Периодонттың қабынуы (воспаление периодонта)


Периодонт қабынуының жүйесі



бет4/20
Дата03.01.2022
өлшемі254 Kb.
#451295
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
периодонт

Периодонт қабынуының жүйесі.

Периодонт қабынуының көптеген жүйесі ұсынылған. Солардың ішінде көп қолданыс тапқан периодонт қабынуының Лукомский И.Г. (1955) ұсынған жүйесі:

Клиникалық ағымына байланысты екі түрге бөледі: жедел және созылмалы қабынуы.

І. периодонттың жедел қабынуы (острый периодонтит – pеriodontitis acuta).

1) периодонттың жедел серозды (сарысулы) қабынуы (острый серозный периодонтит – periodontitis acuta serosa)

2) периодонттың жедел іріңді қабынуы (острый гнойный периодонтит – periodontitis acuta purulenta)

ІІ. Периодонттың созылмалы қабынуы (хронический периодонтит – pеriodontitis chronica)

1) периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы (хронический фиброзный периодонтит – periodontitis chronica fibrosa)

2) периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы (хронический гранулирующий периодонтит – periodontitis chronica granulans)

3) периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы немесе гранулема (хронический гранулематозный периодонтит или гранулема – periodontitis chronica granulomatosa, s. granuloma).

Периодонттың созылмалы қабынуы кезінде әртүрлі қолайсыз жағдайлар әсерінен (тұмау, организмнің суыққа шалдығуы және б.) үрдісі орын алуы мүмкін. Сондықтан өршу бұл жағдайды Лукомский И.Ги үшінші топқа кіргізген.

ІІІ. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі (хронический периодонтит в стадии обострения – periodontitis chronica exacerbata)

Көптеген авторлар периодонттың жедел қабынуын сарысулы (серозды) және іріңді қабынуға бөлетін болса, Грошиков М.И. (1960) бұл түрлерін субъективті белгілері бойынша ажырату қиындығын ескере отырып, жедел қабынудың екі сатысын (фазасын) ажыратуды ұсынды: бірінші сатысы – уыттану сатысы (фаза интоксикации – fasae intoxicationis), екінші сатысы – жалқықтану сатысы (фаза экссудации – fasae exudativa). ҚазҰМУ-дың терапиялық стомат+ология кафедрасында қолданыс тапқан периодонт қабынуының жүйесі төмендегідей:

Периодонттың жедел қабынуы.

1. Периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы (острый периодонтит, фаза интоксикации).

2. Периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы (острый периодонтит, фаза экссудации).


Периодонттың созылмалы қабынуы.

1. Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы (хронический фиброзный периодонтит)

2. Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы (хронический гранулирующий периодонтит)

3. Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы немесе гранулема (хронический гранулематозный периодонтит или гранулема).

4. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет