«Петропавл қаласының білім бөлімі» кмм «Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы» кмм



Pdf көрінісі
бет12/17
Дата28.03.2024
өлшемі1.29 Mb.
#496849
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Теректің құрамындағы полифенолды қосылыстар

Ірі тістес терек (P. Grandidentata), ол да тау теректі топқа жатады – биік 
(23 метрге дейін) тік ағаш. Алдыңғы түрге қарағанда оның ареалы тарлау 
келген: Жаңа Шотландиядан Манитоба (Канада) оңтүстік-шығысына дейін, ал 
оңтүстігінде – Теннесси және Солтүстік Каролинаға дейін өседі. Тау теректі 
және ірі тістес теректер аралас ағаштарды жасайды, бірақ алғашқысы 
анағұрлым ірі және қалың ірі тістес жапырақтарымен ерекшеленеді. Осы үш 
«тау теректің» барлығында жылауық түрлері кең тараған. Барлық теректер 
вегетитивті (өсіп-өну) көбейеді (тамырлы атпа бұтақ, қалемше, тікенек), су 
және топырақ қорғанышы ретінде кең қолданылады, ал кейбір түрлері – 
декоративті (сәнді) және көгалдандыруға қолданылады. Теректің ағашы 
біркелкі-жұмсақ, ашық түсті, жеңіл, берік емес болады (әсіресе соққыға 
беріктілігі төмен). Негізінде жәшіктер мен орам тор, жиһаздың ішкі бөліктері, 
ағаш ыдыс, астау, майды және басқа да азық-түлік тауарларын орауға арналған 
кеспек дайындауға, қағаз, жоңқа мен сіріңке өндіруге пайдаланылады.
1-БАЛЬЗАМ ИІСТІ ТЕРЕК - тегі Солтүстік Американың солтүстігінен. Бұл 
ағаштың жапырақтары кең және қорапты тұқымдарда өнетін ұсақ ұрықты.


17 
 1 
2 
5 – сурет
2-ДЕЛЬТА ТӘРІЗДІ ТЕРЕК – Канаданың оңтүстігінен АҚШ-тың барлық 
шығысы бойынша тараған, жылдам өсетін ағаш.
4.2 Таралуы  
Табиғатта көптеген түрлері жақсы ылғалданған байрайлар мен өзеннің 
аңғарлары бойынша өсіп жетіледі. Осина (тау терегі) (Populus tremula
сонымен бірге бұрыңғы емен және шырша ормандарының орнына және 
сортаңға қоныстанады. Түрлі жапырақты терек
(Populus heterophylla) құм 
төбелерде жиі кездестіруге болады. Теректер кез келген топырақта жақсы 
өседі. Теректер топырақтың құндылығы мен ауаландырылуына талапшыл 
келеді, батпақтану мен саздануға төзбейді. Теректердің жылдам өсімі 40-60 
жылға дейін жалғасады, сосын баяулайды. Кейбір түрлері 120-150 жылға дейін 
өмір сүреді, бірақ өсімдіктер әдетте саңырауқұлақ дерттеріне ерте шалдығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет