындау барысында қойылатын техникалық талаптар мен көлемі.

Жұмыс бірлік интервал арқылы 12 шрифтпен орындалуы керек, қалдырылатын сыртқы жолдар размері: сол жақ -25мм, оң жақ -15мм, жоғарғы – 20 мм, төмен -20мм. Беттер нөмірленген болуы керек. Рефераттың көлемі –5 беттен көп емес машиналық текстпен.



Рефератты бағалау кезінде оқытушы келесі жағдайларға назар аударады:

  • алынған тақырыпқа мазмұнының сәйкес келуі;

  • текстте тақырыптан ауытқушылықтың жоқтығы;

  • жұмыстың құрылымының нақтылығына;

  • ғылыми әдебиетпен жұмыс істей білуіне;

  • логикалық ойлау қабілетіне;

  • жазбаша жазу мәдениетіне;

  • ғылыми текстті рәсімдей білуіне (сілетемелерді дұрыс қолдану және рәсімдеу, библиография құрау)

  • рефератты жазу барысында қолданылған жұмыстың авторының бағытын дұрыс ұға білу;

  • қолданылған авторлық жұмыстық дұрыс жеткізе білу;

  • жұмыс көлемін сақтау;

  • рәсімдеудің дұрыстығы және реттілігі, сонымен қоса жұмыстың техникалық орындалуының;

Реферат порталға тексерілу үшін берілген уақытқа дейін жіберілуі қажет.
Презентацияларға әдістемелік нұсқаулық

  1. Презентацияның барлық слайдтары Microsoft Power Point бағдарламасының кез келген нұсқасы бойынша біріңғай стильде дайындалған болуы керек.

  2. Файлдың мөлшері 2Мб көп емес болуы керек, слайдтардың саны 15-20 шт.

  3. Титулдық, ақпараттық және қорытынды беттер міндетті түрде болуы керек.

  4. Титулдық слайд презентацияның тақырыбын және кім орындағанын (тегі, аты тобы, курс )көрсетуі керек. Қорытынды слайда қолданылған әдебиеттер тізімі (автор, жыққан жылы және т.б.)

  5. Презентацияның форматы

Беттің параметрлері

  • слайдтың размері –экран;

  • ориентация-альбомдық;

  • ені – 24 с;

  • биіктігі – 18 см

  • бетті нөмірлеу «1» беттен бастап.

  1. слайдтарды рәсімдеу:

  • қолданылатын шрифттер: Times New Roman, Arial, Arial Narrow.Бір презентацияда шрифтердің әр түрлі типін араластыруға болмайды.

  • Жазулар: қалыпты, курсив, жартылау майлы.

  • Шривтің түсі мен мөлшерін барлық жазулар слайдтың берілген бөлігінде нақты оқылатындай етіп таңдау керек;

  1. Титулдық және қорытынды слайдта анимациялық бейнелер қолданылмайды.

  2. Бір слайды үлкен көлемдік бір ақпаратпен толтыруға болмайды.

  3. Қысқа сөздерді және сөйлемдерді қолдану қажет.

  4. Негізгі маңызды ақпарат экранның центрінде болуы керек.

  5. Ақпаратқа қойылатын талаптар: нақтылығы, толықтығы, ақпарат көздерінің заманауи түрлерінің қолданылуы, аяқталғандығы;

  6. Текстке қойылатын талаптар: ғылымилығы, логикалығы, қол жетімділігі, біркелкілігі, аяқталғандығы.

  7. Граматикалық және басқада қателіктердің жоқтығы.

  8. Кестелік ақпарат материалға MS Word текстік процесорының немесе MS Excel кестелік ппоцесорының кстесі ретінде қойылады.

  9. Диаграммалар MS Excel кестелік процесорының диаграммалар шеберін қолдана отырып дайындалады.

  10. Презентация порталға тексерілу үшін берілген уақытқа дейін жіберілуі қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет