Периодонт қабынуының этиологиясы.
Қазіргі кезде периодонт қабынуын туындататын себептерді үш топқа бөлуге болады: 1) инфекциялық; 2) жарақаттаушы; 3) дәрілер әсері.
Периодонттың инфекция әсерінен қабынуы (инфекционный периодонтит). Бұл жағдайды туындатуда көптеген бактериялардың маңызы бар, солардың ішінде белгілі рөл атқаратындар – коктар: гемолиздемеуші-стрептокок (негемолитический стрептококк – 62% жағдайда, жасылдандырушы – (зеленящий стрептококк) – 26%, гемолиздеуші – (гемолитический срептококк) – 12% жағдайда. Солармен бірге басқа микроорганизмдер (вейлонеллалар, лактобактериялар, ашытқыға ұқсас саңырауқұлақтар) бірге өседі. Микроорганизмдердің уыттары, ұлпа ыдырауынан шыққан улы заттар периодонтқа көбіне түбір өзектері арқылы өтеді, сирек жағдайда қызыл иек қалтасы арқылы, қан және лимфа жолдармен (тұмау, сүзек, безгек және басқа жұқпалы аурулар), жанасу жолы (сүйек майы, Гаймер қуысы қабынуы кезінде) арқылы да түсуі мүмкін.
Көптеген микробиологиялық зерттеулер нәтижесіне жүгінсек, емделмеген периодонт қабынулары кезінде (барлық жағдайда түбір ұшы периодонты қабынады, сондықтан түбір ұшы периодонтының қабынуы деп атау міндет емес деп санадық) түбір өзегіндее 2-5 түрден тұратын микробтар ассоциациялары, сирек жағдайда микробтардың таза түрлері кездеседі. Осыған байланысты бактериялардың периодонтқа өту жолдарын интраденталдық (тіс арқылы) және экстраденталдық (тістен сырт жол) деп бөлуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |