Науқас 25 жаста, денесі мен аяғының терісінде сулы бөрітпелердің пайда
болғанына шағымданады. Бөрітпелер қышытып, тер бөлудің күшеюін және
бронхоспазмды туындатқан. Бөрітпелердің пайда болуын пенициллин
қатарындағы антибиотиктерді қабылдағанмен байланыстырады. Осы ауру
кезінде ықпал ететін басты медиатор саналады:
гистамин
серотонин
азот оксиді
оттектің бос
радикалдары
комплемент жүйелерінің компоненттері
***
Науқас, 32 жаста, оң жақ қолтық аумағының ауырсынуына шағымданады.
Тексеріп қарағанда және пальпация жасағанда ауырсынатын, дермаға нығыз
ораналасқан, алмұрт пішінді, қатты түйіндер анықталған. Терісі көкшілденіп,
гиперемияланған. Некроздық өзек (стержень) байқалмайды. Бұл аурудың
патогенездік негізі саналады:
апокринді тері бездерінің іріңді қабынуы
жасушалардың қатысуымен жүретін аллергиялық
реакция
түктік фолликулалардың іріңді-некрозды зақымдануы
гиперкератоз типі бойынша
терінің қабыршықтануы
тері зақымдануының реагиндік механизмі
***
Қолдан қоректендіретін 6 айлық балада тершеңдік, ұйқысының бұзылуы,
мазасыздық байқалды. Бұлшықеттік тонусы төмендеген және тіндердің
тургоры (тығыздығы) азайған. Басы гидроцефальді пішінді. Шүйдесі
жалпайған. Маңдай дөңесі айқын. Қабырға ұштары байқалады. Балада
қанның биохимиялық анализінен келесі өзгерістер анықталуы қажет:
фосфордың көбеюі
жалпы нәруыз мөлшерінің көбеюі
газдық емес метаболизмдік алкалоз
сілтілі фосфатазаның азаюы
кальций мөлшерінің азаюы
***