ПӘннін оқУ-Әдістемелік кешені «Мәдени-суықтыру қызметін ұйымдастыру және сахна мәдениеті» Мамандық үшін 5В010600 «Музыкалық білім»



жүктеу 1.09 Mb.
бет6/7
Дата17.06.2016
өлшемі1.09 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Әдебиеттер тізімі.

1. Уметенок А. Чем досуг интересен? Правда, 1985.

2. Яшкин В.К. ВИА. М., 1990.

3. Балтабаев М.Х Қазақ музыкасы және студент жастар. Алматы, Ана тілі, 1991

4. Сағымбеков М., Көпбаев А. Мектептерде лекция – концерттерді ұйымдастыру

әдістемесі. Алматы, 1991.

5. Әлібеков Ә. Баланың көңілі батыста. «Егеменді Қазақстан», 27.01.2001.

Ткаченко Г.А. Космом. Музыка. Ритуал. М., 2001.


Тақырыбы

Лекциялар-концерттер.

Лекция-концерттерді құрастырудың негізгі принциптері.

Сабақтың мақсаты: музыка мұғалімін сыныптарда, мектепте лекция – концерттер ұйымдастыруға баулу.


ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 44 62
Жоспары: лекция – концерттің түрлері, ұғымы

Лекция – концерттерді дайындап өткізуде мұғалімге қоятын ұлкен талап бар. Ол «сегіз қырлы бір сырлы» болса, істеген іс - әрекеті сапалы

болмақ. Мұғалім өзінің орындаушылық мүмкіндігіне сүйініп қана қоймай, сөзді сөйлеу шеберлігін ұстатқаны. Сондықтан лекция – концерттерді өткізу кезінде сөзбен саздың үйлесімдігіне, үндестігіне қатты назар аудару керек. Осы орайды совет педагогы В.Сухомлинский былай деді: «Сөз ешқашанда музыканың шын мәніндегі тереңдігін шегіне жеткізуге түсіндіре алмайды, бірақ сезім дүниесінің осы бір өте нәзік саласын сол сөзбен ғана сезініп түсінесіз. Сөз жүректің аса сезімтал қылын басып, құлақ күйін еліктіруі тиіс, музыканы түсіндіру поэтикалық тұрғыда, сөзбен музыканың байланыстылығы негізінде жүзеге асады». Ендеше лектор – музыкантқа творчестволық ізденіс, тапқырлық, зеректік қажет.

Әрине лекция – концертті сапалы өткізу маманға бірден жеңіл беріле қоймайды. Ол институт қабырғасында жүргенде – ақ өзін осы жұмысқа ыңғайлату керек. Ол үшін студент өзінің ой - өрісін кеңейту үшін, жалықпастан білім мен өнердің барлық дерлік саласынан хабардар болғаны жөн. Ол кино, театр, көркемдік галереялармен музейлерге жиі барып одан көргендерін қорытындылай, түйіндей білуге және талдай білуге машықтануы керек. Музыкалық әдебиеттермен таныс болып, музыкалық ликторилердің, лекциялардың белсенді тыңдаушысы болғаны жөн. Өнер шеберлерімен көркем әдебиет саңылақтарының өтетін кездесулерде болашақ ұстазға үлкен сабақ боларлық, үлгі тұтарлық шаралардың бірі болмақ. Фонетика байлығы музыка әлеміне саяхат жасаудың бірден – бір қажетті құралы. Бұл айтылған талаптар болашақ музыка мұғалімінің кәсби – мамандық шеберлігінің, мәдениетінің қалыптасуына зор ықпал тигізбек.

Лекция - концерттердің тартымды болуы, тыңдаушыларды қызықтыруы, олардың келесі лекция – концертке деген ынтасын артуы лектордың сөйлеу шеберлігіне көп байланысты. Сөзді тыңдаушыларға айқын, әрі әсем, әсерлі етіп жеткізу сөйлеу

техникасымен логикасына көңіл қою амалдарын қамтамасыз етсе, саздың әсемділігімен іскерлігі сөзбен бірге қауышып үндестік табу арқылы жүзеге асады. Құлаққа естілер сөздің көркемдік белгілерінің бірі – оның музыкалығы. Дыбыстар гармониясын сақтау шешен сөзінің көркемдік шарттарының бастысы. Ал орындалатын музыкалық шығарма өзінің әсемдігімен ғана емес, жүрекке әсер ететін мағыналы сөзімен, үндеуімен қымбат. Бұларға сөзді анық, бұзбай жеткізетін тамаша дауысты әншілер аспапта орындаушылар қосылса ол лкеция – концерт тыңдаушылардың жүрегіне жол табады.




ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 45/ 62
Болашақ ұстаздың тілінің, музыка мәдениетінің деңгейін көтеруде оларды дайындайтын оқу орны, факультет, бөлімдер күш салу керек. Ол үшін музыка мамандарын оқыту, үйрету процесінде әдеби тілдің заңдылықтарын, әр алуан нормалық ережелерін арнайы факультатив,

арнайы сұрақтар ретінде оқытуды ескерген жөн. Ал орындалар ән, ауызша айтылудың көрсететін және соған үйрететін ұрал. Сонымен, сөйлеу және ән айту кезінде орфоэпиялық заңдылықтарды сақтау, лкеция – концерттерді мыңдаушылар құлағына жағымды болуды қамтамасыз етеді.

Ендігі айтылар сөз лекция – концерттердің ғылымдылығында.

Айтылатын тұжырымдар ғылыми негізде дәлелді болумен қатар тыңдаушылардың түсінігіне жеңіл, әрі оңай жеткізілуі керек. Лекция кезінде кейбір ұғымдардың түсінігіне жеңіл, әрі оңай жеткізілуі керек. Лекция кезінде кейбір ұғымдардың қай әдебиеттен, қай автордың қандай еңбегіне алынғаны туралы мәлімдеп тұрғаны жөн, және шешеннің келтіріп тұрған мысалдары, музыкалық суреттемелері нанымды да шыншыл болғаны абзал. Осы айтылғандар шешен шеберлігінің іс - әрекетінің ұтымды болуына ықпалын тигізуі хақ.

Болашақ музыка мамандарының шешендік өнерге баулудың қыры мен сыры әлі де болса зерттелетін мәселе. Музыка мамандығының студенттері оқу кестесінде шешендік өнерге баулу сабағы тұрғандықтан олар дербес немесе өз бетімен шұғылданады. Тағы айтарым, лекция – окнцертті дайындаудың мынадай қажеттіліктері бар: тақырып таңдау, әдебиеттерді ретімен орынды пайдалану, музыкалық шығармаларды іріктеу және дайындау, ұйымдастыру жұмыстарын қадағалау.

Лекция – концерт бөлімнің эстетикалық талғаммен безендірілуі тыңдаушылармен өткізушілердің көңіл – күйіне жағымды әсер қалдырады. Бөлме іші жарық, қабырғалары таза, қойылған мүліктер ретті болу қажет. Тақырыпқа сәйкес бөлме ішін тәрбиелік мәнге толы нақыл сөздер, нақты әрі ұтымды суреттер салынған плакаттар ілсе

артық болмас еді. Бір бұрыштан жаңа әдебиеттер көрмесін ұйымдастыруға болады.

«Әуелетіп ән салса сырнайменен» - деп аталатын лекция – концерттің қысқаша үлгісі.

«Гәккудің» шығу тарихы бар. Отырған жұрт 17 жасар Какиманың әнін тыңдап тамашалап жатыр.... «Үкілі Ыбырай келеді» деген хабар жетісімен ел орындарынан ығысып, есіктен кірген Ыбырайды төрден орын берген еді. Аман – саулық сұрағаннан кейін Ыбырай қолына домбырасын алып, қағып – қағып жіберіп Арқаның бірнеше әндерін айтты.
Әдебиеттер тізімі.

ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 46/62

1. Уметенок А. Чем досуг интересен? Правда, 1985.

2. Яшкин В.К. ВИА. М., 1990.

3. Балтабаев М.Х Қазақ музыкасы және студент жастар. Алматы, Ана тілі, 1991

4. Сағымбеков М., Көпбаев А. Мектептерде лекция – концерттерді ұйымдастыру әдістемесі. Алматы, 1991.

5. Әлібеков Ә. Баланың көңілі батыста. «Егеменді Қазақстан», 27.01.2001.

6. Ткаченко Г.А. Космом. Музыка. Ритуал. М., 2001.



Тақырыбы

Дискотека.

Дискотека өткізуге арналған музыкалық материалдарды таңдау принціпі.

Сұрақтар, тапсырмалар: Қазақстан және шет елдердің дискотека жүргізуімен танысу (музыкалық репертуарлар, залды безендендіру, техникалық жабдықтары және т.б.)

Әдістемелік нұсқаулар: дискотека ұйымдастыруда бөлменің безендіру жайын қарастыру керек. Слайдымен, жарықтандыру аппаратымен, пульттермен жұмыс істей білу керек.

Әдебиеттер тізімі:


  1. Квасница Н., Коленчук В. Дизайн дискотеки. Клуб и художественная самодеятельность. М., 1981

  2. Основы театрального искусства. М. 1991

  3. Балтабаев М.Х Қазақ музыкасы және студент жастар. Алматы, Ана тілі, 1991


Тақырыбы

Музыкалық кештер.

Кештердің дайындығына және өткізілуіне оқушылардың атсалысуы.

Сабақтың мақсаты: Сыныптан тыс жұмыстарды, мектепішілік іс-шараларды, музыкалық кештерді ұйымдастыру.



Әдістемелік нұсқаулар: музыкалық кешетерді ұйымдастыруда бөлменің безендіру жайын қарастыру керек. Слайдымен, жарықтандыру аппаратымен, пульттермен жұмыс істей білу керек.

Музыкалық кештер – тәрбие жұмыстарының өзегі. Ол мектеп оқушылары ғана емес, мұғалімдердің өзін де шығармашылыққа баулиды, рухани өсіреді. Музыкалық кештерді дұрыс ұйымдастыра білу білімділікті, ең бастысы шеберлікті қажет етеді. Әр пән бойынша әр түрлі ғылым саласына қарай кештер өткізуге болады. Солардың барлығындағы ортақ қасиет - өз халқының адами ұрпағын тәрбиелеу. Жан – жақты білімді, мәдениетті, дені сау, сезімтал өнерпаз ұрпақты тәрбиелеу үшін алдына м




ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08. 2015 ж.

Бет 47 62
ақсат қойған ұстаз сыныптан тыс жұмыс жөнінде өзі де көп ізденіп, материалдар жинайды, шәкірттерін де қызықтыра біледі.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Квасница Н., Коленчук В. Дизайн дискотеки. Клуб и художественная самодеятельность. М., 1981

  2. Основы театрального искусства. М. 1991

3. Балтабаев М.Х Қазақ музыкасы және студент жастар. Алматы, Ана тілі, 1991
Тақырыбы: Эстрадалық вокалды – аспапты музыкалық дамуының негізгі кезеңдері.
Жоспар:

  1. 20 жылдардағы вокалды- аспапты шығармашылықтың әлеуметтік аспектілері мен музыкалық стильдері.

  2. Вокалды – аспапты ансамбльдердің көркемдік ерекшеліктері

  3. Жаңа жанрдағы жетекші музыкантар мен орындаушылар.

Қазіргі кездегі телевизияның, радионың, киноның, электрдегі машиналардың барған сайын дами түсуі музыкалық сол жағынан өсе тусуін ғана емес, сонымен бірге музыка өнерінің барлық сан алуан стильдері мен жанрларымен, басқа халықтардың фолкьлорымен композиторлардың және алуан түрлі мектептермен көркем бағыттардың орындаушыларының творчествосымен танысуға мүмкіндік береді. Өте қысқа уақытта музыка өнері саласындағы аса жаңа

эксперименттер мен сәтті жаңалықтар тек мамандардың шағын ортасының ғана есем, сонымен бірге халық тыңдаушысы қауымының да игілігіне айналады. Қазіргі өнердің таңдаулы неғұрлым қызықты құбылыстары түрлі ұлттық топырақтан нәр алып, сол халықтың музыкалық тілінің өзіне тән өрнегінен өз бояуын тауып, жаңа әуезбен байып отырады. Эстрадалық музыка жанры барлық жаңалыққа бәрінен бейім тұратыны белгілі. Қазіргі замани рухына сай келетін әсерлілік құралдарын іздестірудің үздіксіз процесі нақ осында барынша айқын байқалады. Эстрадалық музыканың жастардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда маңызды рол атқаратынын мойындаған жөн.

Эстрадалық музыкаға да, оның алдындағы жанрлар – үрмелі аспаптар оркестарлеріне арналған музыка, тұрмыстық романс және лирикалық әндер сияқты ұлттық белгілер қажет. Ұлттық белгілер музыкалық толып жатқан әсерлілік құралдарында - әуендер, ырғақта, гармонияда және т.б. көрілуі мүмкін.




ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015ж.

Бет 48 62
Ауыз екі тіл секілді, музыка өнерінің тілі де уақыт өтуімен байланысты өзгеріске ұшырап отырады. Ой мен сезімнің жиынтығын қазіргі заманғы суреткер өткеннің ұзақ- солар ырғағы мен бере алмайды. Ол форманың жасқалығын айтпақ ойдың айқындылығын, тұжырымдылығы мен нақтылығын

талап етеді. Міне, сондықтан да қазір шағын музыкалық формалар үлкен табысқа жетіп отыр.

Қазіргі эстардалық музыка, сан алуан болғанына қарамастан, үш негізгі бағытқа ие болып отыр. Олар: таза фольклорлық қазіргі заманғы және фольклорлық қазіргі заманғы стильдегі бағыттар.

Фольклорлық бағыт – репертуары халық әуендері мен аспаптық шығармалардан тұратын солистер мен ансамбльдің алынған аспаптары, тиісінше халықтық болып келеді. Қазіргі эстрадалық музыка - қазіргі заманғы композиторлардың әндері мен пьессалары. Ал бұл бағыттағы ансамбль мен оркестрлердің аспаптарының құрамында да, музыкалық белгілер басым болады. Бұл жағдай осы бағыттың өкілдеріне жұртшылққа тез танылатын әрі дәл сондай тез ұмытатын, айшықты көркемдік жағынан тартымды шығармалар жасауға көмектеседі.

Фольклорлық қазіргі заманғы стиль бағыты, музыкалық терналді өзінше біріктірумен сипатталады. Эстардалық музыка стилінің тақырыптық мазмұнының және көркемдік әсер құралдарының сарқылмас қоры бар.

Қазақстан да, Орта Азия республикаларында сияқты профессионалдық музыка өнері, оның ішінде эстарда да бірқатар обьективті тарихи себептерге байланысты сабақтан кейінгі жиындарда ғана белсенді дами бастады.

Біздің республикамызда Мемлекеттік республикалық «Гүлдер» жастар –эстардалық ансамбльі, «Дос-Мұқасан», «Айгүл» вокальдық-аспаптық ансамбльдері, «Серпер», «Алматы әуендері» және т.б. сияқты

фольклорлық қазіргі заманғы стильдегі өзіндік бет-бейнесі қалыптасқан ұжымдар өз репертуарын жасаған кезде бұл ансамбльдер қазақ халық музыкасының бой әуені мен ырғағын табысты пайдаланып, ұлттық пластика дәстүрлерін творчестволық ой-елігінен өткізіп отырады.

20 жылдардан бастап ондаған жылдар бойы Джаз стилі қажеттілікті қанағаттандырды. Мұның бәрі жас ырғақтық, әуендік және гормониялық құрылымдар мен вокальдық жаңа мәнерімен электронды аспаптардың елумен үйлесімді 60 жылдардың басында қазіргі заманғы көпшілікке танымал музыканың пайда болуына негіз болды. Біздің елімізде, олардың бір түрі ретінде, вокальды аспаптық ансамбльдер пайда болды.

Қазіргі ырғақтар, жалпы би әуені, барлық воальды аспаптық ансамбльдердің стильдік қолтаңбаларына тән. Алайда түрлі ән және фольклор дәстүрлеріне байланысты түрлі елдер мен аймақтардың вокальдық ансамбльдері, рок және поп топтары орындаған музыканыңекпін-әуен негізі бір-біріне ұқсамайтын кейде тіпті күрт ерекшеленетін болып шықты.





ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 49/62



Тақырыбы: Кеңестік вокалды –аспапты ансамбельдердің шығармашылығы.

Жоспар:

1.60-жылдардың екінші жартысындағы кеңестік эстраданың орпидауимглары,

2. Поющие гитары ВАА-ның жауапшылығы,

3.«Песняры”, “Ариель” шығармашылығында ұлттық фольклорды пайдалану.

4. Эстрадалық әндердің кеңестік танымал орындаушылары.
Вокальдық –аспаптық ансамбльдердегі тәрбие процесінің өн бойында студенттердің музыкалық - эстетикалық ой-өрісін кеңейту шығарманың мазмұны мен сипатын сын көзбен бағалай білуді көркемдік талғам мен музыканы қабылдай білу мәдениет қалыптастыру .

Көптеген вокальдық-аспаптық ансамбльдер стилінің қалыптасуына совет әндері, ал кейбір ансамбльдерде фольклор үлкен роль атқарады 60-жылдардағы таңдаулы ұжымда –«Пеняры» (Белоруссия), «Сомоцветы» (Москва), «Ариэль» (Свердловськ), «Ялла», (Өзбекстан), «Гунем» (Түрікменстан), «Орера» (Грузия), «Гая» (Азербаижан), (Досмұқасан»,

«Арай», «Яшлык», «Айгул» (Қазакстан) және т,б фольклордың қазіргі заманғы әннің және фольклороктың арсеналынан мұқият іріктеліп алынған құралдың табиғи ұжымдасуына құрылған біртұтас музыкалық - оброзды жүйе пайда болды .Өзінің алғашқы қадамынан-ақ бұл вокальдық –аспаптық ансамбльдер фольклорға батыл ден қойды. Бұл ұжымдар өз халқының ән- аспаптық мұрасына құрметпен қарап, ұлттық асыл қазынадан ансамбльдің орындаушылық стиліне мейлінше табиғи үндестік әуендерді ғана іріктеп алып отырды. Өздерінің музыкалық өңдеулерінде олар өз халық әндерінің ладтық және гармониялық құрылысын сақтауға және сонымен бірге оларға эстрадалық сипат беруг ұмтылады.

Халық әндерін өңдеуге бет бұрып, сәтті интерпретация үлгілерін берген алғашқылардың бірі белорустің «Песняры» вокальдық –аспаптық ансамбльі болды. Оның фольклорды өңдеуге халықтың ән әуенімен симфонизімнің қазіргі тәсілдері , дамыған полифония және рокмузыкаға тән композиялық тәсілдерден шығатын созылмалы остинатты үн налымды біріктірілген. Вокальды партиялар динамикалық және колористикалық реңктердің қарама-қарсыласымен баурап алып, мінсіз дауысымен, гармониялық күрделілігі мен шаттыққа бөлейді.Өңдеулердің сезімдік образдылығы көп көңілінен шықты.

Вокалдық –аспаптық ансамбльдердің негізгі міндеті электр музыкалық аспаптарда ойнаудың, ансамбльдік әнңің вокальдық техникасын, практикалық


ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 50/ 62
дағдысын игеру, көркем репертурды іріктеп алу принциптіқазіргі асапатармен дыбыс күшейткіш аппаратураның барлық әсерлілік –орындаушылық құралдарын салалы түрде түсіне пайдалануды үйрету. Вокальдық –аспаптық ансамбльдердің аспаптары тура партитураларды творчестволық пен құру теориясы мен практикасы туралы эстрадалық вокальдық – аспапты жанрдың тембрлік-регистрлік ерекшеліктер, техникалық мүмкіндіктері туралы, «микрфолдық» ән айту және алуан түрлі электронды дыбыстардың өзіне тән ән айту және алуан түрлі электронды дыбыстардың өзіне тән ерекшеліктерін білу туралы қажетті мәліметтер беріледі.

Қазақстандағы «Яшлык» фольклорлық ұйғыр ансамбльінің халық әндерін өңдеуі сүйсіндіреді .Бұл ансамбльді тыңдап отырып, ұйғыр халық әндері динамикалық өңдеулер мен электрлі аспаптар үшін баяғыда «бағдарламаланғанба» деп ойлайсың. Орындаушы мен электргитаралар мен синтезаторларға көңіл әзілге толы, лирикалық әндерді ұлттық дауыспен айтып үйретіп қойғандай. «Милыктың» фольклормен тығыз тасуы ұйғыр аспаптарын (раваи, тамбур, най, дап) пайдалануынан да аңғарылады. Бұл аспаптар гитаралармен соқпалы аспаптардың арасында ешбір жоғалмайтын ансамбль үніне шығыс әріп береді.

Вокальдық – аспаптық ансамбльдегі кез-келген жаңалық тез арада жұртшылықтың игілігіне айналатыны аян. Халық әндерінің табысқа жетуі оған өңдегіш эпигондардың назарын аударды. Олар неғұрлым оңай жолды таңдады: кеңінен танымал әндерді алып, әуенді қазіргі заманғы ырғаққа тез жетіп жатыр.

1982 жылы Н.Тілендиевтің жеткешілік етуімен қазақ фольклорлық- этиографиялық «Отырар сазы» оркестрінің құрылуы қазақ халқының музыка мұарсын кеңінен, жан-жақты пайдалануға көңіл қойғанын тағы да дәлелдеп берді. Орекстрде түрлі музыкалық аспаптардың дыбысы жарасымды үйлесім табуы дыбыс күшейткіш арқылы сәтті түрлі аспаптардың оркестрде пайдалауныа мүмкіндік туды. Осының бәрі бұрын халық оркестрлерінде пайдаланылған аспаптардың жаңа колористік мүмкіндіктерін ашып берді. Қазақ халқының аспаптық творчествосы бірегей халық аспаптарымен музыкалық шығармаларын пайдалану ғана емес, сонымен бірге халық аспаптарының орындаушылық мәнерінің өзіндік ерекшелектерін сақтау арқылы да көзін тапты.



Тақырып: Қазіргі зонг-опера вокалды аспапты ансамбльдердің көңіл көтеруші шоу бағдарламалары.

Жоспар:

1. Қазіргі кездегі рок музыкасының бағыттары.

2.Опера, балет,концерттердің жаңа бағыттары.

ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 51/ 62

Қазіргі кездегі рок музыканың бағыттары сан алуан. Атап айтар болсақ: хард-рок, поп-рок, арт-рок, поп-рэп, диско, фанк, фьюжн, фольк-джаз т.б.

Рок музыка стилінің кейбір бағыттары оның музыканың басқа түрлерімен сабақтасуынан пайда болып, әрі қарай дами бастады. Ағылшынның «Gream», Американың «Chicago » топтарын алатын болсақ, олардың шығармаларындағы рок пен джаздың үйлесімділік тапқаны соншалық, қай стильдегі орындаушылар екенін ажырата алмайсың. Кейінгі кезде джаз музыка өнерінің балгілі қайраткерлері М.Дэвис, Э. Фитцджеральд, Дж. Смит, Д. Брубек те рок музыкаға бет бұрып, осы стильдегі шығармаларды орындады.

Сондай-ақ, рок-музыканың әсері байыпты музыканы да, оны жазушы композиторды да шет қалдырған жоқ. Ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан опера, балет, симфония, концерт формаларынан да көрініс тапты. Оның мысалы ретінде « Иисус-Христос-суперзвезда» - рок операсын, « Волосы » - рок мюзиклін, Бернстайнның рок - мессасын, Қазақстандық А. Серкебаевтың «Маугли» рок-балетін т.б. алуға болады.

Қорыта келе айтпағымыз, рок-музыка стилі қазір шарықтау шегіне жетті. Әрі қарай қалай дамитынын заман ағымы көрсетеді. Дәл қазіргі 2004 жылы, жұрт құлағы таза, үнді, табиғи дыбысты іздей бастағандай...

Тақырыбы: Мектептегі вокальды-аспаптық ансамбльдерді ұйымдастыру және оқу тәрбиелеу жұмыстары.
Жоспар:


  1. Оқу процесін аспаптармен қамтамасыз ету жағдайлары.

  2. Оқу жоспары және бағдарлама.

Мектептегі вокальді- аспапты ансамбльдерді ұйымдастыру, музыкалық-эстетикалық тәрбие берудің толық құндылығы оқу процесінің мазмұны мен ұйымдастырулыуна тікелей байланысты екені белгілі. Олар бірқатар жолын педагогикалық және дидактикалық талаптарға сай келуі тиіс. Атап айтқанда бүкіл оқу процесінің нысаналы жүргізілуі; оның жүйелілігі, түсініктілігі, көрнекілігі, өмір мен байланыстылығы, оқыту мен тәрбиедегі сабақтастығы, әрбір адамды терең құрметтей отырып, ұжымның барлық мүшелеріне қойылатын талаптардың бірлігі, творчестволық ізденіс, өзін-өзі көрсету үшін оңтайлы жағдайлар жасау және ұжымның, оның жетекшісінің талаптарына міндетті түрде бағыну, жоғары тәртіптілік.

Ансамбльде орындау дағдыларын қалыптастыру жолдарын түсіну – тәсілдер мен әдістерді дұрыс таңдауға, қажетті техниканы игеруге бастар жол. Ансамбльдік орындау- күрделі қызмет, өйткені онда білім жатады. Ал творчество көркемөнер міндеттерін шешу жолдарын ой-елегін өткізуден,


ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 52 62
жаңа оңтайлы әдістерді табудан, ең бастысы инициатива көрсетуден, халық музыкасы негізінде жатқан бай қазыналы пайдалану арқылы өзін-өзі көрсетудің неғұрлым жақсы формаларын әрбір қатысушының өз бетімен ізденуінен көрінеді.

Жоғарыда аталған тәрбие міндеттерін шешу едәуір дәрежеде вокальдық-аспаптық ансамбль қызметінің мазмұнына репертуар саясаты мәселесінің дұрыс шешуіне байланысты.

Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының вокальдық-аспаптық ансамбльдері мен оқушы жастарды біріктірген ансамбльдердің репертуарына талдау жасау репертуар саясатының көптеген ансамбльдерге тән мынадай бірқатар оңды тенденцияларын көрсетіп берді.


  1. Көкейтесті тақырыптарды игеруге, қатысушылардың адамгершілік және эстетикалық мұраттарға көзқарасын бейнелеуге ұмтылуы

  2. Вокальдық- аспаптық ансамбль мүшелерінің творчестволық және қоғамдық белсенділігі, жергілікті тақырыптарға шығармалар тудырып, орындауға ұмтылыс.

  3. Музыкалық білімге құлшыныс; музыкалық сауат негіздерін игеруден кәсіптік мектепте білім алуды жалғастыра беруге дейін ұмытылыс.

  4. Көптеген вокальдық-аспаптық ансамбльдердің халық әндерін орындауға зейін қойды.



Тақырып: Вокал мен аспап қызметі.
Жоспар:

1. Ансамбльдегі аспаптардың үнін келтіру.

2. Шығарманың орындау ерекшелігі.
Практикада динамиканың ( қатты, жәй, дыбыс күшін арттыру немесе азайту) және агогиканың ( жылдамдату, баяулату, аялдау ) негізгі элементтерін орындау шығарманың сипатына байланысты әсіресе қазақ халқының музыкалық шығармаларында өзінің реңктері жағынан толып жатқан әрі өте нәзік сипаттамаларға ие болады. Ансамбльдің жалпы үнін реттеу жұмысы дыбыс күшейткіш аппаратураны, электракустикалық түрлендіргіштерді жақсы білу, оларды тиісінше ретке келтіре білу маңызды. Мысалы, «ва-ва» (бақа) эффекті негізгі тонның энергиясы мен оның төменгі обертендарының арасындағы арақатынастың үздіксіз, бірақ айтарлықтай жылдам өзгеруі; «ФАЗЗ» - негізгі тонға көп мөлшерде обертондарды қосу, бұл ызыңдаған, дірілдеген дыбыстар беріп, аспаптың табиғи тембрін адам танымастай өзгертіп жібереді, «МОУЛ» - соңғыдан төмен жатқан жоғары жиіліктерді алып тастайды. Мұның өзі «органның» өте жуан дыбысы шыққандай әсер тудырады; «СКРЕМИНГ БЕРД» (сөзбе-сөз аударғанда - шыңғырған) – орта жиіліктегі дыбыс шыңы, гитараға немесе басқа аспапқа жасалады; «БЛЕК- ФИНГЕР» - гитара шегін бір шертіп


ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 53/ 62
қалғаннан кейін дыбысты бір деңгейде ұзақ ұстай отырып, оған, тиісінше, шиқылдаған әуез немесе қоңырау дауысы сипатын беруге мүмкіндік туғызады.

Шығарманың орындалу ерекшелігін ескере отырып, вокальдық-аспаптық ансамбль жетекшісі белгілі бір көркемдік міндеттерге жету үшін техникалық құралдарды пайдалану жөнінде қандайда бір шешім қабылдайды. Ол қатысушыларды аса ірі дыбыс пландарын, дауыстар мен аспаптарды коррекциялаудың арнаулы жиілігін, «жаңғырық» эффектін жасанды жолмен ревербациялау (дыбыстың біртіндеп өшуі) және қазіргі заманғы дыбыс күшейткіш аппаратураның басқа да мүмкіндіктерін пайдаланған кезде белгілі бір көркемдік және техникалық нормаларға үйретеді.

1   2   3   4   5   6   7


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет