Ал ситуациялық сұхбат кезінде кандидатқа бір немесе бірнеше практикалық жағдайлардың проблемаларын шешуін ұсынады. Болашақ қызметіне байланысты нақты жағдайлар қолданылады. Сұхбат ұйымдастырушы нәтижесәнде, кандидат шешімін табу үшін қолданған тәсілдерді де бағалайды. Сұхбаттың бұл түрі үміткердің арнайы тапсырманы орындау, шешу қабілеттілігін бағалауға мүмкіндік береді.
Критерийлі сұхбат – бұл сұхбат кезінде кандидатқа белгілі бір жағдайға тап болып, осы жағдайда өзін-өзі қалай көрсетуді немесе осы мәселені шешуде қандай жолдарды қолданады деген сұрақтар қойлады (болашақ қызметіне байланысты сұрақтар), ал оның жауабы алдын ала дайындалған критерийлерге негізделіп бағаланады. Осы сұхбаттың артықшылығы – кәсіптік іске байланысты сұрақтар мен тәсілдер қолданылады, және стандартты сұраққа жауап бергеніне қарап кандидаттарды бір біріне бөлектетуге көмектеседі. Ал кемшілігі – кандидаттың ерекшеліктерін бағалануының шектелуі және сұхбат өткізетін адамның алдан ала жоғары дайындықтан өтуін талап етеді.
Жоғары табысқа жету үшін сұхбаттасу барлық элементерін қамтуы тиіс (кандидаттың өз-өзін толық көрсетуі үшін). Өйткені көпқырлы сұхбат – кандидаттың жан-жағынан көруге көмектеседі, алайда ол сұхбат өткізетін адамның жоғары деңгейдегі маман болуды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |