Периодонттың қабынуы (воспаление периодонта)


Периодонт қабынуын емдеген кезде жіберілетін қателіктер мен асқынулар, оларды жою және алдын алу



бет20/20
Дата03.01.2022
өлшемі254 Kb.
#451295
түріҚұрамы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
периодонт

Периодонт қабынуын емдеген кезде жіберілетін қателіктер мен асқынулар, оларды жою және алдын алу.

Асқыну үрдістері периодонт қабынуын емдеу кезінде және түбір өзегін пломбылағаннан кейін де орын алуы мүмкін. Түбір өзектерін күшті антисептиктер ертіндісімен (формалин, фенол, резорцин-формалин) өңдеген кезде периодонтта уыттану үрдісі байқалуы мүмкін. Бұл үрдісті тежеу үшін түбір өзегінде периодонтты аса тітіркендірмейтін дәрілермен (эвгенол, қалампыр майы, фурацилин 1:5000, гидрокортизон) білік қалдырған немесе электрофорездеу әдісін жүргізген тиімді болады.

Түбір өзектерін эндодонттық аспаптармен өңдеген кезде олардың сынып қалуы мүмкін. Оны сындырып алмау үшін, аспап өзек қабырғасына ілініп, ілгері жылжыту немесе айналдыру қиындаған болса, оны бірнеше рет кері айналдырып болмаса кері жылжытып босатып алып барып, өңдеуді әрі жалғастырады.

Егер ұсақ аспап өзекте сынып қалса, оны алуға әрекет жасау керек. Егер ұсақ аспаптың сынығы өзек сағасынан сыртқа шығып тұрса, кішкентай шарға ұқсас бордың көмегімен сынықтың төңірегіндегі дентинді егеп алып тастап, ұшын босатады да, кішкентай қысқыштың немесе көз шымшуырының көмегімен қысып алуға тырысады. Бұл әдіс нәтижесіз болса, өзек сағасын ЭДТА-ның көмегімен кеңейтіп барып, алуға әрекет жасайды. Егер аспап сынығын алу мүмкіндігі болмаса, сынықпен қатарластыра отырып түбір өзегін түбір ұшына дейін кеңейтуге тырысады. Бұл әрекет те нәтиже бермесе, сынық қалған өзекте импрегнациялау немесе электрофорездеу әдісін жүргізеді.

Тағы бір асқынудың бір түрі - өзекте ұштықпен айналатын өткіш бұрғымен жұмыс істеген кезде өзек қабырғасын тесіп алу. Мұндай жағдайды болдырмау үшін бұрғыны баяу айналыспен пайдалану керек және оның жылжу бағытының тіс өсінің бағытына сай болғанын қадағалау керек. Рентгендік тексеру арқылы кеңейткіш аспаптың өту деңгейін және бағытын анықтап отырған жөн. Кеңейту кезінде ауыру сезімі байқалса, кеңейтуді дереу тоқтатып, аспаптың тереңдеу деңгейін анықтай қою керек. Пайда болған ауыру сезімі аспаптың ұшы түбір ұшы сыртындағы периодонтқа жеткендіктен немесе өзек қабырғасын тесіп алған кезде периодонтты жарақаттаудан туындайды.

Егер өзек қабырғасы тесіліп қалған болса, негізгі өзекті өту қиындайды және тесік аймағындағы периодонтта қабыну ошағы пайда болады. Өзек қабырғасы тесілген тістің функционалдық маңызы өте зор болса (ортопедиялық емдеу жүргізуге қажеттілігі жоғары) оны сақтауға тырысады. Жалған өзекте электрофорездеу әдісін жүргізгеннен кейін, оны қатаятын материалмен немесе композитпен пломбылап, негізгі өзекті өңдеуді жалғастырады. Үлкен азу тістердің сауыт қуысының қабырғасын немесе табанын тесіп алған кезде тесікті Сафорайтпен өңдеп, композиттік материалмен жабуға болады.

Периодонт қабынуын емдеу кезінде тіс уақытша пломбымен жабуды көтере алмай, ауыратын кездері де болады. Мұндай жағдай түбір өзегін толық өте алмаған және дұрыс өңдемеген кезде туындайды. Түбір өзегін мүмкіндігінше ұсақ аспаптармен, антисептиктермен өңдегеннен кейін аса көп ауыру сезімі қайталанбайды. Осындай кезде түбір өзегін озонмен өңдеп жіберсе немесе электрофорездеу әдісін жүргізсе өте жақсы нәтиже береді.

Кейбір жағдайда емдеу барысында және түбір өзегін пломбылағаннан кейін де созылмалы қабынудың өршуі мүмкін. Бірінші жағдайда емдеу шаралары периодонтта жиналған жалқықты түбір өзегі арқылы шығаруды қарастырады (түбір ұшы тесігін кеңейтіп, тісті ашық қалдырады) және физиотерапиялық ем (УЖЖ-ток, магниттік өріс, флюктуоризациялау, диадинамотерапия, лазер сәулесімен емдеу) мен ауыру сезімін басатын дәрілерді тағайындайды.

Түбір өзегін пломбылағаннан кейін туындаған өршу үрдісін физиотерапиялық ем қолданып немесе ауыспалы қатпарға гидрокортизонмен, антибиотиктер ертіндісімен инъкция жасау арқыл да тежеуге болады. Қажет болса ауыспалы қатпарда тілік жасайды.

Түбір өзегін пломбылаған кезде пломбылық материал түбір сыртына біраз мөлшерде шығып кеткен болса, көпке дейін тіс өз бетімен немесе ас шайнағанда ауырып мазалайды. Кейде емделген тіс тұсындағы қызыл иекте жыланкөз пайда болады. Бірінші жағдайда ауыруды басатын дәрілер мен физиотерапиялық ем (микротолқынмен емдеу, УЖЖ-ток, флюкуоризациялау) тағайындайды. Жыланкөзді жабу үшін осы аймақта ферменттермен, иодты калий ертіндісімен (3%) электрофорездеу әдісін жүргізеді. Кейде жыланкөз арқылы шыққан пломбылық материалды кішкене қасықшалардың көмегімен қырып алып тастайды немесе қызыл иекте түбір ұшы деңгейінде арнаулы тілік жасап барып тазалауға (апексэтомия) да болады.



Көп жағдайда белгілі бір уақыт өткеннен кейін периодонттағы созылмалы үрдістің өршу себебі – түбір өзегін толық пломбыламау. Бұл кезде рентгендік әдістің көмегімен өзекті пломбылау деңгейін және пломбылық материалдың табиғатын анықтайды. Өзек қатаймайтын материалдармен пломбыланған болса, оны алу қиынға соқпайды. Ал қатаятын материалдармен (резорцин-формалин қойыртпағы, фосфатты-цемент сияқты) өзектің ¼-⅓ бөлігі пломбыланған жағдайда оны қайтып алуға болады. Бір түбірлі тістердің өзектерінің ⅔ немесе ¾ бөлігі пломбыланған болса, түбір ұшын резекциялауға болады.Қисық орналасқан және өтпейтін өзектері бар көптүбірлі тістерде өршу үрдісі жиі қайталанса, гемисекциялау әдісін қолдануға болады, ал оны жасауға мүмкіндік болмаса тісті жұлып алып тастайды.

Тіс ұлпасы және периодонт қабынуларын тиімді емдеудің нәтижелілігі көп жағдайда тіс қуысында жүргізілетін эндодонтық нмдеу шараларының сапалы жүргізуіне байланысты. Ол үшін тіс қуыстарының топографиялық ерекшеліктерін, өзектерді емдеуге қажет эндодонттық аспаптарды. өңдеу әдістерін дәрігер-стоматолог жете ілгеруі қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет