ПӘннін оқУ-Әдістемелік кешені «Мәдени-суықтыру қызметін ұйымдастыру және сахна мәдениеті» Мамандық үшін 5В010600 «Музыкалық білім»



бет4/7
Дата17.06.2016
өлшемі0.55 Mb.
#141389
1   2   3   4   5   6   7


ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 24 62
Жаңа түрлері


XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында симпа, сингэки, синкокугэки сияқты театр өнерінің жаңа түрлері шықты.

Симпа Симпа — демократиялық "Дзию минкэн ундо" қозғалысының негізінде туған жаңа театр мектебі. Ол дәстүрлі (Кабуки) жәнe жаңа (сингэки) театрлардың элементтерін қамтыған.

Синкокугэки Синкокугэки — халық арасында кең таралған театр жанры. Оның актерлері Кабуки театрының орындаушылық әдісін пайдаланды.

Сингэки Сингэки — еуропалық театр ықпалымен XX ғасырдың басында туған замани драмалық жанр. Алғашқы жылдары сингэки театры батыс- еуропалық жазушылардың озық шығармаларын койды. 60-жылдардың аяғында сингэкидің 50-ге тарта труппасы жұмыс істеді.


Географиялық жағдайына байланысты жапон мәдениеті, оның ішінде театр өнері көп жылдар бойы баскалардан оқшау жағдайда дамыды. Жапон театрының негізі ертедегі әдет-ғұрып пен діни мерекелерде қалана бастады. VII—VIII ғасырларда жапон театры біртіндеп Корея, Қытай және Үндістанның театр түрлеріне жақындай түсті. Олардың кейбіреулері жапон театр тарихынан гигаку (VII ғ.) дегеи атпен орын алды. Гигаку сауығы қарабайыр би пьесаларынан құралды. Оған қатысушылар маска киіп, ойын көрсетіп отырды. XI ғасырдан кейін гигакуді музыкалык театр өнерінің басқа түрлері ығыстырып шығара бастады. Оның кейбір элементтері бугаку мен сингакуге қосылды.

  • Бугаку деп аталатын музыкалы би сауығын дін мен сарай зиялылары діни мерекелерде, мінәжат ету кезінде өткізілетін салтқа айналдырды.

  • Сингаку XI ғасырда комедиялық пантомима, ән-би, акробатика, қуыршақ ойындары төрізді халық өнерінің түрлерін қамтитын сарагакуге ұласты.

XII ғасырдың басында бугаку өнері қүлдырап, оның орнын әскери қауымға кең таралған энгаку мен сарагаку басты. Бугакудың кейбір элементтері Жапонияның классикалық музыкасы мен би өнерінің негізін құрады. Сарагаку сауығы діни мерекелер кезінде орындалып, көпшілік арасында кең таралды. Акробатика, клоунада, жонглерлік өнер, аяққа ағаш байлап жүру,фокус, бір аяқпен билеу, арқан үстінде жүру сияқты өнерлерден құралған сарагаку койылымдарын қайыршы актерлер ауылдарда, жолдарда көрсеткен.

XI ғасырда сарагакудің комедиялық бөлігі шағын пьесалардан (тұрмыстық комедиялардан), кейде сатиралық көріністерден тұратын кёген сауығына ұласты. "Киоттықтың тапқыр жауабы", "Шығыс провинция тұрғындарының астанаға бірінші сапары" деген тәрізді бірінші кёген пьесаларының аттары белгілі. Сарагаку қойылымдары халыққа қатты ұнағандықтан монастырь қызметкерлері оған көмегін көрсете бастады. Онымен қатар жергілікті би мен әндерге негізделген дэнгаку сияқты ойын түрі кең өріс алды. Сарагакудың храм ауқымында қойылуы және актерлердің буддистік мәтіндермен, әдебиетпен, поэзиямен танысуы сарагакудың тұрмыстық және сатиралық тақырыптан діни-философиялық пьесаларға көшуіне себепкер болды.



ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 25/ 62
"Но" пьесалар


Сарагаку актерлері ойлап тапқан жаңа пьесалар "Но" деген атпен белгілі болды. Соның негізінде XIV ғасырда театрдың жаңа бір түрі — Но театры дүниеге келді. "Но" сөзі "шеберлік" дегенді білдіреді және бұл әбден театрдың атына сай келеді. Өйткені ол, сарагаку шеберлері жеткен барлық кереметін өзіне сіңірген өнерді, алдыңғы ғасырларда жасалған әдебиет дәстүрімен үйлестірді. Но театрының пьесалары ёкёку (ән айтуға арналған пьеса) деп аталады. Но спектакльдері музыкалық болып келеді, мәтіннің көп бөлігін солист және хор орындайды. Би мен музыкаға құрылған Но сауығын ерлер хоры, флейта мен барабан оркестрі сүйемелдеді. Олар бастырма астындағы сахнага орналасты. Но спектакльдері хореографиялық: бұндағы драмалық кульминация басты кейіпкердің биімен бейнеленеді. Пьесада ауызекі сөз, бір ырғаққа келтірілген проза мен өлең бар. Осыдан әдеби жағынан қарасақ ёкёку — драмалық поэма, театрлық жағынан — драма, опера және балеттің байланысы болып келеді. Но театрының классикасы сараң, нәзік және өте шартты болып келеді. Мәселен, жоғарыға келтірілген қолдар — қайғының, салбыраған бас пен жоғарыға көтерілген алақан — өксіп жылаудың, ал желпуішпен акырын бетті Жабу — терең ұйқының символы болып табылады. Басты кейіпкері маска киіп ойнады. Сауық көріністері пантомимаға кұрылды, ал ойынның оқиға желісін хор түсіндіріп отырды. Актерлер мәтіннің кей бөлігін айтуда әуезді әнді немесе мәнерлі декламацияны пайдаланды. Но театрындағы актерлер, музыканттар мен хористер тек ер адамдар болды. Атақты теоретик, актер және драматургтер — Киецугу Каньами (1333—1384) мен Мотокие Дзэами (1363—1443) әскери адамдар мен ақсүйектерге арналған Но өнерінің эстетикалық негізін қалыптастырды. Актер өнерінде Каньами "еліктеушілік" (мономанэ) қабілетті бәрінен де жоғары қойды. Дзэами бойынша мономанэ актердан толық сахналық бейнеге енуді талап етті. Сонда ғана актердің ойыны қарапайым да еркін шығады деген. Шамамен 1367—1368 жылдары Каньами сол кезде танымал болған кусо-но маи ("әуенді би") биін сарагакуге енгізеді.

Тақырып№ "Қазақ өнерінің тарихы" - ежелгі кезеңнен біздің дәуірімізге дейінгі аралықтығы Қазақстан көркем мәдениетінің әртүрлі саласын қазақ халқының өзіндік этникалық мәдениетінің даму нәтижелерінің жиынтығы ретінде талдап көрсететін алғашқы жүйелі ғылыми еңбек. Өнер туындыларының ауқымды мұрасын ашып көрсетуге бағытталған осы көлемді еңбекті жазуға Қазақстан өнерінің сабақтас дамуы тұжырымдамасы негіз болды.

Бұл басылымның ерекшелігі - авторлар мен құрастырушылардың Қазақстан мәдениетін біртұтас материалдық, рухани және көркем феномен ретінде көрсетуге ұмтыла отырып, біздің еліміздегі бейнелеу, музыка және театр өнерлері дамуының жалпы процестерін зерттеп көрсету.




ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 26/ 62
Қазақстан көркем мәдениетінің жүйелі немесе дискретті кезеңдерін зерттеу оның аумағындағы тарихи-мәдени бірліктердің, мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуына тікелей байланысты. Мұндай жүйелі, кешенді зерттеу ұлттық өнеріміздің аймақтық және әлемдік мәдени кеңістіктегі ролі мен маңыздылығын, қазіргі кездегі көркемөнер процесі мен өнердің жалпы әлемдік қазынасына қосқан орасан зор үлесін ашып көрсетуге мүмкіндік береді. "Қазақ өнерінің тарихы" кітабында Қазақстанның бейнелеу, музыка, театр және сәулет өнерлері ұлттық, сондай-ақ жалпы адамзаттық көркем мәдениеттің тамаша, бірегей әрі біртұтас ошағының өзара байланысты құрамдас бөліктері ретінде жүйелі әрі объективті зерттелген.

Оқырмандарға ұсынылып отырған бұл кітаптың негізгі міндеті -Қазақстанның қазіргі өнертануы үшін қажетті зәру мәселелерді ашып көрсету, көркемдік-эстетикалық ерекшеліктерді, ежелгі кезден осы күнге дейінгі Қазақстан өнері қалыптасуының жолдары мен заңдылықтарын анықтау, қазіргі қазақ өнерінің дәстүрлі рухани құндылықтармен сабақтастығын жете зерделеу. "Қазақ өнерінің тарихында" мүмкіндігінше Қазақстан аумағындағы мәдениеттер дамуының әртүрлі кезеңдеріне көлемді сипаттама берілген, көшпенді өркениет өнерінің ерекшеліктері мен қайнар көздері анықталған, өнердің әртүрлі тарихи дәуірлердегі өнер түрлері арасындағы дүниетанымдық сабақтастықтың шынайы арқаулары зерттелген, қалыптасу кезеңінен осы уақытқа дейінгі мезгілді қамтитын бейнелеу, театр, музыка өнерілерінің ерекшеліктері мен заңдылықтары ашылған.

"Қазақ театр өнері" тарауы ұлттық сахна өнерінің ежелгі кезеңнен қазіргі кезге дейінгі тарихи дамуын көрсететін кешенді зерттеу болып табылады. Тараудың негізгі міндеті - қазақ театрындағы қазіргі көркемдік бағыттардың пайда болуы мен қалыптасу жолдарын зерделеу. Театр өнері бойынша зерттеулер көркемдік-эстетикалық ерекшеліктерді, қазақ театр өнері дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтарының негізінде түсінуге, қазіргі сахна мәдениетінің ұлттық дәстүрлермен сабақтастығын анықтауға, ұлттық театрдың бірегейлігі мен ерекшелігін, оның жалпы әлемдік мәдени контексте алатын орны мен ролін жете түсінуге арналған.

Бұл тарауда Қазақстан театр өнерінің қалыптасуы мен дамуының барлық негізгі кезеңдері, ұлттық театрдың негізгі жанрлары мен  түрлері, ХХ ғасырдағы Қазақстан кәсіби театрының ең маңызды жетістіктері көрсетілген. Мәдениет жандануының тұжырымдамасы тұрғысынан қазақ театр өнері, ұлттық дәстүрлер мен руханият жайлы тараулар қазақ өнертануы үшін ғана емес, сонымен қатар ұлттық этика, психология, қазақтың ділі мен дүниетанымы негіздерін тұтастай зерттеу үшін де өзекті болып табылады. Ұлттық театр өнерінің жетістіктері қазіргі заман талабына сай жаңа тұрғыдан зерттеледі.  

"Қазақ музыка өнері" атты бөлімде ұлтымыздың ежелгі дәуірде қалыптасқан музыкасының түрлері мен жанрлары жан-жақты зерттеледі. Қазақ халқының музыкалық қазынасы үшінші мыңжылдықтың алғашқы кезеңіне дейін өзінің сан


ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 27/ 62
қырлы көркемдік сипатымен сақталынып, көшпенділердің рухани-эстетикалық талғамдарына сәйкес ұлттық менталитетіміздің сарқылмас бұлағына айналуда. Көне музыкалық-поэтикалық үлгілер - бабалардың ұмытылмас даналығы, ғасырлардың өшпес үні. Теңдесі жоқ рухани байлығымыз ауызекі түрде қалыптасып, әр заманда сұрыпталып, тек өзіне тән сұлу да сүйкімді әуенімен, қайталанбас ұлттық ерекшеліктерімен, сан түрлі колорит-бояуларымен XXІ жүзжылдықта өз жалғасын табуда.

Бірінші томға енген ноталық нұсқалар көне мәдениетіміздің түркітілдес халықтардың рухани мұрасымен үндестігін көрсете отырып, өзінің байырғы архаикалық сипаттарымен ерекшеленеді. Сонымен қатар ноғай-татар, қырғыз-хақас, түркімен, балқар-қарашай, башқұрт және т.б. халықтардың фольклорымен ұқсастығын дәлелдейді.

Қазақтың ежелгі мәдениетінің түркі дүниесімен үндестігі оның тақырыптары, сюжеттері, интонациялық иірімдері, ырғақтық-өлшемдік құрылымдары және т.б. заңдылықтары арқылы анықталады.

Зерттеу тақырыбының күрделігімен өзектілігі дәлелденіп, көне мұраларымыздың қазіргі заманға дейін жеткен прозалық, поэтикалық, музыкалық үлгілері арқылы олардың нақтылы ғылыми-практикалық шешімі ашылады. Фольклордың әртүрлі нұсқаларын қарастырғанда, оның тұрақталған өлшемдік, ырғақтық, мақамдық элементтеріне сүйеніп, көнелік, жанрлық және типологиялық сипаттамаларын ашуға мүмкіндіктер туады. Сол тұрғыдан салыстырып қарағанда, сарындарды фольклордың ескі түрлеріне жатады деп тұжырымдауға болады. Байырғы музыканың бұл саласы негізінде ауызекі түрде сақталғандықтан, бізге оның санаулы ғана ноталық үлгілері жеткен.

Кешенді түрде жүйеленген бұл ғылыми басылым ұлттық музыкатану ғылымындағы тұңғыш іргелі еңбек ретінде арнайы зерттеу нысанына айналып отыр."Қазақ өнерінің тарихы" ежелгі замандағы, ортағасырлардағы және жаңа кезеңдердегі Қазақстан өнері тарихын қамтитын негізгі үш томға бөлінген.

"Қазақ өнерінің тарихы" бірінші томына "Қазақстанның театр өнері" бөліміне: Қазақ би өнерінің қайнары (Жұмасейітова Г.Т.), Қазақ халқының салт жоралары мен ойын-сауықтарындағы театрлық элементтер    (Қасқабасов С.А.)  атты тараулар кірді. Бұл тараулар театр өнерінің ерте үлгілерін, яғни, материалдық мәдениет ескерткіштері - петроглифтер мен жартастағы суреттер айғақ болатын қазақтардың ежелгі би мәдениетін зерттеуге арналған.

Қазақтың көне музыкасын жүйелеу, сипаттау, талдау, зерттеу барысында қамтылатын ғылыми мәселелер мыналар: Қазақстанның ежелгі дәуірдегі музыка мәдениеті (ғылыми-теориялық түсініктеме); Қазақтың әншілік мәдениеті. Сарын көне фольклорлық қазақ музыкасының жүйесінде (Күзембаева С.Ә.); Қазақтың отбасылық, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт әндері (Қоспақов З.Қ.); Жастардың әндері.


ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 28/ 62
Төрт түлік мал туралы әндер; (Малдыбаева Р.С.); Қазақтың халық музыка аспаптары. Көне қылқобыз өнері (Жұмабекова Л.Ә); Домбыра музыкасындағы көне аңыз-күйлер (Үсенбаев Е.Т.); Көне сыбызғы күйлері (Қазтуғанова А.Ж.).

Оқырмандар назарына ұсынылып отырған бұл зерттеу жұмысының нәтижелері өнертанушыларға, мәдениеттанушыларға, көркемөнер оқу орындарының оқушылары мен қызығушылық танытатын жалпы жұртшылыққа арналған. 

Қазақ халқының өнері тарихын зерттеуге арналған бұл басылым (ІІ том) күрделі ғылыми жұмыстың жалғасы. Мұнда мәдениетіміздің орта ғасырлардағы алғашқы түрлерінің пайда болуы, олардың қалыптасуы және рухани өмірдегі орны мен болмысы жан-жақты қарастырылады. Бұл кезеңде түркітілдес халықтардың (қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен және т.б.) этникалық құрылымдары жіктеліп, әрқайсысы ұлт болып шоғырланып, тарих белестерінен өтіп, әлеуметтік, экономикалық және материалдық құндылықтарын дамыта бастағаны байқалады. Осы кезеңде Орта Азия елдерінің көрнекті өкілдерінің, философ-ғалымдарының дүниетаным саласында, Исламның гуманистік негіздерін ашуда, медицина, астрономия, география және басқа да ғылым салаларындағы тамаша жетістіктері бүкіл әлемге танылғаны белгілі. Бұл тұрғыда Орта Азия елдерінен шыққан данышпан ғалымдардың біразын атап кеткен жөн. Олар - Әбу Насыр әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, әл-Кипчаки, әл-Тарази, Хусамаддинәл Хусеин ас-Сығнаки және т.б. Мысалы, XVІ ғасырдың ұлы перзенті, қазақ халқының тұңғыш тарихшысы, мемлекет қайраткері, қолбасшы, ақын Мырза Хайдар Дулати (1499-1551) туралы профессор Дербісәлі Әпсаттардың пікірін келтірейік: "Ол көбінесе ат үстінде, жорықтарда жүрсе де, сол кездегі ғылым, білім тілі - парсы тілінде "Тарих-и-Рашиди" атты Орталық Азия халықтарының XIV-XVI ғасырлардағы тарихы, этнографиясы мен географиясы, әдебиеті мен мәдениеті жайлы классикалық тамаша шығарма қалдырды" [1, 6]. Ал, Орта ғасырдағы қазақ мәдениеті мен әдебиетін алсақ, бұл тарихи маңызы зор кезеңде, академик С.А.Қасқабасовтың айтуынша, дәстүрлі ауызекі музыкалық фольклормен қатар жыраулар поэзиясы мен шешендік өнер кеңінен дамыды. Бұны дәлелдеу үшін зерттеуші-ғалым Асан Сәбитұлының (Асан Қайғы), Қазтуған Сүйінішұлының, Шалкиіз Тіленшіұлының, Аймедет Доспамбеттің, Жиембет Бортоғашұлының және т.б. жыраулардың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты зерттеген. Ол өз еңбегінде Орта ғасырлар қоғамындағы көптеген тарихи жағдайларды айта келе: "... Алтын Орда ыдырағаннан кейін, ордалы мемлекет құрған қазақ халқының рухани өмірінде байырғы жыраулық дәстүр мен әдебиет қайта жаңарып, жаңа сапада көрінеді", - дейді [2, 6].

Бұл басылымда өнертану ғылымдарының барлық салалары біртұтас қамтылып, қазақ халқының материалдық, рухани және көркем мәдениеті бейнелеу, музыка, театр және сәулет өнерлерінің дамуы арқылы көрсетіледі.

Қазақстанның ежелгі, орта ғасыр және жаңа кезеңдегі бейнелеу, музыка және театр өнерін баяндайтын "Қазақ өнерінің тарихы" кітабы фундаменталды үш томнан тұрады. Мұндағы материалдар, очерктер мен мақалаларда орта ғасырлардағы


ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 29/ 62
бейнелеу, театр және музыка өнерлерінің даму тарихы ғылыми-теориялық тұрғыдан қарастырылады.

"Қазақстанның орта ғасырлардағы музыка мәдениеті" деп аталатын ІІ бөлімі музыканың қалыптасуы мен болмысына қатысты орта ғасырлардағы дыбыс жүйесін қайта жаңғырту, музыканың әр түрлі композициялары мен құрылымдары мәселелерін талдауға арналған. Зерттеу объектісі ретінде бақсы өнерінің концептуалды көрінісі, оның синкреттілігі, фольклорлық бастауларының циклдылығы, поэтикалық және музыкалық қайнарлардың өзара байланысы, т.б. аспектілер қарастырылады; сонымен қатар, бұл тарауда қазақтың тарихи әндері, көне археологиялық ескерткіштердегі музыкалық аспаптардың суреттеріне сүйеніп, олардың құрылымы мен қолданылуы, қобыздағы эпикалық күйлер мен кварталық домбыра күйлері, шығыс ойшылдарының философиялық-эстетикалық көзқарастары зерттелген.

"Қазақстанның орта ғасырлардағы музыка мәдениеті" бөлімінің мәселелері төмендегі мақалалар мен очерктерде баяндалған: Қазақтың музыкалық фольклорындағы бақсы өнері (С.Ә.Күзембаева), Қазақтың тарихи әндері (З.Қоспақов), Орта Азия халықтары музыкасының бастаулары (Ш.Гуллыев), Қылқобызда ойналатын эпикалық күйлер (Л.Жұмабекова), Кварта бұрауындағы халықтың төкпе күйлері (Р.Несіпбай), Әл-Фарабидің музыкалық-эстетикалық тұжырымдамалары (Ж.Ордалиева).

"Қазақтың музыкалық фольклорындағы бақсы өнері" атты тарауда дүние жүзі халықтарының көбінің өмірі мен дүниетанымынан орын алған, халық дәстүрінің ежелгі түрлеріне жататын бақсылық феноменінің жалпы сипаттамасы беріліп, оның қазақтың ауызекі-поэтикалық, прозалық және музыкалық фольклорындағы көрінісі талданады. Бақсылық өнердің өзектері, біртұтастық және көпқұрамдылық, циклдылық, импровизациялық тәрізді негізгі сипаттарының бақсының шыққан аймағы мен табиғи дарындылығына байланысты болатыны туралы баяндалады.

"Қазақтың тарихи әндері" атты мақалада "Ескендір", "Ақсақ Темір", жоңғар шапқыншылығына байланысты туған "Елім-ай", "Қалмақ қызының әні", "Жетіарал жерім-ай", "Алтай" әндеріне аналитикалық талдаулар жасалып, олардың нұсқаларының әуендік және құрылымдық сипатына, ырғақтық-өлшемдік, әуендік-интонациялық ерекшеліктеріне әр қырынан тоқталып, мысалдар келтіріледі.

"Орта Азия халықтары музыкасының бастаулары" мақаласында қазіргі кездегі немесе жақын уақыттарда қолданыста болған музыкалық аспаптардың көбі ежелгі Орта Азияда пайда болғаны анықталады. "Кварта бұрауындағы халықтың төкпе күйлері" очеркінде Батыс Қазақстанда кең тараған кварта бұрауындағы фольклорлық төкпе күйлер қарастыралады. Мұнда бұл дәстүрде белгілі орын алған фольклорлық төкпе күйлер формаларының сипаттамасы беріледі.




ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 30/ 62
"Әл-Фарабидің музыкалық-эстетикалық тұжырымдамалары" атты мақаланың негізінде орта ғасырлардағы шығыс ғұлама-ойшылдарының философиялық-эстетикалық ұстанымдары мен сол дәуірдің көркем шығармашылығы мен әдебиетінде көрініс тапқан музыкалық-теориялық ойлар келтіріледі. Шығыс философтарының еңбектерін қарастыру барысында сопылық музыкалық теориялар мен көне түркілік дәстүрлі көзқарастардың байланысы нақты деректермен дәлелденеді. Сонымен, жұмыстың көлемді бөлігі музыкалық қажеттіліктердің көркемдік тұрғыда қорытылуына, музыка өнерінің түрлі формаларының композициясы мен құрылымдары мәселелеріне арналған. Тұңғыш рет қазақ тілінде бақсы өнері комплексті және концептуалды түрде, синкреттілік, фольклорлық бастауларының циклдылық сипатында, поэтикалық және музыкалық құрылымдарының өзара байланысында, т.б. зерттеледі. "Халық өнеріндегі театрлық элементтер" атты өнертану ғылымдарының докторы Б.Құндақбайұлының очеркінде ұлттық дәстүрлі мәдениеттегі театр элементтері көрсетіледі - халықтың ойын-сауықтарында, үйлену салтының әдет-ғұрыптарында, аңыз-әңгімелерде, жыраулық, шешендік өнерде. Фольклордың суырыпсалмалық табиғатындағы өзіндік ерекшеліктері анықталып, көркемдік сипаттары көрсетіледі. Сонымен қатар, очерк авторы қазақ халқының рухани өмірінің басқа да байырғы және бай көріністерінен болашақ театр белгілерін табады. Батыс Еуропа өнеріне тән театр заңдылықтарымен олардың ұқсастығын және ұлттық түрде бейнеленгендігін Б.Құндақбайұлы ауызекі фольклордағы театр өнері белгілерінен анықтайды, олардың терең тамырларын кейінірек дамыған ақындық орындаушылықтан (диалогты форма), әншілік және ойын-ысқақ (қазақ жәрмеңкесінде кең тараған ұлттық өнер) түрлерінен көріп, ғылыми түрде дәлелдеп, тұжырымдайды. Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениетіне арналған бұл басылымда қазіргі кездегі өнертану ғылымының күрделі және маңызды тарихи-теориялық мәселелерінің шешілуі көзделген. Авторлық коллективтің оқырмандарға ұсынып отырған "Қазақстан өнері тарихының" екінші томында халық өнерінің түрлі салаларын қамтитын ортағасырлардағы Қазақстанның бай мәдениеті жүйелі түрде талданған. Бұл іргелі еңбек өнертанушыларға, тарихшыларға, гуманитарлық сала мамандарына, өнер оқу орындарының студенттері мен аспиранттарға, Қазақстан өнеріне қызығушылығы бар жалпы оқырман қауымға арналған.
Ұлттық театрды дамытудағы

шешендік өнердің орны

Театр мен шешендік өнер адам баласының ақыл-ой мен сезім пернелерін сөз бен іс арқылы білдіруге талпынған пиғылынан туындаған, рухани негізі ортақ екі түрлі шығармашылық әрекетінің көрінісі. Театр өнері мен шешендік өнер мыңдаған жылдар бойы бір-біріне ықпалдық жасап, әрі санаткерлік категориялар ретінде бірін-бірі байытып келеді. Әлбетте, тарихи тұрғыдан қарағанда шешендік өнер мәдени құбылыс ретінде театрдан бұрын пайда болғаны бесенеден белгілі.

Адам баласы өзінің ойын сөз бен қимыл арқылы білдіреді. Шешендік өнерде сөз бірінші орында. Ал театрда сөз өнеріне әрекет қосылады, сахнада актерлар


ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 31/ 62
сөйлеп қана қоймай, адамның іс-әрекетін, тұрмыс-салтын, күрес-тартыс, махаббат, өмір мен өлім сияқты сезім шайқасын басынан кешіреді. Сонымен қатар, шешендік өнерге де актерлық шеберліктің барлық қағидалары өгейлік етпейді, шешенге де қимыл-қозғалыс, ишарат-мезірет (жест), көзқарас керек, тыңдаушысының жетесіне жеткізе сөйлеу, оны жақсы көру-жек көру, ой тастау-ойландыру, яғни алға қойған мақсатының үдесінен шығу жолында ол неше түрлі ішкі иірім, әрекет-әдістерге барып, сан қилы сезім шарпылыстарын басынан кешіреді. Демек, театр өнері де, шешендік өнер де адами қарым-қатнастардың ортақ заңдылықтарына бағынады, шешендер де, актерлар да сахналық шеберліктің ортақ әдістерін пайдаланады.

Шығыстың көне әдебиетіндегі сарай кеңесшінің патшасына айтатын уәжі мен жауап-даттарындағы сөйлеу мәнері, сөз түзу кестесі дидактикалық әдебиеттің классикалық үлгісіндей. Әйтсе де, шешендік өнер өз дамуының шарықтау шегіне б.д.д. 5 және 4 ғасырда Грекияда, ал Римде б.д.д. 1 ғасырда жеткені мәлім. Солардың ең көрнекті өкілі Цицеронның шеберлігі шешендік өнердің шырқау биіктікке жеткенінің теңдессіз мысалындай болып қоймай, сонымен қатар ол - шешендіктің ғаламат теоретигі де болды.[1, Б. 260-261]

Көне Грекия мен Ежелгі Рим театр өнерінің де астанасы. Адамзат баласының өз дамуында, оның санаткерлік қасиетінің ерекше көрінісі болған осынау ұлы өнердің туған жері де осы елдер. Сондықтан да даму кезеңінің шарықтау шегіне жетіп тұрған шешендік өнер, театр өнерінің қалыптасуына аса зор ықпал еткенін Ертедегі Грек пен Ежелгі Римдегі арнайы алаңда ойналатын алғашқы спектакльдер куә. Сондықтан да, алғашқы театрдың алғашқы көрермені, алғашқы актерлардың сөйлеу үрдісіне, оның шешендігіне баса назар аударып, тіпті олардан нағыз ділмарлықты, сұлу сөйлеуді талап етіп отырған.

«Түгел сөздің түбі бір – түп атасы Майқы би» деп, сөз бастауын Майқы биден алатын қазақтың шешендік өнері, сөз түзудегі ерекше сұлулығымен, ой тереңдігімен, әрі «қиыннан қиыстырар» тапқырлығымен ерекшеленеді. Бай ауыз әдебиеті бар көшпелі қазақ қауымындағы мемлекеттік құрылым тарих сахнасына, мемлекет ісіне тумысынан талантты, дала заңдары мен шариғат талаптарына жетік, қиялы ұшқыр сөз зергерлері – шешендерді шығарды. Бастан-аяқ ауызша жүргізіліп, халық алдында өтетін алқалы жиындар мен билер сотының сөйлеушіге қояр талабы да аса жоғары болатын. Қоғам тыныс-тіршілігіндегі түрлі дәстүрлі шаралар мен жер, құн, жесір, ар, мал т.б. дауларды тұтастай бір елдің, не рудың атынан шығып даулау үшін, олардың материалдық және рухани игіліктерін қузайтын жауапты сөз айтысына түсу үшін, даугер би де өз ісіне жетік, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болуға тиіс еді. Олай болмаса, тек өзінің ғана емес, өзіне ерген қалың қандастарының да есесі кетіп, жігері құм болмақ. Осы тұста орыстың белгілі ғалымы А.Левшиннің қазақтың атақты Тәуке ханын ежелгі Грекияның атышулы шешені Ликургке теңеп, таңдай қаға таң қалғанын еске сала кеткеніміз артық болмас. [2, 165 б.] Теңдесі жоқ, терең ойлы, сұлу нұсқалы шешендік сөздерге сүйене отырып, Х1Х-ХХ ғасырдағы қазақ




ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 32 62
әдебиетшілері пәлсәпалық ойға бай, тілге жүйрік қазақ хандары мен би-сұлтандарының, батыр-бағландарының, ділмар-діндарларының көркемдік архетиптерін тудырды. Қазақтың алғашқы мемлекеттік театры құрылғанда бұл архетиптер бірден сахнаға жол тартты. «Қазақтың театр өнері біздің заманымызда басталғанына біз қуанамыз. Бірақ сол қуанышпен бірге бұл сияқты ірі өнердің келешегі үшін жауапты екенімізді ұмытпауымыз керек. Сондықтан бұл мәселеге үлкен сақтықпен кірісіп, көп ойланып, ептеп бастау керек» [3, 36 б.] – деп, сахна өнеріне аса жауапкершілікпен қараған М.Әуезов, шын мәнінде қазақ драматургиясының, театр сынының, сахна өнері теориясының негізін қалаушылардың бірегейі болды. Ұлттық театрды қалыптастыруда оған арқау-негіз болар рухани көздерді іздестіре келе, М.Әуезов ондай рухани арнаны фольклордан тапты. «Жалпы театр өнері және қазақ театры» атты мақаласында ол – «…Шынында, ерте күнде ас пен тойда, ұлы жиында ізденіп келіп өлеңмен, әнмен айтысатын көп ақындар өз заманында театр жасамай, не жасады?....тапқыштық, шешендікпен аты шыққан Жиренше, Алдаркөсе бар, бұлардың барлық өмірі толып жатқан комедия. Ел сауығына ақыл, өсиет сияқты ой-санаға дем беретін үлгіні кіргізу керек болса, ертеде заман шерін айтып зарлаған Асан қайғы, толғау айтқан Бұқар сияқты жырауларды тірілту керек. ...Соларға болымсыз мәдениет исін сіңірсе, әрі ел өнері тіріліп, әрі театрдың іргесі құрылады.»[3, Б. 37-38] – деп қорытады.

Осы уақытқа дейін шешендік шеберліктің қазақ театрына деген ықпалы жайында, немесе театр мен шешендік өнердің өзара әсері және байланыстары туралы азын-аулақ ғылыми жұмыстар, талдау-зерттеулер бар болғанымен, аса айыз қандырардай емес. Айта кетер бір жәйт, «Қалибек Қуанышбаев» (1972) кітабын жазған М.Майчекин, «Ұстаздарым-достарым» (1976) атты еңбегінде Е.Өмірзақов, «Құштар көңілді» (1977) жазған Қ.Байсейітов, «Өскелең рухты екпін» (1987) шығармасында М.Байзақова, «Көргендерім мен көңілдегілерім» (1989) естелігінде Қ.Жандарбеков, «Шеберлік мектебі» (1993) атты жазбасында С.Қожамқұлов сияқты авторлар қазақтың шешендік өнерінің өздері ойнаған рольдерге тигізген әсерлері жайлы жап-жақсы әңгімелеген.

Шешендік өнермен өрнектелген монологтары бар пьесалар мен олардың ерекше талаптағы сахналық шешімдері, қазақ театрының өсіп-өркендеуіне зор ықпалын тигізгеніне ешбір дау жоқ. Өзге ұлт театрларында кездесе бермейтін қазақ сахна өнерінің осы ерекшелігіне қазіргі заман биігінен қарап, шешендік монологтары бар эпизодтардың мизансценалық шешімдерін қайтадан қарастырған жөн болар.

Сонымен, зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігі – бүгіндері ел болып, етегін жапқан, егемен Қазақстан республикасының мәдени мұрасының бастау бұлағының көзін ашып, кейінгі ұрпақтарына аманат етіп қалдырған қазақ шешендерінің топ алдындағы сөз саптау өнерінің театрға жасаған ерекше ықпалы мен қозғаушы күшінің бұрын-соңды зерттеулерде көп кездеспеген, арнайы айтылып-ашылмаған сыры мен сымбатын ұғыну, кестеленіп келіскен




ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 33/ 62
монологтар мен маңызы терең маржан сөздердің мәнін түсініп, оны сахнадан бұзбай-жармай, көрерменнің көкейіне айызын қандыра жеткізудің жолдарын іздеуден, және көз бен көңілден көмескіленіп бара жатқан осы ұлттық мұраның қазақи қалпының бұзылмауына бел шешіп араша түсуді қажет ететін бүгінгі күннің талабынан туындап отыр.

Халық аңыздарында, ауыз әдебиетінде кең орын алатын, толғау-эпостарда жиі кездесетін кестелі сөз шешендерінің көп алдына шығып, дәстүрлі айтыс, дау шешу әрекеттеріндегі театрлық элементтер мен олардың сахна өнеріне тигізер ықпалы және шешендік монологтар пайдаланылған көріністердегі актер шеберлігінің кәсіптік ерекшеліктері мен тұлғалық қасиеттерінің, алдымызда болған ата актерларымыздың сөз қадірін ұғынғандықтан да, оның санаға әсер етер қасиетіне сүйеніп, қазақтың өзіндік актерлық мектебінің негізін қалағанын зерделеу; және өзіміз шама-шарқымыз жетіп сахнада ойнаған, өз басымыздан кешкен, актерлық жүректен өткізген, режиссерлық тұрғыдан зерделеген тәжірибемізді, өз халқымыздың һәм өзге ұлттардың ғалым-теоретиктерінің пайым-тұжырымдарын басшылыққа ала отырып болжау, сахнадағы сөз сыйқырын саралау болып табылады.


– ұлттық театрдың алғашқы қойылымдарындағы шешендік өнердің алатын орны мен атқаратын ролін анықтап, сахна өнерінің жалпы даму процесіне тигізер әсерін зерделеу;

– бүгінгі театрдағы дәстүрлі шешендік өнердің жекеленген сипат-белгілері мен көріністерінің ықпалын, және оның сахнада орнығуының теориялық ұстанымдарын ажырату;

– қазақтың шешендік өнеріне тән ишарат-мәзіреттің түрлерін саралау және оны сахналық қойылымдарда орнымен қолданудың жолдарын анықтау;

– шешендік өнердің жоғарғы оқу орындарында актер шеберлігін оқыту мен оған машықтандырудың пайдалы тұстары мен маңызын нұсқалау;

– бүгінгі күн қойылымдарындағы шешендік өнердің қолданылу тәсілін зерттеп, актерлар мен режиссерларға ғылыми-методикалық ұсыныстар енгізу;

Жұмысқа қажетті материалдар ретінде шешендердің нұсқалы сөз бен нақышты әрекеттерінің фольклорлық үлгілері, қазақтың халық ауыз әдебиетін зерттеуші ғалымдардың ой-пайымдары, театр тарихы мен теориясына байланысты зерттеулер, өзімізбен бірге өзге елдердің де театр қайраткерлері мен өнер зерттеушілерінің танымдық ғылыми еңбектері, драматургиялық шығармалардағы шешендік өнер ерекшеліктеріне көңіл қойылып, ғылыми нысанаға алынды.

1. Алғашында көп алдындағы өнер жәрмеңкесінен бастау алған ұлттық театр өнерінің дүниеге келуінің негізгі қозғаушы күштерінің бірі қазақтың шешендік өнері болды, үйткені ол – халықтың көзбен көріп тамашалайтын, фольклорлық негіздегі ойын-сауық, дәстүр-салттарының басын біріктірген еді.

2. Шешендік өнер қазақ театрын натурализмнен реализм бағытына алып келген мәдени мұралық фактор ретінде оның ағзасына табиғи түрде еніп,




ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 34/ 62
эпикалық сарындағы сахналық қойылымдарда шешендік өнер ұлттық ерекшелікке сай, натуралистік пафос пен нұсқалы сөздің кереметін сақтай отырып, қазақ театрының ұлттық қалпын, колоритін қалыптастырды.

3. Шешендік өнер айтушылардан ұғынықты да нақышты әрекеттерге бай ерекше әдеп пен тәртіп мәдениетін талап етті. Қазақ сахнасындағы кейін көзге үйреншікті болып кеткен актерлардың қолданатын көптеген ишарат-мәзіреттерінің бастау-бұлағы – от тілімен қазан қайнатар шешендердің әдепті де әдемі, оңтайлы да орынды, ұлттық колоритке тұнған ишарат-мәзіреттері деп тұжырым жасауға болады.

4. Қазақ шешендеріне сай көп алдында сөйлеу мен өзін-өзі ұстай білу мәдениеті мен мәнері актерлардың сахналық шеберлігін толықтыра түсіп, оның оралымды сөз саптаулары пайдаланылатын диалогтар мен монологтарда, жекеленген эпизодтарда мизансценалық өзгерістерге ұшырамай, сол күйінде сақталып қалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет